АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Рахат» фабрикасының 500-ге жуық қызметкерінен коронавирус табылған [:]

[:kz]

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «Рахат» кондитерлік фабрикасында коронавирус індетінің таралуына байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап. 

Бекшиннің мәліметінше, 30 мамыр мен 4 маусым аралығында кондитерлік фабрикада жұмыс істейтін 10 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Сондай-ақ, ауру белгісі жоқ 467 науқас анықталды.

«Алдымен фабриканың бір қызметкерінен жоспарлы операцияға жіберілген уақытта коронавирус анықталды. Содан кейін стационарлық тепловизор көмегімен сегіз адамның инфекция жұқтырғаны анықталды.

Олар жоғары температурамен жұмысқа келген. Жедел жәрдем шақырылып, жұмысқа жіберілмеді, — деді ол. Осы жағдайдан кейін арнайы мамандар кәсіпорынның мың жарым қызметкерін тексергені белгілі болды.

Соның нәтижесінде фабрикадан ауру белгісі жоқ 467 адам анықталған.

Бекшин қазіргі кезде барлығы үй карантиніне жіберілгенін, оларды емхана дәрігерлері бақылайтынын жеткізді. Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, кәсіпорында жұмыс істейтін мыңдаған адам Алматы маңындағы ауылдарда тұрады.

Олар облыста бақылауға алынды. Көп бөлігі қалада тұратын қызметкерлер, олар қалалық бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ауруханасына бақылауға алынды. Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 15 мыңға жуықтады. 

https://kaz.nur.kz/1860498-rahat-fabrikasyny-500-ge-zuyk-kyzmetkerinen-koronavirus-tabylgan.html

[:]