Жоспар
Кіріспе
І тарау. Бағалы қағаздардың теоритеко әдістемелік негіздері.
1.1 «Бағалы қағаздар» категориясының құқықты – экономикалық мазмұны
1.2 Бағалы қағаздардың классификациялық белгілері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мемлекетімізде нарықтық дамуы қиыншылықпен баяу дамып келе жатқанымен, «советтік модельден нарыққа өту процесі, заңдардың жетілдірілуі, жекешелендіру мен ресструктуризацияцияның даму қарқынының өсуі, ақырындап инфрақұрылымның қалыптасуы, қор жұмысының негізінің қалануы іске асуда. Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандығы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Әсіресе қаржы несие институттары демократиялық негізде құрылған қазіргі нарық – адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Нарық – күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ал, осы нарықтық қатынастары қалыптасып, халық шаруашылығының экономикалық басқару құрылымы елеулі өзгеріске түскен қазіргі жауапты да күрделі кезеңде тікелей айналысып жүрген сала мамандары болмаса, былайғы қарапайым жұртшылықтың зердесіне жете бермейтін жайлар да жоқ емес. Солардың бірсыпырасы бағалы қағаздарға келіп тіреледі. «Бағалы қағаздар» дегенде құлағымыз елең ете қалғанымен, соның түп-төркініне түсінбей дал боламыз. Көз алдымызға сонау 40-50жылдардағы елге есепсіз таратылып, кейін қаржы реформасына қатысты құнын жайып, артынан қалта-қалта қылып жинақ кассасына өткізіп, бірақ болар-болмас қара бақырға қанағаттанған заемдар елестейді. Бала-шағаның аузынан жырып жинаған азын аулақ қаржыға бағалы қағаз сатып аламын деп ертең есем кетіп жүрмей ме деп күдіктенетіндер көп. Сондықтан, осындай сенбеушілікті жойып, туған топырағымызда жаңа-жаңа бүршік жарып келе жатқан нарықтық қатынастар кезеңінде бағалы қағаздардың қандай пайдасы бар, оның халықтың тұрмысын түзеуге септігі тие ме деген мәселелер нарық экономикасының өзекті мәселелерінің бірі. БҚН Қазақстанды қазір қалыптасу кезеңінен өтуде.
Бағалы қағаздардың теоритеко әдістемелік негіздері.
1.1 «Бағалы қағаздар» категориясының құқықты – экономикалық мазмұны.
Бағалы қағаз түсінігі экономикалық және заңдық қатынастарда өте кең ауқымды алып отырған түсінік. Бағалы қағаздар орта ғасырдан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал саласына деген қажеттіліктері туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жеке адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голланддық компаниялары акционерлік қоғамы Ост- Индия, Грудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар бағалы қағазды бірінші шығарған компаниялар болды. Олардың акциялары күні-бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуды. XVI-XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үщін де ұйымдасқан болатын. Ең алғаш рет бағалы қағаз түсінігін 1882жылы Бруннер ұсынған. Ол бағалы қағаздарды жеке құқық ретінде анықтады («Werpapier ist eine Urkunde ueder ein Privatreckt»). Бұл түсінікте Бруннер әртүрлі бағалы қағаздар бір түсінікке қамтылатынын анықтады.
Ал В.М. Гордон, бағалы қағаздар түсінігі анықтамаса да, оның белгілерін сиаттады. Ол бағалы қағазды литтераль деп атап, бұл қағазда жазылған мәлімет қана іске асады деген /2.36б/. Басқа зерттеулерді қарасақ, 1923 жылы В.Ф. Вольфтың басқаруымен зерттелген КСРО- ның Сауда своды атты проектісінің авторлары қағазға былай түсініктеме береді: «Бағалы қағаз – оны көрсету кезінде белгілі құқығы бар құжат». /3.10б/
Сонымен, бағалы қағаздар дегеніміз – толығымен құқығы белгіленген, мүліктік құқықты немесе эмитенткебайланысты құжат иесінің қарыз қатынасын куаландыратын акциялы құжат (акция, облигация немесе опцион) . Ол жеке құжат түрінде немесе (артықшылығы ) шоттағы жазу түрінде болады.
Бағалы қағаздар туралы көпеген ғалымдардың тұжырымдары бар. Негізінен зертеушілердің көбі бағалы қағаздарды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастарды бекітетін заңды құжат деп қарастырады. Соның ішінде, Ф.С. Карагусов: « Бағалы қағаз ол – сол қағассыз басқа адамдардың қолына өте алмайтын, іске аспайтын кез-келген құжат» дейді. /3.10б/
Ал келесі «Курс экономической теорий» атты оқу құралында бағалы қағаздарға мынандай түсініктеме айтылған: «Бағалы қағаз – ол иелену құқығын немесе займ қатынасын куаландыратын және документ шығарған тұлға мен оның иегері арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ақшалы құжат. Бағалы қағаз табыстың дебиденд немесе пайыз түрінде төленуін және басқа тұлғаларға ақшалық немесе басқа да құқықтардың бірігу мүмкіндігін беруін қарастырады». / ,305б/
Тағы да басқа әдебиеттерді қарастыратын болсақ, «бағалы қағаз, — деп жазады Д.И.Мельников және К.К. Ильясов, — мүліктік қатынастарды куаландыратын немесе оның иегері мен құжаты шығарушының арасындағы займдық қатынасты көрсететін ақшалық құжат». /25.302б/ В.Д. Камаевтің ойынша «бағалы қағаз,- меншік иесінің белгілі бір мүлікке немесе ақшаға меншік құқығын куаландыратын құжат». Осы пікірді экономикалық жоғарғы оқу орындарына, акдемияларға және факультеттерге арналған «экономик» оқулығының авторлары да қолдайды: «бағалы қағаз – болашақта оның иегеріне пайда әкелетін, сатылатын және сатып алынатын құжат» ,-дейді. /24.632б/
Міне, осындай көптеген авторлардың ікірлері мен тұжырымдамаларын қарастыра отырып, қаіргі таңда бағалы қағаздардың маңыздылығының зор екендігіне куә бола аламыз. Ал біздің мемлекетіміздің бағалы қағаздарының даму тарихы терең емес, әлі жас. Қазақстанда бағалы қағаздар алғаш рет 1995 жылы тіркеуге алынды.Осыған орай ҚР-ның Азаматтық кодексінің 129 бабында бағалы қағаздарға былай анықтама берілген: «Белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып. жүзеге асыралуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын, мүліктік құқықтарды куаландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. /14/
1.2 Бағалы қағаздардың классификациялық белгілері
Бағалы қағаздар жүздеген жылдар бұрын қалыптасқанымен, қазіргі кезде кезде бағалы қағаздардың экономикалық қасиеттері туралы пікірталастары болып жатады. Осы сұрақты талдау нәтижесінде зерттеушілер бағалы қағаздар қарыздық міндетке өту және бөлек ресурстарға иелік ету (жылжымайтын мүлік, жер, тауар, ақша және т.б.) құқы деген пікірге келеді.
Бағалы қағаздың төмендегідей негізгі белгілері бар:
- Бағалы қағаз, ол – құжат.
- Бұл құжаттар реквизиттердің формасы мен міндеттемесі негізінде құрылады
- Меншік құқын куәлнндырады
- Меншікті іске асыру немесе басқа қолға беру тек осы құжаттың болған жағдайында ғана іске асады.
Бағалы қағаз құрамына ресурстардың сәйкестігіне және қолдана алатын құқығына байланысты әртүрлі бағалы қағаз кіреді. Осыдан, акциялар жылжымалы мүлікке, облигациялар корпарацияларға, депозиттер, мемлекеттік бағалы қағаздар және сертификат консаменттері қарыздық қатынасқа, вексильдер, чектер тауар қозғалысына сәйкес келеді.
Міне, осындай бағалы қағаздардың алуан-түрлі құрамын одан әрі талдау үшін, оның экономикалық мазмұнын ашатын қасиетерін қарастырайық. Онсыз бағалы қағаздар «Бағалы қағаздар» стаусына ие бола алмайды. Біріншіден, бағалы қағаздар меншік титулы формасындағы мүліктік құқықты куәландыратын ақшалық құжат (корпорация акциялары; векселдер, чектер, коносаменттер т.б.). Екіншіден, бағалы қағаздар құралдарды инвестициялауды куәландыратын құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың мазмұны мен орнына түсінік беруге өте маңызды. Бұл жерде жоғарғы инвестиция ретіндегі ең басты рольді бағалы қағаздар атқарады. Үшіншіден, бағалы қағаздар — шынайы белсенділікті (акция, чек, жекешеленген құжаттар, коносамент т.б. ) талап ететін құжаттар.
Жоғарыда аталған қасиетерімен қатар мынадай қасиеттері бар: ликвидтілік, алмасу, нарықтық сипаттама, стандарттылық, сериялық, азаматтық айналысқа қатысу.
Басқа да нарық секілді, бағалы қағаздар нарығы да күрделі ұйымдасқан және экономикалық жүйеде жоғарғы дәрежелі бүтіндік пен технологиялық циклдің аяқталғандығымен сипатталады. Онда бағалы қағаздар басқа тауардан өзгешеленетін, комплекстік бағаны қолданатын сатып алу –сату құралы ретінде қызмет етеді.
Әлемдік тәжірибе, сондай-ақ республикадағы нарықтық қатынасы даму барысы көрсеткендей ,бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс істеуінің тиімді механизмі, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған , ақшаларын топтастырудың, ел экономикасында лайықты түрде бөлінуінің, адамның шынайы меншік иесі ретінде белсенділігін арттырудың құралы болып табылады.
Бағалы қағаздардың осындай көптеген қасиеттерін қарастыра келе, олардың алуан түрлілігіне байланысты бірнеше классификациялары да ажыратылады.
- Бағалы қағаздарды құқықтық иелерінің белгілері бойынша бөлу дәстүрлі болып табылады. Ал осы құқық төмендгідей иеліктерге жата алады:
А) бағалы қағазды ұсынушының иелігіне;
В) бағалы қағазда аталған тұлғаға;
С) осы құқықты іске асыра алатын, бағалы қағазда аталған тұлғаның немесе оның аталған міндеттемесі бойынша тағайындалған тұлға иелігіне;
Осыған сәйкес бағалы қағаздарды былай бөлуге болады: атаулы бағалы қағаз; ұсыушыға арналған бағалы қағаз; ордерлік бағалы қағаз;
Атаулы бағалы қағаз — бағалы қағазды иеленушіің аты-жөні көрсетіліп, берілген сертификат. Бағала қағазды иемденушіі эмитент есепке алады.
Ұсынушыға арналған бағалы қағаз – иеленушінің құқықтық идентификациясын талап етпейтін, ұстаушының атына тіркелмеген құжат.
Ордерлік бағалы қағаздармен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады, ал бұл құқықтарды көзделген тәртіп бойынша берген жағдайда басқа құқықты адамға тиесілі болады.
- Шығару мақсатына байланысты бағалы қағаздар, қысқа мерзімді нарықтың және капитал нарығының бағалы қағаздары болып бөлінеді. Капитал нарығының бағалы қағаздарының өзі қарыздық бағалы қағаздар және меншіктік қатынасты көрсететін бағалы қағаздар дап жіктеледі. Қарыздық бағалы қағаздар займ қатынастары негізінде (облигациялар), ал меншік қатынастарын көрсететін бағалы қағаздар корпорация капиталында меншік иесінің үлесін куәландыру негізінде құралған (акциялар).
Кейбір бағалы қағаздар бір жылдан кем қолданыс мерзіміне қарамастан, ақша нарығында емес, капитал нарығында (мысалы, опциондар) қызмет етуі мүмкін.
- Бағалы қағаздар жасалатын келісімге байланысты қорлық (акциялар, облигациялар) және саудалық болып бөлінеді.
Қорлық бағалы қағаздар эмиссияның көптігімен ерекшеленеді және қор биржаларында айналыста болады.
Ал, саудадық бағалы қағаздар коммерциялық бағытта жүреді. Олар ең бастысы, сауда операцияларын да есеп айырысуға және тауардың орнын ауыстыруы процесінде қызмет етуге арналған.
Эмитенттің мәртебелік құқығын, тәуекелділіктің инвестициялық және несиелік дәрежесін, инвестрлердің мүддесін қорғау кепілділігін ескере отырып, қорлық бағалы қағаздарды 3 топқа бөледі: мемлекеттік, муниципалды, мемлекеттік емес бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында қазыналық вексельдер, қазыналық міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтау займдарының облигациялары кең таралған. Ал муниципалды қағаздарға жергілікті басқарушы органдарының қарыздақ міндеттемелері қатысты. Мемлекеттік емес бағалы қағаздардың құрамына корпаративті және жеке қаржылық құралдар кіреді.
- Бағалы қағаздардың міндеттемелерді өтеу мерзіміне байланысты классификациясы бар. Олар былай бөлінеді: нақты өтеу мезгілі бойынша жедел бағалы қағаздар және ұсынылған кезде ғана міндеттері іске асатын бағалы қағаздар.
Жалпы бағалы қағаздардың алуан-түрлілігімен жан-жақтылығын қарастыра келе, олардың классификациясын жүйелі түрде келесі кесте арқылы көрсетуге болады.
1-КЕСТЕ
1 |
2 |
Экономикалық жаратылысына қарай |
Үлестік (акция); қарыздық (облигация), банк сертификаттары (вексель), туынды |
Бағалы қағаздарға құқық беру әдістеріне қарай |
Атаулы бағалы қағаздар (құқық сәйкес ресстрге енгізулер жасалғаннан кейін өтеді). Ордерлік (бағалы қағаздар келесі бетінде алдыңғы иесінің табыстау қолы қойылғаннан кейін құқық келесі иеге өтеді) Ұсынбалы |
Шығару нысанына қарай |
Құжатты (қағаз) Құжатталмаған (дематериалданбаған) |
Айналыс мерзіміне қарай |
Ұақ мерзімді (5-25жыл) Қысқа мерзімді (1жылға дейін) Мерзімсіз |
Айналыс аумағына қарай |
Аймақтық (облыс, қала, аудан аймағында) Ұлттық (республика аймағында) Ұлтаралық (ұлтаралық нарықта) |
Элементтеріне қарай |
Үкіметтік (ГККО, НСО, қысқа мерз.ҰБ) жергілікті билік органдар Шетелдік (шетел инвестрлерінің бағалы қағаздары) |
Табыстылықты алу әдісіне қарай |
Тұрақты табысы бар бағалы қағаздар Бір рет келетін және тұақты келетін табысы бар бағалы қағаздар |
Эмиссиялау формасына қарай |
Эмиссионды Эмиссионды емес |
Сондай-ақ қазіргі нарықтық қоғамда кең түрде қолданылатын бағалы қағаздардың бірнеше түрі белгілі. Олар: акция, облигация, вексель, опцион, варран, қазыналық вексельдер, дефозиттік сертификат, чектер және т.б. Енді осылардың әрқайсысына тоқталып өтейік.
Акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Оның екі түрі бар: жай және артықшылығы бар акциялар. Жай акция – акционерлік капиталға қосқан үлесін куәландырады және акционерлік қоғамды басқаруға мүмкіндік береді. Артықшылығы бар акция – оның иесіне қоғам пайдасынан тұрақты белгіленген мөлшерде табыс алуға құқық береді және үлес қосқандығын куәландырады.. Ал, акциялар құны бойынша: номиналды, жарияланған, бухгалтерлік, нарықтық болып бөлінеді. Акция үш жолмен орналастырылады: 1) жабық, яғни қоғам құрылтайшылары немесе немесе алдын-ала белгіленген тізім бойынша; 2) ашық, яғни жазылуы бойынша инвесторлар арасында ғана; 3) жеке, яғни білікті инвесторлар арасында ғана.
Облигация – бұл оның иесінің облигация щығарушы компания немесе фирмаға қаражат салғандығын куәландыратын, сонымен қатар қайтаруға байланысты міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаздар. Облигацияның типтері мынандай болады: Атаулы, яғни иелері ерекше бір кітапта алынады және ондай облигация купонсыз болып келеді (дисконтты) – номиналды купоннан төмен. Мәлімдеуші – иеленуші аты-жөні көрсетілмейді, бірақ ұстаушы көрсетілген мерзімде облиагация бойынша купондық табыс ала алады.
Вексельдер – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітіленген төлем міндеттемесі. Вексельдің мәні- несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі. Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель болып бөлінеді. Жай вексель төлеуші, яки вексель беруші жазады. Онда вексельді жазған жер, берген уақыты, қандай сомаға толтырылды, қай уақытта, қай жерде өтеу керектігі көрсетіліп, вексель иемденушіге беріледі. Аудармалы вексель – несие берушінің (трасанттық) қарыз алушыға вексельде көрсетілген соманы үшінші кісіге (ремитентке) төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімі.
Опцион – шартқа енгізілмеген мерзімдік талапты көрсететін бағалы қағаз. Ол бойынша екі жақтың біріне белгілі –бір уақыттың ішінде келісілген ақыға бағалы қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық беріледі, ал екінші жақ қажет болғанда, шартта белгіленген ақыға бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға міндеттенеді.
Қазыналық вексельдер – қаржы министрлігі шығаратын қысқа мерзімді облигациялар. Олар мемлекеттің ішкі қарызын өтеу мақсатында шығарылады. Қазыналық вексельдер 91,182, және 365 күн мерзімге шығарылады.
Депозиттік сертификат – ол элементтің мерзімді салымын алғандығын куәландыратын банктік бағалы қағаз. Оның иесі ұсынушы адам. Депозиттік сертификат екінші нарыққа белсенді түсетін және қолдан-қолға тез өтетін бағалы қағаз.
Чек – заңды түрде бекітілген ақшалы құжат. Ол қаржы институтындағы ағымдағы есеп-шот иесінің чек иесіне көрсетілген соманы төлеуін талап еткен жарлығы.
Фьючерс – мерзімді келісім. Алдағы уақытта жабдықтау үшін келісілген уақыттағы бағада бағалы қағаздарды сатуға, сатып алуға байланысты жасалатын келісім-шарт негізінде жүзеге асады.