АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Эксперимент есептерінің маңызы және зерттеу әдістері

Жоспары:

 

1.Эксперимент есептерінің маңызы және зерттеу әдістері.

      

2.Эксперимент есептерінің орыны және шығару әдтемесі.

3.1 Химиялық  құбылысты бақылау  және түсіндіруге берілген есептерді шығару  әдістемесі.

 

3.2 Заттарды алуға берілген есептерді шығару әдістемесі.

 

3.3 Заттарды тануға берілген есептерді                            шығару әдістемесі.

 

3.4. Заттардың сапалық құрамын анықтауға берілген есептерді шығару    әдістемесі.

 

3.5 Қоспаның құрамын анықтау және бөлуге берілген есептерді шығару әдістемесі.

  

3.6 Заттардың  жіктелу  белгілері  немесе затқа  тән          реакциялар  жасауға  берілген  есептерді шығарту  әдістемесі.  

 

  • Құралдар құрастыруға  берілген  есептерді  шығару  әдістемесі.
  • Эксперименттік бөлім.
  • Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Эксперимент есептерінің маңызы және зерттеу әдістері.

  Оқушлардың өз білімін іс жүзінде қолдана білуін дамытуда маңызды орын химиялық есептерді шығаруға беріледі. Химия  есептері сан және сапа есептері болып екіге бөлінеді.

  Көп жағдайда химиялық есептер деп сандық есептерді                                                          негізге алады. Әрине, сандық есептер  оқыту процесінде өте                 маңызды орын алады,  бұл  есептермен  практикалық  өмірде                          жиі кездесеміз. Бірақ, химия курсында  сапалық  есептердіңде                       де өзіндік маңызы, ерекше орыны бар. Сапалық есептер- бұл                         химиялық ұғымдарға, теорияларға, заңдарға берілген  есептер.

  Эксперимет  есептерін  сапа  есептері деп те атайды, себебі  оларда  сандық   мәліметтер  болмаиды,  химиялық                  тәжірибелер  жасау арқылы  шығарылады.

Бұл есептер мұғалімге оқушылардың теориялық  білімдерінің дәрежесін оңай салыстыруға мүмкіндік  туғызады  және оқушылардың  алған  білімдерін  бақылап, бағалауға  маңызы зор.

  Эксперимент есептерін  шығару арқылы оқушылар                           теориялық   білімін  іс  жүзінде  қолдана  білуге, өздігінен                        жұмыс  істей  білуге, өз  існе  сын  көзбен   қарауға   үйренеді.                              Олар  химиялық  құрал-жабдықтармен  және  реактивтермен                      жұмыс істеу дағдыларын дамытып, нығайта түседі,  оқушылардың  химиядан  білім сапасы  мен  сарамандық әзірлігі эксперимент есептері шығару үстінде анық                             білінеді. Эксперимент есептері химиялық құбылыстарға  және олардың зертханалық өндірістік тәжірибедегі  жағдайларына анализ  жасап, алдын ала жоспар  құру  үстінде  дамиды. Эксперимент есептерін шығарғанда заттар және олардың қасиеттері мен химиялық реакциялар жақсы есте сақталады: заттар  алу және олардың негізгі қасиеттері қайталанады: мұғалімнің түсіңдіргенің айтқандығына көзіміз жетті: формулаларды бос    жаттап алғаннан гөрі ? мағынасың тусініп ұғып алуға мумкіндік туды; дәлдікпен ұқыптылыкка үйретеді

 Оқушылардың эксперимент есептерін шешу мумкіндігің калыптастыруда жетістіктерге қол жеткізу ушін окушылар  есептерді  тек жағдайлары болған кезде ғана емес   букіл курсты оқыту процесінде үздіксіз шығаруы тиіс және жүйесіз емес тек   қана нақтыланған  біртіндеп курделенетін жуйемен шығарулары  тиіс.

  Химиияның жаңа бағдарламасы мен оқулықтарында                   эксперимент есептеріне бұрынғыдан гөрі көбірек көңіл   бөлінген. Оларда   жеке  есептер   түрінде   берілген.

  Оқушылар көп жағдайда эксперимет есептерін    шғаруда  4 әдісті   пайдаланады:

   А.сынау  және  қателесу;

   Ә.есте  қалғаны  бойынша   есептеу;

   Б.жорамал  жасау;

   В.анализ  және  синтез;

   а/Оқушының білімі жеткіліксіз болғанда  пайдаланылады.                 Бұл әдісті пайдаланған соң оқушы көбінесе есепті   алатынын  мәлімдейді де, тиісті нәтиже алғанға дейін тәжірибені  қайталап  жасай  береді. Ал   кейбір  жағдайда  олар есептің дұрыс  жауабын табады. Жауапты не кездейсоқ табады, не  өздерінде бар, бірақ алдында дұрыс қолдана білмеген білімдері  арқылы  шешеді.  

б/Берілген мәліметтер толық болмаса оқушылар          алдымен  жорамал жасайды, сонан соң  тәжірибе   арқылы

оның дұрыс – бұрыстығын тексереді. Бұл әдістің  2   нұсқасы бар:

  1. Оқушылар заттың алыну жолдарына қарай бір не бірнеше жорамал ұсынады, сосын соңынан жүретін     химиялық реакцияның теңдеуін жазу арқылы    жорамалдың нақтылы берілуін  таңдап, затты алып, қоспадан бөліп  алады.
  2. Есептің берінгенін оқып, оқушылар затты алудың            теориялық  негізіне  талдау  арқылы  қолданғалы.  Отырған әдісті берілген жағдайға қолдануға бола ма, жоқ па, осы мәселені шешеді.  Бірінші нұсқадан айырмашылығы жорамал берілген сұрақтың жалпы теориясы негізінде, яғни ғылыми жорамал ретінде ұсынылады. Ал бірінші нұсқада жорамал алғашқыда тек дәйексіз жорамал болып, соңында ғана теориялық негізге ие болады.

 в/ Анализ және синтез әдісі: бұл әдіс эксперимент есептерін шығарудың кең таралған тәсілі. Оқушы есептің нақтылы талдау арқылы шешу жоспарын жасайды да соған сәйкес іс әрекеттерді  жүзеге асырады. Бұл әдістің өзінің бірнеше бөлімдері бар:

  1. Есептің шартын оқу.
  2. Алынатын заттың формуласын жазып, қайсысы класс өкілі екенін анықтау.
  3. Осы затты алуға қажетті реактивтерді реттеп таңдап алу.
  4. Жүруі тиіс реакцияның теңдеуін жазу.
  5. Іс жүзіндегі затты алу, өтіп жатқан құбылысты бақылау.
  6. Алынған зат тұнбада ма, жоқ ерітіндіде ме соны анықтау.
  7. Затты қоспадан бөліп алу.  

    Бұл әдістің ерекшелігі оқушылардың алдын ала өз-өзіне              бақылау жасай білу қабілеті артады, яғни затты алғанға дейін                оқушы осы заттың формуласын жазып, алыну реакциясының             теңдеуін жазады, алдын ала заттың құрамына анализ                       жүргізіледі.

 

 

    Қиын есептер берілгенде оқушыларды анализ–синтез әдісін пайдалануға үйрету қажет.

      Егер оқушылар есепті жорамал жасау жолымен шеше бастаса бұған қуануға болады, бірақ бұл  әдісті оқушылар            анализ- синтездік  әдіспенесеп шығаруды үйренген соң ғана  пайдаланған дұрыс. Сынау және қателесіу әдісі көбінесе  жарамсыз, сондықтан есепті  шешуде  бұл әдісті қолдануға  үйрету   дұрыс емес.

       Егер есептің  мазмұнын мен шығару әдістері  біркелкі                   болса, оқушылар жалығып кетеді. Сондықтан есепті шығарғанда, есептің типін өзгертіп, сарамандық  сабақта     бір оқушыға  әр түрлі типті есептер келуін қамтамасыз ету керек және эксперименттік есептер шығарылатын тақырыптар оқушыларға   түсінікті болуы қажет.

 

2.Эксперимент есептерінің орыны және шығару әдтемесі

 

  Эксперимет есептері химияны  оқыту процесінде 30-жылдары енгізіледі.Эксперимент есептерін шығарудың алдымен көрнекі көрсету, сосын  зертханалық, соңынан сарамандық  әдістері қалыптасты. Әдістеменің бұл реті  қазіргі кезде де қолданылып отыр.

  Алғашқы кезде берілген есепті теоррия жүзінде жаппай       талқылайды. Мұғалім оқыушылармен бірлесе отырып  жоспар құрып, қажетті тәжірибелерді анықтайды да,  тәжірибелерді  бір оқушы немесе мұғалімнің өзі көрнекі  көрсетеді. Екінші  кезеңде есепті шығару жоспары оқушылармен  бірлес талқылау арқылы жүзеге асырылады да тәжірибелер зертханалық  түрде жасалады. Үшінші кезеңде арнайы сарамандық сабақтарда оқушылар эксперимент есептеріне  өздігінен шығарылады.

   Химияның бағдарламасы мен оқулықтарыда эксперимент есептерінің типтерін енгізу  көрсетілмеген, оны мұғалімнің өзі анықтайды.

   Эксперимент есептерін шешпес бұрын екі міндет орындалыуы тиіс:

Оқушылар тек есептің мазмұнын жақсылап түсінгеннен              соң ғана есепті шешуге жіберіледі. Олардың                   қаншалықты түсінгенін  мазмұнды қайталап сұрау арқылы    білеміз.

   Есепті шешуге жеткілікті болуы тиіс. Әлі сабақта              өтілмеген фактылары бар есептерді оқушыларға беруге    болмайды. Сонымен ұатар оқушылар эксперименттік     жұмыстарды  жасауға дайын болуы тиіс. 

Есепті шешер алдында  оқыушылар химиялық эксперимент      жүргізудің жоспарын жасайды: химиялық реакцияның    теңдеуін       жазады,  жұмыстың  үздіксіз әрі қарапайым өтуіне  көңіл                        бөледі, операциялардың аз және қарапайым болуын қарастырып,             арзан әрі мол реактивтерді таңдап алады. Есеп жұмыстың                    жазбаша қорытындысын жазумен аяқталады.

   Алдымен есеп қайсы типке жататынын ажыратып алу керек, сосын шешу әдістерін де дұрыс таңдап алуға көңіл бөлу керек. Сондықтан арнайы бір сабақта уақыт бөліп,  эксперимент                есептерінің классификациясмен таныстырып, әр типті шешу                ретімен  /алгоритімімен/ тамыстыру керек.

 

3.Эксперимент есептерінің типтері

 

 Эксперимент есептерінің мазмұнын а қарай оқушылардың             таным әрекетінің  сипатына қарай бірнеше типтерге болады.            Солардың мектепте жиі қолданылатындары:

  1. Химиялық құбылыстарды бақылау және түсіндіру.
  2. Заттарды алу.
  3. Затты тани білу.
  4. Заттың сапалық құрамын анықтау.
  5. Қоспаның құрамын анықтау және бөлу.
  6. Заттың жіктелу белглерін табу.
  7. Құралдар құрастыру.

 

3.1 Химиялық  құбылысты бақылау  және түсіндіруге берілген есептерді шығару  әдістемесі

 

   Оқушылар күнделікті тұрмыста: қоршаған ортада және               химиялық тәжірибелер жасағанда көптеген                                  құбылыстарды байқайды.Солардың ішкі мәндерін /шығарып/              аңғарып, дұрыс түсіну үшін осы типтегі есептерді шығарып үйренуі керек.

      Бұл типте 4 түрлі есептер кездеседі.

а. Бұл түр есептерің шартында не жасалғаны және қандай            құбылыс жүретіні көрсетіледі. Оқушылардың осы құбылысты         түсіндіруін  қажет етеді. Бұл  есепті шешкенде анализ – синтез                 әдісін пайдалануға  болады. 

  Металдардың, оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың,         тұздардың өз ара әрекетесуін теориялыл жағынан алатын есептерді  шешу оқушылар үшін оңай, бірақ  олар ондай түрдегі есптерді    шешу  үшін есеп шығарудың  анализ – синтез  әдісн меңгеріп ерігіштік таблицасын пайдалануды үйреніп, металдардың  активтік  қатарымен таныс болуы қажет.

ә.  Бұл түр есептерінің алдымен байқалған құбылыстарды мұғалім өзі жасап, бақылауы керек, содан соң түсіндіріледі.Есептерді  шешкенде процестіңжүруіне сыртқы орта жағыдайларының әсерін есте сақтау қажет. Сондықтан, оқушыларды реакцияның жүру жағыдайын ескеруге үйрету  керек; алдымен, процесті сұйытылған ерітінділермен  бөлме температурасында жургізіп, сосын ерітінділермен  жоғары температурада  жұмыс жасап, одан  әрі концентірлі ертінділермен, не қатты заттармен, алдымен,  бөлме температуасында, сонан соң қыздыру арқылы жұмыс істеуді   үйрету керек.

б.Байқалған құбылыстың мәнісін түсіндіріп беруге берілетін              есептер.

  Бұл түрдегі есептерді шешкенде салдардан себептің шығуы          жайлы ой қорытындысын жасауы керек. Жауаптың дұрыстығын        тәжірибе жүзінде дәлелдеу қажет.

  Бұл түр есептері ең қиын есептердің бірі болып табылады.           Бұндай есептерді шешкенде оқушылар процестің өту жағдайында         барлық жағынан анализ жасап, жорамал ұсынып, тәжірибе жүргізе  білуі қажет.

в. Бұл түр есептерінде оқушылар байқалған құбылысты болжауы тиіс, соңынан тәжірибе жүзінде осы болжамның дұрыстығын дәлелдеулері қажет. Мысалы: Барий гидроксиді қандай реакцияларға түсе алады? Қажетті тәжірибелерді іс жүзінде жасау керек. Бұл  есепті шешкенде оқушылар мына мәселелермен байланысты   қиындыққа кездеседі.

  1. Затты қайсы классқа жатқызу керек.
  2. Осы класс өкілдерінің химиялық қасиеттерін еске түсіру  керек.
  3. Мысалдар келтіру керек.
  4. Осы мысалдардың қажеттісін тәжірибе жүзінде дәлелдеу керек.

   Есепті анализ – синтез әдісімен шығарған дұрыс. Ол үшін               мұалім оқушыларға мынадай сұрақ есептер береді: есеп мазмұнын            оқы; барий гидроксидінің формуласын жаз; ол қайсы класс өкілі;    негіздердің жалпы қасиеттері қандай; барий гидроксиді қандай         химиялық реакцияларға түсе алады; оны қандай мысалдармен            келтіруге болады? Реакция теңдеуін  жазу, қажетті тәжірибені іс          жүзінде жасау.

 

 

 

3.2 Заттарды алуға берілген есептерді шығару әдістемесі

  Есептерді  шығарғанда оқушылар  заттарды алу әдістері және олардың арасындағы генатикалық баиланыс туралы білімін  нығайтады.

    Эксперимент есептердің ең жиі кездесетін типі, мазмұнына             қарай бірнеше түрлі болады:

  1. Берілген бастапқы заттардан бір зат алу;

            ә)  Бастапқы заттарды  көрсетілсеген жағдайда заттарды алу;

    б) Затты аралық өнім арқылы жанама жолмен алу;

 

     а. Берілген бастапқы заттардан бір зат алу. Бірақ оқушыларды ойша есептің шешімінің схемасын құруға, заттардың тәжірибе үшін ең аз мөлшерін алуға үйрету керек және бұл оксидтер тақырыбынан    соң беріледі.

ә.   Мұндай есептерді шығарғанда да тағы да жоспарлаудан           және затты тәжірибе жүзінде алудан қиналады. Сол үшін мынадай     сұрақтар мен тапсырмалар беруге болады:       

 

  1. Алынатын заттың формуласын жазу.
  2. Ол үшін қай класс өкілі?
  3. Бастапқы зат тың формуласын жазу.

                   Ол қай класс өкілі екенін анықтау.

  1. Берілген затты алу үшін бастапқы зат құрамында қандай элементтер жетіспеиді? Осы жетіспейтін элементтерді қандай реактивтер көмегімен толтыруға болады?
  2. Реакция теңдеуін жазу.

 

       Мысалы: «Темір(ΙΙΙ) хлоридінен темір(ΙΙ) оксидін алу.

 Есепті шешкенде оқушылар алдымен берілген рет бойынша жоспар құрып, содан соң есептің дұрыс сешімін табу жолын дұрыс таңдап алған      соң ғана, берілген затты алуға кіріседі.

    Заттарды алу есептерін шығарғанда оқушылар заттарды алу           әдстері және олардың арасындағы генатикалық байланыс туралы                білімін нығайтады.Мысалы, бейорганикалық қорытындылау              эксперимент есептерін шығаратын  жұмыспен аяқталады.                

    Заттар тіке және кері жүретін реакциялар әсерінен                айналымдарға үшырап, жаңа заттар алынуы мүмкін. Бұл                айналымдардың негізі бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс болып табылады. Жәй заттар белгілі бірреакциялар нәтижесінде бейорганикалық қосылыстардың әр   түрлі кластарына айналуы мүмкін, ал күрделі зат қарапайымдануы  мүмкін.

 

Мысалы:

               CuSO4=Cu(OH)2= CuO

  1. CuSO4 + 2NaOH = Na2SO4 + Cu(OH)2
  2. Cu(OH)2 = CuO = H2O

Шешуі:

 

      Тәжірибені жүргізу реті: бірнеше тамшы мыс сульфатына               бірнеше тамшы натрий гидроксидін тамызады. Пайда болған мыс гидроксидінің тұнбасын ерітіндіден бөліп алмай ақ қыздырады:              сонда гидроксид ыдырап, мыс оксилінің қара түсті тұнбасы пайда болады.

      Әрбір оқу пәнінде қатар жүретін қайтымды                      процестер жәйлі түсініктерді кездестіруге болады.              Мысалы: математикада көбейтумен бөлу амалдары;физикада балқу және  қату, булану  және конденсациялану процестері. Сол             сияқты химияда мұндай процестер кездеседі: тотығу-тотықсыздану, қосылу – айырылу  экзотермиялық-эндотермиялық реакциялар т.б. Сондықтан химиялық прцестерге                 берілген есептер, әсіресе сапа есептері химияның                      өзіндік ерекшеліктерін аша білуі тиіс және оқушылар     есепті шешуді үйренуі және қайтымды есептерді пайдалана білгені  дұрыс.

   Бұл бағыттағы проблеманы заттардың тіке және кері жүретін реакциялар әсерінен айналымдарға ұшырауы және бұл айналымдар арасындағы байланыстарға бірнеше мысалдар келтіріптүсіндіру  арқылы шешуге болады.

      Заттардың біртіндеп күрделенуін немесе қарапайымдануын мысалға ала отырып, есептерді шартты түрде тура және кері деп екіге       бөлуге болады.

      1.Тура жүретін есептер деп тізбектің бастапқы  өнімінен бастап сонғы өніміне дейін біртіндеп құрылымының күрделігі жүретін есепті айтады.                                                                           

Мысалы:  Zn→ZnO→Zn(OH)2→ZnSO4

  1. Кері есептер керісінше қарапайымдану жүретін есептерді айтады: ZnSO4→  Zn(OH)2 → ZnO → Zn

 

Оқулықта мынадай жағдайлар да кездеседі:тізбектің       бастапқы және соңғы өнімдерінің құрылым күрделігі бірдей өзгереді немесе заттардың құрылымы бірқалыпты өзгермейді.

Мысалы:  

  1. CuO→ CuSO4→ Cu(OH)2→ CuO
  2. Cu(OH)2→ CuO→ CuSO4
  3. Cu→ CuO→ Cu

 

   Бұл әрбір мысал тура және кері реакциялардан тұрады

   Бұндай есептерді аралас есептер деп атайды

   Қатар жүретін тура және кері есептердегі айналымдарды  жүзеге асырғанда екі жағыдай кездеседі

Ι.   Тура және кері есептерді шешу өзара қарама-қарсы және бір ғана операциямен жүзеге асады. Бұларды бір операциялы шешімдер деп атайды.

Cuтотығу→CuO            тура есеп

CuOтотықсыздану  → Cu      кері есеп

            Немесе

      тура

CuCuO

       кері

Cu→ CuO

CuO → Cu

 

ΙΙ.  Тура және кері есептерді шешу жолдары әр түрлі.   Тура есеп бір операция көмегімен шешіледі, ал кері есептер бірнеше операцияның нәтижесінде шешіледі.

Мысалы:   К2О→КОН

Бір операциялы шешімді көрсетеді.

Берілген жағдайда тура есепті шешкенде калий оксидінің гидратициялануын пайдаланады: ал кері есепте айналымдар қатары пайдаланылады: К  О  Н→К→К2О

Кейде керісінше болуы мүмкін: тура есеп бірнеше операциямен, ал керісі бір операциямен шешіледі.

Al2O3↔Al(OH)3

Ι.  Тураны шешу үшін операциялар пайдаланылады

Al2O3→Al(OH)3

ΙΙ.  Керіні шешу үшін алюминий гидроксидінің дегидрациялануын паидаланады.

 

 

3.3  Заттарды тануға берілген есептерді                            шығару әдістемесі

 

     Заттарды тануға берілетін есептерді шығартып үйретудің ситуациясын толық, нақты берілген есептермен бастау тиімді. Мұндай толық есептерді сегізінші класта ақ бере бастайды. Мысалы:Үш цилиндір берілген. Оның біреуінде оттек, екіншісінде азот, үшіншісінде көмір қышқыл газы бар.Қайсы  газ қай ыдыста берілгенін анықтау керек.

       Заттарды тану есептерін ығарғанда оқушы алдымен мазмұнын қайталап оқып, не түсінгенін айтады.Содан соң тануға қандай әдіс қолдануға болатынын шешелі. Егер есепті шешуге оқушы бірден кірісіп кете алмаса, жетекші сұрақтар беруге болабы. Осы сұрақтарға жауап беру арқылы заттардың қасиеттерін еске түсіреді. Мысалы жоғарыда келтірілген мысал  оттек, азот  көмір қышқыл газының қасиеттерін еске түсіріп, оларды салыстырады да әр заттың жеке өзіне тән қасиетін анықтайды.Бұл кезде мынадай сұрақтар беруге болады: Оттегінің азот пен көмір қышқыл газының ерекше қандай қасиеттері бар? Бұл сұраққа оқушылар «Оттегінде заттар жақсы жанады» деп жауап береді.Содан соң мысал көмір қышқыл газының өзіндік қасиеттерін табады . «Ол азоттан ауыр, ізбес суын лайландырады.

    Осыдан кейін тәжірибенің техникасына кіріседі: көмір барлық цилиндрге ізбес суын құйып, шайқау керек. Егер су лайланса, бұл цилиндрде көмір қышқыл газы бар болғаны. Содан соң шала жанған шырпыны алып, қалған екі пробиркаға түсіреді. Шырпы жалын шығарып жанса цилиндрдегі газ оттек  болғаны.

     Есепті шығарып болған соң мұғалім алдағы уақытта да осындай есептерді шығарғанда алдымен заттарға тән қасиеттерді еске түсіру қажет екенін және осы қасиеттердің қайсылары арқылы заттарды тануға болатынын ескеру керек екенін айтады.

     Сонымен бұл типтегі есептерді шешкенде мына жоспармен қышқыл газы қайсы цилиндрде орналасқанын білу үшін жұмыс жасауға болады: есептің мазмұнын оқып, осы мазмұн бойынша не мәселе берілгенін, не белгісіз мәселе екенін табу, заттарға және жеке заттарға тән қасиеттерді еске түсіру, тәжірибенің техникасын анықтап, іс жүзінде жасау.

     Мұндай түрдегі есептерді шешіп үйренген соң енді бұл типтің есептерінің келесі түрін шешуді үйрету керек.                              Бұл есепті шешу үшін оқушы қышқыл құрамында сутегі мен қышқыл қалдығы барын дәлелдеп үиренуі керек.

   Мұндай есептерді шешу үшін жалпы түрде мынадай жоспар құруға болады.

а. Есептің мазмұнын қайталап оқу.

ә. Зерттелетін заттың өзіне тән реакцияларды еске түсіру.

б. Заттың құрамын анықтауға арналған тәжірибенің техникасын анықтау.

в.   Затты анықтау.

Бірнеше рет сынау жүргізгенде, әрбір сынауды таза пробиркаға жүргізу керек.

Эксперемент есептерін шешу үшін реактивтердің белгілі бір тобының көмегімен заттарды бірнеше рет айырып, тани білу керек.

Ажыратып тану есептерінің күнделікті өмірде практикалық маңызы зор. Біріншіден салыстыру, қарама-қарсы қою, анализ және синтез, индукция және дедукция, ойлау әрекеттері жүзеге асады, оқушының логикалық ойлауын дамытуға жәрдемдесеміз. Екіншіден, заттардың қасиеттерін салыстыруды және ажырату белгілерін табуды үйренеді, зертханалық іс тәжәрибесін арттыра түседі. 

 

3.4. Заттардың сапалық құрамын анықтауға берілген есептерді шығару    әдістемесі

 

      Бұл типтегі есептер заттың құрамына кіретін элементтердің атомдарын және атомдар тобын табу үшін шығарылады. Бұл есептердің тиориялық маңызымен қатар практикалық маңызы зор. Қазіргі химия өнеркәсібінің көпдеген салаларындағы лабораториялық  заттарды өзінің құрамындағы қоспалардан тазартуға тура келеді. Сондықтан  дағдылар алу мен қатар келешекте химиялық заттарды зертеуге де жаттыға түседі. Оқушылар химия пәнін алғаш оқи бастағанда қоспаларды  бір-бірінен ажырату үшін, қоспадағы заттардың физикалық қасиетін пайдаланса, ал химиялық білімдері артқан сайын заттардың химиялық қасиеттерін пайдаланатын болады.

      Әр атомды және ионды ашып табатын  кілт-химия тілімен айтқанда реактив, заттың сапалық құрамы қосылыстағы метал атомдары жалынның түсін бояу немесе тұнбаға түсіру арқылы анықталады.

    Аниондар, көп жағдайда қышқыл қалдықтары түрінде кездеседі. Катиондар мен аниондар анықтайтын реактиптер 1,2 – ші кестеде көрсетілген.

     Есеп. Алюминий хлоридінің сапалық  құрамын анықтау керек.

     Шешуі: алюминий хлоридінің  фолмуласы ΑlCl3  оның құрамына Al және Cl элементтерінің атомдары кіреді, тұздар класына жатады.

      Алюминий хлоридінің бар екенін дәелдеу үшін тұздың ерітіндісіне сілтінің аз мөлшерін құямыз, ақ тұнба түзілуі тиіс:

AlCl3+3KOH→Al(OH)↓+3KCl

Тұздың  екінші бөлігі хлорсутек қышқылының қалдығы.

 

 

Катиондарға  сапалық    реакциялар

1 – кесте

 

 

 

Анықталатын катион

Немен анықталады

Не істеу керек

Реакция теңдеуі

Реакцияның жүруі

1

2

3

4

5

6

1.      

Н+

 

Лакмус, метиларанж

Лакмус тамызу, ерітіндіге мырыш салу

 

Ζn+2HClH2+ΖnCl2

Қыздырады, Н – ні жанған шырпымен тексереді 

2.      

Ag+

Cl және HNO3

HCl не оның тұздарын құю

Ag++ClAgCl

HNO – те ерімейитін ақ ірімтік тәрізді тұнба түзіледі

3.      

Na+

K+

Ca2+

Na+ K+, Ca2+ катиондары бар тұздарды спирт шамның жалынына ұстаб, жалының түсі өзгеруіне байланысты анықтайды

 

Жалын сары түске, күлгін түске, қоңыр қызылтүске бойалады 

4.      

NH4+

OH

Құрғақ тұзға сілті құйып араластырып, қыздыру

 

 

NH4++OH¯→NH3↑+H2O

 

Аммиякқа тән өткір иісті газ бөлініп, лакмус қағазы көгереді

5.      

Ва2+

SO4¯

Н2SO4 не оның тұздарын ың ерітіндісін құю

 

Вa2++SO42-→ВaSO4

HNO3 – те ерімеитін ақ тұнба

6.      

Сu2+

Физикалық белгісі түсі

Ерітіндіге темір не мырыш түиіршігінсалу

Сu2++Ғе→Ғе2++Cu   ( 1 )  

Cu2++2OH¯→Cu(OH)2   2

1. қызыл

2.  көгілдір

3. сары тұнбалар

7.      

Ғе3+

ОН¯, CNS¯, K4[Fе(CN)6]

ОН¯ бар ерітінді қызыл, қанық тұз ерітіндісін құю

Ғе+3+3ОН→Ғе(OH)3

 

4Ғе3+3[Fe(CN)6]4 —→ Fe4[Fe(CN)6]3

 

Fe3++3CNS→ Fe[(CNS)6]3

Қызыл түсті тұнба, қызыл түсті ерітінді,көк түсті берлин лазуры 

8.      

Fe2+

OH, K4[Fe(CN)6]

OH бар ерітінді қазыл қанық тұз ерітіндісін құю

Fe2++2ОН→Fe(OH)2

 

4Fe(OH)2+O2+H2O→ 4Fe(OH)3

 

Fe2++2[Fe(CN)6]→Fe[Fe(CN)6]

Ауада сұрғылттанатын жасыл турунбул көгінің қою тұнбасы

9.      

Al2+

OH¯

Тұнба пайда болғанша сілті тамызамыз

Al3++3ОН¯→Al(OH)3

 

Сілтінің артық мөлшерінде еритін ақ тұнба 

10.  

Cr2+

Физикалық белгісі, түсі

OH¯ бар ерітінді құю

Cr2++2OH¯→Cr(OH)2

Көк түсті гидратталғаниондар, қоңыр сары түсті тұнба 

11.  

Cr3+

Физикалық белгісі, түсі

OH¯ бар ерітінді тамызу

Cr3++3OH¯→Cr(OH)3

Cr(OH)3+OH¯→H2CrO3+H2O

Гидратталған иондары жасыл күлгін түсті, жаңа дайындалған ерітінділері жасыл түсті

Аниондарға сапалық реакция

                                                                                     2 – кесте

Анықтала-тын

анион

Немен

анықталады

Не

 істеу

 керек

 

Реакция теңдеуі

Реакция

 журу

белгісі

1

2

3

4

5

6

1

Cl¯

Ag+ және HNO3

Ag+ және HNO3 ерітіндісін құю

 

 

Ag++Cl¯ →AgCl

Жарыққа қарайатын ақ түсті тұнба

2

Br¯

Ag+ және HNO3

 

    ————

Ag++Br¯→AgBr

Ірімтік тәрізді тұнба ерімейді

3

Ag+, HNO3, Cl2

Ag2+ және HNO3 ерітіндісін /Cl/ хлор суын тамызу

 

 

Ag++I¯→AgI↓

2NaI+Cl2→2NaCl+I2

Ерімейтін лимон түстес сары тұнба, ол крахмалдан көгереді

4

SO4¯

Ba+ және HNO3

Ba+ бар ерітіндіні құю

 

Ba++SO4¯→BaSO4

Ерімейтін ақ тұнба

 5

CO3¯

Құрғақ тұзды H2SO4пен сулаймыз. Мыс сымды қыздырамыз

 

 

H2SO4+

(конц .)

Cu+t°

 

4NaNO3+2H2SO4+Cu→ →Cu(NO3)2+2Na2SO4+H2O+2NO2

 

Қоңыр түсті газ бөлінеді

 6

NO3¯

Құрғақ тұзға не ерітіндіге күшті қышқыл қосқанда бөлінген газды әк суына өткізу керек

 

H+, Ca(OH)2

 

әк суының лайлануы

 7

S2-

H+, Pb2+

Күшті қышқыл ерітіндісін құю не қорғасын ерітіндісін

 

 

H2+S2-→H2S↑

Pb2++S2-→PbS↓

Шіріген жұмырқаның иісі, қара тұнба

8

SO32-

H+,Ba2+, HNO3

Күшті қышқыл ерітіндісі құю. Барий тұзы мен азот қышқылы араласқан ерітіндісін құю

 

2H++SO32-→SO2↑+H2O

Ba2++SO32-→BaSO3

BaSO3+2H+→Ba2++SO2↑+H2O

 

 

Жанған күкірттің иісі, ақ тұнба 

 

1

2

3

4

5

6

9

 

SiO32-

 

H+

Күшті қышқыл құю

 

2H++SiO32-→H2SiO3

Кремний қышқылының іркілдек тұнбасы

10

PO43-

Ag+, HNO3

Ag+ бар ерітіндіні соңынан құю

3Ag++PO43-→Ag3PO4

Еритін

сары

тұнба

11

CrO42-

Ag+, Ba2+

Ag+ бар ерітінді, Ba2+ бар ерітінді құю

 

2Ag++CrO42-→Ag2CrO4

Ba2++CrO42-→BaCrO4

Қызыл тұнба, сары тұнба сұрғылт түсті қосылыстар

 

 

3.5 Қоспаның құрамын анықтау және бөлуге берілген есептерді шығару әдістемесі  

 

    Заттар   таза   күйінде  сирек   кездеседі.  Оларды қоспаның құрамынан  тазатуға тура келеді  бұл типтегі есептердің  пратикалық  ммаңызы  зор.  Қазіргі химия  өнеркәсібінің  көптеген  салаларындағы  зертханалық  заттарды  өздерінің   құрамындағы қоспаларды тазыартуға  тура  келеді.

    Сондықтан  бұл  типтегі есептерді  шығару  арқылы  оқушылар пратикалық  дағдылар  алумен  қатар  келешекте химиялық   заттарда зерттуге де  жаттыға  түседі.  Оқушылар химия  пәнін  алғаш  оқыи  бастағанда  қоспалардың  бір – бірінен   ажырату  үшін қоспадағы заттардың   физикалық  қасиетін  пайдаланса,  ал химиялық білімдері  артқан  сайын  заттардың  химиялық қасиеттерін  пайдаланатын  болады.

      Мысалы,  ас  тұзын тазартқанда  /8 сынып екінші сарамандық жұмыс/, алдымен ластанған  ас  тұзын  су қосып  ерітіп  алып,  сосын  ерітіндісін  сүзгі  қағаздан  өткізу  арқылы  қоспадан  бөледі де, қыздыру арқылы суалтып, құрғақ, таза ас тұзын алады..

     Бұл жұмыста ешқандай химиялық реакция жүрген жоқ ,   яғни                                 

ас тұзы өзгеріске ұшыраған жоқ: тек агрегаттық күйі өзгерді:                               қатты  сұйық  қатты.

     Тағы бір  мысал: мырыш  хлоридін,  мыс /2/ хлориді  мен  қорғасын  /2/  хлоридінің қосымшаларынан  қалай  тазыартады? 

     Бұл жерде алдынғы  әдісті  қолдануға  болмайды. Есептің  шарты бойынша мыс және қорғағасын металдарының   атомдарынан  құтылу  керек. Бұл  металдар – активті  қатарда  мырыштан  кейін  орналасқан активтілігі  төмен  металдар. Оларды мырыш  арқылы  ығыстырып  тұнбаға  түсіруге  және  тұнбаны  сүзіп  тазартуға  болады.

    Есептерді  шешкенде  оқушылар  заттарды  қоспадан  бөліп    алу  әдістерін  таңдап  алудан  қиналады. Сондықтан  бұл  есептерді  мынадай  алгаритм  құру  арқылы  шешуге  болады:

  1. Есептің берілгенін  қайталап  оқу:  мырыш  хлориді  мен  барий  хлоридінің  қоспасынан  мырыш  хлоридін  бөліп  алу.
  2. Есептің мазмұнынан  не  түсінікті  және  не  түсініксіз? Қоспаның  құрамындағы   қандай  заттар  екені  және  оларды  бір – бірінен  қалай  ажырату  керектігі  белгілі  болады.
  3. Қоспаның құрамындағы   қандай  заттар  және   ол  заттар  суда  ериді  ма?  Қоспаның  құрамындағы  мырыш  хлориді – қатты,  суда  еритін  зат. Барий хлориді  де  суда  еритін,  қатты зат.
  4. Барий  хлоридінің  қандай  қасиеті  мырыш  хлоридінде  кездеспейді? Бұл  қасиетті  қоспаны  бөлуге  пайдалануға  бола  ма?  Барий  хлоридінің  ерітіндісі күкір  қышқылының  тұздарымен әрекеттесіп,  барий сульфатының  тұнбасы түзіледі. Ал, мыоыш  хлоридінің  мұндай қасиеті  жоқ.
  5. Мырыш хлоридін тазарту үшін қандай  операциялар  жасау  керек  және   бұл  операцияларды  реттеп  жургізу керек.  Қоспаны  суда ерітіп,  ерітіндіге  мырыш  сульфатымен  әсер ету керек.  Бұл кезде жүретін реакция   теңдеуі:    

BaCl2+ZnSO4→BaSO4↓+ZnCl2

   Тұнбаға барий сульфаты түседі. Осы  барий сулфатын  сүзіп  бөліп  алғанда,  ерітіндіде  мырыш хлориді  ғана  қалады.  Енді  мырыш хлоридінің  қатты  түйіршіктерін  алады. 

Бұл  есептердің  ішінде  де аралас  есептер  кездеседі.

BaCl2+ZnSO4→BaSO4+ZnCl2

Б заты  бар  қоспадан              А заты  бар қоспадан

А затын  алу                             Б  затын  алу

Мысалы: а/ тура есеп NaNO3+NaCl қоспасынан  натрий  нитратын           бөлу;

  б/  кері есеп NaNO3+NaCl  қоспасынан  натрий  хлоридін  бөлу:

 

 

3.6 Заттардың  жіктелу  белгілері  немесе затқа  тән          реакциялар  жасауға  берілген  есептерді шығарту  әдістемесі

 

   Бұл типтегі  есептерді  шығартудың   оқушылардың  білімін  кеңейтуде  маңызы  өте   зор.  Себебі,  бұл  кезде  олардың  берілген  заттың  қасиеттері  жайлы  білім  кеңейтіп,  бекій  түседі,  осы  қасиеттерден  берілген  затқа  тән  екендігін  дәлелдейтін  тәжірибелерді  жасау  арқылы  практикалық  Негізінен  заттың  сапалық  құрамын  анықтау  және  щеберлігі  артады.

  ажыратып  тану  есептерді  затқа  тән реакцияларды  жүргізу   арқылы  шығарылады, оларды  кейде  сапалық  реакциялар  деп атайды.

    Оқушыларға бұл  есептерді  шешкенде  жеңілдік  жасау  үшін мына  үлгідегі  алгаритм  болады.

  1. есептің мазмұнын  қайталау.
  2. есептің мазұнын түсіну.
  3. бұл затқа  тән  реакцияларды  білу. 
  4. реакция теңлеулерін  жазу. 
  5. тәжірибе жасап,  жауаптың  дұрыстыдғын  ддәлелдеу.          

Мысалы: көміртек оксидінің  қышқылдық  оксид екенін      дәлелдеу.

Шешуі:

  1. Қышқылдық оксидтерге  тән  қасиеттер:           

    а/  сілтімен

    ә/  негіздік  оксидпен

    б/  сумен әрекеттесе алады.

  1. Көміртек оксиді  қышқылдық  оксид,  демек: 

    а/  сілтімен  әректтесіп,  тұз және  су  түзеді;

     ә/  негіздік  оксидпен  әрекеттесіп  тұз  түзеді;

     б/  сумен  әрекеттесіп,  қышқыл  түзеді

    Мұндай  есептер  берілгенде  сол  кластың  өкілдеріне  тән   жалпы  қасиеттерді  және  берілген заттың  ерекше  қасиеттерін  ескерту  қажет.

  • Құралдар құрастыруға  берілген  есептерді  шығару  әдістемесі  

     Белгілі  бір  затты  алу  немесе  белгілі  бір құбылысты  бақылауға  қажетті  құралды  құрастыру  үшін оқушылар  өтетін  химиялвқ  процесті,  оның  өту жағдайын,   бастапқы  заттар  мен  алынатын  өнімнің  қасиеттерін  жақсы  білу  қажет.  Сонымен қатар  олар  құралды  заттардан  және  қалй құру  керегін білуі  керек. Ал, бұл айтылғандардан  хабары жартылай болса  және құралдармен дұрыс жұмыс жасай алмаса есептерді шешудекөптеген  қателіктер жіберуі  мүмкін, кейде тіпті қауіпсіздік ережелерді де бұзылуы мұмкін.

    Құралдар  құрастыруға берілетін есептерді  9-шы класта бастайды. Мысалы: сутегін және көмір қышқыл газын алуға қажетті құрал құрастыру.

Құрал құрастыруды мына жоспармен жүргізген дұрыс.

а/ Есептің мазмұнын оқу.

ә/ Реакция теңдеуін жазу.

б/ Реакцияның жүру жағыдайын еске түсіру.

в/ Бастапқы заттар мен алынатын өнімдердің қасиеттерін еске түсіру.

г/ Реакцияның жүру жағдайын, өнім мен бастапқы заттардың қасиеттерін ескере отырып, құрал құрастыру үшін қорытынды жасау.

д/ Алынған заттың тазалығын тексеруді қалай жүргізу керектігін ескеру (егер құрал зат алу үшін құрастырылған болса).

е/ Алынатын затты қалай жинау керектігін және қалай сақтау керектігін ойластыру.

ж/ Құралдың суретін салу.

з/ Құралды құрастыру

Мысалы: «Құрғақ және таза хлор алуға қажетті құрал құрастыру».

Шешуі:Есептің мазмұнымен танысқан соң оқушылар хлор алу әдістерін естеріне түсіреді де, солардың ішінен мысалы, тұз қышқылының марганец /ΙV/ оксиді мен әрекеттесуін таңдап алады.Содан соң оқушылар бұл реакцияның жүру жағыдайларын естеріне түсіреді.( Тұз қышқылын марганец/ΙV/ оксидіне құйып қыздырғанда хлор бөлінеді).Ары қарай оқушылар бастапқы заттардың /HCΙ/ және /MΙΙO2/  және алынатын өнімнің қасиеттерін естеріне түсіреді HCΙ-ұшқыш: MΙΙO2-ауыр қатты зат, қышқылда ериді: CΙ2-ризинаны бұзатын сары-жасыл түсті газ. Осыларды пайдаланып құрал құрастыру үшін қажетті мынадай қорытынды жасауға болады.

  1. Реакция жоғарғы температурада жүретін болғандықтан, ыстыққа төзімді колба алу қажет, себебі басқа заттар қыздыруға шыдамауы мүмкін.
  2. Хлор ризинаны бұзатындықтан құралды ризинаны барынша аз пайдаланатындай етіп құрастыру қажет.
  3. Берілген уақыт ішінде құрал үздіксіз жұмыс жасау үшін колбаға марганец / / оксидінің мөлшерін жеткілікті түрде салу керек және оны концентрлі тұз қышқылын құйған бөлігі варонкамен жалғастыру қажет.
  4. Тұз қышқылы реакция жүріп жатқанда құйып алу үшін бөлгіш варонканың түтігінің ұшын колбаның түбіне жететіндей етіп орнату қажет.
  5. Тұз қышқылы ұшқыш болғандықтан, қыздырғанда хлормен бірге хлорлы сутек бөлініп , хлорды ластауы мүмкін. Сондықтан хлорды тазалау жолдарын қарастыру қажет.
  6. Хлор сутек суда жақсы ериді, ал хлор суда аз ериді. Сондықтан газдарды сумен шайу арқылы бөлуге болады. Су арқылы газдар қоспасын өткізгенде су тез хлормен қанығып, ал судың берілген көлемінде хлорсутек әлі біраз уақыт еруін жалғастырады.
  7. Бу арқылы өткен соң хлор ылғалданып қалады. Есептің берілгені бойынша құрғақ хлор алу керек. Сондықтан оны құрғату керек. Хлор күкірт қышқылымен әрекеттеспейді, сондықтан концентірлі күкірт қышқылы арқылы хлорды өткізу арқылы құрғақ хлор алады. Ол үшін газ жууға арналған құралды алып, оны күкірт қышқылымен толтырады.
  8. Хлор ауадан ауыр, сондықтан оны түтіктер ауаны ығыстыру арқылы жинайды.

Құралды құрастырғанда әрбір тетіктің дұрыс орныққанын, тетіктер дұрыс енгізілгенін тексеру қажет.

Бұл тип есептерін шешкенде оқушылардың сарамандық тәжірибесі жинақталып, теорияны сарамандықпен ұштастыру дамиды, оқушылар ұқыптылыққа үйренеді.

Әдетте сарамандық сабақ-белгілі бір тарау немесе оның бір бөлігі өтілгеннен кейін химиялық орындауы үшін арнайы берілген сабақ. Сарамандық сабақтарда оқушылардың алған білімдері тереңдетіліп, іс жүзінде қолдану іскерлігімен дағдылары қалыптасады.

Дұрыс ұйымдастырылған сарамандық сабақ оқушылардың:

  1. маңызды химиялық құбылыстармен реакциялардың сипаты туралы білімін нақтылауына,олардың мәнін терең түсінулеріне:
  2. химиялық құбылыстарды бақылап, заттардың қасиеттеріне қарай ажырата білулеріне:
  3. химия зертханасында жұмыс істеудің әдістерімен және қарапайым әрекеттермен танысып,оларды игерулеріне:
  4. Химиялық заттар және құрал-жабдықтар мен жұмыс істеу дағдыларын,іскерліктерін қалыптастыруларына:
  5. Еңбек ету икемділіктерін жетілдірулеріне зор ықпал етеді.

Сарамандық сабақ барысында,негізінен оқушылардың мынадай іскерліктер мен икемділіктерді менгеруге тиісті.

-химиялық ыдыстармен (пробирка,колба шыны ыдыстар,кәрден табақша т.б) (зертханалық құрал жабдықтармен жылытқыш құралдар штативтер т.б) химиялық реактивтер- қышқылдар,сілтілер,тұздар және олардың ерітінділерімен жұмыс істей білу.

-дайын бөлшектерден тетіктерден құралдар құрастыру(газ жинайтын т.б) және оның нағыз жабылғандығын тексеру:

-цилиндрмен сұйық заттың көлемін анықтау және таразы арқылы зат салмағын өлшеу.

-Химиялық іс-әрекеттер жасау/сұйық және қатты заттарды еріту: газдарды ерітіп сіңіру, заттарды қыздыру, сұйықтарды айдау, сүзу, буландыру, айдау ауаны және суды ығыстыру арқылы газ жинау, сүзгіде жуу және т.б./

       — оқылған заттарды физикалық, химиялық қасиеттеріне және әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктеріне қарай / оттегі, сутегі, көмірқышқыл газы, қышқылдар, негіздер, хлорид, иодид, бромил, сульфит, сульфат, нитрат, корбонат, аммиак, азот оксиді, аммоний, натрий, калий, кальций, барий алюминий темір – екі және үш валентті және т.б. иондарды ажырата білу:

      — тізбектегі химиялық өзгерістерді жүзеге асыру нәтижесінде жаңа заттарды алу:

      — тәжірибелердің реакция теңдеулерін жазу және байқалған құбылыстардан қорытынды шығара білу:

      — сонымен қатар, мұғалім сарамандық икемділікті қалыптастыру кезінде:

      а/ оқушыларға күрделі тәжірибелерді түсіндіре отырып көрсетуі керек.

      ә/ әр түрлі жұмыс әдістерін қолданатын жаттығуларды жиі жасатуы керек.

      в/ оқушылардың барлық әдістерді дұрыс қолданып жұмыс істеуін үнемі қадағалап отыруы керек.

       Сонымен, қорыта келгенде, химияны оқыту барысында оқушылармен сарамандық жұмыстар орындаудың маңызы зор және оларды орындаудың әдістері мол. Оқушылардың химия пәнінен алатын білімі өз дәрежесінде болу үшін химия пәнінің мұғалімі берілген сарамандық жұмыстарды тиімді жолмен, нақтылы оймен, химиялық қарапайым ғылыми тілмен оқушыларға түсіндіре білуі керек. Оның үстіне пән мұғалімі теориялық сауатты болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

Эксперимент бөлімі

              IX – класта өткізілетін сарамандық жұмыстар         

 

Х – жылдық орта мектеп бағдарламасына сай 9 кластың химия курсында 9 сарамандық жұмыс жүргізіледі. Оның бесеуі оқушылар алған білімін өздігінен, әр түрлі байланыста пайдалана білуге баулитын эксперименттік есептерді шығаруға арналған. Қалған сарамандық жұмыстар газ тәрізді заттарды жинап, олармен тәжірибе жасау немесе жеке химиялық элементтің қосылыстарының қасиеттерімен танысуға негізделген.

 

Сарамандық жұмыс

        Элоктролиттік диссоциация теориясы тақырыбы бойынша эксперименттік есептер талдау.

        Бұл жұмыста оқушылар элоктролиттер туралы ұғымын, оларды бір-бірінен ажырату және иондарды танып білу икемділіктерін қалыптастырады. Бұл тақырыпта 6 есеп берілген. Оқушылар есептерді шығарғанда ион алмасу реакцияларын іске асырады. Оларды жүргізе отырып, элоктролиттердің ерітінділерінің арасындағы  алмасу реакциясы, иондарды байланыстыру бағытында жүретіндігіне көз жеткізеді. Әр бір реакция нәтижесінде түзілген өнімді дұрыс анықтайды. Өз пікірінің дұрыстығын реакциялардың толық және қысқарған иондық теңдеуін жазып дәлелдейді.

       Бұл тақырып бойынша берілген есептердің жауаптары: I-есеп. Приборкаға 1-2 мл концентрлі күкірт қышқылын құйып, оған бір түйір мырыш салындар. Реакцияның молекулалық, толық және қысқарған иондық теңдеуін жазып, электрондардың өтуін көрсетіңдер. Бұл реакцияларға қайсысы тотықтырғыш болатынын түсіндіріңдер.

     Шешуі: 5H2S+6О4+4Zn0→4Zn+24+H2S-2+4H2O

Zn0+2е→Zn+28 │  4

 S+6+8е→S-2  │  │  1

        Бұл реакцияда 2 – тотықсыздандырғыш, ал 3 – тотықтырғыш.

2 – есеп. Алты б приборкада магний хлоридінің ерітіндісі берілген. Әрбір приборкаға: а/ натрий гидроксиді, б/ калий сульфаты, в/ натрий корбанаты, г/ мырыш нитраты, д/ калий ортофосфаты, е/ натрий сульфидін біртіндеп құйындар. Соңына дейін жүретін реакциялардың молекулалық, толық және қысқарған иондық түрдегі теңдеулерін жазыңдар.

   Шешуі: а) MgCl2+2NaOH→Mg(OH)2↓+2NaCl

                     Mg2++2Cl+2Na++2OH→Mg(OH)↓+2Na++2Cl

                 Mg2++2OH→Mg(OH)2↓   (аз ериді)

              б) MgCl2+K2SO4

              в) MgCl2+Na2CO3=MgCO3↓+2NaCl

                  Mg2++2Cl+2Na++CO32-→MgCO3↓+2Na++2Cl

                  Mg2++CO32-=MgCO3

             г) MgCl2+Zn(NO3)2

             д) 3MgCl2+2K3PO4=Mg3(PO4)2↓+6KCl

                  3Mg2++6Cl+6K++2PO43-=Mg3(PO4)2↓+6K++6Cl

                   3Mg2++2PO43-=Mg3(PO4)2

             е) MgCl2+Na2S=MgS↓+2NaCl

                 Mg2++2Cl+2Na++S-2=MgS↓+2Na+2Cl

                 Mg2++S2-=MgS↓

 

 

                                 Сарамандық жұмыс

«Азот топшасы» тақырыбы бойынша эксперименттік есептер шығару.

 Бұл жұмыста оқушыларға азот және оның қосылыстарының қасиеттері арқылы «Азот топшасы» туралы жалпы түсінік қалыптастырылады, алған білімдерін іс жүзінде пайдалануға және азот қосылыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйренеді.

Есептерде азот қосылыстарының қасиеттері жөніндегі білімдерін пайдалана отырып, өздеріне таныс химиялық тәжірибелерді орындау арқылы қорытынды жасауға үйренеді.

1-есеп. Аммияк алу және оған тән химиялық реакциялар.

Шешуі:  2NH4Cl+Cq(OH)2→C4Cl2+2NH3↑+2H2O

    Тән химиялық реакциялар.

  1. Аммияк – тұрақсыз қосылыс және қоздырғанда ыдырайды.

2NH3Cl→N2+3H2

2.Аммияк оттегіде жанады.

              4NH3+3O2→2N2+6H2O

  1. Катализатор қатысында / платина мен родийдің құймасы/ аммияк ауадағы оттегімен тотығады, мұнда азот /II/ оксиді түзіледі.

      4NH3+5O2Pt,RhHNO+6H2O

  1. Аммияк сумен әректтеседі.

              NH3+H2O→NH4OH

  1. Аммияк қышқылдармен әрекеттеседі:

           NH3+HCl→NH4Cl

  Көп  негізді қышқылдармен аммияк  әр түрлі жолмен әрекеттеседі:  

       А .  NH3+H2SO4→NH4HSO4

       Б  .  2NH3+H2SO4→(NH4)2SO4   

 2 – есеп. Бір пробикаға ортофосфор қышқылының ерітіндісі; ал, екіншісне күкірт қышқылы ерітіндісі, берілген осы қышқылдарды жеке – жеке анықтау.

Шешуі:  1. H3PO4+3AgNO3→Ag3PO4+3NO3

  1. H2SO4+BaCl2→BaSO4+2HCl

 

Қорытынды

  1. Сарамандық жұмыстармен экспериментік есептерді шешіу әр түрлі жүйелі жолдары бар.
  2. Жалпы білім беретіт орта мектепбағдарламасына сәйкес 9 сыныпта химия пәнінен сарамандық жұмыстар беклгіленеді. Эксперимент есептерін шығаруға, тікелей тәжірибе жасап заттарды алуға, оларды толық білуге және химиялық қасиеттерін зертеуге арналады.
  3. Химия пәні бойынша жылдық  бағдарламаға сәйкес жұмыстар оқушылар үшін ұйымдастырылып, олардың жауаптары толық талқыланады.
  4. Жұмыстарды ұйымдастыруға эксперименттік есептерді шешіу болашақ химия пәнінің мамандары үшін теориялық білімнің өте қажеттілігі, оның күнделікті сабақта пайдалана білудің  тимді жолдарын айқындау керектігі, зертханалық және сарамандық жұмыстарды орындау икемділігін жетілдіру керектігі туындайды.