АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Полтораниннің бапкері жалақысын мемлекетке қайтаратын болды[:]

[:kz]

 

Полтораниннің бапкері жалақысын мемлекетке қайтаратын болды деп мәлімдейді КТК телеарнасы.

Алавер жылдық айлығын қайтаратын болды! Полторанин медаль алады деп бәстесіп жеңіліп қалған бас бапкер уәдесінде тұрып, бір жыл бойы алған жалақысын мемлекетке қайтарып беруге дайын екендігін мәлімдеді.

“Алексей алтын алады деп жоспарлаған едік. Тактикадан шатастық! Маған жалақыны кімнің төлегенін біліп алған соң сосын жылдық айлығымды өздеріне қайтарып беремін”, – дейді жаттықтырушы Мати Алавер.

Мати Алавер «Алексей медаль алмаса, осы маусымдағы барлық айлығымды қайтарамын» деп өзі аузынан қағылды. Сенген спортшысы кешегі 50-шақырымдық жарыста 15-ші боп, мәреге әрең жетті. Салдарынан, Галышевадан кейін Полтораниннен медаль күткен мыңдаған жанкүйердің еңсесі түсіп қалды. Есесіне, қоладан бөлек, Қазақстанның қанжығасы Алавердің бір жылдық айлығына майланғалы тұр. Оңтүстік Кореядан қайтып келген соң бас бапкер былтырдан бастап тапқан табысын түгел қайтарып бермек. Ал алтыннан үмітті болған Полторанин болса, жарыстан соң тілшілермен тілдесуден бас тартты. Оның орнына сөйлеген бапкер «Алейсей асықпағанда, үшінші орын алар еді» деп қалды.

Айтуынша, шаңғышы бірінші айналымда тым ширақ қимылдап, салдарынан шешуші сәтте шаршаңқырап қалды. Алайда, мақтаулы спортшы үшінші орын тұрмақ, үздік ондыққа да ене алмады. Жалпы, Алавердің бәстен ұтылуы бірінші емес. Эстония құрамасын жаттықтырып жүргенде спортшысы -Андрус Ваэрпалу допинг қолданған жоқ деп бәстесіп, ақыры басшылық қызметінен кетіп тынған болатын.

 sn.kz
 

[:]