[:kz]
Әлем халықтары қазақ тілінде ән шырқай бастады. Иә, барлығы 25 жастағы ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергеннің арқасы. Өнер иесінің авторлық туындысын Криштиану Роналдудың жерлесі нақышына келтіре шырқаған, деп хабарлайды Stan.kz.
Лара Алейхо есімді әншінің қазақша ән салған видеосын Димаш желідегі парақшасында жариялады. Жас әнші Құдайбергеновтің “Ұмытылмас күн” әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындаған.
“Португалияның жас талантты әншісі. Қазақша ән айтқан жарасады екен. Lara Aleixo үлкен әлемдік танымал жұлдыз болыңыз. Сізге сәттілік тілеймін”, – деп жазды Димаш Instagram-да.
Бұл орайда желі қолданушылары әлем халықтарын қазақ тілінде сөйлеткен Димашқа алғысын жаудырып, ақ батасын берді. Көпшілігі португалиялық әншінің қазақша акцентіне қайран қалды.
“Жарайсың Димаш! Дүние жүзінің ұлттарын қазақ тілінде әндеткен сен болдың. Қазақ тарихында атыңды алтын әріппен жазылатын алтын дауысты жұлдыз болдың”, – дейді оқырмандардың бірі.
“Өте керемет. Қазағымызды бүкіл елге танымал еткен Димаштан айналдым. Әдемі қылып айтты таза, рахмет”, – дейді екіншісі.
Өз кезегінде Лараның өзі: “Мен өмірімде естіген ең әдемі ән. Мен Димаштың әнін қазақ тілінде жаттап алуға шешім қабылдадым. Ең алғаш “Ұмытылмас күнді” тыңдағанда мен Димаштың не туралы айтып жатқанын түсінбедім, бірақ мен оның әнін сезіндім”, – деп жазды.
Источник: Stan.kz
[:]