Жоспары:
І. Кіріспе: Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі
ІІ. Негізгі бөлімі:
а) Аграрлық саладығы экономикалық тұрақтылық және даму жолдары
б) Аймақтық экономикадағы интеграциялық байланысты дамыту
в) Қазақстан Президентінің жарлығы. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Ауыл шаруашылығының дамытудың жаңа кезеңдері
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған кезекті 2005 жылғы республикалық кеңесті Үкімет басшысы Даниал Ахметов ашып, 2004 жылғы еліміздің аграрлық секторында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Премьер-Министр кеңес барысында Аграрлық азық-түлік және Ауылдық аумақтарды дамыту туралы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы сарапталып, алдағы жылдың жоспарлары мен міндеттері айқындалатынын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрі Серік Үмбетов еліміздің аграрлық кешені мен ауылдық аумақтар дамуының екінші жылындағы жұмыс нәтижелері туралы баяндама жасады. 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген іргелі іс-шаралар қоғамның ауыл проблемаларына бет бұрып, ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған талпыныстардың қалыптасуына себепкер болды, деп бастады сөзін министр.
Серік Үмбетовтің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде жүзеге асырылып жатқан ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары, негізгі экономикалық заңналармен және нарық талаптарына сай үйлестірген. Бұл мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық мүмкіндік туғызып отыр. Егер ауыл жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы қолдауға 27 млрд. теңге қаржы бөлінсе, соңғы екі жылда оның мөлшері екі есеге артып, 57,5 млрд. теңгені құрған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 13,5 пайызға өсіп, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 693,3 млрд. теңгеге жеткен.
Сонымен бірге азық-түлік тауарлары мен ішкі рынокты толықтыру мәселелері тұтастай тұтақталып, экспорт көлемі 35 пайызға артты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі бұл сананы тиімді бизнес көзіне айналдырып, оған инвестициялық ағымдардың құйылуына оң жағдай туғызды. 2004 жылы екінші деңгейдегі банктердің өзі осы салаға 125 млрд. тнңге құйған. Бұл 2002 жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Ауылда өндірісті шоғырландыру процестері басталып, іріленген өндіріс құрылымдары қанат жоюда. Соңғы екі жылда ауыл шаруашылығы бойынша алынған пайда мөлшері 20 млрд. теңгеге артты. Сондай-ақ сала еңбеккерлерінің орташа жалақысы 17 пайызға өсіп, 11 мың теңгеге жетті. Өткен кезеңдегі ауылдағы әлеуметтік саланың даму мәселелеріне де баса маңыз берілді. Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткен жылы әлеуметтік дамытудың нормативтік негізі қалыптастырылып, оның мониторингін жүргізу жұмыстары жүзеге асқан. Осы бағдалама бойынша ауылдық жерлердің әлеуметтік мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан бағытталған 51,3 млрд. теңгенің игерілу жұмыстары қадағаланып, сарапталған.
Ауыл шаруашылығы министрі қазіргі таңда елімізде астық рыногын дамытудың мемлекеттік реттеу тетіктері жетілдіруде екенін атап көрсетті. Мәселен, бүгінде еліміздің орташа жылдық көлемі 4,4 млн тоннаны құрайтын астығы әлемнің қырықтан астам еліне экспортталады.
Осы мерзім аралығында шығарылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсарту және кәсіпорындардың халықаралық ИСО стандартына өту жұмыстары ширатылуда. Екі жыл ішінде халықаралық талаптарға сәйкес келетін 74 мемлекеттік стандарт әзірленген. Өңдеуші саладағы өндірістерді топтастыру шаралары нәтижесінде 9 салалық ассоциация құрылған. Солардың қатарында мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде мақта өнімдерін өңдеп сыртқы рынокқа шығаруға жол ашатын мақта кластарын құру жобасы әзірленген.
Отандық тауар өндірушілердің сыртқы және ішкі рыноктардағы бәсекелестік қабілеттілігін нығайтуға бағытталған шаралар оң нәтижелерін бере бастады. Атап айтқанда, соңғы уақытта шұжық өнімдері, қалбырланған ет, сары май, өсімдік майы, күріш және т.б. өнім түрлерінің импорттық көлемі азайып, экспорттың импортпен салыстырғандағы өсу көлемі 35 пайызды құрады.
Орман, аңшылық, балық және су шаруашылығы салаларында да оң өзгерістер қалыптасқан. Айталық, ормандарды, азайып бара жатқан жануарлар түрлерін қорғау шараларына бағытталатын қаржы көздерінің ұлғайтылуына байланысты аталған салаларды едәуір ілгерілеушілік байқалып отыр. Су шаруашылығы нысандарын жүйелендіру жұмыстарына кейінгі үш жылда республикалық бюджеттен 35 млрд. теңге бөлінген. Кейінгі үш жыл аралығында қолға алынған «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2,5 мың шақырым су арнасы, 45 су тазалайтын құрылғылар салынып, қайта қалыпқа келтірілген. Еліміздегі 518 елді мекенде тұратын 1,5 млн. адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Өз кезегінде өңірде ауылды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров сөз алды. Облыстағы аграрлық сектор жұмысының 2004 жылғы қорытындылары көрсеткендей, егін шаруашылығында әр гектардың шығымдылығы 10,4 центнерден айналып, 3 млн. 25 мың тонна тауарлы астық өндірілген.
Аграрлық саладағы экономикалық тұрақтылық және даму жолдары
Ауыл тағдыры – ел тағдыры. Тәуелсіздік тарихының жаңа белесіне аяқ басқан шақта, Елбасымыз Н.Назарбаев өмірдің қай заманда да алтын арқауы бола беретін ауылға шындап бет бұру қажеттігін атап көрсетті. Заман, уақыт талабынан туған бұл шешім халықтың қызу қолдауына ие болып отыр. Ұлттың ұйытқысы да, берекесі де, деңгейі де – ауыл. Сондықтан ауылға бағытталған Елбасымыздың Жолдауы елімізде қолдау табуда. Президент Жолдауындағы ауылды қолдау өзінің тұжырымдылығымен, нақты ұсыныстарымен құнды. Ауылдық жерде, әсіресе суармалы өңірлермен халықтық кәсіп ететіндерге қолдау жасай отырып, күш-қуаты бірігіп пайдаланатын кооперациялау жүйесін өмірге мықтап ендіруге баса көңіл бөліп, сол тұрғыда жұмыстар жүргізуіміз қажет.
Аграрлық қатынастар барлық экономикалық, әлеуметтік қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, тұтыну, айыбастау процесінде ауыл шаруашылық сферасында айналысатын адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар жиынтығын білдіреді. Жерге меншік қатынасы – бұл саладағы ерекше құбылыс. Ауыл щаруашылық кәсіпорындардың табыс мөлшері санмен емес, белгілі бір жер көлемінен шыққан өнімнің көлемімен анықталады, бұл да осы саланың ерекшелігі болып табылады. Жер көлемі аса үлкен болмаса да, бірақ жоғары қарқынды шаруашылық табыс мөлшеріне байланысты ірі шаруашылыққа жатады.
Ауыл шаруашылық саласының ролін оның ұлттық табысын, ұлттық жиынтық өнімнің жасалуынан көруге болады. Оның экономикалық өсуге қосқан үлесін үш түрлі бағытпен: аграрлық сектордың ішкі жиынтық өнімді жасауға қосқан үлес салмағы; тауар өнімінің мөлшерімен және тауар айналысына қатысуымен; экономикалық өсуге бұл саланың факторлық үлесімен бағалауға болады.
Ауыл шаруашылығының ішкі жиынтық өнімінің жасалуына қатысуын өндірілген өнімнің абсолютті көлемімен және оның құрылымының өзгеруімен, жан басына шаққанда немесе ауыл шаруашылық өндірісінде жұмыс істейтін әрбір адамға келетін агроөнімдердің өндірілу көлемінен көруге болады. Бұдан келесі байланыс байқалады: ішкі жиынтық өнімдегі агроөнеркәсіптің үлес бөлшегі көп болған сайын, еліміздің экономикалық дамуындағы аграрлық сектордың қатысу дәрежесі жоғарылайды, агроөнімдердің экономиканың басқа салаларындағы өндірістің өсу қарқынынан жоғары болуы экономикалық өсуде ауыл шаруашылығының қосатын үлесін ұлғайтады.
Аграрлық сектордың экономикалық өсуге қосқан үлесін, оның ішкі және сыртқы рынокқа өнімдерді әкелуін, оған қатысуынан, экономиканың басқа салаларында өндірілген ресурстарды тұтынушы ретінде болуынан көреміз. өндірісті интенсификациялау өнеркәсіп саласының өнімдерін ауыл шаруашылық саласының тұтынуының тез өсуіне келеді, ал ол отандық өнімдерді өткізудің ұлғаю қарқынына әсерін тигізеді.
Ал экономикалық өсуге аграрлық сектордың қосатын үлесі ауылда экономиканың басқа салаларына еңбек ресурстарының келуімен, ауыл шаруашылық емес салалардың өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс т.б. мақсаттарда жер қорын толтырудың қайнар көзі болуымен анықталады. Мұндай процестің қарқыны аграрлық сектордағы еңбек өнімділігінің артуына байланысты, ал өз кезегіндегі еңбек күшінің босалуына, табыс деңгейінің және халықтардан алынатын салықтың өсуіне, экономиканың ауыл шаруашылық емес салаларында жұмыс орындарының көбеюіне әкеледі. Ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін көтеру – агарарлық қатынастар проблемалары. Барлық халықтардың мүддесін қозғайтын проблема – бұл ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін көтеру, аграрлық қатынастарды дамыту болып табылады, өйткені әрбір адамның өмір сүру деңгейі тікелей осы саланың өркендеуіне байланысты.
Елімізде мықты ауыл шаруашылық саласын жасау бір мезгілде басқа салаларды да көтеруге әкеледі, ол минералды тыңайтқыш өндірісі, ауыл шаруашылық саласына қажетті машина жасау өндірісі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі т.б. Ал бұл еліміздің экономикасының тиімділігіне үлкен әсер етеді.
2002 жылы Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы қабылдануы, 2003 жылы шілде айында Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ауылдық аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілуі, осы екі бағдарламамен қатар үш бірдей Жер, Су, Орман кодекстері әзірленуі, 2003-2005 жылдарды Ауыл жылдары деп жариялануы ауылды көтеру, өркендету, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру үшін жасалынуда. Ал 2003 жылғы Президентіміздің халқымызға жолдауынан Қазақстанның өз экономикасын нарықтық жолмен жаңғыртудағы қол жеткізген табыстарын, экономикалық дамуының қарқыны жөнінен республикамыз ТМД елдері бойынша алда келе жатқанын, соңғы 10 жылдың ішінде нарықтық қатынастарды нығайтқанын, оның экономикалық өрлегенін, халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілгенін, елімізге инвестицияның тартылғанын көруге болады. Қол жеткен табысқа риза болып, отырып қалуға болмайды, сондықтан Елбасымыз осы Жолдауында алдымызда тұрған міндеттерді көрсетіп, айқындап берді. 2003-2005 жылдарда ауыл шаруашылығы мен еліміздің ауылдық аймақтарын жаңғырту мен дамыту жөніндегі іс-қимылдардың жүзеге астынын, бекітілген осындай құжаттарға сәйкес мемлекет 2003-2005 жылдарда ауыл экономикасына 150 млрд. теңгеден аса қаражат жұмсауды жоспарлап отырғанын көруге болады.
Ал «Ауылдық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» мақсаты – ауылдың әлеуметтік дамуын жеделдету және жұртты тоқыраулы, экологиялық-экономикалық тұрғыдан келешегі күмәнді аумақтардан ауасы таза, жері нәрлі, сулы-нұрлы аумақтарға көшіруге және еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету. 2004 жылдан бастап мемлекет бұған да тиімді қаржы бөлмек.
Еліміздің экономикасын осыған дейінгі басым болып келген шикізаттық бағдардан өңдеушілік бағытқа қарай бұру ісі табысты болмақ. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында машина жасауға, әсіресе мұнай-газ мұқтаждарын өтеуге, көлікті дамытуға, қара және түсті металлургияның, ауыл шаруашылығының шикізаттарын өңдеуге, осы бағыттардағы жаңа өндіріс орындарын құрған кезде бүгінгі таңдағы ең тәуір, озық технологияларды пайдалануға баса назар аударылуда. Кез-келген бағдарламаны іске асыру нақтылы жоспарлаудың және оны ғылыми негіздеудің арқасында болады. Ал ауыл щаруашылығы басқа салаларға қарағанда ерекше сала, ұдайы мемлекет тарапынан көмекті, тәуекелділікті, заңның жетілдірілуін, әкімдердің тауар өндірушілермен бірлесе жұмыс істеуін, бар өзгерістердің насихаттап түсіндірілуін, жоғары технологияны дамытуын, салық салу проблемасын шешуін, оны ұдайы жетілдіруін, басқару мен мемлекеттік шенеуліктердің жеке кәсіпкерлікке бақылау жасауды тағы басқа проблемаларды ертеңге қалдырмай шешіп отыруды қажет етеді.
Ауылды өркендетудің басты факторы агроөнеркәсіп кешенін тұрлаулы, серпінді түрде дамыту және лның экономикасын осы заманғы рынок қағидалары негізіеде тездетіп ілгерілету болып отыр. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін жедел өсімін және өзіндік құнның төмендеуін қамтамасыз ету үшін қайтарымды, бірақ жеңілдіктер негізінде мемлекеттік жәрдем көрсету тиімді.
Экономикалық тәсілдер арқылы шаруаларды осы кездегі агротехнологияларды енгізуге, ауыл шаруашылығы дұрыс қайта өңдеу салаларын дамытуға бағдарлаудың, жақын және арғы шет елдерге тең келетіндей экономикалық жағдайлар туғызудың маңызы зор.
Үкімет малдәрігерлік және санитарлық қадағалау, мал мен өсімдік дерттеріне қарсы күрес жүйесін тәртіпке келтіруге стандарттар мен технологиялық нормаларға қатысты жұмысты күшейтүге, оларды жедел түрде әлемдік шарттарға жақындай түсуге тиісті.
Ауылды ғылыми және ақпараттық қамтуды қалпына келтіру керек. Барлық деңгейде ақпараттық – маркетингтік жүйенің өрістеуіне жәрдем көрсету қажет.
2003-2005 жылдардың бюджеті ауыл үшін басымды сипатта болуға тиіс. әлеуметтік салаға жұмсалатын қаражатта алдымен ауыл ауылға арналған жолдар мен су тартқыштар жасауға, ауруханалар, мектептер салынуға арналуға тиісті. Осы мақсатта арналған қаражат көлемін 10 млрд. теңгеге ұлғайтуға көзделіп отыр.
Сонымен қатар, жалпы алғанда, 2003 жылдан бастап жыл сайын ауыл шаруашылығын дамытуға қосымша 8-10 млрд. теңге қарастыруда.
Ел экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылатын ауыл шаруашылықта қалыптасқан ахуалына көңіл бөлу, соңғы кездері байқала басталған серпілістерге демеу көрсету уақыт талабына сай. Селолық тауар өндірушілердің бәсекелестік қабілеті олардың ғылыми – техникалық прогресс деңгейімен айқындалатынына қарамастан ғылыми жетістіктерді пайдалану көрсеткіштері күрт төмендеуде. Мысалы, егіншілікте егіс айналымындағы жүйеліктің бұзылуы, тұқымдық материал сапасының төмендеуі осыған орай себу кондициясындағы тұқымдарды пайдаланудың азаюы, ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізудің агротехникалық талаптарының сақталмауы етек алуда. Осыған ұқсас кемшіліктер мал шаруашылығы салаларында да қалыптасуда, көптеген асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылықтар рынок жағдайларына бейімделе алмай, өздерінің маңыздарын жоғалтып алды. Нәтижесінде асыл тұқымды мал саны күрт төмендеп кетті.
Республикамыздың ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру бағытында үлкен проблемалар бар. 1991 жылға дейін шығарылған қолда бар техниканың ішінде тракторлардың 84 пайызы, астық жинайтын комбайындардың 89 пайызы, жүк авто көліктерінің 93 пайызы пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылатын жағдайда. Жақсы дамыған маманданған жөндеу базалары тарап кетті, ал оның қалған аз бөлігі аздаған ғана жұмыс жүргізуге жарамды. Осыдан техникалардың елеулі бөлігі шаруашылықта сапасыз жөнделеді.
Аграрлық бөлімдердің барлық салаларында – технология мен биотехнологияларында, селекция мен тұқым шаруашылығында және басқа бағыттарда мешеу қалу орын алуда. Әлемдік тәжірибеде білім мен ғылымды қолданудың неғұрлым тиімді түрі инвестиция тарту болып табылады. өркениетті елдер экономиканың бәсекелестік қабілетін әлемдік рынокта басымдылығын қамтамасыз ету мақсатында алдымен ғылыми-техникалық бағдарлама жасайды және оны жүзеге асырады. Оларда байланыстырушы орталық буын – ғылым мен білім болып табылады. Ғылымның артта қалу себебі, оның қалдық принципті негізінде қаржыландыруында, ғылыми ізденіске тапсырыс беру механизмнің жетілдірмеуінде. Бұл кемшіліктер аграрлық сала үшін дайындалатын мамандар сапасына жағымсыз ықпал етеді.
Ауыл шаруашылық салаларында өнімді өңдеу, оны өткізу – ең маңызды мәселе. Ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің жұмыспен қамтылып, тұрмыс деңгейлерінің жақсы болуы осы проблемаларды шешуге тікелей байланысты.
Әрине, өнімді өңдеу сияқты күрделі мәселені 2-3 жылдың ішінде толық шешу мүмкін емес. Өйткені оны шешу үшін Қазақстанның өзінің азық-түлік өнімдерінің халыққа шет ел рыногына шығара білуіміз керек. Егер біз ауыл шаруашылық өнімдерін шикізат күйінде шығаратын болсақ, олар қазіргі жүн мен теріміз сияқты өте арзанға кетеді, шығын да өтелмейді. Яғни, өнімді өндіргеннен кейін, оны өңдеп, дайын тауар күйінде сатуымыз тиімді. Дүниежүзілік рынокқа қарасақ, мұндай өнімдер жеткілікті. Өңделген өнімнің сапасы жоғары бағасы арзан болмаса, онда рынокқа кіру қиынға түседі, қазіргі кезде біздің еліміз өзінің астығымен ғана кіріп отырғанын жасыра алмаймыз. Мұндай жағдайда халқымызды өз өнімдерімізбен, атап айтқанда, етпен, сүтпен, маймен, азық-түлікпен толық қамтамасыз етсек, онда бұл мәселені шеше алғанымыз.
Қазақстанның басқа елдерден өзіндік ерекшеліктері бар, ол біріншіден жер ресурсының молдығында. Бұл ресурс толық пайдаланылмай жер бос жатыр, екіншіден, Қазақстанның халықының жартысына жуығы ауылда тұрады, олардың көпшілігі жұмыссыз, толық жұмыспен қамтылмай отыр. Ауылдағы адам ресурсы жұмыс күші толық пайдаланыомай отыр.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі еліміздің Үкіметін толғандырып отырған мәселелердің бірі – оны өңдеу өнеркәсібін дамыту. Жетілген, қазіргі заманға лайықты өңдеу өнеркәсібінің болуы – сыртқа өнім шығарудың шарты. Еліміздің мемлекеттік азық-түлік бағдарламасына өңдеу ісін дамытуға айрықша мән беріліп, ол басым дамытылатын сала ретінде қарастырылған.
Міне, осы өңдеу өнеркәсібінің осалдығынан қазіргі күні азық-түлік өнімдерінің үлкен бөлігі халыққа өңделмеген күйінде саудаланып, осы бір олқылығымызды шет елдік кәсіпорындар өз мақсатына тиімді пайдаланып отыр.
Еліміздің ауыл шаруашылық саласындағы өңдеу кәсіпорындары өндіретін өнімдер бағасының жоғары болуының көптеген себептері бар. Соның бірі – айналым қаржысының болмауы болса, екіншісі — кәсіпорындарға берілетін банк кредиттерінің пайыздық ставкалары өте жоғары.
Жалпы әлемде ауыл шаруашылығы саласының мәселелерін толықтай шешкен ел жоқ десе де болады. Бұл проблеманың ең бір сәтті шешіп отырмыз деген мемлекеттердің өзінде субъектілерге шаруашылық жүргізу тәсілінде барынша еркіндік бере отырып, дотациялау тәсілі қолдалынады. Соңғы жылдардан бері осы жолға біздің тәуелсіз еліміз де түсуге айналды. Мәселен, азық-түлік бағдарламасына сәйкес 2003 жылдан бастап сала кәсіпорындарын қаржылай қолдау жағдайы елеулі түрде жақсара түсуде. Оларға жеңілдікпен несие берудің, лизингіге технологиялық желілер, техникалар сатып алып беру жолдары қарастырылып, іске асырылуда. Соның ішінде мемлекет тарапынан болатын қолдау елеулі түрде арта түседі. Президенттің 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің бәріміз алдымен ауылға (селоға) қолдау көрсету дегеніміз кез-келгенді және көрінгенді оңды-солды мемлекеттік қаржыландыруға келіп тіреліп тұрмағанын ұғынып алуымыз керек. Біз бәз баяғыдай масылдық және мемлекеттік бәйек болушылық тәжірибесін қайта түлете алмаймыз және олай істемейміз» деп атап көрсеткен болатын. Бюджет тарапынан болатын қаржы қолдауы өңдеу кәсіпорындарының жағдайын жақсартып, олардың бәсекелестік қабілетіне арта түсуіне ықпалын тигізеді.
Мемлекеттің қаржылай қолдауы ауы лшаруашылық өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың жұмысын жақсартып, осының нәтижесінде 2005 жылы бұл саланың ішкі рыноктағы үлесі ет және ет-өсімдік консервілерінен 50 пайызға, шұжық өнімдерінен 85 пайызға, сары майдан 55 пайызға, қоюландырылған сүт пен кілегейден 40 пайызға, құрғақ сүттен 70 пайызға, өсімдік майынан 70 пайызға жетеді деп қаралады.
Тәуелсіздігіміз нығайып, экономикамыз алға басу жағдайында Елбасы халқымыздың алтын бесігі — ауылды түзету мәселесін қолға алып жатқаны көрінуде. Біз мұны еліміздің сан сапалы халық шаруашылығының үйлесімді дамуын қамтамасыз етумен қатар, ұлтымыздың болашағын ойлаудан туған қажетті шешім деп білеміз. Еліміздің ауыл шаруашылығы саласы, соның ішінде халқымыздың ата кәсібі – мал шаруашылығы ертеңіне бет алған ел көшінің соңында емес, басында тұруы, халықтың әлеуметтік өмірін нәрлендіруші салаға айналдыруға тиіс.
Нарықтық қатынастарды қалыптастырудың алғашқы кезеңіндегідей емес, қазіргі кезде сол жылдардағы қиыншылықтан арылып келеміз. Экономикамыз түзеліп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен қатар, ауылда басқа да тіршілікті істер жасалып жатыр.
Ауыл шаруашылығының барлық саласы бойынша алға басушылық бар. Соңғы үш жыл мерзімінде қатарынан миллиард пұт астық алынғаны – осының айғағы. Мақта, картоп, көкеніс, күнбағыс және де басқа дақылдар түрінен мол өнім алынды. Мал басы өсіп, одан алынған өнім көлемі көбеюде. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу секілді күрделі салада да алға басулар байқалды. Еліміздің әр аймақтарында кәсіпорындар ашылды. Оның үстіне осы қайта өңдеу саласы бойынша биылғы жылы екі бірдей бағдарлама қабылданды. Оның бірі – құрал-жабдықтар мен технологиялық желілер лизингіне, екіншісі қосымша құны қымбат тұратын, яғни табысты мол кіргізетін өндірістер ашу ісінің несие алуын жеңілдетуге арналып отыр.
Материалды-техникалық құралдардың жетіспеушілігі көптеген шаруашылықтың формаларының жұмыс істеуінде төмен деңгейіндегі механизацияның болуына әкелді. Республика бойынша кешендік механизацияда іске асыруда үлкен проблема тұр. Қолымен істейтінді машинамен алмастыру, жаңа техниканы меңгеру, оны өндірісте қолдану қажеттігі туындауда. Жасыратыны жоқ осы уақытқа дейін ауыл шаруашылық саласында сиырды сауу, қойды қырқудан басқа барлығы қолмен істелді. Енді қазіргі уақытта табиғи-климаттық жағдайды, малдың түрін ескеріп, әрбір шаруашылық кешендік механизацияны қолдануы қажет. Оны толығымен іске асырмай кейбір өндірістік процестерді жүргізу өндірістің тиімділігін арттырмайды, еңбек өнімділігін төмендетпейді, жіберілген күрделі қаржы ақталмайды. Сапалы әр түрлі ассортиментті дүниежүзілік стандартқа сәйкес келетін техниканы алу, оны өндірісте, қайта өңдегенде қолдану ауыл шаруашылық сласының тиімділігін арттырады.
Нарықтық экономикадағы менеджерлікті меңгерген кейбір іскер басшылар бизнестегі еркіндікті жете пайдаланып, шаруашылық өнімдерін тұтынушы рыногының сұранысына қарай бейімдеп, өздері өңлеп ұқсатқан тауарларын қалаға, рыногқа шығарып, тиімді бағаға сатып, оқшауланған түрде өздерінің экономикасын жылдан-жылға нығайтып келеді.
Бүгінгі күні ауылды жерде шағын кәсіпкерліктің дамуы кеңінен өріс алуда. Оған кәсіпкерлік құрылымдардың құрылыс материалдарын жасауды, құрылыс-жөндеу жұмыстарын, автокөлікке техникалық қызмет көрсету жұмысын халықтың қолөнер тауарларын өндіруді, музыка аспаптарын жасауды, теріден киім тігуді, көкөніс, жеміс ет, сүт, тамақ өнімдерін өндіру ұйымдастыру жатады.
2003 жылғы статистика агенттігінің сараптау нәтижесі бойынша, 62 мың шағын кәсіпорындарда, яғни 64 пайыз жалпы жұмыс істеуші кәсіпорындарда 50 адамнан көп емес адамдар жұмыс істейді: олардың 40,2 саудамен, қызмет көрсету саласында, жеке тұтыну өнімдерін өндірумен, машинаны ремонт жасаумен айналысады. Сауда қызметімен айналысу кімге болса да болады, өйткені үлкен қаржыны қажет етпейді. Ал өнеркәсіп қызметімен небәрі 12,5 пайыз, ауыл шаруашылық өндірісімен – 6 пайыз ғана шағын кәсіпорындар айналысады. Кейінгі кезде шағын кәсіпорындардағы кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың саны артуда, өйткені оларды тіркеу процедурасы қысқартылды. 2003 жылдың басында жарты миллион адам жұмыс істеді, ол 2001 жылмен салыстырғанда 26 мың адамға көп. Орташа жалақылары 17224 теңге болды, 2001 жылмен салыстырғанда 1800 теңгеге көп.
Сонымен бүгінгі таңда аграрлық саланың тиімділігін арттырып, халқымызды өз елімізде өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерімен жан-жақты қамтамасыз ету – ең басты мәселе. Соңғы жылдары ауыл шаруашылық өндірісінің тұрақтану тенденциясын байқаймыз. 2000 жылы ішкі жиынтық өнімдегі ауыл шаруашылық үлесі 8,1 пайыз, ал 2001 жылы – 8,7 пайыз болды. 2001 жылғы ауыл шаруашылық өнімін өндіру көлемі 2000 жылмен салыстырғанда 17,3 пайызға өсті. Агроөнеркәсіптік кешен дағдарыстық жағдайдан өтіп, өндірістің көлемін ұлғайту барысында жұмыс істеуде. Соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, республикамыздағы жалпы егістіктің көлемі 2,4 миллмон гектарға немесе 16 пайызға өсті. 2002 жылды 1999 жылмен салыстыратын болсақ, ірі қара мал саны – 11,3, қой және ешкі – 11,5, жылқы – 10,4, құс – 13,2 пайызға көбейді, сонымен бірге малдың өнімділігінің жылма-жыл артуы да көрінуде, мысалы, сауып алынған сүттің мөлшері – 11,5 пайызға өсті, орта есеппен жан басына шаққандағы келетін сут өнімін өндіру 274 килограмм құрады, ол 1999 жылмен салыстырғанда 16,3 пайызға көп.
Дүниежүзілік экономиканы ғаламдандыру жағдайындағы агроөнеркәсіптік бағдарлама елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етіп, оны қауіпсіздендіруге бағытталған. Елімізде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелестілік қабілеттілігі болуға тиісті, ол, әрине, тек мемлекеттің қолдауының негізінде ғана емес, сонымен бірге жаңа жасалынған ғылыми-техниалық прогрестің жетістігін қолдану, өндірісті техникалық жағынан қайта құру арқылы іске асады. Бұл бағытта белгілі жұмыстар істелуде, атап айтсақ, Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібі сапасы жағынан да, қолайлы бағасы бойынша тұрғындарды ет, сүт өнімдерімен толығымен қанағаттандырады. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу көлемінің соңғы уақыттағы көрсеткіші 10,4 пайыз, соның ішінде сусынды да есептегендегі тамақ өнімдері 10,8 пайызға өсті.
Ауыл шаруашылығындағы қарқынды жүргізген реформа жеке меншік түріндегі шаруашылық субъектілерінің өсуіне әкелді. 2001 жылдың аяғында республикамызда 100 мыңнан астам ауыл шаруашылық құрылымдық орындар қалыптасып қызмет істеді, соның ішінде 95 мыңнан астам шаруа шаруашылығы, 2,3 мың серіктестіктер, 1,1 мың өндірістік кооперативтер, 0,2 мың акционерлік қоғамдар болды. Мемлекеттік меншігінде небәрі 79 кәсіпорындар ғана қалды, ол көрсеткіш 1991 жылы 2,2 мың болған болатын. Мемлекеттік емес меншіктің түрлері 2001 жылы 99,9 пайызды құрады. Ол көрсеткіш 1991 жылы 76 пайыз болатын.
Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын, атап айтқанда ет комбинаттары, сүт комбинаттары, элеваторлар, қант зауыттары және т.б. мемлекеттік кәсіпорындар қайта ұйымдасып, басқа меншік түрлеріне айналуда. Кейінгі уақытта ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге 5 мыңнан астам ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар қызмет көрсетеді. Жеке меншік кәсіпорындар ауыл шаруашылығын техникамен, запас бөлшектермен, өсімдіктерді қорғайтын құралдармен қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылық техникаларына ремонт жасайды, әр түрлі сервистік қызмет көрсетеді.
Экономикалық жаңару аграрлық сферада жаңа сапалық деңгейде өсуде, ол агробизнес құрылымын аймақтық қалыптастыруға, агротехнология деңгейін көтеруге, ауыл шаруашылық өндірісін маркетингтік стратегияға өткеруге, ішкі рынокта импорт алмастыруға, экспорт өнімін активтендіруге бағытталынып отыр.
Ауыл шаруашылық саласын реформалау барысында, оның құрылымында көптеген өзгерістер болды: өсімдік шаруашылығының өнімі барлық шаруашылық категорияларында 1991 жылғы 35 пайыздан, 2001 жылы 61 пайызға дейін өсті, керісінше мал шаруашылығының өнім үлесі 65 пайыздан 35 пайызға дейін қысқарды. Осындай өнімдегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өсімдік өнімінің үлесі – 88 пайыз, мал шаруашылығында – 12 пайыз, шаруалар шаруашылығында – осыған сәйкес 93 және 7 пайыз, тұрғын халықтардың шаруашылығында – 29 және 71 пайызды құрайды.
Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімді өндіруде кейбір жеке шаруашылықтың үлесі елеулі өзгеріске ұшырады. Егер де ауыл шаруашылық кәсіпорындарында 1991 жылғы 68 пайыздан 2001 жылы 27 пайызға дейін төмендесе, ал тұрғын халықтардың шаруашылығында ол 32 пайыздан 48 пайызға дейін өсті, ал шаруа шаруашылығында түк жоқтан 25 пайызға дейін өсті. 1991 және 2001 жылдардағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндірудегі республика аймақтарының үлесі әр түрлі, қорытындысын пайыз есебімен көрсетсек, ол облыс бойынша келесі түрге ие болады: Қостанай облысы 1991 жылы – 12,8 пайыз, ал 2001 жылы – 15,3 пайыз, осыған сәйкес Батыс Қазақстанда – 12,9 және 14,9 пайыз, Ақмола – 9,8 және 13,9 пайыз, Алматы облысы – 11,8 және 12,2 пайыз, Шығыс Қазақстан – 10,1 және 9,0 пайыз, Оңтүстік Қазақстан – 9,3 және 10,4 пайыз, Қарағанды – 6,1 және 4,9 пайыз, Павлодар – 5,9 және 4,5 пайыз,Ақтөбе – 4,7 және 3,9 пайыз, Қызылорда – 3,3 және 1,9 пайыз, Атырау – 1,4 және 1,0 пайыз, Маңғыстау – 0,4 және 0,2 пайыз болды.
Аймақтық экономикадағы интеграциялық бағытты дамыту
Рынокқа өту барысында экономикалық қатынастар сан және сапалық жағынан да өзгеріске ұшырады. Сыртқы экономикалық байланыстарды активтендіру ұлттық экономиканың дүниежүзілік экономикаға ұласып, интеграцияға енуіне әсерін тигізеді. Халықаралық еңбек бөлісінің және сыртқы экономикалық байланыстардың тереңдеуі халықаралық сауданың, маманданудың және кооперацияға енудің шекарасын кеңейтеді.
Қазақстанда рыноктық реформаны дамыту дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне мүмкіншілік туып, жол ашылуда. Дүниежүзілік рынок заңына икемделіп жұмыс істеу үшін серіктестіктердің принциптері қандай, әр түрлі халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметінің негізі неде, соның бәрін зерттеп білу қажет.
Қоғамдық өндірістің интернационализацияланудың және бәсекенің күшеюінің объективті үдерісі бір-бірімен байланысты және ұлттық экономиканың қатаң бірігуін талап етеді. Бірте-бірте аймақтық экономикалық және саяси үрдістер болуда.
Республикадағы болып жатқан түрлендіру (трансформациялау) үдерісі – бұл өндірістік қатынастар жүйесін түбірмен жаңартуды ғана қамтымайды, сонымен бірге дүниежүзілік шаруашылық байланыстарды,
интеграциялық міндеттерді шешуді, елдердің дербестіілігін, т.б. қамтиды.
Қазақстанның экономикалық даму қорытындысын бағалай отырып, Еуродақ елдері біздің елімізді рыноктық экономика елі деп жария етуінің өзі көп нәрсені білдіреді. Қазақстан елі өзінің дамуында ұзақ мерзімдік стратегиялық дамытуды іске асыруда.
Еуроазиялық экономикалық рынок құру жөнінде мемлекет басшыларының арасында Кеден Одағы шартына қол қойылды. Бұл шараларды іске асыру барысында әр түрлі мемлекет бірігіп, көптеген бірлескен міндеттерді және проектілерді шешулеріне тура келеді.
ТМД елдеріндегі экономикалық даму қарқыны және деңгейінің әр түрлілігі, рыноктық реформаны жүргізу тәсілінің әр түрлі болуы экономикалық байланыстың, интеграциялық үдерістердің кеңеюін тежеуде. Арғы шет елдермен байланыс жасауда өзекті мәселе бар, өйткені, негізінен біздің ел шикізат және минералды ресурстарды ғана сыртқа шығарады.
Қай елде болмасын экономикалық даму деңгейі жоғары болса, ол елде еңбек өнімділігі жоғары, өндіріс шығындары төмен болады. Сондықтан экономикасы дамыған ел еңбек өнімділігі төмен, экономикасы нашар дамыған елдерге қарағанда артықшылық жағдайда болады. Бірақ еңбек өнімділігі, экономикалық даму деңгейлері төмен елдер де кейбір тауар түрлерін өндіре алады, оларға шыққан шығын әр түрлі себептерге байланысты экономикалық деңгейі жоғары елдерге қарағанда төмен болуы мүмкін.
Сондықтан халықаралық еңбек бөлінісінің негізінде өзара тиімді тауар және қызмет айырбасы елдер арасындағы әр түрлі экономикалық байланыстардың ірге тасы болып табылады.
Қазақстан Республикасында қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуда бірлескен кәсіпорындардың ролі зор. Мұнда тамақ өнімін өндіруден басқа қазіргі шетел технологиясын алуға мүмкіндік ашылуда. Ол үшін тамақ өнімдерін шығаратын шетел салық және басқа да жеңілдіктері бар компаниялары, фирмаларына импорт алмастырушы кәсіпорындар статусын беруде болашақта сыртқы байланыстардың күщеюіне әкеледі.
Өте жоғары маманданған деңгейде сыртқы сауданы жүргізу үшін, дүниежүзілік жағдаятты және халықаралық іс жүргізуді білу үшін мемлекеттік мекеме арқылы асырылатын сыртқы сауда операцияларын жүргізу маманданған ұйымдарда да ашып жүргізу де, сыртқы экономикалық байланысты дамытуға әсерін тигізеді.
Сыртқы экономикалық қызметті дамытуды күшейту үшін оған сәйкес инфрақұрылымды дамыту, атап айтқанда, қаржы рыногын және қауіпсіздендіру ісін, банктерді, көлікті, байланысты, сонымен бірге, халықаралық экономикалық қатынастар жағдайында жұмыс істейтін бухгалтерлерді, маркетологтарды, инспекторларды, банк жұмыскерлерін т.б. дайындау міндеті туындайды.
Ақпарат қызметін құру, оы ұйымдастыру, дүниежүзілік ақпараттың қайнар көзінен мәлімет алудың маңызы зор. Сонымен бірге, сыртқы экономикалық қызмет жүргізуге құқықтық-лицензиялық негізде жаңа заңда және нормативтік актілерді қабылдау қажеттілігі орынды.
Соңғы 2-3 жылдағы экономиканың жандануы сыртқы рыноктағы конъюнктурының болуы интеграциялық байланысты көрсетеді.
Қорытынды
ХХ ғасырда негізінен екі жүйе бір-біріне қарама-қарсы негізде жұмыс істесе, ХХІ ғасырда мәнді өзгешеліктер бар, оны біз экономикалық қарым-қатынастардың жан-жақты дамуынан, елдердің арасындағы байланысынан, олардың бір-бірінен тәуелді болуынан, экономиканың ашықтығын, экономиканың интернационализациялауынан көреміз. Интеграциялық экономикалық қатынас халықаралық еңбек бөлінісі заңдылықтарынан негізінде одан әрі өсе түсуде. Қазақстан өзінің егемендігін алған күннен бастап интеграциялық байланыстың дамуын қолдаушы елдердің бірі болды. Экономикалық байланысты, оның жаңа жүйесін құруда экономикалық дамудың ұлттық моделін ескеріп, соның негізінде бір-біріне тиімді, пайдалы байланысты орнатуда басқа елдердің қалыптасқан дүниежүзілік тәжірибесі де ескерілді.
Осындай көптеген игі істер жасалумен қатар, бұл саланың дамуында әлі де болса көптеген өзекті мәселелер бар.
Әрбір ел, аймақ, облыс өздерінің ерекшелігін, мүмкіншіліктерін, экономикалық дамуын, дәстүрін, салтын, климаттық жағдайын ескеріп, дүниежүзілік экономикалық байланысқа енсе, рынокты дамыту күн тәртібіндегі өзекті мәселе.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық саласындағы интеграцияның стратегиясын іске асырудағы халықаралық экономикалық қатынастарға енуінде де табиғаттық-шаруашылық жағдайларды, халықаралық еңбек бөлінісін т.б. ескеріп, солардың негізінде ең тиімді формаларын таңдап, іске асыру қажеттігі тұр.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық саласында тиімді интеграцияға енуі, дүниежүзілік рынокпен үзіліссіз байланыста болуы стратегиялық мәнділігі бар мәселе.
Ұлы Жібек Жолының дамуының тарихының маңыздылығын халықаралық ЮНЕСКО ұйымы атап өтіп, оған көңіл бөлуінен, оны жаңғырту жөнінде шешім қабылдануынан көруге болады. Осы үлкен жолдың маңызды бөліктерінің бірі – Алматы облысы болып табылады, ендеше бұл аймақты жетілдіріп, дамыту қажеттілігі туындауда.
Дүниежүзіндегі аса көрнекті жерлердің бірі болып табылатын, табиғи ресурстарға (мәрмәр, көмір, асыл тастар, шипалы су көздері, шипалы балшық және т.б.) бай, сан алуан өсімдіктер жіне жануарлар дүниесі, спортты, туризмді және демалысты дамыту үшін тамаша табиғаты бар Алматы облысының болашағы зор. Таяу және арғы шет елдермен ұзақ мерзімді сауда – экономикалық қатынастар бойынша екі жақты және көп жақты келісімдер жасалып, іске асуда.
Алматы облысы арқылы Қытай, Орта Азия, Ресей, Қырғыстан және Тәжікістан елдерімен көлік жолдары арқылы қарым-қатынасқа енуде, Қазақстанның экспорт тауарлары да Достық станциясы арқылы Қытайға және т.б. дүниежүзі елдеріне өтеді. Сыртқы сауданың ірі партнері болып Ресей, Қытай, Қырғыстан, Германия, Ұлыбритания, Финляндия, Нидерланды елі, Польша, Швейцария, Италия болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Егемен Қазақстан, 1 ақпан 2005 жыл
- Егемен Қазақстан, 11 жетоқсан 2006 жыл
- Блеутаева К.Б – Аралас экономикадағы аграрлық қатынастардың дамуы
және нарықтық экономикадағы агроөнеркәсіп
- Блеутаева К.Б – рынокқа өту кезеңіндегі шаруашылықтың жаңа
формаларының қалыптасуы (автореферат), Алматы, 2004ж.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы
Агроөнеркәсіптік секторды тиімді дамытуды ынталандыру және оның ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қаулы етемін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
- «КазАгро» ұлттық Холдингі» акционерлік қоғамын (бұдан әрі «КазАгро» ұлттық Холдингі» АҚ) құрылсын;
- екі апта мерзімде:
«КазАгро» ұлттық Холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды;
акцияларының мемлекеттік пакеттері «КазАгро» ұлттық Холдингі» АҚ-тың жарғылық капиталын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітсін;
- 3 ай мерзімде нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
- Осы жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын;
- Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қақақстан Республикасы Президенттің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы жарлықтың қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев. Астана, Ақорда 2006 жыл 11 желтоқсан №220