АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Антик философиясы

 

Республикалық медицина колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Антик фиософиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Алдабергенова А

                                       Тексерген: Қазқбаева Ж

 

 

 

Алматы 2006

 

 

Антик философиясы

«Антик философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек – рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек – рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберіне келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. VII – VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішінде үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик философиясының  қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика ; классикалық грек философиясы; эллиндік – римдік  философия. Ал Дж.Антисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:

  1. Б.з.д. VІ жәнеV ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен  айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик – плюралистер және физик – электриктер жатады.
  2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері – софистер және әсірісе Сократ.
  3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық  мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.
  4. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы  соңына дейін  — кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм және эклектицизм бағыттары кезеңі.
  5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының  діни дәуірі – неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
  6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары  тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптасу кезеңі.

Ежелгі Грекия  дүниетанымының жаңа формасы – философияны қалыптастырған  негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да  Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асырылды. Бірақ эллиндік ақыл – ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық философиямен  салыстырғанда  өзіндік түбірлі ерекшеліктері болды. Философияның қалыптасуына алғышерт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы жатады.

Грек философиясы «физис» философтары немесе натурфилософтары болған милет мектебі өкілдерінен , Гераклиттен және Пифагордан басталды. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.

Түпнегіз – бұл барлық нәеселердің шығу тегін, олардың мәнділік ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз.Фалес барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор – сандық қатынастарға аса мән береді. Бұлардың арасында Анаксимандр түпнегізді неғұрлым философиялық және абстракциялық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Алайда, су, ауа, және от физикалық – химиялық элементтердің немесе үдерістердің бір бөлігі ғана деген ой туындамауы тиіс, себебі олар ең алдымен құдіретті бастаумен байланыстырылады.Бұл шексіз бастаудың құдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол мәңгі өмір сүреді және бұзылмайды.    Сократқа дейінгі алғашқы  философтар осы тұпнегізді әлемнен  бөліп алмай, керісінше, әлемнің мәні ретінде  түсіндіргендіктен «натуралистер» деп  талады. Сондықтан Гомер және  антик  дәстүрімен  салыстырғанда  бұл ұғым пантеистік типтегі  түсінік  болып табылады. Мысалы, Фалес «бәрі құдайға толы» деп айтқанда  барлық нәрсенің өн  бойын тұпнегіз  қамтиды дегенге меңзейді. Ал  өмір бастапқы  болғандықтан, бар тірі нәрселердің  де  жаны болады.

Алғашқы  грек ойшылдары  әлемдегі  бір-біріне  үстемдік етуге ұмтылған қарама-қарсылықтарды аңғара білді. Анаксимен барлық өзгерістер мен тарнсформацияларды  түсіндіріудің  негізі  ретінде өзінің үнемі  өзгермелі  табиғатына орай универсалдық  стихия  түрінде ауаны  түпнегіз  етіп  алғаны  белгілі. Ол  сонымен қатар,  «тығыздылу» мен «сиректелу» үдерістеріне  динамикалық себеп принципін  енізгендіктен  себептіліктің  түпкі  бсатауы мен  жетілген үйлесімділігін  түсіндіріп  бергендіктен  милеттік ақыл –ойдың  қатаң  және  логикалық көрнісін айқышты  түрде көрсетеді. Кеінірек,  бұл пардигмаға,  иониялық ақыл –ойдың  үлгісіне айналып,  әсіресе Гераклитте барлығын басқаратын Логас түріндегі  түпнегіз-   От ретінде өзінің  заңды жалғасын табады. Гераклит  сонымен қатар  түпнегізің  универсалды динамизмі  тақырыбын  одан  әрі  дамытты. Оның «бәрі  ағады, бәрі  өзгереді» деген атақты  тезисі осы  ағын образынан  туындайды. Осыған байланысты  Гераклит мынадай  терң  де,  батыл тұйіндерге  тоқталады: бір қарама қарсылықтан екіншісіне үнемі  алмасу  ретіндегі  қалыптасу  идеясы олардың  тұтастығымен  күресе  идеясы,  оладың  үйлесімділікке  бірігуі, ақиқат пен танымның көп  қырлылығы. Гераклиттің дәл осы  тұжырымдарын Гегель  жоғары бағалап, өз еңбектерінде пайдаланды.

Философия  дүниеге келісімен құдіретілік  пен ақиқатқа қатысты  ғасырлар бойы  қалыптасқан наным – сенімдерді  бұзып,  өзінің  жаңашалық күш- қуатын байқатты. Элейден шыққан ойшылдардың жаңашалығы бойынша сипатталады. Космологияны онтологияға өзгерту,  өзіндік  философиялық категорияларды  ойлап табу, диалектикалық тәсілді  енгізу мен пайдалану арқылы философияға дәлелдеулердің қажеттілігі мен оның тәсілдерін қолдануды мойындау.  Зенонның  дәйектері  өзіндік  заңдылықтың күш – қуатын бекітетін тәжрибе  деректеріне  күмән келтіретін  логос  позициясын  күшейтуге бағытталған.

«кіші физиктер» немесе физик  плюралистер – эмпедокл мен Анаксагордың  көзқарасты  элеаттардың осы апорийлистік  концепциялары  элейліктердің  де, ионниялықтердың  да монизміне қарсы бағытталады. Ал  бұл үшін Эмпедокл элемент, немесе төрт түбір ұғымынан өзге  біріктіруге және ажыратуға мүмкіндік  беретін Махаббат  пен Дұшпандылық деп  аталған ғашықтық күштерді де енгізеді. Анаксагор  болса,  әлемдегі  сан жетпес  сапалар мен өзгерістердің  көп  құбылмалы  себебін, заттардың  «ұрықьары» мен ақыл, олардың  бір  тәртіпке келуі арқылы  түсіндіреді.

Бұл мәселені   түсіндіруге келгенде ең  жүйелі  немесе мақсатты талпыныс Левклипп пен Демокрит ұсынған әлемнің  атомистік  картинкасы болды. әлемдегі  барлық өзгерісері, қоғалысты  тұсіндіретін – атом, бос  кеңістік және олардың  қоғалыстары. Атомдар формасына, реті  мен жағдайына қарай  ерекшеленеді, олар сезіммен қабылдайды,  тек  ақылмен пайымдалады. Элеаттардың  апориларын  игеру мақсатында   олар әр түлрі  сезімдердің   болуы  атомдардың  сыртқы әсерінен,  ал ақиқатты  түсіну  атомдардың  өмір сүруін  ақылмен ұғыну  арқылы  іске асады  дей  отырып,  «ақиқатты» да,  «пікірді» де  сақтап қалады. Демокриттің  бүкіл дүнеитенымынан  байқалатын атомизм   принципі  ғаламның  шексіздігі  мен ондағы  әлемдердің  сан алуандығы,  себептілік  пен кездейсоқтылық  туралы ілімдерінде, мәдениет  тарихына көзқарасында,  моральды зерттеулерінде  және т.б. данышпан ойларды  дүниеге  әкелуіне  мүмкіндік  береді.     

Антик философиясы тарихындағы ерекше орынды софистер алады. Әдетте, оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы  шынайылықтың орнына жеке мүддені ойлаушылар деп және тағы да басқа күнәлармен айыптайды. Шындығында софистика б.з.д. V ғасырдың екінші жартысындағы Грекия өміріне объективті әлеуметтік, экономикалық,мәдени дамудың алғышарттарымен келген феномен болып табылады. Софистер өз заманының талабын дұрыс ұғып, оған форма мен дауыс берді. Олар аға ұрпақтың дәстүрлі құндылықтарымен қанағаттанбаған жастардың арасында үлкен табыс пен қолдауға ие болды. Оларды Сократпен қоса «грек ағартушылары» деп те атайды. Софистер дәстүрдің орнына рух еркіндігін жариялап, бұрынғы әлеуметтік кестені бұзып, оның орнына тәрбие мәселесін алдыңғы орынға қойды. Бұл мәдениетті бұрынғыдай тек таңдаулылардың арасында ғана емес, қоғамның барлық қабатына кеңінен енгізуге жағдай жасады. Поистің тар шеңберін кеңейтіп, панэллинистік бастаудың негізін қалады. «Адам – бар нәрсенің өлшемі» деген Протагор аксиомасындағы релятивизм мен прагматизм  Горгий нигилизміне ұласқанымен қатар, сөз өзінің шынацлығынан гөрі нандыру мен сендірудің құралы дегенге саятын теориялық жаңалыққа да әкелді. Сондықтан б.з.д. V ғасырдағы Грекияда риторика немесе сендіру өнері « мемлекет қайраткерінің қолындағы нағыз штурвалға» айналды.

Софистер философиялық рефлексияныфизис және космос мәселелерінен адам тақырыбына, оның қоғам мүшесі ретіндегі өміріне бұрғаны дүниетанымдағы төңкеріс болып табылады. Софистиканың қарастыратын басым тақырыптары этика, саясат, риторика, өнер, тіл, дін, тәрбие немесе басқаша айтқанда барлық мәдениетке қатысты мәселелер болды. Сондықтан да софистер антик философиясындағы гуманистік кезеңнің негізін қалаушылар болып саналады.

Алайда софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады.Мұны іске асырған Сократ болды, сондықтан оны антик философиясы тарихының «кіндігі», «философияның бел ортасы» деп те атайды. Сократ та софистер секілді өзінің басты назарын адам табиғатына аударғанымен қоймай, адамның мәні – ақыл-ойға негізделген белсенділік және адамгершілік бағдар ұстанған әрекет ретіндегі оның жаны деген түйінге тоқталды.белгілі  бір мағнада Сократ құндылықтардың  дәстүрлі  жүйесінде  төңкеріс жасады. Байлық,  даңық,  билік,  денсаулық, сұлулық өз табиғаттарында ешқандай  игілікке жатпайды, бірақ олар тек  ғылыммен, таныммен және дұрыс пайымдаумен басқарылғанда  ғана игілікке айналады.  Сократ бойынша таным игілікті  істің, қайырымды қылықтың  қажетті  алғышарттары.   Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын да  қалыптастырды: адам  өз бақытының да,  бақытсыздығының да  ұстасы.  Сократтың  өзі  күш  көрсетпеу  төңкерісін  теориялық тұрғыда  ғана негіздеп қана қоймай,   өз өлімінің дерегі  арқылы да  оған мәңгілік  өмір силайды.  Жанды  адамынң  мәнділігі  ретінде  белгілеуі,   танымды нағыз игілік ретінде,  өзін-өзі  билей алуды  ішкі  еркінділік  ретінде  бағалауы – оның  этикасының осы  тұжырымдары  индивид автономиясын жария  етті. Сократ  философиясынын бастау  ала отырып, екі түрлі  бағытты  ұстануға  болатын еді. Бір жағынан білместік принципі ғылымды теріске шығаруға  әкелгендей,  екінші жағынан нағыз жоғары  білімге  жол  сілтейді; оның  афиналықтарға  бағыштаған арнауы тонның бір жағынан  қарапайым маральдық  уағыз ретінде   түсіндірілсе,  екінші жағынан платондық метофизикаға  кіріспе ретінде  бағаланады; оның  диалектикасы  бір жағынан  софистика мен эристиканы  еске түсірсе, екінші  жағынан ғылым ретінде  логиканың  негізі болып табылады.  Оның  ілімі  бір жағынан афиналық полюс  қамалмен  шектелсе, екінші жағынан  тұтас  әлемнің космополиттік  кеңістігі  ашылады. Платон мен сократшылар  деп  осындай  әртүрлі  жолдармен жүрді.

Б.з.д 4 ғасыр Грекия  үшін «жоғары  классика» дәуірі болып табылды.  Бұл дәуірде антиктік  философиялық ойдың  айшықты  көрнісі  беретін екі  философиялық жүйе  — Платон  және Аристотельдің  философиялық жүйелері  қалыптасты. Сократтың  ең  ғұлама  шәкірті  және  Академияның негізін  қалаушы  Платонның ілімі әр деңгейлі  және  әр алуан қырлармен  ерекшеленеді.  Оның  шығармашылығында  философия мифке қайта  оралады.  Онда миф  логосқа бағынғанымен,   оның  қанат жаюына  серпін береді. әр түрлі  кзеңдерде  оның  философиядағы метафизика мен  гносеологияға,  діни  проблематика  мен мистизмге  зор  көңіл бөлсе,  қазіргі  уақытта   платонизмнің мәні ретінде  оынң  ауызша  диалектикасына,  этикалық саяси проблематикасына  баса  назар  аударылады.  Платон  ілімінің  шынайы маңызы осы  көзқарастың  барлығын  жинақтағанда  ғана  көрінеді. Платондық метафизиканың  кең  ауқымды ерекшелігі,  онад жаңа  шындыңтың  ашылуымен  байланысты,  яғни физикс  философиясында  бұрын – соңды  болмаған  сезімнен тыс,  физикалықтан тыс кеңістік  ашумен байланысты болды.   Платонның дәл осы жаңалығы  философия дамуындағы маңызды  кезең  болып саналыд және  материялық  емес,   сезімге тән және сезімнен тыс  деген ацырмашылықтың  негізін қалады. Осы категориялар  тұрғысында табиғат пен ғарыш  өз алдына   заттар түрінде  емес,   олардың  құбылысы  түрінде   ғана  көрінеді.  Нағыз және  нақты болмысқа  заттардың  мәнін,  олардың падигмасын білдіретін идеялар ғана ие  болды.  Платонның  идеялар әлемі  — бұл  сатылы  түрде  ұйымдастырылған жүйе. Оынң  ең  жоғарғы  шыңында  Игіліктің  абсолюттік  идеясы  оранласқан. Физикалық әлем немесе  сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі   мынадай  кесте  негізінде  пайда болады: үлгі, көшірме және Жаратушы – үлгіге  сәйкес көшірменің авторы. 

         Платон таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде үшырастыратын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Бұл ажыратудың тәсілі сократтық майевтика болып табылса, ал «диалектика» термині онда жаңа мағынаға ие болады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау ретінде қарастырса, ал эротика – абсолютке жетудің логикалық емес жолы. Платонның адам концепсиясы дуалистік болғандықтан (жан мен тән), таным тазару ретінде, ал диалектика бетбұрыс ретінде қарастырылады. Жанның мәңгілігі ең маңызды мәселе болғандықтан метемпсихоз ұғымы әр түрлі мифтер түрінде сипатталады.

         Платондық дүние танымның інжу – маржаны оның бүкіл ой – толғамдарын қортындылайтын «мемлекет» диалогы болып табылады. Платонның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса (және керісінше), онда ақиқат пен  игіліктің құндылықтарына негізделген мемлекет қалыптастыруға болады. Ал әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңірегінде айналатын негізі болып табылады. Идеялды мемлекетті практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң Платон өзінің «Саясат» және «Заңдарында» «барлық нәрсенің өлшемі сызық — Құдай» санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға үмтылады.

         Платондық академияның ең қабілетті шәкірті – Аристотельдің рухани дүниесін платонизм мен метофизикадан  бас тартып, натурализм мен эмпиризмге бет бұру деп түсінуге болады. Яғни ол ұстазының жолын қайталамай оның ілімін алға жылжыта отырып, оның теориясы шеңберінен шыға білген Аристотельдің таланты мен ғылыми рухы оны тәсілдер дифференциациясына, органикалық синтез бен жүйелеуге алып келеді. Ол философиялық білімдердің – метафизиканың, физиканың , психологияның, этиканың, саясаттың, эстетиканың, логиканың даму жолдарының негізін қалады.

         Ғылымдарды классификациялауда Аристотель ең алдымен теориялық ғылымдарға басымдылық береді оның ішінде шыңы ретінде ең маңызды орын метафизикаға немесе «бастапқы философияға» беріледі. Бұл жалғандыққа жол бермейтін білімге деген таза құмарлық ақиқатқа деген құштарлық. Оның мақсаты болмыстың төрт себебін зерттеу болып табюылады. Оның ішіндегі ең маңыздылары – барлық заттарды құрайтын форма (мәнділік, бастапқы субстанция) және материя. Және метафизиканы тәмамдайтын сезімнен тыс  субстанция – бұл мәңгі және қозғалмайтын бастапқа түпнегіз, бастапқы қозғаушы Аристотельі өзінің  физикасында сезіммен қабылданатын субстанцияларды зерттей отырып оның ішкі сипаттамасы ретінде қозғалысты қарастырады. Оның психологиясы бірнеше трактаттарда мазмұндалған. Оның ішіндегі ең терең және даралығымен ерекшеленетіні «Жан туралы»деп аталады.  Стагирит жанды үш құрамда қарастырады: вегетативті, сезімдік және рационалдық, бірақ оның алғашқы екі құрамы барлық жанды заттарға кеселі болса тек адам ғана осы үш құрамның барлығынада бірдей ие.

         Аристотель практикалық ғылымдар қатарына этика мен саясатты жатқызады. Ал олардың мақсаты бақытқа жету болып табылады. Этикалық қадыр- қасиеттер «дұрыс ұстаным» немесе  «шет аралықтардың  ортасы » ретінде қарастырады.бейбіт өмірмен  парасатты  белсенділік түріндегі  жеілген мемлекеттің  идеалын ойлап  шығарады.

         Мәдиениет  тарихында Аристотель өз атымен  аталатын дәстүрлі  логиканың  негізін қалаушы ретінде  белгілі.  Шынында  оол  қалаған логикалық  тұжырымдар бүкіл орта  ғасырлар бойы  өзгеріссіз қолданылып,  тек  жаңа заманнан басатп  оның  екінші  көрнісі,  яғни қазіргі математикалық және  символиканың даму  кезеңіне дейін өмір сүреді.