Бала құқығы конвенциясы
Жоспар:
- Кіріспе
- Балалардың табиғи құқықтарын қорғау мәселесі
- Негізгі бөлім
- Бала құқығын қорғау облысындағы халықаралық – құқықтық құжаттар
- Бала құқығы конвенциясы
- Қорытынды
Балалардың табиғи құқықтарын қорғау мәселелері
Өткен жылдар — Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту, оның қазіргі демократиялық, құқықтық республика ретіндегі белгілерін қабылдау уақыты болды. Қазіргі кезде демократиялық нысандарымыз қалыптасу үстінде. Республикамыздың заңдары заман талабына сәйкестендіріліп, жаңадан жаңғыртылып, қоғамымыздың демократиялық жаңғыру жолымен алға басуына мүмкіндіктер жасалды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабында көрсетілгендей мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы- халық. Азаматтарымыздың көгеріп, көркеюі- мемлекетіміздің басты мақсаты болып табылады
Адам құқығы мен бостандығы қатысты мәселелерді талдап қарайтын болсақ, мемлекетіміздің оған ерекше мән беріп келе жатқандығын байқаймыз. Оған аз уақыт ішінде еліміздің демократияға айқын бет бұрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық құрылыстың негізі етіп қалағаны, ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырғаны дәлел.
Адамзат баласы ғасырлар бойы адам құқығы мәселесіне ерекше назар аударумен келеді. Талай-талай қақтығыстар, соғыстар, көтерілістер болғанда да әрбір жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының субьектілерінің кең шеңберіне таралуына ұмтылыстар жасады.
Қоғамның ең басты негізі- жеке тұлғаның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін маңызды құқықтар мен бостандықтар. Қазақстан Республикасының құқықтық демократиялық мемлекет ретінде алдына қойған және 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциямызда бекітілген негізгі мақсаты- адам мүддесін мемлекет мүддесінен жоғары ұстап, оны қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекетіміздің ең бір атқаратын қызметі- мемлекетте адам құқығын қорғау, оны толық жүзеге асырылуына кепілдік беру.
Кез — келген мемлекетте, қандай да бір қоғамда балалар ерекше қамқорлықта және қорғалуда болуы керек. Қолымыздағы барымыздың ең қымбаттысы — балалар. Сондықтан да олардың өмірі қалай, қаншалықты қалыптасқандығына, мемлекет олар үшін қандай жағдайлар жасағандығына сәйкес еліміздің келешегі айқындалады. Осыған байланысты балаларды қорғау, олардың негізгі құқықтарын қорғау сұрақтары кез-келген мемлекеттің басты көкейтесті мәселесі болуы қажет.
Қазіргі замандағы көптеген елдердің әлеуметтік — экономикалық жағдайының нашарлауы, баланың құқығын қорғау проблемасының актуалдығына алып келді. Экономикалық тұрақсыздық, өндірістің басылуы, өтпелі кезең қиындығы салдарынан жұмыссыздардың саны ұлғайып, халық деңгейінің төмендеуіне әкеліп, тікелей балалардың өмір деңгейіне әсер етеді. Экономикалық факторлардың өзі негативтік моменттер туғызады:
1-ден, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық баланы тұлға ретінде қалыптасуына керекті жағдай жасауға үлкендердің мүмкіншілігін шектейді. Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық куйзеліс пен кризиске шалдыққан көптеген елдерде кіші жастағы балалар, ең бастысы – қамсыз бақытты балалық шақтан мұқтаждық көруде. Кейбір отбасыда ата- аналар балаларын тамақтандыру мен киіндіруге де мүмкіндігі болмайды, олардың үкіметі де көп жағдайда оған назар аудармайды.
2-ден, ата-ананың біреуі ішімдік, есірткі қолданған отбасы жағдайы төмен балалар, көбінесе күйзеліске ұшырайды. Олар балалар көзінше ішімдік ішіп, есірткі қолданып, жанжал шығарады. Мұның бәрі жас баланың психикасына әсер ететіні сөзсіз. Өкінішке орай бұл: балалардың қамқорсыз қалуына, оқуын жіберуі немесе тастап кетуіне, көшеде қайыр сұрауына, қылмыс жолына түсуіне әкеліп соқтырады.
3-ден, адамдар өз болашағының жақсармайтындығын біліп, туып жатқан әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілмейтіндігінен, балалардың болашағына деген жауапкерсіздіктің пайда болуына әкелді. Содан көбіне ата-аналар өз балаларына уақыт бөлмей, тәрбиесімен айналыспайды. БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібінде бала құқығының әлемдегі жағдайының қаралуы жәйдан жәй нәрсе емес. Осыған мысал ретінде, Бас Ассамблеяның 54-нші сессиясын ашқан кезде, Намибияның сыртқы істер министрі Тео-Бен Гурираб, балалар болашағын әлем алдында тұрған негізгі жеті міндеттің бірі деп көрсетті, сондай-ақ күнделікті дүниежүзі бойынша ата-аналардың жауапкерсіздігі мен қатыгездігінен балаларға өлім қаупі төніп тұр деп атап көрсетті. Гурираб мырза БҰҰ-ның жаңа мыңжылдықты халықаралық әлем мәдениеті және балаларға қатысты зорлық-зомбылықсыз онжылдық деп атауды қолдады.
4-ден, кейбір отбасыда балалар өз-өзін асырау үшін өз бетімен жұмыс істеуіне тура келеді. Сол себептен аяғына дейін оқуын жалғастыра алмайды. Бұл болса жарқын болашаққа деген мүмкіншілікті азайтады, ал қазір болса сауатты да, білімді адамдарға сұраныс өте көп. Одан бетер өкініштісі, кедейшілік пен тұрмыс жағдайының жоқтығынан балалардың орта білім алуына, дамуы артта қалған елдерде балалардың тең жартысы бастауыш білім алуына қолы жетпейді. Дүние жүзі бойынша 130 миллионнан аса мектеп жасындағы балалар қандай да болса мектепте оқуына мүмкіншілігі жоқ. Бұл ағымдағы кризистің салдары әлі бірнеше ұрпақтар кезінде өзін білдірері сөзсіз.
5-ден, дамуы артта қалған елдерде балалар ауыр физикалық күш жұмсап, үлкендермен тең дәрежеде қауіпті өндіріс салаларында жұмыс істейді. Мысалға, Малайзияда балалар каучуконос плантацияларында кез-келген уақытта шағып алуы мүмкін улы жыландар мен шыбын-шіркейлерге қарамастан күніне 17 сағат бойы жұмыс істейді. Біріккен Танзания Республикасында балалар мақта жинап, пестицидтармен дем алады. Португалия балалары 12 жастан бастап құрылыс алаңында ауыр да, қауіпті жұмыс атқарады. Балалар еңбегін жаппай қолдану жас өспірімдер арасында кәсіптік аурудың таралуына, баллардың жарымжан және мүгедек болуына әкеліп соқтырады. Бала еңбегіне тиісті шек қою туралы заң қабылданса да, осы күнге дейін буыны бекімеген миллиондаған жас балалар ертеден кешке дейін жұмыс істейді.
6-ден, ата-аналардың, биліктің жауапкерсіздігінен көптеген балалар қылмыс жолына өздері түседі, әлде оларды басқа адамдар еліктіреді, содан бір рет заңды бұзса, қайтадан дұрыс өмірге оралу қиын екендігін, мемлекеттің жас құқықбұзушыларға ешқандай реабилитациялық шара қолданып, көмектеспейтіндігін түсінбейді. Іс жүзінде қылмысты, жағдайы жақсы отбасылардан шыққан балалар жасайды. Олар көбіне есірткі бизнесінде.
7-ден, Өмір жағдайының ауырлығынан балалардың көбі өздері, я ата-аналарының айтуы бойынша жыныстық қатынастарға түседі, ал ол балалардың деперсонализацияға ұшырауына, балалардың санының үлкеюіне, СПИД ауруымен ауыратындардың көбеюіне алып келеді.
Сонымен қозғалған тақырыптың ерекшелігі оның көп қырлығында: балалықты, кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін қорғауды құқықтық реттеу мәселелері экономикалық, саяси, рухани қондырмалары бар қоғамдағы қазіргі жағдайын байланыстыра отырып қарастырылады.
Балалардың тағдыры, олардың қиыншылықтары кез-келген саналы, мейірбан адамды толғандырмай қоймайды. Қазақстан Республикасының азаматтары, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, полиция қызметкерлері әркез балаларға көмектесуге тырысады.
Біздің қоғамымыздың қазірігі кезде әлеуметтік өзгерістерді басынан кешіріп отыр. Балаларға және жастарға қатысты заңнама да өзгеріп, жаңарды. Балалармен және жастармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар қызметінің ұйымдастырылуы және мазмұны өзгереді. Мүлдем басқа жаңа мәселелер пайда болып, үлкендердің де, балалардың да өмірі едәуір өзгерістерге ұшырады. Болған өзгерістердің жаңа өмірдің талабына жауап бермейтін жұмыстың нысандары мен әдістері қажетсіз болып қалды. Бірақ, өкінішке орай пайдалылығы дәлелденген балалықты қорғаудың көптеген түрлері мен бағыттары ұмытылып қалды. Балалар үшін барлық қажетті және мүмкін болатын шаралар жасалып отырған жоқ. Ал, бұл мәселенің балалықты қорғау аясындағы құқықтарды қолдануға, балалардың әртүрлі мүдделерін қорғауға тікелей тұрғыда қатысы бар.
Осы жағдайда балалардың мүдделерін және қоғам мүдделерін қорғауға бағытталған, яғни балалықты құқықтық қорғауға, әрекет ететін заңдардың қолдану тәжірибесінің сипатын ашуға және олардың балалықты қорғаумен байланысты өмірлік қиыншылықтарды шешу үшін қалай қолданылуы мүмкін болатындығын көрсетуге бағытталған заңнаманың жағдайын сипаттауға қажеттілік туады.
Бала құқығын қорғау облысындағы халықаралық –құқықтық құжаттар
Бала құқығын қорғау сұрақтары арнайы қабылданған халықаралық –құқықтық актілермен реттеледі. Осы күнде глобальдік проблемаларды халықаралық-құқықтық дәрежеде ғана шешуге болады. Глобальдікке «бала құқығын қорғау» проблемасы жатады.
Алғаш рет 1924 жылы бала құқығын мойындау және оны заңнамамен бекітуге халықаралық деңгейде Женевада әдейі шақырылған халықаралық конференцияда талқыланды. Халықаралық бала құқығын мойындау процесіне ерекше импульс берген, құрылғанының ең бірінші күнінен бастап жалпы адам құқығын қорғау контекстінде, бала құқығын қорғау және мойындау сұрақтарын қарауына белсене көңіл бөлген –Біріккен Ұлттар Ұйымы болды.
Бала құқығы облысында бірінші маңызды құжат болып 1959 жылғы 20 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясының қабылдаған — Бала құқығы декларациясы болды. Осы күндегі декларация қабылдауының мақсаты – барлық балаларға бақытты балалықшақ сыйлау және декларацияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтарды өз қалауына және қоғам игілігіне қолдануына бағытталған.
Декларация барлық ата-аналарға, әйелдер мен еркектерге, ерікті ұйымдарға, жергілікті билікке және мемлекет өкіметіне, бала құқығын сыйлау, мойындау және үндеу ретінде идеясын бейнелейді.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған Бала құқықтары декларациясында: адамзаттың балаға қолда бардың ең жақсысын беруге міндетті екендігі айтылған. Бірақ, өкінішке орай, бұл тұста біз күннен- күнге ұлғайып бара жатқан балалардың өлімін және өсіп келе жатқан ұрпақтың әлсіз денсаулығын айтуға мәжбүр болып отырмыз.
Декларациядан әлем қоғамдастығының ниеті мен ықыласы бір болуы керектігін білеміз, әлемдегі бүкіл балаларды бірлесіп бақытты етуі үшін, қажетті шараларды қолданып: күнелткен әлеуметтік проблемалардан қорғап қалуымыз, құқыққа, бостандыққа, бала абыройы мен жеке басына, кез-келген қол сұғуға рұқсат етпеуіміз қажет, өзіміздің жеке бас пайдамызды ұмытып, баланың қалауын және болашағын ойлауымыз қажет.
1959 жылғы Бала құқықтары декларациясының мұнан арғы дамуы мен бала құқығына қатысты жағдайды заңдық түрде бекітуі үшін, мемлекет тарапынан 1989 жылы 20 қарашада Балалар құқығын қорғау жайлы жан-жақты Конвенция қабылданды.
Бұл конвенцияны міндетті екенін барлық БҰҰ-ға мүше мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да мойындады. Сол себепті барлық мемлекеттер конвенция бұйрығын ешбір қарсылықсыз, міндетті түрде орындап, бала құқығын қорғауға және кез-келген қол сұғуға жол бермеуі қажет.
Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы заңының 10-ншы бабында әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар екендігін, сонымен қатар, мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуіне қамтамасыз ететіндігін, оның тәні мен жанын жәбірлеуден, адамдық қадір қасиетін қатыгездіктен, дөрекілік пен қорлаудан, кемсітуден және оны адам мен адамзаттың Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асыратындығын көрсеткен.
Адам өміріне қол сұғатын әртүрлі аспектілердегі қылмыстарды зерттеуге ерекше назар аударудың себебі алдымен қазіргі кезде олардың көп таралғандығымен емес, олардың қоғам үшін қауіптілігінің артуымен түсіндіріледі. Әрбір адамның өмірін сақтау маңыздылығы кісі өлтірудің түрлерімен, соның ішінде баланы өлтірумен күресу проблемаларына назар аударуды қажет ететіндігімен шартталады.
Қазіргі кезде нәзік жанды әйелдер мен болашағынан үміт күттіретін жастар арасындағы қылмыстық әрекеттердің саны арта түсуде.
Анасының өз баласын өлтіру қылмысын қоғамдағы жасалатын қылмыстардың ішіндегі ең қатігез, ауыр түріне жатқызуға болады.
Анасының нәрестесін туып жатқан кезде, сол сияқты одан кейін психикасының бұзылуы жағдайында немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканың бұзылуы жағдайында өлтіруі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-ші бабына сәйкес қылмыс болып табылады. Бұл қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілігі сол- адамға туғаннан берілетін, оның өмірге деген шексіз құқығы бұзылады.
Аналардың туған сәбиін өлтіру фактілері жиі кездеседі. Балалардың мәйіттері және олардың дене бөліктері қалалық қоқсытың ішінде жиі табылуда. Қоқсықтың арасында тек қана нәрестелердің өліктері ғана емес, сонымен қатар әлі тірі балалар табылған оқиғалар да ұшырасып жатады.
Сонымен бірге баланың табиғи құқығына қол сұғатын көптеген басқа жәйіттерді де байқауға болады. Қазіргі кезде ауыстырып салу не өзгедей мақсаттарда пайдалану үшін адамның соның ішінде баланың мүшелерін немесе тінін алу жағдайлары көрініс табады. Бұл жәйт баланың өмір сүру құқығының бұзылуына әкелетіндігі сөзсіз. Адамның мүшелерін және тінді трансплантациялаудың көптеген құқықтық мәселелері анықталмаған.
Бүкіл әлемде адамның мүшелерін трансплантациялаудың коммерциализациясы бойынша қауіп күннен –күнге өсуде. Соның ішінде балалардың мүшелерін пайдалану жағдайлары да көбейіп кеткені мәлім. Айта бересек мұндай мысалдар өте көп.
Бала құқығы конвенциясы
Әлем балаларының ең қасиетті құқығы — өмір сүру құқығы. «Мемлекет бала денсаулығын және максималды ықтимал дәрежеде өмірін сақтап қалуға міндетті»- бұл норма Бала құқығын қорғау туралы конвенцияның 6-ншы бабында көрсетілген. Әрбір өкіметтің, мемлекеттің қасиетті міндеті бала өмірін қорғау және көркейту болып табылады. Баланың өмір сүру құқығын жариялайтын нақ осы қасиетті нормадан, конвенцияның басқа нормалары бастау алады. Баланың мынылырға құқығы бар:
1-ден, туған кезінде ат алуға, азаматтық алуға, соның арқасында ата-анасы кім және солар тарапынан қамқорлыққа ие болуға құқылы. (7-ші баб)
2-ден, индивидуалдығының сақталуына құқы бар. (8-ші бабы)
3-ден, өз ата-анасымен бірге тұруға құқылы; егер баланы бір, әлде екі ата-анасымен айырса, ата-анасымен байланыста болуға құқылы. (9-шы бабы)
4-ден, өз ата-анасымен кез-келген елге кетуге және ата-анасымен қайта қауышуға немесе ата-анасымен жеке қарым-қатынас жасау мақсатымен кез-келген елге келу құқығы бар. (10-шы бабы)
5-ден, емін-еркін өз көзқарасын білдіруге, информация алуға, шекараға тәуелсіз информация және идеяларын таратуға құқы бар. (12-ші, 13-ші баптар)
6-дан, ерік бостандығына, ұждан бостандығына, дін бостандығына құқы бар. (14-ші баб)
7-ден, ешқандай мемлекет пен қоғам тарапынын қысымсыз басқа адамдармен кездесуге және ассоциацияға кіруге немесе оны өзі емін-еркін құруға құқы бар. (15-ші бабы)
8-ден, жеке өміріне, жанұя ісіне және үй іші ісіне, жазысқан хаттарға араласпауына құқы бар, өсең-аяңдар мен жаладан қорғаныс алуға құқы бар.(16-шы баб)
9-дан, жоғары стандартқа сай медициналық көмек алуға құқылы. (24-ші баб)
10-дан, ішіне әлеуметтік сақтандыру кіретін, әлеуметтік қамсыздандырудың игілігін қолдануына құқы бар. (26-шы баб)
11-ден, дамуына (физикалық, ой-әрекетінің, рухани, өнегелі және әлеуметтік дамуы ) қажетті жағдайлардың болуына құқылы. (27-ші баб)
12-ден, білім алуға құқы бар. (28-ші баб)
13-ден, дем алуға, бос уақытқа және мәдени, шығармашылық шараларға қатысуға құқы бар. (31-ші баб)
Қарастырылып жатқан конвенцияны қолдаған қатысушы мемлекеттердің негізгі міндеттері мыналар:
- Жоғарыда көрсетілген бала құқығының жүзеге асып, орындалуына кепілдік беру міндеті.
- Ата-аналар тарапынан және өзге адамдар тарапынан балаларға қорлық көрсетуден қорғау- мемлекеттің ең негізгі борышы болып табылады. Қатыгездіктің алдын алу шаралары және жапа шеккендерді емдеу программаларын құру мемлекет міндеті болып табылады. (19-шы баб)
- Ата-анасыз қалған балаларды мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынуы қажет: тиісті балалар үйіне орналастырылуы , әлеуметтік қамсыздандырылуы керек. (20-шы баб)
- Босқын немесе босқын статусын алуға тырысатын балаларды арнайы қамқорлық жасалуы қажет, осындай қамқорлықты қамтамасыз ететін компетенттік ұйымдармен қызмет істеуі керек. (22-шы баб)
- Баланың тұлға ретінде қалыптасатын, таланты, ақыл-ой мен физикалық қабілетінің максималды түрде дамытатын білім беруге міндетті. (29-шы баб)
- Балаларды ұрлап кетуден, олармен сауда жасаудан және контрабандадан сақтау міндеттері жатады. (35-ші баб)
Мемлекеттердің көбін осы күнде балалардың ұрлануының көбеюі уайымдатады. Конвенцияның 11-ші бабында мемлекеттердің осындай қылмыстарды бір жақты немесе екі жақты келісімдер қабылдау арқылы, әлі де күшінде бар құжаттарға қосылу арқылы тоқтату керектігі туралы атап көрсетілген. Қазір күшінде бар келісімдерге, 1921 жылы қабылданған әйелдер мен балаларды сатудан қорғайтын Женева конвенциясы мысалға келтіруге болады. Онда қылмыскерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қажет деп көрсетілген.
Көбіне балаларды құлдыққа сату үшін ұрлайды, әсіресе оларды жезөкшелікке және балалар парнографиясына көп баулуы алаңдатады. (34-ші баб)
Тағы бір назар аударарлық актуалды проблемадан, балалар арасында көп тарала бастаған есірткі қолданысын айтуға болады. Балаларды қылмыс жасауға, өз денесін сатып, тұлғасының деперсонализациясына алып келетін, нақ осы есірткінің өзі. Ең қорқыныштысы соңғы жылдары есірткі қолданатындардың жасаруы: есірткіге, енді, мектеп жасындағы балалар да қосылды. Бұл біздің балаларымыздың сана-сезімі төмен екендігін білдіреді және де толып жатқан басқа факторлардың (уағыз бен профилактикалық жұмыстың әлсіздігінен, салауатты өмір салты және есірткі қаупі жайлы ескертілмеуінен, ата-ана, қоғам тарапынын дұрыс қадағаланбауы) әсерінен болып отыр. Оны алдын алудың нормасы ретінде конвенцияның 33-ші бабында қарастырылған.
Ал бала еңбегі жайлы 32-ші бабтың 2-нші тармағында, мемлекеттердің осы мақсатта шаралар қолданылуының міндеттері жазылып, көрсетілген.
Жоғарыда көрсетілген бала құқығына қатысты халықаралық құжаттардың барлығы да БҰҰ-ның эгидасымен қабылданғанын көреміз.
Қорытынды
Қазіргі кезде бала құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бүкіл әлем қызығушылығын туғызып отыр. Бұл қоғамның өміршеңдігін кепілдік етудегі және оның келешек дамуын болжаудағы өсіп келе жатқан ұрпақтың анықталған рөлімен түсіндіріледі.
Бірақ, шынында, әлемдегі бірде бір ел мемлекет бала құқықтарын сақтау жөнінен өзін үлгі етіп қоя алмайтындығын айтқан жөн. Демократиялық және экономикасы дамыған мемлекеттердің өзінен-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс санының өсуі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың болуын, медициналық қызметтің жеткіліксіздігінен балалар өлімінің көбеюін, бақылаусыз балалар санының ұлғаюын көруге болады. Осы фактілердің барлығы бала мәселесін тек қана ұлттық тәсілдермен шешу мүмкін еместігін дәлелдейді.
Мемлекет пен қоғам балаларды тәрбиелеу саласында қандай да бір тиімді шаралар қолданғанымен, ата-ана махаббатын, олардың қамқорлығын еш уақытта айырбастай алмайды.
Сондықтан да әрбір бала ата-ананың сүйіспеншілігі аясында моральдік, материалдық қамқорлыққа өсіп жетілуі тиіс. Әр ата-ана Президентіміздің «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасындағы: «Бүгінгі кезеңнің міндеттерінен біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік әсерін арқалайтынын күнделікті есте ұстауы тиіс» деген үндеудің терең мәнін түсініп, жүрекпен сезінуі керек. Жас ұрпақты моральдік тәрбиелеудегі немқұрайлық көзқарастың арқасында жіберілген залалдың орнын ештеңе толтыра алмайды.
Қорытындылай келгенде, балалықты құқықтық қорғау мәселесінің көкейтестілігі және көпқырлылығы соншалық, ол үнемі ғалымдар мен тәжірибедегі адамдардың назарын аударып отырады.
Егер әлемнің барлық мемлекеттері бала құқықтары төңірегіндегі қажетті жағдайларды орындауға ұмтылса, билік басындағылар өз жеке басының ғана қамын ойламай, өз еліндегі мұқтаж халдегі балалардың да жағдайын ойластырғаны абзал. Өкінішке орай, әлемдегі балалардың көпшілігі үлкендер және қоғам тарапынан немқұрайлықты сезінелі.
Ортақ мүдде қоғам дамуында әр кез тежеуіш емес, демеуіш болған. Олай болса, бала тағдырына байланысты күрделі проблемаларды шешуге отандастарымыз жұмыла ұмтылса дұрыс болар еді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Конвенция о правах ребенка, 1989 жыл 20 қараша (1-52 бап)
- Г. Қонақбаева-«Балалардың табиғи құқықтарын қорғау мәселесі», «Заңгер» 2006-№2, 39-41 беттер
- М. Б Құдайбергенов «Права ребенка в Казахстанском и международном праве», «Данекер», Алматы- 2001, 8-65 беттер
- Томас Бюргенгаль, «Адам құқығы», «Жеті жарғы», Алматы-1998, «Бала құқығы» бөлімі
- Көптілеуов А, Түркістан-2006-13 сәуір
- Қазақ совет энциклопедиясы -2 том (б), «Бала еңбегі»