АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат.. Ә. Бөкейхановтың қызметі

Жоспар

  1. Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны.
  2. «Алаш» партиясының құрылуы.
  3. Ә. Бөкейхановтың қазақ жұртшылығына  сіңірген  еңбегі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

Жұмыстың  мақсаты:

Ә. Бөкейхановтың  қызметінің  мәнін  ашып  көрсету.

Жұмыстың  мақсатына  қарай  төмендегі  міндеттер  орындалады:

—  «Алаш»  партиясының  құрылуының   алғышарттары  мен   себептеріне  талдау  жасау.

—  «Алаш»  партиясының  қоғам  қайраткерлері   еңбектерінің   мазмұны  мен  маңызын  көрсету.

—  «Алаш»  партиясының  үстем  етуші  билікпен  қарым-қатынасын  зерттеу.

—  «Алаш»  ұлттық  партиясының  бағдарламасына  талдау  жасау.

Жұмыстың  тарихнамасы:

Мәмбет  Қойгелдиевтің  айтуы   бойынша  сол  кездегі   жергілікті  халықтың  өмірі  жайлы  айтып  өткен,  сонымен  қоса  мынадай  ойлары  да  бар:  «Уалаяттық  автономия  болса,  оның  өз  алдына  ақшасы,  темір  жолы,  почта,  телеграфы,  әскері  болмайды,  жалпы  мемлекеттік  Г   думасына  уәкілдерін  жібереді.  Өз  думасы,  сол  жалпы  мемлекеттік  думасында  шыққан  законге   қайшы  келместей  закондерді  шығаруға  ықтиярлы  болады.  Уалаяттағы   барша  жергілікті  істерінің   билігі   өз  қолында  болады.  Жер-судың   билігі  жалпы  мемлекет  қолында  болады».

Күләш  Ахметованың  «Алаш  партиясы  туралы   бірер  сөз»   деген  еңбегіндегі   мәліметтер: « Партия  бағдарламасын  дайындау  Шораи  Ислам   деген  комитетіне  тапсырылды.  Ал  партияға  «Алаш»  деген  атаудың  қалай  берілгендігі  жайында  Қазақ  газетінің  244  санындағы  хабарын  аударып  берген  Мартыненконың   дерегіне  сүйенсек,  Досмұхамедовтың  хатын  көлденең  тартады».  «Съезд  қаулысы  баршаға  белгілі.  Сондықтан  уақыт  оздырып  жатпастан  партиямызды   аталарымыздың  ұраны  «Алаш»   атымен  атаймыз».

 

Жұмыстың  өзектілігі:

Сонау  ХХ  ғасырдың  басында  құрылған  Алаш  партиясы  туралы  қазіргі  кезде   көптеген  көзқарастар  бар.  Тіпті  қазақ  елінің  «Ұлттық  партиясы»  атанған  және  осы  партияның  көшбасшылары  яғни  қазіргі  таңдағы  қазақтың  ұлттық  зиялылары  жайлы  көптеген  материалдар бар.  Солай  бола  тұрса  да   қазіргі  кездегі  Алаш  партиясы  тақырыбында  бірінші  өзекті  мәселе.

          Сол  уақытта  Кеңестік  тұрғыдағы  біздің  Ұлттық   партия  саяси  қысым  көрді.  Яғни  Алаш  партиясы  сол  кездің  өзінде  біз  аңсаған  тәуелсіздікке  сай  өздерің    бағасын  ұсына  отырып,  қазақ  елі  үшін  жан   қиярлық  әрекет  етті.  Сол  қазақ  елі,  жері  үшін  күресіп  өткен  біздің  көшбасшыларды  зерттеу  қажеттілігімен  барынша  ашып  көрсетуге  тырыстым.

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақ  халқы  көптеген  қиыншылықтарды  басынан  кешірді.  Осы   кезде  азын-аулақ  болса  да  халық  жағдайын  ойлаған  азаматтарымыз   бұл  тығырықтан  шығуға  тырысты.

Сол  азаматтарымыздың   бәрі  тарихта  өте  маңызды  орынға  ие  болған. Әлихан  Бөкейханов,  А. Байтұрсынов,  М.  Шоқай  секілді  қайраткерлерді   атап  өтуге  болады.

Ұлттық  мемлекет  құру  Бөкейханов  және  басқа  буржуазиялық – демократиялық  бағыттағы  интелегенция   өкілдерінің  түпкі   мақсаты  болды.  Бұл  интелегенция  өкілдері  конституциялық  демократия  шеңберінде  қазақ  ұлтына  автономия  алып  беруді   меңзеді.

Тарих   сахнасына  Алашорда – Халық  Кеңесі  үкіметін  алып  келген  жалпы   ұлттық  күрестің  басында  ұлттық  интелегенция  тұрды.

70  жылдан  астам  уақыт   жүріп  өткен  тарихи  жолымыз  көрсетіп  бергендей. Қазақ  қоғам  қайраткерлері  туелсіз  дербес  мемлекет  құру  жолын  таңдай  отырып,  қателескен  жоқ.

Аты  аңызға  айналған  барлық  түркі  халықтарының  атасы – «Алаш»   атын  алған  партия  қазақ  даласындағы  алғашқы  дербес  партия.  Бұл  партия  либералдық  көзқарасты   жақтайтын   ұлт   зиялыларынан  құралды. Сол  кездегі  басты  мақсаттардың  бірі  ұлт  пен  ұлттық  интелегенцияны  біртұтас  саяси  ұйым  төңірегіне  топтастыру  болды. Тағы  да  бір  мәселе  халыққа  болып  жатқан  саяси  мәселелерді   түсіндіру,  бұқараның  сауатын  ашу,  оларды   жаңа  мемлекет  құруға  жұмылдыру.

Алаш  қозғалысының  жетекші  қайраткерлері  мен  қатардағы   мүшелері  1920-30  жылдары  саяси  қуғын – сүргіннің  құрбандары  болды.  Осыған  қарамастан  Алаш  қайраткерлерінің  іс-әрекеттері  қоғамдық  өмірдің  әр  саласында  олардың  әрқайсысына  тән  ерекшеліктері  мен  тарихта  хатталып  қалды.

Тарихтың  қилы  кезеңдерінде  сан  алуан  оқиғалар  болған.  Олардың  бір қатары  уақыт  өте  келе  ұмытылып,  тарихтың  ақтаңдақтарына   айналды.

ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  ұлт-азаттық  қозғалыс  тарихының  өзекті  мәселелерінің  бірі,  әрине,  Алаш  партиясының  құрылуы,  оның   тарихи  негіздері,  саяси  әлеуметтік   сипаты   және  қазақ  тарихында  алатын  орны.   Қазақ  зиялылары  қоғамдық  сұранысқа    сай  құру  әрекетін  бірінші  орыс  революциясы  жылдарында –ақ  қолға  алғандығы  мәлім.  Мұны  Алаш  қозғалысы  тарихын  алғаш  зерттеушілер  де  дәл  сезіп  байқаған.  Бірақ  олар  бұл  мәселеге  тар      таптық,  партиялық  методология  тұрғысынан  келіп,   ұлт  зиялыларының  осы  бағыттағы  қызметін  «буржуазиялық  ұлтшылдық   көрінісі   есебінде  бағалаған.  Енді  осы  алғашқы  партия  құру  әрекеті  неден  басталды,  немен  аяқталды,  соған  тоқталайық.

1905  жылғы  жаздағы  революциялық  өрлеу  барысында  патшалық  билік,  еңбекші  бұқаралық  таптық  наразылығына  шет  аймақтардағы  отарлық  тәуелділіктерді  елдегі  өз  бостандығы  үшін  қуаттық  қозғалысын   қосып  алудан  қаймықты.  1905  жылы  6  тамыздан  мемлекеттік  дума,   жөніндегі  патша  манифесі   басқа  «бұратаналармен»   бірге   қазақ  еліне   депутат  сайлау  құқығын  берді.  Осы  жылы  қазақ  зиялылары  сайлау  науқаны  сияқты  күрделі  саяси  шараға   араласа  отырып,  ірі  мәселеге  кезікті.  Қазақ  қоғамында  бұл  уақытта  белгілі  бір  қоғамдық  позияциядан  үгіт  насихат  жұмысын  жүргізе   алатын  саяси  ұйымдар  жоқ  еді.  Міне,  осындай   жағдайда  думаға  даярлық  мерзімнің  тар  қыспағына  іліккен  ұлт  зиялылары  тұңғыш  рет  саяси  партия  құру  әрекетін  қолға  алады.

Саяси  күрес    жолына  енді  ғана  түсе  бастаған  қазақ  зиялыларының  осі  кезектегі  саяси  әлеуметтік  бағдары,   белгілі   дәрежеде,   Ресейдің  радикалдық  буржуазиялық   партиясы – кадеттердің  ұстанған  бағыты  ма  тоғысқандығы  тарихи  факті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны.

  1917  жылы  5-13  желтоқсан  аралығында  Орынбор  қаласында  өткен  екінші  жалпы  қазақ  сьезі  Алаш  автономиясы  деп  аталатын  Ұлттық   мемлекет  құрылғандығын  мәлімдеп,  оның  үкіметін    сайлады.  Әлемнің   алтыншы  бөлігін  алып  жатқан  Ресей  империясының  көлемінде  бұл  аса  зор  оқиға  болғанымен,  отарлық  езгідегі  қазақ қоғамы  үшін  оның  тарихи  маңызы  ерекше  еді.  Өйткені   мұның  бәрі  қазақ  елінің  ХҮІІІ  ғасырдан  бергі   өз  бостандығы  мен  теңдігі  жолында  орыс  империясына  қарсы  жүргізген  азапты  күресінің   қорытындысы  болатын.

        Тарих  сахнасына  Алашорда – Халық  кеңесі  үкіметінің   алып  келген  ұлттық  күрестің  басында  ұлттық  интеллигенция  тұрды.  Олардың  ортақ  түсінігі  бойынша  отарлық  езгі  мен   феодалдық  мешеулік  жағдайында  аяқ  асты  болған  ұлттық  мүддені  қорғап,  қазақ  елін  басқа  өркениетті  елдер  қатарына    алып  шыға  алатын  жалқы  жол – ұлттық  мемлекеттік  құрылымның  болуы  еді. (1)

        Әлихан  Нұрмұхамедұлы   1866  жылы  бұрынғы  Семей  облысы  Қарқаралы  уезі  Тоқырауын  болысының   жетінші  ауылында  өмірге  келген.  Қазіргі  әкімшілік-аймақтың   бөлініс  бойынша  бұл  елді   мекен  Жезқазған  облысы,  Ақтоғай  ауданы,  «Қаратал»   совхозына  қарайды.  Әлиханның  әкесі  — Нұрмұхамед,  анасы  Бегімханым  оқу-білімге  жақын,  парасатты  адамдар  болған.  Әлиханның  үлкен  атасы – бөкей,  ол  атақты  көкжал  Барақ  сұлтанның  ұлы.

       Әлихан  Бөкейхановтың   қайраткер  ретінде  қалыптасуының  екі  рухани  негіздерін  бөліп  айту  артық  емес. Біріншіден,  Әлихан   еркіндік  пен  теңдікті   жоғары  бағалаған  ортада  өсті.  Оның  қоғамдық  көзқарасының   қалыптасуына  халықтың   бай   ауыз  әдебиетінің,  ұлы  Абайдың   және   басқа   ақын-жыраулардың   терең   ойлы  шығармаларының  ықпалы  болғандығы  сөзсіз. Оның   1907  жылы  тұңғыш  рет  орыс  оқырмандарын  Абайдың   творчествосымен  таныстыруды  көздеген   материал  жариялап,   ал  1909  жлы  ұлы   ойшылдың   шығармаларының  Петерборда  жарық  көруіне   мұрындық  болып,  өмірінің  соңына  дейін  Қобыланды,  Ерсайын,  Қозы-Көрпеш – Баян сұлу  және  басқа  көптеген  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинап,  зерттеп  және  насихаттап  өтуін,  әрине,  кездейсоқ  жағдай  деп  айту  қиын.

 

 

  1. «Алаш» партиясының құрылуы.

М.  Дулатұлы  1929  жылы  30  қарашада  ОГПУ     тергеушісіне  өз  қолымен  жазып  берген  жауабында  «Алаш»  партиясы  бағдарламасының   өмірге  келуі  жөнінде  мынадай  деп  көрсетті:  «Сол  жылы  күзгі  айлардың  бірінде  Орынборда  тұрған   қазақ    зиялыларының   бастығы  Ә.  Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов  «Алаш»   партиясын  жасауға  ұйғарып,   программа  жобасын  жасадық.  Сол  жоба  бекітілместен  жоба   бойнша  қалды,  еш  уақытта  Алаш  партиясының  съезі  болып,  жобаны   қабылдаған  жоқ.  оны  істеуге   ол  кездегі  жағдай  да   мүмкіншілік  бермеді.(2)

          Қазақ   газетінің   1917  жылы   қараша  айының   21  жұлдызындағы  санында  «Алаш»  партиясының  бағдарламасы   халық  назарына  ұсынылды.   Бұл  құжатқа  Ә.  Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов,  Омаров,  Тұрмұхамедов,  Жүндіюаев,  Бірімжановтар  қол  қойған.    Бағдарламаның   «мемлекет  қалып»    атты  бірінші  тарауы  қазіргі  заң  ғылымы  тілімен  айтқанда  «Мемлекетті  құрылым»  мағынасын  білдіреді.  Онда  «Россия   демократическая   федеративная  республика  болады.  Демократия  мағынасы  —   мемлекетті  жұрт  билеуі,   оредерация  мағынасы  —  құрдас  мемлекеттер    бірлесуі.   Федеративная  республикада   әр  мемлекеттің  іргесі  бөлек,   ынтымағы   бір  болады,  әр  қайсысы  өз  тізгінін  өзі  ашып  жүреді»  деп  болашақ  қазақ  мемлекетінің (3)   Ресей  құрамында  болып,  федеративті  құрылыс  сатысында  тек  құқықтық  дәрежедегі  қатынастарға  ие  болды,  мүддесі  көрсетіледі.  Байқап  қарасақ,  «Алаш»  партиясының  бағдарламасында  дәл  қазіргі  ТМД   елдеріндегі  сияқты,  экономикалық   мүддеде  «ынтымағы  бір»,  ал  ішкі   сыртқы  саясатты  тең  құқық  дәрежелі   дербес  мемлекеттер болу   талабы  айқын  көзделген. 

Үкімет  басын  Учередительное  собрание  мен  Г.   дума  қалауынша  кесімді  жылға  сайланатын  президент  болу.  Президент  халықты  министрлер  арқылы  бағу,  ол  министрлер  учредительное  собрание  мен  Г.  Дума  алдында   жауапдар   болу .   депутаттар  тегіс,   тез,   төте  әлі   ғуфия   сайлаумен  болады.  Сайлау   жақында  қан,  дін,  еркек,  әйел  толғаусыз  болуы.

ІІ.  Жергілікті  бостандық.

Қазақ  жүрген  облыстардың   бәрі  бір  байланып,   өз   тізгіні  өзінде  болып,  Россия  республикасының  федерациялық   бір  ағзасы  болу.  Реті   келсе  қазақ  автономиясы  сыбайлас   жұрттармен  әзірге   бірлесе  болу,  реті  келмесе,  бірден-ақ  өз  алдына  жеке  болу.  Қайткенде  де  осы  күнгі   земстволықты  қабыл  алу.

«Алаш»  партиясы   қазақтың  би,  болыс,  ауылнайлары   сияқты   орындарында  қызмет  ететін  адамдар  жұртқа  пайдалы,  жұрт  үшін  қызмет  етуге  көңілді  адамдар  болуы  жаһид   қылады.   Земстволардың  управаларында,  милицияларында (4) таза  қызметші  барлық  адамдардың  атын  халық  қалауына  салады.

«Алаш»   партиясы  әділдікке   жақ,   нашарларға  жолдас,   жәбірлерге  жау  болады.  Күш  қуатын  игілік  жолына  жұмсап,  жұрт  табиғи  ету  жағына   бастайды.

Ә.  Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов,  Е.  Ғұмаров,  Е.  Тұрмұхамедов,  Ғ.  Жүндібаев,  Ғ.  Бірімжанов.

Бір- екі  мысал  келтірейік.  «Мемлекет  қалпы»  атты    тараудағы  «федерация  мағынасы  құрдас  мемлекеттер  бірлесуі»  деген  сөйлем  «федерация   —  союз   мелких  государств»  есебінде  аударылып,  мүлдем  басқа   реңк  алды.  «жер   мәселесі  атты  тарауында – «сыбаға  өлшеу – норма  жердің   топырағы  мен  шаруашылық  түріне  қарай  жасалу»  деген  сөйлем» .  «Киргизы  должны  получит  земли  с  более   плодородной   почвой»   деп  аударылды. 

«Алаш»  бағдарламасында  төмендегідей  либералдық  құқықтарға  қорғау  көрсетілген: 

Тең   құқылық  ( «діни  нанымына,  шығу  тегіне,  жынысына  қатыссыз  адамдар  тең  құқылы»).

Тұлғаның  еркіндігің  сақталуы.  (« мемлекеттік  қызметшілер  қожайынының   рұқсатынсыз  ешкімнің  тұрғын  үйіне  кіре  алмайды.»)

Кінәлі  екендігін  дәлелдеу  керектігі  («  соттың  қаралуынсыз  және   шешімінсіз  бас  бостандығынан  айырмау»)

Жиналыстың  бірлестік  құрудың,   газет,  кітап  шығарудың  еркіндігі»)

Сонымен  қатар  либералдар  «монефисі»   жекеменшікті  иелену  құқығы  мен  жеке  бастамамен  сөйлеу  құқығы   тұтынудың   еркін  таңдау  құқығы  мен  жердің  құнарлылығы  мен  адамдардың  еңбекқорлығынан  пайда  көру  мүмкіндігі»   сияқты  азаматтардың  негізгі   құқықтарына  назар  аударады.

 Алаш  бағдарламасының   жобасы  бойынша   дін  мемлекеттен  бөлек  тұруы  керек,   барлық  діндер  тең  құүқылы,  дінге  сенудің  және  діни  нанымдардың  еркіндігі  жария  (5)етіледі. 

Бағдарламаның  кейбір  ережелері   Ресей  отарлау  саясатының  зардаптарын  жоюға  бағытталған еді.

Енді   бір  екі  ауыз  сөз  «Алаш»   партиясының  қарсыластары  жөнінде.  Құрылтай  жиналысындағы  депутаттық  орын  үшін  талас  қазақ  облыстарында   социал  революционерлер,   социал  демократтар  және  Алаш  партиясы  арасында  жүрді.

Партиялық  әдебиетте   соңғы  уақытқа  дейін  большевиктер  партиясын   Қазан  революциясы  қарсаңында  бүкіл  қазақ  даласындағы  ең  ықпалды  саяси  күш  есебінде   көрсету  етек  алып  келді. 

Жергілікті  жағдай   күрделі  болды.  Біріншіден,  1917   жылдың   ІІ   жартысында  бүкіл  қ облыстары  көлемінде  қолайсыз  ауа  райына  байланысты  ауыл  шаруашылығында  дағдарыс   көріністері    белгі  бере  бастайды.  Сырдария,  Жетісу  облыстарында   аштық  етек  алды.   Кей  аудандарда  жұрттың   саясатқа  көңіл  аударарлықтай   шамасы  болмады.  Екіншіден,  большевиктер  халыққа  түсінікті  тілде  үгіт  насихат  жүргізді.  Ұлттық  саясатын  түсіндірді  деген  сияқты  пікірлер  соншалықты  дәлелді  еместін.  Құрылтай  жиналысына   депутаттар ы  сайлау  науқаны  ашықтан  ашық  көрсетіп  берді.  Сайлау  нәтижесінде  «Алаш»  партиясы  блогы  сайлаушылардың  Жетісу  облысында  57,5  Торғай,   Орал  облысында  75,0   %   дауыс  алды.  Кей  уездерде  Алаш  партиясының   жеңісі  үлкен  көрсеткіштер  мен  сипатталды.  Семей  уезінде  оған   сайлаушылардың   85,6 %  қолдау  көрсетті.

«Алаш»   партиясының  кей  аудандарында  социал  демократиялық  ағымдардан  басым  түскенін    тағы  да  мына  көрсеткіштерден  аңғаруға  болады.  Торғай  облысы  Ырғыз  уезінде   1-ші  нөмерлі  тізім  бойынша  түскен  Алаш  партиясы  кандидаттан  дауыс   беру  нәтижесінде  51351  дауыс,   екінші  нөмерлі  тізім  бойынша  социал   революционерлер  181,   3-ші  нөмерлі  тізім  бойынша  социал  демократтар  партиясы   193   дауыс  алған.

Сонымен  бірге  бұл  қазақ  қоғамындағы  саяси  күштердің  өзара  күресі  мұнымен  шектелмейтін.  «Алаш»  партиясы  мен   «үш  жүз»  аталған  саяси  ұйымның  арақатынасы   соның (6) айғағы  болса  керек.

«Үш  жүз»   белгілі  бір  әлеуметтік  топтардың  азапты  ізденіс  нәтижесінде  қалыптасқан  ұйым  емес,  ол  1917  жылдың  соңында  Бүкілресейлік  Құрылтай   жиналысына  қазақ  қоғамынан  депутаттар  ұсыну  сәтінде  өмірге  келді.  Бұл   кезеңде  өзінің  негізгі  қарсыласы  Алашты  саяси  аренадан  ығыстыру  үшін  «түрік-татар  қауымдастығына»   мұсылман  қозғалысына  сүйенді.

 Егер  «Алаш»  партиясы  атынан  түскен  депутаттыққа  кандидат  кісілер   облыстық   қазақ  және   жалпықазақ  съездерінің   талқысынан  өткен  адамадар  болса,  «Үш  жүз»  кандидаттары  осы  ұйымды  құрушылардың  ұйғарымы  бойынша  тізімі  түскен  халық  білмейтін,  бұрын  жағымсыз  істерімен   көзге  түскендер.  Ал  енді  «Үш  жүз»  партиясы  үшін  сайлау  немен   аяқталды.  «Үш  жүздіктер»  ұсынғңан  бағдарламаны  түсінікті  қабылдай  алмағандықтарын  ең  алдымен  азын  аулақ  қазақ  жұмысшылары  мен  қол  өнершілер  көрсетті.  Екібастұздағы  ағылшындық  капиталист  иелігіндегі    заводта  жұмыс  жасайтын  жеті  жүздің    үстіндегі   қазақ  жұмысшылары  11  нөмерлі  тізімнен  түскен   «Үш  жүз»   партиясының   кандидаттарына  бірде  бір  дауысын  бермеді. 

 

 

 

  1. Ә. Бөкейхановтың қазақ жұршылығына  сіңірген  еңбегі.

   ХХ  ғасырдың  басында  озық  ойлы  Европа  мәдениеті  мен  дәстүрінің  ықпалынсыз  Ә.  Бөкейханов  сияқты  ірі  қайраткерлердің  қалыптасуы,  әрине,  мүмкін  еместін. (7)  Оның  өмір  жолын  айқындауда,  әсіресе,  Ұлы  Француз  революциясының  және  орыс  азаттық  қозғалысы  мен  гуманистік  әдебиетінің   орны  ерекше   болды.  1917  жылдың  жазында   Уақытша   өкіметтің  комиссары  қызметінде  жүріп  жазған  мақаласында  ол:  «бостандық,  теңдік,  туысқандық  ХҮІІІ  ғасырдан  бері  жарыққа  шыққан  таза  пікір.  Мұны  майданға  салған  Франция  жұртының  саяси  ерлері.  Осы  үш  түрдің  бәрі  біздің  тарихтан,  інжілден,  будда  оқуынан,  Лев  Николаевич  Толстой  философиясынан  табылады,   көзі  ашық  талапты  ер  іздесе.   Бұл  үш  ұраннан  бөлек  адам  баласының   бақыт,  махаббатына  жол  жоқ.  Бұл  жолдан  шыға  жайылған  хайуандыққа  қайтқан  болады» — деп  жазды.

        ХІХ   ғасырдың  соңында   Ресей  империясында   саясаттан   тыс  қалған   түпкірді   табу   қиын  болар  еді.  Ә.  Бөкейханов  сол  өткен   ғасырдың  80  жылдары   империяның   шығыстағы  ірі   саяси  орталықтарының  бірі  Омбы  қаласында  техникалық   училищеде  оқыды.  Бірақ   оның   шын   мәніндегі  үлкен  саясаттың   не  екендігін  түсінген  кезі,  әрине,  С. – Петербургте  орман-техникалық  институтнда  оқып  жүрген  жылдарына  түс  келеді.  Мұнда  ол  студенттік  қызу  айтыстарға   қатынасып,  ХХ  ғасырдың  босағасынан  аттағалы  тұрған   Ресейдің   қандай  жолмен  дамуы  тиімді  болатындығы   туралы  қайшылықты   пікірлер  қақтығысына  куә  болды,  өз  ойын  да  шыңдай  түсті.

        1896  жыл  үкімет  орындарының  шешімімен  Ақмола,  Семей  және   Торғай   облыстарындағы  жер  жағдайын  зерттеп,    қазақ  даласына   орыс  шаруаларының   пәрменді   түрде   қоныс  аударуына  қажет  ғылыми  негіз   жасап  беруге  тиіс  болған   Ф. А. Щербина  бастаған   экспедиция  ұйымдастырылды.  Ә.  Бөкейханов  экспедиция  жұмысына  қатысуға  мүдделілік  танытқандардың   бірі  болды.   Оның  ойы  бойынша  бұл  жұмыс  сол  тарихи   кезеңде  қазақ  жұрты   үшін  ең  зәру  мәселеге  айналған —  жер  қатынастарын  тереңірек  түсініп,  белгілі  бір  тұжырымдарға  келуге   жағдай   жасауға   тиіс  еді.  Экспедиция  алдына  мынадай   міндеттер  қойылды:

  1. Көшпелі шаруашылықтың  жер  пайдалану  әдіс-тәсілдерінің   заңдылықтарына  көз  жеткізу;
  2. Қазақтарды ауылдық қауымға   бөліп,  оларды  шаруашылық   жүйе  бойынша   жіктеу;
  3. Сол жерде шаруашылықтарға   қажет  төрт  түлік  малдың   көлемін  есептеп  шығару;
  4. Әр түліктің керекті   жайылым  мөлшерін  яки  жер  нормасын  анықтау;
  5. Этикалық жағынан, жағрапиялық   ерекшелігі  мен  тарихи  даму   тұрғысынан  зерттеу;

       Жұмыс  мерзімі   1896  және  1903  жылдар  аралығын   қамтыған  Щербина  экспедициясы  шын   мәнінде  қыруар  шаруа  бітіріп,  аталған  облыстарда  12  уездерден  жиналған   материалдардың  негізінде  13  томнан  тұрған  ғылыми  зерттеу  еңбегін  бастырып  шығарды.  

       Ә.Бөкейханов  І   Мемлекеттік  Думаға   Семей  облысы  қазақтары  атынан  депутат  болып  сайланды.  Осы  оқиғаға  орай    «Семипалатинский   листок»  газеті :   «редакция  қазақ  халқын  нәтижелі  сайлау (8) қорытындысы  мен  құттықтайды.  Ә.Бөкейхан   Мемлекеттік   думада  ұлт   мүддесін  қорғай  алатын,  қазақтың  жоғын  жоқтап,  тілегін  жеткізетін  бірден-бір  адам  екеніне  халқа  сенсе  керек», — деп  жазды.

        Ә. Бөкейханов  І  Мемлекеттік  Дума   жұмысына  қатынаса  алмайды.  Өйткені    ол   Дума  өз   жұмысын  бастаған   кезде  Омбы  генерал-губернаторының   негізсіз  жарлығымен   соттың   тергеуінсіз  үш  ай  Павлодар  абақтысында  отырады.  Ал  абақтыдан  шығып   Петербургке  жеткенде,  Дума  патшаның  үкімімен   таратылып,  оның   біраз   мүшелері   наразылық  актісін   қабылдау   үшін  Финляндияның  Выборг   қаласына  жүріп  кеткен  еді.  Ә.Бөкейхановта   солардың   артынан  аттанып,  Выборг   үндеуіне  қол  қояды.

       Сонымен  бірінші  орыс  революциясынан   кейінгі  кезеңде  қазақ  оқығандарының   алғашқы  ізденіс  нәтижесінде  жасаған    тұжырымы —  қазақ  қоғамын  орта  ғасырлық  мешеуліктен  алып  шығатын  жол  Россия  арқылы  жеткен  дамудың  батыстық  нұсқасы,  басқаша  айтқанда,  буржуазиялық  қатынастарға  жол  ашу  еді.  1910  жылы  жарық  көрген    мақаласында  Ә. Бөкейханов  ол  туралы  былай   деп  жазды : «Таяу   болашақта   далада  қырғыз  арасында  қалыптасып  келе   жатқан  саяси  бағытқа  сай  екі  саяси  партия  құрылуы  ықтимал. Олардың   бірі  ұлттық   діни  атанып,  мақсаты  қазақтарды  басқа  мұсылмандармен   біріктіру  болмақ. Екіншісі – батыстық  бағытта… Алғашқысы  үлгі  ретінде  мұсылман  татар  партияларын  алса,  соңғысы – орыс  оппозициялық,  мәселен,  «халақ  еркіндігі»  партиясын  алуы   мүмкін.

        Ә. Бөкейханов   орманшы-ғалым  ретінде  шаруашылықтың  бір   түрінен  екінші  түріне  өту  жеңіл  желпі  нәрсе  емес  екендігін,  ол  үшін  әзірліктердің   қажет  екендігін  терең  түсінді,  мақалаларында  халыққа  мәселені  осы  тұрғыдан  түсіндіруге   күш  салды (9)  да.  «Біздің  ақылымызша,   адам  баласының   шаруасы  бірте-бірте  қиыншылықпен  көп  жылдарда  аударылды.  Мал  бағып  шаруа   қылып  келе  жатқан   жұрт  патша   15  жер  берді  деп  егінші  бола  қоймайды.  Мал  шаруасы  тымақ  емес,  төре  келе  жатыр  деп  қолға   жұлып  алатын.  Мал  шаруасын  тіршілік  үшін  ұстап   жүрген  жұрт  15  тен  жер  алса,  үлкен  аяққа  тар  етік  киген  болады. Біз,  қазақ-ау,  15-тен  жер  алмай  тұрып  жан-жағыңа  қара  дейтініміз  содан,  қазақ  15  алып,   осы  алақандай  жерге  мал  бақпақ,  бұған  мал  бағылмайды.

       Тарихи  әділеттілік  үшін  атап  айту  керек,  «Қазақ»  газеті   Ә.Бөкейханов   және  оның  серіктері  қазақ  халқының  отырықшылыққа  көшуіне  емес,  отырықшы  норманың  отаршыл  мазмұнына  аңқау   елді   алдауды  көздеген  астарына  қарсы  шыққан  болатын.

        1918    жылға  дейінгі  қазақ  қоғамының  саяси  және  рухани  өмірінде  аса  үлкен  рол  атқарған  «қазақ»  газетін  ұйымдастыруда  және  оның  жалпы   ұлттық  деңгейге  көтерілуінде  Ә.Бөкейхановтың   атқарған  еңбегі  аса  зор. 1913  жылдың  ақпанынан  шыға  бастаған  «қазаққа»  дейін  жалпы   ұлттық  газет  шығару  әрекеті  ілгері  баспаған.  Оның  газет  шығару  ісіндегі   мол  тәжірибесі  1896-1907  жылдары  «Степной  край», «Иртыш», «Омич», «Голос  степи»  сияқты   газеттерді  істеуі,  Мемлекеттік  Дума  депутаты  ретінде  сол  кезеңдегі   Россия   жоғары   билік  орындарына  жақын  адамдармен  тікелей  таныс  болуы  «қазақты»  ұйымдастыруда  аз  роль  атқарған   жоқ.  Газеттің  алғашқы  сандарынан  бастап  ол  «қыр  баласы»  атты  жамылғы  есіммен  мақалалар  жазып,   ең  күрделі  және  өзекті   мәселелер  бойынша  негізгі  авторға  айналды.   1914  жылғ  наурыз   айында  Ташкентте   тұратын   темір  жол  инженері   М. Тынышбаев  Иркуцкдегі   өзінің  танысына: «…В  Оренбурге   издается  киргизская  газета  поэтами-киргизами  Байтурсыновами  и  Дулатовам,  людми   преданомо  своему  делу.  Руководит  А.Букейханов,  конечно,  я  имею  касательство  и  подписываю. Газета   очень  распространяется» , — деп  хабарлайды.  Әрине, «қазақты»  шығаруда  қыр  баласының  ролін (10) асыра  бағалауға,   немесе  оның  ұстаған  бағдары  мен  редактордың  бағытын  шатыстыруға  болмайтындығы  түсінікті.  Дегенмен,  газетті   ұйымдастыруда  Ә. Бөкейхановтың   еңбегін  өз  дәрежесінде  бағаламау  да  әділесіздікке  жатар  еді.

        1916  жылы   оқиғасына  байланысты,  ғылыми  әдебиетте  болашақ  Алаш  партиясының  негізін  қалаған  қазақ  интелегенттерінің  «сатқндық»  ролі   туралы  пікір  қалыптасқан.  Бұл  тұжырымды  мәселеге  қатысты   фактілердің  бәрін  де  талдау  арқылы  жасалынған  деп  айту  қиын.  Өйткені     зерттеушілер  «қазақ»  газетінде   жарияланған  екі-үш   материал  төңірегінде  ғана  сөз  қозғап  келді.  Ал  осы  газетте  ертерек  жарияланған  мақалалар  мен   архивтік  документтер  назардан  тыс  қалып  қойды. Мәселен,   әскерге  адам  беру  мәселесін  «қазақ»  1915  жылы   көтеріп,   бүкіл  қазақ  жұртын  қамтыған   пікір-сайыс  туғызып,  елдің  ортақ  пікірін  біліп,  мынадай  тұжырымдар  жасаған  болатын: «қазақтан  осы  соғыс  үстінде  солдат  алынбау;  солдат  алудан  бұрын   метрике  түзеу  үшін   муфтилікке   қарау,   лажысыз  алынатын   болғанда,  жаяу  солдат   болмай,  атты  әскер  болу,   казак-орыс  пен   жер-су  һәм  правода   теңгерілу».

        Бұл  тілектерді   Мемлекеттік  Думамен  Соғыс  Министріне  жеткізу  үшін  арнайы  өкілдік  даярланды.  Ол  туралы  газет  1916  жылғы  9  санында  жарияланған  «Г. Дума   һәм   солдаттың  мәселесі»  атты  мақаласында,  «Бұл  тілектерге   ие  болып  жалпы  жұрт  қара  көрсетіп,  қам  қылғандығы  білінбейді:  тағдырға  тапсырылып  жай   жатқан   түрі  бар.  Солдаттық  туралы  қазақ  халқының  пікірін,   тілегін  хукметке,   думаға  жеткізу  үшін,  олармен  сөйлесіп  жай-жапсарды  түсіндіру  үшін  һәм  облыстан  бірер  өкіл  баруы  тиіс   еді.  Бұл  істі  қалың  қазақтан  күту,  қашпаған  қашардың  аузына  қарағандай  болатын  болған  соң,  дума  ашылуға  қарсы  Самарадан   Ғалихан  Бөкейханов,  Орынбордан  Ахмет  Байтұрсынов,  Ақтөбе  уезінен   нысанғали  Бегімбетов   3  февральда  Петроградқа   жүріп  кетті», — деп  жазды.

        Әрине,  Европалық  түсінік  өлшем  тұрғысынан  алғанда  Алаш  саяси   партия  деңгейіне    көтеріле  алмағандай  болып   көрінуі  әбден  мүмкін.  Бірақ  қазақ  қоғамының    сол  тұстағы  қоғамдық  даму  ерекшелігін  ескерсек,  Алаш  саяси  партия  есебінде  өз  міндетін,  белгілі  дәрежеде  атқара  алды   және  бұл  ретте  ұлт  тарихында  өшпес  терең   із  қалдырып  кетті  деп  айтуға  негіз  бар.   Ол   күрделі  1917  жылдың  күзінде  мынадай  үш  ірі   мәселенің   дұрыс  шешілуіне  үлкен  үлес  қосты.   Біріншіден,  партия  мүшелері  халық  арасында,   қазақ  зиялылары  ішінде  ең  алдымен   шешілуге   тиіс  жалпы   ұлттық   зәру  мәселелерді  талқылауға  мұрындық  болып,   сол  мәселелер  бойынша  ортақ  тұжырымдар  жасауда  басты  роль  атқарды.  Екіншіден,  партияның  ұйытқысы   болған  қайраткерлер  қазақ  елінің  Алаш  автономиясы  атанған  ұлттқ  мемлекетінің   өмірге  келгенін  жария  еткен  екінші  жалпы  қазақ  сьезін   даярлап  өткізді.  Осы  сьезде  өмірге   Алашорда – ұлттық   Кеңес  өкіметі  келгені  және  мәлім.  Үшіншіден,  осы  жылғы  қарашада  болып  өткен   Бүкілресейлік   құрылтайға  депутаттар  сайлауында  барлық  қазақ  қайраткерлері    Алаш   партиясының  атынан  тіркелді  және  осы  ұйымның  атынан   делегат  болып  сайланды.

         Әрине,  объективті  жағдай,  күрделі  де   қатал  өмір  ағымы  Алаш     партиясының   саяси   күреске  білек  түрініп   араласып  кеткен  саяси  күшке  айналуына   мүмкіндіктер  бере  қоймады.  Қым-қиғаш   Азамат  соғысы   тұсында   мұндай   міндеттерді  тек  Алашорда  атанған  үкімет  қана  атқара  алатын  еді.

Ә. Бөкейхановтың  қайраткер  ретінде  қалыптасуының  екі  рухани  негіздерін  бөліп  айту  артық  емес.  Біріншіден  еркіндік  пен  теңдікті  жоғары  бағалаған  ортада  өсті.  Екіншіден,   ХХ  ғ.   басында  озық  ойлы  европа  мәдениеті  мен  дәстүрінің  ықпалынсық  Бөкейханов   сияқты  ірі  қайраткерлердің  қалыптасуы,  әрине  мүмкін  еместін.   Оның  өмір  жолын  айқындауда,  әсіресе  Ұлы  Француз  революциясының   және  орыс  азаттық  қозғалысы  мен  гуманистік  әдебиетінің   орны  (11)ерекше  болды. 

ХХ    ғ.  соңында  Ресей   губерниясында  саясаттан  тыс  қалған   түкпірді  табу  қиын  болар  еді.  Бөкейханов  сол  өткен  ғасырдың  80  жылдары   империяның  шығыстағы  ірі  саяси  орталықтарының   бірі  Омбы  қаласында  техникалық  училищеде  оқыды.  Омбыда  орман  шаруашылығы  училищесіне  матиматика  пәнінен  оқытушы  болып  орналасқан  ол,   тура  осы  мезгілде  социалистік  бағыттағы  «Степной  край»   газетінің   қызметіне   белсенді   түрде  араласа  бастады.   1896  жыл  Ақмола, Семей,  Торғай  облыстарындағы   жер  жағдайын  зерттеп  қазақ  даласына  орыс  шаруаларының   пәрменді  түрде  қоныс  аударуына  қажет  ғылыми  негіз  жасап  беруге  тиіс  болған    Щербина  бастаған  экспедиция  ұйымдастырылды.  Бөкейханов   экспедицияға  қатысуға  мүдделік   танытқандардың  бірі.   Бөкейханов   1909  жылдың  соңында   басқа  қазақ  интелегенттері  мен  бірге  Оралда  бес  облыстық  делегаттық  съезд  өткізіп  «Қазақ»  конституциялық  демократиялық  партиясын  құру  шарасына  қатысады..

Ұлттық  мемлекет  құру  Бөкейханов  және  басқа  буржуазиялық  демократиялық  бағыттағы  интелегенция  өкілдерінің  түпкі  мақсаты   болды.

Өз  кезегінде  Бөкейханов  үшін  кадет  партиясынан  шығып,   ұлттық  Алаш  партиясын  құру   мемлекеттік   суверинитетке  жету   жолында  жасалған  саяси  қадам  еді.

25  июнь  жарлығы  шығып  көтеріліс  басталып  кеткенде  губерндік  басшылар  «Қазақ»   газетін,  редакторын  Бөкейханов  пен  Дулатов  билікке 

қарсы бүлікке  шақырушылар  ретінде  айыптап,   үстерінен   қатаң  бақылау  орнатты,  газет  редакциясын  уақытша  редактор  Дулатовтың  үйін  тінтіп,  сотқа  тартып,  газетті  жауып  тастау  қаупі  төнді.

  1922  жылы   Москвада  Бөкейханов  ОГПУ  орындарының  бақылауы  астында  тұруға  тиіс  болды.  Ұлт  азаттық  қозғалыс  басшысышна  Москвадан  ұзап  шығуына  тыйым  салынады.  1937  жылы  27  қыркүйекте  КСРО  жоғары  саты  әскери  комиссиясының  негізсіз    үкімі  бойынша  ату  жазасына  кесілген  Бөкейханов  1989  жылы  11  мамырда  КСРО  жоғарғы  сотының  қаулысы  бойынша  қылмыс  құрамы  жоқ  болғандықтан  аяқталады.  А.  Нұрмұхамедұлының   оның  серіктері   өмір  сүрген  дәуірде  қазақ  қоғамы  алдында  тұрған  ең  өзекті  мәселе  —  ұлттық  теңдік.  Саяси  бостандық  еді.

1905-1907  жылдары    бірінші  орыс  революциясы  идеяларының   ықпалымен  қалыптасқан   жас  қазақ  интелегенциясы  өз  халқының  ұлттық  сана-сезімін  жетілдіруде  зор  рол  атқарды. 

Алдыңғы  қатарлы   интелегенттері    қызметін    айқындап  берген  ең 

басты  нысана   тереңде  жатқан   тарихи,   саяси,  ұлттық,  мәдени   дәстүрлерге   сүйенетін  бостандық, (12)  тәуелсіздік  және  отаршылдық  езгіден  құтылу  идеясы  болды.  Қазақ  интелегенциясының  қалыптастырудағы   ұлттық  рухани  бастау  — көздер,  қоғамда  орын  алған   әлеуметтік-экономикалық  және  саяси жағдайлардың   ХІХ  ғ.  ІІ.  жартысымен     ХХ  ғ.  бас   кезіндегі  қазақ  интелегенциясының  жаңа  легінің  пайда  болуымен  нақтылы  іс-әрекетіне  жасаған   әсері  зерттеушілер  назарынан   тыс  қалды.  Ал  Алаш  қозғалысының  пайда  болуына  ұйытқы  болып  ,  Алаш  партиясы  мен  Алаш  орда  үкіметінің  белсенді  қайраткерлері  болған  Ә.  Бөкейхановтың  төңірегіне  топтасқан  ұлт  зиялылары,  «Халық  жаулары»   деген  жалған   жалалармен  айыпталып,  соңғы  алты  жеті  жылға  дейін  олар  туралы  айтуға  да  жазуға  да  ресми  түрде  тыйым  салында.  Осынау  күрделі   тарихымыздың  кезінде  зерттеуге  тыйым  салынған  «ақтаңдақ»   беттерін  саралау   бүгінгі  күн  тарихшыларының    алдындағы   үлкен   міндеттің  бірі. (13)

Қазақстан  ұлттық  интелегенциясы  1917  жылы   Қазан  төңкерісінен  көп  бұрын  қалыптаса  бастады.  Оның  саны  мен  құрылымы,  білім  және  даярлық  дәрежесі  қоғамдық  құрылыс  пен  тұрмыс  жағдайына  байланысты  болды.  Төңкеріске  дейін    толық емес  мәлімет  бойынша  өлкеде  3  мың   мұғалім,  590  ауыл  шаруашылық  маманы,  244  дәрігер,  393  орта  дәрежелі   медициналық  қызметтер  болған.  Ескі   интелегенцияны   пайдалану  барысы   оның   социализм  жағына  өтуі  ұзаққа  созілді.   Бүкіл  одақтық  орталық  атқару  комитеті   1919  жылы  4  суәірде  «Алаш»  партиясының  және  «Алаш  орда»   үкіметінің  жетекшілеріне  кешірім жасады.  өлкелік   партия  ұйымының  басшылығымен  1925  жылы  Голщекин   келгеннен  бастап  ескі   мамандарға,  қызметшілерге  ілтипатпен  қарау,  іскерлік  қарым  қатынас  жасау   салты  бұзыла  бастады.  1926  жылы  БКП (б)   Қазақстан  өлкелік  комитетінің  ІІІ   пленумында  Бөкейханов,  Байтұрсынов,  Дулатов,  Меңдешов,  Аймауытов  және   басқалар  дөрекі  сынға  алынды.  Кешікпей   бұл  сын  интелегенцияға  қарсы  ашықтан  ашық  қудалауға  және  айыптауға  ұласты. (14)

60-70 жылдары  қазақтың   ұлттық   интелегенциясы  толық  қалыптасты. Сөйтіп  Қазақстанда   білімі   жоғары   және   әлеументтік  мамандық  жағынан  негізгі  топтағы  бар,   соны  көп  және  тұрақты  интелегенция  қалыптасуы  үшін  1917  жылы  қазан  төңкерісінен  кейін  жарты   ғасырдан  астам  уақыт қажет  болды.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

       Әлихан    Нұрмұхамедұлы   Бөкейхановтың   шығармашылық   ғұмыры   ХІХ  ғасырдың   90  жылдарының   орта   тұсынан  басталып,   шамамен  ол  репрессияға  ұшыраған   1937  жылға  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Әрине,  20-30  жылдар  Бөкейхановқа   творчестволық  еңбекпен  айналысу   үшін  қолайлы   кезең  болды  деп  айту   қиын,  дегенмен   бұл  жылдары  да   ол  өмірінің   мазмұнына  айналған  үйреншікті  ғылыми  және   әдеби  тақырыптардан   қол  үзген  емес. Міне,  осындай   айтарлықтай  ұзақ  және   құнарлы  творчестволық  өмір  жолының   болуына  қарамастан   белгілі  қайраткерлердің  еңбектері   жеке  кітап  түрінде  жарық  көрген  жоқ. Қазан  төңкерілісіне  дейінгі   және  одан   кейінгі   Россия  империясы   көлемінде  қалыптасқан  саяси  жағдайда  қазақ   ұлт-азаттық  қозғалысы  көсемінің  еңбектерін   бөлек   жинақ  етіп  бастыру,  әрине,  қисынсыз  нәрсе  еді.  Ондай  мүмкіндік  міне  енді  ғана   туып  отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер  тізімі.

  1. С. Өзбекұлы «Арыстары Алаштың» А., 1998 ж.  20-21-б.
  2. М. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов  шығармалары»  А.,  1994  ж. 14-б.

3 сәуір. 3. С. Өзбекұлы  «Арыстары  Алаштың»  А.,  1998 ж. 22-б.

  1. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов»  А.,  1994 ж.  26-б.
  2. К. Нүрпейісов  «Алаш  һәм  Алашорда»  А.,  1995 ж. 24-б.
  3. Төлебаев «Алаш» партиясы  ІІ  Егемен  Қазақстан  2001 ж.  7 желтоқсан   3-б.
  4. М. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов  шығармалар» А.,  1994 ж.  24-25 б.
  5. К. Ахметова «Алаш  партиясы  туралы  бірер  сөз»  ІІ  Ақиқат. 1995 ж. 7 шілде  64-65 б
  6. Бұл да сонда  66-б.
  7. Өзбекұлы «Арыстары Алаштың»  А.,  1998 ж. 30-б.
  8. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов» А.,  1994 ж. 33-б.
  9. Төлебаев «Алаш партиясы» ІІ  Егемен  Қазақстан  2001 ж. 7 желтоқсан 3-б.
  10. «Алаш һәм Алашорда» А.,  1995 ж.
  11. Төлебаев «Алаш партиясы»  ІІ  Егемен  Қазақстан  2001 ж. 7 Желтоқсан  3-б.

 

 

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер.

  1. Ахметова «Алаш партиясы   туралы   бірер  сөз»  «Ақиқат»   1995 ж .7  шілде.
  2. «Алаш қайраткерлері көзқарас  эволюциясы»  егемен  Қазақстан   1999 ж.
  3. «Алаштың алғашқы құрылтайы»   Жұлдыз  1997 ж. №3.
  4. «Алаштың ақиқатын кім  айтады?»  Қазақстан   комиунисі  1990 ж.№3.
  5. «Алаш азаматтары жайлы  деректер»  Ақиқат  1993 ж. №4.
  6. А. Байтұрсынұлы «Ана  тілі»  1991 ж.
  7. Ахмедов «Алаш болғанда»  А.,  1996 ж.
  8. Әбжанов «Қазақ интелегенциясы  мен  мәдениеті   туралы»  А.,  1992 ж.
  9. Богачев «Алашорда» Ақиқат  1994 ж. №3.
  10. Құл-Мұхамед «Алаш ардагері    Ақбаевтың  саяси  қуғынның  көзқарастары»  А.,  1996 ж.
  11. Қазақ зиялылары (өткені,  бүгіні,  ертңі(  Заман  Қазақстан  19  қыркүйек,  1997 ж.
  12. Қазақстан тарихы очерктері  А.,  1994 ж.
  13. М. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов шығармалары»  А.,  1994 ж.
  14. Мұстафа Шоқай «таңдамалы»  І том. А.,   1998 ж.
  15. М. Қойгелдиев «Алаш  қозғалысы»  А.,  1994 ж.
  16. М. Дулатұлы «Шығармалар»  А.,  1997 ж.
  17. Нүрпейісов «Алаш һәм  Алашорда»  А.,   1998 ж.
  18. Пірманов, Қапаева «Қазақ  интелегенциясы»   А.,  1997 ж.