Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті.
Қазақ әдебиеті кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Әл – Фараби
Орындаған: Берданова Г.
Тобы: Фи-05 -2 к1
Қабылдаған: ф.ғ.к., доцент.Сейданов Қ.
Шымкент — 2006 ж.
Жоспар
- Сыр бойы әдебиетіндегі Әл-Фарабидің орны
- Астрономия және геометрия саласында ашқан жаңалықтары.
- Философиядағы орны.
- Қайырлы қала.
Сыр бойы әдебиеті
Әл-Фараби
Орта ғасырда араб халифатының ықпалында болған Азия, Африка, Индия мен Испанияға дейінгі жерлерде біртұтас мұсылман мәдениеті жасалды. «Мұсылман мәдениеті» феноменін жасаушылар арабтар ғана емес, араб халифаты қол астына қараған түрлі елдер еді. Сол өркениетті, сол мәдениетті жасаушылардың ішінде ежелгі қазақ жерін жасаушылардың ішінде ежелгі қазақ жерін мекендеген ру-тайпалар да бар.
Мұсылман мәдениеті көне антикалық мәдениет дәстүрі мен шығыс дүниесі өркениетін дәстүрі мен шығыс дүниесі өркениетін біріктіру арқылы Еуропалық оянушылықтың негізін жасады. Еуропа елдері философия, математика, астрономия, медицинаны мұсылман өркениеті арқылы білді.
Орта ғасырда ислам дәуірінде қазақ жерінен көптеген ғалымдар шықты.
Әбунасыр әл-Фараби, Ғаббас әл-Жауһари, Исмаил әл-Жауһари, Жамал Түркістани, әл-Сығанақи т.б.
Мұсылман мәдениеті VІІ –ХІІ ғасырларда шарықтау шегіне жеткен. Аса үлкен мәдени орталықтары: Бағдад, Дамаск, Куфа, Басра қалалары болды. Осы кезде Сыр бойындағы Отырар қаласынан болашақта бүкіл шығыс қаласынан Аплатон (Платон) мен Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп ат берген, кейін әлемге Әбунасыр әл-Фараби болып танылған 16 жасар бала оқу іздеп, керуенге ілесіп, Бағдадқа аттанды. әл-Фараби шыққан Сыр бойы епжелден көне мәдениеттің ошағы еді. Отырарда Александриядан кейінгі бай кітапхана болғандығын Птоломей жазып кеткен. Ал әл-Фарабидің туған қаласы Түркістан маңындағы Отырар екенін ғалым-географ Ибн Хаукал әл-Фарабидің замандасы жазған болатын.
Әл-Фараби Бағдадқа келген соң Александрия, Византия ғалымдарынна оқыған, грек, араб тілдерін үйренген. Кей аңыздарда оны жеті тіл, тіпті жетпіс тіл біледі деп айтады. Әл-Фараби Бағдадқа ең әуелі дарынды ақын, музыкант ретінде танылған. Содан кейін Сайф ад-Даула деген әмірдің тапсырмасы бойынша музыканың заңдылықтарын зерттеп, оны екі тараудан тұратын «Музыканың үлкен кітабы» атты күрделі еңбек жазған. Бұл кітапта музыканың тарихы, табиғи заңдылықтары, дыбыстардың табиғаты, әуені, оның реті, жеке дауыстан көп дауысқа айналу құбылысын талдаған. Дыбыстың нотаға бөліну заңын және тоғыз шекті музыка аспабының құрылысы, күйшінің шеберлігі жайында ғылыми тұжырымдар айтқан. Әл-Фарабидің осы еңбегі көп заман Еуропа елдерінде музыка тарихынан оқытылып келген. Оны зерттеген батыс ғалымдары Әл-Фараби ғылымның бар саласында екінші ұстаз болғанымен, музыкаға келгенде, бірінші ұстаз деген баға берген. Ол музыка теориясында түбірлі өзгерістер жасаған.
Осы кітабын арабшадан француз тіліне Барон де Ерланже аударып бастырған. Америка ғалымы Г.Фармер «Араб музыкасының тарихы» деген еңбегінде зор баға берген.
Әл-Фараби қарапайым ғана өмір сүрген. Бос уақытын түгелдей ғылымға арнаған. Фараби «Көзге көрікті зат – құлаққа жағымды дыбыс береді. Табиғат көркі – аспан шырақтары, жердегі көрік — музыка, дыбыс» — деген. Әл-Фараби тоғыз шекті музыка аспабын сипаттап жазған. Ол туралы Мағжанның өлеңі бар.
Тұранның кім кеміткен музыкасын,
Фараби тоғыз шекті домбырасын.
Күңірентіп тоқсан тоғыз күй тартқанда,
Тебірентіп кім төкпеген көзден жасын.
Әл-Фарабидің музыкамен қатар айналысып, аса зор нәтижеге жеткен ғалымдары – астрономия мен геометрия.
Ол оптикалық астаптар жасаған. Оның ішінде ойыс-парабола айна, уақыт өлшегіш күн сағаты бар. Осы ойыс парабола айна (арабша: «Мухарак», оны еуропалықтар «фокус» деп аударған) Еуропаға, Әл-Фарабидің шәкірті Ибн –Хайтам арқылы, кеплерге жеткен екен. Әл-Фарабидің күн сағатын жасау әдісі осы күнге дейін қолданылады. Ғылымда көлеңке өлшеу әдісі, күн сағаты арқылы жердің меридианын табу Әл-Фараби әдісі деп саналады, сондай-ақ сфералық тригонометрияға негіз салған. Әл-Фараби еңбектерінің көрсеткішінде жүз алпыс шығарма тізімделген.
Әл-Фараби ежелгі грек оқымыстылары Платон, Аристотель, Пифагор, Евклид,Птоломей еңбектерін түгелдей меңгеріп, араб тіліне аударып, дамытқан адам.
Грек ойшылдарының еңбегін кейінгі шығыс ғалымдары Әл-Фарабидің түсініктеме аудармалары арқылы оқыған. Грек ойшылдарын түсіну үшін Әл-Фарабидің өзі қаншалықты тер төккені туралы дерек Гегель шығармаларында бар. Онда Әл-Фараби Аристотельдің «Жан жайында» кітабын жүз рет, «Табиғат үйлесімін» — 40, «Шешендік» кітабын – 200 рет оқыпты. Сөйтіп осы ғылымдарды өзі үйреніп қана қоймай, әрі қарай дамытты. Сондықтан, бірінші ұстаз Аристотель болса, Әл-Фараби «Екінші ұстаз» деген атақ алды.
Әл-Фараби әлемге дүние, жаратылыс туралы өзіндік көзқарас әкелген ұлы ойшыл, философ болып табылады. Әсіресе, «Жоғарғы табиғатты тану негізі» еңбегі бүкіл шығыс философиясының тереңдігін, көне тылсымын қорытқан еңбек еді. Фарабидің осы еңбегін түсіну арқылы шығыс әдебиетіндегі көптеген аңыз, мифологияны танып-таразылауға болады.
Фарабидің жаратылыс жайлы ойларын Фарабитанушы ғалым А.Машанов былай түсіндіреді: «Дүние затының бөлшектері дүркін-дүркін араласудан және ажырасудан ғаламның бірнеше дүркін бөлімдері пайда болған. Мысалы, бір араластан соңғы ажырасуда жұлдыздар пайда болса, екінші сол ген сияқты дүркінде жеті қат көк пайда болған. Сол сияқты тағы бір дүркінде жер пайда болған, оның бетінде тіршілік пайда болған, адам өмірге келген» Әл-Фараби айтқан түрлі күштер – қазіргі ғылымда анықталған тартылыс күші.
Әл-Фарабидің ойшылдық келбеті «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы» атты трактатынан көрінеді. Ғалымның осы еңбегі Гомос Мордың «Утопиясына» негіз болған деседі. Ең жетілген, адам арманындағы ел қандай болмақ? Ондай бақытты елдің әкімі кісілікті, әділетті, инабатты, батыл, жомарт, өнерді сүйеді. Әл-Фараби бұл шығармасын мамыражай, құт-берекелі елді аңсай жазған. Әл-Фарабидің осы арман қаласы өзінен кейінгі шығыс-батыс ойшылдарына ой түрті болған. Оның іздері Фирдоусиден – Томас Морға, одан біздің Сұлтанмахмұтқа дейін жалғасты.
Ұлы Абайдың көзқарасында Әл-Фарабимен ұқсастықтары бар. Әл-Фараби мен Абай ойының ортақ болуы. Шиһабуддин Маржаниге байланысты. Маржанидің «Бұлғар мемлекеті мен Қазан хандығының тарихынан» деген кітабын В.Радлов аударып, орыс тілінде басып шығарған. Жеті томдық «Өткен бабалар өмірінен» деген кітабы араб тілінде жарық көрген. Онда Әл-Фарабиді терең зерттеген. Қазақтың белгілі қайраткер, жазушылары оқыған медресе «Ғалияны» ұйымдастырған кісі. Содан тәлім алған молдалар Қарқаралы, Семей медреселерінде сабақ берген. Міне, Әл-Фарабидің Абайға жету жолы.
Он сегіз мың ғаламды жаратушы – жалғыз ие, оның сырын түгел ұғуға адамның миы жетпейтінін бүкіл шығыс ғалымдары және Әл-Фараби де айтқан. Осы ізбен Абай: «Жер жүзін безендірген тәңірім шебер» -, — дейді. Адам неғұрлым ізденіп, көп білген сайын өзінің түк білмейтінін сезініп, пұшайман болады ғой. Сократтың «Менің білетінім – түк білмейтінім» дегені көп ізденуден туған ой. «Наданның ең басты белгісі – бәрін білу»… Оның білмейтіні жоқ. Ол барлық дүниені өз пайдасына қарай бейімдеп шешуге тырысады. Ал оның пайдасының көлемі ішу, жеу, ұйықтау, көбею, мақтану… Әл-Фараби мен Абайдың кездескен тұсы осындай ойлар төңірегінде.
М.Әуезов айтқандай, Абайдың сусындаға үш бұлағының бірі – шығыс мәдениеті десек, ол мәдениеттің төркіні Әл-Фараби болуға керек. Өйткені Абай Әл-Фарабиді тікелей оқымағанмен, үлгі алған мепктебінің негізі сонда жатыр. Бұл арна енді ғана жол салынған, болашақ түбегейлі зерттеуін күткен арна.
Әл-Фарабидің ғалымдар саласында ғажайып жаңалықтар ашуының негізгі бір себебі өмірге ақын көзімен, қиял көкірекпен қарай алғандығында болар деп ойлаймыз. Әл-Фараби, шынында, ақын еді. Әл-Фарабимен бірге Сайф ад-Дауле сарайында болған атақты ақын Әбу-Фирастың мынандай сөзі бар: «Поэзия – алтын түйе болса, оның басы Әбунасыр Мұхаммедке (Әл-Фарабидің толық аты- жөні: Әбунасыр Мұхаммед бин Тархан бин Ұзлақ Әл-Фараби), өркеші — Әбу Нувасқа, иығы Омар ибн Әбу Рабиоға, кеудесі — Әбу Тальмамға тиеді, қалғаны – ішек қарын, оны екеуміз бөлісіп отырмыз», — депті сарай жыршысына. Мұндағы ақындардың қай-қайсысы да осал адамдар емес. «Сонда да ақынның бар таңдамасы» дегендей, жерлесімізді өз тұстастарының, ақындардың-ақыны» деп бағалауы оның айрықша талантын танытса керек.
Ақынның бізге жеткен біраз өлеңдері арабша кітаптардан қазіргі тілімізге аударылып басылған. Енді туған жерін сағынып жазған бір өлеңіне назар аударайық:
Қашықтасың туған жер – қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен,
Қанатым талды менің,
Шаңыт жолға сарылып қарауменен…
…Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,
Екіншіде – шарап бар, жайы мәлім,
Даналықты сиямен молықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын.
Бұл өлеңдегі ақынның аңсары – туған жерге деген сағыныш, өмірдің өкпелілігіне өкініш. Фараби туған жеріне бір оралып, келіп-кетіпті. Бұхара өкілі Нұх Самани шақыртып, жалпы ғалымдардың негізі жөнінде кітап жазып беруін өтінген. Әл-Фараби сонда «Екінші оқулық» («Тағылым — әс-Сәни») атты еңбек жазыпты. Әл-Фараби өзі ақын болумен бірге өлең өнерінің сыры туралы зерттеу жазған.
«Өлең өнерінің қағидалары туралы» трактатында Аристотельдің поэзия саласындағы ойларын дамытқан. Онда ақындарды үш топқа бөледі.
- Табиғи дарыны бар, бірақ өлең өнерінің сын-сипатымен онша таныс емес, тек аса алғырлығы мен бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр, жүрекке жылы тиіп жатады.
- Өлең өнерін меңгерген, бейнелеу құралының қайсысына болсын жетік келеді. Бұлар нағыз ақындар қатарына жатады.
- Алғашқы екі топтағы ақындарға еліктейтіндер. Поэзияның сыр-сипатына қанық емес. Осындай ақындар ішінде қателіктер мен мүлт кетулер жиі болып тұрады. Әл-Фараби нағыз ақындықтың жолына түсу үшін еңбектену керек екендігін айтқан. Әр ақынның өзі төселген, білетін нәрсесін жазуы керектігін, оны зорлауға болмайтынын жазады. «Ғажап поэзия еркіндікте тумақ», — дейді. Сонымен бірге өлең мен сурет өнері бояумен құлпырады, олар осымен ғана бөлек, ал іс жүзінде екеуі де ұқсас, екеуі де адам сезімі мен ойына әсер етеді», — деген. Әл-Фарабидің білімі, айналысқан ғылымы ұшан-теңіз. Біз талдап әңгіме етіп отырған еңбектері дарияның тамшысындайы ғана деуге болады. Жалпы саны жүз алпыстай еңбектерінің ішінде «Заң кітабы», «Субстанция туралы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Ақыл мен сананың мәні», «Ғылымдардың тілі мен түрі», «өлең сөз және шешендік туралы» тағы басқалары бар.
Фарабидің ізін басқан шәкірттерінің бірі – Ибн Сина да ұстаздың ғылымдағы жолын тапқан. Философия, геология, медицина, жаратылыстану, математика, поэзия туралы да еңбек жазды. Птоломей шығармалары арқылы геометрия, астрономияны оқып, грек дәрігерлері Гиппократ, галендерден медицина сырына үңілді.
Әл-Фараби Сирияның әмірі Сайф ад –Дауланың сарайында болып, 950 жылы 80 жасында қайтыс болды. әмір өз қолымен «Б ас-Сағир» атты зиратқа қойған.
Әл-Фараби бүкіл өмірін бағдад пен Мысырда өткізіп, еңбектерін арабша жазғандықтан, бұрын қазақ жерінде аса көп тарай қоймаса да, оқыған қазақтар жақсы білген.
Пайдаланылған әдебиет:
- Алма Қыраубайқызы «Ежелгі әдебиет»
- Н.Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті»
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті.
Қазақ әдебиеті кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: «Бабыр – наме» прозалық шығармасы.
Орындаған: Әмірбекова Б..
Тобы: Фи-05 -2 к1
Қабылдаған: ф.ғ.к., доцент.Сейданов Қ.
Шымкент — 2006 ж.
Жоспар
- «Бабыр – наменің» зерттелуі.
- «Бабыр – наменің» көркемдік ерекшелігі
- «Бабыр – наменің» ғылыми құндылығы
Бабырдың есімін көркем сөз зергері ретінде ғана емес, сонымен бірге, дарынды тарихшы, географ және этнограф ретінде әлемге мәшһүр еткен шығармасы «Бабыр – наме» болып табылады.
Кезіндегі түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ болып келген әдеби тілде- шағатай тілінде жазылған бұл прозалық шығарма үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде – ХV ғ соңы мен ХVІ ғ бас кезіндегі Орта Азиядағы негізгі саяси оқиғалар егжей-тегжейлі баяндалады. Ол кезде «Қабул-ұжаяты» деп аталатын, қазіргі Ауғанстан территориясында орын алған маңызды тарихи оқиғаларды «Бабырнаманың» екінші бөлімінен оқып білуге болады. Ал, Бабыр патшаның өз қолымен жазылған мемуарлық кітаптың үшінші бөлімі – Солтүстік Индиядағы саяси оқиғаларды, осы ғажайып елдің географиясын, табиғатын, халқын, әдет ғұрпын, салт-санасын, т.б. көркемдеп бейнелеуге тырысқан.
Әрине феодалдық аристократияның өкілі ретінде Бабыр үстем таптың мүддесін қорғауға мәжбүр болғанын ұмытпау керек. Алайда соның өзінде Бабыр билеуші тап өкілдерінің тақ мен тәжге таласып, үздіксіз жүргізген сағыстарын, мағынасыз қан төгілген шайқастардың салдарынан қаңырап қалған қалалар мен бау-бақшасы сусыз қурап кеткен өкілдерді, алым-салықтың шамадан тыс көбейіп кеткенін, жұт жайлаған ауылдарды, т.б. бүкпесіз, ашықтан-ашық әңгімелейді.
Бұл жөнінде Бабырдың өзі былай деп жазады: «мұнда жазылғанның бәрі ақиқат. Мен өзіме-өзім мынадй шар қойдым. әрбір оқиға қалай болған – дәл солай етіп жазамын, мен жазған әрбір сөз шындық. Сондықтан өзімнің туған –туысқандарымның жақсы жақтарын да, жат кісілердің де кемшіліктері мен игі қасиеттерін баян еттім».
Бабырдың бүкіл ғұмырын жан-жақты қамтып көрсететін бұл автобиографиялық сипаттағы туынды әр жылда болып өткен елеулі тарихи оқиғаларды құрғақ фактілермен жіпке тізгендей етіп баяндайтын жылнама түріндегі шежіре кітап емес. «Бабыр – наме» құнарлы, бейнелі тілмен жазылған, дарынды сөз зергерінің қолынан шыққан нағыз көркем шығарма екені даусыз. Оған Бабыр жасаған жанды бейнелер, қанатты сөздер, табиғат суреттері, сан қилы теңеулер, т.б. көріктеу құралдары толық дәлел.
Сонымен, кезінде күллі түркі тектес ру-тайпалардың бәріне бірдей түсінікті болған шағатай тілінде жазылған «Бабыр – наме» қазіргі қай халықтың ескерткіш мұрасы саналады.
«Бабыр – наменің» қазақ халқының тарихына, әдебиетіне, тіліне, рухани өмірінің басқа да салаларына қатысы қандай дәрежеде болды.
Кезінде қазақтың оқыған зиялылары «Бабыр – намені» қазақ халқының өз тарихы жазылған шығарма деп таныды. Мұнысы орынды да еді. Себебі Бабырдың бұл еңбегінде кейінірек қазақ, өзбек, түрікмен, тағы басқа түркі тектес халықтардың экономикалық құрамына енген ру-тайпалардың тарихы баяндалады. Бірқатар қазақ хандары, батырлары, қоғам қайраткерлері, ақындары туралы аса құнды деректер бар. Ежелгі қазақ жеріндегі өзендер, көлдер, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әңгіме болды.
«Бабыр – намеде» қазақтың алғашқы хандары Жәнібек, үш жүз мыңға жуық атты әскері болған қазақ ханы Қасым, ұлы жүздің Жетісудағы дулат тайпасынан шыққан тарихшы-ғалым Мұхаммед-Хайдар Дулати, Жалайыр руынан шыққан ақын Хасен, Әли т.б. жөніндегі нақты тарихи директер берілген. Қазақ елінің Қыпшақ, Дулат, Жалайыр, Арғын руынан шығып, кезінде қолбасы, есік ағасы, ұлы бек сияқты жоғары лауазымды қызмет атқарған жиырма шақты қоғам қайраткеріне Жабыр өзінше мінездеме береді. Бабыр өз шығармасында Жүніс ханның сұлу қызы Сұлтан Нигар ханым туралы айта келіп, оны Әдік Сұлтан өлген соң «Қазақ ұлысының ханы» Қасым хан алды… Қазақ хандары мен сұлтандарының бірде-біреуі бұл ұлысты Қасым хандай нығайтқан емес. Оның жерінде үш жүз мыңға жуық адам болды» дейді.
Сондай-ақ Бабыр өзінің туған бөлесі, Қазақтың белгілі тарихшы-ғалымы Мұхаммед Хайдар Дулати туралы да пікір айтады: «Хайдардың әкесін өзбектер өлтірген соң, ол менің қарамағыма келіп үш-төрт жыл тұрды. Кейін рұқсат сұрап Қащқарға, ханға кетті…
Жұрттың айтуы бойынша, ол енді бұрынғыдан байсалды болып, дұрыс жолға түсіпті. Қолы әрбір іске епшіл-ақ, жауға да, сызуға да, сурет салуға да ұста. Өлең сөзге де дарыны бар. Маған жазған өтініші келген еді сөз саптауы жаман емес».
Ал, кезінде қасида-өлең (мақтау өлең) жазуда алдына жан салмаған дарынды Хасен Әли туралы «Бабыр – намеде» мынадай жақсы деректер бар: Хасен Әли – Жалайыр еді. Шын аты Құсайын Жалайыр. Бірақ ол Хасен Әли деген атпен көбірек мәлім боды. Әкесі Әли Жалайырға Бабыр мырза құрмет көрсетіп, оны бек етті. Соңыра Жәдігер Мұхаммед Герадты алған, Әли Жалайрдан мәртебесі биік кісі болған емес. Хасен Әли Жалайыр -Сұлтан Құсайын мырзаның құсбегі болды. Ол ақын еді, «туфейли» деген бүргеншік атты пайдаланды. Ол Қасиданы өте жақсы жазатын, өз дәуірінде қасида жазу жөнінен ақындардың көсемі еді… Бес – алты жыл менің қолымда болды. Маған да ол бірнеше жақсы қасидалар арнады».
Міне, қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тайпалардан шығап, есімдері ХV-ХVІ ғ, шағатай тіліндегі әдебиетте мәжһүр болған осындай шайырлар, тарихшылар аз емес.
Ұлы Абай, көрнекті шығыстанушы ғалым Ш.Уалиханов және академик жазушы М.Әуезов кезінде «Бабыр – намені» ерекше зейін қойып оқып, бұл еңбекті қазақ халқының тарихына, ертеректегі тілі мен әдебиетіне, этнографиясына тікелей қатысты шығарма деп танығаны мәлім. Олар Бабыр кітабының қазақ халқы тарихына қатысты жақтарын ашып көрсеттті. Сондай-ақ өздері де ХV-ХVІ ғ. Қазақ тарихын, әдебиетін сөз еткенде осы еңбектің ұғымтал тұстарынан нақты деректер келтіріп отырды.
Қазақ халқының азаматтық тарихына тікелей қатысты «Бабыр – намедегі» қызықты мәліметтерге, әсіресе төрт жүз мың нөкері болған қазақ ханы Арслан жөніндегі деректерге кезінде Ш.Уалиханов ерекше назар аударып, бұл шығарманы осы тұрғыдан аса жоғары бағалағаны мәлім.
«Бабыр – наме» тарихи, ғылыми еңбек қана емес, сонымен бірге түркі (шағатай) тілінің мол мүмкіндіктерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жызалған көрсем туынды.
Рас, бұл прозалық шығарманың негізгі объектісі тарихи оқиғалар болып келеді. Әйтсе де автор сол тарихи оқиғаларды баяндап шығумен шектеліп қалмайды. Ол көркем шығармаға тән метафора, теңеу, метатеза, эпитет, гипербола т.б. құралдарын «Бабыр – намеде» зор білгірлікпен қолданғаны еріксіз назар аударады.
Сөйтіп, «Бабыр – наме» авторы бейнелі көркем сөздермен тарихи оқиғалардың жанды картинасын жасап шыққан дарынды суретші екені даусыз. Ол, әсіресе, өзі тікелей қатысқан қан майдан, қырғын соғыстар картинасын бейнелеп жазуға шебер.
Жазушы ерлікті, батырлықты көкке көтере мадақтайды. Ал, қоян жүрек қорқақты, опасыздықты жер-жебіріне жеткізе әшкерелейді. Ең бастысы – патша тағына таласып, өзара қырық пышақ болып, қырқысып жатқан феодалдық соғыстардың адам табиғатына жат, жиіркенішті жақтарын оқушысына егжей-тегжейлі, зор білгірлікпен суреттеп көрсетеді. Автор мән-мағынасыз қан төгуден оқушысын сақтандырғысы келетін сияқты.
Сонымен бірге, Бабыр кезінде есімі әлемге әйгілі, дарынды қолбасшы, жау- жүрек батыр болған адам. Бұл жөнінде ХІХ ғ белгілі шығыстанушы ғалымы Н.И.Веселовский мынадай пікір айтқан «Бабыр батырлығының шегі жоқ деуге болады. Оның бүкіл ғұмыры батырлықтың үлгісі секілді. Тіпті ол Шайбанидің он бес мың әскері тұрған Самарқанды өзінің небәрі екі жүз кісілік отрядымен жаулап алуға тәуекел жасады. Тек тәуекел жасап қана қойған жоқ, жауды шынында да қаладан қуып шықты. Бабыр империясының пайда болуын айтсаңызшы! Бабыр Ибрахим Лодидің қолынан құдіретті Үндістанды түкке тұрғысыз қарудың жәрдемімен тартып алған».
Ол өз дәуірінің соғыс өнеріне, әскери стратегиясына өзіндік үлес қосқан дарынды қолбасшы К.Маркс өзінің «Индия тарихы бойынша хронологиялық жазбалар» деген еңбегінде Сикри маңында болған шайқасты Бабырдың үлкен жеңісі деп бағалаған.
«Бабыр – намеде» тарихта болған көптеген көрнекті адамдардың, сәулетші шеберлердің, ақындардың, тағы басқа өнер адамдарының психологиялық портреті, әдеби бейнесі жасалған. Лауазымды, атақ-дәрежесі, ұлты, жасы, мінез-құлқы, діні т.б. әртүрлі болып келетін сол тарихи адамдардың бәрі бір-бірімен шығарманың ең басты қаһарманы Бабырдың өзі арқылы байланысып тұрады.
Жиһанкез Бабыр өзі жүрген жерлердің табиғатын, тауларын, өзендері мен көлдерін, орман – тоғайларын, аңдары мен құстарын нағыз суретшіге тән шеберлікпен бейнелеп көрсетеді. Автор қара сөзбен айтып жеткізе алмаған кейбір ғажайып көріністерді лирикалық өлең жолдарымен суреттеп өтеді. В.В.Бартольд «Бабыр – наменің» көркемдік дәрежесін жоғары бағалай келіп, оны «түркі тіліндегі прозалық шығармалардың ең жақсы үлгілерінің бірі» деген еді.
Алайда «Бабыр – наменің» құнды жақтарымен қатар, оның кемшіліктерін де бүкпесіз ашып айтқан жөн. Өйткені марксизм-ленизм ілімі тарихи, әдеби мұраларға қашанда объективті түрде диалектикалық тұрғыдан қарасақ, оның авторы өз заманының перзенті, феодальдық дәуірдің патшасы болғанын көреміз. Бабыр тарихи оқиғаларға көп жағдайда феодал табының өкілі тұрғысынан қарайды. Пікір таласы туғанда оны бектердің, сұлтандардың пайдасына шешуге тырысады.
Дегенмен мұның бәрі «Бабыр – наменің» тарихи, ғылыми құндылығын кеміте алмайды. Бүгінгі өресі биік, ой-пікірі терең талғампаз оқырман бұдан бес ғасыр бұрын жазылған мұраға сын көзімен қарап оқуы тиіс. Сонда ғана біз мұндай тарихи, әдеби ескерткіштердің қадіріне жетіп, олардың бағалы жақтарын халық кәдесіне, қоғам мүддесіне жарата аламыз.
Қорыта айтқанда, «Бабыр – наме» шын мағынасындағы энциклопедиялық шығарма. Мұнда ғылымның сан түрлі салалары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Қазақ халқының азаматтық тарихына, әсіресе, әдебиеті мен тіліне, этнографиясына қатысты материалдар Бабырдың осы еңбегінде мейлінше көп жинақталған.
Пайдаланылған әдебиет:
- Алма Қыраубайқызы «Ежелгі әдебиет»
- Н.Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті»