АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Арнайы педагогика

Арнайы педагогика

 Арнайы педагогиканың сыныптамалары

Жоспары:

1.Арнайы педагогиканың сыныптамалары

2.Қазіргі арнайы педагогиканың құрылысы мен пәндік салалары  

3.Арнайы педагогика мен пәндік салаларының дамуы

 

1.Арнайы педагогиканың сыныптамалары

 

      Ерте  кезде  де  аномальды  балаларға  әлеуметтік  проблема  ретінде  қарап,  көңіл  бөлген.  Балалардың  қоғамдық  орнын  белгілейтін  барлық  заң ережелерінде,  Рим  правосында,  Юстициан  кодексінде  аномльды  балалар жөнінде  айтылып,  олардың  қоғамдық  жағдайы  белгіленеді.  Киев  Русінің  негізі  (мемлекеттік  қағидалар  жинағы) кітаптарында,  Москва  мемлекетінің  «жүз  тарауында»  аномальды  балалардың  қоғамдық  жағдайды  ерекше  бұйрықтармен  шектелді.  Мұндай  жағдай  Россияда  Ұлы  Октябрь  социалистік  револциясы  жеңгенге  дейін  орындалып  келді.  Кейінгі  капиталистік  елдерде  аномальды  балалардың  қоғамдық  жағдайын  арнайы  түрде  белгілеп  қою  күні  бүгінге  дейін  бар.  Онда  аномальды  балаға  әділетсіздікпен  қарап  келді.

    Аномальды  балалар  қай  кезде  де  философиялық  ойға  негіз  болып  келеді.  Сондықтан  да  философтар,  егер  баланың  құлағы  есітпесе,  көзі  көрмесе,  дұрыс  сөйлемесе  оның  дүниені,  өзін  қоршаған  ортаны  танып – білуі  қалай  өтеді  деген  мәселемен  шұғылданды.

     Аристотель  аномальды  балаларға  арналған  екі  трактат  жазды.  Кардано,  Гольвеций,  Дидро  және  басқалар  аномальды  балалар  туралы  арнайы  кітаптар  жазды.

    А. И. Радищев  өзінің   атақты  трактатында  аномальды  балалар  дамудың  кейбір  заңдылықтарын анықтады.  Неміс  философтары  кант  және  Бауэр  аномальды  балалардың  даму  ерешеліктері  жөнінде  жазған.

      Организімнің  аномальдық  тұрғыда  бұзыл  механизмі  қандай  деген  мәселе  өте  ерте  кезден  көңіл  бөлінді.  Бір  немесе  екі  орган  жұмыс  істемей  қалғанда,  басқалары  өзара  қандай  қарым – қатынаста  болады?   Бала  естімегенде  оның  өзі  қандай  күйде  болады?  Көрмеген  кезде  құлақ  қандай  қалыпта  болады?  Баланың  орталық  жүйке  жүйесі   бұзылғанда,  сезім  органдары  қандай  күйде  болады?  Атап  айтқанда,  мұндай  мәселелерімен  Дарвин  және  жаратылыс  ғылымының  басқа  да  өкілдері  айналысты.  Қазіргі  уақытта  дамунда  ауытқуы  бар  балалардың  ішкі  процестері  мен  механизмдерін  танып  білуге  білуге  үлкен  көңіл  бөлінуде.

    Аномальды  балаларды  зерттеу  жүйесінде   ғылымның  жаңа  бөлімі  пайда болды.  Оның  көру  мен  есту  түйсіктерін  тікелей  зерттеумен  айналысқан  және  ақыл – ой  кемдігінің  клиникасын  зерттеген  саласы  бөлініп  шықты.  Аномальды  балаларды  зерттеудің  қажеттілігінен  дәрігерлер,  физиологтар  және медицина – биология  ғылымының  басқа да  өкілдері  күш  біріктіріп  жұмыс  істеуде.

   Педагогтар  аномальды  балаларды  оқытудың  әр  түрлі  жүйесін  қолданып,  бар  күш – жігерін  жұмсап  бақты.  Буржуазиялық  әлем  мұндай  бастама  атаулының  барлығына  дерлік  салқын  қарады.  Сондықтан  да  аномальды  балаларды  оқыту  процесі  өте  кеш – XVIII  ғасырдың  соңы  мен  XIX  ғасырдың  басында  басталды.  Бұл  уақытта  аномальды  баланы  жеке  оқыту  тәсілі  орын  алады.  Бұлай  оқыту   мен  оны  эксперимент  түрінде  жүргізілген  кейбір  ғылымның  өкілдері  айналысты.  Ал  капиталистік  қоғамда  осы  уақытқа  дейін  аномальды  балаларды  мемлекет  тарапынан,  шіркеулік  және  әлденеше  мемлекеттік  оқу  орындары  ғана  бар  болды.  Міндетті  түрде  жалпыға  бірдей  оқу  жүйесі де  жоқ  еді.

     Капиталистік  дүние  аномальды  балаларға  шын  мәнісінде  өте  әділетсіздікпен қарады.  Алайда  өмір  өз  талабы  орындатуда.  Сондықтан  да  соңғы 20-30  жылдарда   кемістігі  бар  балаларды  оқыту  жүйесі  кеңейтілді,  осы  категориядағы  балаларды  зерттеу  жұмыстарын  қолға  алынып,  көптеген  лабораториялар  құрылды.  Халықаралық  конгрестер  мен  кеңестер  тағы  басқа  жиі  өткізіліп  жүрді.  Осы  жылдарда  әлденеше  рет  мылқаулық  жөнінде  және  көрудің  бұзылуына  байланысты  халықаралық  конгрестер  өткізілді.  Бала  тілінің  бұзылуы  жөніндегі  16- Конгреске  даярлық  жұмыстар  жүріп  жатты.

     Совет  құрылысы  аномальды  балаларға  қатысты  капиталистік  құрылыс  тудырған  бөгеттердің  барлығын  да  жойды.  В.И.Ленин  1918 жылдың  өзінде – ақ  аномальды  балаларды  тәрбиелеудегі  және  оқудағы  барлық  шектеулікті  жою  жөнінде  дереке  қол  қойды.  М.И. Калинин  1931  жылы  міндет  тітүрде  жалпығы  бірдей  оқуды  енгізу  туралы  декретке  қол  қойды.

  Социалистік  қоғамның  аса  ірі  қайраткерлері  А.В. Луначарский, А.М. Горкий, Н.К. Крупская  өз  еңбектерінде  аномальды  балаларды  оқыту  және  тәрбиелеу  жөнінде  әлденеше  рет  мәселе  көтерді.

    Біздің  елімізде  аномальды  балаларды  тәрбиелеп,  оқудың  мемлекеттік  негізі  құрылған,  арнаулы  мекемелердің  жүйесі  бар.  Бұл  жүйе  бойынша  бастауыш  білім  беретін  кластар  ғана  жұмыс  істеп  қоймады,  сонымен  қатар  орталау  және  орта  білім  беретін  кластар  да  жұмыс  істейді.

   Арнаулы  мекемелердің  құрылумен  бірге  совет  дефектологиясы  дами  берді.  Совет  дефектологтары  алдына  аномальды  балаларға  кімдерді  жатқызуға  болады? – деген  басты  проблема  тұрды.  Мұндай  балалардың  даму  ерекшеліктері  қандай?  Олардың  типологиясы  қандай  болуы  тиіс?

   Капиталистік  елдердің  өкілдері аномальды  балаларға  кімдерді  жатқызуға   болады  деген  мәселе  төңірегінде  әлденеше  идеалистік  теориялар  ұсынды.  Буржуазиялық дефектология  ғылымы  өкілдеріне  біріншіден  мынадай  пайымдаулар  тән  болатын:  қайсыбір  органның  бұзылуы  қызметі  бұзылған  соның  өзін  ғана  қамтиды  деп  есептеді.  Мысалы,  дұрыс  естімеу  тек  кереңдікке  ғана  байланысты,  соқырлық  тек  көздің  зақымдауына  ғана  байланысты  деді.  Қайсы- бір  органның  немесе  жүйенің  бұзылуы  бала  дамуының  осы  жағына  ғана  қатысты  болады  деп  жорамалдады.  Шын  мәнісінде  мұның  бәрі  де  әлде  қайда  қиындығы  мол  мәселе  болып шықты.  Сондықтан  совет  дефектологтары  алдына  аномальды  балалардың  даму  ерекшеліктерін  ашу  міндетті  тұрды.

 

 

 

2.Қазіргі арнайы педагогиканың құрылысы мен пәндік салалары 

       Арнайы  педагогика ғылым  ретінде  әртүрлі  кемістігі  бар  балалардың психикалық даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, организм  қызметінің  бұзылуымен байланысты  ақпарат кемшілігін, жеткіліксіздігінің орнын толтыруда қамтамасыз ететін компенсаторлы процестердің қалыптасуын, сондай-ақ  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың дамуының жас шамалас  аспектісін зерттеу  мақсатында  бір  неше  салаларды  өзіне  біріктіреді.  Олар:  

1.Сурдопедагогика                                                                                                        2.Тифлопедагогика                                                                                                  3.Олигофренопедагогика                                                                                               4.Логопедия                                                                                        

         Сурдопедагогика (латынша — surdus-саңырау) – арнайы  ның  құрамдас  бір  бөлігі.  Ол  есту  бұзылыстарына  ұшыраған тұлғалардың педагогика психикалық даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін,    білім  берудің  ғылыми  ұстанымдарының  жүйесін  қамтиды.  Баланың  жалпы  дамуы  үшін  есту  талдағыштарының  (анализаторларының)  қалыпты  жұмыс  істеуі  үлкен  маңызға  ие.  Есту  қабілетінің  деңгейі  оның  сөйлеу  (тілдік)  және  психологиялық  қалыптасуында шешуші ықпалдардың біріне жатады. Есту  талдағыштарының бұзылымға  ұшыраған  кезінде  бірінші  кезекте  және  барынша  терең  қиналатын  сала —  баланың  тілдік,  немесе  сөйлеу  мүмкіндігі,  сол  себепті  танымдық  іс-әрекеті  толыққанды  дамымай  қалады.  Талдағыштардың   алғашқы  кемістігі  баланың  жалпы  дамуының  қосымша  ауытқушылығын  туындатады,  ал  олар  өз  кезегінде  басқа  ауыртпашылықтарға  әкеліп  соқтырады.  Есту  дерттерінің  әр  түрлі  көріністерінің  өзара  әрекеттесуі  үшінші,  төртінші  және  т.б.  деңгейдегі  бұзылыстары  естімейтін  баланың  танымдық  іс-әрекеттерінің  даму  құрылымын  бұзып,  тұрпайыландырып  жібереді.

         Тифлопедагогика — грек  сөзінен «tiplos» — соқыр деген атау алып, бастапқыда тек соқырлардың психологиясымен ған айналысты. Қазіргі уақытта тифлопсихологиның  объектісі тек соқырлар ғана емес, сондай-ақ көздері нашар көретіндер және де амбиопиясы немесе ақилығы бар балаларда оның объектісі боып табылады.Тифлопедагогика – көруі нашар тұлғалардың психикалық даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, көру анализаторының  қызметінің  бұзылуымен байланысты  ақпарат кемшілігін, жеткіліксіздігінің орнын толтыруда қамтамасыз ететін компенсаторлы процестердің қалыптасуын, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған балалардың дамуының жас шамалас  аспектісін зерттейді.

         Олигофренопедагогика (грек тілінен olygos-кем, аз және  phren-ақыл, ми) бұл ақыл есі кем балаларды   психологиялық  жағынан  зерртейтін  арнайы  педагогиканың  бір  саласы. Бұл анықтама мамандардың интеллектісі бұзылған баланы өзінің дамуында қозғалмайтын және қатып қалған бір нәрсе деген көзқарастырын жеткілікті айқын бейнеледі. Басқаша айтқанда, бұл термин аномалды баланың интелектісінің сандық күйін қалыпты жетілген құрбы – құрдасымен салыстырғанда анықтады. Л.С. Выготскийдің ой-пікірін және оның психологиялық мектебінің әсерінен осы ұғымға  кезекпен «ақыл – есі кем бала» немесе «кемақыл» деген термин келеді. Осы термин отандық дефектологтардың аномалды баланың интелектуалды дамуының табиғаты мен мәніне деген көзқарасына мейлінше толық жауап береді. Ақыл-ой көлемділігі – бұл аномалды баланың интеллектісне  мінездеме, тек ол ғана емес, мұндай баланың интеллектісінің даму қарқынының қаншалықты сапалық, соншалықты сандық төмендеуін көрсетеді.

Олигофрения, немесе ақыл-ой кемістігі – бұл туа біткен және туылғаннан кейінгі бірінші жылдарда пайда болған кем ақылдық, жалпы алғанда писхикалық дамымаған әлеуметтік бейімделудің қиындауынан интеллектуалды кемшіліктің басым болып көрінуі.

        Сөйлеу  тілі  бұзылған   балаларды   логопедия   ғылымы зерттейді.

       Логопедия дегеніміз-сөйлеу тілі кенмістіктерін,оның бұзылу себептерін,болдырмау   жолдарын,  сонымен   бірге   осындай   кемістіктерді әр  түрлі  жолдармен  түзетіп  жоюдың  тәсілдерін  зерттейтін  ғылым.

Логопедия- «logos» сөйлеу, «pedeo»-«оқытамын»  деген  мағынаны білдіреді.Логопедия   арнайы   психологияның    бір   саласы    болып есептеледі.  Логопедияның зерттеу обьектісі-сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.Сонымен сөйлеу тілі дамуымен оның бұзылуын түзету және сақтандыру логопедилық ықпал жасау барысының негізгі бағыты болып есептеледі.  Логопедияның мағынасы тілдің әлеуметтік маңызы мен байланысты.Сөйлеу тілі байланыс құралы ретінде және ойын жеткізіп түсіну үшін қолданылады.

    Сөйлеу тілін меңгерудің қағидалары:сөйлеу тілінің жүйелі дамуы (кинестезиялық), барлық қарым-қатынас  түріндегі  басқа  да  тілдік қатынастардытүсіну;артикуляцияның синхронды қатысуы,лекцикалық және граматикалық әдістер;бала дамуындағы қабылдау мен мәнерлі  лекцикалық және граматикалық бірліктердің эмоциялық және ерік сферасының даму барысы;тілдік сезімді дамыту,сезгіштік және сөйлеу тілін ің барлық компоненттері.Баланың әлеуметтік қарым-қатынас түрі тілдік және интелектуалдық дамуына байланысты.Баланың  тіл кемістігі оның сауат ашуы мен бірге  жеке басының дамуына кері әсер етеді.

  Жалпы логопедия пәні сөйлеу тілінің кемістігіне байланысты  негізгі бағдарламалар мен методикаларды пайдаланып,коррекциялау мен компенсациялау,даму кемістігін әлсірету,жою т.б.с.с.оқыту системаларын  пайдалану керек.

     ХХ ғасырдың басында немістің белгілі   ғалым  П. Шуман атап айтқандай «Баланың психикалық дамуы неғұрлым төмен болса, оны оқытатын  мұғалімнің білімі соғұрлым жоғары болуы керек». Сондықтан, болашақ психологтар тек қана, теориялық білім алып қоймай, ол білімдерін тәжірибе жүзінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыптастыру үшін қолдана білулері керек.

         Психолог – мамандар өз міндеттерін жоғары дәрежеде іске асыру үшін, олар әлеуметтік-педагогикалық, реабилитациялық, кеңесші-диагностикалық, психотерапиялық және негізгі кемістіктерді түзету әдістерін толық игерулері  қажет. Сонымен қатар, бұл мамандар әртүрлі кемістіктері бар балалардың ауытқуларының этиопатогенетикалық ерекшеліктерін толық анықтап, олармен жүргізілетін арнайы түзету, оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін қолданып, олардың нәттижелерін анықтайды

         Кемтарлықтың түрлеріне, этиопатогенетикалық қалыптасу механизмдеріне сәйкес төмендегідей арнайы психолог  мамандар түзету, оқыту, тәрбиелеу және қалыптастыру жұмыстарымен айналысады:

  • сурдопсихолог – нашар еститін немесе естімейтін балаларды қалыптастыратын арнайы  психолог;
  • тифлопсихолог – нашар көретін немесе көрмейтін балаларды зерттейтін арнайы  психолог;
  • олигофренопсихолог — әртүрлі дәрежедегі интеллектуалды дамулары зақымдалған балаларды қалыптастыратын арнайы  психолог;
  • логопед — әртүрлі дәрежедегі тіл мүкістігі бар балалардың кемістіктерін айқындап, түзететін маман;
  • арнайы психолог — әртүрлі дәрежедегі псхикалық дамуында ауытқулары бар балаларға психологиялық көмек көрсететін маман;

   Түзете – дамыту және тәрбиелей  — оқыту үшін психологтар  жан-жақты білімі бар, әр кемістіктің қалыптасу ерекшеліктерін білетін және оларды түзететін әдістемелерді игерген мамандар болғаны қажет

 

3.Арнайы педагогика мен пәндік салаларының дамуы

 

     Қазіргі  таңда   арнайы  педагогика  ғылымында  бірнеше  өзекті  мәселелер  кездеседі. Ол  мәселелер  арнайы  педагогиканың  категорияларымен  тығыз  байланысты.  Яғни  оларға: есту  қабілеті  бұзылған  балалар  (керең  немесе  саңырау,  нашар  еститін,  кеш  естімей  қалғандар); көру  қабілеті  бұзылған  балалар (соқыр, мүлде  көрмейтін,  немесе  нашар  көретін ); сөйлеу  қабілеті   бұзылған, тіл  мүкістігі  бар  балалар− лагоппаттар; интеллектуалды  дамуы   немесе  ақыл-ой,  ойлау  қабілеті  зақымданған,  кемақыл (ақыл-ойы,  есі  кеміс-кемақыл  және  психикалық  дамуы  тежелген  балалар); психикасы  мен  дене  бітімінің  дамуы  комплексті,  күрделі  түрде  бұзылған  (соқыр-мылқаулар);естімейтін- көрмейтін  және  ақыл-ойы  жетілмеген,  естімейтін  т.б); тірек-қимыл  аппараты  зақымданған  балалар; педагогикалық өзгерісі  бар (жүріс-тұрысы,мінез-құлқы,  тәртібі  бұзылған)  балалар  жатады. Өкінішке  орай,  қазіргі  таңда  дамуында  ауытқуы  бар  балалар  саны  артуда.  Ол  балалар  арнайы   бала-бақшаларда,  арнайы  мектеп  интернаттарында,  арнайы  сыныптарда  және  де  логопедиялық  пункттарда  тәрбиеленеді.  Демек,  мұнда  олар  арнайы  коррекциялық,  психологиялық  және  педагогикалық  көмектермен  қамтамассыз  етіледі.

       Демек, ол дефектологтарға    сонымен  қатар,  бұл  мәселелерді шешу  көзін  табу үшін  педагог-психологтарға өте  маңызды.  Бұл   мәселелер  мектепке  дейінгі,  мектеп  жасындағы  және  басқа  да  жас  ерекшеліктер  педагогикасында  кездесетін  мәселелердің  бірі  болып  келеді.  Яғни,  арнайы  педагогикадағы бұндай  жағдайлар   әлемдік  деңгейде  барлық  мемлекеттерде  кездесетін  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Мәселен,  АҚШ  елінде, Ресей  еліне  қарағанда  дамуы  артта  қалған балалар  саны  көп.  Сонымен  қатар  өз  елімізде  де  дамуы  артта  қалған  балалар  саны  және  де  ақауы  бар  балалар  да  аз  емес.  Осыдан  арнайы  педагогикада  туындайтын  мәселелер  осы  балаларға  қолданылатын  психокоррекциялы  жұмыстар мен  педагогикалық  әлеуметтік  қамтамассыз  ету  жағдайларының,  қазақ  тіліндегі  оқу  құралдарының  және  техникалық  құрал-жабдықтардың  аздығы.  Жалпы  айтқанда,  осы  негізгі  мәселелер, концепциялар  сол  сияқты  теориялар Л.С.Выготскидің  тұжырымдамалары  мен  салыстырмалы  тұрғыда  түйінделіп  жасалынған.  Алайда  бұл  мәселелерді  психологиялық  және  педагогикалық  тұрғыда  қарайтын  болсақ,  дамуында  ауытқуы  бар  балалардың  ортамен  қарым-қатынасы  және  олардың  оқу  барысындағы  іс  -әрекеті, ерекшеліктері   арнайы  педагогика  ғылымында үлкен  сұрақты  туындатады.  Демек  мұндай  әр  түрлі  категориядағы балалармен  педагог-психологтардың  жұмыс  жасауы,  олардың  деңгейіне  сәйкес  әдіс-тәсілдердің  қолданылуы  және  олардың  таным  процесстерінің  ерекшеліктерін  айқындауы  жайында  туындайтын  сұрақтар  арнайы педагогикағылымында  қарастырылады.  Және  де  арнайы  педагогика   ғылымында  бұл  мәселелер  мен  қатар  теорияның    тәжірибе  жүзінде  қарастырылуы  жайында да сөз  болады.  Осы  жайында  байсалды  жұмыстар      xix-xx  ғасырдан  бастап  жүзеге  асырыла  бастады.  Ал  қазіргі  кезде  арнайы  педагогика  ғылымында  осы  айтылған  мәселелерге  жауап  қайтаратын  материялдардың  аздығынан   туындап  отыр.     Арнайы  педагогика,  сонымен  қатар  дефектология  ғылымының  бөліміндегі  кейбір  ғылыми  аумақтарды  да  өз  ішіне  алады. Демек, психологиялық, педагогикалық және физикалық  жағынан  артта  қалған  балаларды  өздігімен  қоғамдық  өмірге  және  еңбекке  баулу;  оларды  дайындау;  жан-жақты  үйрету,  оларға  әр  түрлі әдістерді  жүргізу,  коррекция,  компенсация,  реабилитация,  абилитация  жұмыстарын  жүргізу,сонымен  қатар  оларды оқыту,  тәрбиелеу, зерттеу арнайыпедагогика  ғылымының  аумағында   қарастырылады.

      Арнайы педагогиканың негізгі  методологиялық  проблемасы  болып  сөздік  емес  психологиялық  әдістеменің  қолданылуы  мен  өңделуі  болып  табылады.  Жалпы  айтқанда  арнайы педагогика  ғылымында  жүргізетін  зерттеулер,  әдістемелер  әр  баланың  деңгейімен  ерекшеліктерімен  жүргізіледі.  Яғни  баланың  даму  деңгейі,  ақыл-ойының  деңгейі,  көру  есту  дефектісінің  деңгейімен  ескеріле  отырып, зерттеу  әдісін  қолданамыз.     

Аномальді  балалардың  негізгі  категорияларына׃

Естуінде  бұзылысы  бар  балаларды  жатқызамыз.  Яғни( саңыраулар,  нашар  еститіндер,  мүлдем  естімейтіндер, көру бұзылысы  бар балалар׃  (соқыр,  нашар  көретіндер );  сөйлеудің  күрделі  бұзылысы  бар  балалар  (Логопаттар);  ақыл-ойында  ауытқуы  бар  балалар ( ЗПР балалар);  психофизиологиялық  дамудағы  комплекстік  бұзылыс  ( соқыр-мылқау ,  ақыл-ойында  ауытқуы  бар  соқырлар,  ақыл-ойында  ауытқуы  бар  саңыраулар,);  және  де  қимыл  қозғалыс  аппаратында  бұзылысы  бар  балалар  жатады. 

       Сонымен  қатар,  дамуында  ауытқуы  бар  балалардың  басқа  да  топтары  бар,  олар׃

    Мінез – құлықының  психопатиялық  формасы,  яғни  олар  мектепте   бейімделе  алмайды  және  мектепте  неврозбен  зардап  шеккен  балалар  болып  табылады. Және де  балалардың  ерекше  тобы,  педагог  пен    психологтардың  зейінін  өзіне  аударатын  топ  ол׃  дарынды  балалар  тобы  болып  табылады.  Аномальді  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу,  оларды  қоғамдық  өмірге,  өнімді  еңбекке  баулу−  күрделі  әлеуметтік  және  педагогикалық  проблема  болып  келеді.  Аномальді  балалар− күрделі  әрі  әртүрлі  мінезді  топ.  Әртүрлі  аномальділердің   дамуы  балалардың  әлеуметтік  байланысында  құрылуда  әртүрлі  көрінеді. 

Арнайы педагогикағылым  ретінде  әртүрлі  кемістігі  бар  балалардың психикалық даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, организм  қызметінің  бұзылуымен байланысты  ақпарат кемшілігін, жеткіліксіздігінің орнын толтыруда қамтамасыз ететін компенсаторлы процестердің қалыптасуын, сондай-ақ  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың дамуының жас шамалас  аспектісін зерттейді.

        Қазіргі таңда мүмкіндіктері   шектелген  балаларды тек дефектологиялық, психологиялық және педагогикалық жақтармен анықтап алу қажет. Психологиялық  зерттеудің өзі оңай жұмыстар емес, демек, әрбір психолог-педагог маманы ондай балалармен  психологиялық байланыста және тығыз қарым-қатынаста болуы қажет. Демек, бұл мәселелер әлемдік мәселелермен парапар. Қазіргі қоғамымыздың дамуы мен тәрбиеленуінің мәні де осы жағдайлармен да тығыз байланысты. Осы мәселелердің туындау себептері арнайы психология ғылымында қарастырылады. Мүмкіндіктері   шектелген  балаларды  тәрбиелеудің  мақсаты  мен  міндеті  психология  мен   педагогика  ғылымдарының  жалпы  қағидасымен  анықталады  және  де  қоғамдық  өмірге  белсенді  даярлау,  азаматтық  борышын  қалыптастыру  жатады. мүмкіндіктері   шектелген  балаларды  тәрбиелеуде  оның  мектебімен  жанұясы  үлкен  әсер  етеді.  Демек  олармен  тығыз  қарым-қатынасты  орналастыру  қажет. мүмкіндіктері   шектелген  балаларға  физикалық  және  психикалық  ауытқуы  бар  балалар  жатады.    Демек, ол дефектологтарға    сонымен  қатар,  бұл  мәселелерді шешу  көзін  табу үшін  педагог-психологтарға өте  маңызды.  Бұл   мәселелер  мектепке  дейінгі,  мектеп  жасындағы  және  басқа  да  жас  ерекшеліктер  психологиясында  кездесетін  мәселелердің  бірі  болып  келеді.  Яғни,  арнайы педагогика  бұндай  жағдайлар   әлемдік  деңгейде  барлық  мемлекеттерде  кездесетін  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  

  4.Арнайы   педагогика  пәндік  салаларының  болашақ  дамуы     

      Арнайы  білім  беру   жүйесінің  әр түрлі дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық  дамуындағы ерекшеліктерін қалыптастыру, осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың дамуының жас шамалас  аспектісін зерттеу  мақсатында  бір  неше  салаларды  өзіне  біріктіреді.  Олар:  

1.Сурдопедагогика                                                                                                            2.Тифлопедагогика                                                                                                             3.Олигофренопедагогика                                                                                                  4.Логопедия                                                                                        

         Сурдопедагогика (латынша — surdus-саңырау) – арнайы  педагогиканың  құрамдас  бір  бөлігі.  Ол  есту  бұзылыстарына  ұшыраған тұлғалардың психикалық даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін,    білім  берудің  ғылыми  ұстанымдарының  жүйесін  қамтиды.  Баланың  жалпы  дамуы  үшін  есту  талдағыштарының  (анализаторларының)  қалыпты  жұмыс  істеуі  үлкен  маңызға  ие.  Есту  қабілетінің  деңгейі  оның  сөйлеу  (тілдік)  және  психологиялық  қалыптасуында шешуші ықпалдардың біріне жатады. Есту  талдағыштарының бұзылымға  ұшыраған  кезінде  бірінші  кезекте  және  барынша  терең  қиналатын  сала —  баланың  тілдік,  немесе  сөйлеу  мүмкіндігі,  сол  себепті  танымдық  іс-әрекеті  толыққанды  дамымай  қалады.  Талдағыштардың   алғашқы  кемістігі  баланың  жалпы  дамуының  қосымша  ауытқушылығын  туындатады,  ал  олар  өз  кезегінде  басқа  ауыртпашылықтарға  әкеліп  соқтырады.  Есту  дерттерінің  әр  түрлі  көріністерінің  өзара  әрекеттесуі  үшінші,  төртінші  және  т.б.  деңгейдегі  бұзылыстары  естімейтін  баланың  танымдық  іс-әрекеттерінің  даму  құрылымын  бұзып,  тұрпайыландырып  жібереді.Кереңдердің  қабілетін  дамыту   түрлі  пікірлер  көне  заман  философтарымен  біршама  айтылса да,  бұл  мәселе  өте  баяу  дамыды.  Кереңдерді  оқытудағы  алғашқы  тәжірибелері Польша, Бонет, Каррмон,  қалаларында  жүргізілді.

   XVII – XVIIIғғ   капиталистік  өңдеу  дамыды. Даму  әсіресе   Еуропада  қарқынды  жүрді.  Мұнымен  бірге ғылыми  білімдер де  дамыды.  Оқытушылар  сурдопедагогикалық  мәселелерді жеңуге,  оның  жаңа  жолдары  мен құралдарын  іздеуге батыл  күресті.  Сурдопедагогтар  әсіресе  кереңдерді  ауызша  сөйлеуге, оқыту  әдістемесін жасауға  көп  көңіл  бөлді..  Кереңдерді  жеке  оқыту  әсіресе  Англия, Нидерландия, Франция, Германия елдерінде  дамыды.  Бұл кезеңде  кереңдерді  ауызша  сөйлеуге  оқытудың   2 жолы  болды.

  • жол — Консье, Бонет, Бульвер тәжірибесіне  сүйеніп, дактильді  сөйлеуді  қолдану.
  • Бағыт — өкілдері керең  балаларды   ауызша  оқытуға   талпындық.  Сонда  кереңдерді  оқытудың  2 жүйесі  қалыптасты: мимикалық және  ауызша.

   Бұл  кезеңде  кереңдерді  оқыту  мәселесі  Англия  дәрігерлері  мен  оқымыстыларының  да  назарын  аударады.

     XVII   Англияда  кереңдерді  оқыту   мәселесімен  жемісті   айналысқандардың  бірі  физик Бумвер  еді.  Кереңдердің  ақыл ойын  қолмен  сөйлеу  арқылы  дамыту  туралы  пікірлерін  оның  1644 ж  шыққан  Хирология (қолмен  табиғи  сөйлеу)  және  Хиронология  (қолмен  жасанды  сөйлеу) кітаптарында  айтылды.

    Англияда  кереңдерді  жеке  оқытуға  еңбек  сіңірген  ғалымдардың бірі  Джон  Валдис  еді. Ол  мынадай мәселелерді   шешуде  талпынды.

  1. Кереңдерді ауызша  сөйлеуге  оқытуда  жалпыға  бірдей  грамматика  ерекшеліктерін  пайдалану.
  2. Кереңдерді еріннен  оқуға  үйрету.
  3. Кереңдерді өздерінің  ойларын  сөйлеудің  жазбаша  формасында  жеткізуге  үйрету.
  4. Кереңдерді өздерінің  ойларын  сөйлеудің  жазбаша  формасында  жеткізуге  үйрету.

   Валмис  сонымен   қатар  ауызша  сөйлеуге  балама  болатын  саусақ  әріптері  (дактилологияны) жасауды  алдына  міндет  етіп  Дактильді  және  жазбаша   сөйлеу  арқасында оның  жетекшілігіндегі  шәкірттер  сөздікті  лек   сиканы  меңгереді.

   XVII ғ  және XVIIIғ басында  кереңдерді  жеке  оқыту   және  сол  кезден  бастап  оқытылған. Нидерландияда  кең  тарады.  Мұнда  кереңдерді  ауызша   оқыту  теориясының  көрнекті  өкілдерінің  бірі  Ван  Геммонд    еді.  Ал дәрігер  химик болған, оның  1667жылы  « Ауызша  сөйлеудің  табиғи  әліппесі»  еңбегі   таблица  түрінде  жарыққа   шықты.  Нидерландиядағы  кереңдерді   оқытушылардың   таға да бір көрнекті  өнім  дәрігер Амман  еді , ол  Швейцарияда  туылып,   медицина  факультетін  бітірді   мұнан  соң  ол   Амстредамға келіп  медициналық  практикамен  айналыса  бастады .  Бұл  жерде  ол  бір  бай   көпестің  керең  қызын  оқыту  жөніндегі ұсынысын   қабыл  алады.  Еңбекақысы  жоғары  болғандықтан  ол  бұған  келіседі  және  оның  бұдан   кейінгі  қызметі   осы  бағытта  өрбіді   5 жылғы  оқытудан   соң  ол «сөйлеу  туралы  диссертация»  еңбегін  жарыққа  шығарды   оның  еңбектері  педагогтар   арасында  кең  қолданды   кітаптары  көп  тілге  аударылды .  Бірақ  ол  керең  балалардың  ақыл-ой  күшінің   олардағы  табиғи  шараларын  сезінуді  бағаламады.

   Франция,  Перейра  жекелеген  керең  оқушыларды  табысты түрде  оқытты  оның  керең  балаларды  оқытумен айналысуы  оның  керең   қарындасына  байланысты  болды.  Бұдан  кейін  ол  кереңдердің  кәсіби оқытушысы  болды.  Париж  ғ ғылым  акодемиясының   жиналысында  оның  кереңдерді  оқытудағы  жетістіктері  талқыланды.  Сол  кездегі   француз  газеттерінде ол  туралы көптеген  мақалалар  шықты.  Бірақ  Перейра  маңынан  ешқандай  еңбек  қалдырылмады.

  Кереңдерді  жеке  оқытуда  неміс  мұғалімі   Родальдің  еңбегі  зор .  Сурдопедагогика  тарихында  жиі  кездесетін  оның  керең  балаларды  оқытуға   көңіл  бөлуінің  жеке  басының   еңбегі  бар  еді. Оның  6  баласының  3-еуі  керең  болды.  Бұл  жағдай  Родельді  оқытудың  жолдары  мен  құралдарын  іздеуге   мәжбүр  етті.

    XVII – XVIIIғғ   кереңдерді  жеке  оқыту   тәжірибесі  бұдан  кейінгі кезеңдерді  фронтальді  оқыту  тәжірибесіне  негіз  болды.

         Тифлопедагогика — грек сөзінен «tiplos» — соқыр деген атау алып, бастапқыда тек соқырлардың педагогикасымен ғана айналысты. Қазіргі уақытта тифлопедагогиканың  объектісі тек соқырлар ғана емес, сондай-ақ көздері нашар көретіндер және де амбиопиясы немесе ақилығы бар балаларда оның объектісі болып табылады.

   Тифлопедагогика —   көруінде  әртүрлі  бұзылыстары  бар  адамдарды  оқыту  мен  тәрбиелеу  әдістерін  қарастыратын  дефектология  саласы.

    Көзі  көрмейтіндерге  арналған  ең  алғашқы  оқу-орнын   тифлопедагогикалық  негізін   қалаушы  Француз  педагогы  Гаюи  Парижде  ашты.   Шетелдерде XVIII – XIXғғ  Көзі  көрмейтіндерге  арналған  мектептер   Ұлыбританияда, Австрияда, Германияда, АҚШ-та  құрылды.  Бұл  оқу  орындарында көзі  көрмейтіндер  жазуға, оқуға, есептеуге  және музыкаға  оқытылды.

  XIX ғасырдың ортасынан  бастап  көзі  көрмейтіндерді  жазуға, оқытуға үйретуде,  Луи  Брайльдің  (1829ж)   жасаған  рельфті   шрифті  кең   қолданыла  бастады. Көзі  көрмейтіндерге  арналған   көптеген  рельфті   алфавиттердің  ішінде  (Галь, Лукас,Барбе)  және т.б  Брайль  шрифті  жазуға  оқытуға   үйретуде  тиімдірек  болды.  

    Көзі  көрмейтіндер  компьтерді  және  калькуляторды  жедел  пайдалануына  арналған  әртүрлі  еңбектер  жасалынды.

   Ресейде көзі  көрмейтіндерге  арналған  алғашқы  мектеп 1807ж  ашылды.  Ресейде  тифлопедагогиканың  дамуы  Грот,  Скребиский  тығыз  байланысты,  Көзі  көрмейтіндерге  арналған  мектеп  тәрбиеленушілері  жалпы   білім  беретін  мектептердің  3,4  сынып  көлеміндегі  білімін  және  кәсіби  даярлықта   меңгереді.  Бірақ  бұл  оқыту   көзі  көрмейтін  балалардың 4-5 процентін  ғана  қамтыды.

    Қазіргі  таңда  Ресейде  көзі  көрмейтіндер 70  түрлі  кәсіп  меңгеріп  шыға  алады.

     Луи  Брайль  1809 жылы  4  қаңтарда  Францияның  кішкентай  бір  қалашығында  дүниеге  келген  Ол  3  жасқа  толған  кезінде   көзін  пышақпен  зақымдап , көзі  қабынып  көрмей  қалды.Бірақ  Брайльдің  ата-аналары   оны  әртүрлі  еңбек  дағдыларына  үйретті. Музыка  мұғалімдерін  үйіне  шақырып оны  скрипкада   ойнауға  да үйретті.  Брайль  жергілікті   мектепте  кәдімгі  саусақ  көмегімен  алфавитті  де үйренді  1819 ол  Париждегі  көзі  көрмейтіндерге  арналған  институтқа  түседі.  Бұл  институт  тәрбиелеушілері, сауаттылыққа, музыкаға  тоқымаға үйретілетін.  Ал  сабақ та  рельфті  шрифпен  шығарылатын  кітаптар  пайдаланылды. Көрсеткен  пәндер  бойынша   оқулықтар  жеткіліксіз  болғандықтан  оқыту  әдістемесі  көбінесе   ақпаратты  есту  арқылы  қабылдауға  негізделеді.  Луи  Брайль  институтта   қабілетті  тәрбиеленуші  болғандықтан,   оған 1828ж оқуды  бітіргеннен  соң   оқытушы  бір  жұмыс  істеуге  ұсыныс  жасалынады..  Париж  институтында   оқып  жүргізгенде  ол  Галон  әдісімен  және  де   оқуға  арналып   жасалып   әріптермен  танысады.  Барін  әріптері  картонға  тесіліп  жазылатын  және  оны  сипау  арқылы  оқитын,  бірақ  оның  жаңалығы қолдануға  тиімсіздеу  болды.  Әріп  таңбалары  өте  үлкен  болатын , бірақ,  бұл  жүйе  Брайльге  шығармашылық  күш  берді ол  әр  әріптерді, сандарды  химиялық  және  физикалық белгілерді    ноталарды  дәл  көрсетіп  шерльфті  шрифт  жасауды  ойлады.  Ол  бұл  жүйесін  жасаумен  1824 ж    15  жастан  бастап  айналысты  және  жүйедегі  алғашқы  нұсқасын  1828ж  институт  кеңесіне   қарауға  ұсынды ,  бірақ  ол  қолдау  таппады.  Олар  балалардың  жасаған   шрифтерін  көзі  көретін  оқытушыларға  ыңғайлы  емес  деп  тапты.  1837 ж  көзі  көрмейтіндердің  табанды  түрде  ұсынумен  институт  кеңесі  бұл  мәселені  қайта  қарады.  Бұдан  соң,   Брайльдің  рельфті  шрифтерін   Францияның  қысқаша  тарихы   басылып  шықты   ең  соңында  Брайльдің  жасаған  жүйесі  көзі  көрмейтіндерге  арналған  ең  жақсы  жүйе  ретінде  танылды.

     Қазіргі  таңда  Брайль  алфавитімен кітап  шығаратын ең  ірі  орталық  Лондондағы  көзі  көрмейтіндерге  арналған  Коралевский  национальный  институт.  Ол  үздіксіз  кітаптар,  газеттер, музыкалық  жұмыстарды,  емтихан  құжаттарын т.б  кітаптарды  көптеп  шығарды.

     Олигофренопедагогика — (грек тілінен olygos-кем, аз және  phren-ақыл, ми)  ақыл-ой  дамуы  артта  қалған  балалардың  кемістіктерін  коррекциялау  жолдарын  олардың  әлеуметтік  реабилитация  мәселелерін  тәрбиелеу  және  оқыту  мәселесін  зерттейтін  дефектологияның  бір  саласы. Ақыл-ой  дамуы  артта  қалған  адамдар әруақытта да болған.  Мыңдаған  жылдар  бойына  оларды  аластап  теріске  шығарып  отырған.  Ерте  заманда  кемақыл  адамдарға  қарым-қатынас  мифтік  діни  қорғаныс  механизімімен  анықталған.  Егер  сәбидің кемістігі  бірден  байқалса  оны  өлтірген.   Бірақ,  ол кезде  эпилепсия   қасиетті  ауру  ретінде.  Ортағасырда  христиандық  кемақылдыларға  деген  қатынасты  біршама  жұмсартты.  Олар Евангенин  негізін  ала  отырып,  ауруларға  көмек  көрсетіп  қарады.

    Ғылым  білімнің   дамуы бірте-бірте  діни – сенімдерді,  орындарды  жеңіп  оларды  реттеуге  қызығушылық   тудырды.

    Олигофренопедагогика ғылым  ретінде  XIXғ бас  кезеңінде  медицина  мен  педагогика  бір  бағыты  ретінде пайда  болып, дами  бастады.  Кемақыл  балалардың , алғашқы  тәрбиешілері  арнаулы  сихотерапиялық  емдеу  орындағы  дәрігерлер  еді.  Кемақыл адамдарға  арнап  арнайы  мекемелер  құрудың  XIXғ 3  алғышарты  болды.

  • Медициналық дәрігер  Гуген  Бю кретенизімді  емдеуге  кірісті.
  • Әлеуметтік педагогикалық Тест  толаңсидің кемақылдарды  оқыту  мүмкіндігіндегі  тур  ақпараты.
  • Діни қайырымдылық.

   Француз  Жан Итар кемақыл  бір  баланы  әлеуметтік  ортаға  бейімдеуге  талпыныс  жасады  оның  әдістемесін  көзқарастарын  одан  кеиін.

    Сеген  пайдаланған. Ол  өзінің тәжірибелерінде  сенсорлық  және  қозғалыс  дамуының  маңызын  көрсетті.  Сегеннің   әдісін  Монтессори  дамытты  Дисон   Даун  ақыл-ойы  дамуы  артта  қалғандары  бойынша  топта  жіктеуге  кірісті.  Шіркеу  құрылымының  бастамасымен  көптеген  арнайы  орындар  ашылды.  Арнайы  орындар  негізін  дәрәгерлер  тарапынан  ашылды.   Мемлекеттік  арнайы  орындар  педагогикалық  міндеттерді  орындауға  тырысты.  Олардың  негізгі  мақсаты    кемақылдыларды  адамзат  қоғамның  пайдалы  мүшесін  айналдыру  еді.  Бұл  мемлекеттік  мекемелер  көбінесе  сурдопедагогтардың  бастамасымен  пайда  болды.

    XIX ғасырдың  екінші  жартысында   арнайыц  мектептердің  саны  өсті.  1901 жылы Нидерландияда  ақыл-ой  дамуы  артта  қалған балалардың  міндетті  білім  алуы  туралы  заң  қабылданды.  Бұл  кемақыл  балаларға  мектептік  білім  беру  жүйесінің  дамуына  негіз  болды.  Олигофренопедагогиканың қалыптасуы  шетелде Демор, Деклорись,Бине т.б  есімдерімен  байланысты.  Ресейде  төңкеріске  дейінгі және  кеңес  олигофренопедагогикасына Кашенько, Граборов, Выготский, Дульнев  және т.б  көп  еңбек  сіңірді.  Ресейде  кемақыл  балаларға  арналған  алғашқы  көмекші  сынып 1908ж, ал алғашқы  көмекші  мектеп 1910жылы  ашылды.

        Сөйлеу  тілі  бұзылған   балаларды   логопедия   ғылымы зерттейді.

       Логопедия дегеніміз-сөйлеу тілі кенмістіктерін,оның бұзылу себептерін,болдырмау   жолдарын,  сонымен   бірге   осындай   кемістіктерді әр  түрлі  жолдармен  түзетіп  жоюдың  тәсілдерін  зерттейтін  ғылым.

Логопедия- «logos» сөйлеу, «pedeo»-«оқытамын»  деген  мағынаны білдіреді.Логопедия   арнайы   психологияның    бір   саласы    болып есептеледі.  Логопедияның зерттеу обьектісі-сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.Сонымен сөйлеу тілі дамуымен оның бұзылуын түзету және сақтандыру логопедилық ықпал жасау барысының негізгі бағыты болып есептеледі.  Логопедияның мағынасы тілдің әлеуметтік маңызы мен байланысты.Сөйлеу тілі байланыс құралы ретінде және ойын жеткізіп түсіну үшін қолданылады.

    Сөйлеу тілін меңгерудің қағидалары:сөйлеу тілінің жүйелі дамуы (кинестезиялық), барлық қарым-қатынас  түріндегі  басқа  да  тілдік қатынастардытүсіну;артикуляцияның синхронды қатысуы,лекцикалық және граматикалық әдістер;бала дамуындағы қабылдау мен мәнерлі  лекцикалық және граматикалық бірліктердің эмоциялық және ерік сферасының даму барысы;тілдік сезімді дамыту,сезгіштік және сөйлеу тілін ің барлық компоненттері.Баланың әлеуметтік қарым-қатынас түрі тілдік және интелектуалдық дамуына байланысты.Баланың  тіл кемістігі оның сауат ашуы мен бірге  жеке басының дамуына кері әсер етеді.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Воронкова. В.В. Воспитание и обучение детей в вспомогательной школе. Москва 1994
  2. .Моргулис. И.С. Некоторые вопросы теории специального обучения. Москва 1989.
  3. .Носкова. Л.П. Дошкольное воспитание аномальных детей. Москва 1993.
  4. .Назарова. Н. М. Специальная педагогика. Москва 2007.
  5. Намазбаева Ж.И., Сулейменова Р.А. Дефектологиялық сөздік. Алматы 1993.
  6. Тебенова К.С. Дамуындағы ауытқулары бар балалар. Оқулық құрал. Қарағанды, 2003.
  7. Сорокова. М. Г. Метод Монтессори в детском саду и в школе. М. 1997.
  8. .Хелтунин. Е. А. Педагогика Монтессори. Москва 1992.
  9. Монтессори. М. О принципах моей школы. Москва 1999.
  10. Дефектологиялық сөздік. .Дьячков А.И. басшылығымен 2-ші басылым.
  11. Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии. Учебное пособие для студентов пед.инст. Москва., 1990.
  12. Нурманбетова У.Е. Мүмкіндіктері шектеулі балалар: интеллектуалды даму кемістіктері. Оқулық құрал. Қарағанды, 2003.
  13. Выготский Л.С. Проблемы дефектологии. Москва 1995.
  14. Власова Т.А., Певзнер М.С. Дети с отклонениями в развитии. М. 1973.
  15. Петрова В.Г., Белякова И.В. Кто они, дети с отклонениями в развитии? Москва, 1998.
  16. Коррекционная педагогика: основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии. .Пузанов Б. П. Москва 1998.
  17. Рау Ф.Ф. Проблема интеграции глухих. Формирование устной речи глухих детей. Под ред. Т.А.Власовой, Н.Ф.Слезиной. Москва 1981.
  18. Солнцева Л.И. Современные проблемы тифлопедагогики и тифлопсихологии. Дефектология. 1992.