АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Діннің және қоғам

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  Министрлігі

әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Университеті

        

«Философия  және  саясаттану  факультеті»

«Философия  және  ғылым  методология  кафедрасы»

 

 

 

 

 

Р Е Ф Е Р А Т

 

 

 

Тақырыбы: «Діннің және қоғам»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабылдаған:   ф.ғ.п. Бәйтенова Н.Ж.

Орындаған:      Махамбетов А.

 

 

 

 

 

 

Алматы  — 2005

 

 

 

  1. Ислам дінінің күнделікті тұрмыс-тіршілікте

алатын орны

 

Әрбір отбасының асыл арманы мен мақсаты — бала өсіріп, жақсы тәрбие беру. Баланы тәрбиелі азамат етіп өсіру — әке-шешенің ең басты міндеті. Өйткені бала әке-шеше үшін бір аманат. Бұл аманатты Алла Тағала оларға сый ретінде берген, сол үшін кейін сауап береді. Ата-ана балаларына жақсы тәлім-тәрбие және білім берсе, Алланың ризалығына бөленеді, ал бала тәрбиесіне көңіл бөлмеген, немқұрайлы қараған ата-ана азапқа душар болады. Өйткені Алла қасиетті Құраңда былай бұйырады:

«Әй, мүминдер! Өздеріңді әрі үй — іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар «.

Олай болса, бала тәрбиесіне тиісті көңіл бөлмеу кісінің әрі өзіне, әрі балаларына, тіпті әлеуметтік ортаға да зиян. Дүниеге шыр етіп келген әр баланың жүрегі тап-таза, еш сызық түспеген қағазға ұқсайды. Оның пәк жүрегі нені болса да қабылдайды. Не үйретсең соны қағып алады. Жақсы әдет пен әдепке кішкентайынан дағдыландырылған бала тәртіпті де,  тәрбиелі болып өседі. Ол үшін ата-анасына  сауап жалылады. Ал егер балаға көңіл бөлінбей ол жамандыққа бейім болып өссе, онда оның өмірі қор болып өтеді. Күнәсін оны тәрбиелеген адам көтереді. Сондықтан баланы бұл дүниенің бәле-жаласынан және қияметтің қиындығынан қорғау керек. Мұның мәні — балаға алдымен имандылықты, әдептілікті, көркем мінезділікті, жақсы істерді үйрету, жаман қылықтан, өткінші өмірдің рахаты мен қызығын қуудан, дүниенің құлы болудан сақтандыру. Өйткені Ислам бала тәрбисін ата-анаға парыз еткен. Сондай-ақ бала тәрбиесіне қоғаммен мемлекет те жауапты.

Уқба ибн Амирдеи (р.а.) Имам Бухари (р.а.) риуаят еткен хадисте айтылғандай, ата-ананың бала алдындағы міндетіне байланысты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Кімнің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанымен киіндіріп, бақса, олар (яғни, қыздары)  үшін тозақ отынан қалқан болады». Ата-ананың келесі міндеті — балаға жақсы ат қою. Бұл жайында да Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Әкенің бала алдындағы міндеті —жақсы  ат қою  және  жақсы  тәрбие  беру». (хадисті   Ибн  Аббастан  (р.а.)   Имам   Бухари (р.а.) риуаят еткен). Бұдан кейінгі ең маңызды міндеті – балаға ислами тәрбие беру. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ұл-кыздарыңа жеті жасынан бастап намаз оқуды үйретіңдер. Он жастан бастап әрқайсысының жататын жерлерін бөлек етіңдер».45

Бірде сахаба Әбу Рафиғ (р.а.) Расулуллаһтан (с.а.у.) «Баланың біздің алдымызда міндеті болғандай, біздің де олардың алдында тиісті міндетіміз бар ма?» — деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.у.): «Әрине, атаананың баласына қатысты міндеті — оған Құранды үйрету(яғни Құранда айтылғанды орындауды), оқ ату мен жүзуді және тек адал еңбекпен тапқанды мирас ету», — деп жауап берді.

Өкінішке орай, қазіргі ата-аналар Жаратушысының бар екенін — балаларына кішкентайынан айтып ұғындырмайды. Ал, Алла бар деген ұғымды бойына сәби кезінен сіңірмегеи бала иманы әлсіз болып өседі, соның салдарынан ер жете келе дінге мойын бұрмай кетуі де ықтимал. Құран және намаз үйренемін деп талпынған балаға кейде «Саған намаз оқуға әлі ерте» — деп ата-ананың оларға кедергі болатындары бар. Кейін «Менің балам неге ішкіш, неліктен ұры, қылмыскер болды» — деп опық жейді. Сондықтан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына хадисін дұрыс түсінуіміз қажет: «Сендердің әрбірің жауапкерсіңдер және жауапкершіліктеріңде болған нәрсе үшін сұраласыңдар. Патша өз қол астындағылар үшін жауапкер және солар үшін сұралады. Отағасы жанұя үшін жауапкер және сол үшін сұралады. Әйел күйеуі сыртта болған уақытта үй шаруасы мен балаларының тәрбиесі үшін жауапкер және сол үшін сұралады. Қызметші қожайынының мүлкі үшін жауапкер және сол үшін сұралады. Сендер барлығың жауапкершіліктеріңде болған нәрсе үшін сұраласыңдар».

Олай болса, құрметті ата-аналар, балаларыңызға қалай болса солай қарамай, оларды өз болашағымыз, еліміздің болашағы, тіпті бүкіл Ислам тарихының ертеңі деп білейік.

Ислам — адамдарды көркем мінезге жөнелту үшін «садақа» түсінігіне де көп мән берген. Садақаның мәні — Алла Тағаланың ризалығын алу ниетімен мал-мүлік сарп ету. Ал Пайғамбарымыздың сүннетінде кейбір іс-әрекеттердің де садақа берумен пара-пар екені, сол үшін сауап жазылатынын Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде жақсы мінез-құлық жайында былай баяндалады: «Мұсылман бауырының жүзіне күлімдеп қарауыңның өзі садақа, жамандықтан қашырып, жақсылыққа шақыру да садақа. Жолынан адасып қалғанға да, жол көрсету  садақа. Адамдардың   ары-бері өтетін жолында жүрулеріне кедергі болып жатқан тас, темір т.б. сияқты нәрселерді алып тастау да садақа».

Исламда алыс-жақын, мұсылман-кәпір, бай-кедей, әйел-еркек, адам-хайуан деп бөле жармай, Алланың жаратқандарының бәріне де мейіріммен қарау мәдениеттіліктің ең маңызды қағидасы болып   есептелінеді. Тіпті Алла тағала хазіреті Пайғамбарымыздың елшілік міндетін «рахмет» мейірім сипатымен сипаттаған: «Елшім! Біз сені   әлемдерге рахмет сипатымен жібердік» делінген. Пайғамбарымыз да    бір хадисінде: «Шынында да, мен рахмет және хидаятты (тура жол) көрсетуші пайғамбармын» — деген. Көптеген хадистерінде пайғамбарымыз адамдарға мейірімді болуымызды әмір еткен:    «Адамдарға мейірім көрсетпегенге Алла да мейірімін төкпейді». «Бір-біріңізге мейірім көрсетпейінше толық мүмин бола алмайсыңдар» – дей отырып, Ислам дінінің күнделікті тұрмыс тіршілікте алатын орнының маңыздылығын атап көрсеткен.

 Қоғамымыздағы жеке адамдарды жаман іс-әрекеттерден арылтуда ислам дінінің әсері өте үлкен. АҚШ-та спиртті ішімдікке тиым салынған жылдары, яғни 1930-1933 жылдар арасында мемлекет 2 млн. доллар жұмсаған, 9 млрд шамасында пропаганда жазулары шығарылған, 500 мың адам бас бостандығынан  айырылған, 200 адам өлім жазасына кесілген. Бүтін бұл шараларға қарамастан спиртті ішімдікті тоқтата алмаған және адамдарды ішімдіктен тыю мүмкін болмаған.

Психоанализбен де қазірге дейін ішімдікті қойдыру тақырыбында нәтижелі қорытынды алынбаған. Бүгін психотрияда профессорлар ішімдікті қойдыру жұмыстарын жүргізуде, бірақ еті үйренген алкоголик екі айдан кейін ішімдікті қайта бастайды. Алайда 1400 жыл бұрын хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) күшті бір сеніммен өзінің мұсылман жамағаты ішінде, өзіне түскен аяттар арқылы, үш кезеңде ішімдікті түп тамырымен жойған. Осы сияқты жүздеген жаман әдет пен іс-әрекеттерді аз уақыт ішінде тоқтатқан. 

Американың Нью-Йорк қаласында ішімдікке қарсы бір ұйым құрылған еді. Бұл ұйым мүшелері дүниеде ең алғаш ішімдікке кім тиым салғанын анализ жасап зерттейді. Алғаш рет Ислам дінінің құрушысы хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) тарапынан ішкілікке тиым салыныпты. Осылайша оны әрқашан еске түсіретін бір нәрсе жасайық делінеді.Қоғам мүшелерінің кейбірі: «Дүниеде хазіреті Мұхаммед сияқты денесіндегі түктеріне дейін қасиетке толы екінші бір адам жоқ. Олай болса нұрлы бейнесін еске түсіріп тұратын хазіреті Мұхаммедтің ескерткіш мүсінін жасайық» — деді. Сол қоғам мүшелерінен енді біреулері бұл ұсынысқа қарсылық білдіріп: «Оның әкелген діні сондай бір дін, көпшіліктің мүддесін ескермеген ешбір еңбекті еңбек деп бағаламайды, ол үшін ақша да жұмсатпайды» — дейді. Бұл ұсыныс шындыққа жақын және Ислам дініне сай болғандықтан, қоғам тарапынан су ішілетін орын істелініп, атын «Мұхаммедтің бұлағы» деп атау ұсынысы қабылданады. Көпшілік атынан істелінген бұлақ қазір Нью-Йоркте. Бұл қоғамның құрметті басшысы болып Малик ибн Сауд сайланды.     

Ислам діні қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынасты орнатады. Ислам дінінде Құранның Хужурат сүресіндегі 10-аятында: «Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстардың арасын жарастырыңдар және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөлінерсіңдер».

Мұндай бауырмашылықтағы мұсылман бір қоғамның да негізі бола алады. Сүйіспеншілік, араларында татулық, бір-бірімен жәрдемдесу туындайды. Мұндай жағдайда араларында бір-бірімен түсінбеушілік,  қарама-қайшылық болмайды. Және тағыда негізгі болған нәрсе  жоғарыда аятта айтылғандай екі туыстың арасын жарастырыңдар, яғни арасындағы мұсылман бауырмашылдығын бұзатын адамдарға тосқауыл болыңдар. Оларды бір-бірімен жарастыру керектігін айтады». Мұсылманның бәрі бауыр дей отырып мұсылмандарды туысқандай етіп,  бір-бірімен қоян — қолтық өмір сүрулерін әмір етеді. Мысалы: Пайғамбарымыз (с.а.у.) — ның мына хадисіне қарайтын болсақ «Көршісі  аш болып,  өзі тоқ болып  түнеген — мұсылман емес»— дей отырып, көршілердің өзі араларында туысқандай жақындығы бар екендігін айтуда.  Өмірде әділ,  шыншыл, ісіне берік, іскер болуын бұйырады. Бұлардың бәрі бір Алланың әмірі және сауапты амалдар қатарынан, өйткені Алла Тағала Құранда былай деген: «Олар жер жүзінде бұзықтыққа тырысады, Алла бұзақыларды жақсы көрмейді».50  Бұл аяттың мағынасына қарағанда әлеуметтік тыныштықты маңызды  деп санап отыр. Өйткені ел арасы ұжым болып ұйып тұрғанда елдің арасына іріткі салғаннан ауыр қылмыс жоқ. Дін адам өмірі мен тәрбиесіне қатты көңіл бөледі. Сол себептен бір адам біреуді әдейілеп өлтірсе,  барлық адамдарды өлтіргендей болады. Ол адамды мұның жазасы ретінде өлтіру керек деп бұйырылады. Сонымен жанұя бір мемлекеттің тірегі болғандықтан жанұядағы үйлену, ажырасу, мирас, әке-шешеге құрмет ету ілімі сияқты мәселелерді қолға алады. Әке-шешеге құрмет ету жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Әке –шешесіне біреуі немесе екеуі қартайғанша қолында бола тұрып, жаннатқа кіре алмаған перзенттің мұрны жерге сүрінсін».51 Бұл хадистен шығатын үкім – кімде-кім әке-шешесінің разылығын ала алмаса, жаннатқа кіре алмайды,-деген сөз! Ал, Алла тағала Құранда Исра cүресінде былай деген: «Раббың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер екуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ» деме (кейіс білдірме) сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле».

Тәбери тәпсірінде Имам Тәбери былай ашықтаған: «Раббың өзіне басқа ешкімге құлшылық етпей тек қана Аллаға құлдық етуін,  әке-шешеге жақсы қарым — қатынаста болуды және оларға құрмет етуін үндейді. Әке-шешең сенің қасыңда қартайған кезде,  оларға ренжу білдіріп, «түһ» деп кейіс білдірме,  керісінше оларға жұмсақ сөйле». Ибн Кәсир былай дейді: «Сені кішкентай кезіңде нәжісіңді тазалағандай,  сен де олардың сыртын тазалағанда, олардан қиыншылық көргеніңде оларға «түһ» деп айтпа,  оларға естірткізбе, керсінше сабыр ет». Бұл аятқа қарағанда Ислам діні адам баласын, тәртіпке, сыбарлыққа үндейді. «Ілім — жеміс болса,  тәрбие — жеміс ағашы. Бас жеміс ағашы болмаса жеміс қайдан болады. Және кімде әдеп болмаса, онда ілім жоқ» — деп Хасан Басри бекер айтпаса керек. Ислам жолы мен негіздерін игерген әрбір мұсылман өзі өмір сүрген қоғам мен ортада жақсы белсенділік көрсете алады. Ислам мәдиниетті мінез-құлықтан бастады да, кейін әлемдік эстетиканы одан әрі дамытты. Ғылым ізденуші мұсылман адам алдымен мінез-құлқын жөндеуі тиіс болады. Өйткені пайғамбарымыз(с.а.у. бұл туралы былай деген: « Мен тек қана көркем мінез-құлықтарды жетілдіруге жіберілгенмін.» Осылайша пайғамбарлық міндетінің негізгі мақсаты әдеп екендігін нұсқап көрсетті.

Күнбе-күн тіршілікте көптеген адамдардың ортасында, қоғамда қызмет атқара жүріп өзін-өзі қалай басқара жүріп, мұсылманның өзін-өзі қалай ұстауы қажет екендігі туралы ойлауы заңды. Барлық істерде құран мен хадисті басшылыққа алған әрбір мұсылман қоғамда үлгілі адам болады.

Қоғамдағы экономиканың әсері қандайда бір мемлекеттің көтерілуі мен дамуы үшін маңызды. Мемлекеттің ең алдымен экономикасы мықты болуы керек. Экономиканың дамуы үшін діннің айтарлықтай ролі бар. Құранда саудаға байланысты көптеген мәселелерді әмір етеді. Атап айтар болсақ,  сауда да біреуді алдамауды, таразыдан жемеуді, біреудің затына қол сұқпауды, өсім жемеуді бұйырады. Алла Тағала бұл жайында былай деген: «Ей мүминдер! Өзара малдарыңды  бұзықтықпен жемеңдер».

Ислам діні қоғамды жоғарлатып дамытатын бір жүйе. Дін адамдарға жол көрсететін,  құқық және оларды жақсылыққа қолдануды,  пайдалы нәрселерді жасауға үндейтін өмірдің бір жүйесі. Өйткені дін әділетсіздіктің, жаманшылдықтың дұшпаны. Діннің нашарлауы адамдардың мінез құлықтарының бұзылуына, адал мен арамды ажыратпауына апарады. Яғни жарамсыз, жағымсыз нәрселер ортаға шыға бастайды. Негізінде дінге сенген, бір жаратушыға сенген адам әрдайым жақсылық істеп, жамандықтан қашады. Дін болмаған жерде өмірдің мәні болмайды. Қоғамның бақыты жеке тұлғаның бақытына байланысты. Тұлға дене мен рухтан құралатындықтан екеуінің де,  белгілі бір мөлшерде азықтануға мұқтаждығы бар. Екуін тепе — тең ұстап, дүние мен ақырет бақытын ойлағанда ғана нағыз бақытқа жетуіне болады. Ал егер қоғамды құрайтын жеке тұлға бақытсыз болса, онда қоғамның бақытты болуы мүмкін емес. Ондай жағдайда қулық — сұмдық, алдау мен арбау жайлап, жеке тұлғаны ғана емес қоғамды жаппай улайды. Ислам осындай келеңсіз жайттарға тосқауыл болады. Ислам діні жеке тұлғаның түзелуі арқылы қоғам ғана емес, тіпті дүниенің түзелетіндігін негізге ала отырып, жеке адамның жан жақты дамуына ерекше көңіл бөледі.

Қоғам жанұялардан тұрады. Жанұяның берiктiгi қоғамның берiктiгi, ал бұзылуы қоғамның да бұзылуына әкелiп соғады. Алла алдында жанұя адал некемен құрылады. Неке қасиеттi нәрсе, өкiнiшке орай некеге деген құрмет азайған. Қай жерде болсын қоғамды зинақорлық басқан. Бұрын ұят, күнә деп саналған некесiз қатынас қазiр   “бiрге өмiр сүру” деген атпен аталуда. Газет-журнал сатқан киоскiлерiмiз, арты бiтпес телесериалдарымыз бен фильмдерiмiз, тiптi мейрамхана, ойын-сауық демалыс орындарымыз ар-ұяттан жұрдай сахналармен толы болса, жастарымызды ар-намыс, ұятқа қалай шақырамыз? Оның үстiне зинақорлық соңы ерлi-зайыптылар арасының бұзылуына, тастанды балалардың, жетiмханалардың көбеюiне әкелiп соқтырып отыр. Қоғам солай деп ақтала саламыз. Заманда не кiнә бар? Қоғам солай едi деп зорлап отыр ма? Бәрi адамның пиғылының бұзылуынан. Ұрпақ әкелiп, тәрбиелеушi қыздарымыздың тәрбиесiне көңiл бөлуден қалдық. Қыздарымыздың аузында шылым, iшiмдiк болса, дүниеге қандай ұрпақ әкеледi? Некесiз қарым-қатынастың харам, зиян екендiгiн жастайынан үйретiп, мұндай күнәдан сақтандырудың орнына,  түрлi жыныстық аурулардың, күтпеген жерде бала көтерудің алдын алу шарасы ретiнде қатынас кезiнде қорғанудың түрлi жолдарын үйрету қандай тәрбие? Күнәға бату күннен-күнге көбеюде. Қулық, алаяқтық, алдау-арбау, өсiм алу, тiптi зорлық-зомбылық жолына түскендер көбейiп барады. Бұларға тек Ислам дiнi ғана тосқауыл бола алады. Ислам дiнi бiзден қоғам өмiрiндегi саудада, жұмыста, жалпы адамдармен қарым-қатынаста тура жүрудi, әдiл болуды, бiреудiң ақысын жемеудi талап етедi. Алла ризық берушi деп бiлсек, бұл ризықты адал жолмен табу маңызды. Халал азықтармен қоректенген денемiзден адал iс-әректтер ортаға шығады. Харамның қай түрi болсын жақсылыққа жеткiзбейдi, соңы өкiнiшке соқтырады. Дүниеге қызығу, сараңдықты, iштарлықты, көзi тоймастықты тудырады.

Малын мұқтаж кiсiлер, көршiлердi былай қойғанда, тiптi өзiнен, жанұясынан, туысқандарынан аяйтындар да баршылық. Бұрынғы дүниеден өткендерден дүние-мүлкiн арқалап кеткен кiм бар? Пайғамбарымыз дүние-мүлік арқылы туысқандарына қарайласу жайында былай дейдi: Әр жұма түнi адам балаларының амалдары Аллаға бiлдiрiледi. Соның iшiнде туыстарына қарайласпағандардың амалдары ғана қабыл болмайды”. Осылайша, амалдардың қабыл болу шарты — туыстарға қарайласу екендiгiн ескертедi. Бұл жайында Құран Кәрімде: «Шын мәнінде мүминдер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар!»-деп Алла Тағала мұсылмандардың бауырластығының жоғары екендігін білдірген. Тағы бiр хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) туысқандық жайында былайша ескертiп кеткен: “Туысқандық байланысын үзген кiсi жаннатқа кiре алмайды.” Мiне, осылайша туысқандық бiрлiктi сақтау арқылы Ислам дiнi қоғамның бiрлiгiн нығайтады.

 

  1. Ислам дінінің қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдағы теңдік пен бейбітшілікке қосқан үлесі

 

Қоршаған орта қысқаша айтқанда, адамның  өмiр сүрiп жатқан рухани және материалдық ортасы. Қоғамдағы кез-келген адам өзi өмiр сүрiп жатқан қоршаған ортасының тазалығына, көгалдануына көңiл бөлуi қажет. Ислам дiнi – әрбiр мұсылманның өзi өмiр сүрiп жатқан қоғамда , қоршаған ортасына маңыз беруiн бұйырады. Құран Кәрiмде және Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистерiнде қоршаған ортаның тазалығы, ағаш өсiру, жан-жануарларға қиянат жасамау, экологияны болдырмау жолдары т.б. мәселелердi  көп кездестiруге болады.

Ислам діні адамның материалдық және рухани өмірімен тығыз байланысты. Барлық нәрседе болғанындай қоршаған ортаны қорғау мәселесінде де, Құран Кәрім мұсылмандарға жол көрсеткендігін көреміз. Сондықтан исламның келуімен бірге, адам баласы қоршаған ортаға көңіл бөле бастаған. Шындығында Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір басшы ретінде,  қоршаған ортамен байланысты жұмыстармен айналысып, мұсылмандарға бұл жайында өз үгіт –насихатын айтып отырған.

Қоршаған ортамыздағы барлық тіршілік атаулының Алланы еске алып, оған құлдық ететіні жайында Құран Кәрімде былай делінген: «Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Алланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын ешнәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың таспихтарын түсіне алмайсыңдар. Шынында Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы».

Имам Табиридің тәпсірінде айтылғандай, Алла Тағала бұл аятта біздерге жер жүзіндегі,  барлық жаны бар нәрселердің өзін ұлықтап, мақтап, пәктейтінін білдіруде. Әрі еш нәрсенің босқа жаратылмағандығын айтуда. Періштелер, адамдар, жындар, жеті көк аспанда және жер жүзіндегі барлық жаратылыстар Аллаға тағзым етіп, ұлықтайтындығын жеткізуде. Олардың біздің тілден басқа бір тілде таспих ететіндері жайлы айтылған. Жер жүзінде барлық нәрсе Алланы таспих ететіндіктен, біздің қоршаған ортамыздағы ағаштар, өсімдіктер жан-жануарлар т.б. Алланы ұлықтайтындығы анық. Сондықтан әрбір мұсылман қоршаған ортадағы барлық жандыларға мейірімммен, қамқорлықпен, жанашырлықпен қарауы қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қоршаған орта жайында былай дейді: «Кім бұл жерден бір ағаш кесетін болса, оның орнына бір ағаш ексін». Осы хадистен кейін мұсылмандар ағаш егуді бастап, «әл-Ғабе» орманы қайта қалпына келтірілген болатын.

Ади ибн Зейдтен нақыл етілген хадисте Абу Дауд былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаның жан-жағынан бір берид (жер өлшемі: 32 км.) аймақты қорық аймағы етіп жариялады». Риуаятта айтылған бір беридтік жер ең аз дегенде отыз екі километр қашықтықты қамтиды. Сонда Мәдина қаласының орталығынан алғанда, 32 км. жан-жағы айналдыра қорық болғандығын көрсетеді. 

Ағаш егу жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай насихат етеді: «Кім ағаш егетін болса, ол ағаштан шыққан өнімнің көлеміндей, Алла сауап жазады».

«Жеті нәрсе бар: адам қабірде болса да, олардан келген сауап үздіксіз барып тұрады; Үйретілген ілім, халықтың пайдалануы үшін ағызылған су, егілген ағаш, салынған мешіт, оқылуы үшін берілген Құран және жақсы тәрбиеленген бала».         «Қолыңда бір көшет болып, сол сәтте қиямет басталса да, оны егетін уақытыңыз болса, ол көшетті егіңіз».

Бұл хадистерден Пайғамбарымыз (с.а.у.) ағаш өсіруге және қоршаған ортаның көгалдануына, тазалығына мән бере отырып, мұсылмандарды осы іске шақырғанын көреміз. Олай болса Ислам діні біздерді қоршаған ортамызды таза ұстауға шақырады.

«Хақсыз жерде торғайды өлтіргеннен Алла Тағала қиямет күні есеп алады».

Абдуллаһ ибн Амр нақыл еткен бір хадисте: «Алланың Елшісі (с.а.у.) бір күні ешкі сауып жатқан адамға жолығып, оған: Ей адам! Сауған кезіңде оның лағына да сүт қалдыр, деді».

Көріп отырғанымыздай, бұл хадистерде Пайғамбарымыз (с.а.у.) жануарлардың және құстардың қорғалуын, оларға қиянат жасалмау керектігін айтқан. Жануарлардың жақсы бағылуы керектігін, оларды жаратылыстарына сай қолдану керектігін, артық жүк артпау керектігін қатты ескерткен. Аң аулау кезінде,  тек қана көңіл көтеру үшін аулауға тыйым салған. Қоршаған ортаның қорғалуын, ағын және тұнық судың ластанбауын, жол және ауланың таза ұсталуын  хадистерінде көп ескерткен. Бұл жерден біз Ислам дінінің қоршаған ортаға үлкен көңіл бөліп, жануарлар мен өсімдіктерді, жәндіктерді, ағаштарды, табиғаттағы суларды және т.б. қорғауға шақырғанын көреміз.    

Дін — Ислам философиясының түсіндіруінше, әлемді басқарушы, жаратушы күш — Алланың барлығына, бірлігіне шын жүректен сену. Ал Ислам Алла Тағала тарапынан келген ең соңғы хақ дін. Бұл дінге сеніп, бұйырылған міндеттерді орындауға ұмтылу — барша мұсылман атаулының борышы,  әрі міндеті. Ислам дінінде мұсылмандардың бір — бірімен сәлемдесіп, амандасқанда, сәлем беруші; «Ассалаумағалейкум» — дейді. Бұл — «Сізге тыныштық, бейбітшілік тілеймін» — деген сөз. Сәлем алушы да: «Уағалейкумуссалам» — дейді. Бұл — «сізге де тыныштық, бейбітшілік болсын» —  деген сөз. «Сөз анасы-сәлем» —  десек, сол сәлемнің өзімен, сәлем арқылы адам баласына тыныштық, береке тілейтін Ислам дінінің қоғамдағы орны мен ролі ерекше екендігі байқалады.

Мұсылмандардың өмірдегі тұтынар тағылымы, тиянақ табар тұғыры: имандылық, адамгершілік, әділдік. Осылар арқылы жететін пенделердің өзара ынтымақ бірлігі қоғамға игі әсерін тигізеді. Ислам діні түрге, тілге, нәсілге бөлінбейді. Алланың бірлігін, пайғамбардың хақтығын мойындаған мұсылман баласының бәрін «бауырым» деп ішке тартады, барымен бөліседі, көмегін аямайды. Сонымен қатар басқа дін өкілдеріне де, құрметпен, сыйластықпен қарайды. Мұны да  жан жүрегімен мойындап, адамгершіліктің ақ жолынан айнымаған, бұрынғы өткен ақыл-ой алыптарының ұрпаққа қалдырған өсиет сөздерінен де анық көруге болады. Ислам дінінің әлемдік деңгейдегі өкілі, қазақ жерінде суфизмның негізін қалаған Қожа Ахмет Иассауи бабамыз:

          Діні бөлек, ол да адам,

          Қиянат оған жасама.

          Хақтың өзі жазалар,

          Қиянатшылды тұмақта — деген. Бұның өзі Ислам дініне сеніп, Алланың әмірлеріне мойынсұнған мұсылмандардың қоғамдағы жалпы адамзатқа оң көзқараста екендігін көрсетеді.  Сонымен қатар Ислам діні қоғамдағы әрбір адамның бір — бірінің кемшілігін іздемей, дұшпандық сақтамай, тату-тәтті өмір сүруін қалайды. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Сендерді көзбен көрмеген (анық білмейтін) нәрселерді сөйлеуден тыямын. Өйткені нақты білмеген нәрселер жайында сөйлеу — өтірікке жақын. Бір-бірлеріңнің кемшіліктеріңді іздеуге, естуге тырыспаңдар, жеке және жасырын өмірлеріңді де іздестірмеңдер. Бір-бірлеріңді қызғанбаңдар, бір-бірлеріңнен бет бұрып, менсінбеушілік жасамаңдар, кек сақтамаңдар және де дұшпандық қылмаңдар. Ей Алланың құлдары! Бір-бірлеріңмен бауыр болыңдар».

Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) қоғамымыздың тыныштығын бұзатын дұшпандық, кек сақтау, менсінбеушілік, кемшілік іздеу, сөз тасу сияқты жаман қасиеттерден аулақ болуымызды бізден талап етуде. Қоғамның тыныштығын сақтау жайында Алла Тағала былай деген: «Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиып қалмайтын фитнеден (яғни, бүлік шығарудан) сақтаныңдар! Сондай-ақ Алланың қатты азабы бар екенін біліңдер».

Бұл аяттың тәпсірі жөнінде Имам Сабуни былай дейді: «Фитнеден сақтаныңдар, өйткені фитне келсе, ол тек фитне шығарған залымдарға ғана кесірін тигізіп қоймайды, залым болмағандарға да кесірін тигізеді. Өйткені залым болмағандар зұлымдықты тоқтатпағаны үшін құрдымға ұшырайды». Яғни, Ислам діні бізді қоғамда бүлік шығармай, керісінше бүлік шығарушыларды тоқтатуға шақырады. Осылайша қоғамның бірлігін, татулығын сақтаған болады. Ислам діні — бейбітшілік діні. Сондықтан да қоғамда бүлік шығаруға жол бермейді. Оның орнына бірлік пен татулыққа, ынтымақтастыққа шақырады.