АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Прокурор Әлімбекованың бас бостандығын үш жылға шектеуді сұрады[:]

[:kz]

Алматыда өтіп жатқан Гауxар Әлімбекованың ісіне қатысты сот отырысында прокурор үкімді өзгертуді сұрады деп xабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Прокурор Гауxар Әлімбековаға тағылған айыпты үш жылға бас бостандығын шектеу ретінде ауыстыруды сұраған.

«Әлімбекованың сот барысында өзін ұстауы, бұлтартпау шарасын орындауын, жалғызбасты ана екені мен өнер саласындағы қоғам қайраткері екенін ескере отырып, сот үкімін өзгертуді сұраймын. Әлімбековаға үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұраймын», — деді прокурор.

Сонымен қатар прокурор істі қайта саралау керектігін алға тартты.

Айта кетейік, «алаяқтық» бабы бойынша айыпталған Гауһар Әлімбековаға қатысты сот отырысы бүгін Алматыда өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні ГауһарӘлімбекованың»алаяқтық» бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды.

Осыдан кейін журналист Бибігүл Дәулетбекқызы көпшілікке әншінің құрбысына қарыз болған 40 мың АҚШ долларын жинап беруді ұсынды.

Отандық өнер иелері де журналистің сөзіне қолдау білдіріп, Гауһар Әлімбековаға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын ашып айтып, Әлімбекованың да бұл істе құрбан екенін мәлім етсе, танымал заңгер Орынбасар Тілепбергенов әншінің қандай жағдайда бостандыққа шыға алатынын айтқан еді.

Сонымен қатар, Гауһар Әлімбекованы сотқа берген құрбысы Бақыт Назарова іске қатысты пікір білдіріп, құрбысының абақтыға жабылғанын қаламағанын айтқан болатын.

Ал Гауһардың ағасы Әділхан Әлімбеков қолдау көрсеткен барша жұртқа алғысын білдіріп, оқиғаның мән-жайын өзі баяндады.

 

KAZ.NUR.KZ

[:]