АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат: Алматы облысы №2 кәсіптік мектеп жағдайында «Ауыл шаруашылық машиналары» пәнінен «Астық комбайнының молотилкасы» тақырыбына әдістеме жасау

Реферат

 

Сұртаев Д. Алматы облысы №2 кәсіптік  мектеп  жағдайында  «Ауыл  шаруашылық  машиналары»  пәнінен  «Астық комбайнының молотилкасы»  тақырыбына  әдістеме  жасау.-Дипломдық  жұмыс,  Алматы,  Қаз ҰАУ, 2009,                   бет.

Жұмыстың  бірінші  тарауында  Алматы облысы №2 кәсіптік  мектебінің  оқу   өндірістік  жағдайларына  қысқаша  сипаттама  берілген.

Методикалық  тарауда  кәсіптік  мектептің  оқу  процесін  ұйымдастыруға  арналған «Ауыл  шаруашылық  машиналары»  пәніне арналып  төменгі  оқу  құжаттары   жасалынды:  күнтізбелік- сеткалық  график  құрылымдық-логикалық  сұлбасы,  пәнаралық  байланыс,  перспективалық  -тақырыптық жоспар,  звенолардың  алмасу  кестелері  жасалды.

Конструкциялық  тарауда комбайнның бастыру аппаратының құрылымы   берілген.

Дипломдық  жұмыстың  соңғы  тарауында  ауыл  шаруашылық  өндірісінде  техникаларды  пайдаланғанда  сақталатын  еңбек  қорғау  шаралары  мен  өртке  қарсы  ережелер  берілген.

Пайдаланған  әдебиеттер; Қорытындылар

 

 

-сурет;                                -кесте;                                     -әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 
   

 

 

          Қазіргі  қоғамда білікті, білімді, жаңашыл технологияларды меңгерген, ауылшаруашылығын дамытуға айрықша үлесін қосатын инженерлік техникалық мамандықтарға деген сұраныс  зор. Яғни қоғам шығармашыл, белсенді тұлғаларға мұқтаж.  Өйткені  оны  шебер,  озық  тәжрибелі  жоғары  іскерлік  пен   маманданған  кадрлар  меңгергенде  ғана  егістіктер  мен  комплекстерге  бар  күш  қуатын  жұмсай  алмақ. Осы  себепті  де  мемлекетіміз  басқа да көптеген  міндеттермен  бірге  ауыл  шаруашылығына  көпшілік  мамандық   кадрларын  даярлауды  жақсарту.  Әр  еңбеккерді  өзіндік  және  ұжымдық  рухында,  халық  игілігіне  оның  ішінде  және  бірінші  кезекте  ауылдық  жерлерде  өндірістің  ең  басты  құрал  болып  табылатын  жерге,  техникаға,  тыңайтқыштарға,  мұнай  өнімдеріне  ыждағаттылықпен  қарау  рухында  тәрбиелеу  міндетін  қойып  отыр.  Сонымен  қатар  қазіргі  Егеменді  Қазақстанымыздың  экономикасы  жоғары  деңгейде  деп  те  айта  алмаймыз,  соның  әсерінің  бірі  деуге  болады,  ел  техника тапшылығы,  Республиканың  нарықтық  экономика  программасы  белгіленген  ауқымды  шаралар  комплексі,  оны  іске  асырудың  түпкі  нәтижесі  еңбек  құралдарын  өндірістік  экономикасы мен  техникасын  ұйымдастыруды  жаңа  принциптерге  байланысты  сапалы  түрде  қайта  құру,  бұл  ауыл  шаруашылық  жұмысшылары  еңбегінің  сипаты  мен  мазмұнын  түбегейлі  өзгертсе,  яғни  индустриялды  еңбегінің  бір  түріне  айналады.

          Ауыл  шаруашылығының  дамуының  жаңа  жағдайында  тек  кәсіби  даярлығын  жоғары  ете  алады.  Қазіргі  тракторлық    машинистер  өндірістің  міндеті  мен  мақсатын  терең   түсінетінін  білімге,  біліктілікке  және  дағдыға  ие  болу  керек.  Ол  өзінің  әр  қимылын  творчестволық  тұрғыдан  ойластыру,  қабілетін  игеріп,  нақты  жағдайға  бағдарлануы,  бірнеше  мамандықты  игеруі  қажет.  Облысымыздың  орта  кәсіби – техникалық  мектептерінде  жыл  сайын  үш  мыңнан аса  түрлі  мамандықтар  ауыл  шаруашылығы тауар өндірушілер  қатарын  толықтыруда,  онда  оқитын  кең  профилді  тракторшы – машинист  мамандығымен  қоса  автомобиль  жүргізуші  мамандығында  алады.  Сондықтан  болашақ  механизатордың  кәсіби  шеберліктеріне  сай  болуы  өте қажет.  Демек  орта  кәсіптік-техникалық  мектептердің  инженер – педагогтардың  кәсіптік  әдістемелік  даярлықтарын  өзгертіп,  теория мен  әдістемелік  білімдерін  арттыру,  педагогикалық  дағдылары  мен  шеберліктерін  жетілдіру  өскелең  заманымыздың  өзекті  мәселелерінің  бірі. 

 

 

 

 

 

 

          Осыған  орай  жаңашыл  педагогтардың  оқыту – әдістемелік  әдістерін  сабақ  процесінде  кең  пайдалану,  жеке  пәндерді  оқыту  әдістерін  дамыту  жұмысында  әлі  де  басқа  кемшіліктер  бар.

           Дипломдық  жұмыс  тақырыбына  орай  ауылдың  арнайы  мектептер  мен  ауыл  шаруашылық  колледжінің  оқу-тәрбие  процесінде  арнайы  пәндерді  оқыту  әдістемелерді  маңыздылығы  ескеріліп,  әсіресе, «Ауыл  шаруашылық  машиналары» пәнінің  маңызы  зор.  Ауыл  шаруашылығында  күллі  аграрлық  өндіріс  негізін  егіншілік  қалайды.  Ауыл  шаруашылығы  —  халық  шаруашылығының  негізгі   салаларының  бірі.  Ауыл шаруашылығын  ілгері  дамытуда  өнім  өндіру  үшін  қолданылатын  машиналардың  материалдық-техникалық  базасын  жасау  ерекше  орын  алады.  Сондықтан  мемлекет  бұл  мәселеге  ерекше  көңіл  бөлуде.

Ауыл  шаруашылық  машиналарын  пайдаланудың  түпкі  мұраты  —  дақыл  өсіру  жұмысын  агротехникалық  мерзім  ішінде  түгелдей  және  саналы  атқарып,  жарақталған  жұмыстың  экономикалық  тиімділігін  қамтамасыз  ету.  Жоғарыда  аталған  машина  пайдалану  ісінің  әрқайсысы  ос  мақсатқа  қызмет  етеді.  Олардың  әрбіреуінің  өзіндік  атқару  технологиясы,  техникалы  инженерлік  қызметі мен  материалдық  —  техникалық  қоры  бар.

Солардың  бәрінің  түрлі мақсатқа  жұмылдырудың  ұтымды  жолын  «Ауыл  шаруашылығы»  машиналар  пәні  зерттеп,  оның  технологиялық,  техникалық  және  ұйымдастыру  шарасын  белгілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

   Реферат   ……………………………………………………………………………………………..

   Кіріспе    ……………………………………………………………………………………………….

 

  1. Алматы облысы №2 кәсіптік мектеп оқу­-өндірістік сипаттамасы
    • № 2Кәсіптік мектеп туралы жалпы мағлұмат……………………………………….

1.2.   Кәсіптік мектептің оқу өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама………..

1.3 Кәсіптік мектептің табиғи-климаттық жер жағдайы……………………………….

1.4 Кәсіптік мектептің материалдық техникалық базасы………………………………

1.5 Тракторлар  және автомобиль кабинеті………………………………………………….

1.6 Кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының

оқу — өндірістік жұмысына талдау жасау……………………………………………………

1.7 Кәсіптік мектептің педагогтарына сипаттама………………………………………….

1.8 Кәсіптік мектептің әкімшілік – басқару жұмыстары……………………………….

1.9 Оқу жылының міндеттері………………………………………………………………………

 

  1. Методикалық тарау

 

2.1 «Ауылшаруашылығы машиналары » пәнінен оқу процесін   талдау…………

2.2.«Ауылшаруашылығы машиналары» пәнінен оқу бағдарламасын талдау…..

2.3. «Ауылшаруашылығы машиналары»  пәнін оқыту кезінде оқытушының алатын рөлі…………………………………………………………………………………………………..

2.4. Маманда пән бойынша білім, білік және дағды жүйелерінің  қалыптасуындағы тақырыптың орны мен мәні………………………………………………

2.5. Берілген кәсіп бойынша тақырыптық оқу процесінде алатын орны мен мазмұны………………………………………………………………………………………………………

  • «Ауыл шаруашылық машиналары» пәні бойынша 1 курсқа арналған күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру………………………………………………….

2.7 «Ауыл шаруашылық машиналары» пәні бойынша 1 курсқа арналған күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру………………………………………………………

2.8 Құрылымдық-логикалық талқылау………………………………………………………….

2.9. Перспективалы-тақырыптық жоспар………………………………………………………

  • Сабақ жоспарын жасау әдістемесі……………………………………………………….

2.11.Лабораториялық-практикалық сабақтардың әдістемесін жасау………………

  • Кіріспелік нұсқауға қысқаша мазмұндама жасау………………………………….

2.13.Оқушылардың жұмыс орнындағы жұмыс кестесін жасау………………………

 

 

 

3.Конструкторлық тарау

 

  • «Сибиряк» аппаратының бастыру аппараты…………………………………………….

 

 

  1. Еңбек қорғау тарауы

4.1.Тракторларды  пайдаланған  кездегі  қауіпсіздік  шаралары………………………

4.2.Ауыл  шаруашылық  машиналарында  жұмыс  істеген  кездегі

қауіпсіздік  шаралары……………………………………………………………………………………. 4.3. Өртке  қарсы  шаралар…………………………………………………………………………….

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер …………………………………………………………………………..         Қорытындылар ……………………………………………………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Алматы облысы, № 2 кәсіптік мектептің

оқу-өндірістік сипаттамасы

 

  • № 2Кәсіптік мектеп туралы жалпы мағлұмат

 

№2 Кәсіптік мектебі 1933 жылы құрылған. Алғашында мектеп тракторист, комбайнер мамандығы бойынша түлектер дайындап шығарған. 1935 жылы 3 мұғалім, оның ішінде 1 жоғары біліммен, 2 орта – техникалық біліммен жұмыс істеді. 1937 жылдан бастап автомеханик, электромеханик, диспетчер, шофер мамандықтары қосылды. Бұл мектеп өз тарихында 50 мыңнан астам жас мамандар дайындап шығарды.

Қазіргі кезеңде мектеп 660 оқушыға арналған жаңа үлгідегі оқу-өндірістік комплексі, жақсы жабдықталған оқу аудиториялары, лабораториялар стадион, спорт залы, асхана, акті залы бар. Бұл оқу орында әр түрлі көркем өнерпаздар үйірмелері, футбол, волейбол, баскетбол секциялары жұмыс істейді. Мектепке қазіргі кезде ГАЗ-53, ЗИЛ-130, КамАЗ автомобильдері, К-701, Т-130, МТЗ-82тракторлары жұмыс істейді.

 

1.2. Кәсіптік мектептің оқу өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама

 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің бекітілген шешіміне орай 1992 жылдың 22 желтоқсанынан бастап орта кәсіби –техникалық училищесі №2 кәсіби –техникалық училищесі болып аталды.

Қазақстан Республикасының министрлігінің №152 бұйрығымен 16.05.2008 жылдан бастап №2 кәсіптік мектеп болып өзгертілді.

№2кәсіптік мектеп төмендегідей мамандар даярлап шығарады:

  1. 3001081 – Автомобильді жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету слесарь, авто электрик
  2. 0821001 – Тамақтану мекемелерінің маманы
  3. 4120001 – Әмбебап тігінші
  4. 29160001 – Газ электр д2некерлеуші
  5. 4431001 – Ауыл шаруашылық электр құралдарын жөндеуші
  6. 4301001 – Кең профильді құрылысшы – шебер электр газ темір дәнекерлеуші
  7. 29160001 – Газ электр дәнекерлеуші токарь

Қазіргі таңда №2 кәсіптік мектеп  республикамыздың  үлгілі оқу орындарының бірі болып саналады. Сонымен қатар машина жөндеу, ағаш өңдеу, автомобиль транспорты, энергетикаға, ақпараттық орталықтарға және экономикалық өндірістік салаларға үздіксіз орта – арнайы білімді мамандар дайындауда.

 

 

 

 

 

 

  • Кәсіптік мектептің табиғи-климаттық жер жағдайы

 

Алматы облысы Қазақстанның оңтүстік – шығысына орналасқан. Облыстың батыс жақ  бөлігін ұлан байтақ балқаш бойы шөлді жазығы алып жатыр, ал оңтүстігі Іле Алатауы мен Күнгей Алатауы таулы жоталарымен көмкерілген, мұның өзі облыс климаты мен топырағына алуан түрлі сипат береді. Мұнда барлық ландшафтарды, табиғат аймақтары мен климаттарды – құрғақ ыстық шөлден альпілік және субальпілік шалғындарға, сондай-ақ мәңгі қар басып жатқан биік таулы климатқа дейін кездестіруге болады.

Облыс халқы – көп ұлтты. Мұнда қазақ, орыс, ұйғыр, дұнған, корей, неміс, татар, азербайжан, сондай-ақ басқа да ұлттардың 807 мың адам болады, оның 160 мың (19 процент) – қала халқы, 647 мың (81 процент) – село халқы.

Облыс шаруашылықтарын мамандыру бірқатар табиғат аймақтарының табиғи ресурстарын комплексі пайдалану негізінде жүзеге асырылып, келеді. Мысалы, мал шаруашылығына, бір жағынан, биік таулы аймақтарда өсетін әр түрлі шалғынды өсімдіктерге бай жазғы тау жайылымдары пайдаланылса, екінші жағынан, тау бөктеріндегі қысқы жайылымға бай құмды мекендер пайдаланылады. Топырақ – климат жағдайы қолайлы тау бөктерінде шаруашылықты қарқынды жүргізуге мүмкіншіліктері мол. Мұнда тәлімі жер жағдайында дәнді дақылдар, суармалы жер жағдайында техникалық, көкөніс және бақша дақылдары, картоп өсіріледі, сонымен қатар өнеркәсіптік бау шаруашылығы мен жүзім шаруашылығы өркендеп келеді.

Аталған кәсіптік мектеп таудағы жеміс шаруашылығы, картоп шаруашылығы және етті мал,сауын сиыр шаруашылығы аймағы жатады. Бұл қоңыр салқын, ылғалды аймақ Іле сыртқы Алатауының солтүстік беткейі мен Кетпен жотасының солтүстік және оңтүстік бейнелерін алып жатыр. Аймақ Нарынқол, Кеген, Еңбекші қазақ, Іле және Қаскелең аудандарын  қамтиды. Аймақ территориясы біршама шағын – 995,4 мың гектар, яки облыс территориясының 4,7 проценті. Соған қарамастан ол ауыл шаруашылығы өндірісіне белгілі дәрежеде ықпал етеді. Мұнда Алматы облысындағы бүкіл тау көлемінің 33,2 проценті, жазғы жайылым көлемінің 34 проценті және егістік көлемінің 6 проценті орналасқан.

Климат жағдай біршама жұмсақтығымен, жылу мен ылғалдың жақсы үйлесушілігімен ерекшеленеді, мұның өзі тәлімі егіншілікті өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Шілдедегі температура әдетте 22-23 градус жылылықтан, қаңтардағы температура 5-6 градус аяздан аспайды. О градустан жоғары температурадағы жылы кезеңде оң температуралардың қосындысы – көптеген аудандарда 2400-3400 градус, шығыс аудандарда 2000 -2400 градус.

Аймақтың төмендегі шекарасында ауаның температурасы 10 градустан жоғары кезең сәуірдің екінші он күндігінде басталып, қазанның бірінші он күндігінде аяқталады. 10 градустан жоғары орташа тәуліктік оң температуралардың қосындысы 2000-3000 градусқа тең. Тауға көтерілген сайын жылы кезең мен жылылықтың қосындысы шұғыл төмендей бастайды. Аймақтың жоғарғы шекарасында оң температуралардың қосындысы 2000 градусқа дейін ал 10 градустан жоғары температура кезеңінде 1400-1500 градусқа дейін кемиді. Аязсыз кезең төменгі шекарада 5-5,5 айға созылып, жоғары шекарада 3 айға дейін қысқарады.

 

 

  • Кәсіптік мектептің материалдық техникалық базасы

 

Құрылыс ғимараты типтік жобамен салынған. Жалпы ауданы 15648 м2, пайдалы ауданы 14220 м2, оқу бөлімінің  ауданы 11020 м2 . Сабақ жүргізілетін кабинеттер – 25, зертхана – 10 . Компьютерлік (шеберхана) класс оқу-өндірістік шеберхана 920 м2 . Сәулет сарайы, жабық спорт зал оның 648 м2 . Спорт алаңы – 2, (220орындық). Асхана 1 (200 орындық), оқу залы – 1, гардероб -1, медициналық кабинет – 1. техникалық оқу құралдарының түрлері: компьютерлік техника, олардың саны: компьютерлік класс-3, приставка «Кравер-Стерео-2», Кинопроектор КПШ-4; Киноаппарат «Украина» — 1, Кодоскоп -4, Диапроектор АЭТШ-11, пеленг ЛД-7, Музыкалық аспап -1, Компьютер-18, Факс-1, Көшірме аппарат-1, телевизор-1, Видеомагнитофон-1.

Транспорттық және оқу құрал-жабдықтар саны: Трактор дөңгелекті -3, шынжыр табанды трактор – 2, автомашина -7, автобус КАВЗ-1, Трактор принципі -3, Соқа-3, тырма – 9, культиватор -1, токарь станогы-9.

 

  • Тракторлар және автомобиль кабинеті

 

Плакаттар – 105.

Қозғалтқыш қимасы ЗМЗ-53, Д – 240.

Электрлі стенд – 12 шт.

Қозғалтқыш трансмиссия және жүріс бөлігі: Плакаттар – 8, стендтер -5. Жастардың еңбек қорғауы.

Асхана – 600 орындық жұмыс істеуде. Тоңазытқыш – 1, Холодная витрина – 1.

Медициналық пункт – 1. Студенттер бос уақыттарын үйірмелерде өткізуді: оның ішінде би, сурет, спорттық ойындар, баскетбол, теннис, волейбол.

Жатахана – 2,440 орындық. Факті бойынша 57 адам орналасқан. Колледждің материалдық техникалық базасын жетілдіру және жасау негізінен мемлекеттік тапсырыс есебінен іске асады. Колледждің мемлекеттік мүлік оның оралымдық басқару құқығына беріледі.

Лабораториялық цехтер.

Жоспар бойынша.

Слесарлық цех-1, Верстанки слестные 9 дана. Кузнецтер цехы – 1, Горк-2, оковальный-3, кузнец жабдықтары.

Сваркалық цех-1.

  • сваркалық пост – 3.
  • Сваркалық трансформатор
  • Газбен сваркілеу техникасы 1 комплект.

Механикалық цех – 1

  • Токарлық станоктар – 6
  • Фрезарлық станоктар – 1
  • Расточкалық станоктар – 2
  • Хонингілеу станогы – 1.

 

  • Кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының

оқу — өндірістік жұмысына талдау жасау

 

№2 кәсіптік мектептің өндірістік цехы талапқа сәйкес жұмыс істейді. Тәжірибе шаруашылығында бидай мен арпа өсіріледі. Шағын диірмен мен наубайханада ұн тартылып, нан шығады. Арпа мен ұнның ұнтақтары, қалдықтары жем ретінде даярланады. Жалпы кәсіптік мектептегі тәжірибе шаруашылықтарында, цехтерде мұғалімдердің жетекшілігімен оқушылар үйреніп, жұмыс жасайды. Мәселен, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша оқитын оқушылар лабораторияда жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу шағын цехтарында істейді.

Оқушылар негізгі мамандықтарымен қатар қосымша, сабақтан тыс 14 мамандық бойынша қысқа курстарды оқи алады. Олар:

  1. В және В,С категориялы жүргізушілер
  2. Трактор – машинист
  3. Газ – электр дәнекерлеушісі
  4. Телевизор жөндеуші
  5. Бухгалтерлік есеп
  6. Компьютерде іс қағаздарын жүргізу
  7. Шаштараз
  8. Киім пішу мен тігу
  9. Стол тағамдарын әзірлеу
  10. Автомобиль электр жүйесін жөндеуші

Бұл мамандықтардың барлығы облыстық еңбек биржасымен халықты әлеуметтік жағынан қорғау мекемелерімен келісіліп, бүгінгі еңбек нарығының қажеттілігіне қарай бағытталған. Оқу талапқа сай жабдықталған лабораториялармен шеберханаларда өтеді. Онда білікті мамандар сабақ жүргізеді. Оқуды бітірген соң арнайы куәліктер беріледі.

Кәсіптік мектепте екі спорт залы бар. Оқушылар сабақтан тыс уақытында баскетбол, волейбол, футбол, теннис, таэквондо, каратэ және т.б. спорт түрлерімен айналысады. Оқу корпусын көгалдандыру, сабақ өту мақсатында мектеп оранжереясында, класс бөлмелерінде, әсемдік үшін жасыл желектер мен өсімдіктер өсіріледі.

Кәсіптік мектепте «Фермерлер, бау-бақша өсірушілерге кеңес беру орталығы» бар. Мұнда мектеп мамандары ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысушыларға, жеміс жидек, бау-бақша өсірушілерге кеңестер беріп отырады.

Мектеп мамандарды тәрбиелеп, дайындап шығаруда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде, ауылдағы  шағын және орта бизнестің дамуында нәтижелі жұмыстар жүргізуде өз үлестерін қосуда.

 

  • Кәсіптік мектептің педагогтарына сипаттама

 

Кәсіптік мектептің педагогтар құрамы еңбек – шарт келісімен, білікті кадрлармен құралады. Барлық оқытушылар саны-48 адам, оның ішінде:

29 жоғары білімді, 18 орта арнаулы білімді;

21 оқытушы — жоғары категориялы;

5 оқытушы – 1ші категориялы;       

6 оқытушы – 2ші категориялы;

23 оқытушының категориялары жоқ.

Кәсіптік мектептің 5 оқытушысы «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» атағын, 2 оқытушының ғылыми дәрежелері бар. Барлық оқытушылардың арнайы жоғары білімдері бар.

Барлық оқытушылардың педагогикалық стажына талдау жасасақ:

17-20 жылдан — 8 оқытушы;

9-16 жылдан -10 оқытушы;

3-80 жылдан – 15 оқытушы;

3-4 жылдан – 15 оқытушы;

Оқытушылардың орташа жасы – 35 те. Кәсіптік мектептің педагогтары тұрақты жүйелі түрде барлық білім салаларына сәйкес өздерінің білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттырып отырады, онда ғылыми – практикалық, ғылыми — әдістемелік конференцияларға қатысумен, басқа жоғары оқу орындарымен қарым – қатнас жасаумен, магистратура және аспирантурада оқумен және басқа арнай курстарға қатысумен білімдерін жетілдіреді.

 

  • Кәсіптік мектептің әкімшілік – басқару жұмыстары

 

№2 кәсіптік мектептің әкімшілік – басқару бөлімінде 17 адам қызмет атқарады.

Директор жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламаларды, оқу процестерінің кестесін, ішкі тәртіп ережелерін және басқа қажетті құжаттарды бекітеді. Оқу орнының дұрыс жұмыс істеуін, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру, оқушылар мен  қызметкерлердің денсаулығын сақтау жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді және орындалуын тексеріп отырады.

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Е.С. Мамриев қызметі. Оқу орны уставының талабына сәйкес кәсіпорынның жұмысын ұйымдастырады, алдағы және қазіргі орындалатын жұмыстарға бақылау жасайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес оқытушылардың оқу жоспарлары  мен бағдарламаларын орындалуын қадағалайды, оқу процесінің сапалы орындалу мақсатында болашақ тақырыптың жоспарлар мен қажетті оқу — әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етеді. Сабақ кестелерін, емтихан және консультациялар кестесін жасайды. Оқу процесіне оқу құралдары мен  техникалық жабдықтарын тиімді пайдалануына, құжаттарды есепке алып, оны сақтауды, санитарлық – гигиеналық талаптар орындалуына атсалысады.

Оқу өндірістік шеберлерді жұмысқа алуға байланысты комиссия жұмыстарын басқарады.Өндірістік практикаға инновациялық оқыту технологияларының  элементтерін енгізу жолдарын қарастырады және енгізеді. Аға шеберлер, оқу өндірістік шеберлер және диплом алдындағы практика жетекшілері жұмыстарын басқарады.

Кәсіпорындарда, оқу лабораторияларында, өндірістік – шаруа учаскесінде, базалық кәсіпорындарда, өндірістік оқыту сабақтарында оқушылардың өмірін қорғау және денсаулық сақтау жағдайларына мүмкіндік жасау, жауап береді.

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ол оқу орындағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты, сонымен қатар оқушылардың тәрбие жұмыстарының жоспарын жасайды және жаңа тәрбие жұмыстарын енгізуді ұйымдастырады.

Бөлім меңгерушілері олар өз бөлімдерінде оқу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Оқу сабақ кестелерін жасайды және сабақтың уақытылы өтуін қадағалайды. Конференциялар, демалу кештерін, олимпиадалар және басқа іс-шаралар ұйымдастырады.

Әдістемелік кабинет меңгерушісі; Ол оқу орнының уставына сәйкес ғылыми — әдістемелік жұмыстарын басқарады. Қазіргі және болашақ оқу — әдістемелік жұмыстар жоспарларын ұйымдастырады. Педагог оқытушылардың авторлық бағдарламаларын, оқулықтары мен оқу — әдістемелік әдебиеттерін басылымға дайындауға және басылып шығуларын ұйымдастырады.

 

1.9. Оқу жылының міндеттері:

 

  1. Мұғалімдер оқушы білімнің сапасын арттыруда мектептің өзекті мәселесін 1 кезекте мақсат етіп қою.
  2. Оқушы білімнің сапасын арттыру әдістерінің тиімдісін күнделікті сабақта қолдану.
  3. Бағаны нақты қою арқылы оқушы білімін жылжыта отыра тереңдету.
  4. Іс – құжаттармен жұмысты өз мәнінде жүргізу.
  5. Жаңа оқу жылында оқушы білімнің сапасын тереңдету әрбір пән мұғалімнің жан-жақты шығармашылықпен ізденісі негізінде іске асырылсын.

6.Оқушы білімнің сапасын артыруға ата-аналар кеңінен тартылсын.

  1. Жаңа оқу жылында мектеп өзекті мәселесі басшылыққа алынып іс-шаралар жүргізілсін.
  2. Жеке оқушылармен жұмысты жалғастырып дамыту, жақсы оқитын оқушыларды жарыстарға толық қатысуын қамтамасыз ету.
  3. Өзара тәжрибе алмасу мақсатында баспаға барлық категориялары мұғалімдер баспаға материалдарын ұсыну.
  4. Ғылыми қоғамдардың жұмысын жандандыру.
  5. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ізденімпаз, жаңашыл мұғалімдер қатарын толықтыру.
  6. Әдістемелік күн ұйымдастыру.
  7. Мектепте ұлдармен жұмысты жандандыру.
  8. Жас ерекшеліктеріне қарай топқа бөлу. Қыздар, ата-ана, қиын оқушы жұмысын терең ұғына жоспарлау. Сынып жетекшілер шығармашылығын жандандыру. Айлықтарда сынып сағаттарын жоспарлауда оқушылардың жас ерекшелігін ескеру.

№4 кәсіптік мектептің өзекті мәселелері:

  1. Материалдық-техникалық базаны нығайту. Физика, химия, тарих кабинеттерін жабдықтау, компьютерлік іс бөлмелерді көбейту.
  2. Кітапхананы мұғалімдерге, шеберлерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар, анықтамалықтар, энциклопедиялармен жабдықтау.
  3. Жоғары оқу орындарының ғалымдарымен тікелей байланыста болуға жағдай жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Методикалық тарау

 

  1. «Ауылшаруашылығы машиналары » пәнінен оқу процесін талдау.

 

 

Білім беру ісін реформалауда егемендігіміздің болашағы жас жеткіншектерді тәрбиелеп, білім беруде кәсіптік мектептің алатын орны зор. Сондықтан, кәсіптік мектеп қызметін дұрыс атқаруы үшін өзіміз бағыт бағдарын мемлекеттік құжаттарға сәйкестендіре бағдарлап отыруға тиіспіз. Олай болса оқу орнының жоспар арқылы өз жұмысын алдын-ала белгілеп, ретті жүргізуінің маңызы жоғары.

Кәсіптік білімді стандарттаудың  негізгі міндеттері мыналар:

  • кәсіптік білімді міндет пен сапаға жеткізуді нормативті құжаттардың жүйесін жасау;
  • білімдік қызмет көрсетушілерді,ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерді біліктілік сатысына   сәйкес кәсіптік білімнің мазмұндық параметрлері жайында толық және дәл  ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • жұмысшылар мен мамандардың кәсіби дайындығы мен соңғы нәтижелеріне тиімді талаптар қою;
  • орындаушының көрсететін білімдік қызметінің сапалық көрсеткішін құптау.

Оқу жұмысын жоспарлы түрде жүргізудің негізгі кәсіптік мектептегі  барлық күшті ұжымды және жеке адамдардың еңбегін уақыт жағынан белгілі жүйеге келтіре отырып, бір мақсатты жұмыс істеуге жұмылдыру үшін қажет. Ол кәсіптік мектептердің басты орындарының және мемлекет нұсқауларын дер кезінде орындауға да қолайлы. Ол жеке звенолардың өзара бірлесе жұмыс істеуінің және олардың әрқайсысының іс-әрекетінің мазмұнын, қызметін, өзара байланысын анықтап, айқындай түсуге негізделе отырып, барлық тиісті оқу жұмыстарының мазмұнын қамтып, оның алдында тұрған міндеттерді іске асыруға негізделеді.

Жоспардың тиімділігі өткен уақытта атқарылған жұмыстардың жетістіктерімен кемшіліктерін саралап, атқарылған істерге дұрыс баға беріп, қандай іске көзін аудару қажеттігін анықтап, дәл бағыт беруге де байланысты. Сонымен бірге оқу-тәрбие жұмысының тоқсандық қорытындыларына, олардың саны мен сапасына, емтихан кезіндегі оқушылардың білім көлеміне, іскерлігі мен дағдысына, методикалық бірлестіктердің материялын зерттеуге, педагогикалық кеңестің, өндірістік мәжілістің, сондай-ақ оқу жылының қорытындыларына, оның саны мен сапасына терең талдау жасау барысында алдағы міндеттер белгіленеді.

 

 

 

 

 

Теориялық оқытуды жоспарлайтын негізгі құжаттарының бірі – перспективалы  тақырыптық жоспар.

Оқытушы пәннің тақырыбының оқу жоспарын бағдарламаға сүйеніп перспективалы тақырыптық жоспар құрады. Перспективалы жоспарды алдын-ала құрастырылады, яғни тақырып бойынша сабақ жүйесін анықтайды. Перспективалы жоспарды оқу материалы сабаққа радиальды бөлініп отырып, келесі сұрақтарды қарастыру керек:

  • оқыту жұмысының ұйымдастыру формасы;
  • сабақ барысындағы оқушылардың өзіндік жұмысы;
  • пәнаралық байланысты іске асыру;
  • тәрбиелік жұмыспен байланыс;
  • көрнекі оқу құралдарын, дидактикалық материалдарды және техникалық оқу құралдарын пайдалану жолдары;
  • оқушыларға үй тапсырмасын беру;
  • тақырып бойынша оқу және әдістемелік әдебиеттерді пайдалану және т.б.

Жоспардың компоненттерін мұғалім өзі анықтайды. Жоспардың компаненттері оқу пәніне, тақырыптың мазмұнына, кәсіптік мектептің оқу материалдық базасына , оқушылардың білу деңгейіне байланысты жасалады.

Перспективалық жоспарлау—мемлекеттің бағыт-бағдарын, халыққа білім беру министрлігі мен оның жергілікті оргондарының, әр шаруашылық региондарының экономикалық-әлеуметтік дамуының бүгінгі және ілгері мерзімді бағдарламаларына үйлестіре жасалады. Перспективалық талап тиімді болу үшін оның болашақ көзге анық—айқын елестете білу керек.

Перспективалық жоспар мектеп орналасқан жердің болашағын есепке ала отырып жасалады. Ол сол жердің саласындағы, оның экономикалық, мәдени әлеуметтік қажеттілігін есепке алады. Оларға маман әзірлеуге ат салысады. Олай болса барлық оқу-тәрбие жұмысын күрделендіруге тырысады, жауапкершілігін арттырады. Жоспар істелетін жұмыстың кестесі ғана емес оқу орнын басқарудың жолы, кәсіптік мектеп ұжымының жұмысына  жасалған жан-жақты талдау,  іргелі істелетін жұмыстардың оптимистік бағыты, педагогикалық білімнің болашағын оның айқындау арқылы қоғамға пайдасы, алған білімін бүгінгі және болашақ мақсаттарға сай қолдана отырып өзгеге де, өзіне де пайдалы адамдар тәрбиелеп шығарудың ілгерілетілген іс-әрәкеті.

Жылдық-жоспар кәсіптік лицей  бір мақсатқа дұрыс бағыттап, педагогикалық ұжымның, кәсіптік мектептердің  басқада қосалқы қызметін тиімді үйлестіріп, іске жұмылдыру үшін жылдық жоспар жасалады. Оған кәсіптік мектеп  директорының, оның орынбасарының, оқу-тәрбиеге байланысты барлық звенолардың жұмысына басшылық жасау мәселесі қамтылады.

Оқу жоспары – оқытудың көлемі мен мазмұны көрсететін ресми құжат. Мұнда оқылатын пәндер іріктеліп  алынып, тізімдері жасалады. Сонан кейін оны оқу жылдары бойынша іріктейді. Бөліп іріктеген соң олардың көмегімен, өмірден алатын орнына қарай сағат белгіленеді. Ол сағаттар оқу жылына, тоқсандарға, айларға, апталарға, бөлінеді.

Ал, біз қарастырып отырған пәніміздің оқу жоспары, бұл пән арнайы пән болғандықтан өзіндік ерекшеліетері бар. Арнайы пәндерге бөлінген нақты сағат саны және олардың жарты жылдықтарға бөлінуі оқу- материалының көлемін және күнделігін анықтауға мүмкіндік береді. Пәннің маңыздылығын сол пәннің бақылау түрінен сынақ жұмысы немесе емтиханнан байқауға болады.

Жалпы оқу жоспары – кәсіптер мен мамандықтардың біліктілік дәрежелеріне,  оқытудың базалық мерзіміне лайық оқу циклдері мен пәндерінің тізімі мен көлемінің республикалық деңгейін белгілейтін және аймақтық білім басқару орындарының білім мекемелерінің күнделікті жұмыстың оқу-бағдарламалық құжаттарын жасаудағы дербестік дәрежесін анықтайтын құжат.

Күнделікті жұмыстық жоспар – жалпы оқу жоспары негізінде аймақтағы сала, мамандықтар ерекшеліктері ескеріліп, ондағы және оқу  үрдісінің күнтізбелік құрылымы мен кезеңдерін нақтылы жасайтын оқу жоспары.

 

 

 

 

 

2.2.«Ауылшаруашылығы машиналары» пәнінен оқу бағдарламасын талдау.

 

Оқу бағдарламасы нақты пән бойынша оқыту мазмұнын түбегейлі ашатын құжат.

Оқу пәнінің бағдарламасы —  кәсіби –техникалық мектептерде оқыту мазмұнын  анықтайтын негізгі оқу бағдарламалық құжаттардың бірі. Ол оқу пәні бойынша білімдердің, білік пен іскерліктің және дағдылардың көмегін, практикалық және лабораториялық  сабақтардың өтілу реттерін, сыныптар бойынша бөлінуін, пәндердің мазмұнын анықтайтын құжат.

Бағдарламалар әр пәндер бойынша құралады, олар шығармашылықпен орындалуы тиіс.

Оқу бағдарламаларында қоғамның білім беру немесе ақыл-ой тәрбие жөніндегі нақты міндеттер мен мақсаттар көрсетіледі. Жалпы оқу орындарының бағдарламалары оқудың идеялығын, жүйелілігін, ғылымилығын оқушының мүмкіндіктері сәйкес келеді.

Барлық оқу пәндері жөніндегі бағдарламалар мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

— бағдарламалардың мазмұны ғылыми және әдістемелік жағынан ұстамды болуы,  ғылыми мәліметтерді бұрмалаудан тыс болып, ғылымның ақиқаттылығына және тексерілген қорытындыларына сәйкес болуы тиіс;

— бағдарламалардың материялдары теорияда алған білімі оның практикамен байланысты болуы тиіс;

— жалпы пәндер қоғамның және мәдениеттің жеке салаларынан мәліметтер берілетіндей тарихи материялдарды қамтуы тиіс;

— оқу бағдарламаларының  материялдарын бөлгенде оқушылардың оқитын материялдар мазмұны жағынан ғана емес, көлемі бойынша қалыпты, күштеріне сәйкес болуы керек;

— жеке пәндердің бағдарламалары өз ішінде байланысты болуымен қатар, пәнаралық байланыс принціпінде құрылуы тиіс;

— Қазақстан Республикасының тілдер заңды жүзеге асыру әрбір пәннің бағдарламасының оқу материялымен байланысты болуы керек.

Оқу бағдарламасы — бұл техника, технология және ғылым жетістіктерінің  мазмұнының дидактикалы өрісі.

 

 

2.3. «Ауылшаруашылығы машиналары»  пәнін оқыту кезінде оқытушының алатын рөлі.

 

   Мұғалімнің  қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебі мұғалімнің еңбегі өте жауапты әрі күрделі.

   Мұғалім – жалпы білім беретін оқу орындарында және кәсіби білім беру оқу орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.

   Қоғам мұғалімге балаларды сеніп тапсырып, оларға ықылас жасап тәрбиелейді, дүниеге көзқарасын дамытып, қалыптастыруды сеніп тапсырады. Мұндай орасон зор сенім мұғалімдерге қоғам алдында үлкен жауапкершілік жүктейді.

   Сабақа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім  өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.

   Мұғалімнің сабаққа дайындалуы – аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ  оқытуында ірі кемшіліктері болмақ.

   Кәсіптік мектеп оқу  үрдісінде арнайы пәндерді өткізуді жоспарлау барысында жылдық тақырыптық жоспар түзіледі. Ол мұғалім бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізіг ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдалынатын көрнекі және техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижделерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Тақырыптың жоспарды құрастыру бөлімінде, тақырыптарды дұрыс орналастыру мен пәнаралық байланыстыруын ашып көрсету керек. Күнтізбелік сеткалық кестені құрастырғанда оқу жоспарына сүйенеді курстағы  апталық оқу сабақтарының саның анықтау: тақырыптың қандай курста оқытылатындығын анықтау; пәннің тақырыптың жоспарына сәйкес, тақырыптың сызба бейнесін көрсету болып табылады.

   Тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде, оқу материалын оқып біледі, осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргізген сабақтардың тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды және сабақта тек білімділік міндеттері ғана емес,  сол сияқты тәрбие міндеттерінің шешілуіне де белгілейді.

   Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен  қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада білім беріп, жеке басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа тұтас тақырып бойынша даярлану белгілі бір оқу материалын мектепте өту үшін жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық және дара жүргізетін оқу жұмысын, сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын ескертуге мүмкіндік береді.

   Оқу бағдарламасының тараулары бойынша сабақтардың тақырыптарын жасап болғаннан кейін, іле-шала мұғалім алдағы әрбір сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін толық ойластырып алады.

   Жеке сабақтардың жоспары — әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол мұғалімнің тақырып жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізілетіндігімен анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар – тиімді өткен сабақ болып есептеледі.

   Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей:

1.Оқу бағдарламасының берілген тараулары бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады.

2.Сабақтың тақырыбы.

3.Сабақтың мақсаты.

4.Сабақтың құрылымы.

5.Сабақтың мазмұны.

6.Оқыту  әдіс-тәсілдері.

7.Сабақ құралдары.

8.Үй тапсырмасы.

  1. Қорытынды, сабақтың аяқталуы.

Сабақтың анағұрлым негізгі бөлігі – оның төртінші және бесінші кезеңі болып табылады.

Сабақтың әрбір құрамды буынына немесе дидактикалық элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Содан кейін барып оны қалған буындары мен мазмұны ашып көрсетіледі. Сабақты бұлай жоспарлау мұғалімге сабақ барысын нәтижелі ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады.

   Одан әрі қарай оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері қарастырылады.

  Мұғалім еңбек қызметінің барысында өз ісінің нағыз шебері болып табылады. Оның үстіне мұғалім кейде өз қызметінің бастысын, өзекті жолын тез тауып алады, оған өзінің күш жігерін жұмылдырады, бұл бағытта жетік береді, үлкен табыстарға жетеді. Мұғалім балаларға қажетті білімдерді қамтамасыз етіп, олардың ойлау белсенділігін оята алатын, жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін таңдап алады.

Мұғалім қызметінің табысы болуы оның өз қызметінің пәнін жете түсінуде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүние танымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді.

Мұғалім өз қызметін бастамас бұрын белгілі бір бағдарлама жасап алады, ол оқушының жеке басын, оның білім жүйесін, көзқарасын, ынта ықыласын жобалап алғандай болады. Осы бағдарламаға сәйкес ол өз жұмысының бағытын анықтайды түрлері мен әдістерін таңдап алады.

Мұғалімнің жұмысы табысты болуы оның балалармен өзара  дұрыс қарым-қатынас орната білуіне байланысты. Яғни бұл қарымқатынасты орнату үшін мұғалім әрбір оқушыны жеке дара зерттеп, бақылауы тиіс. Оны зерттеу барысында мұғалім топ оқушыларының әр қайсысына мінездеме жасайды. әрине әрбір оқушыға мінездеме құру оңай жұмыстардың бірі емес.

Бірақ бұл құрастырылған мінездеме оқушының өзар дұрыс қарым-қатынаста болуына, тәрбиелік жұмыстарды жиілетуіне әсерін тигізеді.

Мұғалім тәрбиелеу жұмыстарында оқушылардың мінезі мен қылығындағы өзгерістерге жауап аудара отырып, өз тарапына оларға  жеке мінездеме құрастырады.

Педагогикалық-психологиялық  сипаттама — ол ең алдымен оқушылардың қабілетін, бейімділігін, қызығуын, ынтасын қалыптастырады және оны байқау болып табылады. Оқушыларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан байқау оқушылардың психикалық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі.

Оқушылардың педагогикалық-психикалық ерекшеліктеріне, ынта-талаптарына, мақсат мүдделеріне, бейімділігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын мүмкіндік береді, жеке тұлғаның  танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді. Оқушылардың психикалық-педагогикалық мінездемелерімен, жеке құжаттарымен, оқушылардың педагогикалық тексерулерінің педагогикалық кеңес мәжілісінің әдістемелік кеңес хаттамаларымен танысу оқытушыға оқушылардың оқу-танымдық қызметінің даму деңгейі мен оқыл-ой  іс-әрекеттерімен ерекшеліктеріне, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі деңгейі мен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.

Педагогикалық-психологиялық сипаттама яғни байқау деп — оқушылардың оқуға қатынасын, дербестігін, еңбекқорлығын, ынталығын, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапасына деген жауапкершілігін, яғни әр оқушының жеке тұлғасының басты қасиеттерін айтамыз.

Ал, №2 кәсіптік мектеп оқушылар тобын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан айтатын болсақ, олар: оқуға деген қатынастары ұқыпты, көбісінің жауапкершілігі мол, мұғалімнің әр айтқан тапсырмасын дер кезінде орындайтын, өмірге деген көз қарастары кең Қазақстанның болашағына өз үлесін міндетті түрде қосатын, ауылшаруашылығын өз біліктілігімен, білімдерімен көрсетіп дамытатын, келешектерінен зор үміт күттіретін жастар деп ойлаймын.

   Сабақ — оқыту процесінің негізгі түрі, сондықтан пән иесінің сабақ барысында кәсіптік оқыту материалын нақты пайдалануы, оқушыларды өз мамандықтарын жақсы игеруіне үйретеді. Сабақ кәсіптік бағытта жүру үшін, мұғалім түсіндіретін оқу материалының бағдарламамен байланыстығын, сонымен бірге оқу материалының орнықты әрі мағыналы әсер етуін қадағалауды. Әлеуметтік және ғылыми техникалық сабақтар оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі түрі болып саналады. Ғылыми және идеялық жоғары деңгейде өтілген әрбір сабақ оқушыларға белгілі бір білім негіздерін беріп, ойлау қабілеті мен шығармашылық іс-әрекетін арттыруы. Тақырыпты оқып үйренуде жинақталған білімдерді көрсететін оқу диафильмдері мен кинофильмдерден үзінділерді, теледидар мен диапозиттерді көруі, оқушылардың болашақ мамандар клубының жұмысына қатысуы, бірлестіктердегі озаттар тәжірибесін көрмесіне экскурсия жасау, өндіріс озаттармен кездесулер, тақырыптық кештер, ғылым мен техниканың жетістіктерін, еңбек табыстарын насихаттайтын альбом, плокат, стендтер безендіру болып табылады. Егер мұғалім оқушыларға еңбек үйрету барысында оларға ғылыми заңдылықтарды қолдана білуді іс жүзіне асыруға мүмкіндік беруші еді. Пәнаралық байланыстарды оқушылар конструкторлық-техникалық элементтерді, материялдарды  пайдалана білуді, механикалық технологияны, еңбек мәдениеті мен өндірістік әстетиканы аңғаруды, сонымен бірге еңбек ету барысында олардың басқа пәндермен де білімдері тереңдейді.

Мұғалімнің сабақты жақсы, әрі мәнді өткізу  мақсаты — оқушылардың политехникалық және экономикалық ой-өрісін кеңейту, ауыл шаруашылығының мұқтажына байланысты мамандықты саналы түрде игеруге көмек көрсетуі болып табылады. Сабақтың маңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық, дидактикалық жүйеге келеді, сөйтіп мұғалімнің оқушыға нәтижесінде оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестіріп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса, екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шыңдалады.

Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранысқа қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажет етуіне қарай құралады, оқыту мақсаты, мазмұны, міндеттері, заңдары мен принціптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды.

Ал, мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз — тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың оқу материялымен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары — оны қабылдауы, түсінуі болып табылады. Сабақтың осындай алдын-ала талдамай неғұрлым тиянақты жасалмаса, сабақ жүргізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте соғұрлым аз болады. Сабақтың сапасы мен нәтижесі болу үшін, көбінесе мұғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері мен қателіктерін дұрыс талдап алуына байланысты.

Мұғалімнің сабақ жүргізудегі рөлі — ол әр оқушының санасына әсер ете алуы, пайда болған педагогикалық ситуацияларды шешіп, оқушылардың теориялық білімін жетілдіріп, оның іс жүзінде қиындықсыз орындалып, жақсы маман болып шығуына үлкен үлесін тигізеді

 

2.4. Маманда пән бойынша білім, білік және дағды жүйелерінің  қалыптасуындағы тақырыптың орны мен мәні.

 

Білімді, іскерлікті,  дағдыны бағалау мен тексеру оқу процесінің өте маңызды және қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Мұғалімге оқушылардың жаңа материялды қалай меңгергенін, олардың қажеттілігін білу жаңа тақырыпқа дөп кезінде көшу үшін өте маңызды.

Түрлі жағдайларға байланысты тапсырудың неше түрлері болады:

  1. Ағымдық: Оқушылардың сабақтағы күнделікті оқу тәрбие жұмыстары.
  2. Тақырыптық: Оқу бағдарламасындағы белгіленген тақырыпта нені оқу жүйесінің материялын меңгеру.
  3. Периодтық: Материялдың мазмұнына байланысты.
  4. Қорытынды: Пәннің бүкіл шарттарын меңгеру.

Оқушылардың белгілі бір білім дәрежесі бағалануы тиіс. Бұлардың ең маңыздыларын көрейік.

  1. Оқушы ғылым негіздерін үйрене отырып, фактілерді, құбылыстарды білуге және оларға дұрыс, ғылыми иә түсіндіріп бере алатындай күйде болуға тиіс.
  2. Оқушы ғылыми ағымдарды, заңдарды, ережелерді игеруге, жаңа фактілерді түсіндіргенде, түрлі мәселелер мен практикалық міндеттерді шешкенде бұларды пайдалана білуге тиіс.
  3. Өзінің жауаптарында оқушы жеткілікті айқындылықты, ойының дәлдігін өз көзқарастарын нақтап, оларды қорғай білуі тиіс.
  4. Оқушы білімінің практикалық маңыздылығы болуы тиіс.
  5. Оқушылардың ауызша және жазбаша деген талаптары сақталу керек.

Ауызша жауаптар толық, логикалық дәлелденген болуға тиіс. Жазба жұмыстар мұғалімнің  нұсқауларымен дәл сақталып, мұқият толтыруға тиіс.

 

 

 

9 — тақырыптың логикалық құрылымдық кестесі

 

 

I

 

II

III

IY

Y

YI

 

 

 

 

 

 

 

2.5. Берілген кәсіп бойынша тақырыптық оқу процесінде алатын орны мен мазмұны.

 

Арнайы пәндерді оқыту білімді, білікті маман жұмысшыларды дайындауда маңызы зор. Оқу процесінде мақсаты, мазмұны, формасы және оқыту әдістемесіне қарай, білім беру пәндерімен салыстырғанда олардың жүйелік спецификалық ерекшелігі бар. Кәсіптік-техникалық пәндердің мақсаты белгілі бір саланың өндірістік процесінің негізінде жатқан принципті ашып көрсету, жабдықтардың негізгі теориясы мен құрылысын, материалдық-техникалық базасының қолайлысын, білікті маман жұмысшыларды дайындату бағытын тереңдету болып табылады. Арнайы пәндерді оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың механизмдер, машина, аппараттар, приборлар және өндірістегі жұмыстардың ұйымдастырылуы мен оның технологиясы, еңбекті ұйымдастыру, белгіленген нақты кәсіп бойынша қолданылатын материалдар туралы ұғымды қалыптастыру.

Астық өндіруді үнемі көбейтіп, арттыра берудің біздің еліміз үшін аса зор маңызы бар. Астықты неғұрлым мол өндірсек, соғұрлым мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығының басқа да салалары жақсы өркендейді, жалпы халықтық әл-ауқаты шапшаң көтеріледі.

Астық шаруашылығындағы ең жауапты кезең оны жинап алу. Жинауды уақытында және жылдам жүргізсе, онда өнімді түгелдей жинап алуға мүмкіндік болады. Кеш қалған жағдайда көп ысырап болуы сөзсіз. Ал ұның өзі ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің сол астықты өсіруге жұмсалған орасан көп күшімен жабдықтарының текке кеткендігі деген сөз.

Қолбағайдың маңыздылығы мынада. Комбайн егіндік жерді жинауға келгенде двигателі толық айналып жұмыс істеп тұрады. Жинау процесін бірінші болып комбайн жаткасы кіріседі. Қолбағайдың планкалары минутына 30-40 айналыс жасайды. Оның айналысы комбайнның үдемелі жылдамдығына байланысты орнатылады.

Жұлдызша тікелей комбайнмен жинау негізінде пайдаланылады; егер комбайн жаткасында жинауыш тіркелген болса, онда жұлдызшаны шкивпен ауыстырады және вариатор мен жинауыштың айналу жиілігін реттейді.

Қолбағай билігінің қалпын тік және көлденең бағыттарда шалғыға сәйкес реттеу үшін блокировкаға механизм қолданылады.

Өте төмен түсірілген қолбағайда мынадай саңылаулар болуға тиіс. :

Планка мен қырқу аппараты арасында 10-25 мм, жатка шиегі мен планка арасындағы саңылау 15мм-ден кем емес болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалбағай планкасы мен қарқу аппаратының параллель келуін блдырмау қажет.

Блокировкаланған механизм мен қолбағай білігінің көлденең жылжуы оның тік бағытта жылжуына байланысты автоматты түрде іске асады.

Егер жинайтын егіс аласа болып, жаткада көшірмелеуін қолбағай болмаса, онда қолбағай планкаларына резиналанған белдік тілкемдерін жапсырып, планкаларды қырқу аппаратына жақындатып орнату керек, бұл тілкемделген ұсатылған сабақтарды шалғыдан шнекке жақсы жеткізеді.

 

2.7 «Ауыл шаруашылық машиналары» пәні бойынша 1 курсқа арналған күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру.

 

Оқу жоспары мен оқу бағдарламалары жүйелілігінің тақырыптарды үйренудің кестелік түсіндірілуі күнтізбелік-сеткалық кесте болып табылады. Күнтізбелі-сеткалы графикті

жасау алдыңғы қатардағы педагогикалық тәжірибе. Күнтізбелі-сеткалы график күнтізбелік мерзімді, лабораториялық-практикалық сабақтармен және басқа тақырыптарменбайланысты анықтауға мүмкіндік туғызады. Күнтізбелі-сеткалы график сабақтардың тақырып бойынша күнтізбелік мерзімді сабақтардың формуласын (саны және сабақтардың ұзақтығын, олардың алмасуын) анықтауға, теориялық және лабораториялық-практикалық сабақтардың (пәнаралық байланыс) аралығындағы байланысты анықтауға болады.

Оқушыларға оқу информациясын жеткізу үшін алдымен оқытушы сол материалдың мазмұнын анықтап терең білу керек. Бұл дайындық жұмысы алдын-ала, яғни, оқу материалын оқып үйренуге дейін жасалады.

Оған мынадай элементтер кіреді:

  • бар материалдарды теріп, оқып, жүйелендіру;
  • оқу және көрнекі құралдарды даярлау және пәнаралық байланыстарды анықтау.

КСК-ні құрастырғанда оқу жоспарына сүйенеді: Оқу жоспары дегеніміз – оқу орындарында оқытылатын оқу пәнінің құрылымын, оның оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін мемлекеттік құжат.

КСК кесте түрінде құрылады. Кестенің сол жақ бөлігінде пәндердің реті көрсетіледі, жоғарғы бөлігінде курсқа, жартыжылдыққа, аптаға бөлінген уақыт беріледі. Әр пән аптаға сәйкес, қарама-қарсы жағында сағаттар саны көрсетіледі.

Күнтізбелі-сеткалы кестені құрастыру жүйесі:

  • курстағы апталық оқу сабақтарының санын анықтайды;
  • тақырыпты қай курста оқитындығын анықтайды;
  • оқу жоспары бойынша аптадағы оқу сағаттарын анықтайды;
  • пәннің тақырып жоспарына сәйкес, тақырыптық графикалық бейнесін көрсетеді;
  • техникалық және практикалық оқу байланысты көрсетеді;

Күнтізбелі-сеткалы кестенің мүмкіндіктері;

 

  • тақырып бойынша күнтізбелік сабақ мерзімін анықтау, яғни қай тақырып, қай уақытта, қай күні, мерзімі мен өткізілетіні нақты белгіленеді;

теориялық және лабораториялық-практикалық сабақ арасындағы байланысты анықтайды. Яғни, теориялық және лабораториялық-

 

  • практикалық сабақтарды бекіткен кезде оқытушы оқушыларға тақырып материалын тереңірек оқытады.

 

  • сабақ формуласын анықтайды;
  • лабораториялықпрактикалық сабақтарға бөлінген сағаттары бойынша циклдарды анықтайды;

 

 

2.8.Құрылымдық-логикалық талқылау.

 

Құрылымдық-логикалық талқылау дегеніміз – оқу элементтерін және олардың дәрежелерін, байланыстарын, қарым-қатынастарын анықтау. Оқу материалының логикалық құрамында байланыстар мен ұсыныстар өздігінен болмайды, олар оқу элементтерінің арасындағы қатынастарды анықтайды.

Сондықтан құрылым-логикалық талқылауды сол түсініктерді анықтаудан бастаймыз. Ол үшін оқу элементінің алгоритмінбілу, яғни бұл тақырыптық оқу материалының құрылым-логикалық сұлбасын түсіруінің бірінші кезеңі.

Әрбір оқу пәні білімінің бір тобы немесе топтардың бірлігі болып келеді.

Техникалық білімдердің тобына арналған алгоритм:

  1. Түсінік (ұғым), объектінің қызметі.
  2. Объектінің жұмыс істеу негізіне жататын құбылысы, заңдылық қасиеті, жұмыс істеу принципі.
  3. Объектінің құрылымы, құрылысының топтасуы.
  4. Құрылым ерекшелігі.
  5. Объектінің жұмыс істеу көрсеткіштері, белгілері, техникалық сипаттамасы.
  6. Объектіні күту.

Әрбір блоктың мазмұны, саны және сапасы жағынан әр түрлі және оқыту мазмұнына бағынышты болады, бірақ блоктарға кіретін сұрақтарды кез келген оқып үйренетін оюъектілерге ұсынылған жүйелілікпен ғана атау керек.

Оқу элементтерін таңдау оқу материалы мазмұнының құрылым-логикалық сұлбасын жасаудың екінші кезеңі болып табылады.

Түсініктерді қалыптастырудың деңгейін анықтау үшінші кезең болып саналады. Түсініктің маңызы, демек оны игеру және қызықтау мақсаты мен деңгейі осыған тиісті төрт деңгейде, яғни, «танысу – еске түсіру – іскерлік – трансформация» бойынша атқарылуы мүмкін. Оқу материалын талдау төртінші кезеңі болып есептелінеді.

Анықтап алынған оқу элементтерінің белгілі бір блокта орналастырады.

Сызбаны құрастыру ережелері:

  1. Әрбір сызбаның шыңына тек қана бір түсінікті орналастыру қажет.
  2. Шыңдарды қосатын қабырғалар бір-бірімен қиылыспауы қажет.
  3. Бағынушылық қатынасы түсініктер арасында сызбаның қабырғасында бағытталған стрелкамен көрсетіледі.
  4. Бір мағыналы, бағынышты түсініктер кіретін сызбаның шыңдарын бір сызықта орналастыру қажет. Бағыныштыларын бір сапқа төмен түсіреді.

 

 

2.9. Перспективалы-тақырыптық жоспар.

 

Сабақты ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс.

Оқытушы оқу пәнінің тақырыбының оқу жоспарымен бағдарламасына сүйеніп, перспективалы- тақырыптық жоспар құрастырады. ПТЖ алдын-ала құрастырылады, яғни тақырып бойынша сабақ жүйесін анықтайды. Ал сабақ жүйесіне тақырып бойынша оқу процесінің мынадай негізгі элементтері: жаңа білімді хабарлау мен білімді бекіту, жүйелендіру және қорытындылау, бақылау кіреді. ПТЖ-ң құрылымын үш компонетке бөлуге болады. 1) тақырыптық оқу материалын сабақтарға бөлу (1,2,3,4. графалар) 2) әрбір сабақтың әдістемесі (5,6,7,8,9 графалар; 3 оқу-тәрбие процесін жабдықтармен  қамтамасыз ету ПТЖ-ң тақырыптың мазмұнын логикалық байланыстырады.

ПТЖжоспарда оқу материалы сабаққа рационалды бөліне отырып, келесі сұрақтарды қарастыру керек.

  • Оқыту жұмысын ұйымдастыру формасы;
  • Сабақ барысындағы оқушылардың өзіндік жұмысы;
  • Пәнаралық байланысты іске асыру;
  • Тәрбиелік жұмыспен байланыс.
  • өндірістік оқытумен байланыс;
  • көрнекті оқу-құралдарын пайдалану жолдары;
  • оқушыларға үй тапсырмасын беру;
  • тақырып бойынша оқу және әдімстемелік әдебиеттерді пайдалану т..

Мұғалім ПТЖ компонттерін өзі жасайды. Жоспардың компоненттері оқу пәніне, тақырыптың мазмұнына, кәсіптік мектептің оқу-материалдық базасына, оқушының білім деңгейіне байланысты жасайды. ПТЖ әдістемелік комиссияда қаралып, бекітіледі.

 

 

 

 

 

  • Сабақ жоспарын жасау әдістемесі.

 

Сабақ жоспары перспективалы-тақырыптық жоспарға сүйене отырып, оқулықтар мен оқу құралдары негізінде жарты немесе толық оқу жылына құрастырылады. Сабақ жоспары – бұл әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі формасы. Жасалған жоспар бойынша мұғалім: сабақ тақырыбы бойынша оқулықты, оқу құралын және әдебиеттерді пайдалана отырып, өз білімін тексереді. Сабақ жоспарында сабақтың оқу-тәрбие мақсатымен тақырыбы көрсетіледі. Негізгі оқу элементтері мен құрылымы, уақыты, сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы, оқытушының жұмыс мазмұны қарастырылады.

Сабақты жоспарлау негізінде өткен сабақтардың нәтижелерін есепке алып, мұғалім әрбір сабаққа дайындалады. Ең алдымен сабақ тақырыбын және оның міндеттерін анықтайды.

Сабаққа дайындалу үшін өткен сабақты талдау қажет, ол үшін мына мәселелерді еске алған жөн: тақырып бойынша мазмұнын оқушылар қалай тереді, сабақта қолданылған оқыту әдістемелерінің тиімділігі, сабақтың

 

дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешіледі, сол туралы мәлімет беру.

 

  • АШМ пәні бойынша № 2.3./8.4 тақырыбының сабақ жоспары.

 

Сабақтың тақырыбы            Астық жинау комбайнының молотилкасы

Сабақтың мақсаты              Молотилканың түрлерімен танысу.

 

Сабақтың түрі                      аралас

 

Сабақтың көрнекілік         плакаттар, макеттер, тоқ  

жабдықталуы

 

Сабақтың уақыты              2

 

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі. 2-3 минут (аудиторияның дайындығы, техникалық оқу құралдары, жабдықтарды дайындау, журнал бойынша оқушыларды тексеру)

 

  1. Өткен сабақтың тақырыбы бойынша сұрау. (3-5 мин)

 

  1. Астық жинау комбайнының туралы не білесіз?
  2. Молотилканың жұмыс ерекшеліктері дегеніміз не?
  3. Молотилканың конструкциясы

 

 

  1. Жаңа тақырыпқа арналған сұрақтарды жазу. (4-5 мин)

 

Тақырыптың сұрақтары

  1. Астық жинау комбайны молотилкасының құрылымы.
  2. Астық жинау комбайны молотилкасының жұмыс істеу принциптері (9-10мин)
  3. Молотилканың комбайн жұмысына әсері (9-10 мин)

 

Екінші сағаты

  1. Молотилкаға жалпы түсінік беру (9-11 мин)
    • Плакаттар көрсету (8-11 мин)
  2. Өзіндік жұмыс «Нива» комбайнының сұлбасын сызу (7-8 мин)
  3. Жеке сұрау (6-8 мин)
  • Молотилканың түрлерін айту.
  • Молотилканың қызметі қандай?
  • Планкалы қолбағайдың қызметі қандай?
  1. Сабақты қорытындылау (оқушылардың білімдерін тексеру, бағалау, жіберген қателіктерін түсіндіру) (2-4 мин)
  2. Үй тапсырмасы ( Л.Н. Карпенко «АШМ» оқулығы бойынша, 255-264 б) (2-3 мин)

 

 

Пәнаралық байланыс педагогика ғылымында философиялық, психологиялық, дидактикалық және әдістемелік жағынан қарастыратын күрделі кешенді сала. Пәнаралық байланыс жалпы білім беру кәсіби-техникалық цикл және өндірістік оқыту пәндері арасында органикалық үйлесімді қалыптастыруға мүмкнідік береді. Сонымен қатар  оқу процесін ұйымдастыруға  зор әсер етеді.

Пәнаралық байланыс дегеніміз жалпы ғылымдар жүйесінің дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаның өзара шартты байланыстары.

Педагогика ғылымында пәнаралық байланыстарды белгілі педагогтар Ушинский, Я.А.Коменский, Пестолоцийтерең зерттеген.

Пәнаралық байланыстың негізгілері:

  1. Оқу пәндері арасындағы байланыстың болуы.
  2. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие білім беру жүйелелерінің барлық салаларына кешенді жүйе жасайды.
  3. ПАБ педагогикалық еңбектің ғылыми негізінің ұйымдастырылуына жатады.
  4. Маман даярлауда білім мазмұнының барлық құрылым бөліктерінің байланысын талап етеді.

 

2.11.Лабораториялық-практикалық сабақтардың әдістемесін жасау.

 

Кәсіптік мектептердің лабораториялық-практикалық сабақтары арнайы құрал-саймандармен жабдықталған оқу кабинеттері мен либерсалаларында өткізіледі. Мұғалім алдын-ала сабақтарды және әрбір жұмыс орнын қажетті жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, жұмыстың белсенді әдістерін ұйымдастыруын көздейді.

Өндірістік оқыту шебері мен мұғалім оқу кабинетінде, өндірісте жүргізілетін жүргізілетін лабораториялық-практикалық сабақтарды тиімді ұйымдастыру үшін төмендегідей құжаттарды жасауы қажет.

  • сабақ жоспары;
  • оқушылар жұмыс орындарының алмасу кестесі;
  • технологиялық-нұсқау карталары және басқа да дидактикалық жабдықтар.

Оқу шаруашылығында жүргізілетін лабораториялық-практикалық сабақтарды оқу жылына тұтастай жоспарлау оқытушының оқушылармен жұмысын жеңілдетеді.

Осы сабақтардың тапсырмаларын оқушылар дұрыс меңгеруі үшін, машина-трактор агрегаттарының жұмыстарымен оқу мерзіміндегі жұмыстарының сәйкес келуін ескере отырып, оқушылар звеноларының алмасу кестесін ұйымдастырады.

 

  • Кіріспелік нұсқауға қысқаша мазмұндама жасау.

 

Кіріспелік нұсқау – лабораториялық-практикалық сабақта цикл тапсырмалары бойынша бірінші сабағында 25-30 минут уақыт алады. Ал кейінгі сабақтарда 5-10 минут.

Кіріспелік нұсқау құрылымы:

  1. Оқушылардың цикл бойынша тақырыптардың мақсатын, тапсырма ережелерін таныстыру.
  2. Әрбір жұмыс орнындағы бөлшектеу, жинау, реттеу жұмыстары бойынша технологиялық нұсқау картасының орындалуын түсіндіру.
  3. Барлық жұмыс орындарында техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
  4. Сабаққа қажетті плаккаттар, сұлбалар, құрал-жабдықтар пайдалану әдістемелік үйрету.
  5. Звеноларды алмасу кестесімен жұмыс орындарымен таныстыру.
  6. Жұмыс орнын тазалап, жинап реттеудің құрал-саймандар тапсырудың тәртібін жабады.
  7. Оқушылардың сұрақтары болса, жауап беріп, түсінбегенін түсіндіру.

 

 

2.13.Оқушылардың жұмыс орнындағы жұмыс кестесін жасау.

ЛПС-тарды жүргізу үшін оқытушы теориялық және лабораториялық практикалық сабақ бағдарламасын және олардың өзара байланысын таңдауы керек.

Тапсырмалардың көлемін және мазмұнын дәл анықтап ЛПС-тардың белгілі бір бөлімінің өткізілуін дұрыс жоспарлау қажет. ЛПС-тардың бағдарламасымен толық таныса отырып, оқытушы әрбір тапсырманың мақсатын алдын-ала міндетті анықтап, теориялық және ЛПСоқытылатын ( тапсырмалармен байланысты анықтауы, теориялық және ЛПС) машиналардың маркаларын анықтау тапсырмаларын орындауға қажетті жабдықтардың, аспабтардың, құралдардың материалдық санын санау керек. Оқытушы жұмыс орындарының саныны әрбір  тапсырма бойынша белгілі кәсіптік мектеп жағдайын есепке ала отырып, әрбір жұмыс орнында 2-3 оқушыдан артық істемейтіндей етіпұйымдастыру қажет.

Оқу шеберханасының жабдықталуы 3 бөлімге бөлінеді:

  • оқушының жұмыс орны.
  • Шебердің жұмыс орны
  • Жалпы пайдалану құрал-саймандары.

 

 

 

 Оқушының жұмыс орны оқу бағдарламасының талаптарына сай кәсіптік оқытуға қажетті жабдықтармен, аспаптармен приборлармен жабдықталады.

Оқушы жұмыс орны қамтамасыз ететін жабдықтардан басқа оқу шеберханасы жалпы пайдалану жабдықтарымен де бейімделеді.

Тұрақты жұмыс орындарында бірдей жұмыс түрлерінде оқушылардың фронтальді оқытуды ұйымдастыру мүмкіншілігі жоқ немесе қолайсыз жағдайларда бөлек бригадалар немесе оқушылар звеноларының лайықты жұмыс түрінде не жұмыс орындары бойынша алмасу. Осындай алмасуға жоспарланатын құжат ол – кесте.

Кестелердің құрастырылуы әр түрлі.

  1. Топтағы барлық оқушылардың алмасуын алдын-ала қарастырған кестелер.
  2. Топтың бөлігі оқушылардың алмасуын ескерту кестелері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кесте

«Ауылшаруашылық машиналар» пәні бойынша ІІ цикл (тапсырма)   

Тақырып нөмірі

Тапсырма мазмұны

Жұмыс орнының нөмірі

Оқу күндері

5

Жатка корпусы

1

1

2

3

4

5

1

9

7

5

3

Иілгіш корпусы

2

2

10

8

6

4

6

Валдық жатка

3

3

1

9

7

5

Жинауыш

4

4

2

10

8

6

7

Соломотряс

5

5

3

1

9

7

Дән тазалау

6

6

4

2

10

8

8

Комбайн қалбағайы

7

7

5

3

1

9

Кесу аппараты

8

8

6

4

2

10

 

МТА

9

9

7

5

3

1

10

10

8

6

4

2

 

Жұмыс орындарының оқу материалдары мен құрал-сайман, аспаптары, жабдықталған жұмыс орнының тізімі.

 

Жұмыс орындары

Оқу материалдары мен құрал-саймандар, аспаптар

1

Жатка корпусы

Балта, балға, шайба, ключ, отвертка, поршень, цилиндр

2

Иілгіш корпусы

Балта, балға, шайба, ключ, отвертка, поршень, цилиндр, білік

3

Валдық жатка

арнайы жиынтық кілттер

4

Жинауыш

аспаптар жиынтығы кілттер

5

Соломотряс

Монтажка, болттар, өлшегіш аспатар

6

Дән тазалау

Темір сызғыш, болттар, донкрат, кілттер

7

Қалбағай

Аспаптар жиынтығы, балға, өлшегіш аспаптар

8

Кесу аппараты

Болттар, өлшегіш, темір сызғыш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Еңбек қорғау тарауы

4.1.Тракторларды  пайдаланған  кездегі  қауіпсіздік  шаралары.

 

Дала  қосында  бірінші   жәрдем  құралдары  бар   аптечка,қол  жуғыш,сабын,орамал,ауыз  суы   құйылған   жабық   кеспек  қауіпсіздік  техникасы  жөніндегі   нұсқаулар,плакаттар,сақтандыру  табличкалары  болуы  қажет.

Тракторларда,өзі  жүретін  шассилерде   және  өзі  жүретін  комбайндарда  жұмыс  істеу  жасы  18-ге  жеткен,осы  машиналарды  басқару  провасының  тиісті  куәліктері  бар  және  қауіпсіздік  техникасы  жөнінде  нұсқау  алған  адамдарға   рұқсат  етіледі.Қауіпсіздік  техникасын  бұзған   механизаторлар   жұмыстан  босатылады  және  қосымша  нұсқаудан  кейін  оған  қайта  шығуына  рұқсат  етіледі.Тракторларда  сырқат  және  мас  адамдардың  жұмыс  істеуіне  үзілді-кесілді  тыйым   салынады.Тек  түзу  машиналарда   жұмыс  істеу  рұқсат  етіледі.

          Шестернялы,шынжырлы  берілістер,кардан  және  айналатын  басқа  да  біліктер  қорғаныш  құндақтарымен  жабылуы  тиіс.

Трактористер  қалалардың,елді  мекендердің  көшелері.жолдар,төселген  жолдар  және  басқа  да  жол  құрылыстары  бойынша  транспорт  жүрісінің  қолданылып  жүрген  ережелеріне  бағынады.

 Уақыт  өткен  сайын  жүргізушінің   киіміне  мұнай  өнімдері  сіңе  береді  және  де  ашық   отты  пайдаланғанда   оның  оңай  тұтанып  кетуі  мүмкін,сондықтан  оны  мезгіл-мезгіл  жуып,кептіру  қажет.Киім  ыңғайлы  және  машина-трактор  агрегатының  айналып  тұрғанын  тетіктеріне  оңай  түсіп  кетуі  мімкін   желбіреп  жүретін  бөлектері  болмау  керек.

Двигательді  жүргізер  алдында  тракторист  оған  мұнай  өнімдері  мен   су  құйылғанын  тексереді,трактор  кабинасын,май  құятын  инвентарьды,аспаптарды  тәртіпке  келтіреді.Берілістерді  өзгерту  қорабының  және  гидравликалық  жүйенің  бөлгіш  рычактарын  бейтарап  жағдайға  қояды;қуат  сұрыптау  білігі  мен  жетекші  шкивті  ажыратады.

Тракторға  май  құйғанда  бактағы  отынның  мөлшерін   өлшемді  ленейканы  пайдаланып  анықтайды.

Бұл  маұсат  үшін  ашық  от  қолдануға  үзілді-кесілді  тыйым   салынады:ол  жарылысқа  және  жазатайым  оқиғаға  апарып  соқтырады.Ыстық  радиатордың  қақпағын  ашқан  кезде   қол  мен  бетті   күйіктен  сақтандыру  үшін  қолғап  киіп,радиатордың  жел жағында    қол  созым  жерде  тұру  керек.Радиатордағы  ыстық  су  мен  картердегі  ыстық  майды  абайлап  ағызған  абзал.

 

 

 

 

 

 

 

 

Уақытша  және  жылжымалы  май  құятын  пунктке  трактормен  ық  жақтан  келу  керек.Қоректендіру  немесе  от  алдыру  жүйесінің  ақауы  бар  двигательді  май  құятын  пункттің   аймағында  от  алдыруға   тыйым  салынады.Жұмыстан  немесе  май  құйғаннан  кейін   тракторды  май  құятын  пункттің  маңында  қалдыруға  тыйым  салынады.

Орнынан  қозғалғанда   және  тоқтаған  кезде  трокторист   жұмысшы-тіркеушілерді   сақтандыратын   шартты  сигнал  беруге,ал  қозғалуды  тек  жауап  сигнал   алғаннан   кейін   бастауға  міндетті.Әрқашан  қозғалардан  бұрын  трактор  мен  машиналардың  астында,сондай-ақ   олардың  арасында  адам   жоқ  екеніне,ал  шынжыр  табандар   мен  қанаттарда  бөгде  заттар   жоқ  екеніне;болжаған  жолдың  бос  екеніне  көз   жеткізу  керек.Орнынан  құлқытпай,жайлап  қозғалады.

Трактор  жүріп   бара  жатқанда (жұмыс  істегенде) машиналардан  түсуге  және   оған  отыруға,трактордан  агрегет  тіркемесіне   немесе  одан  қайта  өтуге;агрегетты  майлауға,оны  реттеуге  және  техникалық  күтім  жасаудың  басқа  операцияларын  жүргізуге  тыйым  салынады.Двигатель  істеп  тұрғанда  агрегаттың  құрамына  енетін  трактор  мен  машиналардың  астында  жұмыс  жүргізуге,желдеткіштің  ременьдерін  кигізуге  немесе  алуға,сондай-ақ  олардың  керілуін  реттеуге  тыйым  салынады.

Тік  беткейлерде  трактордың  көлденең  жүруі  үлкен  қауіп,өйткені  ол  аударылып  кетуі  мүмкін.Жол  берілетін  еңіс   шегі  сақталғанда  ғана   трактор   тауға  шығуы  және  одан  түсуі  мүмкін.Өрден  бірінші  немесе  екінші  беріліспен,двигатель  шамалы  жиілікпен  айналғанда  тіркес  муфтасын  қоспай  түсу  рұқсат  етіледі,мұның  өзінде   трактор   кез-келген  сәтте   тежелуге  әзір  болуға  тиіс.Тауға  көтерілер  алдында  трактор  тоқтаусыз  өрге  шыға  алатындай  берілісті(ең  төменгілердің  бірін)қосу  керек.Тауға   қарай   көтерілгенде  трактордың  мүмкіндігінше   тоқтатпау(тіркес   муфтасын  қосу  және  берілістерді  ауыстырып  қосу)  керек,өйткені  оның  кері  кетуі  мүмкін.

Егер  тауға көтерілген  кезде  двигатель  сөніп,трактор  артқа  қарай  жүре  бастаса,дереу  тежеуішті  басып,отын  беруді  толық  ажырату  қажет,олай  істемесе   двигатель  кері  қарай  жүріп  кетуі  мүмкін.Таудан  тіркемелі  машиналармен  түскенде  олардың  жүрісін   мұқият  қадағалайды,өйткені  олар  шетке  шығып,трактомен  соқтығысуы  оларды  шынжыр  табан  немесе  доңғалақ  қармауы  мүмкін.Машинаның  сынуына  жол  бермеу  үшін  уақытылы  тежеп,тракторды  тоқтатады.Тік  таудан  төмен  түскенде  тіркемелі  машинаны  да  тежеп  отыру  керек.Егер  тежеуіштер  болмаса,бір  (немесе  екі )доңғалақты   рамаға  байлайды.Төмен  түскенде   двигательді  тежеуіш  ретінде  пайдаланып  қозғалу  жылдамдығын  (трактордың  екпіні  мен  сырғанауын)  төмендетуге  болады,бұл  үшін  тік  беткеймен  түскенде  тіркес  муфтасы  мен  төменгі  берілістердің  бірі  қосылып  тұрған  жағдайда  отын  беруді  толық  тоқтатады.

          Бір  мезгілде  бірнеше  трактор  бір  бағытпен  жүргенде   олардың  аралығы  горизанталь  жолда  кемінде  30  м,ал  өрге   көтерілгенде  немесе 

 

құлдилағанда   кемінде 50 м  болуын  қадағалау  қажет.

         Тракторды  транспорт  жұмыстарына  пайдаланғанда  тіркемелерде  адам  тасымалдауға  тыйым  салынады.Реттелетін  табаны  бар  доңғалақты    тракторлардың  аударылып  кетуіне  жол  бермеу  үшін   доңғалақтарды  1400 мм   кем  болмайтын  табанға  орнатады.Тайғанақ  және  мұз  қатқан  жолдармен  жүргенде,лайсаңда,тұманда,су  кедергілерінен  өткен  кезде   ерекше  сақ  болған  абзал.Мұндайда   төменгі  берілістермен  жүріп,кілт  тежемеу  керек;қырындап  ауытқығанда  тіркес  муфтасын  ажыратпай   тракторды  сырғанап  бара  жатқан  жаққа  қарай  бағыттау  керек,тұманда   фаралар  жағулы  болады.

         Темір  жолдан  жүріп  өтуге  арналған   орындарда  ғана   ең  төменгі  беріліспен  және   семафор  жабық  болғанда  өтуге  болады.Өткелде   тоқтауға  және  берілістерді  ауыстыруға  тыйым  салынады.Темір  жол  өткеліне  жақындағанда   жүріс  жылдамдығын  баяулатып,рельске  10 м  жақындағанда тоқтату  керек;машинадан  түсіп  жол   бос  екеніне  көз  жеткізген  абзал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.2.Ауыл  шаруашылық  машиналарында  жұмыс  істеген  кездегі

қауіпсіздік  шаралары.

 

Ауыл  шаруашылық   машиналарына  қызмет  көрсетіп  механизаторлар  жарақаттан  және  басқа  жазатайым   оқиғалардан  өз  қауіпсіздігін  және  айналасындағылардың   қауіпсіздігін  көздейтін  ережелерді  орындауға  тиіс.

Жұмыс  басталар  алдында   агрегат   мұқият  байқалады,сақтандырғыш  құндақтардың  бар  екені   және  олардың  бекітілуі,орнатылуының  дұрыстығы,трактор  мен  ауыл  шаруашылық  машиналарының  куәлігі  тексеріледі.

Техникалық   күтім  жасағанда  және  машиналарды   тексергенде  тексерушілер  орнықты   тұруға,ал  машиналар,егер  олар  тіреулерде  тұрса,берік  бекітілуге  тиіс.

Егер   механизмдерде  конструкциямен  көзделген  сақтандырғыш  құндақтар  болмаса (немесе  дұрыс  орнатылмаса),агрегат  механизмдері  берік  бекітілмесе  немесе  нашар  реттелсе,ауыл  шаруашылық  машиналарында  жұмыс  істеуге  тыйым  салынады.Двигательді   тек  троктаристке  қағидалық  нұсқауларға  сәйкес  жүргізу  рұқсат  етіледі.

          Ауыл  шаруашылық  машиналарына   техникалық  күтім  жасаудың  барлық  түрлері  олар  жерге   түсірілгенде,двигатель  тоқтатылып,трактордың   жылдамдықтары  ажыратылғанда  ғана  жүргізілуге  тиіс.

Машина  трактордан  ажыратылғанда  ғана  жұмыс  органдарын  ауыстыру  рұқсат  етіледі.

Өткір   аспаптарды  тальдаро немесе   үшкір  детальдарды  әпергенде   әпергенде  алушы   оларды  моқал  жағынан  алу   үшін  әперуші  өткір  бөлігінен  ұстауға  тиіс.

Тіркемелі   немесе  аспалы  машиналарға  трактор  баяу  жүріспен  және  жұлқынбай  келуі  керек,мұның  өзінде  тіркеуші  қауіпсіз   жағдайда   болуға  тиіс.

Трактор  мен  машинаның   қосқыш  детальдары   берік  болуға тиіс.

Машинаны  басқаруды  бөгде  адамдарға  беруге  сондай-ақ  жұмыс  кезінде  тракторда   немесе   машиналарда  болуына,техникалық   күтім  жасауға,механизмдерді  майлауға   немесе  реттеуге   трактор  мен  машинаның  ақауларын  жөндеуге  тыйым  салынады.

Агрегат  жүріп  бара жатқанда  бір  машинадан  екіншісіне    өтуге;берілістер  қосулы   болғанда  және  бірінші  берілістен  жоғары  жылдамдықпен  еңіске  қарай  жүруге,агрегатты  елеусіз  беткейлерге  көлденең  жүргізуге;өткелдің   қауіпсіз  екеніне  көз  жеткізбей  темір  жолдан,тас  және  дала  жолдарынан  өтуге;түнгі  уақытта  жарығында  ақауы  бар  агрегаттарда  жұмыс  істеуге  және  олармен  жүруге   тыйым  салынады.Бір  мезгілде  бірнеше  агрегат  жүріп  өткенде  олардың   арасындағы  интервал  24 м  кем  болмауға  тиіс.Агрегат   өткелде  тоқтауға 

 

 

мәжбүр   болса,оның   тоқтаған  орнын  күздіз қызыл  жалаушалармен ,түнде  қызыл  лампалармен  қоршайды.

          Стационарда   істегенде  барлық  жетек  ременьдерімен  шкивтер  сақтандырғыш  қалқандармен  және  торлармен  қоршауға  тиіс.Ременьдерді   істеп  тұрған  агрегатқа  кигізуге  және  одан  сыпырып  алуға  тыйым  салынады.

Стационарлы  двигательдерді  сигнал  бойынша  ғана  жүргізіп,тоқтатуға  болады.

Топырақ   өңдейтін, егетін  және  отырғызатын  машиналарда  істегенде   жұмыс  органдарын  топырақ  пен  өсімдік   қалдықтарынан  бұрылыс   жолақтарында  тазартады.Егер  плугтардың  корпустары   мен  культиватор  табандарына  өсімдік  қалдықтары   азын-аулақ  тығылып  қалса,агрегат  жүріп  бара  жатқанда  оларды  арнаулы  қырғыш-тазалағыштармен  тазартуға  болады,ал   қатты  тығылса  агрегатты  дереу   тоқтату  қажет.Себу   агрегаты   жүргенде  тұқым  себушілер  аяқ  басқыш  тақтада  тұруға  тиіс.

Себу   және  отырғызу  агрегаты  жүргенде  мыналарға  тыйым   салынады:тұқым  жәшіктерінде  отыруға,сеялканың   немесе  отырғызғыштың   рамасында  тұқым  жәшіктерінің    алдында  болуға;сеялкада   немесе   оның  тракторға,тіркемесінде   отыруға;агрегаттың   алдында,трактор  мен  сеялканың   арасында,сондай-ақ   маркердің   алдында  тұруға.

Жұмыс  істеген  кезде   тұқым  және  тыңайтқыш  жәшіктерінің  қақпағын  ашуға  болмайды,сондықтан  оларды  жауып,ілгектермен  бекітеді.Егер  жәшіктерді   ашу  қажет  болса,оларды  сақтандырғыштарға  (бекіткіштерге)  қояды.Беріліс  механизмдері  сақтандырғыш  қалқандармен  жабулы  болады.

Агрегат  жүргенде  мыналарға  тыйым  салынады:  сеялкалардың  механизмдерін  реттеуге;гайкалар  мен   болттарды  тартуға;үйкелетін  бөлшектерді  майлауға;себуші  аппараттарды  метелл  шыбықтармен  тазартуға;аударыстыру  құралы  қосулы  болғанда  сусымалы   емес  тұқымын  құюға,шүмектерді  қолмен  тазартуға.

          Себуші  аппараттар   қақалып,тұқым  себу  тоқтағанда  агрегатты   дереу  тоқтатып,ақауларды  жояды.

         Құрама   сеялкамен   тек   қана  дәнді  дақылдар  сепкенде  шөп  тұқымы,сондай-ақ   тыңайтқыш  жәшіктерінің  аударыстыру  құралдары   ажыратылады.

Агрегат  кілт  бұрылыстарға  жақындағанда   оның  жылдамдығын  баяулату  керек.

Тұқым  себушілер  өз  орындарына  тұрып,тұтас  агрегат  жұмысқа  әзір  болғанда  аға  тұқым  себушінің  белгісімен  себу  агрегатын  жұмысқа  қосуға  болады.

Бір  учаскеден  екінші  учаскеге  ауысқанда  сеялкалардың  жүріс  жылдамдығы  секундына  1.25 м (сағатына  4.5  км) болуға  тиіс,мұның   өзінде  қосылу  рычагтарын  сыммен  байлап  қояды,ал  қырғыларды  

 

тістерін  төмен  қаратып    рамаға  сыммен  бекітеді.Қырғылардың   сақиналарын    шүмек  көтергіштің   ашасына   кигізуге   тыйым   салынады.

15 Егер   себу  агрегатында   арнаулы  сигнализация  болмаса,қажетті  жағдайдаға   тұқым  себуші  ысқырықпен  белгі  беруге  тиіс.

Вагонның   аяғындағы  бұрылыстың  алдында,сондай-ақ   бір  учаскеден   екінші  учаскеге    ауысқанда  маркерлерді  көтеріп,оларды  көтерілген  күйінде   берік  бекіту, шүмектер  мен  сіңіргіш   құралдарды  көтеру  керек.

Маркерлерді  транспорттық    жағдайға  қойғанда   шаппа  тістерді  вертикаль   жағдайдан  горизанталь  жағдайға  ауыстырады.

 

 

 4.3. Өртке  қарсы  шаралар.

 

Мұнай  өнімдері-ауыр   және  жеңіл  сұйық  отын,жағылатын   майлар-уытты,олар   адамның    организміне  түскенде   уландыруы  мүмкін. Егер   мұнай  өнімдері   теріге  тисе,  тітіркендіріп   күйдіруі  мүмкін.

Мұнай   өнімдерімен  уландырудан   құтылу   үшін   арнаулы  киім   және  аяқкиім   киіп  істеу   керек. Тракторларға   майды   жабық  әдіспен   құйған  жөн. Ауызбен  жанармайды  соруға  және  қоректендіру   жүйесінің   жекелеген   агрегаттарын   және  двигательдердің   майын   үрлеп   тазартуға   тыйым   салынады. Мұнай   өнімдерін   ақаусыз   ыдыспен   тасымалдап, арнаулы  жайларда   сақтату  керек.

Мұнай  өнімдерінің  буы  шоғырлануы   мүмкін,жайларда  жұмыс  істегенде   жеке-дара  қорғаныш  құралдарын  (противогаз  және  басқалар)  пайдалану  қажет. Мұндай   жайларды  мұқият   желдету    керек.

Жарылыстан   немесе   өрттен   құтылу   үшін   мыналарға  тыйым  салынады: бинзин  немесе   лигроин   құйылған   бөлшектердің   тығынын   металл  заттармен   соғып  ашуға,мұндайда   ұшқын   пайда   болуы  мүмкін; тракторға  май  құйғанда   немесе   отын  бактарын  байқағанда   ашық  отты  

пайдалануға  немесе  темекі  тартуға; тракторларға   май  құятын   және 

олар  тұратын   орынның  маңында   от  жағуға   және   темекі   тартуға; жұмыстан  кейін    немесе  май  құйғаннан   кейін   тракторды   май  құятын   пункттің   маңайында  қалдыруға; май  құятын  пунктке  трактор   мен   машинаның  шығару  трубасын  тұрған  жағымен   келуге.

Бактар   мен   бүкіл  отын  жүйесін   байқағанда  оларда   жағармайдың   бар-жоғына  қарамастан   тек   электр  жарығын   пайдаланған   жөн.

Өнімді    жинап,бастырғанда   тракторларды   сенімді   істейтін  ұшқын    ұстағыштармен   жадықтап,олардың  дұрыс  істейтінін   жүйелі   түрде  бақылау  керек.

Мұнай    өнімдері   тұтанғанда  жалынды  өрт   сөндіргішпен   сөндіру, сондай-ақ    оған     топырақ , құм   тастау,киіз  немесе   басқа   тығыз  материал    жабу  керек, жанып   жатқан   мұнай  өнімдеріне   су   құюдың   пайдасыз  екені  былай   тұрсын,ол  қауіпті  де,өйткені   су  оларды   шашыратып, өрт   алңын   ұлғайта   түседі. Алайда  жалынды   сумен   ұшырып   түсіруге  және   өртене  бастаған   двигательді   немесе   тракторды  сөндіруге  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Конструкторлық тарау

 

  • «Сибиряк» аппаратының бастыру аппараты

 

СКД -5 комбайнының бастыру аппараты суретте көрсетілген. Қабылдауыш битері бар қабылдау камерасы мен екі барабан да 1, 1 СК-4 пен СК-4А комбайндарындағы сияқты орналасқан.

Қабылдауыш битердің айналу жиілігі мынадай: СКД-5-те – 680 айналыс/ минут, СК-4 пен СК4А-да – 715 айналыс минут.

 

 

1-сурет. СК.Д-5 комбайнының бастыру аппараты:

/—бірінші барабан; 2 және 5 — бөгеуіштер; 3—аралық битер; 4— екінші барабан; 6—соқ-қылауыш битер; 7 — бағыттауыш тор; 8 —^клавиша; 9— фартук; 10 және 13— декалар; 11 — алдықғы қарсы жетек білігі; 12 — айырғыш тор; 14 — тасымалдауыш тақтай

Екі деканың да 10, 13 бұрыштық алымы—127°. Барабан аралықтарына аралық битер 3 орнатылған, ал оның астына реттелмейтін айырғыш елек 12 қойылған. Барабан мен битердің, аралығына қайтарғыштар 2, 5 орнатылған.

Заводта барабанды мынадай айналымда: біріншісін — 1050± ±50 айналыс/минутқа, екіншісін— 1150±50 айналыс/минутқа реттейді.

1973 жылға дейін екі барабан да алдыңғы қарсы жетек білігіне орнатылған вариатор блогының, сол жағынан қозғалысқа келтірілетін (60-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

Вариатор блогы мен барабан шкиві де, СК-4 және СК-4А комбайндарындағы секілді, жылжымалы дискілерден құрастырылған, соның нәтижесінде әрбір барабаннын, айналу жиілігін жеке-жеке реттеуге болады.

Вариатор блогы және оны ауыстырып салу схемасы, сондай-ақ шкивтің қажетті айналу жиілігін орнату 60-суретте керсетілген. Әр түрлі дақылдарды жинау үшін барабандардың ұсынылатын айналу жиілігі 2-таблицада келтірілген.

Барабандар жетегінің конструкциясы 1973 жылдан бастап өзгертілді. Жаңа конструкция былай құрылған (61-сурет): қарсы жетек білігінің оң және сол жақ тұстарына шкив орнатылған: бірінші барабанда шкив сол жағына, ал екінші-де — оң жағына қойылған. Сәйкес келетін барабан шкивтері мен қарсы жетек білігі белдікпен жалғасқан.

Барабан жетегінің өзгертілуімен бірге дән элеваторы   ое жақтан   сол жағына   қарай   ауыстырып қойылған.

СКД-5 комбайнына   мынадай   айырмашылықтар тән. Жүргізуші отыратын алаңшаға тек бірінші барабанның   декасын реттейтін рычаг қана шығарылған. Екінші  барабан декасының рычагы двигатель мен шанақ аралығындағы молотилка кақпағына

 орналасқан.

 Қондырма  реттеу  жұмысын жүргізген

дека мен барабанның «аралығына тік төмен   бағытта   эксцентрик рычагын тек бірінші барабанға, ал екіншісіне тік жоғары бағытта қояды. Бірінші деканың саңылауын реттеу рычагын жоғарыдан      санағанда сектордың бесінші тесігіне қояды  (СК-4-тегі си-яқты). Ал екінші декада рычагты төменнен санағанда бесінші тесікке орнатады. Реттеу   рычагын

сектор тесігінің  біреуіне ауыстырып

салғанда барабан шыбыртқысы мен

 

 

 

 

 

 

61-сурет. СКД-5 комбайны барабандарының жетек шкивінің өзгертілген түрінід (1973 жылдан бастап) орналасуы:

а — дәнді дақылдарды жинағанда; з — жарма дақылдарды   және дәнді-буршақты қоспа. ларды жинағанда; б — бұршақ тұқымдас және техникалық дақылдарды жннағанда.

2-таблица

 

 

Дақылдар

СКД—5 комбайнымен эр түрлі дақылдарды жинаған кездегі барабанының айналу жиілігі, айналыс/минут

бірінші барабаи

екінші барабан

Бастырылуы қиын ылғалды бидай Бастырылуы оңай құрғақ бидай Қара бидай Арпа Дәнді-бұршақтылар Жарма дақылдар

1100—1150 900—1000 900—1000 850—950 500—550 700—900

1100 1000—1100 1050—1100 1000—1050 550—600 950—1000

дека планкасының арасындағы саңылауды былайша өзгертеді; кіре берісінде 1 мм, шыға берісінде 0,5 мм. Екінші барабан декасының кіре берісіндегі саңылауды төртінші планка бойынша өлшейді. Мұнда ол біріншіге қарағанда шамамен 1 мм қысқа болады.

СКД-5 комбайндарына заводтан жөнелтерде мынадай саңылау орнатылған (рычаг сектордың, бесінші тесігінде орналасқанда); бірінші барабанда кіре берісінде 20±1 мм және шығысында 7± ±1 мм; екінші барабаңда кіре берісінде 18±1 мм және шыға берісінде 6±1 мм.

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

 

  1. Алшынбай М.Р. «Ауыл шарушылығы  машиналырының  теориясы» (оқулық)-Алматы: ҚазМемАгру  1999-203  бет.
  2. Алшынбай М.Р., Әлиев Б.А. «Ауыл шаруашылығы  машиналары» -Алматы  Қайнар  1979-224  бет.
  3. Васильевская А.Н., Маркелова В.А. Проблемы  оптимизаций процесса теоретического  обучения  в  СПТУ. М.,  Высшая  школа, 1980.
  4. Гришина Л.Я., Левина Г.Г. К медодике отбора содержание  обучения  по техническим  причинам.Содержание  и  медодика  психолог-педагогической  подготовки  инженеров-педагогов. Свердловск, 1990 г.с.111-119.
  5. Жақсыбаев Ү.Ж., Усманов А.А. «Топырақ  өңдеуді  механикаландыру» (Анықтамалық  құрал). Алматы: Қайнар  1986-214  бет
  6. Зотов Ю.Б. Организация современного  урока, М., Просвещение, 1984,с.142
  7. Қоныспай Қ. «Агроинженердің орысша-қазақша  сөз  қоры»  Алматы: «Агроуниверситет» баспасы, 1997 ж-141  бет
  8. Қоныспай Қ., Қозыбай А. «Ауыл шаруашылығында машина  пайдаланудың  анықтамалық  деректері» (оқу  құрал)  Алматы:  ҚазМАУ. 1996-160  бет
  9. Махмутов М.И., Шакирзинов А.З. Учебный процесс  с  использованием  межпредметных  связей  в  СПТУ. М., В.школа, 1985.

10.Мухин  А.А. «Машина  трактор  паркін  пайдалануды  ұйымдастыру  және  жұмыс  жүргізу  технологиясы»  (оқу  құралы)- Алматы:  Қайнар. 1988-320 бет.

  1. «Сельскохозяйственная техника» Католог. 1и 2 т М; 1982 г
  2. Скакун В.А. Преподавание общетехнических  и  специальных  предметов в  училищах  профтехобразования. М., Высшая  школа, 1987.
  3. Силайчев П.А. Основы  диагностики  методической  подготовленности  инженеров-педагогов (Содержание  и  методика  психолого-педагогической  подготовки  инженеров-педагогов). Свердловск, 1990, с. 102-111.
  4. Система машин для  комплексной  механизаций  растениводства  Казахской ССР  на 1995-2000 г.г  Алматы   2000-162  стр
  5. Иофинов С.А., Бабенко  Э.П.,  Зуев  Ю.А.  «Справочник  по  эксплутаций  Машино-тракторного   парка»-М  Агропромиздат 1985-304 бет
  6. Тұрғынбаев С.Г. «Диұан серігі»- Алматы: Қайнар, 1989-304 бет
  7. Фортуна В.И., Миронюк С.К. «Технология  механизированных сельскохозяйственных  работ»- М Агропромиздат  1986-304  бет
  8. Фортуна В.И. «Эксплутация  машино-тракторного   парка» -М: Колос  1986  г

 

 

Қорытынды

 

1.Алматы облысы №2 кәсіптік мектептің  оқу  өндірістік  жағдайына  талдау  жасалып,  оқу  базасы  мектептің  педагогикалық  ұжымының  сандық және  сапалық  сипаттамалары  берілді.

 

 

2.Кәсіптік мектептің  оқу  процесін  ұйымдастыру  жұмыстарына  сараптама  беріліп,  оқу  жұмыстарын  тиімді ұйымдастыу  мақсатында  төмендегідей  оқу  әдістемелік  құжаттар  жасалынды:

 

 

3.Дипломдық  жұмыстың  конструкциялық  тарауында   комбайнның бастыру аппараты берілген.

 

4.Төртінші  тарауда  ауыл шарушылық  өндірісінде  тракторлар  мен  машиналардың  жұмыс  істеу  кезіндегі  еңбек  қорғау, өртке  қарсы  шаралары  белгіленіп  тәртіп  сақтау  ережелері  ұсынылған