[:kz]
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті рет қазақстандықтарға жолдау жасайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәліметінше, президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйегінде парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жоспарланған.
«Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады», — деп жазды Берік Уәли.
[:]