АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтары

[:kz]Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Ресейді «жаралы аюға » теңеді [:]

[:kz]

 

 

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий сейсенбі, 21 маусым күні Варшавадағы дипломатиялық корпуспен кездесуде Ресейдің әскери қуатына қатысты екіұшты мәлімдеме жасады. Ол Ресейді «жаралы аю» деп атады. Моравецкийдің айтуынша, Украинадағы арнайы әскери операция кезінде Ресей өз әлеуетін толық пайдаланбаған екен деп хабарлайды  altyn-orda.kz

«Бүгінгі Ресей — сондай жаралы аю. Кейбіреулер оны Украинадағы қақтығыста жеңілді деп ерте ойлады. Бұл (Ресей) әлеуеті зор қуатты мемлекет, оның бір бөлігі ғана тартылды», — деді Моравецкий. 

Сондай-ақ Польша Министрлер кабинетінің басшысы Еуроодақтың кейбір елдері Украинаның жеңілгенін тезірек мойындауын жақтайтынын да мойындады. 

«Еуропалық ынтымақтастықта сызаттар бар. Украинаның қорғаныс әлеуетін нығайтуға емес, қаруды тастауға қолдау көрсететін елдер бар», — деп қосты поляк саясаткері.

Бұған дейін Польшаның қорғаныс министрі Мариуш Блащак Варшава Кремльге «империяны қалпына келтіруге» жол бермейтінін айтқан. Ол Польшаның Ресеймен емес, Украинамен оңтүстік-шығыс шекарасы болуы керектігін атап өтті. 

«Егер Ресей Украинаны жаулап алса, мұнымен тоқтап қалмайтынын бәріміз түсінеміз, өйткені Кремльдің мақсаты империяны қалпына келтіру», — деді ол.

Асқар Жұмабаев

Алтынорда 

 

 

[:]