АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттары

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

 

 

Т. Рысқұлов атындағы
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Экономика  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттары

 

 

 

 

 

 

 

    Оқытушы:  Елшібаев Рақымжан

                                                                          Орындаған: Хансейітова Назгүл

      Мамандығы: Экономика

                                         Тобы: 204

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2007

 

                                   МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………… 3

 

  1. Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттары —

ның теориялық негіздері

  • Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттар —

ның экономикалық мәні, мазмұны және рөлі …………………………………….6 Экономиканы әртараптандыруда өңдеуші өнеркәсіп —

те индустриялық бағытты айқындау ………………………………………………….8

 

  1. Қазақстан республикасындағы өңдеугі өнеркәсіптің дамуы тенденциясына талдау жасау
    • Республикада өңдеуші өнеркәсіптің қалыптасуы мен дамуы ……. 11
    • Еліміздегі өңдеуші өнеркәсіптің көрсеткіштерін талдау …………… 12

 

  1. Қазақстан экономикасын әртараптандыру және жаңарту бағыттарының жетілдіру шаралары
    • Өңдеуші өнеркәсіпті жетілдіру шаралары ……………………………….. 15

 

ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………..21

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….23

 

 

 

 

 

 

 

                                       КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы 20  ғасырдың 90  жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып, әлемдік еңбек бөлінісіне қатыса бастады. Бұл кезеңде елімізде бұрын соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер байқала бастады. Қазақстанда жүргізілген және жүріп жатқан экономикалық реформаларды объективті қажеттілік қана емес, дүниежүзілік экономикалық өркениеттің табиғи процесіне тезірек ілесу ретінде  қарастырған жөн. Нарыққа өтудің жолдары әрбір елде әр кезеңде, әртүрлі тәсілдермен жүргізілгені белгілі. Өйткені, осы жолдар белгілі мемлекеттің геосаяси жағдайына, табиғи ресуртарына, халқының менталитеті және т.с.с. көптеген саналуан ерекшеліктеріне байланысты болады. Бүгінгі күні біздің еліміздегі экономикалық реформалардың басталғанына он шақты жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдары еліміз бірқатар әлеуметтік  — экономикалық табыстарға қол жеткізді. Бұл табыстар  минералды шикізаттық ресурстар экспорты есебінен жүзеге асырылғаны мәлім. Бір сөзбен айтқанда, шикізат — ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Тіпті, қазірдің өзінде де экономикалық өсіміміздің басты себепкері — табиғи байлығымыз екендігін мойындауымыз қажет, және де осы жерден Қазақстан экономикасының шикізатқа тәуелділік дәрежесі өте жоғары екендігін байқауға болады. Әлемдік нарықтағы шикізатқа деген бағаның жоғары болуы немесе  жағымды сыртқы экономикалық конъюктура ондаған жылдарға сақтала бермейді. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине ең алдымен минералдық — шикізаттық, ғылыми — технологиялық, дайын өнім шығару және адами дамуына алғышарттар құрайды.  Экономиканы жедел түрлендірудің шектеуші факторларының ең маңыздысы: еліміздің экономикасының әртараптандырылмағандығы немесе қазіргі өндірістерді дамытудағы экономиканың шикізаттық бағытталуы болып табылады. Соңғы жылдардан экономикалық көрсеткіштер Қазақстанның өңдеуші салалық, технологиялық артта қалушылығын байқатуда, стратегиялық маңызы бар шикізаттық ресуртарымыздың елдің ұлттық байлығы ретінде тиімді қолданылмай жүр. Мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі ел экономикасының диверсификациялау, технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні  экономиканың қаншалықты әртараптандырылғанымен анықталады. Осыған байланысты мен Қазақстан Республикасы экономикасының әртараптандыру дәрежесін, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп үлесін  қарастырсам деймін.

Бұл тақырып қазіргі Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастары қалыптасу жағдайында өте маңызды, көкейкесті және қызықты тақырып болып табылады. Себебі, тек шикізат арқылы жағымсыз сыртқы экономикалық конъюктура кезінде экономикамыз шайқалып кетпейтініне ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан да, өңдеуші саланы дамыту Қазақстан үшін өте өзекті мәселе болып табылады. Осы тақырыпты таңдап алған себебім, нарықтық экономика жағдайында өңдеуші өнеркәсіп үлесін бақылау мен бағалаудың өзектілігі, ғылыми және тәжірибелік маңызы өте жоғары болып табылады.   

Ғылыми баяндаманың мақсаты — нарықтық экономика жағдайында өңдеуші өнеркәсіп үлесінің дәрежесін бағалау және осыған негізделе отырып, өңдеуші саланы жедел дамыту жолдарын әзірлеу, ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.

Қойылған мақсатқа жету барысында келесі міндеттер анықталған:

— өңдеуші өнеркәсіптің хәл — ахуалын бағалаудың мәнін нарықтық экономика жағдайында ел экономикасы дамуында негізгі ынталандыру тетігі ретінде көрсету;

         Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Баяндаманың бірінші бөлімінде нарықтық қатынастар жүйесіндегі  экономиканы әртараптандыру мен жаңарту бағыттарын бағалаудың мәні ашылады, сонымен қатар оның экономикадағы рөлі қарастырылады.

        Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында өңдеуші саланың даму тенденциясы мен қызметіне талдау жүргізіледі.

        Ғылыми баяндаманың үшінші бөлімінде мемлекет тарапынан ел экономикасын әртараптандыру және жаңарту бағыттарын жетілдіру жолдары анықталған.

        Қорытындыда ғылыми баяндаманың жалпы түйіні берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттарының теориялық негіздері

 

 1.1 Экономиканы эртараптандыру мен жаңарту бағыттарының экономикалық мәні, маңызы және рөлі

 

Қазіргі кезеде еліміздегі экономиканың негізгі секторы болып саналатын өнеркәсіптің құрылымы мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамаыз ете алмай отыр.

         Өнеркәсіп — шаруашылықтың шешуші саласы. Ол еңбек құралдарын, халық тұтынатын заттарды жасаумен, шикізат, отын, электр энергиясын өндірумен шұғылданады. Ол қоғамымыздың материалдық — техникалық базасын жасауда, өндірістің барлық салаларының индустрялдық негізін онан әрі нығайтуда маңызды рөл атқарады. Қазақстан өнеркәсібінің жетекші салалары — түсті және қара металлургия, отын, химия индустриясы, машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп.

         Қазастан экономикасының бір ерекшелігі, ол — жергілікті шикізатпен және отынмен толық қамтамасыз етілген. Бірақ та, мұнда өңдеуші өнеркәсіптен гөрі, өндіруші өнеркәсіп басым, оның себебі, жер қойнауы шикізатқа өте бай және өндірістің көптеген салаларының дұрыс қызмет атқарылмауында. Ендігі мақсат алдағы уақытта пайдалы қазбалардың жаңа кендерін игеріп қана қоймай оларды өңдеу арасындағы орын алып отырған алшақтықты жою./6/

         Сыртқы және ішкі нарықтардағы өзгерістерге байланысты экономиканың тұрақты түрде өзгеріп отыруы заңды құбылыс. Біртұтас экономикалық жүйені құру, оның құрамдас бөліктерін дұрыс анықтау арқылы экономиканың негізін қалау немесе қайта құру шаралары неғұрлым нақты жүргізілсе, соғұрлым оның дамуы бірқалыпты және тұрақты болмақ. Сондықтан қандай бір ауытқушылық немесе ірі өзгерістер болмасын, іргесі нық экономикалық жүйе күрделі күйреуге ұшырай алмайды.

         Әлемдегі тауар, қаржы және валюта нарықтарында жиі кездесетін тұрақсыз жағдай, минералдық шикізаттық ресуртарға даген бағаның құбылмалы болуынан ұлттық экономиканың тұрақты дамуына теріс ықпалын тигізуге болады. Сондықтан да осындай қолайсыз жағдайларға тап болмас үшін, тек бір ғана шикізатымыздың көмегі жеткіліксіз. Сол себепті сыртқы және ішкі нарықтардағы барлық жағдайларды ескере отырып, ел экономикасын диверсификациялау қажет.

         Диверсификация (латын. Diversus — әртүрлі жасау) — өнеркәсіп өндірісінің жаңа түрлерін қамтитын капиталды шоғырландырудың бір түрі ретінде 20 -ғасырдың 50 — жылдарынан бастап дамыды. Диверсификация АҚШ, Батыс Европа елдері мен Жапонияның қаржы саласында, өнеркәсіпте, көлік, құрылыста өріс ала бастады. Диверсификацияның сипаты елдің әлеуметтік  — экономикалық ерекшеліктеріне байланысты. Оның дауына ғылыми — техникалық прогресс, жоғары пайда үшін күрес, өз капиталын орналастыруға лайықты нарық іздеу қажеттілігі, бәсекелік күрес т.б. себептер ықпалын тигізеді. Диверсификация нәтижесінде өнеркәсіп көп салалы сипат алады. Өйткені, компанияларға кешенді өндірісті дамыту пайдалы болып табылады. Күрделі қаржының табысы аз саладан барынша пайдалы салаға құйылуы капиталдың дәстүрлі нарығына соқпай ақ диверсификация арқылы жүріп жатады. Диверсификация көмегімен экономиканың құрылымы өзгеріп, көп салалы кешендерге айналады. Қазақстан Республикасында диверсификация әртараптандыру терминімен кеңінен таралуда. /2/

 Көптеген мемлекеттер экономикасы әртараптандырылған. Соның нәтижесінде, олар әлемдік аренада алдыңғы орындарды иемденген. Кез келген мемлекет үшін экономикасы қаншалықты әртараптандырылғандығы өте маңызды болып келеді. Өйткені, әртараптандыруды құрайтын факторлар: ғылыми — технологиялық, минералды  — шикізатттық ресуртар, өнеркәсіптің көп салалар бойынша түрленуі, бір сөзбен айтқанда, экономиканың барлық секторларын жан — жақты жандандыру  берілген мемлекеттің жалпы экономикалық — әлеуметтік, адами көрсеткіштер дәрежесін айқындайды.  Жан — жақты, дұрыс ұйымдастырылған  экономика, дамыған, өркениетті мемлекттің қалыптасуының негізі. 

 Әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында елдің экономикалық тәуелсіздігі өнеркәсіпті түрлендіру деңгейінен ажыратылмай қарастырылады.

Егеменді ел болып, тәуелсіздік алғаннан кейін жүргізіле бастаған өнеркәсіптік саясат тарапынан белгілі дәрежеде қолдау таппады. Соған байланысты өнеркәсіп жоғары деңгейде дамып, ерекше нәтижелерге жетті деп айту әлі ертерек. Соңғы кездері ұлттық экономиканың шикізаттық емес салаларына назар аудара бастауы уақыт талабы болып отыр. Бұның басты себебіне көп жағдайда әлемдік нарықтағы шикі мұнайдың, табиғи газдың, қара және түсті металл, бидайдың бағасына тәуелді болуы жатады. Егер де оларға баға жоғары болса, әрине онда ешқандай қиыншылық болмайтыны белгілі.

Ал, баға төмендеген сайын мемлекеттің бюджеті қысқарады., қаржы қиыншылықтары пайда болады, кәсіпорындар мен табиғи ресурстармен жабдықтаушылар арасында қарама қайшылықтар орын алып, экономиканың әртүрлі салалары арасында шиеленістер туындайды. Мұндай тәуелділікті болдырмау үшін шикізаттық бағдардан өңдеушілікке экономиканы әртараптандыру жолымен жету керек болып отыр. /3/

 

1.2 Экономиканы әртараптандыруда өңдеуші өнеркәсіпте индустриялық деңгейді анықтау

Қазіргі таңда, жалпы алғанда отандық өнеркәсіп арасында өнімдерінің әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеті төмен, оның басты себептеріне:

— өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындарының, мысалы, машина және прибор жасау, жеңіл өнеркісңп, фармацевтика және т.б. технологиялық жағынан артта қалуы;

 — кейбір салаларда негізгі қорлардың тозуы 50 – 60 % және тозған құралдардың үлес салмағы 10 – 20% жетіп жатыр.

Осыған байланысты стратегиялық бағытта елімізде ішкі нарықтың жаңа тұжырымдамасын қалыптастыру үшін өндіруі ұтымды болатын өнімдер, тауарлар, қызмет түрлерін анықтап алу қажет болып отыр. Салалық құрылымда да өзгерістер болуы мүмкін. Экономика құрылымын жетілдірудің негізгі өзегіне өнеркәсіп жататындықтан, ондағы көп салалы индустрияны қалыптастыру, салалар ұтымды үйлесімділік пен байланыс, салаішілік тығыздық пен пропорция, өндірістегі жетілген құрылым, мұның бәр кең мағынада алғанда бәсеке деңгейі жоғары мемлекеттің негізін құрайды./7/

Мемлекет экономиканың өрлеу үрдістері қалыптасқан кезде өнеркәсіптің қай салалары басым бағытта дамуы керек, олардың арасындағы пропорциялық үйлесім қандай болуы керек егендігін анықтайтын экономиканың даму үлгісін дайындаумен айналысып келеді. Перспективасы жоғары өндірістерді дамыту, өнеркәсіптің сыртқы нарыққа шығуы үшін бәсеке қабілетті жоғары өнімдерді өндіруде құрылымдық өзгерістерді ұтымды жүргізудің жолдарын анықтау арқылы жетекші салаларды дамыту қажет болады. /7/

Өңдеу өнекәсібіндегі индустриялық деңгейді анықтаудың жалпы көрсеткіштеріне, менің пікірім бойынша, өңдеу өнеркәсіп өнім көлемінің жалпы өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі үлесі, өңдеу өнекәсіп салаларының капитал, қор. Материал, еңбек, ғылыми сыйымдылықтарынң деңгеі, өңдеу өнеркәсібіндегіжалпы өнім көлеміндегі ғылымды көп қажетсінетін салалар өнім көлемінің үлес салмағы, экспорт көлемі, экспорттау мен импорттаудың үлес салмағы, бәсеке қабілетті өнім көлемінің саны, қосылған құны жоғары тауарлар көлемі, өңдеуші өнеркәсіпке тартылған инвестиция көлемі, ҒЗТКЖ  — ға  жұмсалған жалпы шығындардың өнімді сатудың жалпы көлеміне қатынасы, ҒЗТКЖ — ға жалпы шығындар көрсеткіші, корпорацияның немесе кәсіпорынның жаңа технологияны пайдалану нәтижесінде пайда болатын жинақтамалар деңгейінің жыл сайынғы пайдаға қатысты алғандағы көрсеткіші. /6/

Өңдеуші өнеркәсіпте индустриялық деңгейді анықтау  үшін микродеңгейдегі, яғни өнеркәсіп кәсіпорындарындағы индестриялық деңгейдің қай шамада екенін бағалау қажет деп ойлаймын. Өнеркәсіптің индустриялық деңгейін анықтау және оны көтеру мемлекеттің индустриялық  — инновациялық дамуының 2003 — 2015 арналған стратегиясында инновациялық бағытпен бірге қарстырылуы кәсіпорындардың жалпы техникалық тұрғыдан арта қалушылығы, ғылым мен өндірістің арасында ықпалды байланыстың болмауы, ғылыми — конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлінуі, өнеркәсіп өндірістеріндегі негізгі қорларды жаңарту үрдістерінің мардымсыздығына байланысты туындады деуге болады.

Микродеңгейде кәсіпорындардың индусториялық деңгейін анықтаудың көрсеткіштерінің топтамасы:

 — кәсіпорынның еңбек өнімділігі, өнімді сату көлеміндегі нарықта бәсеке қабілеті жоғары өнім көлемінің үлес салмағы, өнім көлеміндегі жаңа технологиялар негізінде дайындалған өнім көлемінің үлес салмағы, ғылыми сыйымдылығы жоғары өнңм көлемі, қосылған құны жоғары тауарлар саны, негізгі қорларды жаңарту коэффиценті, экспорт көлемі, инвестиция көлемі;

 — жалпы өндірілген және сатылған  өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің көлемі, айналымдағы және өндірістің жалпы шығындарындағы эксперименттік үлгілер мен жаңа технологияларды жасауға жіне ғылыми қызиеттерге жұмсалған шығындардың үлесі.

Мемлекет құрылымдық — салалық проблемаларды шешу үшін соңғы жылдары бірқатар іс — шаралар дайындады. Оларға импорт алмастыру, экспортқа бағытталған саясат, экономика индустриялық — инновациялық тұрғыда дамыту, әлеуметтік проблемаларды шешу инвестициялық саясаттарды жүргізу жатады./3/

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің өңдеуші саласының даму тенденциясы мен қызметіне талдау

 

2.1 Республикамызда өңдеуші саланың қалыптасуы мен дамуы

 

Кеңес Одағы тұсында Қазақстанда шикізатты өңдеу өнеркәсібінің дамуына онша мән бере қойған жоқ. Себебі, тоталитарлық империя шеткері ұлттық аймақтар өндірісінің дамуына мүдделі емес еді. Оларға ұлттық аймақтардың кен байлығын шикізат ретінде өздеріне тасы, оны өңдеп тұтыну тауарларына айналдыры, бірнеше есе қымбат бағасына сол отар халықтарға қайта сатып отыру әлдеқайда тиімді болатын.

Қандай жетілген нарықтық механизмді алмайық, ол өзінен өзі экономика оң құрылымдық өзгерістерге алып келмейді. Ең бастысы — жоғары деңгейдегі көп салалы индустрияны құру мен жетілген экономиканың құрылымын қалыптастыруда мемлкеттік реттеу қажет болады.

Экономиканың өркендеуінің белгілі бір кезеңінде өнеркәсіптің  тиімді салалық құрылымын қалыптастыру үшін кейбір жеке салаларды дамытуда басымдылықтарды дұрыс анықтау салалар арасында прогрессивті өзгерістердің болу нәтижесінде экономикалық пропорцяларды қалыптастыру мен инвестициялар мен капитал салымдарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. /2/

Қазақстан экономикасының құрылымын жетілдірудің басым бағыттарының біріне кен өндіру  және өңдеу салалары арасындағы арақатынасты өзгерту болып саналады. Кен өндіру салаларына қарағаанда өңдеу өнеркәсібінің дамуы тежелу үстінде.

Әрине, республиканың әртүрлі шикізат түрлеріне ішкі тұтынушылығын қанағаттандыру және экспорттық тауарлады көтеру үшін кен өндіру өнеркәсібінің бұнан да былай дамыту қажет. Дегенмен, өңдеу өнекәсібінің даму қарқыны болашақта өте жоғары болуы тиіс. Соңғысының салыстырмалы түрде төменгі деңгейі, әсіресе, машина жасау саласының, соңғы дайын өнім өндіретін салалардың баяу жұмыс істеуі нәтижесінде шикізат, отын — нергетикалық ресурстар, жартылай фабрикаттар шетелге ағылуда. Өнеркәсіптің дамуының шикізаттық бағыттылығы тауар өндірітін салалардың артта қалуына әкеп соқтырады.  

Осы мәселелерді шешуде Қазақстанның болашаққа теңгермелі және тұрақты өрлеу үлгісін жасау қажеттігі стратегиялық бағыттан айқын түрде көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей, біздің қазіргі басты мақсатымыз —  50 бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу. Мұның басты талабы —  Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болу. Ол әрине ең алдымен, әлемдік сауда нарығына жоғары сапалы, көп ассортиментті дайын өнім шығаруды алдыңғы қатарға шығарып отыр. Бірақ, өкінішке орай біздің еліміз үшін бұл талаптарға жеткілікті жауап беру өте қиынға соғады. Алайда, мұндай стратегиялық міндеттерді шешу үшін экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, шикізаттық бағыттан бас тартуға және экономиканы әртараптандыру, өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру, әлемдік стандарттарға сай өнім өндіру, салалық кластерлер қүру, ғылымды көп қажет ететін және жоғарғы технологиялық экспортқа негізделген  өндірістер құруды ынталандыру сияқты көптеген маңызды шараларды жүзеге асыру қолға алынды. Бұл бағытта ең алдымен, еліміздің индустриялық — инновациялық дамуының 2003 — 2015жылдарға арналған стратегиясы қабылданып, іске асырылуда және өңдеуші саланың мүмкіндігі мол басым бағыттары анықталып, оларды дамытуғы баса назар аударылып отыр. /4, 6/

 

 

2.2 Еліміздегі өңдеуші өнеркәсіптің  көрсеткіштерін талдау

 

Өңдеу өнеркәсібі экономиканың ең маңызды салаларының бірі болып табылады және халық тұрмысын қамтамасыз етуде басты рөл атқарады.

2005 жылы өңдеу өнеркәсібінде 1833 млрд. теңгеге өнім өндірілген, бұр көрсеткіш өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің     35,8%  ын құрайды.  Өнекәсіп өнімінің нақты көлемінің индекстері бойынша: 2005 жылы өткен жылмен салыстырғанда 6 %-ға өскенін көре аламыз. Өнеркәсіптің негізгі қызметінің қызметкерлерінң орташа айлық жалақысы 2005 жылы 2000 жылмен салыстырғанда  2 есе жоғарылаған. (1 – кесте) /5/

 

1 кесте — Өңдеу өнеркәсібінің экономикалық көрсеткіштерінің серпіні

 

1990

1995

2000

2005

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млн. теңге

58

359982

845773

1832987

Өнімнің нақты көлемінің индекстері:

 

 

 

 

өткен жылға

99,8

83,7

117,4

106,0

 1990 Жылға %-бен

100

39,5

43,9

68,1

Сала өнімінің өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес

81,8

51,7

46,5

35,8

Негізгі қызметтің қызметкерлер құрамының саны, мың адам

391,1

378,1

өткен жылға

96,4

102,2

Өнеркәсіптің негізгі қызметінің қызметкерлер құрамының орташа айлық жалақысы, теңге

17717

35509

Пайдалылық деңгейі, %-бен

21,2

24,3

Саланың өнеркәсіптік инвестор-кәсіпорындарының негізгі капиталына салынған инвестициялар, млн, теңге

71607

220482

өткен жылға %-бен

147,4

103,8 

Ескертпе –ҚР Статистика агенттігі мәліметтері негізінде жасалды

 

 

2005 жылы өңдеу өнеркәсібі салалары өндірісінің көлемдері құрылымында 1990 жылмен салыстырғанда түсті металл өндірісінің үлесі 10-  нан  21,5% —  ға дейін,қара металлургия өнімдері өндірісі — 5,1 — ден   15,2% — га дейін, мұнай өнімдері өндірісі  — 2,6 — дан   8,5% — ға дейін өсті./8/

2 сурет — Өңдеу өнеркәсібі салаларының өндіріс көлемдерінің құрылымы

3 сурет -Өңдеу өнеркәсібі салаларының өндіріс көлемдерінің құрылымы

  1. Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен жаңарту бағыттарының жетілдіру шаралары.

 

3.1. Өңдеуші өнеркәсіпті жетілдіру шаралары

 

 Экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін перспективаға айқын мақсат пен міндеттер анықтап алу әбден қажет.

         Экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өнімнің бәсекелік түрлерін шығару мен экспортты ұлғайту үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 17 мамырдагы № 1096 Жарлығы байынша Қазақстан Республикасының Индустриялық — инновациялық дамуының 2003 — 2015 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді.

         Бұл стратегияның негізгі мақсаты: шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік — технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау.

         Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық юағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.

  Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық — инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. /1/

 Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру проблемалары

Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар.

Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазiргi уақытта классикалық экономика сценарийi бойынша дамуда.

Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.

Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде өмiр cүру деңгейi жоғарылауда және ұзақ мерзiмдi кезеңде индустриялық сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталуда.

         Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аяасында Қазақстан экономикасы бірқатар проблемаларға тап болып отыр. Негізгі проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:

  • әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
  • бір жақты шикізат бағыттылығы;
  • ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
  • ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы;
  • өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы;
  • ғылыми -зерттеу және тәжірибелік -конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлінуі;/6/

         Проблемаларды шему және стратегия аясында алға қойылған мақсаттар  мен міндеттерге қол жеткізу үшін Даму Банкінің қызметін жандандырумен қатар басқа да Даму институттарының функцияларын үйлестіру қажет. Мысалы: Қазақстан Даму Банкі жобаларды банктік кредиттеу арқылы; Қазақстан Инвестициялық Қоры  — жарғылық капиталға үлестік қатысу қатысу арқылы; Инновациялық қор — гранттар, оның ішінде ғылымдар мен ғылыми мекемелерге гранттар беру және капиталға үлестік қатысу арқылы жобаларды қаржыландыруға маманданған.

 Он бес жылдын ішінде мұнай-газ секторының дамуына құрылып жатқан экономика құрылымын өзгерту, бұл оңай мақсат емес. Соған қарамастан, индустриалдық-инновациялық стратегияны үш жылдың ішінде жүзеге асырудағы дайындық кезеңнің аясында Үкімет бір талай жұмыстар жасады: қайта өндіруші салаларды  ынталандыру үшін заң шығаратын және қағидалы базасы әзірленді, шетелдік нарығы, тәжірибесі, мәселелері зерттелінді, инвестициялық жобалардың іріктеу жүйесі құрылды және олқылықты жобаларды және өндірістерді жүзеге асыру жұмысы басталды.

Қазіргі таңда Қордың құрамында 7 даму институттар кіреді: мемлекеттік даму банкі, инвестициялық және инновациялық қорлар, экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөнінде мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры маркетинг талдау  зерттеулер орталығы және Казинвест компаниясы. /1/

 Ашық статистикалық дерек көздерінен даму интитуттары үш-төрт жылдардың ішінде дәл осындай жобаларды жүзеге асыру негізінде үш миллиард доллар жіберілді. Бәлкім, дайындық кезенде бұл едәуір жеткілікті болды. Кейінгі кезде экономиканың шикізат секторынын ең маңызды жобалары даму институттарының қатысуымен жүзеге асты: Оңтүстік-Қазақстан облысында бірнеше текстиль өндірістері, Майнақ СЭС-ның құрылысы, Солтүстік-Оңтүстік электр хабар желісі, Шар-Өскемен темір жол құрылысы, «KazSat» спутникті ұшыру, Қызылорда облысында әйнек өндіру…. Қазіргі таңда, Қазақстан  әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына осы күнгі қаржылау деңгейінде кіруге ұмтылып жатқанда, мемлекеттік даму институттары экономиканы әртараптандыруда аса елеулі салым салып жатқанын көру керек. Даму институттары республикада экономикалық жетістікке жеткен және осылардың ішіндегі біреуінің қалыптасуы «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ- ның айтарлықтай маңызды орын алады.

Қазынаның қатысуымен жүзеге асырылған инвестициялық жобалардың құны миллиард доллар құрады, яғни әр тенгеге жеке сектордың  тарапынан екі тенге инвестициясы тартылды. Осы көрсеткіш арқылы, біз егер 2007-2009 жылдарда 3,5 миллиард тенге жиынтығымен жобаларды қаржыландырылса, онда  сұранысты 10 миллиард доллардан аса қанағаттандырады. Бәрімізге мәлім, «Қазына» тұрақты даму қоры» мемлекет Басшысының қаулысымен наурыз айында құрылды, ал компания жарғысының бекітуі мен тіркеуі сәуірдің 24-інде өтті.

Осы уақытқа дейін ұлттық институтардың инвестициялық қоржыны қаржыландыру көлемі 4,1 млрд, доллар шамасындағы 149 жобаны құрады, бұл ретте аталған жобаларға даму институттарының қатысу үлестері 1,4 млрд, долларға жетті. Сонымен бірге,  жалпы құны 2,8 млрд, доллар шамасындағы  122 жоба даму институттарының қатысуымен қаржыландыруда.Солардың бірі,    «Қазына» тұрақты даму қорының» институты –Қазақстаннығ Инвестициялық қоры инвестициялаған жобалар тізімі.

  1. Семейдің жүнді алғашқы өңдеуден өткізу фабрикасын жаңарту, биязы жүнді қойларды өсіру жолымен Қазақстанның Шығыс-Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында шикізат базасын құру. «КазРуно» АҚ. Орналасу өңірі – Шығыс-Қазақстан, Алматы, Жамбыл
  2. Қазақстан Республикасында жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін консервілеу өндірісі. «Булгарконсервпродукт» АҚ. Орналасу өңірі – Жамбыл облысы.
  3. Экономикалық және технологиялық даму аймағындағы жеміс-жидек, көкөніс шырындарының өндірісі, Үрімжі қаласында, ШУАР, ҚХР. «Раимбек Инвест» АҚ. Орналасу өңірі – Экономикалық және технологиялық даму аймағы, Үрімжі қаласы, ШУАР, ҚХР.
  4. Түлкібас ауылындағы жеміс-жидек зауытын жаңарту. «ЭкоПродуктГруп» АҚ. Орналасу өңірі – Оңтүстік-Қазақстан облысы.
  5. Павлодар облысында агроөнеркәсіп холдингін құру. «Агрохолдинг Ел-Инвест» АҚ. Орналасу өңірі – Павлодар, Қарағанды облыстары.
  6. Косметика және тұрмыстық химия өндірісін жаңарту және кеңейту. «Үркер Косметик» АҚ. Орналасу өңірі – Алматы облысы.
  7. Мұнай газ жабдықтарының өндірісі: жоғары қысымдағы ыдыстар мен колондар. «Sewon-Vertex Heavy Industry» АҚ. Орналасу өңірі – Маңғыстау облысы.
  8. Скважиналық штангалық насостар өндірісін ұйымдастыру. «Мұнаймаш» АҚ. Орналасу өңірі – Петропавл қаласы.
  9. Арнайы коксты өндіру және электр мен жылу энергиясын шығару өндірісі бойынша кешен құру. «Қазақстан Инвест Көмір» АҚ. Орналасу өңірі – Қарағанды облысы.
  10. Еденнің ПВХ жабыны өндірісі. «EURASIAFLOR» АҚ. Орналасу өңірі –Қарағанды облысы.
  11. Шетпе-1 кенішінде кендік емес материалдарының өндірісін кеңейту. «МырзАбеК-АЛТЫН ТАС групп» АҚ. Орналасу өңірі – Маңғыстау облысы.
  12. Шығыс-Қазақстан облысындағы балық өңдейтін зауыттарды жаңарту және кеңейту. «Зайсан Рыба Продукт» АҚ. Орналасу өңірі – Шығыс-Қазақстан облысы.
  13. Металдық орам материалдарының өндірісі. «KAPS INTL» АҚ. Орналасу өңірі – Алматы қаласы.
  14. Болат құбырларының татқа қарсы жабындар өндірісін ұйымдастыру. «PAMS PIPE» АҚ. Орналасу өңірі – Алматы облысы.
  15. Тұрмыстық және кеңселік жиһаздар өндірісі бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды дамыту. «Heaven House» АҚ. Орналасу өңірі – Павлодар облысы.
  16. «Ресей Федерациясының солтүстік-батысында ламелдерді өндіру бойыншүа зауытты ұйымдастыру және ағаш дайындау көлемін 200 мың куб.м. дейін көтеру. «Завод Ламель» ЖШҚ. Орналасу өңірі — Ленинград облысы.
  17. Панельдік ағаш үй құрылысы мен конструкциялық желімдік білеу өндірісін ұйымдастыру. «Қарағанды ағаш өңдеу комбинаты» АҚ. Орналасу өңірі – Қарағанды қаласы.
  18. «Шар стансасы — Өскемен» жаңа теміржол желісінің құрылысы. «Досжан Темір Жолы» АҚ Орналасу өңірі – Шығыс-Қазақстан облысы.
  19. «Rannila» Rautakki group компаниясының технологиясы бойынша сэндвич-панельдер өндірісін ұйымдастыру. «Ранила-Қазақстан» АҚ. Орналасу өңірі – Алматы қаласы.
  20. Кеуек бетон өндірісін ұйымдастырып, ТББ зауытын қайта құрылымдау. «АқтөбеҚұрылысИндустрия» АҚ. Орналасу өңірі – Ақтөбе қаласы.
  21. Әк пен силикат кірпіші өндірісі көлемін кеңейту, БҚО құрылыс материалдарын шығаратын жаңа өндірістер құру. «Батыс Қазақстан құрылыс материалдар корпорациясы» АҚ. Орналасу өңірі – Зачаганск к., Орал қаласы
  22. Табақты әйнек өндіру бойынша зауыт құрылысы. «Қазақ әйнек компаниясы» АҚ. Орналасу өңірі – Қызылорда қаласы.
  23. Қиыршықтас өндірісін қалпына келтіру және өнімдердің ассортиментін көтеру. «SMS Engineering» АҚ. Орналасу өңірі – Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, Шідерті ауылы.
  24. Томск облысында (Ресей) ағаш шикізат базасын ұйымдастыру және ағашш өңдеу комбинатына өнеркәсіп алаңын дайындау. «Казлесинвест» АҚ. Орналасу өңірі – Томск облысы.
  25. ИХМЗ-да сирек металдардың төртінші айырымын құру. «ИХМЗ» АҚ. Орналасу өңірі – Шығыс Қазақстан облысы.
  26. Алматы облысындағы зауыт негізінде балық өңдеуді ұйымдастыру. «White fish of Kazakhstan» АҚ. Орналасу өңірі – Алматы облысы.
  27. «Қасиет» ААҚ-да жүннен иірілген жіп өндіруді жаңғырту және дамыту.»Қасиет» АҚ. Орналасу өңірі – Қырғызстан Республикасы.
  28. Табиғи және өнеркәсіптік объектілерді аэрокосмостық мониторингілеу.»КазГеоКосмос» АҚ. Орналасу өңірі – Алматы қаласы. /9/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            ҚОРЫТЫНДЫ

70 жылдан астам уақыт Қазақстанның шикізат шылауы болған рас. Әліге шейін біз сол шикізаттық бағыттан арыла алмай келеміз. Аз ғана уақыт ішінде түрлі реформаларды бастан өткізу бізге оңай болған жоқ. Әйтсе де, жүргізілген реформалардың сәтті болғанын бұл күнде ешкім жоққа шығара алмайды. Біз аса маңызды кезеңдерден сыр бермей өттік. Ендігі таңда қол жеткізген жетістіктерді сақтай тұра, есігі айқара ашық болашаққа жаңа қадамдар жасай тұрып, тіршілікті баянды ету міндеттері алдымызда тұр.  

         Осы мақсатта елімізде экономикалық даму стратегиясына сәйкес қазіргі таңда өңдеуші өнеркәсіпке жоғары көңіл бөлініп жатыр.

Менің ойымша, мемлекетіміздің ұстанған бұл бағыты өте орынды.

Жоғарыда айтып кеткендей, мемлекет экономикасының қаншалықты әртараптандырылғандығы, соншалықты әлемдік аренада  оның алдыңғы қатарлардан көріну ықтималдылығы жоғары, неғұрлым шикізаттық ресурстары мен өңдеуші саланың дұрыс үйлестірілуі,  соғұрлым мемлекет сыртқы қолайсыз конъюктураға жақсы төтеп бере алады.  

Бүгiнгi таңда Қазақстанды әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды.

Дүниежүзiлiк Банк Қазақстанды әлемдегi инвестиция салуға ең тартымды 20 елдiң қатарына қосты. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан экономикасына 21 млрд. астам АҚШ долл. тартылды.

Сонымен, Қазақстан экономикасының өңдеуші саласын дамытуда төмендегі ұсыныстар негіз болмақ:

  • экономиканың өңдеу секторын, және жоғары технологиялық өндірістерді алға шығаруды қамтамасыз ету;
  • Қазақстан өнеркәсібінің экспортқа бағытталған қызметін ұйымдастыру;
  • өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігін арттыру
  • салааралық және аймақаралық ықпалдасуды күшейту;
  • өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
  • шикізатты өңдеуде ұзақ технологиялық циклды жою;
  • Шикізатты тереңдете өңдеу мүмкіндіктерін пайдалана отырып,

 —  химия және мұнай -химия,

  — металлургия,

  — тамақ, киім және тоқыма,

  — kөлік,

  — ақпараттандыру,

 — туризм,

 — күнделікті қолданатын тұрмыстық заттар өндірісі

  — жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өнім

түрлерін жасау арқылы өңдеу өнеркәсібінде бәсеке артықшылығы бар өнімдер өндіруі қолға алу;

 Сонымен, ғылыми баяндамада:

  • мемлекетіміз үшін бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруде «Алтын кілт» функциясын атқаратын өңдеуші саланың маңыздылығы
  • жүргізілген зерттеулер мен талдаулардың нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсібінің үлесі соңғы жылдары байқалған жақсы көрсеткіштері
  • өңдеуші саланы жедел дамытуда ғылыми негізделген ұсыныстары

анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Индустриялық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы

 

  1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы / 2 –том / — Алматы. 2006 ж.

 

 

  1. Дауренбекова А.Н. Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтерудің экономикалық механизмі – Алматы, «Экономика», 2007 ж.

 

  1. Іскер адамның орысша — қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі –

Алматы, «Мұраттас», 2005 ж.

 

  1. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында. Статистикалық жинақ – Алматы, 2006

 

  1. Мұқанғалиев Е. Қазақстан өнеркәсібі // Ақиқат – 2006 -№8

 

  1. Қуат Бораш. өңдеуші өнеркәсіпсіз өсу болмайды // Егемен Қазақстан -2006 – 12 мамыр

 

  1. Интернет – stat.kz

 

  1. Интернет – ifk.kz