АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Пошел на х..й. Мал»: Желіде полицияда істейтін жас қыздың өз қызметкерін сұмдық боқтаған видеосы тарады (ВИДЕО) [:]

[:kz]

 

 

 

Аталған видео yuotube-тегі Kritik kz арнасында жарияланды. Онда әлде бір жас қыздың қол астындағы қызметкерді аяусыз боқтағаны жазылып алынған аудио бар. 

Арадағы ұрыс-керісті не мақсатта және кімнің жүктегені белгісіз. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Виедоның басына Шымкент полициясы департаментінде жұмыс істейтін адамның желідегі аккаунтын скриндеп салыпты. 

Ал мәтінде төмендегідей сөздер жазылған:

 

«Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мырза, полиция саласының баспасөз қызметін осындай басшылар басқарса қоғамға қандай үгіт насихат айтып жеткізеді, масқара ғой мынауыңыз, аузына ақ ит кіріп көк ит шығып жатыр. Біз ойлаушы едік полицияда салмақты өте сауатты, тәрбиесі мол басшылар жұмыс атқарады деп алайда мына сөздерді естігенде жағамызды ұстадық. Бұл сөздер әйел баласына тән нәрсе емес деп ойлаймын. Осындай қызметкерлермен қандай жаңа Қазақстан құрамыз министр мырза, айтыңызшы? Әділ шешімін шығаруыңызды сұраймыз. Шымкент қаласының Мемлекеттік қызмет басқармасының бастығы Әли Көмекбаев Амантайұлы осы жағдайдың бәрін біле тұра көз жұмып қарауда», деп жазылған мәтінде. 

Видеоны көріп, дауысын тыңдағандар жаға ұстады. «Қыз баланың осыншалықты боқтағаны несі», «Ер адамды сонша төмендетіп балағатттауға қалай дәті барады», «Өзі әдемі қыз екен, неге ауызы былапыт», «Мұндай адам пресс-службада қалай жұмыс істеп жүр», «Кімнің дауысы екенін әлі анықтау керек, әдейі арандату шығар», деді мұны көрген көпшілік. 

[:]