АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Путин: Бізді тістемек болғандардың тісін қағып аламыз[:]

[:kz]

 

 

Ресей өз территориясына қол сұғу әрекеттеріне қатаң жауап береді. Бұл туралы президент Владимир Путин «Жеңіс» ұйымдастыру комитетінің отырысында сөйлеген сөзінде айтты.

Мемлекет күшейе бастағанда, оның аяғынан шалып, кедергі жасағысы келетіндер саны күрт артады дейді Ресей басшысы. Оны ойынша Ресейге қарсы агрессия КСРО құлағаннан кейін де тоқтаған емес.

«Барлығы да бізді тістеп алғысы немесе біздің бір бөлшегімізді жұлып алғысы келеді. Бірақ бізді тістегісі келгендер мынаны білсін, біз олар енді тістей алмастай етіп тісін қағып аламыз», — деді Путин.

Ол мысал ретінде бірқатар саясаткерлердің Ресейге «тиесілі емес» деп Сібір байлығына көз алартқанын айта кетті. Путин Ресей территориясына басып кіру әрекеттерін жауапсыз қалдырмайтындығына сендірді, бұл ретте Президент әлемдегі ең үлкен аумағы бар Ресейдің жоғары әлеуетін атап өтті. Сонымен бірге, ол Ресейдің қорғаныс секторына қаржы инвестициялары бойынша алғашқы ондықтың соңғы қатарында тұрғанын, елде экономиканы милитаризациялау жүргізілмегенін еске салды.

«Адырна» ұлттық порталы

 
 
 
 

[:]