Достық
Досы жоқ адам — тұзы жоқ тағам, әр адам өзіне сай жанмен дос құрады, екеуінің мінезі аспан мен жердей болса, достық ұзаққа бармайды, ал менде уақытша достық болған емес, тек басқа қалаға көшіп кеткенім болмаса. Мысалы менің кішкентайымнан дос қызым болды мен Ақтаудан көшіп кеткенде екеуміз ажырадық, екі жылдан кейін бардым таппадым, әлі тауып алам деген өкміттемін, қызір де өзімнің өзім сияқты жан досым бар, негізі дос досына ұқсап келеді, мен өзім байқадым.
Достық деген еш уақытта уақытша болмайды, айналаңа жөндеп қара, сен дос деп есептемесең де сені досым деп есептейтіндер көп шығар, мүлдем досым жоқ дегенге өлсем де сенбеспін, неге барлықтарың писсимист болып кеткенсіңдер?
Ия, халайық, біз тек ұқсас жандармыз. Есейе берсек, достықтың, ғашықтың орнын табамыз! Ең бастысы бір бірімізді құрметтесек, кеңес берсек! Басқа ештене керек емес!
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді алып шығар
Ақылың, еңбегіңмен екі жақтап- деп Абай атамыз айтқандай тек өзіме сенемін. Сол себепті қиналғанда қасымнан табылмадың деп жолдастарыма, туыстарыма ренжімеймін. Адам адамға еш пайда немесе зиян келтіре алмайды. Барлығы 1 Алланың қалауымен болады. Ал адамдар соның болуына себепші. Өз басым иттің иесі болса, қасқырдың құдайы бар деп тек бір құдайды дос тұтамын. Ал жолдастарым құдайға шүкір, жетерлік. Барлығымен шамам келгенше жол алыстығына емес, көңіл жақындығына қарап силасамын.
Достың да досы бар.
Нағыз достар мәңгілік.
Доссыз өмір бос.
Менің досым көп деп мектеп кезде айталар едім, бірақ қазір қасымдағы достарым қасымда болса, достар болады. Ал көптен бері сөйлеспей, көрмесек, жай таныс болып кетеміз.
«Жаман туғаның болғанша, жақсы досың болсын» деген мақал бар. Достық — мол ақшаға тұрмайды.Ол алтыннан да қымбат. Қателесесіздер.
Достық уақытша емес, барлығы ниеттен деген Пайғамбарымыз с.ғ.с. шын ниетпен, таза көңілмен ниеттенсек достық ахиреттік болады. Алла үшін дос болсаң, ахиретте де дос боласың.Ниетіміз таза болсын. Ал ниеттің таза болуы иманның дәрежесінен.
Болмақ емес басқаша, бәрі уақытша!
Жанұя, Достық, Махаббат та.
Дымнан-дымсыз көрге барып жайғасасың
Ажал — сұм тамағыңа тақалат та.
Доссыз өмір – тұссыз аспен тең!
Досы жоқ адам — тұзы жоқ тағам, әр адам өзіне сай жанмен дос құрады, екеуінің мінезі аспан мен жердей болса, достық ұзаққа бармайды. Достықтың маңызы байлықпен өлшенбейді, оның өзі-баға жетпес байлық, ал оны жеке мүддең үшін пайдалану немесе о баста сол мақсатпен дос болу пәстік, зымияндық болып табылады. Ондайлардың рухани пошымен қазақтың ақ нық ақыны Сәкен Сейфуллин өзінің «Сырсандық» атты өлеңінде.
Шырақ айналар шіркін жауық,
Жемің болса қалыңда
Қайдағысы сай жауып,
Топырлайды жолыңда
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама
Жемің бітсе, жалт береді,
Сенерлік дос санама, — деп дәл түсірген. Достықтың негізі достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің кездейсоқ достықтың өмірі ұзаққа бармайды. Мәселен, достардың бірі сабырлы, бірі ұшқыр, бірі ұяң болуы ықтимал. Бірақ бұл айырмашылықтар өзінен-өзі олардың арасында тамаша берік достықың орнауына кедергі емес, қайта себепші болуы әбден мүмкін. Жанның таза, жүздің жылы, ақылдың парасатты болуы, міне достықтың басты шақыртқылары – осылар. …
«Жақсы адам – тәңірдің нұры» деп, сол үшін айтса керек. «өзің жақсы болсаң, досың көп, жаман болсаң, досың жоқ, орташа болсаң бір жақсыға ілесе аларсың» деген де сөз бар. Сондықтан бұдан былайғы жерде де жастарды дәстүрлі достық байланысты сақтап, нығайтуға ортақ шаңырақтың, тұрған елінің игілігін ойлауға және қорғауға тәрбиелеу қажет.
Әрине, достық — әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне пейілі – ықыласы түскен, жан-жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. «сен досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін», — деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы достар жан дүниесі, ой-өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенге мегзейді.
Достың туыстың, жолдастық, сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерге жақын, кей жағынан ұқсас бола отырып, өзіндік өзгешеліктерге ие. Ол да белгілі бір даму сатыларынан өтеді. Бұл сезім адамның бала кезінде оның сүттей таза жаны, кіршіксіз көңілінде пайда болады, оған ата-ананың қарым-қатынасы, елдегі тәртіп, пайда болады, отбасындағы тағылым мен көне-жана салт-дәстүрлер әсер етеді. Сондықтан оның ұғымы кең әрі құрамды десе де, көбінесе сол бала кезден басталған достық өте ыстық және өміршең келеді. Соданда шығар «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы» дейді халық мақалы. Осы сияқты ұғым өзге жұрттарда, соның ішінде орыстарда да бар. Олар: «жаңа достың екеуінен ескі достың біреуі артық» — дейді. Мұның шындығына әркім өз сезімі арқылы да көз жеткізе алады. Қанша жылдар өтіп, қай қиырда жүрсең де, басыңнан талай-талай қызығы мен қиыны аралас тұрмыс толқынын кешсең де сонау ауыл аралас, қой қаралас көне көне жұртқа, қаршадай балаң шақта егіздің сыңарындай, бірге өскен достарды елжірей еске түсіріп, жүрегің лүп-лүп соқпай ма?! Ондайда соғынған досты аңсап алыста жүрсе де арнап барып, кездесіп, мауқың басылатын кездер болып тұрмай ма? Соның арқасында о бастағы көк өрім екі баланың немесе екі, қыздың достығы келе-келе олардың жұбайларының, балаларының достығына айналып жалғасын табатын жағдайлар аз болмайды. Біздің ббаларымыздың достығы да жылы жайда химикаттардың күшімен тез пісіріліп, базарға шығарылған көкөністердей дәм-татусыз немесе инкубатордан шыққан балапандардай әлжуаз шикіл тартты. Бүгін достасып, ертең қоштасып, бүгін табысып, ертең жабысып жатты. Сондықтан ендігі мақсат – жас ұрпақты ана-тілінің уызымен ауыздандырып нәріне қандыра отырып, сол арқылы ұлттық халықтық дәстүрдің озық үлгілерін қазіргі дамуымыздың үрдістерімен табиғи үйлестіру негізінде оқу тәрбие жүйесін қайта құру. Бұл ретте өте сақ болатын нәрсе – мұны да ұранға, науқанға айналдырып алмау жағы. Өйткені халықтың тұрмыс-тіршілік қалпы, өмір сүру тәсілі, салт-дәстүрі, мәдени деңгейі, діни нанымы, т.б. арқылы анықталатын тәрбие жүйесін терең танып білу және оны осы күнгі шындық болмыспен мемлекетіміздің өркениеттік даму бағдарымен нәтижелі үйлестірудің жолын тауып, жүзеге асыру – қиынның қиыны.
Демек, біз достықтың шынайы түсінігін қалпына келтіріп жеткіншектерді сол рухта тәрбиелеу үшін ең алдымен, кешегі зиянды тәсілдерді өңін айналдырып қайталаудан сақтануымыз керек.
Достықтың нәрі – оның қадіріне жете білу. Ол үшін Абай атап көрсеткендей «Достыққа – достың – қарыз іс» екенін жадына ұстаған жөн. Бұл жердегі «Қарыз» сөзі екі арадағы ауыл-түйіс, алған – бергенді, ат-көлік майымен көрсеткен қызмет сияқтыларды жіпке тізіп, шотқа қағып, қарымта тілеп отыру дегенді әсте білдірмейді. Әңгіме ғазиз достың қадіріне жету, ақ коңіл адал ниетіне риясыз ыстық ықылас, пәк жүрекпен жауап беру жайында болып отырғаны аян. өткен замандағылардың біздің кезіміздегілерден бір артықшылығы – «дос пейілінің шынайылығы еді» 19-қара сөз, деген кемеңгер осы ойға өлеңінде қайта қарап «мұнан менің қай жаным аяулы» деп майданда бірге тұрып қалатын достықты аңсап мұңайады. Абай бұл қасиетті ұлттың ұйытқысы болатын мінезге санайды. Ескілі – жаңалы замандар шежіресінен данышпан ақыл ойына куәлікке жүретін оқиғалар аз ұшыраспайды.
Тегі кез-келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің бәрі бірдей дос бола алмаса керек. Ниеті таза жөні түзу, болуға жарайтыны – шындық.
Халықта «досыңнан тап!» деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл – достың бәрі бірдей еместігін адамға ең ауыры – досыңның арамдығы, екі жүздігі, опасыздығы екенін еске салатын сөз. Шынында да ішек-қарнына дейін түгел білетін адамның қасына айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, қатерлі, өкінішті не бар?!
Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.
Ол туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса ұстаздар мен педагог-психолог ғалымдардың ой талғамағаны оның мәнін, сырын білуге талпынбағаны кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, зор маңызына байланысты екені даусыз. Ерте заманның ойшыл және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірілген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашанда мезі қылмайды, ешқашанда орынсыз килігетін жері болмайды. Ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады», — дейді. Достық – адамның өмірдің сан қырлы қасиеті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде достық ұғымының басты мәндері көрегендікпен көрсетілген.
Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестікпен өзіндей көріп сенуінен, біріне-бірі тірек, міндет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнн менің қай жаным аяулы», деп қасында бірге тұрып қала алатын адам ғана дос деген атқа лайық.
Достық
- Достық – мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу.
- Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқарас-та болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.
Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
«Достық» қонақ үйі
«Достық» қонақ үйі Алматы қаласының дәл ортасында қаланың барлық маңызды деген іскерлік, мәдени және әкімшілік орталықтарының жанында орналасқан. Орталық даңғылдар, мұражайлар мен театрлар, елшіліктер мен мемлекеттік мекемелер, банктер мен офистер, ең жақсы дүкендер, мейрамханалар мен клубтар – осының барлығы қонақ үйден екі қадым жерде. Біздің қонақтарымыз айтқандай «Достық» — әрдайым жаныңда».
«Достық» қонақ үйіне қоныстанып, Сіз қаланың таңдаулы әрі ең қымбат ауданында тұрғаныңызды түсініп қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның ең әдемі қаласының рухына, көне дәстүрлеріне өзіңіздің қатысты екендігін сезінесіз, өйткені «Достық» қонақ үйі қаланың бірнеше маңызды кварталдарын қамтитын «Алтын квадрат» деп аталатын аймақта орналасқан. Бұл көне Алма-Атының рухын білдіретін тарихи орталық. «Достық» қонақ үйі заңмен қорғалатын сәулет ескерткіші ретінде бола отырып, осы рухтың ең құнды әрі теңдесі жоқ белгілерінің бірін білдіреді.
Ең үздік салт-дәстүрлерді сақтай отырып, өткен заманның тынысын шығармай бүгінгі қонақ үй өзінің бесінші жұлдызымен ескі «Достық» шатырының астына ХХІ ғасырдың жанға жайлы интерьерін, заманауи дизайнның балғындығын жинай отырып, технологиялық кемел үлгісін жасап жаңа мән-мазмұнға ие болды.
«Достық» қонақ үйі сыртынан қарағанда маңғаз әрі монументалды, интерьері еуразия даласының рухын – еркіндікті, ашықтықты, жомарттықты жинағандай. Табиғи жарықтың мол болуының, биік төбенің, үй-жайлардың кең көлемдерінің, классикалық модерн стиліндегі алдыңғы қатарлы дизайнның арқасында Қонақ үй холлдарында кеңдік пен еркіндік, тыныштық пен жанға жайлылық, адамға деген махаббат, оған деген қамқорлық жасау сезімі туады.
«Достық» — беделді аудандағы айтулы қонақ үй. «Достық» — Қазақстанның Оңтүстік астанасының тәжіндегі інжуі.
Достық әні
с. Б.Тәжібаев
ә. Е.Хасанғалиев
Куә бол достыққа асқар тауым
Куә бол жасыл бел, бақша-бауым
Ән қостым аңсарым-арманыма
Сән қостым жан-жарым-ардағыма!
Куә бол, дүние
Куә бол, дүние
Махаббат ән-күйме!
Куә бол қашан да нұрлы аспаным
Менің бұл өзіңмен сырласқаным
Өмірден бір жұлдыз алдым таңдап
Мен соған айтамын әнімді арнап!
Нұр сәуле жинаған жанарына
Жаз көркін жинаған ажарына
Жанымда жүргенде ғашық жарым
Достықтың күйіне қосыламын
Куә бол, дүние
Куә бол, дүние
Махаббат ән-күйме!