АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Президент әкімдерді сайлау туралы жариялады[:]

[:kz]

 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформаларды бастауды тапсырды. Қазақстан халқын елді басқаруға белсенді тартудың алғашқы қадамы — ауыл әкімдерін сайлау, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

«Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білу керек. Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды», — деді мемлекет басшысы.

Бұл ретте  Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталатынын атап өтті.

«Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару ісін айқындап алуымыз қажет», — деді президент.

[:]