Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлі
Орта — Азиялық университет
«Аңырақай », Орбұлақ және өзге де шайқастар
Алматы 2006
Жоспар
- XV-XVII ғасырдағы Қазақ халқының жағдайы
- Қазақ- Жоңғар қатынастары
- Орбұлақ маңындағы шайқас
- «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама»
- «Аңырақай» шайқасы
- Шапқыншылықтың әсерлері
- Соғыстан кейінгі жағдайлар
…Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім…
Ж.Молдағалиев
Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр алқап- көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен ата қоныс, алтын бесігі. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бәрінен бұрын жан- жағын жолбарыстай жайпаған Жонғар шапқыншылығы қазақ елі үшін үлкен нәубет болды. XV-XVII ғасырларда қазақ хандығы бірде өсіп- өркендеп, тұрақтылығы бекіп, берік болса, бірде бірлігі бұзылып, босаң тартқан, кейде жеке-жеке хандықтар болып ыдырап кеткен кездері болды. Көрші елдермен негізінен бейбіт қарым-қатынастар, шаруашылық және мәдени байланыстар жүргізіп отырды. Олармен кейде шағын шайқастар, шұбалаңқы соғыстар болып тұратын. Бұл жорықтар негізінен пайда табу, тонау, соның арқасында баю үшін жүргізілген тонаушылық шапқыншылықтар еді. Марқайып, мерей толтырарлық жеңістер де, көңіл күйзертерлік ащы жеңілістер де болатын. Солардың ішінде ең ауыры да, ең ұзағы да қалмақтармен соғыс еді. Орыс тарихшысы- шығыстанушы В.В. Вельяминов-Зерновтың жазуына қарағанда қазақ-ойрат қарым-қатынастары XVI ғасырдың бірінші ширегіне дейін бейбіт түрде болса керек. Осы ғасырдың 30 жылдарынан жағдай өзгеріп, күрес басталған.
XVI ғасырдың аяғында, XVII ғасырдың бас кезінде, әсіресе Есімханнның ел билеуі (1598-1628) кезінде Қазақ хандығы біршама күшті еді. Ол бытыраңқы ойрат тайпаларымен салыстырғанда басым түсетін. Есімхан билік құрған жылдарда ойраттардың бір бөлігі Жәңгір сұлтанға тәуелді болды. XVII ғасырдың екінші жартысында күштердің ара салмағы өзгеріп, жоңғар тайпалары басымдық ала бастайды. 1635 жылы бытыраңқы ойрат тайпалары қосылып, бірыңғай жауынгерлік — әскери сипаттағы Жоңғар мемлекетін құрды. Қазақтар сияқты, ойраттар да көшпелі, мал шаруашылығымен айналысты. Әскри күш жағынан алғанда Жоңғар мемлекеті қуатты, мықты болды. Кейін ол соғыс кезінде 100 мың әскер шығара алатын жағдайға жетті. Ондай мемлекеттер ол кезде сирек кездесетін. Сөйтіп, бұдан былай қазақтарға өздері сияқты көшпелі қауымдар емес, ұлан-байтақ жерді алып жатқан айтарлықтай ұйымдасқан саяси күш қарсы тұратын болды.
Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрыс оқиға – Орбұлақ шайқасы. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында өтті. Ол жайлы мәліметті алғаш айтқан- тарихшы И.Э.Фишер. Тау қойнауында өткен шайқас туралы тұңғыш деректі жазып қалдырушы- Тобыл әскер-басшысы Р.С. Курагин, ал оған бұл соғыс жайында мәліметті берушілер Тобылда қызмет еткен, ресейдің Жоңғарияға барған елшілері Г. Ильин мен К. Кучелев. Олардың 1644 жылғы хабарламасында: «Біз барғанда қонтайшы ұлысында болған жоқ….50 мың әскермен Қазақ ордасының Жәңгір сұлтанмен, Жалаңтөспен және Алатау қырғыздарымен соғысуға кеткен екен»,- деп жазылған. Есім ханның ұлы Жәңгір шығыстан төнген жойқын қатерді көзімен көріп, қазақ руларын біріктіруге, басқыншыларға бірлесе тойтарыс беруге ұмтылды. Бұхара әміршісі , алшын батыры Жалаңтөс бахадүрге хабарласып, көмек сұрады. Солжан тайпаларымен одақ құрған батыр қонтайшы Жәңгірдің қазақтарды біріктіру жоспарын жүзеге асырмау мақсатында 50 мың қолмен жедел жорыққа шықты. Жолшыбай жоңғар шептері Алай және Тоқмақ қырғыздарының аумағын, бірсыпыра қазақ ауылдарын шапқыншылыққа ұшыратып, 10 мың адамды тұтқындағаны туралы хан ордасы – Түркістанға хабар жетті. Жәңгір шұғыл әрі батыл шешім қабылдап, қазақ жеріне ішкерілеген жоңғарлардың жолын кесу үшін білтелі мылтықпен қаруланған 600 сарбазбен қарсы аттанды. Әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық орбұлақ шайқасында Жәңгір мылтқпен қаруланған 300 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартысын жоңғарлар тар өзектегі орға жеткенше таудың арғы бетіне жасырына тұруға бұйырды. Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған ор-бекініске шабуыл жасайды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып, білтелі мылтықтардан оқ жаудырады. Осы кезде Самарқандтан алшын Жалаңтөс бахадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 мыңнан аса адамынан айырылып, күйрей жеңілген жоңғарлар кейін шегінеді. Ұлы жеңіске арғын Ағынтай, Қомпай, найман Көксерек, Бөдес, Шапырашты Қарасай, төтрқара Жиембет жырау, қаңлы Сарбұқа, суан Елтінді, дулат Жақсығұл т.б. батырлар үлес қосқан. Бұл ұрыс қазақ қолбасшыларының сртатегиялық та, тактикалық та қабілетті болғанын, жауды алдын-ала зерттеп, барлап барып соғысқанын көрсетті. Соның арқасында аз күшпен өзінен әлдеқалай көп әскерге тойтарыс беріп қана қоймай, оның 10 мыңнан аса әскерін жойып жіберген. Бұл Еуразия кеңістігіндегі жас мемлекет – Қазақ хандығының тәуелсіздігіне төнген қауіп- қатерді бірнеше жылға кейін шегерген жеңіс еді. Отандық тарихнамада Орбұлақ шайқасы өз орнымен ерекшеленеді. 1993 жылы 3 шілдеде Алматы облысы, Панфилов ауданындағы Белжайлау алабында ұлы жеңістің 350 жылдығына арналған той өткізілді. Ұрыс болған жердің атауы Орбұлақ, ал оқыға Орбұлақ шайқасы деп аталып, гранит тастан белгі қойылды.
1646 жылы Батыр қонтайшы мұқият әзірленіп, қазақ даласына жаңа жорыққа шықты. Бұл жолы жоңғарлар жеңіске жетеді. 1647 жылы қазақтар мен қалмақтар өзара бітімге келіп, арада жыл бейбітшілік орнайды. 1643-1647 жылдардағы қазақтар мен ойраттардың арасындағы соғыстың қазақ халқының саяси санасын оятуда маңызы зор болды. Сырқы жауларға қарсы ұзаққа созылатын соғыстарда халықтың басын біріктіре білу, әскерді дұрыс ұйымдастыру, оларды бір орталыққа бағындару, Отанды жанқиярлықпен қорғау керектігін, қажетті одақтастарды таңдай білу қажеттігін дәлелдеп берді. Соның арқасында ғана қазақ елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғай алатындықтарына көздерін жеткізді.
Бірақ бұл тыныштық ұзаққа бармады. Жоңғарлар Оңтүстік Қазақстандағы маңызды сауда жолдары өтетін және қолөнер мен сауда дамыған ірі орталықтарды басып алғысы келеді. Сондықтан 1698 жылдан бастап қазақтар мен жоңғарлардың арасындағы қарулы шайқастар қайта басталады. 1710 жылы ойраттар шабуылды бастайды. Тәуке хан Қарақұмда үш жүздің басы қосылған бүкілқазақтық құрылтайды шақырады. Негізгі мәселе ойраттарға төтеп беру болады. Жоңғарлармен алғашқы кездесу Ұлытау өңірінде Сарыкеңгір өзенінің жағасында сарайлы деген жерде болды. Жекпе- жекке екі жақтан да қас батырлар шықты. Бөгенбай батыр ойрат ноянын өлтіреді. Қалмақтар абыржып, қазақтар жауына қарай лап қояды. Кескілескен қырғын соғыста қазақтар көптен күткен ұлы жеңіске жетеді. Осы 1710-1711 жылдардағы соғыстар қалмақтарды жеңіп, бұрынғы айырылып қалған қоныстарын қайтарып қана қоймай, жоңғарларды өз жерлеріне қуып кіріп, көптеген тұтқындары мен малдарын айдап келді. Бұл жеңіс қазақтарды рухтандырып, еңсесін көтеріп тастаған еді.
Ресей патшасы Бірінші Петр өзінің шығыстағы жаулап алған жерлерін қауіпсіздендіру үшін қуаты өсіп келе жатқан Жоңғарларды қазақтарға қарсы айдап салу саясатын жүргізді. Оның ойы- жоңғарлар мен қазақтар бірімен-бірі соғысып, әбден әлсіреген кезде екеуін де оңай қартып алу.
Оңтүстік – шығыстағы үлкен империя – Қытай да Ресей пиғылындай мақсат көздеген. Қытайлардың ол кезде жоңғарлармен ара қатынасы онша тәуір болмайтын. Бірақ 1722 жылы Қытай боғдыханы Канси қайтыс болады. Жоңғарлар жаңа боғдыхан болған Юнчжэнмен тіл табысып, өзара келісімге келеді. Осылайша, екі империя да Жоңғар хандығына қауіп төндірмейтінін мәлімдейді.
1723 жылы қазақ елі әйгілі «ақ мешін» жұтына тап болады. Сол жылы Жоңғар ханы Цеван- Рабдан баласы Шона — Добаны басқартып, алпыс бес мың әскерін бірнеше зеңбірекпен Қазақстан және Орта Азия жаулап алуға аттандырады. Қазақтар ауыр жұттан кейін есін жиып, жазғы жайлауға шығуға дайындалып, шабуылды күтпей, қаннен қаперсіз жатқан. Сол кезде жоңғарлар тағы да соққы береді. Бұл ғаалмат апат «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен мәңгілікке халықтың есінде қалады. Жаудан қашып құтылған жұтттың көп уақыт жүріске аяқтары шыдамай, жалаң аяқ аяғы ағарғанша шұбырған халық Сыр боындағы Алқакөл деген көлге жетіп, «уһ» деп ес жинап, дем аламыз ба деп сұлап құлаған. Әбден арып – шаршап келген халықтың құлағаннан қайта тұрмай, халық қатты күйзеліп, қайғы-қасіретке ұшырайды. Сол кезде адамның естігенде сай-сүйегін сырқырататын «Елім-ай» әніні дүниеге келген.
1727 жылы қазақ халқы бар күшін жинап, өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ерлік күреске жаппай аттанады. Қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында үлкен шайқас 1927 жылы Торғай даласының оңтүстік- шығыс жағында Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде болады. Бұл бірнеше жылдар бойы сақталған ыза мен кектің буырқанып сыртқа шыққан кезі еді. Бірнеше күнге созылған қиян- кесті соғыста жоңғарлар жоңғарлар ондаған мың адамдарынан айырылып, ойсырай жеңілді. Сол ұлан – асыр ұрыс болған жерді халық кейін «Қалмақ қырылған» деп атап кетті.
Жоңғарлар мен қазақтар арсындағы соғыста өзгеше орын алатын қанды шайқас – 1729 жылдың көктемінде Балқаш көлінің оңтүстік – шығысына қарай Итішпес көлінің маңында болған Аңырақай ұрысы. Атақты Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Малайсары сияқты батырлардың басшылығымен қазақ жасақтары бұл жолы да күйрете соққы берді. Сан мың қалмақ қырылып, жараланған, әлі жандары шықпаған тірілерінің күңіренген, аңыраған дауысы бірнеше күнге дейін алысқа жетіп жатқандықтан бұл жерді содан бері « Аңырақай» атапты.
Осы тұста Тәукенің баласы Үлкен Орданың басында отырған Болат қайтыс болып, оның орнын Орта жүзден Сәмеке, Кіші жүзден Әбілқайыр аламыз деп дәмеленді. Бірақ көпшіліктің қалағаны Болат ханның ұлы Әбілмәмбет болды.
Аңырақайдағы шайқаста жеңіліске ұшырағанына қарамастан Жоңғар мемлекеті Қазақ хандығына қатерлі қауіпті одан әрі жалғастыра берді. Олар 1734 жылы қазақ жеріне өзінің екінші жорығын жасады. Жауға қарсы тұра алмайтын болғанлықтан Орта жүз 1735 жылы Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Ойраттардың жойқын шабуылы оңтүстіктегі қазақтар үшін өте ауыр тиді. Өйткені Ұлы жүз қаһарлы жауға қарсы тұра алмаған еді. Ойраттар бар күш қуатын топтастырып алып, 1740 жылы күзде Орта жүз жеріне басып кіреді. Бұл жолы олар қуатты қарсылыққа тап болып, қазақ жасақтары оларға ойланбаған жерден соққы береді. Осында қыстап шыққан 30 мың ойрат қолы 1741 жылы ақпанда қазақ ауылдарына қайтадан шабуыл жасады. Ұрысты үдете отырып батысқа қарай ілгері жылжиды, сөйтіп Тобыл мен Есілге дейін барады. Жаздағы шайқастардың бірінде сұлтан Абылай өзінің жақын серіктерімен бірге қапылыста қолға түседі. Оларды қарулы күшпен босату әрекетіне Барақ сұлтан басшылық етеді. Бірақ күш тең емес еді, ол жеңіліске ұшырайды, тұтқындарды Жоңғарияға айдайды. Бітім жасасу және тұтқындарды босату үшін келіссөз жүргізу үшін қазақ елшілігі жіберіледі. Келіссөз табысты аяқталып, Абылай тұтқынан босатылады.
Көршілерінде болып жатқан оқиғаларға мұқият зер салып отырған Манчжуриялық Цин әулетінің Қытайдағы билеуші тобы 1755 жылы ерте көктемде Жоңғарияға орасан зор армиясын жібереді, жазға қарай ол оны жаулауын аяқтайды, билеушісі Дуатты қолға түсіреді де Пекинге алып келеді. Осыдан кейін Жоңғария бір- біріне бағынбайтын әрі өшпенді, басында өздерінің жеке билеушілері бар ұлысқа бөлініп кетті. Азия құрлығындағы бір кезде орталықтанған қуатты мемлекет іс жүзінде осылай өмір сүруін тоқтатты.
Жоңғар шапқыншылығының қазақ елі үшін қасіретті зардабы өте зор болды. Тарихты зерттеуші, Жазушы Мұхтар Мағауин бұрын Алты Алаш (қырғыз, құрама, қарақалпақ, Ақ Арыс, Жан Арыс, Бек Арыс ) болсақ, солардың алдыңғы үшеуінен айырылып, соңғы үшеуі ғана қалдық дейді. Үш Алаштың орны толмас көп халқы қырылды. Жетісу мен Сырдария бойындағы қала, егіншілік және сауда мәдениетінің ошақтары, материалдық құндылықтар құрыды, кәсіпшіліктен айырылды, көшіп – қонудың тарихи қалыптасқан жүйелері бұзылды. Білім мен мәдениет орындары күйреді, халықтың санасына үлкен дақ түсті. Басқыншылардың Қысымынан қашқан қазақ халқы ғасырлар бойы мекендеген ата қоныстарын тастап, босып кетуге мәжбүр болды. Осы орайда А.И.Левшин : « …бұл шұбыраушылық адамдарды болмай қоймайтын қырылып- жоюшылық пен апатқа душар етті… қайыршылқ пен қайғы қасірет көру жаппай етек алды, біреулер аштықтан өліп жатты, енді біреулер өз әйелдері мен бала – шағаларын лажсыз тастап кетті.» — деп жазды.
Жоңғар әскерлерінің 1740-1741 жылы Қазақ жеріне басып кіруіне байланысты оқиғалар мынаны көрсетті: Кіші жүз бен Орта жүздің Ресей империясының құрамында болғанына қарамастан орыс үкіметі қазақтарға жәрдемге келмеді. Осындай қиын жағдайда Абылай ханның бірден – бір дұрыс сыртқы саясат жүргізуіне тура келді. Қуатты көрші – Ресей империясы мен Циндік Қытаймен әдеттегі мемлекетаралық қатынас орнату керек болды. Осындай орынды да көреген саясаттың арқасында әскери жанжалдар болмады, Сібір қалаларының рыногіне шығуға және Синьцзянмен сауда жасауға, кезінде Жоңғарлар жаулап алған жерлерді қайтаруға қол жеткізді. Бұл арада мына бір жәйітті атап өткен жөн. Орыс дипломатиясының мақсаты мен міндеттерінің мәні – Абылайды Цин ықпалынан оқшаулау, оның Қытайға бодан болуына жол бермеу, осылайша циндіктердің Қазақстандағы тіміскеушілігін бейтараптандыру. Ал Қытай дипломатиясының мақсаты Абылайды өз жағына тартып, өзі Ресеймен соғыса қалған жағдайда оны жақтайтыны жөнінде уәдесін алу , әрине , Боғдыханның боданы болуға қол жеткізу. Абылайды мемлекет қайраткері ретінде дипломатиялық қабілеті мен таланты дәл осы тұста айқындала түсті, ол нақты жағдайды, елінің алпауыт екі империяның қыспағында болуын ескеріп осындай жағдайда оған тек тату көршілік саясатқа жүгініп, екеуімен де жанжалдасуға бармай, достық қатынас орнатуға күш салды. Сонымен қазақ халқының 135 жылға созылған Ұлы азаттық соғысы аяқталып, Жоңғария жаулаушылары қазақ жерінен біржола қуылды. Жоңғарлармен, одан кейін маньчжуриялық – қытайлық жаушылармен күресте ержүрек саңлаң батырлар көзге түсті, олардың қолбасшылық таланттары шешуші шайқастарда айқын көрінді, бұлар: Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, Райымбек, Шапырашты Наурызбай, Баян, Есет, Қойгелді, Жантай, Саурық, Сәмен және көптеген батырлар.
Ойраттарды жеңгеннен кейін — қазақ қоғамында біршама саяси тұрақтылық орнықты, хандардың беделі арта түсті, олардың Орталық Азия және Ресей халықтарымен экономикалық , саяси байланыстары ұлғайды.
Пайдаланған әдебиеттер
- Қ. Мамырғалиев «Қазақ тарихы»Алматы 1999ж
- Д.Ә.Жамбылов «Қазақстандағы ұлт- азаттық қозғалыс» Алматы 2001ж
- Р.Көшім «Қазақстан Республикасының тарихы» Алматы 2005ж