АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Александр Блоктың өмірі

 

 

 

 

 

 

 

                 Жоспар.

  1. Кіріспе

           Александр Блоктың өмірі, балалық шағы және отбасы

  1. Негізгі

          Александр Блок және оның заманы.

  1. Қорытынды

          Александр Блоктың

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 А.А.Блок(16.11.1880-07.08.1921)ақын,драматург. Әкесі Варшава университетінің профессоры, философ. Анасы –А.А.Бекетова балалар жазушысы, аудармашы. Блоктың ата-аналары болашақ ақын туылғанға дейін ажырасып кеткен, кейіннен ол анасының отбасында тәрбиеленді. Олар Петербургтың профессорлар отбасыларының біріне жататын еді.

    Атасы А.Н.Бекетов атақты орыс ботанигі,бірнеше уақыт бойы Петербург университетінің ректоры болған, әжесі және барлық қыздары әдебиетпен арналасқан, шығармалар жазып, аударған ал оардың біреуі (Е.А.Краснова) өзінің өлеңдер жинағы үшін академиялық шақыруға ие болған. Ақын ретінде Блок ғұрыпқа айналған орыс классикалық әдебиетінің негізінде қаланды. Бекетовтер отбасында діннің элементтерні де бар ед,ол өнерді бағалы категориясы сияқты болды.Ақындық жолдың басында оған В. А. Жуковскийдің мистикалық романтизмі «Менің алғашқы талаптандырған ұстазым, Жуковский» болды.

    Теоретикалық философиялық доктриналардың орыс Блоктың романнизм поэзиясы өнер символизмнің принциптеріне кіреді. Оның білімінің түйіні қазіргі әлемнен шығатынан теократия патшалығы туралы арман, ол ашу мен қасіретке толы, бірақта кейіннен әлемдік жанмен, мәңгілік жамен сақталады. Олар әдеміліктің, жақсылықтың және гармонияның синтезі болады, барлық тіршіліктің бастамасы. Бұл бұлбұлдық тақырып Блоктың ертедегі өлеңдеріндегі негіз еді, оның алғашқы «Стихи о прекрасной Даме» (1904) атты өлеңдер кітабынын көруге болады. Өлеңнің негізгі қалыңдығына деген нағыз махаббатында, кейннен  поэттің әйеліне Л.Д.Менделееваға (әйгілі химик Д.И.Менделеевтің қызы) арналған лирикалық тақырып Соловьевтің идеалдық құдіретті махаббат тақырыбында әуенді болды.

«Стихи о Прекрасной Даме» атты өлеңі шыққаннан кейін Блок символистер арасында орталық орынды алды. Блоктың кітабында эстетика символы анық көрінеді.

    Алғашқы шығармашылығында-ақ Блоктың өлеңдерінің сапалығы: Әуенді-музыкалық жолы, үндік және түстік мәнерлігі, тілдің күрделігі, образдың күрделі жолдары-бұның барлығын символизм теоретиктері эстетикалық символизмнің

Маңызды бөлігі импрессиналдық элементі деп атады. Блоктың ақындық дебюті бірінші орыс революция жылдары 1905-1907жылдарымен пара-келді:Елдегі Революциялық ситуация жағдайда, таптық бөліністер «өмір қожайындарына ашық қақтығыстары, бұның барлығы да сол кезеңге және әдебиеттануға соғыс тақырыбы, әлеуметтік қарсылықтар арқылы ізін қалдырды. Бұд Блокқа да әсер етті-оның маңыздылығы Блоктың суретші жағын көрсетті.

Егер «Стихи о Прекрасной Даме» атты жинағы символисттердің көңілінен шықса онда екінші «Нечаянная радость» (Абайсыздығы бақыт) атты өлеңдер жинағы оны кең ауқымдағы оқырмандар арасында атақты еді. Бұл жинақтағы өлеңдер алғашқысынан қарағанда өзгерек еді.

    1906-1907жж Блок үшін ауыр соқты болды. «Балаганчик» драммасы Блок көптеген трагедиялық жаңашылдық кезеңде В.Соловьевпен араласқаннан кейін жазды. Блоктың драматургиялығы көшуі кездейсоқ жағдайда емес. Ол театрға өте жақын еді. Балалық шағында ол актер болуды армандаған, бірнеше спектакльдерде ойнаған. Оның бұл махаббаты оның лирикалық өлеңдерінде көрініс табады.Зерттеушілер оның өлеңдерінде көптеген драматургиялық мінез-құлық сөздер мен ымдастықтар көрінеді дейді. 1906ж. 3 лирикалық драма жазды.

    «Белгісіз жан», «Алаңдағы патша», «Балаганчик»

    «Алаңдағы патша еңбегі»-Блоктың ойынан шықпады. Себебі кітап революциялық кезең,ескілік кезеңді жоққа шығару, қуанышты жаңашылдық келеді деген үміт сөз болды.

    «Балаганчик» еңбегінде өмірді жақсарту, мемлекетбилігін өзгерту, ескілікті ұмыту, шындыққа, жоққа бұрылыс жасау керек деді, және осы еңбек Блоктың қарсылыстарының ызасын келтіріп қолдау таппады. 1 революцияның жеңіліс табуы Блоктың ақындық мектебіне ғана емес оның жақтастырына да ауырсоққы болды. Блок жалғыз өзі революциядан кейін өмірдің жаңаруы, мемлекеттің идеал болуын қалады. Үшінші маусымдық столыпинского переворотына бір күн қалғанда ол «Ямбов» еңбегін жазды. Ол осы өлең шумақтарында «Ей, тұрда жанда жақ! Ей, тұрда өзіңнің сенімді болатыныңды қолға ал» деп ақынның ашу ызасын туғызады. Жаңарған тарихи кезеңде көптеген зиялы қауымның мәдениетінің қалдығын, екінші жағыннан азаматтық көзқарысты нығайту. Блоктың бұрынғы жақтастарымен  қатынастырының әлсіреуіне алып келу керек болды.

    Блоктың күнделігінде жазу «Мен бала емеспін, мен өз сөзіме жауап беремін»-деді. Блоктың маңызды кезендегі концепцияның сезгеруі көркемдік творчествосында қоғамдағы мәдениет туралы түсініктер және суретшінің тоғайындалуы.

    Блоктың бұрынғы өлеңдеріндегі кейіпкерлер батырлар, сұлу ханымдар болса, 900 жылдың екінші жартысында Блоктың көптеген әдеби публицистикалық еңбектері жарық көрді. «Лирика туралы», «Халық пен интемгенция», «Сұақтар, сұрақтар және сұрақтар» т.б. Блоктың 3-сұрақ еңбегінде Н.К.Михайловскиийдің сөздерін мысалға келтіріп, әр суретшінің ішкі жан дүниесінде публицист болуын, осы ойда дамытуды қалайды. Блок жас ақындар өлеңдеріне теріс баға береді. Оқырмандарды олардың өлеңджерін оқытып, ұнатуғак үйретпеу керек еді. Оларды қастерлі орыс әдебиетінің ұрпақтары деуге болмайды. Осы логикасын ұстанып ол бұрынғы одақтастыарымен келіс сөз жүргізеді.

Конета тақырыба 20ғ-ғы өнер саласындағы бүкіл орыс халқына қатысты болды, кейіпкерлер-жарқынидеяларды «Қараңғы патшалықтан» алыпшығушы іспетті еді. Бұл образ қайғылы мінездеменің нағыз идеалды түрінде келісіп тұрды, оған жарық пен жақсылық гуманизм атауларының ұшқаны да берілмейтін еді. Блоктың шығармаларының жалғасын табушы тақырыптар романтизмнен туған әлемнің зорлық-зомбылық; жамандық пен қақтығысы туралы еді. Гуманизмнің күйреуін дегеннің өзі ақын үшін екі революцияның арасында онтоғызыншы ғасырында жансыз буржуазия өркениетінің басталуымен көрінді.

    Оның 1905-1907 жылдардағы поэзиясында лирикалық кейіпкер образы белең алды. Өз заманының қайғылығын түсінген ол жаңа образдарды жасағысы келді. Эстетикалық принциптерді жаңартуды қалады, ескілікке емес болашаққа, жаңашылдыққа ұмтылды.

    Әрине, Блок бұдан кейін де лирикалық өлеңдерді жазуды тоқтатқан жоқ. Тіпті қиын жылдардың өзінде де оның сезімтал шығармалары бой көтеріп отырды. 1909ж. Италияға барған сапарынан кейінен ол «Италия өлеңдері» атты жинағын жазды. Кейінірек көктемде 1914 ж. А.А.Дельмасқа  арналған ұлы лирикалық шығармасы «Карменді» жазды. Ол бір жағынан Жуковский, Фета Соловьевтың дәстүрін жалғаструшы болса, екінші жағынан тарихи, әлеуметтік, азаматтық тақырыптарға арналғын өлеңдер жазды. Бұның барлығы кейіннен «Соловьевтік бақ» атты шығармасында берлесіп ұштасты.

    Ол тек олардың дәстүрін жалғастырып қана қоймай, жаңа реакциялық жағдайларды өзек етті. Бір жағынан оның өлеңдерінде адам өміріне өзекті мәселе ретінде қарастырды.

    Отан тақырыбы Блоктың шығармасында үлкен роль атқарады. Себебі ақын оның шығармашылығы Ресей туралы деп қайталауда жақсы көрді. Оның алғашқы Ресей тақырыбындағы өлеңдері «Күздік махаббат», «Ресей» атты өлеңдерінде кездеседі. Ол «Он екі» поэмасында октябрь ревалюция тақырыбында жазды. Бұл шығармаларында ол халықтың қиын жағдайын, елге деген жек көрініштілігін т.б. осындай жағдайларды бейнелеп көрсетті.

    Александр Блок-ұлы орыс әдебиетіндегі ең күрделі тұлға. Тұлға ғана емес, ең күрделі құбылыс. Ақын творчествосын түбегейлі зерттеген орыстың үлкен әдебиетші ғылымы Владимр Орлов Александр Блокты гамаюнға теңеп, осы аттос көлемді кітап жазды. Гамоюн- көне орыс әдебиетінде көп жырланған ғажайып ертегі құс. Виктор Воснецовтың қыл қаламынан шыққан көркем суретте гаммаюнның басы- адамның басы да, денесі- құстың денесі. Аңыздың айтуынша, гамаюн- болашақты болжағыш пайғамбар- құс, адам- құс. Міне осы самсуртке қарап отырып Александр Блок 1899ж. 23-і ақпан күні, он тоғыз жасында «Пайғамбар құс гамаюн» атты өлең шығарыпты. Иә, Владимир Орлов айтқандай, гамаюн десең гамаюн. А.Блок та ұлы Ресейдің ертеңі мен болашағын алдын ала болжай білген, келешек ұлы революцияны күні бұрын сезіне білген кемеңгер ақын.

    Блоктың өмір сүрген қырық жылы, яки үш мүшелден сәл-сәл артық қырық жасы пышақпен кескендей дәл екіге бөлінеді. Ұлы ақын екі аяғымен екі ғасырды тең басып тұр. Қырық жыл, әрине, адамзат тарихы үшін аса көп уақыт емес. Бірақ Блок ғұмыр кешкен қырық жыл- өткен ғасырдың соңғы жиырма жылы мен осы ғасырдың алғышқы жиырма жылы- тарихи-әлеуметтің жағынан тұтасбір ғасырға, тіпті, бірнеше ғасырға татиды. Бұл- капиталистік қайшылықтарды шиеленісе- шиеленісе келе әбден шегіне жеткен шайпау кезі еді. 1889ж. Екінші Интернационал құрылды. 1890ж. Европва жұмысшылары тұңғыш рет Бірінші май демонстрациясына шықты. Өткен ғасырдың екінші жартысында екінші жартысында кіші-гірім отыз алты мемлекеттің басын қосып, Германия империясы пайда болды. Ол 1879 жылы Австро-Венгриямен, кейін, 1882жылы Италиямен ауыз жаласып үштік одақ жасады.Осыған байланысты 1893 жылы француз-орыс одағы дүниеге келді. Англия алғашқы кезде бұл екі әскери –монополистік  одақтың бір де біріне қосылмай, олардың арасына үнемі шоқ тастап отырғанды жөн көрді. Дүние жүзін өзара бөлісу, талан-таражға салу, міне, осы кезден басталады. Импералистік қасқыр қомағайлықтың салдарынан 1898 жылы испан-америка соғысы, 1899-1902 жж ағылшын-бур соғысы, 1904-1905ж орыс-жапон соғыстары болып өтті. Бірінші дүние жүзілік соғыс басталды да кетті. Бәрімізге белгілі, оның аяғы Россиядағы Қазан Революциясына әкеп соқты. Ал А.Блок болса міне осындай  үлкен-үлкен тарихи дүмпілістер мен жарылыстардың аса абыройлы куәгері.                                         

  1. «Аса бір қымбат адам миы бар: іс және өндіріс әлемінде ол миды он бес миллиард долларға бағалайды. Миллион емес, миллиард! Ол-Томос Альве Эдиссонның миы-деп жазды, Нью-Иорк таимс» газеті 1923 жылы.Мұндай данышпан милар А.Блоктың кезінде жалғыз-жарым емес-ті.1893ж Константин Циолковский «Айда» қиял-ғажайып кітабын жариялады. Дәл сол жылы Рудольф Дизель ең бірінші двигатель ойлап тапты.Дизель деген сөздің фамилия екенін екінің бірі біле бермейді қазір. 1909ж Роберт Пири оңтүстік полюсті,1911жРауль Амундсен солтүстік полюсті ашты.Жарықтың кванттық теориясы, кездейсоқ процестер теориясы, магнетизм және салыстырмалық теорияның авторы атақты Альберт Эйнштейннің өзі А.Блоктан бір-ақ жас үлкен.Ал Сергей Королев пен Игорь Курчатовтардың ғылым әлеміне батыл аяқ басып, даңқ қақпасының алтын шығыршығын өз қолдарына алған кезі. Енді олар бір аттаса, ғарыш дәуіріне негелі тұр еді. Ал А.Блок осындай-осындай ұлы тұлғалардың әдебиет ғи маратындағы терезесі тең замандасы.Азамат Блоктың адамша өмір сүріп,өнерпаз Блоктың ақынша еңбек еткен кезі модернист-декаденттік ағымдар мен әдеби манифестерден аяқ алып жүре алмайтын аласапыран кез еді. Үш адаиның басы қосылған жерде-жік болатын. Константин Бальмонт, Валерий Брюсов,Андрей Белый, Федор Сологуб символист; Анна Ахматова, Николай Гумилев,Осип Мандельштам, Михаил Кузмин, Сергей Городецкий, -акмеист; Сергей Есенин, Анатолий Мариенгоф, Вадим Шершеневич-имажанист… Осылай кете береді,кете береді. Толып жатқан модернистік ағымдардың декаденттік торынан барынша тезірек босап, жаңа дәуір, жаңа қоғамға лайық жаңа әдеби бағытқа жел бет бұрған үш-төрт ұлы тұлғаның бірі-Александр Блок. Чеховпен жиырма төрт, Толстоймен отыз жыл, Горький және Бунинмен қырық жыл Есенинмен жиырма алты, Маяковскиймен жиырма сегіз жыл замандас,дәуірлес,отандас,өнерлес болған А.Блокқа атақ-абырой оп-оңай келді десек ешкім сене қоймас еді. Керісінше, мұндай факторлар қасеретті ақынның жауапкершілік жүгін одан әрі ауырлатпаса, жеңілдете қойған жоқ. Анна Ахметовнаның шағын ғана естелік-әңгімесінде осыған байланысты мынандай бір қызық факт бар. Сол кездегі белгілі ақындардың бірі Бенедикт Лившиц: «Блоктың және ғана жер босып жүргенінің өзі маған жыр жаздырмай қойды»-деген шағым-назым естігенде Александр Блок таң қалмапты. Күлмепті де. Біраз ойға шомып отырып: «Мен оны жақсы түсінемін. Өз басымда да осындай жағдай бар. Толстой тұрғанда маған да жазу оңай емес!»-депті. Мұндай психологиялық факторларды әдебиет туралы әңгімеде естен елі шығаруға болмайды. Блокты Блок қосылған бір жағынан заманы болса, екінші жағынан замандостары. Ұлы өнерлестер алдындағы ұлы жауапкершілік.

    Ақын, ең алдымен, өз елінен, өз заманының ақын.Белгілі бір халықтың, белгілі бір дәуердің рухани айнасы.Әрине, нағыз Блокты білу үшін оны тек қана түпнусқадан оқыған дұрыс. Бірақ ұлы ақынның сегіз қырлы, сегіз қырлы, сексен сырлы сиқырлы жырларын тереңірек түсіну үшін орыс тілін жетік білудің өзі жеткіліксіз дер едім. Орыс тілінде ақымақ түгіл, орыс тілінде жазып жүрген адамардың өзі Блок творчествосына ойдағыдай түсіне бермейді. Ақынды ұғу үшін- оның заманын ұғу керек. Сол кездің тарихын, сол кездің экономикасын, әдебиетін мен ғылымын, адамдарының мінез- құлқын, қоғамның бүкіл әлеуметтік астарын жақсыбілмей, ұлы ақынның көл-көсір өлең- жырынан армансыз сусындауын ақылға сыймайды. Александр Блок шығармаларын өзге тілдерге аудару қиындықтары да, міне, осы жәйттерге тығыз байланысты. Дей тұрсақ та бұл салада белгілі қазақ ақындары, тәжіребиліаудармашы азаматтар келелі жұмыс істейді. Блок өлеңдерін қазақ тіліне аудару осымен бітпейді, осыдан басталады. Абай айтқандай мәселе істің қалай аяқталуында емес, қалай басталуында. Ал мен өзім бұл басталуды – жақсы басталу деп есептеймін.

Қадір Мырзалиев

 

 

 

 

 

 

 

 

Александр Блоктың қазақ тіліне аударған

өлеңдері

  1. Өлім туралы
  2. Қол үстінде
  3. Солтүстік теңізде
  4. Қумда
  5. Музаға
  6. Ресторанда
  7. Әзіл
  8. «Жылдар зулап өтеді»
  9. «Теңеймін сені шеңгелге»
  10. Тағы да өзім ызалы, ашулымын
  11. Талықсиды бұраң бел де
  12. Түн де-Ғасыр
  13. Ақыры жеңдім мен сені
  14. Артық қып құдай жаратқан
  15. Столымда күдімдер
  16. Болды өзі қалай
  17. Ұмыттым деген кезімде
  18. Ессіз, Еркін өмір кешкім келеді
  19. Біз келеміз күйіп-жанып
  20. Ақындар
  21. Еске алам бәрін
  22. Тағы да жасық жылдардай
  23. Көркіңмен, не сөзіңмен
  24. Түнек жылда туғаның            
  25. Тағы да дала қымтанып

 

Аударған Фариза Оңғарсынова

            «Тұр есімде тап-таныс үн»                                

          « Асыл досым,аурудай езілем»

          « Тіліп үні түнекті»

            «Жалғыз қалдық,жабырқатып»

                                                                                       Аударған   Сәкен Иманасов   

 

           «Күттің мені ғұмыр бойы» 

            «Пушкин атындағы үйге»                                   

                                                                                                  Аударған Жарасқан  Әбдірашев        

 

 

 

 

                             Аудармалары

                         Гамаюн-сәуегей құс

                    (В.Васнецовтың картинасы)                                                             

 

   Төсінде  шексіз айдынның

   Шұғылаға кешкі малынған

   Жар салып

   Соңқылдайды ылғи,

   Сол бір құс тауы шағылған

   Татардан келер дерт пенен

   Сан қырғын жайлы болжайды;

   Зілзала, аштық, өрт пенен

   Жау күші, жылар ер жайлы.

   Тұрса  да үрей алқымдап,

   Атардай алдан мәңгі ақ таң.

   Шығады шындық саңқылдап,

   Аузынан оның қан қатқан…   

                                                  29 февраль  1899

                                        Ауд Жарасқан Әбдірашев

 

   На глазах бесконечных вод,

   Закатом в пурпур облеченных,

   Она вещает и поет,

   Не в силах крыл поднять смятенных…

   Вещает и  злых татаров,

   Вещает казней ряд кровавых,

   И трус, и голод, и пожар,

   Злодеев силу, гибель правых…

   Предвечным ужасом объят,

   Прекрасный лик горит любовью,

   Но вещей правдою звучат

   Уста, запекшиеся кровью!…

 

Осы өлеңнің екі нұсқа салыстыратын болсақ; қазақша нұсқасы өте сәтті аударылған. Ақын өте жақсы аударған. Сөзбе-сөз, мағынасы да тура сәйкес келіп тұр. Ешбір қатесіз, керемет деп те айтуға болады.

 

 

Толық ай тінтіп даланы

Дөңгелек өрлеп барады,

Нұр сеуіп үнсіз сырғиды-

Сұп-сұр боп дала гүл атқан,

Түн басып баяу мұнатртқан

Дем алып, жым-жырт мүлгиді.

Жамылып түнді кім жүрер,

Тітіркеп жаның дүрлігер

Оралып ойлар бір қилы.

Білесің, ертең күн шығып,

Оянып барлық тіршілік,

Қайтадан басын шұлғиды

Сонда сен басып жәй ғана

Өтерсің, бейне айналасқан

Тұрғындай шертіп мың күйді.

 

Полный месяц встал над луго

Неизменным дивным кругом:

Светит и молчит.-

Бледный –бледный луг цветущий,

Мрак ночной, по нем ползучий,

Отдыхает, спит.

Жутко выйти ны дорогу:

Непонятная тревога

Под луной царит

Хоть и знаешь: утром рано

Солнце выйдет из тумана,

Поле озарит,

И тогда пройдешь тропинкой,

Где под каждою былинкой

Жизнь кипит.

 

    Бұл өлеңнің екі нұсқасын салыстыратын болсақ Жақсы аударылған. Бірақ сәтті аударылған деп айтуға болмайды. Өйткені өлеңнің 7-і, 9-ы, және соңғы жолдағы қазақша нұсқасы; орысша нұсқамен сәйкес емес. Ақын бұл жерде өз ойымен, өз түсінігі бойынша еркін аударған. Ал қалған жолдары жақсы, тура аударылған.

 

3.

    Революциядан кейін жылдары Блок Жас орыс мемлекетінің мәдени құндылықтарын жақсарту үшін үлкен үлесін қосты. Классикалық әдеби шығармаларды шығаратын бөлімінде, мемлекеттік комисияда жұмыс жасайды. Кейіннен М.Горький бастаған үлкен драма театрдың төрғасы болды.

    1921 жылдың көктемінде Блоктың денсаулығы сырқат көрсете бастады, жүрегінен ауырған Блок 7 тамызда қайтыс болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

  1. Блок Александр

Таңдамалы. Екі томдық. Алматы «Жазушы», 1980өлеңдер

  1. Александр Блок

Избранное сочинение

Моссква 1988 «Художесвенная литература»

  1. А.А.Блок

         Стихотворения и поэмы

         Ленинград 1980 «Художественная литература»

  1. А.А.Блок

Избранное

Москва «Правда» 1978.