[:kz]
Танымал продюсер Арман Дәулетияровтың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Медиаменеджердің анасы қайтыс болды. Сөзінше, анасы ауырмастан және денсаулығына шағымданбастан, бірер сағаттың ішінде жүріп кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Арман Дәулетияров қаралы хабарды Instagram парақшасында жеткізді.
«Кеше анашым өмірден өтті. Ол мүлдем ауырмаған еді. Денсаулығына да шағымданған жоқ. Құрбан айтты тойлап, қонаққа барып жүрді. Оның өлімінен бір сағат бұрын біз телефонмен сөйлестік. Ал енді ол жоқ. Бірнеше минутта жүріп кетті. Төсекке жатып, о дүниеге кетіп қалды. Тауым құлады. Күллі әлемім түнекке айналды. Көз жасым тоқтар емес. Сүйікті анашымсыз ары қарай қалай өмір сүретінімді білмеймін», — деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары Арман Дәулетияровқа көңіл айтып, оны барынша жұбатуға тырысуда. Тағы да оқыңыздар:
[:]