1 Дамуында ауытқуы бар балаларға жалпы сипаттама.
Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрлішс ауытқулары бар және жаллы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз -ол апоmolоs грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді.
Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе — бүл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулыктардағы тақырыптарды окуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді.
Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткеиі оның психикалық даму цроцессі қалыпты жағдайда өтті.
Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады.
Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар:
- есту қызметі бүзылған балалар (керең немесс саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар);
- көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін);
- сөйлеу қабілеті бұзылған — логопаттар;
- интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелгендер);
5.психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр мылқаулар, естімейтін, көрмейтін, ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін, ақыл-ойы жетілмеген және т.б.);
6.тірек-қимыл аппаратыныд қызметі бүзылған;
- нсихопатиялық түрде жүріс-тұрысы, мінез-қүлығы бұзылған балалар жатады.
Кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру — күрделі әлеуметтік және педагогикалық моселе болып отыр.
Кеміс балалар — күрделі және әртүрлі мінезді топқа жатады. Егерде кейбір кемістіктер толыгымен жойылса, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал кейбіреуі тек компенсациялынады, яғни жартылай өтеледі.
Әртүрлі кемістіктердің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен араласуына және еңбекті тануьша әсерін шгізеді. Кеміс балалардың білім деңгейі әртүрлі, біреулері қарапайым білім берүді тез менгереді, ал басқа біреулері, керісінше, мүмкіншіліктері шексіз болады. Мінезінің өзгерүі де оқушылардьщ арнайы мектептерде оқуына, еңбекке араласуьша кері әсерін іигізеді. Кейбір оқушылар арнайы мектепте жоғары мамандықты меңгерсе, біреулсрінің меңгеру қабілеті төмен болады және олардың өмірі мен еңбегі ерекше арнайы үйымдастыруды талап етеді.
Медицииалық және психологиялық ғылымдардың дамуы кеміс балалардың даму ерекшеліктерін түсінуге себебін тигізеді. Кемістіктерді және олардың себептерін жіктеуге әрекеттер жасалады.
2.Балалардың дамуында пайда болған ауытқулардың себептері.
Баланың дамуындағы негізгі заңдылықтарда биологиялық және әлеуметтік факторлардың әсерін дұрыс түсіну мәселесі жатыр. Биологияда ұзақ уақыт бойы механикалық қағида орын алған. Бұл қағида бойынша баланың дүниеге келгеннен кейінгі даму процессі тек мөлшерлік, немесе сандық өсуі мен дамуы деп саналатын.
Бүкіл организмнің қасиеттері, ерекшеліктері құрсақтың ішіндегі ұрықта қалыптасқан дейді. Бүл қағида сыртқы факторлардың, әлеуметтік ортаның әсерін мойындамай терістейді, педагогикалык септігін, мағынасын бағалап құндамайды. Алайда, генетикалық бағдарламасының қандайда ерекше, бірегей (уникалды) болғаныменде әлеуметтік факторлардың әсерін есте сақтамауға болмайды.
Әр бір адамдағы биологиялық ерекшеліктерін, жеке тұлғаның дамуын әлеуметтік факторлар анықтайды, қоғамдық орта оның ішінде балалық іс-әрекетті (ойын, оку, еңбек әрекеті) бала біртіндеп меңгереді, мысалы, қоршаған адамдардың тілін үйренеді, тәжірибесін игереді, үлкендердің мінез-құлылығына еліктейді. Зат пен тәжірибені келе-келе меңгеріп, бала өзінің ойлау процесін, есте сақтау қабілетін дамытады.
Сонымен, жеке тұлға ретінде даму процессі биологиялық әлеуметтік факторлар жүйесінің өзара әрекетімен сипатталады. Осы екі фактор — бір ғана мақсатқа бағыттайды, яғни жеке адам, тұлға болып дамып қалыптасуына әкеледі. Әрбір балада өзінің туа біткен нерв жүйесінің қасиеттері болады (күш, тепе-тендік, нервтік процестердің беріктігі мен қозғалғьшггығы, білімді тез меңгеру т.б.). Нерв жүйесінің осы жеке ерекшеліктеріне байланысты меңгеру кабілеті, танымдық қызметі, жалпы айтқанда биологиялық факторлар адамның психологиялық дамуына жол көрсетеді.
Соқырлық пен саныраулық — әлеуметтік емес биологиялық факторлар болып саналады, бірақ педагог биологиялық факторлармен емес, олардан туындаған әлеуметтік салдарымен жұмыс жасайды,- деп көрсеткен Л.С.Выготский.
Егер биологиялык ауытқулар неғұрлым ауыр, тереңірек болса, онда педагогикалық әсерлердің тиімділігі аз болады, үнемі қажетті түзету, тәрбиелеу және компесаторлық мүмкіншіліктерді қарастырып іздеп, қолдануды қажет етеді.
Анализатролардағы немесе интеллектілерді дефект әр түрлі ауытқуларға әкеледі.
- Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы мен түрлері.
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар түрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі тоика жіктеледі.
Сыртқы сөйлеу ауызша (бүл тілдің ең кеп және кең тараған түрі) жоне жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудін өзі диалог және монолог69
Ауызша сөйлеу — сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне қүрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі оріптер ауызша сөздің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты.
Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі — диалогтық сөйлеук Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
- Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең
жайып жатуды тілейді; - Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді,
тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті
болады. Мәселен, «келе жатқан тоғызыншы» деген сөйлемді осындай нөмірлі автобусты күтіп түрған адамдар ғана түсіне алады. - Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дә-
лелділігі т. б.) кемдеу болады; - Диалог сөз ым-ишаралармен, бет пен көздегі мәнерлі
қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтын
қозғалысы т. б.) толықтырылады;
Монологтық сөйлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге тон кейбір психологиялык ерекшеліктері төмендегідей:
1) Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес
қүрылады, бүл алдын ала даярлықты тілейді;
2) Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң
талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);
3) Монолог сөз монерлі, адамға осер ететін моменттерді
(сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- В.В.Воронкова. Воспитание и обучение детей в вспомогательной школе. Москва 1994
- И.С.Моргулис. Некоторые вопросы теории специального обучения. Москва 1989.
- Л.П.Носкова. Дошкольное воспитание аномальных детей. Москва 1993.
- Н.М.Назарова. Специальная педагогика. Москва 2006.
- Намазбаева Ж.И., Сулейменова Р.А. Дефектологиялық сөздік. Алматы 1993.
- Тебенова К.С. Дамуындағы ауытқулары бар балалар. Оқулық құрал. Қарағанды, 2003.
- М.Г.Сорокова. Метод Монтессори в детском саду и в школе. М. 1997.
- Е.А.Хелтунин. Педагогика Монтессори. Москва 1992.