Ә.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫНДАҒЫ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарастарындағы жер мәселесінің философиялық аспектілері
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға — Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. Оның есімі ұзақ жылдар бойы сирек аталып, «буржуазиялық ұлтшылдықтың » синонимі ретінде қаралып келсе, кейінгі ұрпаққа қалдырған орасан мол аманат-мұрасы бір кісінің ғұмырындай уақыт шаң басып жатты. Көрнекті қоғам қайраткері – Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, ІV Мемлекеттік думасы мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор Масоны, қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы; ғұлама-ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист – міне, ардақты азаматынымыздың халқы үшін соңғы демі біткенше атқарып өткен сан қилы қызметінің бұл болар-болмас көрінісі ғана.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан кешегі Семей облысы, Қарқаралы үйезінің Тоқырауын болысына қараған № 7 ауылда дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қараған Ә.Н.Бөкейхан атындағы совзоздың жері. Оның нақты туған жылы туралы жазба деректерде және соңғы жылдарда жарық көрген зерттеулерде әр түрлі болжамдар айтылып келеді.
Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Көкірегі ояу Әлихан молданың оқуын қанағат тұтпай, қаадағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып кетеді. Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түседі. 1886 жылдың маусымында училищені бітірді деген аттестат алады. 1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге «пансионер» болып қабылданды. Әлихан Бөкейханның кейін лауазым аттары көп болған. Көп зерттеу мақалаларына » Қыр баласы «,» Сын степей «, » V » , «Киргиз-степняк «, » Тузамец «, » Арысұлы», «А.Б , «Қ.Б», » Ғ.Б » деп қол қойып отырған. Оның «Қалмақбай «және » Н.Ш » (орыс тіл) деген лақап есімдері болған. Әлиханның қай жылдан бастап «Бөкейхан» фамилиясын алғандығын дәл айту қиын. 1890 жылы шілденің 30 күні Дала генерал-губернаторы канциляриясынан Орман институтының профессоры Бородинге жазылған ұсыныс хатын және қазақ қауымдастығынан берілген 200 сом стипендиясын алып » қырғыз баласы » – сұлтан Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан Ресей империясының астанасы Санкт-Петерборға ат басын түзейді.
Санкт-Петерборға 20 жасында келген Әлиханның студенттік кезеңінде күнделікті сабақтарына қоса, студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және т.б. студенттік үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Осы жылдары Әлиханның саяси көзқарасы қалыптаса бастайды, екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған ескі феодалдық қарым-қатынастардан әлі арыла қоймаған, рулық, феодалдық тартыстан көзін аша алмаған туған халқының тағдыры оны қатты ойландырады.
Қараңғылық пен надандық шырмауынан құтыла алмай отырған халқына ең алдымен, білім мен мәдениет керек екенін анық ұғады. Халқын Еуропаның мәдениеті жоғары елдері санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат қылып қояды. Құжатханалардан табылған материалдарға қарағанда, Әлихан Бөкейхан жандармерия басқармасының назарына алғашқы рет осы жылдары-ақ ілігіп, » саяси сенімсіздердің қара тізіміне » алынады. Әлихан бұл тізімнен патша үкіметі күйреп, Кеңес үкіметі орнаған жылдары да – 1937 жылдың қыркүйегінде » халық жауы » болып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ. Орман институтын ойдағыдай бітіріп, Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Омбы қаласына қакйта оралды. Әлиханның Омбыдағы жылдары оның көрнекті қоғам, саяси қайраткер ретінде де, педогогтық, ғылымдық, әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Сонымен қатар, ол Омбыда патшалық тәртіптің қуғын-сүргінінде көрді, екі рет заңсыз-сотсыз абақтыда отырды.
Теңдік пен ұлттық тәуелсіздіктің төте жолы деп Әлихан өркениетті елдердің мәдениетінен үлгі алу, сөйтіп халықтың ұлттық мәдениетін өркендету, өнер-білімін көтеру, ұлттық сана-сезімін оятуды ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа стратегиялық бағыты етіп алған.
Әлихан Бөкейхан халқының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мол мәдениетін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, сенім-нанымын, өнерін зерттеп, жазып айтарлықтай мұра қалдырған. Ол қазақ ұлтының жүздік, рулық-тайпалық құрылымын зерттеген, қазақтың шежіресін жазған тұңғыш ғалымдардың бірі. Мәселен оның Повладар мен Қарқаралы үйездерін мекендеген қазақтардың және төре мен төлеңгіттердің шежіресін жасып, Ф.А.Щербина экспедициясы «материалдарының» ІV (1903 ж) және VІ (1905 ж) томдарында жарияланған.
Әлихан Бөкейхан — қазақтың энциклопедисі деуге негіз бар. ХХ ғасырдың басында неміс Ф.А.Брокгауз (Лейпциг) бен орыс И.А.Ефрон (Санкт-Петербор) секілді баспашылардың көптомдық «Жаңа энциклопедиялық сөздігін» шығарып тұрғандығы мәлім. Энциклопедиялық сөздікті баспаға дайындаған қызметкерлердің тізімінде Әлихан Бөкейхановтың аты-жөні 4 томнан 21 томға дейін дерлік көрсетілген.
Халқымыздың сарқымас қазынасы – ауыз әдебиеті мұраларын жинау, оларды жіктеп, өңдеп бастыру, әдебиеттану, көркем аударма Әлекеңнің сүйсіне атқарған істерінің бірі. «Қазақтың ұлт болып өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек. Өз әдебиетін қалыптастыруда табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады,»- деп білген Әлихан ұлттық әдебиеттің өркендеуіне аз үлес қосқан жоқ.
Халықтың мәдениетін көтеруде, ой-санасын оятуда, халықты надандық құрсауынан шығарудағы әдебиеттің баға жетпес орнын ол студенттік күндерінен-ақ түсінген. Сол мақсатта засанындағы қазақтардың алдыңғы қатардағы зиялылары мен әдебиет өкілдерінің басын біріктіруге ұмтылады. Оларды халыққа қызмет етуге шақырады. Сөйтіп ол өз маңына Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Ғұмар, Көкбай, Жүсіпбек, Халел, Жиһаншы, Мұхамеджан сынды ақын-жазушылары мен көрнекті зиялыларын жинайды. Оксфорд университетінің ғалымдары » Ә.Бөкейхан… фольклоршы болды. Ол қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген тұңғыш ғалым еді,-» деп жазған.
Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жаңа заманның тынысы, лебі деп түсінді, қалыптасып келе жатқан қазақтың ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады ол. Сондықтан да Абайдың қалдырған мұрасын жинап халқына тезірек танытуға, таратуға асықты. Абайдың есімі мен шығармашылығын орыс қауымына алғаш рет паш еткен де Әлихан Бөкейхан болатын. Сонымен бірге кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының көлемдісі – көркем аударма. Аудармаларының ішінде орыстардың классик жазушылары Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, В.Г.Короленко, Д.М.Мамин-Сибиряк сияқты жазушылармен қатар, Еуропаның өркениетті елдерінің қаламгерлері, мысалға Ги де Мопассан әңгімелері, сондай-ақ, үнді, түрік тектес Қырым халықтарының әдеби шығармалары және Антика дәуірінің әдеби туындылары ұшырасады. Оның қаламынан шыққан мақалалары мен қоғамдық-саяси көзқарастары Ресей астанасының » Сибирские вопросы», «Биржевые ведомости», «Новая жизнь» секілді газет-журналдарынан бастап, патша үкіметінің қас-көзі Жандармерияның қуғын-сүргіні салдарынан көшіп-қонып жүріп Омбы, Самара, Орынбор, Семей, Мәскеу сияқтың қалалардың мерзімді басылымдарынан жиі көрініп тұрған. Қазақ тіліндегі тұңғыш мақаласы 1900 жылы «Дала уалаяты газетінен» көрінді. Кейін келе татардың «Фікір», «Уақыт», қазақтың «Серке», «Қазақстан» газеттері мен «Айқап» журналынан ұшырастыруға болады. Халықтың сана-сезімі мен ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген.
Әр ұлттың тағдырында қайталанбайтын тұлғалар болады. Сондай ұлы тұлғалардың бірі — Әлихан Бөкейханов. Сол замандағы билік басындағылардың көсемдерінің өзі Әлекеңді мойындап, оны бағаласа керек. НКВД тергеушілерінің өзі әлихан Нұрмұхамедұлын тұтқындауға ерекше дайындалып, қалайға қолға түсіру үшін сан қимыл амал жасағанын тарих тәркіледі десек қателеспез болармыз. Тергеушілердің өзі Әлекеңмен жүресіне сөйлесіп, арыстанның жалын сипағандай күн кешкен. Олардың бұндай әрекеті түсінікті де. Өйткені Әлихан Бөкейханов » отаршыл монархияның » да, «отаршыл комунистердің» де сан рет түскендіктен олардың шырғасымен толық таныс болатын.
Ату жазасы кесілгелі тұрған жерінен бірнеше рет шұғыл жарлықпен Кремльге шақырылып, мемлекеттік жиналыстарда сөйлеп, жай сөйлеп қана қоймай, талай комиссарларының қылмысы мен отаршыл пиғылын әшкерелеген. Оның дұрыс сөзін жоққа шығара алмаған дұшпандары еріксіз түрмеден босатуға мәжбүр болған. Соңғы тұтқынға алынғанда: » Жер туралы немесе басқа да маңызды ұлт мәселесі жөнінде қаулы қабылдар алдында большевиктер мені түрмеге қамап, бутыркыдан кіргізіп, Кремльдің есігінен шығарушы еді. Әй, бұл жолы өйте қоймас. Енді уысынан шығармас,-» деп қалжыңдаған екен.
Айтқаны келді. Темір ноқтанымықтап киді. «Алашорда » мүшелерін жаппай қамауға алуына іздеп тапқандағы кілтипандары – 1921-1922 жылдары революциялық астыртын ұйым құрды, басмашыларға қосылып, башқұрт елінің көсемі Заки Волиди Тоғанмен астыртын байланыс жасады – мыс деген желеу ғана . Заки Валиди Тоған ол кезде Берлинде тұратын. Кейін ол Стамбул университетінің профессоры, түркітану мен түокі тарихы ғылымын жаңа арнаға түсірген әлем таныған ғұлама атанды. Алғашқы тергеудегі сұрақ та соған қатысты болды. Әлекең де сұраққа нықтап және асқан дәлдікпен жауап беріпті.
Әлихан Бөкейхановтың өзінің айтуынша оның жер туралы мәселесі төмендегідей: » Менің жер туралы саясат жөніндегі пікірім мынаған келіп саяды: жерді орыстар мен (қоныс аударып келушілермен) қазақтарға тең бөліп беруге болмайды, өйткені орыстар жерді өңдеу мәдениетін жақсы меңгерген, олар жерді қалайда ұтымды пайдаланады да, кезі келгенде қазақтарды қанауға кіріседі.»
Әлихан Бөкейханов 27.V.1929. Мені Жер жөніндегі халық комиссариятының жер туралы іс-әрекетіне араласады-мыс деген жайға келетін болсақ, ашығын айтайын, ол арада менің сөзімді тыңдай қоятын ешкім жоқ. Голощекиннің Сұлтанбековті айыптап: » ол Мәскеуге келген кезде Голощекинге келмей маған келді,-» деген жаласын мен мойындамаймын. Істің анығы былай. Республиканың Жер жөніндегі халық комиссары болғандықтан да кесімді жер мөлшерінің ережесін РСФСР-дің Мемлекеттік жоспарлау Мекемесіне (1927) бекіттіру үшін Мәскеуге келді. Жердің кесімді мөлшерлері қазақ мекемелерінде Швецовтың көмегі арқылы жасалып, бекітіліп кеткен болатын. Енді сол кесімді жер мөлшерін РСФСР-дің мемлекеттік жоспарлау мекемесінде тағы да қорғауы үшін Швецовты » ертіп барғысы келді де, сол үшін маған қолқа салды…»
М.Төлепов деген азаматтың хатында былай делінген: » КССР-дағы біздің партиямыздың алдында өзінің шешімін табуға тиісті көптеген күрделі мәселелер тұр. Соның ішіндегі ең бір шиеленіскен әрі қиын, саяси және шаруашылық тұрғысынан алғанда өте маңызды мәселелер – жер мәселесі». Бұл жөнінде неше түрлі пікірлер айтылып, қилы-қилы » қисындар «, «тұжырымдар » мен «көзқарастар » қалыптасып отыр… сынау күрделі ішкі мәселелер жөнінде Бөкейханов Әлихан сияқты контрреволюциялық элементермен пікір алысып… » яғни Бөкейхановтың дер мәселесіне орналасуына жақсы қабақ танытпағаны анық.
Бөкейхановтың жер мәселесіндегі қоғамдық с-саяси көзқарастарының негізі ата-бабадан қалған жерді жоғалпау екені бәрімізге түсінікті сияқты. Ертедегі ғұлама, ойшылдардың » жер, ел » жайлы философиялық толғауларын жалғастырушылардың бірі Әлихан болды деуге болады.
Қазақ елін өркениетті елдер көшіне қосу сол шақтағы көзі ашық азаматтарымыздың ең басты арман-мақсаты болғандығын енді ғана түсініп отырмыз. Халқымыздың өткен тарихында елеулі тұлға болған қайраткерлердің бірі — Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. (Ол еркіндік пен теңдікті аңсаған отбасында өсті.) » … Бостандықты туғызған мен емес, орыс ерлері. Мен олардың жанында жолдастыққа жүрген кісі. Жүз жылдан бері бостандық үшін асылған, атылған солар. Тәңірі жарылқасында соларға бұрын айту керек,- » деп көрсетті. Осы орайда Әлихан Бөкейхановтың революциялық, гуманистік дәстүрлерді өз бойына сіңіріп қана қоймай, бостандық, теңдік және туысқандық деген құдіретті сөздердің ұрығын өзі өскен ортаға, қазақ даласына кеңінен тарата білгенін айтқан жөн.
» Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды. Ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды. Малына да, басына ие болмайды,-» деп ол туған халқын азаттық үшін күреске шақырды.
1913 жылы 2 ақпанында шыға бастаған » Қазақ » өзінің биік өресімен, надандықтың құрсауында жатқан қазақ елін ояту ісіне қызмет етумен бірге, өз кезегінде шығарушыларын да тезірек саяси кемелденуіне игі ықпалын тигізгені даусыз. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов түрлі зәру тақырыптарға арналған публицистикалық және ғылыми мақалаларының тек қазақ тарихында ғана емес, ғасыр басындағы жалпы Ресей Империясы көлеміндегі азаттық қозғалыс шежіресінен өзіне лайық орын алатындығын мақтанышпен айтуға болады.
Қыр баласының «Қазақ» газеті арқылы көрінген белсенді ағартушылық және публицистикалық қызметі 1916 жылдың дүрбелеңіне дейін созылды. Осы жылғы 25 маусымдағы патша жарлығынан кейінгі уақытта тағдыр Ә.Бөкейхановпен оның серіктерімен майдандағы тыл жұмыстарына жіберілген қазақ жігіттерінің артынан аттанды. Осы тұстағы қазақ интеллигенттерінің артынан аттанды. Осы тұстағы қазақ интеллигенттерінің майдандағы жұмысшыларға көрсеткен ағартушылық, дәрігерлік және басқа қызметі ұлттық интеллегенция тарихының жарқын беттеріне жатады. Сол атқарылған істің басы-қасында Әлихан Нұрмұхамедұлының өзі тұрды. Сол үшін де ол » Алаштың Әлиханы » деген құрметті атқа ие болды.
Әлихан Бөкейханов үшін өмірінің соңына дейін ең негізгі мәселенің бірі – жер мәселесі болды. Ол бұл мәселе де досы да, жауы да мойындаған білікті маман еді. Өкінішке орай жер мәселесін шешуге байланысты дәлелді ұсыныстар ескерусіз қалды. Әлихан Бөкейханов ұсынған Қазақстандағы жерді игеру принциптері мынаған саяды:
Қазақ бұқарасы түгел жер еншісін алып болғанша келімсектердің келуі тоқтауға тиіс. Жер үлесін алдымен патша заманында ата қонысынан айырылған жергілікті халық алуы керек.
Адамға, үйге тиетін жер үлесі шаруаға жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Барлық облыс аудандарда жер үлесін, нормасын жергілікті жер комитеттері белгілейді.
Қазаққа жер кесілгенде ауылға, ұлысқа, руға өздерінің тілегіне қарай бөлінеді. Жерді бірге алған ру, ауыл болыс өз ішінде өздері тәртіп жасап, әділдікпен пайдаланады.
Жерге атты казактардың ерекше құқықтары біржола жойылды. Жер сыбағасы жергілікті халыққа бұрынғы тұрғын жерінен, яғни ата-қонысынан беріледі «Ертіс бойындағы он шақырымдағы қазақ Ертістен жер алсын. Атты казак бермейміндер, біз ертістен кетпейміз, жер алмай қоймаймыз. Жерді жолмен законмен аламыз».
Жерді сатуға тыйым салынады. Үлестен қалған жер мемлекет қазынасына өтеді, мұның билігі жұрт мекемесі қолына өтеді.
Қазақ мемлекетінің жер үстіндегі түгі, суы, астындағы кені Алаш мүлкі болып табылады.
Осы айтылған мәселелер неше жылдар өтсе де әлі өзінің өзектілігін жоғалтпай отырғанын бүгінгі таңда байқап отырмыз. Атам заманнан бері қазақ өз жері үшін жанын салып күреске түсіп келгені тарихтан белгілі. Қазақ топырағындағы философиялық толғамдар да осы төңіректе өрбісе керек. Әлихан Нұрмұхамедұлының көзқарастарындағы мәселенің философиялық аспектісі де осы жерден келіп шығады.
Әлихан Бөкейханов жаңа мемлекеттік аппаратты құруда да шамамен осы сипаттағы принциптерді басшылыққа алуды ұсынады. Бұл ретте ол былай деп көрсеттік. «Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын алып жүре алмайды. Олай болса көп ретте Ресейді бір орыстың билеймін дегенінде мағына жоқ. Ресей тілі өзге, тұрмысы, қаны басқа жұртқа автономия беруі керек».
Оның пікірі бойынша мемлекеттік дербестік ұлттық өркендеудің алғы шарты. «Қазақты автономия қылсаң,- деп жазды ол,-Қараөткел алаштың ортасы, Сонда университет салып, қазақтың ұлын, қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш-Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Европа сонда білер еді-ау. «Қозы Көрпеш –Баянда» Баян махаббат жолына өзін құрбан қылған. Мұны шығарған жұрт махаббатты сынай, бағалай біледі. Мұндай жұрттың қатыны келешекте ұл туып тұр, аты бәйгеден келіп тұр! Қазақ жұрты келешекте кіммен болса да қатар отыруға ұялмайды [ 3;74 ].
Өмірді күрес деп түсінген Ә.Бөкейханов Алаш партиясын құруда да осы мақсаттарды іске асыруды көздеді. » Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген мәлімдемесінде ол: » Кадет партиясы жер адамға меншікті боп берілсе де жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса башқұртша көрші мұжыққа сатып, біразда жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді.
Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық.
Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молла хүкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болмақ… Сондықтан хүкімет ісінен бөліп қойған болады. Оны орысша » отделение от государства» дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме теріс қарайды. Осы жол айрылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң… Алаш партиясын ашуға тырыстым. («Қазақ», 1917, №2567).
Алаш партиясының сол шақта ұйымдық тұрғыдан құрылып үлгермегендігі де рас. Уақыт, уақиғалар ағымы мұндай мүкіншілік те бермеді. Әлжуаз Уақытша өкімет күн сайын ел ішіндегі биліктен айрыла берді. Ал бұл жағдай өз кезегінде түрлі террористік актілерге ұласып отырды. Елге тұрақтылық беретін саяси биліктің жоқ болуы, әсіресе қарусыз даярлықтан мақұрым қазақ еліне ауыр тиді. Барлық жерде зорлық-зомбылық етек алды.
Міне, осындай жағдайда Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысы және ұйымдастыруы бойынша 1917 жылы 5-13 желтоқсан күндері Орынбор қаласында қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған екінші жалпықазақ съезі болып өтті. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе – ұлттық автономия туралы баяндама жасаған Ә.Бөкейханов болды. Съезд бұл мәселе бойынша қарар қабылдап, онда «Алаш облыстарын қазіргі бүлікшіліктен қорғау мақсатымен уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты » Алашорда» болсын -«деді. Он бес адамнан тұратын бұл өкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Ә.Бөкейханов салынды. Бұл, әрине Әлихан Нұрмұхамедұлының өзін бақытты сезінген сәттерінің бірі еді.
Империя көлемінде қалыптасқан жағдай Алошарда өкіметіне келесі 1918 жылдың күзіне дейін іске кірсуге ырық бермеді. Ал оның төрағасы Қазан революциясы жеңгеннен кейінгі кезеңде жасырынып жүріп қызмет атқаруға мәжбүр болды. Өйткені, ол большевиктердің бағдарламасын қолдамады; Кеңес өкіметін » найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен» орнаған билік деп түсінді. 1917 жылғы 10 желтоқсанда «Южный Урал» (Орынбор) газетінде жарияланған үндеуінде ол В.И. Ленинді, большевиктер партиясын демократиялық принциптерді аяқ асты етушілер есебінде айыптады.
Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі баррикаданың екінші жағында, яғни Кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ казктар мен патша генералдарының соңынан ерді. Ондағы басты мақсат та – жерін сақтап қалу болды.
1925 жылы Қазақстандағы саяси билікке Голощекин келгеннен кейінгі уақытта республикадағы жер мәселесі қайтадан шиеленісе бастайды. Оған себепші болған бұл мәселені шешуде бірінші кезекте ескі патшалық билік тұсында көп зардап шеккен қазақ бұқарасының мүддесін есепке алудың орнына, орталық биліктің қолдауына сүйене отырып отарлаудың жаңа кезеңін ашуды көздеген жаңа басшылықтың өктем саясаты еді.
Ғасырлар бойы өз шешімін таппай келген жер мәселесі Қазақстанда революциядан кейінгі алғашқы кезеңде шешілуі толық мүмкін еді.
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Құқық және экономика колледжі
Орындаған: Ғалымұлы.Д
Тексерген:
Алматы 2005