АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Джордж Вашингтон

Джордж Вашингтон

1732-1799

     Джордж Вашингтон – американ мемлекеттік қайраткері, Солтүстік Америкада 1775-1783ж.ж. тәуелсіздік үшін жүргізілген соғыс кезінде американ армиясының бас қолбасшысы, АҚШ-тың тұңғыш президенті (1789-1797). Бай плантатор-құл иеленушінің семья-сында туған. Ол барлық ғылымдарды, сонымен қатар, топография мен әскери та-рихты өз еркімен оқыған. 16 жасында ол топографиялық экспедицияда, содан кейін Потомакте жұмыс істеді. 1751 жылы бай мұраға ие болып, үндістерден жаулап алынған жерлерді сатумен айналысатын Огайстік компанияда пайщик болып жұ-мыс істеген. 1751 жылдан бастап Маунт-Вернон иелігінің қожасы және Вергиния жасағындағы төрт округтің бірінде қолбасшы (майор шенінде) болды. Көп кешік-пей, Вашингтон колониялық милицияда «майор» атағына ие болды. 1754 жылы Дюкен фортының маңында француз әскерлерімен болған соғысқа қатысты, Несессити флотын (қазіргі Пенсильвания штаты) қорғағанда құлдыққа түсті. Француздықтар Вашингтонды және оның әскерлерін бір-бірлеп жіберді. Содан соң Вашингтон қызметінен босатылды. Бірақ, келесі жылы қайтадан «подполковник» атағына ие болды.

     1756 мамырда Еуропада Жеті жылдық соғыс басталып, осы соғыста Англия Франциямен беттескенде, полковник Джордж Вашингтон француздықтардан батыс шекарасы Вирджиния штатын қорғады. Жеті жылдық соғыстың (1756-1763) кезін-де полковник Вашингтон Виргиния әскеріне басшылық етті. 1759 жылы әскери қызметті тастап, Ферфакс графтығында сот қызметін атқарды әрі Виргиния азамат-тық палатасының мүшелігіне сайланды. 1774 жылы Филадельфия қаласында шақы-рылған отарлар өкілдерінің Континенттік конгресіне мүшелікке сайланды. Кон-грестің отарлардың құқын  кеңейту жөнінде  Британия короліне жолдаған өтініші қанағаттандырылмауына байланысты көтеріліске шыққан Америка әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды. Алғашқы кезден ол өзін қабілетті саясаткер ретінде танытты. Соғыс аяқталғаннан кейін ол өзінің иелігіне қайтіп келіп, ондағы құлдарға азаттық берді және елде құлдықты заңды түрде жоюға үлкен үлес қосты.

          Дюкен флотына ол қашқан жасақшылардан кейін француздар және олардың бірлестері үндістер оларға қақпан құрып, отрядтың қолбасшысы ағылшын генера-лы Брэддокты өлтіргеннен кейін Вашингтон жаңа әскери экспедицияға шығады. Бұл соғыста ағылшын жасақтарынынң жартысы қаза тапты. Вашингтон өзінің ба-тырлығын танытып, тірі қалғандарды қоршаудан алып шықты. Осы әрекеті үшін «полковник» атағына ие болып, вирджинстік жасақтардың қолбасшысы болып та-ғайындалды.

Вашингтон 1,2 құрлықтар аралық конгрестерге (1774-1775) сайланды. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларының тәуелсіздік жолындағы соғысының бас кезінде конгресс Вашингтонды көтерілісшілер қарулы күштерінің бас қолбасшысы етіп сайлады (1775ж. 15 маусым). Бұл қызметке ол қайыспас қайсар, өжет те батыл дарынды қолбасшы әрі ұйымдастырушы екенін көрсетті. Вашингтон халық бұқарасы арасында зор беделге ие болды. Тәуелсіздік жолындағы соғыстың аяғында реакцияшыл офицерлердің бір тобы монархиялық қастандық жасап, Вашингтонға таққа отыруды ұсынды. Бірақ, ол бұл ұсынысты қабылдамады. 1775-1783 жылдары Вашингтон Континентальдық конгресс депутаттарының алдына әскери киімде шығып, өзін әскер басшысы етуді ұсынды. Конгресс біртұтас Континентальдық әскер құруға келісті (Бостон қала портын басып алған американ әскерлері осылай атала басталады), тағы қосымша 6 атқыштар ротасы бірігіп Джордж Вашингтонды осы әскердің басқарушысы етіп тағайындады. Континентальдық әскер нашар үйретіл-ген және қаруланған, әр түрлі штаттардан құралған жасақтардан тұрды. Генерал Вашингтон өз алдына әскерді тұрақты әскерге айналдыруды және өзінің әскери флотын құруды мақсат етті. Вашингтон тек осы жағдайда ғана ағылшын корольдік әскерлерін жеңе аламыз деп ойлады. Көп кешікпей, американдықтар Еуропадағы Ұлыбритания қарсыласы – француз королі Людовик ХVIжәне Испания королі ІІІ Карлден көмек ала бастады.

     Басталып кеткен соғыс штаттардың бірінен соң бірі өз бетімен Англиядан тәуел-сіздігін жариялауы конгресті 1776 жылғы 4 шілдеде 13 штаттың тәуелсіздігі декла-рациясын жариялауға мәжбүр етті.

     1776 жылы 17 наурызда Континентальдық әскер (ауыр артиллерия:20 мың адам, 6 мың жасақ) Бостан қаласын қоршауда ең бірінші рет жеңіске жетті. Вашингтон артиллериялық оттық күшімен 7 мың ағылшын горнизонын басқарған, соғыста көп әскерлерінен айрылған корольдік генерал Уильям Хауды Бостаннан Галифакске қа-шуға мәжбүр етті.

     Бірақ, одан кейін Континентальдық әскерлер ағылшындардан Нью-Йорк қала-сын қорғағанда сәтсіздікке ұшырады. Лондон қоғамы Уильям Хоуға американдық колониядағы революцияны тоқтатуды хабарлап, оған көмекке ағасы Ричард Хоу-дың басқарумен әскерлер жіберді. 1776 жылы шілдеде Стэйтен-Айлен аралында британды 32 мыңдық десант орналасты (сонымен қатар, Гессеннен келген 6 мың неміс әскерлері).

     Генерал Джордж Вашингтон Лонг-Айленд және Манхэттан аралдарын қорғаған-да өз еркімен артиллерия батарейлерін тағайындап, ұйымдастырды. Бірақ, Вашинг-тонда адамдар да, қарулар да жетіспеді. Ағылшындар көтеріліске шығып, қарсы-ластарын Лонг-Айленг аралының маңында талқандады. Бұл соғыста американ әс-керлерін генерал Израэль Патнэм басқарды, одан кейін бруклин шыңын атқылай бастады.

     16 қыркүйекте американ басқарушысы Нью-Йорктан кетуге бел буды. Көп ке-шікпей, колониалдық жасақтардың аздығына, тәртібіне байланысты американ әс-керлерінен британдық тұрақты әскерлерінен қараша айындағы өте маңызды соғыс-та жеңіліске ұшырап, Вашингтон Делавэр көлі арқылы өтіп, Пенсильваниядан ше-гінуге тура келді. Ағылшындар Гудзон жағалауындағы екі қорғаныс – Форт-Ва-шингтон және Форт-Лиді басып алды. Ал, Чарлз Ли басқарған Континентальдық әскерлер қамауға түсті.

     Континентальдық конгресс Филадельфиядан солтүстік қала Балтиморға көшті. Тығырыққа тірелген конгресмендер 12 қыркүйекте Континентальдық әскердің қол-басшысы Джордж Вашингтонға диктаторлық билікті берді. Енді американдық ко-лонның тәуелсіздігі соның қолында болды.  

     Сол уақытқа дейін көтеріліске шыққан колонистерден бар-жоғы 3 мың адам қал-ды. Ағылшын генералы Уильям Хоудың жақсы қаруланған және үйретілген 34 мыңдық әскері болды. Нью-Йорктегі жеңісінен кейін ол американдық әскерлерді біратала құрту үшін көктемнің келуін күтті. Бірақ, ол Континентальдық әскерінің қолбасшысының шешімділігін және қызығушылығын еске алмады.  

     1776 жылы рождество түні Джордж Вашингтон өзінің өте атақты әскери опера-циясын жүзеге асырды. Қатқан Делавэр көлін өткеннен кейін повстандық әскерлер Трентонда аз шығынмен ағылшын горнизонын (1400 герман-гессендіктерден құ-ралған) басып алып, 900 корольдік әскер мен офицерлерді қамауға алды. Трентон-дағы көтерілісте гарнизон қолбасшысы полковник Иоган Ралл және 30 гессендіктер қаза тапты. Ал, американдықтарда 5 адам жарақаттанып, 2 адам қаһарлы суықтан қайтыс болды. Колонистерде көптеген трофейлер мен пушкалар қалды. Содан соң олар Пристонда ағылшындық отрядқа соққы беріп, үлкен әскери складты жаулап алды. Бұл жеңіс әскерлердің құштарлығын арттырумен қатар, өз еркімен британдық әскерлерден колоннаны тәуелсіз ету үшін қолдарына қару ұстап келушілердің санын көбейтті.

     Вашингтон ағылшындықтарды жеңе алмасын біле тұрып, өзіне сенімді әскерле-рін қайта ұйымдастыруды жүргізу керек деп шешті. Уақыт американдықтардың пайдасында болды, өйткені,әлемнің әр түпкірінде бұдан да көп проблемалары бар Ұлыбританияның әскерлерін көп уақытқа созылған бұл соғыс әбден шаршатып жі-берді.

     Американдықтардың революциялық энтузиазымына сеніп, Джордж Вашингтон аз уақыт аралығында тұрақты және жақсы соғыса алатын әскерлер жинап үлгерді. Енді осы әскерлер партизан отрядымен бірігіп, ағылшындарға қарсы соғысты. Бас қолбасшы корльдік әскерлердің Канададан Филадельфия қаласына кіруіне жол бер-меді және оны қорғау шараларын қолданды.

     1777 жылы 17 қазанда Саратогой қаласының маңында американдықтар жеңіске жетті – бұл жерде генерал Бэргойн басқарған қаруланған 5700 ағылшын әскерлері шоғырланған еді. Бұл соғысқа Джордж Вашингтон қатыспаса да, әскерді өзінің таңдап қойған басшылары басқарды. Саратогтік соғыстағы жеңіс колонистердің рухын күтерді. Олар Ұлыбританияны жеңіп, тәуелсіздік аламыз деп сенді.

     Тұрақты әскер дайындау үшін әскердің қолбасшысы АҚШ үкіметінің келісуімен Еуропадан әскери мамандарды шақырды. Американ әскерін дайындауда Пруссия-дан келген әскери маман барон фон Штойбеннің ролі зор болды.

     1778 жылы Солтүстіктегі соғысып жатқан ағылшындықтар өз қарсыластарын жеңе алмай жатса, ал оңтүстікте оңтүстік колонияның территориясына сәтті өтті. Сол уақытта Джордж Вашингтон ағылшындар жаулап алған Нью-Йорк штатының шекарасындағы соғыстағы әскерлерді басқарды. Еуропада Франция мен Англия-ның арасында соғыс басталайын деп жатқандықтан, Вашингтон өзінің құрған тұ-рақты әскерлерін жақын болашаққа сақтауды ұйғарды.

     Вашингтон өз есебінде қателескен жоқ. Шынымен, 1778 жылы Франция Англия-ға соғыс жариялап, американдық қарсыластарын белсенді қолдай бастады. Мыса-лы, 1779 жылы маусымда Франция Испанияның жолын қуды. Американдық коло-нистерге көмекке теңіз жағасындағы Саванна қаласындағы соғыста сәтсіздікке ұшыраған адмирал Жан Батиста д,Эстенің басқаруымен 4 мың әскерлері бар фран-цуздық флотты жіберді.

     1778 жылы 20 маусымда Монмунтік шайқас болды. Джордж Вашингтонның жарлығы бойынша генерал Чарльз Ли (жақында ғана ағылшындардың қамауынан шыққан) генерал Клинтон басқарған ағылшын әскерін қоршауға кірісті. Бірақ, соң-ғы сәтте Ли артқа шегінуді бұйырғандықтан, американ әскерлерінің арасында түсі-ніспеушілік туғызды. Сонда Джордж Вашингтонның өзі әскерлердің рухын көтер-ді, аяғында американдықтар ағылшындардың барлық әскерлерін қырғынға ұшырат-ты. Кешке қарай генерал Клинтон асығыс шегінгендіктен, Вашингтон оның әскер-лерін Нью-Йоркте қоршауға алды. Генерал Чарльз Ли әскерден шығарылды.     

     Джордж Вашингтон сол уақытта өте дарынды американ әскер басшыларының бірі – генерал Натаниэл Гринді Оңтүстікке жіберді.Көп кешікпей ол британ әскер-лерін Вирджиния штатындағы Йорктаунстік шағын аралға шегінуге мәжбүр етті. Генерал Грин Оңтүстікте басу әрекетін жасау барысында Джордж Вашингтон бола-шақта ұтатынын біліп, Солтүстікте күту тактикасын ұстанды.

    Осы уақытта континентальдық ақшаны бағалау және қаруландырудың қиыншы-лықтарына байланысты американ әскерлерінің арасында көтеріліс басталды. Бар-лығы алты көтеріліс болды және оны әскер күшімен басуға тура келді – Вест-Пойнтте, Морристаунда, Порт-Стэнвикте, қайтадан Морристаунда, помптонда жә-не қайтадан Морристаунда.

     Ағылшын әскерлері Йорктаундағы шағын аралда болғанда, Джордж Вашингтон Солтүстікте өзінің шағын әскери күші – Нью-Йорктегі ағылшын әскерлерін басып тұру үшін тағайындалған 2 мың әскері бар Уильям Хит, өзінің 9500 әскерімен Оң-түстікке аттанды. Ағылшын қолбасшысында 8 мың ғана адам болды.

     Континентальдық әскерді 7 мың француздық экспедициялық корнусы, сонымен қатар Францияның 36 әскери достық кемелері көмекке келді. Әріптестік күшті ге-нерал-лейтенант Жан Батист Донасьен де Вимер, граф де Рошамбо және адмирал де Терне басқарды. Йорктаун қаласына ең бірінші прусстік барон фон Штойбен басқарған әскерлер жіберілді. Американдықтарда көп артиллериялар мен Грибо-вальдің жаңа француздық оқ-қарулары болды.

    1781 жылы 28 қыркүйекте Йорктаун қаласын жерден теңізге дейін қоршап алды.

    Француз флоты шағын аралды Атлантика маңына дейін жаулап алғандықтан, ағылшын әскерлері көмек алумен қатар, кемелермен Йорктаун қаласынан шыға ал-мады. Ағылшын әскерлері йорктаундық қорғаныстың ішкі сызығына дейін шегініп, аяғына дейін күрескенімен, бұл мәселені шеше алмады. Артиллериялардың атқыла-уынан (американ артиллериялары түзу ату дистанциясын қолдана бастады) қатты шаршаған әскерлер Нью-Йоркте келе жатқан генерал Генри Клинтонның көмегін күтпей, американдықтарға берілуді ұйғарды. Генри Клинтон ағылшындар қарула-рын жерге қойып қойғанда келді. 1781 жылы 19 қазанда Джордж Вашингтон лорд Корнуолдан британ корльдік әскердің капитуляциясын алды. Йорктаундағы жеңіс Вашинтонның жалғыз қол-басшылық биографиясы болды, бірақ осының өзі Ұлыбритания мемлекетінен тұтас тәуелсіздік алуға көп көмектесті.

     1781 жылы қазанда генерал Джордж Вашингтон Нью-Йорк қаласын тастап, Сол-түстікке бет бұрды. Сол уақытқа дейін сэр Гай Карлтонның басқаруымен американ-дық колонадан ағылшын әскері осы қалада дайындалды.

     1782 жылы 30 қазанда АҚШ өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялауы және АҚШ пен Ұлыбританияның арасындағы соғыстың аяқталуы туралы париждік келісімге қол қойылды. Келесі жылдың 23 қарашында британ әскерлері Нью-Йорк қаласынан көшірілді. Қалаға Джордж Вашингтонның әскерлері келді. 4 желтоқсанда генерал-жеңімпаз француздық тавернеде өзінің әскерлерімен қоштасты.                                                                  

    1786-1787ж.ж. ол кедей фермерлер мен қолөнершілердің демократиялық қозға-лысын басып-жаныштаған реакцияшыл күштерге басшылық етті. 1787 жылы Ва-шингтонның төрағалық етуімен АҚШ-тың Конституциясы жасалды. Бұл конститу-ция кейбір өзгертулер мен күні бүгінге дейін сақталып келеді. 1789 жылы Вашинг-тон АҚШ-тың бірінші президенті болып сайланады (1792 жылы қайта сайланды).  Ол АҚШ-тағы екі партиялық саяси жүйенің негізін салушылардың бірі. Вашингтон ұлы француздар революциясын құттықтады, бірақ, революцияның онан әрі өрісте-уінен қорықты. Революцияшыл Франция мен еуропалық коалиция арасында соғыс басталғаннан кейін, Вашингтон 1793 жылы Американ-Франция шарты (1778) бо-йынша одақтық міндеттемесін орындаудан бас тартты. Кейінірек еуропалық мемле-кеттердің одағы мен соғыстарына АҚШ-тың қатысуына қарсы шықты. Ол құлдық-ты бірте-бірте жоюды жақтады, қайтыс болардың алдында жазып қалдырған өсие-тінде өз қарамағындағы құлдардың бәріне бостандық берді. Вашингтон тарихқа прогресшіл қайраткер ретінде енді, өйткені, ол ХVIII ғасырдағы американ буржуа-зиялық революциясының ең негізгі мәселесінде – отар елдердің тәуелсіздік алу жо-лындағы күресінде дәйекті позиция ұстады. Сонымен бірге Вашингтон дәулетті таптардың мүддесін қорғады.

     Ол конституцияға республикашылдардың ұсынысымен 10 түзетуді енгізді әрі елде саяси тұрақтылықты орнату үшін президент әкімшілдігіне федералистерді де, республикашыларды да бірдей жұмысқа қабылдады. Вашингтон ішкі саясатта сау-да мен ұлттық өнеркәсіптің тез өркендеуіне жағдай туғызды, ал сыртқы саясатта АҚШ Еуропаның ішкі мәселелеріне қатыспауы жөніндегі қағиданы ұстанды.

     Джордж Вашингтон – Виржиния штатының ірі плантация иесі, тәуелсіздік жо-лындағы тұрақты күрескер еді. Дарынды қолбасшы, жетіжылдық соғыс кезінде көз-ге түскен генерал Вашингтон тек қолбасшылығымен ғана емес, көбінесе тәуелсіз-дік ісіне және республикаға берілгендігімен, саяси қайраткер ретінде тұрақтылығы-мен әрі адалдылығымен халық сүйіспеншілігіне бөленіп, кейін АҚШ-тың бірінші президенті болды. 

     «Тәуелсіздік декларациясы» отарларды езу адамның туа біткен «бостандығы, өмір сүру және бақытқа ұмтылу жолындағы құқықтарына қайшы» екенін, көтері-ліске шыққан мемлекеттердің Америка Құрама Штаттарына бірігетінің және оның «тәуелсіз, еркін мемлекет» екенін айқындады.

     Деклерецияда барлық адамдарды «тәңірі тең етіп жаратты» және халық озбыр-ларды құлатып, өз үкіметін құруға құқылы деп көрсетілген. Құқықтың қайнар бұла-ғы деп америкалықтарда халық егемендігі мен табиғи құқық ілімі қабылданды.  Со-нымен бірге америкалықтар халық  революциялық көтеріліске шығуға және билеу-шілерді (үкіметті) қайта құруға құқылы деп көрсеткен. Бұл халық билігі идеясына жол ашқан аса батыл мәлімдеме болды. Бірақ декларация құлдықты жойған жоқ, үндістердің құқықтары жөнінде сөз қозғамады. Соған қарамастан ол адам құқықтарының алғашқы айқындамасы болды. Оның тарихи құндылығы да осы еді.

    1794 жылы Пенсильвания штатында виски үшін көтеріліс басталды. 1790-1791 жылдары маум индейцтері Огайо өзенінің маңында американ әскерлеріне соққы берді.

     Осы жаңалықтан кейін, 1792 жылы шілдеде американ конгрессі жаңа әскер құ-руды ұйғарды, ол әскер Американ легионы деп аталынды. Президент Джордж Ва-шингтон генерал Энтони Уэйнді отставкадан шақыртып, Питсбург қаласындағы жаңа әскерлерді үретуді бұйырды. 1794 жылы тамызда генерал Уэйн 3,5 мың адам-мен Американдық легион басын Солтүстікке бұрды. 20 тамызда кавалериймен қор-шауға алынған күшті қарсыласы маум индейцтерімен шайқас басталды.       

     Континентальдық әскердің бұрыңғы қолбасшысы АҚШ-тың президенті болған-нан кейін, консервативтік саясат жүргізді. Джордж Вашингтон мемлекетте ең ал-ғаш екі партиялық жүйені ең алғаш ұсынған адам болды. 1793 жылы Революция-лық Франция еуропалық монархияның коалициясымен өте қатал соғыс жүргізіп жатқанда президент Вашингтон 1778 жылы американ-француздық келісім бойын-ша өз міндеттерін атқарудан бас тартты.

     1797 жылы Вашингтон Маунт-Вернондағы қонысына оралды.

     Тағы 1798-1800 жылдары АҚШ Францияға қарсы «квазисоғыс» жүргізді. Бұл соғыс американ әскери кемелері мен француздардың сулары Вест-Индиядағы арал-дық шайқас болды. Осы «квазисоғысында американ әскери флоты 85 француздық кемелерді жаулап алды. Көп кешікпей, президент Вашингтон АҚШ-тың еуропалық соғыстарға қатысуына қарсы шықты.

     Джордж Вашингтон өзінің әріптестерінен «Отец отечество» құрмет титулын ал-ды. Өйткені мемлекет басшысы ретінде ол АҚШ-тың көркеюіне көп үлес қосты.  

     Өмірінің соңғы жылдарын Джордж Вашингтон Маунт-Вернон қаласында өткі-зіп, 67 жасында қайтыс болды. Тарихта ол Солтүстік Америкадағы американ әске-рінің ағылшындармен  тәуелсіздік үшін күрестегі жеңісінің кілті және прогресшіл саясаткер ретінде қалды. Ең бірінші президенттің атымен ең күшті мемлекет АҚШ астанасының аты аталды.