Драгунов мергендік винтовкасының (ДМВ) материалдық бөлімі
Мергендік винтовканың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы
7,62 mm Драгунов мергендік винтовкасы (16-сурет) мергеннің каруы болып табылады және ол әр түрлі күтпеген жерден шыға келген, жылжып келе жатқан, ашык және бүркемеленген жеке нысаналарды жоюға арналған.
Мергендік винтовкадан жүргізілетін атыс 800 м-ге дейінгі қашықтықта мейлінше тиімді болады. Атыстың көздеу қашықтығы: оптикалық көздеуіштен — 1300 м, аіыык көздеуіштен — 1200 м. Кеуделік фигураға тура ату қашықтығы — 430 м, ал көшпелі фигураға — 640 м. Ұрыстық ату жылдамдығы бір минутта 30 атысқа дейін. Сүңгі-пышақсыз, оптикалық көздеуішті мергендік винтовкасының салмағы жабдықталмаған оқжатар мен дүмі жагын қоспағанда 4,3 кг болады.
Мергендік винтовкадан атыс жүргізу үшін жай, жарқырағыш және сауыт бүзғыш-өртегіш оқтар мен винтовкалық патрондар немесе винтовкалық мергендік патрондары қолданылады. Мергендік винтовкадан ату дара атыстармен жүргізіледі. Атыс кезіндегі патрондар 10 патрон сыятын қорапша оқжатардан беріледі.
Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері
Мергендік винтовка төмендегідей негізгі механизмдер мен бөлшектерден тұрады (17-сурет):
- ашық кездеуіш және дүм, корапшасы бар үңғыдан;
- қайтармалы механизмнен;
- бекітпе жақтауынан;
- бекітпеден;
- реттеуіші бар газ түтігінен, газ поршенінен және серіппелі итергіштен;
- ұңғы жабуынан (оң және сол);
16-сурет. Драгунов винтовкасының жалпы көрінісі
17-сурет. Мергендік винтовкасының механизмдері: 1 — ашық көздеуіш және дүм, ұңғы корапшасы бар ұңғы; 2 – ұңғы корапшаның какпары; 3 — кайтармалы механизм; 4 – бекітпе жақтауы; 5 — бекітпе; 6 — реттегіші бар газ түтігі; 7 — газ поршені; 8 — серіппелі итергіш; 9 — ұңғы жабуы; 10 — соққы-ағыткыш механизм; 11-тежегіш; 12-оқжатар; 13 — дүм жағы; 14 — оптикалық көздеуіш; 15 — сүңгі-пышақ
- соққы-ағытқыш механизмнен; тежегіштен;оқжатардан; дүм жағынан; оптикалық көздеуіштен; сүңгі-пышақтан.
Мергендік винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің оқтаулы кезіндегі жұмысы
Мергендік винтовканы оқтау үшін оған жабдықталған оқжатарды біріктіріп, тежегішті төмен түсіре (оны «Ату» жағдайына қойган кезде — «О» әрпі көрініп тұруы тиіс), бекітпе жақтауын соңына дейін апарып, жіберу керек. Осылайша винтовка оқталады. Егер бірден оқ атылмаса, онда тежегішті жоғары көтеру қажет (винтовканы тежегішке қойған кезде «П» әрпі көрініп тұруы тиіс).
Оқжатарды біріктіру кезінде оның ілмегі ұңғы қорапшасының ойығына кіреді, ал тіреу дөңес ілмекке ілініп қалады, оқжатар ұңғы қорапшасының терезесінде тұрады.
Тежегішті «Ату» жағдайына қойған кезде қайта оқтау сабының қозғалысы үшін ойық ашылады, ал тежегіш осінің жуандаған бөлігіндегі ойықтар құрықша құйрықшасы мен қалқанша шектегішке қарсы орналасады (құрықша құйрықшасы мен ағытқыш ілмек босатылады).
Бекітпе жақтауын артқа қарай әкелгенде, ол бекітпенің жетекші дөңесіне фигуралық алдыңғы қиғашымен әсер етіп, бекітпені солға бұрады, бекітпенің қрыстық дөңестері ұңғылы қорапша ойықтарынан шығады — бекітпе ашылады. Бекітпе жақтауының дөңесі автоағытқыш рычагын босатады, автоағытқыш құрықшасы қрыстык серіппе әсерімен шүріппенің алдыңғы жағына қысылады. Бекітпе жақтауын одан әрі артқа апарғанда, онымен бірге ұңғы арнасын аша бекітпе шегінеді; қайтармалы серіппе қысылады; шүріппе бекітпе жақтауының дөңесі, ойығындағы қиық әсерімен артқа бұрылады, ұрыстық серіппе айналады; шүріппенің ұрыстық қайырмасы құрықша ілмектің артына өтіп кетеді, ал автоағытқыш шүріппесі автоағытқыш қайырмасынан секіріп кетеді.
Бекітпе жақтауының төменгі жалпақтығы оқжатар терезесінен өте салысымен патрондар оқжатар серіппесі әсерімен оқжатар қабырғаларының бүгілмесіне жоғарғы патрон тірелгенше кетеріледі. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауының артқы қалыптағы қозғалысы ұңғы қорапшасының қақпағының сынасымен шектеледі.
Бекітпе жақтауын жібергенде, ол бекітпесімен бірге қайтармалы механизм әсерімен алға жылжиды, бекітпе оқжатардан жоғарғы патронды итеріп шығарып, оны оқтықка жібереді және ұңғы арнасын жабады. Осыдан кейін бекітпенің ок беру қозғалысы тоқтайды.
Бекітпе ұңғының оқталатын қиығына келгенде, лақтырғыш ілмегі оқсауыттың сақиналы тесігіне кіреді: бекітпе ұңғы қорапшасын дөңесінің қиығының бекітпенің сол жақтағы ұрыс дөңесінің қиығына әсері күшінен бекітпе алғашқы айналым жасайды, ал содан кейін алға жылжыған бекітпе жақтауындағы фигуралық ойықтың бекітпенің жетекші ойығына әсер етуінен бекітпе бойлық осінің айналасында оңға бұрылады; бекітпенің ұрыстық дөңестері ұңғы қорапшасының тіреулерінің артына кіреді, бекітпенің жетекші дөңестері бекітпе жақтауының фигуралық ойығының тіке участогіне кіреді — бекітпе жабылады.
Мергендік винтовкадан ату тәсілдері
Мергендік винтовкадан ату жергілйсті жер сипаты мен қарсыластың атысына байланысты жату, отыру, тізерлеу және тұру жағдайларында жүргізілуі мүмкін.
Ұрыс жағдайларында мерген ату орнын командир пәрмендері бойынша немесе өз бетімен иеленіп, жабдықтайды. Ол үшін ең жақсы шолу мен атқылауды қамтамасыз ететін, қарсыластың атысы мен бақылауынан мергеннің тасалануына мүмкіндік беретін, ату тәсілдерін орындауға ыңғайлы және қарсыласты бір рет атқанда жоюға ыңғайлы орын таңдау керек. Жағдайға байланысты ату орны оқпанада снарядтан қорғану шұңқырларында, орларда, тастар мен кесілген томарлардың арт жағында және т.б. таңдалынып алынады. Елді мекендерде ату үшін орын ретінде ғимараттар терезесі, шатыр, құрылыс іргетасы және т.б. таңдалынуы мүмкін.
Атыс жүргізу үшін айрықша көрінетін жергілікті жекеленген заттарға жақын орынды, сондай-ақ қырат жоталарды таңдауға болмайды.
Атыс жүргізуге орын иемдену үшін, Мысалы: «Мынадай мерген, атыс орны ана жерде — ұрысқа!» пәрмені беріледі. Бұл пәрмен бойынша мерген жергілікті жер жағдайын ескере отырып, көрсетілген орынды иемденіп, атысқа дайындалады. Шұғыл атыс жүргізу үшін винтовкаға оптикалық көздеуішті қосып алып жүреді.
Атыс орнын ауыстыру үшін, мысалы, мынадай пәрмен беріледі: «Мынадай мерген, ана жаққа жүгіріп барсын — алға!» Мерген орын ауыстыру кезінде ату үшін жаңа орынға жылжу жолын, аялдау үшін Жолдың тасаланған учаскелерін жөне егер пәрменде көрсетілмесе, онда жылжу тәсілдерін белгілеп алады. Жылжу алдында винтовка тежегішке қойылады.
Жергілікті жер сипаты мен тасалар болуына байланысты мерғен жүгіре, шапшаңдатылған адыммен, жүгіре өтіп немесе жер бауырлай жылжиды.
61-сурет. Жер бауырлай жылжу кезінде винтовканы ұстау әдісі
Жүгіре, шашпаңдатылған адым және жүгіре өту кезінде винтовканы ыңғайлылығына қарай бір немесе екі қолмен ұстауға болады. Жер бауырлай жылжу кезінде винтовканы оң қолмен үстіңгі қазықша бекітілген баудан немесе ұңғы жабуынан ұстайды (61-сурет).
Ұрыстағы атыс міндетін дүрыс орындау үшін мерген винтовкадан ату тәсілдерін жетік білуі, атыстың барлық тәсілдерін ұрыс алаңына бақылау жасауды тоқтатпай, дәл де шапшаң орындай білуі керек.
Әрбір мерген атыс тәсілдерін орындаудың жалпы ережелерін басшылыққа ала отырып, өзінің жеке ерекшеліктерін ескеріп, атысты нәтижелі жүргізу үшін басын, денесін, колы мен аяғын оңтайлы, түрақты және бір жаққа қоюы керек.
Мергендік винтовкадан ату: атысқа дайындықтан, атыс жүргізу мен атысты тоқтатудан тұрады.
Атыс жүргізу
Винтовкадан атыс пәрмен бойынша немесе қойылған міндеттер мен жағдайға байланысты өз бетінше жүргізіледі.
Атыс жүргізуге берілетін пәрменде: мергеннің аты-жөні, нысана, көздеуіш, бүйірлік түзеткіші мен көздеу нүктесі көрсетіледі: «Мерген Әлімовке, пулемет бойынша — бес, солға— бір, нысанаға — ат!»
Көздеуіш, бүйірлік түзеткіші мен көздеу нүктесі мергенге атап көрсетілмеуі де мүмкін, мысалы: «Мерген Мұратовқа, атыс ойығы бойынша — ат!» Бұл кезде мерген өз бетінше анықталған қондырғылар бойынша атыс жүргізеді.
65-сурет. Тұрып ату 66-сурет. Көздеуішті кою және бүйірлік
жағдайы түзеткішті енгізу: a — көздеуішті қою;
ә-бүйірлік түзеткішті енгізу
Атыс жүргізуге: көздеуішті қою, бүйірлік көрсеткішті енгізу, дүмді, көздеуішті калыіща келтіріп, үрыстык қайырмадағы шүріппені ағыту енеді.
Кездеуішті қою мен оптикалық көздеуіштің бүйірлік түзеткішін енгізу үшін винтовканы өзіне, бұрама шкаласының бөлінісін жақсырақ көру үшін жақындатады: жоғарғы бұраманы айналдыра отырып, көздеуіштің қажет бөлінісін көрсеткішке қарсы қояды (66,а-сурет); бүйірлік бұраманы айналдыра отырып, көрсеткішке қарсы бүйірлік түзеткіш шкаласының талап етілген бөлінісіне қояды (66,ә-сурет).
Бүйірлік түзеткішті енгізу кезінде: оңға түсудід орташа нүктесіне қою үшін қара санды шкаланы, оны солға бүру үшін кызыл санды шкаланы қолданады.
Ашық көздеуішті қою кезінде винтовканы өзіне жақындатып, үлкен және сұқ саусақпен қамыт ілгешегін қысып, оны көздеуіш тақтайшасы бойымен алға, оның алдыңғы шеті көздеуіш тақтайшасының керекті бөлінісіне жеткенше жылжытады.
Винтовканы кою үшін оны тежегіштен алып тастау керек (егер ол тежегішке қойылса), ол үшін сол қолмен үщы жабуынан немесе оқжатардан, ал оң колмен дүмді үстап, нысананы көз алдынан жоғалтпай, винтовканың дүмін арткы иыққа толық тіреу керек; басты алға иіп, мойынға көп күш түсірмей, оң бетті дүм жағына тигізу қажет; оң қолдың сұқ саусағын шүріппеге салу керек.
Шынтақты қою:
жатып, оқпанадан, тізерлеп және түрып ату кезінде
67-сурет. Жатып ату кезінде винтовканы ұстау әдістері: a — ұңры жабуынан ұстау; ә — оқжатардан ұстау
шынтақты ыңғайлы жағдайда иық кеңдігіне мөлшерлеп, жерге қою керек;
- тізерлеп оқпанадан тыс ату кезінде сол қол шынтағы сол аяқ тізесінің етті жеріне немесе одан біраз жылжытып қою керек. Ал, оң қол шынтағын иық биіктігіне мөлшерлеп қоямыз (68,а-сурет);
- тұрып оқпанадан тыс ату кезінде оң кол шынтағын иық биіктігіне мөлшерлеп көтеру керек (68,ә-сурет);
- отырып ату кезінде екі кол шынтақтарын немесе егер мергенге ыңғайлы болатын болса, тізеден түсіре қою керек (68,6-сурет).
Егер винтовканы иық ұстап тұру үшін атыс кезінде бау қолданылатын болса, бауды сол қол саусақтарының астына, ол оны ұңғы жабуына қысып тұратындай етіп орналастыру керек (69-сурет).
Оптикалық көздеуіштің көмегімен көздеу жүргізу үшін оң көзді көздеуіштің оптикалық осінің бойымен көз
68-сурет. Тізерлеп, тұрып жөне отырып ату кезінде винтовканы ұстау әдістері:
a -тізерлеп; ә-оқпанадан тыс тұрып; б — отырып
қалқанында ұстау керек, ал сол көзді қысуға болады; шынтақты ауыстыра отырып, егер қажет болса, дене мен аяқты көздеу нүктесіндегі тор бүрышының үшына келтіру керек, дәл осы сәтте, оң колдың сүқ саусағының алғашқы буынымен ағытқыш ілмекті түзету шкаласы көлденең орналасуы керек және мерген көздеуіш маңындағының бәрін көруі керек.
Егер мергеннің көзі оптикалык осьтен жоғары не төмен жаққа ауысқан болса, көз бағытталған көздеуіштің көру алаңында ай тәрізді көлеңке пайда болады. Ай тәрізді көлеңке болған жағдайда ок көлеңкеге қарсы жаққа ауытқиды.
Ашық көздеуіштің көмегімен көздеу кезінде сол көзді кысып, ал оң көзбен көздеуіш тақтайшасының ойығы арқылы қарауылдың төбесіне қарауыл көздеуіш ойығының ортасында, ал оның ұшы көздеуіш тақтайшасындағы белгілердің үстіңгі шетімен бірдей болатындай етіп қарау керек, яғни «тегіс қарауылға» көздеуішті қолданып алу керек; «тегіс карауылды» көздеуіш нүктесіне келтіріп, онымен бір кезде ағыткыш шүрілпені басу керек.
Атысты тоқтату
Атысты тоқтату уақытша немесе толық болуы мүмкін.
Атысты уақытша тоқтату кезінде: «Тұр!» немесе «Атысты тоқтат!» пәрмені беріледі. Мерген осы пәрмен бойынша ағытқыш ілмекті басуын токтатып, винтовканы тежегішке кояды жөне кажет болса, оқжатарды ауыстырады.
Окжатарды ауыстыру үшін оны винтовкадан бөліп алып, жарақталған оқжатарға қосу керек. Егер оқжатардағы барлық патрондар шығындалған болса, онда винтовка жарақталған оқжатарға қосылған соң, бекітпе жақтауын қайта жарақтау тұткасынан кері шегеріп, босату керек және винтовканы тежегішке койған жөн.
Атысты толық тоқтату үшін: «Тұр!» немесе «Атысты тоқтат!» пәрмендерінен соң, «Оғын ал!» пәрмені беріледі. Бұл пәрмен бойынша мерген үстіңгі және төменгі бүрамаларды «0»-ге қойып (көздеуіш қамытьш шегіне дейін беріл, көздеуішті «П»-ға кою керек), винтовканың оғын алып, әрі қарай жағдайға сәйкес қимылдау керек.
Жатып ату кезінде мерген винтовканы ұңғы жабуынан он қолмен ұстап, дүмді жерге босатып, ұңғы бөлігін сол колдың білегіне қою керек. Оқпанадан ату кезінде винтовканың оғы алынған соң, оқпананың топырақ қалқасына қайта оқтау тұтқасын төмен қарата қоюға болады (оптикалық көздеуішті жоғары қарата). Егер дереу оқ ату көзделмесе, онда бленданы орнына қойып, объективке қалпақ көздеуішке қап кигізу керек немесе оптикалық көздеуішті винтовкадан алып, сөмкеге салу керек.
Винтовканың оғын алу үшін:
- оқжатарды бөлу керек;
- винтовканы тежегіштен алу керек;
- бекітпе жақтауын қайта оқтау тұтқасынан жайлап кері шегіндіріп, оқтықтан патрондарды алып, бекітпе жақтауын түсіру керек;
- ағытқыш ілмекті басу (шүріппені ұрыстық қайырмадан түсіру) керек;
- винтовканы тежегішке қойып, винтовканы бауынан ұстау керек (егер атыс түрегеп тұрып жүргізілген болса), ал атыс жатьш немесе тізерлей жүргізілген болса, жерге қою керек;
- оқжатардан патрондарды алып, оны винтовкаға қосу керек;
—оқтықтан алынған патрондарды іріктеу керек.
Патрондарды оқжатардан шығару үшін, патрондарды жоғары қаратып, оқтарын өзінен сыртқа қаратып оқжатарды сол қолға ұстау керек, оң қолмен оқсауыттың көмегімен патрондарды біртіндеп өзінен сыртқа қарай оқжатардан итеріп шығару керек (72-сурет).
Жатып ату жағдайында атыстан кейін тұру үшін екі қолды кеуде тұсына тартып, винтовканы оң қолмен үвды жабуынан ұстап тұру керек, сонымен бірге екі аяқты бір-біріне қосып (73,а-сурет ) қолды дереу түзетіп, кеудені жерден көтереміз де, оң (сол) аяқты алға қарай шығарып (73,ә-сурет) дереу тұрып, егер керек болса, қозғалысты бастау қажет.
САПТЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
Саптық дайындық — әскери тәртіпке үйретіп, тәрбиелейтін басты маңызды пәндердің бірі. Ол сарбаздарды (матростарды) саптық бойды түзетуге, ширақтылыққа, ептілікке, тәртіптілікке, жеке саптық тәсілдерді сонымен қатар бөлімше құрамында үйлесімді қимылдарды дұрыс және жылдам орындауға бағытталған (арналған). Саптық дайындық төмендегі бөліктерден тұрады: жеке дайындық қарумен және карусыз орындалатын саптық тәсілдерді жекелей үйрету: машиналарда, жаяуланған ретте бірлесіп қимыл жасау үшін бөлімшені (есептоптарды, экипаждарды) взводтарды, роталарды (батареяларды) батальондарды (дивизиондарды) және полктерді даярлау және үйлестіру; бөлімшелер мен бөлімдердің саптық байқауы, сондай-ақ ұрыс алаңында әскери қызметшілердің қозғалыс жасау тәсілдері.
Саптық дайындық сабақтар кестесімен қарастырылған оқу уақытында өткізіледі. Ол тактикалық дайындық атыс дайындығы және дене шынықтыру сабақтарында, күн сайьш өткізілетін қозғалыстар мен сапқа тұру кезінде, басқа да сабақтарда жетілдіреді.
Машиналар жанындағы және машинадағы сарбаздардың іс-әрекеті
Автомобильдер жанына can құру. Автомобильге отыру және орналасу.
Бөлімшелер мен бөлімдер жазылма сапқа машиналардың бойымен маңдайшеп бойынша бір сызық бойымен, ал взводтардың және роталардың лектері жарғымен белгіленген немесе командир белгілеген машиналардың және бөлімшелердің арасындағы аралықтар мен арақашықтықтарда сапқа тұрады. Бұл ретте жеке құрам машиналарда болады немесе машиналардың алдында взводтардың және роталардың бойымен соңғы қатар машиналардың алдында үш адымнан жақын емес болатындай екі қатарлы немесе бір қатарлы саппен сапқа тұрады; машиналардың механик-жүргізушілері және жүргізушілері өз бөлімшелеріндегі сапқа тұрады.
Жаяу әскерді машиналарға және бронетранспортерлерге, сондай-ақ автомашиналарға және басқа машина-ларға отырғызу кезінде бөлімшелерде қажет болған кезде әскери кызметшілерге және әскери мүліктерге машиналар бойынша санақ жүргізіледі және отырғызу тәсілі көрсетіледі. Жеке құрамды машиналарға отырғызу алдында қарудың оқталғандығы тексеріледі, ал егер қозғалыс окталған қарумен жүргізілсе, онда олардың тежегішке қойылғандығы тексеріледі; сүңгі-пышақтар (сүңгілер) алып тасталады (қайырылып тасталады).
«Машинаға!» пәрмені бойынша жаяу әскердің машинасымен және бронетранспортермен, сондай-ак автомобильмен және танкімен тасымалданатын жеке құрам машинаның алдына 84—85 суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрады. Борттардан отырғызу кезінде бөлімшенің жеке кұрамы отырғызу люктерінің немесе артқы дөңгелектің (катоктың) деңгейінде лектерінің бастарымен қатарласады. Осы пәрмен бойынша танкінің экипажы танкінің алдына бір қатарлы сапқа тұрады. Танкінің командирі алдыңғы шынжыр табаннан екі адым алда түрады; экипаждың қалған күрамы — командирден солға карай түрады.
Топографиялық карта жайлы түсінік. Картамен жұмыс жасау
Карта — бұл жер бетінің белгілі бір шарттар бойынша жазықтықта (қағазда) кішірейтіліп бейнеленуі. Халық шаруашылығы мең әскери істің қажеті үшін түрлі карталардың көп мөлшері дайындалады. Оларды масштабы, әлеуметтік мазмұны, қолданылуы (мысалы, географиялық, топографиялық, өндірістік, орман, жол, геологиялық, топырақты, оқулық) бойынша топтастырады. Топографиялық картаның географиялық картадан негізгі айырмашылығы — оның масштабында. Оларға: 1:25 000 — 1:100 000 масштабына дейінгі карталар жатады.
Әскери істе карталар кеңінен қолданылады. Олар жергілікті жер туралы мәліметтің қайнар көзі, әскерлердің ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады. Ол мотоатқыштар, артиллеристер, ракеташылар, танк әскерлері, ұшқыштар және басқа мамандарға қажет. Картамен бейтаныс жерлерде бағдарлану жасалынады, ұрыс қимылдарын жүргізуге шешім қабылданады; марш жасалады; ракета жіберу мен артиллерия атысы үшін мәліметтер дайындалады, жергілікті жерде инженерлік жабдықтау бойынша есеп айыру мен өлшеулер жүргізіледі; нысана координаттары анықталады, нысананы көрсету жүзеге асырылады.
Карталар масштабы
Картада жергілікті жер кішірейтілген түрде көрсетіледі. Картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтың ұзындығына қатынасы карта масштабы деп аталады. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр түрлі болуына орай, масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:10000 — он мыңдық, 1:25000 — жиырма бес мыңдық, 1:50000 — елу мыңдық, 1:100000 — жүз мыңдық, 1:200000 — екі жүз мыңдық, 1:500000 — бес жүз мыңдық, 1:1000000 — миллиондық.
Қабылданған масштабтық қатар ел қорғанысы мен халық шаруашылығын қанағаттандырып, бір масштабтан келесіге жеңіл ауысуды (көшуді) қамтамасыз етеді.
1:25 000 (1 см-ге 250 м) масштабтағы карта — ең толық, әрі дәл карта, бөлім мен бөлімше командирлерінің су тосқауылдарын бұзуда, қалаларда ұрыс әрекеттерін жүргізу, инженерлік ғимараттар салу кезінде жергілікті жердің шағын жекеленген учаскелерін мұқият зерттеп, бағалауға арналган. Ол артиллерияның атысқа даярлануы кезінде жергілікті жерді инженерлік жарақтандыру жөнінде шараларды орындау мен жоспарлауда дәл өлшеу және есептеу үшін қолданылады.
1:50 000 (1 см-ге 500 м) масштабты карта жергілікті жерді зерттеп, бағалауға, бағдарлауға, нысананы көрсетуге арналған және оны, әдетте, бөлімшелер мен бөлімдер әр түрлі ұрыстарда, әсіресе қорғаныс ұйымдастыруда қолданады. Шабуыл кезінде ол қарсылас қорғанысын, су тосқауылын бұзуда, әуе жөне теңіз десанттарын түсіруде, сондай-ақ елді-мекендер үшін ұрыс әрекеттерін жүргізуде жергілікті жерді зерттеп, бағалау үшін қолданылады. Бұл карта сондай-ақ артиллерияны атысқа даярлау, әскери-инженерлік ғимараттарды жобалау және жергілікті жерді инженерлік жарақтандыру бойынша есептеулерді орындау үшін де қолданылады.
Карта бойынща қашықтықты өлшеу
Өлшеуіш- циркульмен өлшеу. Циркульді өзінен сәл евдстеу ұстап, оның инелері өлшейтін кесіндінің шеткі нүктелеріне койылады (90-сурет); циркульдің адымын өзгертпей, оны сызықтық масштабқа қойып, сол аяғы нөлдің сол жағынан келетіндей, ал оң аяғы нөлдің оң жаіынан, бөлулердін бірінде дәл тұру тиіс, сонан соң ізделінетін қашыктық неше метрге немесе километрге сәйкес келетіні жазылу бойынша есептелінеді.
Картаның сызықтық масштабына сыймайтын ұзын сызықтар бөлшектеніп өлшелінеді. Қисык сызықтағы қашықтық циркуль адымымен (кішігірім адыммен) өлшенеді. Әдетте, циркуль адымының ұзындығы 1 немесе 0,5 см-ге тең.
Маршрут ұзындығын өлшеу
Картада маршрут ұзындығын, әдетте, курвиметрмен өлшейді (91-сурет). Қалыпты курвиметрде карта бойынша қашықтықты өлшеу үшін екі шкала болады: бір жағынан -метрлік (0-ден 100 см-ге дейін), екінші жағынан — дюймдік
90-сурет. Өлшеуіш- 91-сурет. КУ-А курвиметрі:
циркуль сызықтық 1— корпус; 2 — шкала; 3 —
масштаб бойынша картада меңзер; 4 — көрсеткіш; 5 —
қашыктықты өлшеу айналдыру дөңгелекшесі
(0-ден 39,4 дюймге дейін). Бұл аспаптың төменгі жағындағы айналдыру дөңгелекшесі тісті берілістер жүйесі арқылы меңзермен жалғанған. Картадағы сызық ұзындығын өлшеу үшін алдымен дөңгелекшені айналдыра отырып меңзерді шкаланың бастапқы (нөлдік) бөлініске қойып, дөңгелекшені өлшенетін сызық бойымен сырғанату керек. Курвиметр шкаласы бойынша алынған санды карта масштабының шамасына көбейту керек.
Курвиметр жүмысының дұрыстығын сызықтың белгілі ұзындығын, мысалы, картадағы километрлік тор сызықтарының арақашыктығы өлшеу жолымен тексереді. 50 см ұзындықты өлшеу кезінде курвиметрдің қателігі 0,25 см-ден аспайды. Маршрут ұзындығы өлшеуіш циркульмен де өлшене алады.
Карта бойынша өлшенген маршрут ұзындығы нақтылы үзындықтан біршама кысқа болады, өйткені картаны, әсіресе ұсақ масштабты картаны құрастырғанда, жолдар түзуленеді.
Географиялық координаттар жүйесі
Топографияда географиялық және жазық тікбұрышты координаттар кеңінен қолданылады. Бұл координаттар жүйесі жүмыс істеуде өте ыңғайлы; олар арқылы объектілердің тікелей жергілікті жерде картада қалай орналасуы, сондай-ақ оңай анықталады.
Географиялық координаттар дегеніміз — жер бетіндегі кез келген нүктенің экватор жазықтығы мен меридиан жазықтығына қатысты орнын анықтайтын бұрыштық шамалар (бойлық пен ендік) (92-сурет).
Топографиялық карталарда меридиандар мен параллельдердің сызықтары карта бетінің ішкі жақтаулары кызметін аткарады. Карта бетішң ішкі жақтауының бұрыш тарында сШың қабырғаларын қүрайтьш меридиандардың бой-лыгы мен параллельдердің ендігі жазылады (93-сурет).
Сыртқы және ішкі жақтаулардың арасында минуттық жақтау беріліп, ол кесінділерге бөлінген, кесінділер сәйкестігі бір минутқа тең карталар масштабы 1:10 000 -1:100 000 карталар үшін бір минутқа сәйкес келеді. Әрбір минуттық кесінді нүктелермен алты теңдей бөлікке бөлшектенген (бір бөлігі 10″ сәйкес). Топографиялық картаның ішінде меридиандар мен параллельдер жүргізілмейді.
92-сурет. Географиялық
(геодезиялык) координаттар:
в (φ) — М нүктесінің кендігі;
L(A) —оның ұзындығы
93-сурет. 1:100 000 масштабты географиялық карта
Сондықтан да ендік нүктелерін анықтау үшін, ол арқылы параллель жүргізу қажет, яғни шығыс және батыс жақтарындағы минуттық шкаласында бір атаулы бөлшектерді біріктіретін түзу, сонан соң осы шкалалардьщ біреуі бойынша ендікті есептейді. Бұл кезде парақ бойына параллель жүргізу қажет емес, тек ендік есептеуі жүргізілетін минут шкаласымен қиылысу нүктесін қыска штрихтармен белгілеп шығу қажет.
Жазық тікбұрышты координаттар жүйесі
Жазық тікбұрышты координаттар жазықтықтағы координаталар осіне қатысты нүктенің орнын анықтайтын сызықтың шаманы білдіреді.
Топографияда жазық тікбүрышты координаттар жүйесі төмендегідей түрде салынған. Жер шарының беті алты градустық аймақтар бойынша жазыктыққа жазылады (95-сурет). Олардың есебі Гринвич меридианынан шығысқа қарай бірден алпысқа дейін жүргізіледі.
Абсцисса осі х (тік ось) ретінде әрбір аймақта осьтік меридианның бейнесі, ал ордината осі у (горизонтальды ось) — ретінде экватор бейнесі қабылданады. Олардың қиылысуы—0, координат басы (96-сурет).
ТМД елдері үшін х абсциссалары оң шаманы, ал у ординатасы — оң да, теріс те шамада болады. Ординатаның теріс шамасын жою үшін әрбір аймақтың меридиавдағы осьтік у ордината шамасын 500 км-ге тең деп қабылданған, яғни х осі батысқа 500 км-ге ауысады. Сондықтан да у координаты 500 км-ден артьщ барльщ нүктелер, у координаты осьтік
96-сурет. Аймақтық 97-сурет. Алты градустық аймақтағы
координаттар жүйесі тікбұрышты координаттар жүйесінің осі
меридианнан шығысқа карай, ал шамасы 500 км-ден кішісі батысқа қарай орналасқан (97-сурет).
Әрбір аймақта тік және көлденең сызыктарға өзара перпендикуляр тор салынады, олардың алғапщысы х осіне, екіншісі у осіне параллель. Бұл тор тікбұрышты координаттық тор деп аталады, картада ол квадраттар жүйесімен көрсетіледі. Оны сондай-ақ километрлік деп атайды, өйткені сызыктар түтастай километрлер саны арқылы жүргізіледі.
Километрлік тор салынған алты градустық аймақ картаның жеке парақтары түріндегі бөлімдерге бөлінеді. Картаның әрбір парағы барлық аймақ үшін бірдей координаталық торлар бөлімдерімен жабылған.
Жақтау сыртына шыға берісте шақырымды тор сызықтарында абсцисса және ординаталарының шамасы жазылады (98-сурет). Жақтау бұрыштарына таяу координата сызықтары толығымен, ал қалғандары қысқартылып (соңғы екі саны) жазылады.
Шақырымдық тор карта бойынша нүктелердің координатын анықтауға және белгілі координаттар бойынша картаға объектілерді салуға, дирекциондық бұрыштарды өлшеуге, сондай-ақ объектілерді көрсету немесе табу үшін қолданылады. Сонымен бірге, тор «көз мөлшерімен» қашықтықты және ауданды бағалауға көмектеседі.