АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Путин туған күнін ТМД басшыларымен бірге атап өтпек[:]

[:kz]

 

Ресей федерациясының Президенті Владимир Путин өзінің 70 жылдық мерейтойын Петербор қаласында атап өтеді. Сонымен қатар, Путиннің туған күніне орай ТМД басшыларымен бейресми кездесу өтеді, деп хабарлады РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Бұл хақында «Адырна» ұлттық порталы жазды.
Петербор қаласындағы өтетін туған күнге Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан мен Түркіменстан басшылары шақырылған. Әзірге президенттердің ешбірі іс-шараға баратынын не бармайтындығын ресми мәлімдемеді.
Мемлекет басшыларымен бейресми кездесу түс ауа өтпек.

«Бұл іс-шараның маңызы зор. Іс-шара келесі аптада болатын саммиттің беташары іспеттес», — деді Песков өз сөзінде.

[:]