Кіріспе
|
Тірі организм сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне үнемелі бейімделуі арқылы дамиды және жоғары сатыға көтеріледі. Ал бұл мінездің басты себепкерлігі организмдің өз белсенділігінен туады. Мәнез белсенділігін мұқтаждық ұйымдастырады. Мұқтаждық дегеніміз әр бір кезде пайда болатын және мақсатты мінез арқылы жойылатын организмдің маңызды қажеттілігі.
Адамдарда байқалатын мұқтаждығы тіршіліктік, әлеуметтік және мұратты мақсаттарға сәйкес үш топқа бөледі: тіршіліктік мақсаттар, тағамдық, жыныстық, қорғаныш іс − әрекеттерімен қанағаттандырады. Әлеуметтік мақсаттарға адамның еңбектенуі, білім алу, спорт мәденитеттік қоғамда өз орнын табу іс әрекеттері жатады. Мұратты мақсаттар таным және шығармашылық мұқтаждықтарынан тұрады. Оның негізін бағдарлау, зерттеу құрайды.
Адамның мәдени және тарихи дамуы, аталған мақсаттарға жету үшін бір неше өндірістік қажеттілікті тудырады. Олар еңбек арқылы жүзеге асырылады.
Еңбек физиологиясы
Еңбек адам организмін қалыптастыруда жетекші қызмет атқарады. Ф.Энгельстің айтуынша, еңбектің арқасында қол және сөйлеу мүшелерінің әрекеті мүлдем жетілді. Онымен қатар ми, талдағыштар жүйесі дамыды және пихика қалыптасты. Сондықтан адамның түйсігі және ұғынуы кеңейеді, еңбек қимылдары еріксіз атқарылатын болды.
Еңбек − адамның өз мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жасайтын мақсаты, іс әрекеті. Ол қоғам мен тығыз байланысты әлеуметтік санат. өйткені еңбек адам тіршілігінің және тұрмыс қалпының қажетті шарты болып саналады.
Еңбектену іс әрекетінің организмге ететін әсерін еңбек физиологиясы зерттейді. Ол адам организмінің еңбектену кезіндегі әрекеттік өзгерістерін тексереді. Сөйтіп, адамның денсаулығын және жоғарғы жұмыскерлігін сақтау үшін, еңбекті ұйымдастырудың режимі мен жүктемелердің организмге қолайлы түрлері мен әдістерін ғылыми тұрғыдан қарастырады.
Қазіргі өндіріс жағдайларында адамның еңбек іс әрекеті мен физиологиялық көрсеткіштерін жүйелі түрде зерттеу өте маңызды орын алып отыр. Мұны жүзеге асыратын ғылым саласын эргономика деп атайды. Эргономика еңбектену үрдісінің жұмыс құралдары мен жағдайларының тиімді жолдарын іздейді. Ал еңбек физиологиясы оның маңызды бір бөлігі болып есептелінеді
Дене еңбегі.
Еңбектің барылық түрі адамның қозғалыс іс әрекеті арқылы атқарылады. Сондықтан адам организмі қоршаған ортаға бейімделу және оны жете меңгереді.
Дене еңбектерінде ең әуелі бұлшықет жүйесі белсендіріледі, оны вегетативтік жабдықтау қамтамасыз етіледі. Негізінен жұмыс әрекетіне тікелей үш әрекеттік жүйе: қозғалыс, талдағыш және ақыл−ой жатады. өйткені сыртқы мәліметтер сезім жүйесі арқылы қабылданады да мида өңделеді. Сөйтіп жауапты қимыл әсерленісі ұйымдастырады.
Гиподинамия. Қазіргі кезед адам өзінің еңбек және тұрмыс қажетіне бұлшықет жұмысын аз пайдаланады. Сондықтан оны тіршілігінде ерекше жағдай гиподинамия мен гипокинезия жиі кездеседі.
Гиподинамия деп − адам организмінде өзгерістер тудыратын қимыл әрекетіқарқынының шектелуін көрсетеді. Бұл кейбір ауруларда, қарішкерлерде байқалады. өйткені олар ұзақ уақыт шағын кабинада және салмақсыздық жағдайда тірек қимыл апаратына гравитация әсері жойылғанда жұмыс істейді.
Гипокинезия деп − бұлшықеттің аз энергия шығыны, амалсыз ұзақ тұлға қалпын сақтау, біркелкі, қимыл, үйлесімді қозғалыс әрекетінің жеткіліксіздігі сияқты себептер туады.
Қозғалыс белсенділігі көп жылдар бойы шектелсе, бұлшықет талшықтарының атрофиясы туады. Ет талшықтары жіңішкеріп, гликоген мен энергия қоры азаяды, маймен қатпараланады.
Ой еңбегі
Ғылыми техникалық дамудың салдарынан ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың саны көбеюде. Сонымен қатар көптеген дене еңбегі бар кәсіптерде ой әәрекетінң үлесі артады. Ой еңбегінің қатарына ақпаратты қабылдайтын және өңдейтін сезім жүйесі, ықылас, зерде, ойлауды және эмоциялық күйді айырықша ынталандыратын жұмыстар жасайды.
Қазіргі көптеген кәсіптер жылдам қарқынды, әртүрлі және мол ақпараттарға, қысқа мерзімді тиісті шешімді тез қабылдау талап етеді. Осыны бәрі шамамен тыс зорлану тудырады, сөйтіп жүрек тамыр және жүйке ауруларына жиы шалдықтырады.
Ой жұмысымен айналысатын адамдарда жүрек тамыр ауытқулары тудыратын көптеген қатерлі түрткілердің ішінде өте елеулісі көтеріңкі эмоциялық зорланушылық, гиппокинезия, темекі шегу, салмақтың ратуы, тектік бейімділік болып саналады.
Ой еңбегінің ерекшелігі мол. Ми реттеушілік қызметпен бірге жұмыскер мүше болып есептеледі. Сондықтан оның ықпалы ең әуелі ОЖЖна тиеді. Ой жұмыстарының нейрофизиологиялық тетіктері Сеченов, Павлов, Ухтомский, Анохин және Бехтерованың еңбектерінде айқын көрсетілді. Бұл еңбектер бойынша ой еңбегінің негізін жоғары дәрежелі жүйке қызметі мен психикалық әсерленістер құрайды.
Ой жұмысы кезінде мидың көптеген аймақтарында жергілікті белсенділік үрдістері пайда болады. олар үлкен мидың оң және сол сыңарларын қамтиды. Ал енді кез келген ой жұмысында ми белсенділігінің жалпы өзгерістері бірге жүретін болса, жергілікті белсенділік қыртыс пен қыртыс асты аймақтарында, көптеген басқа әрекеттерде жиі кездеседі.
Қорытынды
Еңбектену мен демалудың физиологиясын зерттеу мен білу адам өмірінде өте маңызды. Біздің өмір қозғалыс негізінде құрылғандықтан, еңбектену, жұмыс істеу, спортпен шұғылдану адамның денсаулығын нығайтудағы маңызды фактор болып табылады. Жұмыс жасаған кезде адам организміндегі әр түрлі ағзалардың физиологиялық сипаттамалары қалыптыдан өзгереді. Мысалығы алатын болсақ, адам бір жұмысты істегенде, онда оның организмінде қан айналу жүйесінің қызметі, тыныс алуы жоғарылайды. Және де біраз уақыттан кейін есептейтін болсақ, онда организмің бұл көрсеткіштері қалыптыға жақындағанын байқаймыз, яғни ағза осы жағдайға бейімделе бастайды. Осыдан келіп ағза үшін демалыстың да қажеттігі туады. Ал демалысты жайбарақат жатып өткізбей, И. М. Сеченов зерттеп, дәлелдегендей, белсенді түрде өткізу көп пайда келтіретіні анық.Белсенді демалысты дұрыс жүргізу қажет. Әр бір адам өзі айналысатын жұмысына сай демалыстың режимін ұстануы тиіс.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
· Еңбек физиологиясы
· Дене еңбегі
· Ой еңбегі
· Белсенді тынығу
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер:
Сәтбаева Х.Қ. Валеология – денсаулық туралы ғылым. Алматы, 1999.
Сәтбаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. Адам физиологиясы. Алматы 2005.
www.google.kz
www.rambler.ru