[:kz]
«Еуразия» Бірінші арнасында көптен күткен «Qalayym Live» реалити-шоуы басталды. Тележүргізуші Аша Матай үш сағат бойы тікелей эфирде жастарды жарастырмақ деп жазады Zakon.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
«Эфирге жалғыз емес, аяғым ауыр болып шыққан соң, қобалжу болды. Эфирді жүргізу қиынға соғама деген қорқыныш болды. Бірақ бәрі ойдағыдай өтті. Баламның қимылдағанын сездім, ол да мен үшін қуанды деп ойлаймын», — дейді тележүргізуші.

Видеодан кадр
«Басты мақсат — бір-бірін іздеген қос жүректің қосылуы. Олардың дұрыс отбасы құруы. Қазақстанда ажырасу коэффициенті өте жоғары. Адамдар бұл жағдайды айналып өтсе екен деймін. Егер жұп болса — мәңгілік болу керек. Берік отбасын құру — біздің бірінші мақсатымыз. Екінші мақсатымыз — жастарға салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, тәрбиелеу. Дұрыс үлгі көрсеткіміз келеді. Осы маусымның мақсаты осындай», — деп түйіндеді Аша Матай.

Видеодан кадр
Отбасылық дуэттерден бөлек, Айқын, Серікбол Сайлаубек, «Азия», «Бақай» топтары да өнер көрсетті.
«Оларға қолдаулары үшін үлкен рахмет. Бізді алғашқы эфирмен құттықтап келгендері үшін рахмет», — деп Аша Матай әріптестеріне алғыс айтты.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ашам Матай тізгіндеген атышулы Қалаулым бағдарламасын енді «Қазақстан аруы» Айдай Исаева жүрізетінін хабарлаған едік.
[:]