АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Президент: Елдегі аналар өлімінің көбеюіне әкімдер жауапты[:]

[:kz]

 

 

Президент үкімет медициналық көмектің өзге түрлерін де көрсетуді ұмытпауға тиіс екенін айтты. Мемлекет басшысы елдегі ана мен бала денсаулығын қорғау – негізгі басымдықтың бірі екенін айта отыра, ана өлімі көрсеткіші барлық өңірде көбейгеніне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Былтырғы 8 айда – 36 әйел қайтыс болса, биылғы 8 айда – 131 әйел қайтыс болыпты. Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есе, Қызылорда облысында 9 есе, Шымкент қаласында 7 есе артты. Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмеді? Қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл өте өзекті сұрақтар. Оларға әкімдер жауап беру керек», — деді президент.

 

Ол үкіметке өңірлермен бірлесіп, аталған фактілердің әрқайсысын тексеріп, нәтижесін баяндауды тапсырды. Мемлекет басшысы президент әкімшілігіне осы мәселені бақылауға алу қажеттілігін айтты.

«Ана мен баланы қорғау, онкологиялық, кардиологиялық, пульмонологиялық және медициналық көмектің басқа да түрлерін көрсету – ел алдындағы міндетіміз. Әкімдерді, жалпы Үкіметті бұл міндеттен ешкім босатқан жоқ», — деді ол. 

 

[:]