ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КАФЕДРА: Фармакология
Р Е Ф Е Р А Т
ТАҚЫРЫБЫ: Этил спирті. Алкоголизмнің әлеуметтік аспектілері
Студенттің аты-жөні: Кеукенова Жұлдыз Қалибекқызы
Факультеті: Фармация
Курсы: ІІІ
Тобы: 302
Оқытушының аты-жөні: Амиркулова Маржан Куляшевна
Алматы, 2009- 2010 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….3
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Этил спиртінің пайда болу тарихынан…………………………………………………4
ІІ.2. Этил спиртінің жергіліктті әсері………………………………………………………….4
ІІ.3. Этил спиртінің рефлекторлы әсері……………………………………………………….5
ІІ.4. Этил спиртінің резорбтивті әсері………………………………………………………….5
ІІ.5 Этил спиртінің токсикоклиникасы…………………………………………………………5
ІІ.6. Этил спиртінің ОЖЖ – не әсері……………………………………………………………7
ІІ.7. Этил спиртінің жүрек тамыр жүйесіне әсері………………………………………..10
ІІ.8. Этил спиртінің асқорыту мүшелері мен зат алмасуына әсері……………….11
ІІ.9. Этил спиртінің иммуно – уыттылығы…………………………………………………13
ІІ.10. Шарананың алкогольді синдромы…………………………………………………….13
ІІ.11. Созылмалы маскүнемдік………………………………………………………………….14
ІІІ. Қорытынды…………………………………………………………………………………………18
ІV. Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………………….19
КІРІСПЕ
Этил спирті (этил алкоголі, шарап спирті, этанол) өзіне тән спиртті иісі, күйдіруші дәмі бар мөлдір ұшқыш сұйық, тез тұтанады, жанады, кез келген қатынаста сумен, эфирмен, хлорформмен араласады.
Алкоголь сөзі арабтың сөздері (аль-) kuhe – сүрме, антимоний, kuhul – алкоголь, спирті kahala – жағу, баяу. Орта ғасырларда Еуропада alco(h)ol – майда ұнтақ, пудра немесе тазартылған (дистилденген) су деген мағынада қолданған. Спирт сөзі латын тілінен шыққан: spiro – үрлеу, дем алу. Галь тілінде алкоголь – usqebaush (өмір суы).
Этил спирті молекуласындағы полярлы гидроксия мен полярсыз этил радикалының бірге болуының арқасында жақсы еріткіш болады, тұнбалар, экстракттар, сыртқа қолданатын дірілер дайындауда пайдаланылады. Ағзада аз мөлшерде эндогенді алкоголдің аз мөлшері болады, оның қандағы концентрациясы 0,004-тен 0,01% болады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Этил спиртінің пайда болу тарихынан
Айдау тәсілі мен алкоголді алғашқы алуды табуды араб алхимигі Рагезаның атымен байланыстырады, «пәлсапалық тас» шындығын іздеп, кездейсоқ этил спиртін бөліп алады. Еуропада алкоголь ХІІІ ғасырда алынып, алғашқыда жан – жақты, әмбебап әсерлі емдік дәрі ретінде қолданылды. Оны пайдалану ХIV ғасырдағы оба пандемиясы кезінде дәрігер бақылауынсыз, шектен шығып кетті. Этил спиртінің уытты әсерін зерттеуге И.М.Сеченов, И.П.Павлов, Н.П. Кравков, В.М. Бехтерев, С.С.Корсаков сияқты физиологтар, фармакологтар мен клиницистер зор үлесін қосты. Этил спиртінің жергілікті, рефлекторлы және резорбтивті әсерлері бар. Медициналық практикада негізінен жергілікті әсеріне орай қолданады. Кейбір жағдайларда сырқаттардың реконвалесценция кезінде тәбетін күшейтіп, ас жолдарының жұмысын қалпына келтіру үшін ас шарабы, сыра, қымыз түрінде аз мөлшерде береді. Кризистік жағдайларда этил спиртін парентералды қоректендіру қоспасымен (тәулігіне 50-70г) береді. Ағзада тотығу барысында 100г этанолдан 700ккал энергия бөлінетіні белгілі. Қызыл шарапты аз мөлшерде (50мл абсолютті спирт күніне 2-3 рет есептеу бойынша) тромбоциттердің агрегациясын азайтып, төмен тығыздықты атерогенді липопротеиндер, 2 типті қант диабетінде қант деңгейі азайып, атеросклерозға қарсы тұратын жоғары тығыздықты липопротеиндер көлемін арттырады. Атеросклерозға қарсы әсері қызыл шараптың антиоксидантты әсерлі полифенолдардан деп ойлағанмен, экспериментте бұл дәлелденбейді. Күшті алкоголь ішімдіктерін сұйыққа төзімділікті арттыру үшін ішу дұрыс емес, себебі спиртінен жылу өндіру артқанмен, өте көп мөлшерде жылуды берудің артатыны белгілі. Тері тамырларының кеңеюі жалған жылыну әсерін беріп, терлеу арқылы жылу жоғалту күшейіп, үсу қаупімен психикалық бақылау жоғалады. Қатты суықтан жылы жерге оралғандарға қабыну ауруларының алдын-алу үшін аз мөлшерде этил спиртін пайдалануға болады.
Этил спиртінің жергілікті әсері
- Бырыстырғыш әсері — тері эпителидегі ақуыздың дегидратациялануының нәтижесі (96% этил спиртін ойылу мен күйікте дене күлдіреуінің алдын алу үшін қолданады);
- Тітіркендіргіш әсер – спирттің липофилді молекулалары терінің терең қабаттарындағы сезімтал жүйке талшықтарын тітіркендіргенде, қызару, күйдіру сезімі пайда болады (этил спиртінің 20-40% жылытқыш компрестермен, үсіктерді сүрту үшін қолданады);
- Жергілікті анестезиялық әсері – тітіркеннен кейін сезімталдылықтың жойылуы (күйіктерде қолданылады; 96% спиртті жүйке болғандары мен үштік нервтің невралгиясында симпатикалық ганглияларға, ота жасауға болмайтын ісіктерде салады);
- Бактерицидті әсер – бактериялардың ақуыздары дегидратация мен денатурацияға ұшырайды.
Сулы ортада 96% этил спирті максималды бактерицидті нәтиже береді, оны хирургиялық
аспаптарды стерилизациялау үшін пайдаланады. Ақуызды ортада 70% этил спирті аса зор бактерицидті әсер көрсетеді, бырыстырғыш әсері бәсең сондықтан терінің терең қабаттары мен тері және май бездеріне дейін сіңеді. 70% концентрациядағы этил спиртін оташының қолы мен операция алаңшасы зарарсыздандыруға қолданады.
Этил спиртінің рефлекторлы әсері
Этил спирті терінің сезімтал талшық ұштарын тітіркендіріп сегментарлы трофикалық рефлекстерді қоздырып, ауырсынуды басып, жеңілдетуші әсер береді. 20-40% концентрациясында бронхиттерде, радикулитте жылытқыш компресс ретінде, отиттерде құлаққа тамызу үшін пайдаланылады.
Этил спиртінің баяу концентрациясын ішке пайдаланғанда тыныс жиілеу, тахикардия, АҚ өзгерістері байқалады. Жоғары концентрацияда тыныс алу тежеліп, брадикардия, артериалды гипотензия, құсу, телороспазмға соқтырады.
Этил спиртінің резорбтивті әсері
Этил спиртінің резорбтивті әсері оның қандағы концентрациясынан, яғни токсикокинетикасына байланысты.
Этил спиртінің токсикоклиникасы.
Этил спиртінің ас жолдарында сіңірілуі барлық бөліктерінде қарапайым диффузия арқылы жүреді. 20% спирт асқазанда, ал 80% концентрациясы ащы ішекте сіңіріледі. Сіңірілу жылдамдығы этанол концентрациясына алкоголь ішімдігінің түрі мен көлеміне байланысты. Концентрация 30-40% жоғарылағанда сіңірілу де арта бастайды. Этил спирті жоғары концентрацияда телоросмазм шақырып, ішек резорбциясын бұзады, сонымен бірге сілекей қабаты бырыстырып құрғатады, ішек тамырларын тарылтады. Көмір қышқыл газы (шампанское, содалы виски) ішектің қан айналымын арттырып, этил спиртінің сіңірілуін күшейтеді. Тәтті шараптардағы қантпен бырыстырғыш заттармен жағымды түрлі тағамдар (қаймақ, май, картофель, кисель, ботқалар) қаңға спирттің түсуін тежейді. Вискидің құрамындағы 44г этил спиртін ашқарынға ішкенде қандағы концентрациясы 0,67-0,92г/л, ал ас ішкеннен кейін қабылдағанда 0,3-0,57 г/л болады. Этил спиртінің максималды концентрациясы 30-90 минут байқалады.
Этил спирт липофилді әсерінен мембрана қабаттарынан тез өшіп мида (әсіресе ми қыртысында, мембикалық жүйеде, мишықта), жүрекше, өкпеде, бауырда, жыныс мүшелеріде жоғары концентрацияда болады. Мидағы жоғары концентрация тіпті элиминация фазасында да сақтамады. Ол тіпті плацентарлық тосқауыл мен емшек сүтіне де өшеді. Этил спиртінің 10% өзгермеген түрде шығарылған дем арқылы, зәр және термен шығады. Спирт бүйрек каналшаларын тітіркендіріп, вазопрессин секрециясы тежелуіне (антидиуретикаалық гормон) қиысып, диурез артады.
Этил спиртінің биотрансформациясы 1 сағат 90-нан 130мг/кг – ға дейін (100-120 мг/кг*сағ ерлерде және 75-90 мг-кг*сағ әйелдерде) немесе орташа 30мл абсолютті спирт 3 сағат ішінде ағзаға түскен этил спиртінің 75-98% бауырда тотығады.
Бірінші кезең – этил спиртінің сірке альдегидіне (ацетальдегид) тотығуы үш фермент жүйесінің қатысуымен өтеді.
- Алкогольдигидрогеназамен (70-80% этил спирті) тотығу.
Алкоголь ДГ
↓
СН3 СН2ОН + НАД+ → СН3 СНО + НАД * Н + Н+
Митохондриалды НАД – тәуелді мырышты алкогольдегидрогеназа ферменті ағзадағы эндогенді алкоголь мен басқа спирттерді тотықтырады.
Алкогольдигидрогеназа реакциясының күштілігі НАД*Н – тың НАД+ қайта тотығуымен байланысты. Алкогольдегидрогеназаның үш изоферменті бар. Сібірдің байырғы халықтарының ағзасында АДГ2 изоферменті жеткілікті жұмыс істемейді, сондықтан этил спиртінің аз мөлшерінің өзі (40-80г) бет қызаруын, бас ауруды, тахикардияны, артериалды гипотензияны, құсуды және де басқа дискомфорт белгілерін шақырады.
Бауырдың алкоголдық дистрофиясы кезеңінде алкогольдигидрогеназаның белсенділігі артады, мұны ағзаның қорғаныс реакциясы деп білеміз: гепатит пен цирроз қалыптаса бастаған кезеңде ферменттердің жалпы белсенділігі төмендейді, тек регенерацияланатын гепатоциттерде ғана жоғары болады.
- Цитохром Р-450 қатысуымен микросомалды этанолтотықтырушы жүйемен тотығуы (10-20% этил спиртінің көлемі)
СН3 СН2ОН + НАДФ * Н + Н+ + О2 → СН3 СНО + НАДФ+ + 2Н2О
Микросомалардың этанолтотықтырушы жүйесі қандағы спирттің концентрациясы жоғары болып, алкогольдигидрогеназды жолмен тотығу жеткіліксіз болғанда қосылады. Цитохром Р – 450 алкоголь ішімдіктері шектен тыс қолданғанда тез индукцияланады. Бұл дәрілердің биотрансформациясын жеделдетіп фармакокинетикалық сәйкессіздікке әкеледі.
- Пероксид каталаза жүйесімен тотығу (этил спиртінің 10 -15%)
Каталаза
↓
СН3 СН2 ОН + Н2 О2 → СН3 СНО + 2Н2О
Пероксисомалар мен митохондрияларда болатын каталаза алкогольдегидрогеназаға қарағанда 4-5 есе белсенді, қандағы этил спиртінің концентрацияссы жоғары болғанда қосылады.
Этил спирті цитохром Р-450 мен және каталазамен тотыққанда бос радикалдар мен асқынтотық өнімдері пайда болып, липидтердің асқын тотығуы артып, мембраналардың зақымдалуы болады.
Этил спиртінің биотрансформациясының екінші кезеңі – альдегиддегидрогеназа ферментінің сірке альдегидін сірке қышқылына тотықтыру.
Альдегид ДГ
↓
СН3 СНО + НАД+ + Н2О → СН3 СООН + НАД * Н + Н+
Альдегиддегидрогеназаның 80% бауырдағы митохондриялар мен жасуша цитозолдарында болады. Сірке қышқылы ацетилкоэнзим А-ға айналып, көмір қышқыл газы мен суға дейін тотығады, сонымен бірге май қышқылдары, холестерин, стероидты гормондар синтезіне қатысады.
Этил спиртінің ОЖЖ – не әсері
Этил спирті наркоздық дәрілер сияқты ОЖЖ тежейді. Наркоздық әсерінің ұзақ қозу стадиясы мен терапиялық әсерінің тарлығы болады. Этил спиртіндегі қозу стадиясы шынайы емес, мидың тежелу жүйелерінің жұмысы бәсеңдеуден болады. Этил спиртін анестезиологияда қолданбайды.
Алкоголь ішімдіктерін ұйқы алдында ішу ұйықтауды жеңілдетеді, бірақ бірінші түннен бастап, тез ұйқы қысқарады, таңғы ұйқыда жиі әрі ұзақ ояулық болады, ұйықтау кезінде тыныс тоқтау эпизодтары жиі болады (обструктивті апноэ). Үш күн алкоголь ішкеннен кейін ұйқыға кетуді жеңілдетпейді.
Қандағы этил спиртінің концентрациясы мен мас болу дәрежесінің байланысы анықталған.
- Жеңіл мас болу (1-1,5 г/л)
Босаңсу және тыныстану жағдайы, эйфориямен, өзімшілдік, мылжыңдық, ерекше
еттірілену, қимыл тынымсыздығы арту, қимыл координациясы бұзылу. Интуиция, өзін ұстау, өзімен өзгеге критикалық көзқарас төмендейді, өз мүмкіндігін жоғары деп есептейді, ақыл және физикалық жұмыс қабілеті, түс ажырату, кеңістікте көру, заттарға шейінгі қашықтықты ажырату, көру өткірлігі төмендейді. Масаңдану күшейе бастағанда эмоционалды өзгерістер: кейбірлер себепсіз көңілді, кейбірлерде агрессивтік, ашушаңдық, күдіктену артады. Ми қыртысының тежелуі күшейіп, қыртыс асты орталықтары оның бақылауынан шығып кетеді.
- Масаюдың орташа дәрежесі (1,5-3 г/л)
Сөздері байланыссыз, қисаңдап жүру, диплагия, нистагм, себебі үлкен жарты шарлар
қыртысының, базалды ганглийлердің, мишықтың, орталық мидағы көз қимылдату нервінің орталығы, жұлынның жұмыстары бұзылады.
- Ауыр дәрежелі масаңдық (3-5 г/л)
Сопор жағдайы кейін ұзынша мидағы өмірге маңызды орталықтармен
гипоталамусттағы жылу орталығы функциясының бұзылуы, комаға жалғасады: тырысу, гипотермия, мұздай салқын тер, тыныс жүрек жұмысы тежелуі, АҚ төмендеу, гиповолемия, ми мен өкпенің ісінуі. Алғашқыда обтуроциялы аспирациялық асқынулардан сыртқы тыныс алу, терең комадағы тыныс алу орталығы тежеледі. Диабетикалық, гипогликемиялық комалармен кардиоваскулярлы катастрофамен, бас жарылумен дифференцирлеу керек.
Этил спиртінің нейроуытты әсері нейрон мембраналары мен нейромедиаторларының метаболизмі өзгеруінен болады. Этил спирті фосфолипидтердің май қышқылды тізбектерін бөліп, мембраналардың микроқоюлығын бұзады. Бұл мембрана байланысшы рецепторлардың ферменттердің және ион каналдарының өткізгіштігінің белсенділігін өзгертіп, Na+ , K+ — Ат фаза белсенділігі мен L – типті кальций каналдарының өткізгіштігі төмендеп, митохондриялар мен эндатазматикалық ретикулумда кальций иондарының секвестрациясы нашарлайды.
Этил спиртінің медиаторлық әсер механизмі күрделі. Мембрана жүйесінде, жолақ денеде, гипоталамус пен ортаңғы мида дофамин синтезін күшейтеді, норадреналиннің дофаминнен тотығуын тежейді, дофамин – β – гидролилаза тежеледі, норадреналин мен дофаминнің бөлінуі мен инактивациясы артады. Нейромедиаторлардың көп бөліну кезінде психикалық, вегетативті, қимыл қозғалыс беймазалығы, қозуы байқалады. Содан кейін катехол – О – метилтрансфераза әсерінен интенсивті түрде метилденген нейромедиаторлар қоры таусыла бастайды. МОА қатысуымен тотығу дезаминделуі де қатысады (МОА – ның эндогенді ингибиторының – трибулин ақуызының синтезі бұзылады). Норадреналин мен дофалиннің дефициті жалпы тонуспен еңбекке қабілеттілікті төмендетеді, депрессивті симптоматика дамиды.
Этил спиртінің қауіпті, зиянды метаболиті – сірке альдегиді. Альдегиддегидрогеназа тек сірке альдегидін емес, сонымен бірге белсенді альдегидтерді тотықтырады – МОА әсерімен пайда болатын норадреналиннің, дофаминнің, серотониннің тотығу дезаминирлену өнімдері. Алкогольді интоксикацияда альдегиддегидрогеназа көбіне сірке альдегидін тотықтырып, биогенді альдегидтерді тотықтыруға аз қатысады. Соңғылар бастапқы маноаминдермен біргіп, морфин тектес заттар түзеді. Сірке альдегиді дофаминмен кешен құрып, темрагидроизохиномен құрылымды галлюциноген – сальсоменол түзеді. Сірке альдегиді серотонинмен конденнсацияланып тағы басқа галлюциноген – МАО тежеуші гармалин түзеді. НАД*Н және НАДФ*Н мөлшері жоғарылайды. Қалпына келген пиридиннуклеотидтер, кашехоламин алмасуын өзгертіп, “жалған медиаторлар” түзілуін артырады – тетрагидроизохинолиндер, эндорфиндерді бостып, опиоидты рецепторларды тікелей қоздырады (4 сурет).
Дофамин МОА Биогенді Биогенді
Норадреналин альдегидтер қышқылдар
Серотонин
Сірке
Этил спирті Сірке альдегиді қышқылы
+ Дофамин + Серотонин
Тетрагидроизохи Тетра – β –карболины
нолиндер
Опиоидты рецепторлардың
қозуы
4 сурет. Сірке альдегидінің мидағы моноаминдер метаболизміне әсері.
Ауыр масаңдықта ОЖЖ-нің тежелуі ГАМҚ-ның ГАМҚА рецепторларымен серотонинге күшейту әсерін көрсетуден – 5НТ3 рецепторларына серотониннің тотығу дезаминирлену өнімі 5-оксииндолсірке альдегиді өзіне сәйкес қышқылға айналуы қиындағанда ОЖЖ-ін өте қатты тежейтін 5 – окситриптофолға айналады.
Сірке альдегиді тотығу-тотықсыздану процестерін тежейді, бұл жағдайда қанда май қышқылы жиналып метаболикалық ацидоз дамиды. Тырысуға жиі себеп болатын гипокальциемия, гипогликемия жиі болады. Қандағы этил спиртінің концентрациясы 5-8г/л жедел улануға әкеліп, өлім тыныс орталығының параличінен туады. Соңғы жылдары алкогольмен кездейсоқ улану 2,7 есе артты.
Жедел улануды емдеу асқазандағы этил спиртін алудан басталады. Ақыл – ес сақталған жағдайда құстыру дәрілерін береміз (құсу тамырының сиропы, тұзды су, апоморфты). Естен танған жағдайда және балаларда асқазанды 2% натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен жуамыз. Активтелген көмір спиртті бойына нашар сіңіреді. Тұзды іш айдататын дәрілер беріліп, гемодиализ жүргізіледі.
Ацидозды жою үшін көк тамырға натрий гидрокарбонат ерітіндісі, гипогликемияда глюкоза немесе кальций фруктоза – 1,6 – дифосфат (бұл көрсеткіштер этил спиртінің алкогольдегидрогеназамен инактивациялануын жылдамдатып, НАД*Н-ты НАД+ -ке қайта тотықтырады) жіберіледі. Электролиттік өзгерістерді кальций хлоридін, панангинді (калий аспарагинатымен магний) пайдаланып қалпына келтіреді.
Тыныс алу бұзылғанда өкпені жасанды желдендіру, тыныс жолдары астерациялау, оттегі ингаляциясын береді. Көктамырға апиоидты рецепторлардың антагонисті налоксон салынады. Басқа анелептиктерді салу (бемегрид, кординамин) мидың оттегіге мұқтаждығын арттырып, тырысу қаупін тудырады.
Жүрек тамыр жүйесінің жұмысын қолдау үшін преднеуолонмен плазма алмастырғыштар салынады. Бүйрек жұмысы қалыпты болып, жүрек шамасыздығы байқалмаса сілтілі форсирленген диурез жүргізен дұрыс. Этил спиртінің жұмысын жақсартып (эссенциам), интенсивті витаминдердің (В тобы, С және Е витаминдері) маңызы зор.
Этил спиртінің жүрек тамыр жүйесіне әсері
ДДҰ – ның мәліметтеріне сүйенсек, жүрек тамыр ауруларының ¼ -нің этиологиясы алкогольды ішімдікпен байланысты. Маскүнемдерде жүрек ауруларының белгілері бауыр ауруларына қарағанда екі есе жиі байқалады. Этил спиртін тек бір рет қабылдаған кезде капилляр-уыттылық байқалады. Қайталап қабылдауда микроантопатия, артериосклероз, периваскулярлы қанталау мен фиброз, тромбоциттер мен эритроциттердің агрегациясы артуы байқалады. Бұл өзгерістер мида, жүректе, өкпеде, бүйректе айқын бөлінеді. Мида гематоэнцефалдық тосқауылдың астроциттері ісініп, дистроцияға ұшырай отырып, этил спиртінің нейрондарға түсуіне кедергі бола алмай, қанталау мен некроздың микроошақтары пайда болады. Ауыр интоксикацияда алкогольді энцефалопатия, тромбозды инсульт, субарахноидалды кеңістік пен ми қарыншаларына геморрагия болуы мүмкін.
Этил спирті аз мөлшерде тахикардия шақырып, субьективті жылылық сезімін пайда етіп, тамыр қозғалту орталығы тежеліп тері тамырлары кеңейеді. Спиртті көп мөлшерде қабылдағанда жүрек жұмысы айтарлықтай бұзылып, тамырқозғалту орталығының жұмысы қатты тежеледі. Созылмалы маскүнемдікте жүрекше фибрилляциясымен басқа да суправентрикулярлы тахиаритмиялар, жүрек ишемия ауруы миокард инфарктіне дейін, дилатациялық кардиомиопатия, миокардит дамиды. Жүректің алкогольдік зақымдануын этил спирті мен сірке альдегидінің адреналин бөлінуін арттыруы және жүрекке норадреналин бөлуімен байланыстырады. Бұл катехоламиндер тәж тамырларын тарылтып, жүректі қоздырып, оттегіге мұқтаждығын арттырады. Кардиомиоциттерде кальций иондарының қорлануы бұзылып, метохондриялар мен миофибрилдер деструкцияланып, триглицеридтер жиналып, липидтердің асқын тотығу мен қабыну цитокиндерінің түзілуі күшейеді.
Артериалды гипертензияның спиртін қабылдаумен байланысты. Аптасына 300г спирттен артық қабылдау ауру даму қаупін 60% арттырады. Алкогольді гипертензияның патогенезі катехоламин бөлінуімен, ангиотензин ІІ мида, жүректе, қанда артуымен, гипокалиемия мен гипомагниемиямен, бүйрек патологиясымен (гематуриялық нефрит, гиперурикемия) байланысты.
Этил спиртінің асқорыту мүшелері мен зат алмасуына әсері
Этил спирті аз концентрацияда (3-20%) асқазан сөлінің бөлінуін (әсіресе тұз қышқылы) арттырады, асқазанның сілекей қабатын тітіркендіреді. Сілекей гиперпродукциясы байқалады. Бұл кезеңде этил спирті гистамин мен гастирт бөлінуін арттырады.
Этил спирті жоғары концентрацияда 25-60% асқазан сөлі бөлінуін тежеп, күйдіруші әсер мен компенсаторлы сілекей бөлінуі артып, телороспазм шақырады. Созылмалы маскүнемдікте алғашқыда гиперацидті эрозивті гастрит, кейін асқазан бездерінің секреторлы функциясы түгесіліп созылмалы атрофиялық гастрит, ішекте аминқышқылдары мен В1, В6, В12 , С, Д, фолий қышқылы сіңірілуі бұзылады. Ішпейтін адамдарға қарағанда Helicobacter pylori жиі анықталады. Асқазан рагы мен спиртті жиі қолданудың этиологиялық байланысы бар.
Аса күшті емес алкогольдік ішімдіктерді әр кезді бір, сирек қабылдау ішқатпа мен ішімдіктегі қан иісті майлар мөлшері мен ас құрамына орай іш өтуге соқтырады. Созылмалы алкоголизмге эрозивті гастрит мальабсорбция синдромы мен эншерит жедел және созылмалы панкреатит тән. Этил спиртін орта тәуліктік 135 мөлшерінде (96% спиртпен есептегенде) қабылдаған кезде клиникалық көріністерге дейін 18 жыл өтеді. Панкреатит шақырушы минималды тәуліктік мөлшер 50г, минималды латентті уақыт 3 жыл. Этил спиртінің бауырға жағымсыз әсері бұрыннан белгілі. Гепатоуыттылық әсері энергетикалық метаболизм реакцияларының бұзылуына байланысты. Этил спиртінің биотрансформациясы пиридиннуклеотидтердің тотықсызданған түрлеріне қарай – НАД*Н пен НАДФ*Н – қа ауысады, сонымен бірге көп мөлшерде ацетилкоэнзим А түзілуі артады.
Бұл липидтердің метаболизмін бұзады:
- Май қышқылдарының синтезімен тригмицеридтер түзілетін олардың эстерификациясы күшейеді;
- Плазмадағы май қышқылдарын тартып алатын жаңа транспорттық байланыстырушы ақуыздың жұмысы жоғарылайды;
- Холестерин мен оның эфирлерінің өнімі артады;
- Нейтралды майлардың ыдырауын күшейтетін лизосомалды липазалардың белсенділігі төмендейді;
- Митохондрияларда май қышқылдарының β – тотығуы тежеледі;
- Майлардың өте төмен тығыздықты липопротеидтерге қосылуы бұзылып, липопротеиндердің қанға бөлінуі бұзылады (сурет 5).
Этил спирті мембраналық фосфолипидтердің асқын тотығуын арттырып, эндогенді антиоксиданттар қорын, ерекше күшті – глутатион жүйесін азайтады, фосфолипид құрамындағы қаныққан май қышқылдары артуымен қатар арахидон қышқылының көлемі азайып, простопландин синтезі төмендейді. Этил спирті митохондриялардың ісініп деструкцияландырады, аэробты тыныс алу мен макроэргтер синтезін төмендетеді, метаболизмді метаболикалық ацидоз дамитын анаэробты бағытқа ауыстырады. Лактат өнімінің артуы бауырдағы коллагеноинозды күшейтуі мүмкін.
Бауырды зақымдау схемасының артуы: май дисиерофиясы (алькогольді стеатоз) – стеатогепатит – цирроз. Этил спиртін қабылдаушы адамдардың 60-80% бауыр майлануы байқалып, маскүнемдердің 30-70% гепатит, 30-40% — бауыр циррозы дамиды. Алкогольды цирроз ауыр асқынулармен жүреді, көптеген ауруларда энцефалопатия, порталды гипертензия, асулт, Дюпюиитрен контракурасы, жыныс бездерінің атрофиясы байқалады. Парацетамолды қоса пайдаланғанда жедел бауыр некрозы дамиды.
Этил спиртінің гепатотоксикалық әсері құнарсыз тағамда, глюкозаның мальабсорбуля синдромында витамин мен амин қышқылдары жетіспеуде артады. Бауырдың алкогольдік циррозы темірге бай қызыл шарап ішкен адамдарда жиі дамиды. Ішімдікті шектен тыс қолдану бауыр рагының этиологиялық себебі болуы мүмкін, цитохром Р-450 индукциясы канцергендердің метаболикалық белсенділігін арттырады.
|
|
|
5 сурет. Бауырдағы алкоольдік майлы дистрофияның даму механизмі
Этил спиртін ұзақ қабылдағанда В12 витамині мен фолий қышқылының сіңірілуін, бауырда қор түрінде жиналуын бұзып, қайтармалы макроцитарлы анемия дамиды. Тромбоцитопения мен сүйектің қызыл кемігінде қызыл және ақ қан жасушаларының негізін салушылардың вкуализациялануы мүмкін. Қанда көмірсутексіз (деспализирленген) трансферрин (трансферриннің сірке альдегидімен қосылысы) мен ацетальдегидмодифицирленген гемоглобин пайда болады. Қабыну ошақтарына лейкоциттердің миграциясы тежеліп, сырқаттардың инфекцияларға резистенттілігі төмендейді.
Этил спиртінің иммуно – уыттылығы
Маскүнемдік иммунитеттің гуморалды жүйесінің гиперфункциясы шақырады – Ig А мен басқа иммуноглобулиндердің деңгейі Ig А –ның бауыр синусоидаларында жиналуы, неоантигендерге сірке альдегиді мен бос радикалдармен өзгертілген алкогольді жалинмен ақуыздар антиденелер шығарылуы артады.
Сірке альдегиді Т – мемфоциттерді сенсибилизирлеп, цитотоксикалық қасиеттерін арттырады. Ісіктің некроздану – α факторы, 1, 6, 8 – интерлейкиндердің түзілуі артады.
Шарананың алкогольді синдромы
Шарананың алкогольді синдромы (ШАС) жүктілік кезінде этил спиртін шектен тыс қолданудан болады. Ерекше белгілері – балалардың өсуі мен ақыл-ес дамуының жасынан кешеуілдеуі, микроцефалия, жоғары еріннің гипоплазиясы, қысқа мұрын, аяқ-қол, жүрек, жыныс мүшелерінің ақаулары. Маскүнем аналардан туған нәрестелердің 12% -да миы дамымай, жарыместік байқалады. Шарананың іштен өлі туылуы мен түсік тастау сирек кездеспейді. Этил спиртінің шарананың ақаулы дамуына жол беретін критикалық мөлшері аптасына 60-80г. ШАС – тың популяцияда кездесуі – 1 : 300 – 1 : 2000, маскүнем әйелдерден туған балаларда 1:3.
Эмбриоуыттылық пен тератогенездің даму механизмдері:
- Ерлер мен әйелдер гендерінің мутациялануы;
- Шарананың метаболизм процестеріне этил спирті мен сірке альдегидінің тікелей уытты әсері;
- Плацентада қан айналуының бұзылуы;
- Ас құрамының калориясыз, ақуыз бен витаминдер жетімсіздігі.
Созылмалы маскүнемдік
Маскүнемдік ауруының үш кезеңі бар:
- Қайталмалы жедел алкоголь интоксикациясы стадиясы (шамалы мөлшерде алкоголь ішімдіктерін эпизодтық түрде қабылдау);
- Маскүнемдік атадиясы (спиртті ішімдктерге құмарлық дамып, алкоголь жиі әрі ұзақ қабылдау, интеллект жойылмайды, тәуелділік дамымайды);
- Созылмалы маскүнемдік стадиясы (алкогольге психикалық және физикалық тәуелділік, қанда сірке альдегидінің жоғары концентрацияда болуы).
Адамдардың 70% алкоголь ішімдіктерін эпизодты түрде қабылдайды. Ресейде
мемлекеттік статистика басқармасының мәліметі бойынша (2002ж) әр тұрғыны жылына 15 литр алкоголь қабылдайтыны, Еуропада бір адам 9,8 литр ішетіндігі мәлім болды. 80% жағдайда күшті ішімдіктерді ұнатады екен. Алкогольді ішімдіктерді қауіпсіз қолдану шегі тәулігіне ер кісілерге 20-40гр, әйелдерге 10-50гр (абсолютті спиртпен шаққанда). Бұл мөлшерді 60-80гр әр тәулікте қабылду тез созылмалы маскүнемдікке соқтырады.
Созылмалы алкоголизммен 5-10% ерлер, 3-5% әйелдер ауырып, халықтың 1,5% алкоголь психозының эпизодтары болып тұрады. Әсіресе әйелдер маскүнемдігінің әлеуметтік қаупі зор, себебі балалары да ішімдік ішуге тартылады. Алкоголді ішімдікке үйрену көбінесе 13-14 жастан басталады.
Ішімдікті шектен тыс қабылдайтын адамдар қарттық жасқа дейін жасай алмай, уланудан, жарақаттардан, полинейроэнцефалопатия, геморрагиялық инсульт, кардиомиопатия, мұрын-жұтқыншақ қатерлі ісігі, гепатит, цирроз бен бауыр қатерлі ауруы, жедел немесе созылмалы панкреатиттен қайтыс болады. Жалпы медициналық практикада адамдардың 20-40% ішімдіктен болған ауруларға шалдыққан.
Созылмалы маскүнемдікке психикалық, физикалық тәуелділік пен үйренушілік тән. Эмоционалды тұрақсыздық, ауыр депрессия мен өзіне қол жұмсауға дейін, интелект пен есте сақтаудың прогрессивті нашарлауы, өкпелегіштік байқалады. Қандағы спирттің концентрациясы 3-4г/л болса да, седативті нәтиже бермейді.
Созылмалы маскүнемдіктің патогенезі мидың медиаторлық жүйесінің функциясы бұзылып, сонымен бірге нейрондардың көмірсутек және энергетикалық метаболизмі бұзылуына байланысты. Этил спирті эйфория мен қимыл тынымсыздығы жағдайында дофамин синтезін арттырып, мембрана жүйесінің синапстарында, жолақ денеде, гипоталамус пен ортаңғы мида дофамин мен норадренамин бөлінуін арттырады. Содан кейін осы нейромедиаторлардың инактивациясы артып, депрессия дамиды. Ішімдік ішу нейромедиаторлардың қайтадан қалдықтарын шығарып, көңіл күйдің біршама жақсаруына әкеледі. Сонымен психикалық тәуелділік дамиды. Дофамин мен норадренаминнің метилденген туындылары мінезімен қимыл әрекеттерін өзгертеді.
Этил спиртін қоздырушы медиатор – глутамин қышқылының NMDA – рецепторларға әсерін арттырады. Бұл рецепторлар нейрондарға кальций каналдарын ашып, Са2+ енуін арттырады да, жасушалар ісініп, лизосомдар зақымданады. Нейрондардың көп мөлшерде өлуіне әкеледі. Ішімдікті ұзақ уақыт қабылдағанда ГАМҚА – рецепторларының жұмысы өзгеріп, У нейропептидінің өндірілуі мен серотонинді нейрондардың ұстауы төмендеп, кортикотропин ренизинг – гормон секрециясы артады.
Этил спиртінің тотығу өнімі – сірке альдегиді катехоламин және серотонин мен конденсация реакциясын түседі. Бұл реакцияларда жоғарғы аталғандарға сәйкес тетрагидроизохинолин (морфин тектес заттар) мен тетра – β – карболиндер түзіледі. Тетрагидроизохинолинді заттар тікелей немесе энкефамилдер мен эндорфилдерді босату арқылы отеоидты рецепторларды тітіркендіріп, эйфория мен галмоцинация шақырады. Гипоталамус пен мембрана жүйесінің эмоционалды орталықтарында опиоидты рецепторларды ұзақ стимуляциялау мидың қыртыстарында алкогольді доминанта қалыптастырады. (4 суретті қараңыз).
Бақылу тобымен салыстырғанда биологиялық ата-анасы маскүнем адамдар арасында алкоголизм 4 есе жоғары кездеседі. Маскүнемдердің тұқым қуалаушылық бейімділігі мидың бекіту жүйесіндегі генетикалық детерминирленген норадренамин мен дофаминнің саны азаюына байланысты. Балалардағы катехоламин тапшылығы психоэмоционалды жағдайдың тұрақсыздығымен депрессияға бейімділікті дамытады. Ішімдік ішу қосымша нейромедиаторлардың бөлініп, оны қайтадан қолдануына үлкен себеп болады деп саналады. Маскүнемдердің тирозингидроксилаза, Д2 – мен Д4 – дофамин рецепторларына, холецистокинин тудырушы, алкагольдигидрогеназа, альдегиддегидрогеназа кодтаушы гендерінде аномалиялар анықталған.
Маскүнемдер этил спиртін қабылдауды 3-5 күн тоқтатқан соң 5-15% абстиентті синдром дамиды:
- Алкогольдік шөлдеу, генерализденген тремор, тітіркенгіштік, үрей, ұйқы бұзылуы;
- Бас ауру, бас айналу;
- Қызығушылық бұзылуы;
- Анорексия, жүрек айну, құсу, тершеңдік;
- Тахикардия, артериалды гипертензия;
- Кионико – тоникалық тырысулар
Абстиненциялық ауыр жағдайларында елеру (белая горячка, deliriumtremens) – қатты психмоторлық қозу, илмозиялар, көру, есту, тактильді галмоцинациялар, дезориентация, тырысулар, гипертермия, қатты терлеу, тахикардия, жүрек айнуы, диарея, қарашық кеңеюі болады. Осы алкогольді демерийге аталған тән белгілер мен қатар сирек түрде өте ауыр атипиялық түрлері – пролонгирленген, кәсіби (кәсіби сандырақтаумен) және мусситирлеуші (міңгірлеуші) психоз дамуы мүмкін.
Созылмалы маскүнемдікпен ауыратын сырқаттарды арнайы емдеу мекемелерінде дәрігер – наркологтар емдейді. Емдеу үшін сырқат ішімдік ішуден толық бас тартып, дәрігермен келісе отырып, ерікті түрде емделуі абзал. Емдеу үшін фармакотерапиялық, психотерапиялық және әлеуметтік тәсілдер қолданылады.
Детоксикациялық шаралар (В тобының витаминдері, витамин С, глюкоза, кальций фруктоза – 1,6 дифосфат, су-электролит теңдігін қалпына келтіру, метаболикалы ацидозды жою, гемодиализ, плазмаферу), алкогольге жағымсыз шартты рефлекс (этил спиртін ішкенде қосарлана құстырушы апоморфин дәрісін енгізу) дамыту жүргізіледі.
Альдегиддегидрогеназа ингибиторларының жәрдемімен (тетурам, кальций корбамиді, никотин қышқылы, метронидазол, кейбір нитрофурандар) сенсибилизирлеуші терапия аса нәтижелі. Бұл аталған дәрілердің әсерінен этил спиртінің екінші этаптағы тотығу – сірке альдегидінен сірке қышқылы пайда болуы бұзылып, ағзада сірке альдегиді жиналады.
Тетурам (Дисульфирам, Антабус) – резина өндірісінде антиоксидант ретінде пайдаланады. 1940 жылдардың соңында екі даттық дәрігер тетурамның гельминттерге қарсы әсерін зерттеу барысында, өздерінің алкоголь коктейлік ішкеннен кейін нашар этил спиртіне реакциясының өзгеретіндігін түсініп, созылмалы маскүнемдікті емдеу үшін тетураммен эксперименттік және клиникалық сынақтар жүргізді.
Тетурамның белсенді метаболиті диэтилтиолитилкарболиат жасушалардағы цитозоль мен митохрондриялардың альдегиддегидрогеназасын қайтарымсыз тежейді, мыс пен басқа металдарды хелаттық байланыстарға түсіреді, сондықтан құрамында металл бар ферменттердің алкогольдегидрогеназа, дофамин – β – гидроксилаза жұмысы бұзылады, жүйке талшықтарының ұштарында норадреналин синтезі тежеледі, бауырдың цитохром Р-450 және тиол ферменттері тежеледі.
Тетурам әсерінің барысында этил спиртін қабылдау қандағы сірке альдегидінің мөлшерін 5-10 есе арттырады. Тетурам – алкоголь байқауында бет, мойын, кеуде қызарып («қызыл ауру»), солқылдаған бас ауру, тершеңдік, сілекей ағу, жүрек айну, құсу, ентігу, тахикардия, жүрек тұсы ауыру, ортостатикалық коллапс, өлім қорқынышы, тырысу пайда болады. Бұл вегатативті өзгерістер кез келген құрамында алкоголь болатын азық пен дәрілер, дәмдәуіштер, ферменттелген сірке қышқылы, жөтелге қарсы сироптар, лосиондар пайдаланғанда болуы мүмкін. Тетурам – алкоголь байқауы қатты шаршап, ұйықтаумен аяқталады. Тетурамның сенсибилизирлеуші әсері 14 күнге жалғасады. Соның нәтижесінде ішімдікке жағымсыз шартты рефлекс дамиды. Тетурам гепатоуытты, безеу тәріздес бөртпе, есекжемі, әлсіздік, бас ауру, бас айналу, ауыздық, сарымсақ немесе металл дәм татуы, диспепсия шақырады.
Сирек жағдайда тетурам қабылдаудан перифериялық нейропатия, психоз, ацетонемия дамып, қандағы никельмен қорғасынның мөлшері 10-20 есе артады. Тетуранда 60 жастан асқандарға, жүрек-тамыр ауруларына, бауыр мен бүйрек патологияларында беруге болмайды. Оны металмен жұмыс істейтін маскүнемдерге де беруге болмайды.
В тобының витаминдерімен кешенді тетурам қосындысы – «Лидевин» препаратын ішуге береді, препарат тәулік бойы әсер етеді. Тетурамның стерильді таблеткасы «Эспераль» тері астына имплантацияланып, жыл бойы сенсибилизирлеуші әсері сақталады.
Этил спиртін альдегиддегидрогеназаның қайтармалы ингибиторымен қосарланып пайдаланғанда аз-кем жұмсақтау өзгерістер байқалады (кальций карбамиді, никотин қышқылы, метронидазол, фурадонин, фуразолидон).
Сенсибилизирлеуші терапияның табысты өтуі тек сырқаттың жігеріне, еркіне байланысты, ал дәрілер тек абстинентті синдром жеңіл өту үшін береді.
Алкогольді мотивация жеңілдетумен ремиссияны тұрақтандыру үшін нейромедиаторлардың алмасуын қалпына келтіретін дәрілер қолдану керек:
- Опиодты рецепторлардың антагонистері – налме00000фен, налтрексон;
- Дофаминнің Д2 – рецепторларының агонисті – бромокриптин;
- Дофаминнің Д2 – рецепторларының агонисті;
- Нейролептиктер – периуиазин, флупентиксол, тиаприд;
- Антидепрессанттар – еротонинді нейроналды басып алудың ингибиторлары – флувоксамин, тианептин, тразодон;
- Атипиялық антидепрессон – миртазапин;
- ГАМҚ агонистерінің қасиетімен глутамин қышқылының NMDA – рецепторларының антогонисті – акампросат (кампрал);
- Транквилизаторлар – бензодиазетин рецепторларының агонисті – сибазон, ал празолам, лоразепам, феназепам;
- Нормотимикалық әсерлі тырысуға қарсы дәрі – карбамазепин.
ҚОРЫТЫНДЫ
Этил спиртіне құштарлықты эксперимент бойынша холецистокинин аналогтары, энкафалиназа ингибиторлары, бейгормоналды стероидты құралдар азайтатыны анықталды. Маскүнемдіктен тек аурулардың 3-8% толық айығып, пациенттердің 50% алғашқы 3 айда рецидив болады (емдеу аяқталған соң). Алкогольге толеранттығы төмен, үрейлі – көңілшек психикалы, жоғары әлеуметтік статусты маскүнемдердің толық айығуына мүмкіндік мол.
Өкінішке орай, этил спиртіне ұштарлыты жергілікті басатын тиімді дәрілік заттар жоқ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- В.Г,Кукес «Клиническая фармакология и фармакотерапия», Москва «ГЭОТАР-Медия» — 2006;
- Кулмаганбетов «Клиникалық фармакология», Алматы – 2000;
- М.Д.Машковский «Лекарственные средства», Москва, Новая волна Издатель «Умеренков» – 2007;
- Д.А.Харкевич «Фармакология», Алматы – 2004;
- Дәрістер кешені
- Интернет: google.ru
- Интернет: yandex.ru
- Интернет: wikipedia.ru