[:kz]
Кішкентай қазақстандық бала Президентке жантебірентерлік үндеу жасады. Видео Qostanay.TV Instagram-парақшасында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, видеоны баланың әкесі түсірген. Ол Даниал есімді ұлының не үшін жылап жатқанын сұраған. Үйде жүріп шаршаған бала сыртқа шыққысы келетінін айтып Президентке үндеу жасаған.
Видеода Даниалдың әкесі егер ол сыртқа шығатын болса айыппұл салынатынын ескерткен. Бұл сөздерді естіген баланың көңілі түсіп кеткен.
[:]