Тақырыбы: Дәнекер ұлпасы
Жоспары:
- Кіріспе
а) Дәнекер ұлпа – жануарлар организмінің барлық мүшелері құрамына кіреді.
- Негізгі бөлім
1) Дәнекер ұлпасының құрылысы, атқаратын қызметі
2) Дәнекер ұлпасының түрлері:
а) Ретикулярлы ұлпа
б) Борпылдақ дәнекер ұлпасы
в) Тығыз дәнекер ұлпасы
- Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Тақырыбы: Дәнекер ұлпасы
Дәнекер ұлпа (Textus connectives, лат. Textus – ұлпа және connectives – дәнекерлік) – жануарлар организмінің барлық мүшелері құрамына кіретін , демде ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы мезенхимадан дамып, организмның ішкі ортасын құрайды. Олар эпителидің астын төсейді. Сонымен қатар органдардың қабығын түзіп организмдегі ұлпалардың қабатын толтырып отырады. Организмдегі барлық органдар мен ұлпалардың клеткалары дәнекер ұлпасы арқылы қоректенеді. Дәнекер ұлпасы ішкі зат алмасуын жүзеге асыратын ұлпа болып саналады. Сондықтан ол қан мен бірге тропикалық және қорғаныштық маңызы бар бір тұтас жүйе құрайды. Органдардың қабығында бұл ұлпа механикалық қызмет атқарады. Дәнекер ұлпасының бірнеше түрлері ажыратылады:
- Ритикулярлық ұлпа
- Борпылдақ дәнекер ұлпа
- Тығыз дәнекер ұлпасы.
Дәнекер ұлпасы күрделі құрылым оның құрамында ұрықтың мезенхимасынан дамитын түрлі клеткалар, клеткалардың өлі өнімдері болып саналатын талшықтардың бірнеше типтері және гиалурон қышқылынан, хондротиннен, хондроитинсульфаттан және кератинсульфаттан тұратын сұйық немесе қоймалжың, аморфтық матрикс болады. Бұл ұлпалардың құрылысының аралық затардың құрылысына және әр түрлі талшықтар мен олардың орналасу тәртібіне байланысты болады.
Аралық заттар — әр түрлі талшықтар мен аморфты заттардан тұрады. Талшықтардың үш түрі болады.
- Коллагенді
- Эластикалық
- Ретикулярлы
болып бөлінеді.
Дәнекер ұлпасын құрайтын клеткалар, әдетте, бір-бірінен қашық орналасады. Дәнекер ұлпасының клеткалары:
- Фибробласт
- Гистиоциттер
- Майлы клеткалар
- Пигментті клеткалар
- Қанның клеткалары
Борпылдақ дәнекер ұлпа. Дәнекер ұлпасының бұл түрі адам мен сүтқоректілердің организмінде кең тараған. Борпылдақ дәнекер ұлпа терінің астында жатады. Органдардың, ұлпалардың және клеткалардың арасын толтырып тұрады. Борпылдақ дәнекер ұлпада түрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан, коллогендік және эластиндік талшықтар болады. Олардың
арасында клеткалар орналасады. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткалары:
фибробластар, гистиоциттер, адвентициялық клеткалар, толық клеткалар, май және пигментті клеткалар. Сонымен бірге қанның клеткалары да кездеседі – лимфоциттер, плазмоциттер және макрофагтар. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткааралық заты талшықтар мен аморфты затан тұрады.
Талшықтар ұлпаға мықтылық пен серпінділікті қамтамасыз ететін қасиет береді. Талшықтардың үш түрін ажырытады: коллагендік, эластиндік және ретикулярлық. Коллагендік талшық берік келеді және тармақталмайды. Пісірген кезде алдымен ісінеді, сонан кейін еріп, желімге айналады. Осы қасиетіне қарай кологендік деп атаған. Эластинді талшықтар эластин белогінен түзілген, физикалық қасиетіне қарай бұларды эластикалық немесе серпінді талшықтар деп атайды. Серпінді талшықтардың қасиеттері коллагендік талшықтарға қарама – қарсы. Олар өте созылмалы және оңай үзіледі. Ретикулярлық талшықтар жай әдістермен өңдегенде нашар байқалады. Дәнекер ұлпаны күмістің тұздарымен өңдеген кезде жақсы көрінеді, сондықтан аргирофилдік талшықтар деп аталған. Бұл талшықтар өте жіңішке, қысқы, жиналған кезде тор түзеді, ретикулярлық (ретикула – тор) деп аталуы осы қасиетіне байланысты. Борпылдақ дәнекер ұлпасының талшықтарының арасында борпылдақ дәнекер ұлпасының негізгі заты деп аталатын құрылымы жоқ зат болады. Кейін оны клеткааралық заттың аморфты компаненті деген. Аморфты зат ұлпалардың тіршілігінде маңызды рөл атқарады және жоғары молекулалық қышқыл мукополисахаридтерден, гепариннен, гимлурон және хондроидтин күкірт қышқылдарынан тұрады.
Фибробластар (латынның фибро – талшық, гректің бластос – ұрық) борпылдақ, қалыптаспаған дәнекер ұлпасының негізгі клеткалары.Фибробластар мезенхимадан немесе перициттерден пайда болады. Солған боялатын эндоплазмалық және қанның боялатын эндоплазмалық зонасы. Фибробластының эндоплазмасы органоидтарға бай келеді. Сопақша пішінді ядросында осы эндоплазмасында орналасқан. Фибробластар бөліну қабілетін сақтаған. Әдетте, қозғалмайтын клеткалар, бірақ кейбірі жылжып қозғалатыны байқалады. Фибробластар клеткааралық заттың түрлі компанентерін синтездейді, бірақ бұлар коллагендік, эластиндік талшықтар мен аморфтық клеткааралық затты түзішу бір ғана клеткалар емес. Жіктеле келе фибробластар бірте – бірте қартайып, көбею қабілетінен айырылып, фиброцитке айналады. Бұлар даму кезеңі аяқталған фибробластар. Фиброциттер бөлінбегенмен, клеткааралық заттың белгілі мөлшерін бөлу қабілетін сақтайды. Гистиоциттердің борпылдақ денекер ұлпасындағы саны шамамен фибробластылардай болады. Функциясы жағынан фибробластылардан өзге, дәнекер ұлпасының клеткааралық затын құрамайды, трофикалық және қорғаныш рөлін атқарады.
Борпылдақ дәнекер ұлпада гистиоциттер ұсақ қан тамырлары мен май клеткаларының жиылған жерінде байқалады. Қабыну процестері кезінде гистиоциттер қабыну ошағына жиналып, бөгде денелер мен белоктарды
фагоцитоздап, лизосомалардың гидролиздеуші перменттерінің көмегімен оларды қорытады. Қабыну ошағында гистиоциттер үлкейіп, өсіп макрофагтарға айналады. Лимфалық жүйенің ретикулалық клеткаларымен қоссылып, организмнің ретикула – эндотелийлік жүйесін құрайды. Гистиоциттер қажет болған жағдайда псевдоподиалардың көмегімен амебаша қозғала алады, пішіні айнымалы. Цитоплазмасы фибробластікіне қарағанда қанық боялады, клеткаларға тән органоидтардың бәрі де болады. Пішіні тұрақсыз болуынан және физиологиялық қасиеттері түрліше болуына байланысты гистиоциттер полибласттылар, кезеген клеткалар т. б. деп аталады.
Май клеткалары немесе липоциттер ретикуларлық клеткалар мен гистиоцитерден пайда болады. Цитоплазмасында май жиналады. Сүтқоректілер мен адамның май ұлпасы ақ және қоңыр май ұлпалары болып бөлінеді.
Ақ май ұлпасы адамды құрсақтың төменгі бөлігінде, санда, бөкседе, шарбыда, бүйрек майында болады. Қоңыр май жаңа туған нәрестелерде және қысқы ұйқыға кететін сүтқоректілерде байқалады. Қоңыр май ұлпасы адам мен сүтқоректілердің жауырын аймағында, мойнында, омыртқа жотасының бойында, төсте, қол белдеуінің бұлшық еттерінің арасында орналасады. Май ұлпасының бұл түрінің қоңыр түрі ұсақ қан тамырлар торы мен цитохром фигменттерінің көп болуына байлпнысты. Май ұлпасы тіршілікке қажетті энергия көзі болып табылптын организмдегі май депосы рөлін атқарады. Ішкі органдарды соққыдан сақтайды, организмде жылудың сақталуына себепші болады.
Толық клеткалар немесе ұлпалық базофилдер (гепариноциттер) адам мен сүтқоректілердің борпылдақ дінекер ұлпаларында, көмекей безінде, бауырында, алқым безінде, жатыр қабырғасында, сут бездерінде, ас қорыту жолының кілегей асты қабатында, тілде байқалады. Осы органдарда толық клеткалар ұсақ қан мен лимфа тамырларын бойлай орналасады. Толық клеткалардың цитоплазмасында түйіршіктер болады. Олардың құрамында қан ұюына кедергі болатын мукополисахарид гепарин бошлатыны анықталған. Сонымен бірге гиалурон және хондриотин күкірт қышқылдары жіне физиологиялық активті заттар – гистамин мен серотонин болады. Ұлпалар зақымдалған кезде гистамин бөлінеді. Ол тамырлардың кеңеюін, бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуын туғызады және асқазан сөлінің бөлінуіне себепші болады. Плазмалық клеткалар немесе плозмоциттер көмекей бездерінде, көк бауырда, лимфалық түйіндерінд
бауырда, ішіктің кілегейлі қабатында, сілекей бездерінің стромасында т.б. органдарда болатын пішіні жұмыр немесе сопақша ұсақ клеткалар, ядросы клетканың бір жағына ауыса орналасқан. Плазмоциттер организмнің иммундық жүйесінің маңызды компоненті антиденелерді бөледі.
Ретикулярлық ұлпа. Бұл ұлпаның аты латынның «ретикулум» (тор) деген сөзінен шыққан. Құрырысы жағынан мезенхимаға ұқсас. Клеткалары
тармақтарымен байланысып тор құрайды. Тордың қуысында ұлпалық сұйық зат болады. Сонымен бірге көп мөлшерде қан клеткалары да кездеседі. Ретикулалық ұлпаның мезенхимадан айырмасы клеткалардың бетінде орналасқан коллаген белогінің фибриллалары мен фибриллаларды байланыстыратын аморфтық, клеткааралық заттың ішінде ретикулалық талшықтар болады. Ретикулалық талшықтар коллагендік талшықтардан амин қышқылдарының сандық қатынасы жағынан ажырайды және ретикулалық талшықтарда қышқыл мукополисахаридтер болмайды, лепидтер көп болады. Ретикулалық ұлпа организмінің көптеген жерінде, әсіресе сүйек майында, көк бауырда, лимфа бездерінде, ішектің кілегейлі қабықшасында, тамақтың баданша бездерінде көп болады. Осы ұлпаның қуыстарында гемоцитобластларда жиі кездеседі. Ретикулалық синцитидің жеке участоктері моноцитке айнала алатын ретикулалық клеткаларға оқшаулануы мүмкін. Ретикулалық ұлпаға фагацитоз тән. Көк бауыр мен лимфа бездерінің ретикулалық ұлпасы арқылы үнемі қан мен лимфа ағып тұрады. Сондықтан ретикуллалық клеткалар бөгде белокпен бірінші болып кездесіп оны ұстайды да макрофакторға айналады. Мұндай қасиет бүйректің, бүйрек үсті бездердің және көптеген басқа бездердің капиллярларының эндотелийіне тән. Жалпы қорғаныш қасиеттері бар дәнекер ұлпасының барлық элементтерін бір тұтас аппаратқа біріктіріп, ретикулоэндотелиалдық жүйе деп атайды. Бұл жүйе организмде қорғау қызметін атқарады.
Тығыз дәнекер ұлпа. Тығыз дәнекер ұлпаның механикалық маңызы бар. Оның құрамында клеткалар мен аморфтық зат аз болады да, талшықтар басым келеді. Талшықтары тәртіппен орналасқан. Тығыз дәнекер ұлпа терінің негізін, сіңірді, шандырды, желкені құрайды.
Дәнекер ұлпалық талшықтардың орналасуына байланысты тығыз дәнекер ұлпасының екі түрін ажыратады: тығыз қалыптаспаған және тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпалары. Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасында клеткааралық заттың талшықтар шоғыры түрлі бағыттарда жатады және олардың орналасу бағытында қатаң заңдылық болмайды. Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпаларының талшықтар шоғырларына ұлпаға әсер ететін механикалық күштердің бағытына сәйкес орналасу заңдылықтары тән. Ұлпаның негізгі массасын құрайтын талшықтардың түріне байланысты қалыптасқан дәнекер ұлпасын коллагендік және серпілмелі (эластикалық) деп бөледі. Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасы адам мен сүтқоректілер
терісінің негізін құрайды. Коллаген талшықтарының шоғырлары түрлі бағытта орналасып, айқыш-ұйқыш шырмалып жатады.
Дәнекер ұлпасының бұл түрінде коллагендік талшықтармен бірге эластиндік талшықтарды кейбір саны кездеседі. Бұл ұлпада клеткалар аз
болады, олар негізінде фибробластлар, фиброциттер және борпылдақ дәнекер ұлпасында байқалатын кейбір клеткаларда кездеседі. Тығыз дәнекер ұлпасы
сіңірді құрайды.
Коллаген талшықтары бір-біріне параллель және тығыз орналасады.
Талшықтар шоғырының арасында саңылаулар болады, ондағы аморфты заттар фиброциттер жатады.
Тығыз қалыптасқан серпілмелі дәнекер ұлпасы адам мен сүтқоректілерде желке мен дыбыс тарамыстарын құрайды. Бұл ұлпаның құрылысы тығыз қалыптасқан коллагендік дәнекер ұлпасына ұқсас, айырмашылығы оның негізгі құрылымдық компоненті эластиндік талшықтар . Тығыз дәнекер ұлпасы түрлі эмбриондық бастамалардан дамиды: тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасы дермотонның мезенхимасынан, ал тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасы склеротомнан пайда болады.
Қорыта келгенде, дәнекер ұлпасы мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекерлік ұлпа клеткалардан және клеткааралық заттан тұрады. Оның кейбір түрлерінде клеткалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше клеткааралық заттар көбірек болады. Дәнекерлік ұлпаның атқаратын қызметі клеткалар мен клеткааралық заттың арақатынасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекерлік ұлпаның қан мен лимфада қоректік (тропикалық) және қорғаныш қызметтері басымырақ, ал клеткааралық заттары тығыз. Қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары), тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген.
Әдебиеттер тізімі:
- Рақышев А. «Организмнің нәзік құрылымы.»
- Шубников Е.А. « Лекция по гистологии .»
- М. Х. Нұрышев «Гисталогия және эмбриология негіздері»