[:kz]
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Херсон және Запорожье облыстарын тәуелсіз аумақтар деп тану туралы жарлыққа қол қойды. Құжаттар құқықтық ақпарат ресми интернет-порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. «Халықаралық құқықтың жалпылай қабылданған қағидаттары мен нормаларына сәйкес, БҰҰ Жарғысында бекітілген халықтардың тең құқықтары мен өзін-өзі билеу принципін растай отырып, мен 2022 жылғы 27 қыркүйекте өткен референдумдағы Херсон облысы халқының еркін ескере келе, Запорожье/Херсон облысының егемендігі мен тәуелсіздігін мойындау туралы шешім қабылдадым», — делінген құжаттарда. Еске сала кетейік, 23-27 қыркүйек аралығында бұл аймақтарда Ресейге қосылу туралы референдум өткен болатын.
[:]