Жоспар
І. Кіріспе.
Бөбек жасындағы қабылдау, ес, ойлау.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Бөбектің психикалық дамуы.
б) Бөбектің қабылдау, ес, ойлау туралы таным процестері.
ІІІ. Қортынды.
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер.
Егер нәрестенің психикалық даму тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде 3 жастағы кезі бала ақыл-ойының дамуы жағынан недәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Блеренс Гудинаф өзінің таныстарына мынаны ұсынады: «Сіздер жаңа туған баланы бақылаңыз да, оның қолынан не келеді, не келмейтінін біліңіз. Бұдан соң ересек кісілерді бақылап интеллект жағынан алып қарағанда қаблеті қандай екен , соны біліңіз. Осыдан соң бебекті алып, ол жаңа туған балаға, не ересектерге ақыл-ойы мен іс жағынан ұқсас па екен, соны біліңіз»,-дейді. Сонда Гудинафтың айтайын дегені, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы деуге АҚШ психологы Э. Торндайк қосылыпты.
Бөбек психологиясының дамуына негізгі әсер ететін негізгі фактордың бірі- оның қарапайым ойындары және балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі сызуға не үй салу т.б. бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен жаңағы іс-әрекеттер бөбек психологиясының дамуына үлкен әсер етеді. Бөбектерде ойынның тек қарапайым түрлері ғана кездеседі. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде бөбектер ойыншықтың сылдырлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің не машинаның бейнесі екеніне мән беріп жарымайды. Бөбек жасында ойынншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын оған бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тарелкаға ас салып қасықпен оны тамақтандыралы, ұлға осындай ойын ұсынғанда ол бас тартып, бұл әйел жынысына жататындардың қызметі, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қып мініп, « осы менің атым » деп жүгіретіні кездеседі. Осындай ойынға кішкентай қыз балалар әуес келмейді. Олар да жаңағыдай істің өздеріне қатысы жоқ екенін біледі.
Бөбек психикасының дамуын онан әрі өрістетуде оның сөйлеу әрекетінің қалыптасуының ерекше маңызы бар. Біз ілгеріде 12 ай толған баланың сөздігі 10-пай жеке сөздерден тұрады дедік. Бірақ олар жеке сөздерден сөйлем құрастыру білмейді. Осы сөзден бастап сол сөздерден сөйлем құрастыруға талпынады. Осы сөз қорынан бала 1000-нан аса сөйлем құрастыра алуы ықтимал.
Адам тек ұғымға сүйеніп ойланбайды. Оның ой-өрісі елестету бейнелеріне де негізделеді. Сондықтан әуелі бөбектің қабылдауы мен елестеуіне тоқталайық. Бөбек жасының бас кезінде 1,5-2 жаста бала жан-жағына қарап заттарды айтып не таныстырып таныс еместерінен ажырататын болғанымен оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Бөбек әуелгі кезде заттың тек бар қасиетіне, не белгесіне мән беріп, өзге жағын елемейтін болады. Мысалы, бөбек « торғай » деген сөз естіп, кейін осы сөзді нақты торғаймен ұштастырса да, бұдан соң торғай деген сөз естігенде торғайдың мұрны сияқты ағашты да торғай деп атайтын болған. Себебі торғайдың бейнесін бөбек әлі тұтас ажырата алмайды. Сол сияқты бөбек танысының суретін көргенде солар оның көшірмесі бейнесі демей, сол кісіні ол танитын болғанымен, оның тек бір мүшесін мұрнын, не шашы мен көзін есте қалдырған. Ал онда ол өз шешесін қалай таниды десек, оны тек бір белгісіне қарап ажыратады, бірақ тұтас әлі қабылдай алмайды.
Ал бөбектің қабылдау үстінде заттың бірнеше қасиеттерінің, соның ішінде көлемімен, ұзындығымен, енімен, түсімен т.б. танысуға келсек, осылар сол заттың бейнесімен бірге елестетіледі. Әдетте, елестету үзінді не толық болуы мүмкін. Бөбек жасынын бастапқы кезінде тиісті зат жоқ болса да, оның бейнесін елестету оның үзінділеріне, не кездейсоқ жағына мән беруге негізделеді. Бөбек жасының аяқ кезінде бала «шебер», «төртбұрыш», «үш бұрыш», т.с.с. ажыратып соларды есінде сақтай алады. Сол кезде бөбек негізгі түстерді қызыл, сары, көк, жасыл, көкшіл, ақ, қара т.б. ажыратып соларды қосымша түстерден олардың араласуынан болған түстерден айыра бастайды.
Осы болып келген таным процестеріне байланысты өзге-істер бөбектің тіліне де әсер етеді. Егер біз біреудің ізге таныс емес тілде сөйлеген даусын естісек, осыған байланысты дыбыстарды ажырата алмаймыз. Бізге сол дыбыстар шек ашудан тұратындай болып көрінеді. Мұның себебі үйренгендіктен: ана тілімізде естіген сөздер тек белгілі тәртіп бағынатын сияқты. Осыны фонематикалық есту деп атайды.
Ал бөбектің ақыл-ой қабілетіне келсек, осының өз бұларда әлі жөнді қалыптаспаған.
Бөбектің жеке басының қасиеттері қалай қалыпта-
сады соған келейік. Біз ілгеріде бала туғаннан кейін көпке дейін дәрменсіз болатынын, үлкендердің қамқорлығымен сүретінін ескерттік. Бала бөбек жасының бастапқы кезең өзін « мен » дей алмай, көбіне «ол», не өзінің атымен аталады. Өйткені бөбек жасының аяқ кезінде 2,5 жастан асқан соң ғана балалардың көпшілігінде есі кіре бастайды. Баланың есінің кіруінің өзі ол үшін үлкен жаңалық. Өйткені есі кіргенен кейін бөбекте «мен» деген қасиет пайда болады. Осының жаңалық екені сол, бұл уақытқа дейін бөбек үлкендердің оған қамқорлық жасап жүргенін біліп, енді осымен күрескісі келіп, үлкендердің қамқорлығынан қайткенде құтылсам екен дейді. Оның пікірінше бәрі өз қолымнан келеді, мен «өзгелерден бөлек, дербес адам екенмін» деп барлық істі өзі орындағысы келеді. Осылай деу өте орынды сияқты. Өйткені бала үлкендер сияқты өзін келешектегі өмірге даярлауы тиіс.
Егер бөбек жасының аяғына дейін бала есін білмей келсе, кейін мен деген қасиет онда қалайша пайда болады? Біз баланың есі кіреді дегенде, санасынын пайда болатынын айтып отырмыз. Сананың, яғни естің бөбекте пайда болуы оның тілінің шығып, ойын сөйлеу арқылы өзгелерге жеткізе алуының нәтижесінде пайда болады. Егер адам тіл білмесе, мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес, онда оның есі мен санасы да және «мен» деген қасиеті де болмас еді.
Бөбекте «мен» деген қасиет өзін өзгелерден ажырата алудан пайда болады. Бұл үшін бөбек әуелі айнаға қарап, өзге кісілерден өзін ажыратады.оған дейін 2-2,5 жасқа дейін зерттеушілердің айтуынша, бала айнаның бетінде, тек таныс адамдардың бейнесін айқын сезе алмайды. Сондықтан өзінің бар екенін тіршілік ететін т.б. бөбек жасының аяғына дейін бала ажыратып алмайды. Мұнымен қатар кейін бөбек үшін айна қызметін тіл атқаратын болады. Тіл арқылы өзгелермен байланысып, кейін бала үшін сөйлеу қызметі өзін өзгелерден ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, бөбек мынау менмін, мен бұзаубаймын деп осы сияқты сөздерінде өзін өзгелерден ажыратып отырады. Ал бөбектің үлкендердің қамқорлығынан құтылғысы келуіне қайтадан көшелік. Біз ілгеріде нәресте 12 ай толғаннан кейін, үлкендермен қарым-қатынасы бұзылып, онда дағдырыс кезі пайда бола бастайды.
Нәресте әлі есін білмейтін болғандықтан, оның еркелеп, не ашулануы сол кезде айқын білінбейді. Ал бөбек жасында оған мен пайда болып өзін үлкендерден ажырататын болғандықтан, солардың қамқорлығынан құтылғысы келіп, егер біреу оның аяғынан шұлығын суырып алса, соған ызаланып, кигіз деп, кейін соны өзі қайтадан суырып алғанда ғана жылауын тоқтатады. Сол сияқты егер бір бөбекке бір нәрсені әкеп бер десек, сол кезде өзге біреу соны әкелсе зар жылап, соны қайтадан әкеліп береді.
Сонымен біз бөбектің жеке басына тән оның «мен» деген қасиетінің қалай қалыптасатынын тоқтатылды. Бұл айтылған менменсіну, қырсықтық т.б. бөбектің үлкендердің қол астында болуымен, оның психикасы дамуының өріс алу арасында қайшылықтың болуынан. Жамандық болмай, жақсылық жоқ деген сияқты, қайшылық бөбекте келешекте қиын жағдайда ұшырататыны болғанымен, осының өзі психикалық дамудың шарты. Егер баланың өмірінде қайшылық кездеспесе, алға қарай дамымай, бір қалпында тұрып қалған болар еді.
Қолданылған әдебиеттер.
- Мұқанов « жас және педогогикалық — психология »
Алматы 1991 жыл.
- Немов Г. « психология » ІІ-том Москва 2003 жыл.
- Петровский « жас ерекшелігі психологиясы » 1991 жыл.