[:kz]
17 маусым күні XXV Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысы өтті хабарлайды orda.kz
Ресми іс-шараны Ресей Президенті Владимир Путин ашып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, бейнеконференция байланысы арқылы Египет президенті Абдул-Фаттах Ас-Сиси сөз сөйледі.Сондай-ақ, форум қатысушыларына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнеүндеу жолдады.
Спикерлер сөз сөйлеп болған соң сұрақ-жауап форматында ашық пікірталас өтті. Қазақстан президенті сөз сөйлеп болғаннан кейін Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың аты-жөнін айту кезінде тағы қателесті.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімін бірінші рет шатастырып отырған жоқ. Қаңтар айында өткен ҰҚШҰ отырысы кезінде ол Қазақстан президентін «Кемел Жомартұлы» деп атады. Бұл туралы ресейлік БАҚ ақпарат таратқан.
– Кемелжемелович сөз сөйледі, – деді Ресей президенті Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысында.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, маңызды мәселелерді талқылады.
[:]