АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Ерік туралы жалпы түсінік

Кіріспе

Ерік   туралы   жалпы  түсінік

 

           “Ерік – орыс  тіліндегі  “воля”  сөзінің   дәл  аудармасы. Төл  тілімізде “ерік-жігер”,”қажыр-қайрат” ұғымдарымен астарлас  сөз “Қайрат” сөзін  Абай  жиі  қолданғанған, Ж.Аймауытов еңбектерінде “ерікті”,”қайрат” деп атаған.

          Ерік  кең  мағынада  да, тар  мағынада  да жүретін  сөз. Соқыр  сезімге  байлаулы  серпілу  болсын, қайта-қайта  істелгендіктен   әдетке  айналып  санасыз  етілетін,  амал  болсын.

          Ерік – адамның  өз  мінез –құлқын  саналы  түрде  меңгере  алу  қабілеті.  Адамды  әр  алуан  әрекеттер  мен  бағыттайтын  нәрсе – мақсат  қою,  соған   талпыну. Мұны  психологияда  ниет (мотив, себеп)  деп  атайды. Адам  сыртқы  дүниенің  заттары  мен  құбылыстарын  тек  танып, не  оған  өзінің  қатынасын  білдіріп  қана  қоймай,  сонымен  бірге,  оны  қажетіне орай  өзгерткісі  келеді. Бұл  үшін  ол  қимыл-қозғалысқа,іс-әрекетке түсіп  отырады.Адамда  қимыл-қозғалыс  есепсіз  көп.  Бұларды үлкен  екі  топқа  бөлуге  болады. Оның  бірін-еріксіз  қозғалыстар  (яғни  мақсат  қойылмайтын  қозғалыстар :мәселен , көздің  жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т.б.),  екіншісін  еріктік  қозғалыстар  деп  атайды.  Мәселен:  жерге  түсіп  кеткен  нәрсені  көтеріп  алу,  қозғалыстың  соңғы  түріне  жатады.  Кез-келген  қозғалыс  арқылы  сыртқы  ортаны  өзгертуге,  оған  ықпал  жасауға болмайды. Бұл  мақсатты  қозғалыс.   Адамның  мақсатты  қозғалыстары  әр  қилы  кедергілермен  қиыншылықтарға  ұшырап  отырады.  Алайда  адам  алдына  қойған  белгілі  мақсатын  орындау  үшін   оны  ерікті  әрекетімен  жеңуге  ұмтылады. 

          Ойланып  істелетін,  алға  мақсат  қоюды  қажет  ететін,  түрлі  кедергілерді  жеңуден  көрінетін  қимыл  қозғалыстарды  психологияда  ерік  амалдары  немесе  ерік 91  деп  атайды.  Сонымен  ерік  дегеніміз –адамның  өз  мінез-құлқын  меңгере  алу  қабілеті.  “Қайрат дегеніміз-өмір  жолында  кездесетін  екіталай   кездерде  белді  бекем  буып,   қайыспай,  кідірмей  амал  етуге  ұмтылу  ”.  (Ж.Аймауытов)

             Адамның  мақсатты  қалауы ,  әр түрлі  істерді  орындауға  ұмтылуы,  жалпы  алғанда  ниеттерінің  жиынтығы  психологияда  адам  ниетінің  өрісі  делінеді.  Басқаша  айтқанда,   бұл-адамның  бағдарлы  әрекеті.  Сонымен,   адам  ниетінің  өрісіне  оның  саналы  әрекетіне,  еріксіз  істері,  айқындалған  істері,   мақсаты  әлі  жете  анықталмаған  істері  де  жатады.  Ниеттерді  орындауда  тіршілік  үшін  маңызды да ,  мәні  аз  да  істер  кездесіп  отырады.  Ниет  өрісі  өзгергіш,  әрі  қозғалғыш,  сондай-ақ  сыртқы  жағдайдың  өзгеріп  отыруына  орай  айнымалы  болып  келеді.  Алға  қойған  мақсатқа  сәйкес  ниеттің  мазмұны  да  айқындала  түседі.  Осы  тұрғыдан  алғанда  адам  ниетінің  мәні  жеке  меншікті  немесе  менмендікті,  өрісі  тар  тоғышарлықты  не  өрісі  кең  қоғамдық  сипатты  білдіреді.  Адам  ниетінің  өрісі  белгілі  мақсатқа  бағытталып,  оның  азаматтық  қасиеті  мен  іскерлігін,   адамгершілік  сапаларының  өзгеруімен  түр  сипатын білдіреді. 

            Адамның  психикалық  әрекеті  алдына  қойған  мақсатын  орындауға  байланысты  түрлі  ішкі — сыртқы   кедергілерді  жеңе  білуінен  жақсы  байқалады.  Мәселен,  ұйқы  басып  төсектен тұрғымыз  келмейді,  бірақ  сабаққа  кешікпеу  үшін  тұру  керек.  Бұл  жағдайда  ішкі  кедергілерді (еріншектік т.б.)  жеңу  керек  болады.  Егер  біздің  мақсатқа  жетуімізге  сырт  нәрселер  кедергі  жасаса  (басқа  адамдар ) ,   бұларды  да  жеңіп  отыруымыз  қажет. 

            Ерік  қоғамдық   еңбек  процесінде  пайда  болып,  қалыптасады.  Тек  еңбек  ету  арқылы  ғана  адам өзінің  әр түрлі  амалдарын, қимылдарын  көрсетіп,  түрлі  қасиеттерін  өтей  алады.  Біз  көп  адамдардан  “не  тілесем,  соны  істеймін  ”   деген  сөзді  жиі  естиміз.  Кейбір  философия   мен  психология  ғылымдарының  өкілдері  олсындай  жеке  пікірлерге  тас  кенедей  жабысып:  “ адам  не  істеймін  десе  де  ерікті,  “өз  қылығына  өзі  қожа”  дейді.  Барлық  тіршілік  ерікке  байланысты,  ал  ерік  ешбір  себеп  дегенді  білмейді,  ешбір  материалдық  жағдаймен байланысы  жоқ,   өзінше  пайда  болған  күш ”,- деп   адамның  барлық  әрекеті,  мұның  ішінде  еркі де ,  нақтылы  айналысып  қоршап  тұрған  денеге,  жағдайларға  байланысты  болатындығына  жете  мән  бермейді. 

              Сөйтіп,  ерік  қимылдарын  өзінен -өзі  пайда  болмайтын,  керсінше адам  өмір  сүрген  ортасына  байланысты  дамып  отыратын  ми  қызметі  продуктысының  бірі  болып  есептелінетін  психикалық  процесс  деп  түсінуіміз  қажет. 

              Тарихта  болған  белгілі  адамдардың  өмір  жолына  назар  аударсақ,  олардың  алға  қойған  мақсаттарын   орындау  үшін  орасан  көп  күш  жұмсап,  рухтанып,  қиыншылықтарды  ерікті  істермен  жеңіп  шыққанын  көреміз.  Бұған  мысал  ретінде  “Шығыстың  қос  жұлдызы ” атанған   Әлия мен  Мәншүктің  Ұлы  Отан  соғысындағы  ерлігін  айтуға  болады.  Ел  басына  күн  туған  шақта  туған  жерге  деген  сүйіспеншілік  осынау  нәп-нәзік  қазақ  қыздарының  бойына күш — жігер ,  рух  береді.  Олар  ерлік  пен батылдылықтың  өшпес  үлгісін  көрсетіп,  отан  үшін  жанын  пида  етті.     Бұл  да  -адам еркінің  бір  көрінісі. 

               Еріксіз   әрекеттердің  физиологиялық  негізі  болып  табылатын  шартсыз  байланыстар  тізбегі-инстинкт әрекеті   ырықсыз  орындалады.  Психологияның  табиғи  ғылыми  негіздерін  қалаған  орыс  ғалымдары  И.М. Сеченов пен  И.П.Павловтың  ілімі  ерікті  әрекеттердің  негізі  —  мұндағы  материалдық  процестер  сыртқы  әсер  мен  мидың  уақытша  байланысы, шартты  рефлекстер  деп  түсіндірді.  И.М.Сеченов  пен  И.П. Павлов  ерік  қимылдарының  белгілі  бір  себепке  байланысты  болатынын  эксперименттік  зерттеуінен  дәлелдеді.  И.М.Сеченов : “  кәдімгі  ырықты  деп  аталатын  барлық  саналы  қозғалыстарымызды  бейнелей  мағынасында  ұғыну  керек”.  “Адам  кез-келген  қимылдарының  тәуелділігін  және  ол  ми  қызметінің  нәтижесі  екендігін  көрсеткен  болатын”.   Ал  И.П.  Павлов  ерікті  әрекеттердің  механизмін  жоғарғы  жүйке  қызметінің  барлық  заңдарына  бағынатын,  шартты  ассоциациялық  процесс  деп  анықтайды. 

             Еріктің  физиологиялық  механизмі  де   ми  қабығының  рефлекстік  табиғатына  жатады.  Ерік  процесінде жоғарыда  айтылып  өткен  ерікті  қозғалыстардың  алатын  орны  ерекше.   Ерікті  қозғалыс  дегеніміз  мақсатқа  бағытталған  қозғалыстар,   яғни  күрделі  шартты  рефлекстер.  Еріксіз  қозғалыстарда   тумалық  қасиет  болса,  еріктік  қозғалыстар  өмірде  жүре  бара  қалыптасады.  Ерікті  қозғалыстардың  рефлекстік  табиғатын  И.С.Сеченовтан  кейін   зерттеген  И.П. Павлов  және  оның  шәкірттері  басқа  анализаторлар  тәрізді  қозғалыс  анализаторы    да, яғни  ерікті  қозғалыстарда  түрлі  тітіркендіргіштермен  уақытша  жүйке  байланысына  түсуге  қабілетті  екенін  көрсетті.  Адамның  ерікті  қозғалыстары  ми  қабығында  бұрын  пайда  болған  уақытша  байланыстардың  негізінде  жасалады.  Мұндай  қозғалыстар  үшін сөз  ерекше  тітіркендіргіш   болып  табылады,  түрлі  қозғалыстарды  реттеп,  басқарып,  тежеп  отыратында  осы  сөздік  сигналдар.  Адамның  көптеген  қозғалыстары  іштей  сөйлеу  арқылы  да  пайда  болып  отырады,  мұндай  сөздер  түрлі  қозғалыстың  “ басталу  белгісі”.  Адам  сөз  арқылы  нұсқау  алады  немесе  бір  тоқтамға  келеді,  алдына  қойған  мақсатына  сәйкес  қимыл — қозғалыстарын реттеп  отырады.  Қозғалыс  анализаторының  жүйке  клеткалары  мидың  орталық  сайының  алдыңғы  жағына  орналасқан.  Осы  жерде  перамида  формасындағы  алып  жүйке  клеткалары  бар.  Бұлар  жүйке  талшықтары  арқылы  қаңқаның  бұлшықеттермен  байланысып  жатады. 

              Қозғалыс  анализаторын  құрайтын  жүйке  талшықтарын  пирамидалық  жол  деп  атайды.   Пирамидалық  жолдардың  қызметіне  зақым  келсе,  адамның  қимыл-қозғалыстарының  берекесі  кетеді,  мұндайда  оны паралич   ауруы  соғуы  мүмкін. 

               И.П.Павлов  “….еріктік  қозғалыстың  механизмі  жоғары  жүйке    қызметінің   барлық  заңына  бағынатын шартты  ассоциациотиптік  процесс  ” 92    деп  ерікті  мидың  уақытша  байланыстар принципінің  заңына  орайлас  түсіндіріледі.   

                 Ерікті  қозғалыстарды  орындау  дегеніміз — еріктің  ең  қарапайым  түрде  сыртқа  шығуы,  жас  баланың  еркінің  дамуы  осындй  қозғалыстар  жасауға  үйрене  бастаудан,  өзінің  денесін  басқара  алуынан  байқалады.  Қозғалыстарды  тежей  алу,  тек  алда  тұрған  мақсатқа  ғана  сәйкес  қозғалыс  жасау-бірінші  және  екінші  сигнал  жүйелерінің  өзара  әрекеттестігінің   нәтижесі.  Еріктің  бірінші  жалпы  мағынасы  адамның  психологиялық  өмірінің  саналы  түрде  бір  мақсатқа  бағытталуын  білдіреді.  Ал  дәл  мағынасында  ерікті  амалдар  ішкі  немесе  сыртқы  кедергілерді  жеңуге  байланысты  көрініп  отырады.   Мәселен,  адам  жазу  үшін  столдың  үстіне  карандашты  қол  созып алады,  әрине  бұл  да  саналы   және  белгілі  мақсатқа  жетуге   бейімделген  әрекет.  Осы  сияқты  әрекетті  ешкім  нағыз  ерікті  әрекет  деп  ойламайды,  олай  дейтін себебі,  бұл  жерде  ешқандайда  кедергіні  жеңу  байқалмайды.  Ерік  амалы  байқалған мен ,  оның  көрінісі  болмашы,  мұндағы  ерік  көбінесе  адам  елемейтін  дәрежеде  бөлінеді.  Сондықтан  да  шын  мағынасындағы  ерік  амалдары  бірнеше  күрделі  қозғалыстардың  (тіпті,  ойланып  істелінген  қылық  болсада  )   жиыны  болып  табылмайды.  Сөйтіп  адамның  дәл  мағынасындағы  ерік  амалы  біріншіден, әрбір  адамның  өзін-өзі  билей  алуынан,  яғни  мінез-құлқын  меңгере  алуынан  көрінсе : екіншіден  оның  түрлі ішкі   және  сыртқы  кедергілерді  жеңе  отырып,  алдына  қойған мақсатын  орындап, істі  мұхият  тындыруынан  көрінеді.  Дайындық  кезеңі  түрткілеу (тілеу,  қалау)  күресі  орындау  кезеңі   бақылау.

 

Еріктік  амалдардың  даму  кезеңдері.

 

            Ерікті  әрекеттер  мен  амалдар –  мәнісі  мен  құрылысы  жағынан  өте  күрделі  процесс.  Немесе  ерікті  амал ,  бұл-мазмұны  тұрғысынан  өте  күрделі  психологиялық  әрекет. 

             Ерік  қимылы  адам  даму  процесінде  біртіндеп  жетіліп,  қалыптасатын  күрделі процесс екендігін  төмендегі  структурасынан  да  жақсы  көруге  болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ерікті  амал  кезеңдері  бұл  мәселенің  мәнін  психологиялық  тұрғыдан  ашып  көрсетеді.  Әрбір  ерікті  әрекетте  белгілі  мақсат  бар.  Адам  қандай да  болмасын  белгілі  бір істі  орындау,  өзінің  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  өз  жағдайын  соған  бейімдейді. 

            Адамның  еркі  алдына  мақсат  қоюдан  басталады.   Мәселен  орта  мектепті  бітіретін  оқушының  арнаулы  оқу  орнына  түсуге  талабы  бар  дейік,  оқушының  бұл  мақсатты алдына  қоюына  оның  мәдени  қажеті, білім  алуға  тырысуы   түрткі (мотив)  болады.  Кез-келген  адамнан  “ сен  не  үшін  оқисың ? ” деп  сұрасаң,   оның  нендей  болса  да   бір  дәлел  айтатыны  түсінікті.

            Адам  осылай  өзінің  келешекте  белгілі  бір  бағытқа  істейтін  ісінің  мәнін жоспарлай  белгілейді.  Мұны  еріктік  амалдың    бастамасы –тілек  немесе ниет  деп  атайды.  Тілек-келешекте  істейтін   ісіміздің  ойға  бекуі.  Мәселен,  “газетке  мақала  жазсам”,” өзенге  барып  шомылсам” т.б.  деген  сөйлемдерде  адамның  түрлі  тілегі  бейнеленген.  Бұларда  белгілі  бір  қахетті  өтеу көзделген,  бірақ  оны  орындау  жолдары  әліде  болса  көмескі,  яғни  оның  жоспары  сызылмаған. 

           Дегенмен,  осы  секілді  тілектерді  еріктік  амалға  тән  талғамалылық  сипат  270  тоқтамға келу  бар.  Ал  талғау  ниетке  ой  әрекетінің  араласуын  қажет  етеді.  Ой  тезіне  салу  арқылы  адам  өзіне  қажетсіз  тілектерді  тежейді де,  қажеттілерін  орындау  үшін  тиісті  жоспар  сызып, амал,  айла,  әдіс  қарастырады.  “Тілектің     алды-артын  тексеріп  үйренген  адам балалықта  ебедейсіз,  еркеліктен,  қияңқылықтан,  есейгенде  есерліктен  аман  болмақшы.” (М.Жұмабаев).  Соңғы  жағдай  ғана  адамның тілегін  нақтылы  кесімді  түрде келтіреді.  “Жақсы  ниет  жарым  ырыс” деп  халық  тегін  айтпаған. 

              Адамның  алдындағы  мақсаты  осылайша  айқындалғаннан  кейін,әрекеттің  орындалу  жолын қарастырады,  оны  жоспарлайды.  Егер  адам мақсат  қояр  кезде  өзіне  “не  істеу  керек ?”    ,  “қандай  жолдармен  мақсатқа  жетуге  болады ? ”  деген  сұрақтар  болады.  Осы  арада  адам мақсатқа  жетудің  ыңғайлы  жолын  іздестіреді,  айналасына  көз  тастап, алда  тұрған  қиыншылықтардың  сыр-сипатын,  оны  жеңудің  жолдарын  белгілейді.  Мәселен,  біреудің  стол  жасап  алғысы  келді  дейік.  Ол  алдымен  бұған  қандай  материалдың  жарайтынын ,  оны  қайдан  алуға  болатынын ,  қандай  құрал сайман  керектігін , жұмыстың  көлемін т.б.  топшылап  алады.  Қандай  болмасын іс-әрекеттің жоспарын жасау-күрделі  процесс.  Ол  адамдардың  белгілі  білімін, өмір  тәжірибесін, ойының  орамдылығын  қажет  етеді.  Бұл  ерікті  әрекеттің  интеллектуалдық  кезеңі.

               Мақсатқа  жетудің жолдары  белгіленіп,  жоспар  жасалғаннан  кейін  адамның  тілегі  оның  нақтылық  қалауына көшеді.  Қалау — мақсаттың  айқындығы,  оған  жеткізетін  тиісті  жоспарлардың  жасалынуы,  ойдың  бекемдігі.  Дегенмен  тілек те,   қалау да  өздігінен  адамның  ерік  жігерін  толық  көрсете  алмайды.  Өйткені  бұлар  кейде бір-біріне  үйлесе  алмай, қпайшы  келіп  отырады.  Мәселен,  орта  мектепті  бітірген  оқушы бірде  педагогикалық институтқа түсіп, мұғалім  болып  шыққысы  келеді.  Ол  сондай-ақ  өзінің  ауыл  шаруашылығы  маманы  болғанын да  жақсы  көреді.  Бұл  арада  оған  осы  екі  мамандықтың  бірін  қалау  қажет. Ал  осы  мамандықтар  жөнінде  толық  түсінігі  болмаса  ол  өзінің  ойының  тайқақтайды,  бұлардың  қайсысын  қалауын  білмей,  әуре-сарсанға  түседі.  Міне  осындай  жағдайда  тілек пен  қалаудың  арасында  үйлеспеушілік  туады.  Мұны  психологияда  түрткілер  күресі  деп  атайды.  Мұндай  түрлі  мотивтердің  ішінен  ақылға  қонымдысы  -нақты  жағдайға  тура  келетін  біреуі  жеңеді,  тек  содан  кейін  ғана адам бір  тоқтамға  келе  алады.

        Мотивтер күресін  Н.В.Гоголь  ” Үйлену ” комедиясында жақсы   көрсеткен. Некесі  қиылайын   деп жатқан  надворный   советник  Полколесин     аяқ   астында   үйленудің  тиімді-тиімсіздігін   ойлап  басы   қатады.  “Үйленбей   жүрген жұрттың   шетінен   есуас  екеніне    көзім  тек  енді   ғана  жетіп   отыр.  Қыруар  жұрттың   көрер  көхге  адасып   жүргені-ай  десейші.  Алда-жалда   бір  елге   патша бола   қалдым  ғой,  қол  астымда   жалғыз   бойдақ  қоймай,  жұрттың  бәрі  түп-түгел үйленсін   деп  әмір  берер  едім”.Ол  осы арада  ойланып,  ақылға салып  үйленген  жөн  шығар,  өмір  бойы  бойдақ   болу   ақылсыздық  болар  деген  ойға   келеді.   Бұл  оның    үйлену   жөніндегі   бірінші   мотиві, ал  екінші  мотиві   —  семья   бақыты.” Шынында  ойлап  тұрсам,   мінеки,  әне-міне  дегенше,  әйелді  болып  шыға  келгелі   тұрмын.  Сөйтіп  енді  тілмен  айтып жеткізе   алмайтын,  тіпті  айтуға  лайықты  сөз  де  табылмайтын  ертегідей  бір  шырын-шәрбат ләззарттың  дәмін  татқалы  тұрмын”. Кенеттен  оның  басында  қарама-қайшы   мотив   туа   кетті: “Әйтсе  де,  бажайлап  қабырғама  кеңесе  кетсем-ақ  болды   тұла бойым  түршігіп  сала  береді.  Өмір  бойы,  мәңгі  бақи  қол-аяғыңа күрмеу түсіп. Қайтып  енді  тырп  ете  алмай    аузыңды  ашып,  жазып  ем,  жаңылып  ем  деуге  шамаң  келмесе  шаруаңның  біржола  біткені  ғой”.  Сөйтіп   Подколесин  әуре-сарсаңға  түседі де,  ашық  тұрған  терезеден  қарғып  кетеді.

       Белгілі көзқарасы  мен  сенімі  қалыптасқан  адамдарда  мотивтер  күресі  онша  байқалмайды. Олар, көбінесе   жеке  бастың  мотивінен гөрі  қоғамдық  мәні  бар   мотивтерді (борыш  сенімі,  нәесенің  қоғамға  қажеттіліктерін түсіну)  басшылыққа  алып  отырады.

    Сондықтан  адам өз алдына  мақсат қойған кезде,  оған   жетудің  жолдары мен  әдіс-тәсілдерін  айқындап, қол  жететін  мақсаттарды   ғана  алға   қоюымыз  қажет.

           Сөйтіп,  мақсат  қою, тілек, қалау, мотивтср күресі, тоқтамға келу –бәрі жиналып еріктік қимылдьщ «даярлык кезегі» деп аталады. Еріктік амалдың ең нсгізіі ксзеңі — қандай болмасын тоқтамды орындау стадиясы. Озінің  қандай   болмасып  тоқтамын іске  асыратын, оны   орындайтын кісіні ғана  еркі  нағыз  жетілген  адам деп айтуға болады. Талай жақсы тоқтамдардыц жүзеге аспай, орындалмай қалатындары да кездссіп отырады. Бұлай болудың себебі орындалуы қиын мақсатты алға қоюдан, мақсаттың айқын болмауынан, әлі де болса өмірге дұрыс көзқарастың қалыптаспауынан, өз ісіне  сенімсіздіктен, мақсат еткен нәрсеңді жан-тәніңмен сүймеуден т. б. себептерден болады. Сондықтан адам өзінің алдына шамасы келетін күші жететін, орындай алатын мақсаттарды қойып, осы жолда түрлі қиынгшылықтарды жеңіп отыруы тиіс. Белгілі мінез-құлықтық  принцииі бар, оз ісінің дұрыстығына  көзі женткен  адам ғана нақтылы  тоқтамға  келе алатын, оны  қалай да орындаудың   тиімді   жолдарын  таба алады, бұл  жолда  орынсыз солқылдақтық  табансыздық көрсетпейді. Кейбір адамдар өзінің алдына көмескі, бұлдыр мақсат қояды да , ой таразысына жақсылап салмайды, сөйтіп оньі орындай алмай шығады. Ерекше ой жұмысын керек етпейтін жеңіл мақсатты алға қою да адамның  еркін  енжар, әлсіз етіп жіберуі мүмкін. Сондықтан белгілі ерік күшін талап ететін, тиісті жұмыстар істеу нәтижесінде қол жететін мақсаттарды  ғана алға  қоюьмыз  қажет.

Ерік сапалары

          Адамның  ерік-жігер қасиеттсрі сан  қилы. Бұлардың іс-әрекеттің нақтылы жағдайларьпна, орындау тәсілне қарай бірнеше сапалары  бар: Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедсргілерді жеңе алу, өзін-өзі  меңгере алу, батылдық шыдамдылық т. б.), екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік қимылының сапаларына жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары),үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары жатады (инициатива, иринциптілік, тәртіптілік, жинақылық т.б.) бөлінеді.

            Тоқтамға кеягіштік- дегеніміз адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, тежей алу, қателерді  көре  білу, тәуекелге  бел байлап алушылық тоқтамға келгіш адамға тән  қасиеттер. Адамның  кемшіліктерін көре білуі оның ақыл-ой парасатымен байланысына жатады. Біреу тоқтамға келуде оншама көп қателікке жол бермейді, ал екінші біреу көптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре-сарсаңға түседі, ал үшінші бір адамдар  жиі-жиі түрлі тоқтамға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды, көбінесе, орындай алмайды. Ақырында мұның  барлығы оның   ерік-жігерін  жегідей жеп  муалтады.

         Табандылық —   адам алған бетінен  қайтпай, көздеген мақсатына қайткен  күнде де   жетуді    көздейді. Ол  қажымай-талмай  әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мүндай адамның ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі. Алматы облысының Шелек  ауданының  тұрғыны  Тұрсын  Мыңбаев Ұлы Отан  соғысында екі қолынан бірдей айрылды да, жарымжан болып қалды. Бірақ ол қиыншылыққа мойымады. Ол сергектікпен өмір сүріп, халқына пайда кслтіру жағын ойлады. Ауруханада  жатқанда  оның «қолынан» Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы түспеді. Островскийдің өмір сүруге деген тамаша ынтызарлығы  Тұрсьнға  адам өмірінің бағасын танытып, оның күрес жолына сабақ болды. Ол сол ауруханада жатқан кезінде-ақ қалам сұрап алып, бақайымен жазу жазды. Қаламды аузымен тістеп сурет салуға да машықтанды. Бір  күндері Лениннің портретін айнытпай салып шықты. Бұл оның мақсатьна  жету  жолын бір табан жақьндатқандай болды. Көп  қажыр-қайрат  жұмсап, талмай  жаттығу  нәтижесінде жылдам жазуды да үйренді. Тұрсын сөйтіп  шалғымен  шөп те шапқан, жеміс бағын да өсірген. Үш айлық шоферлер курсьн бітіріп, машина жүргізуді де үйренген. Совхозда бухгалтер болып істеген. Осындай жауапты қызметте  жүріп  бір  жағынан   жазушылық  жұмыспен  де  айналысқан. Өз басынан өткен жайларды қағаз бетіне түсіріп, «Өліммен беттескенде» деген кітап жазған. Бұл кітапта өзінің ерекше еңбек сүйгіштігінің, табандылығының арқасында өмір қызығын татып отырған  қарапайым  еңбек адамьның  ерлік ісі тамаша жырланған. Бұл  мысалдан табандылық, тепсе темір үзетін, қол-аяғы балғадай, жеті мүшесі сау адамдарда ғана кездесетін қасиет емес, қандай жағдайда да еңбек ете, еңбекті жан-тәнімен  сүйе білетін адамдардың қасиеті екендігі байқалады. Сөйтіп, табандылық кісі таңдамайды, тілесе, кім болсын, тек еңбекті сүйе білген, осы жолда ерекше  жігер көрсетіп, іске мейірлене, құлшына кіріскен адамдардың бойына даритын қасиет.

Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мына шараларды  жүзеге  асырып  отырады:

  1. Баланы жас кезінен қолына  алған  ісін   ылғи да аяқтатып,
    оның  қолынан іс келетіндігіне  сенімін арттырып отыру қажет;
  2. Оқушы дербес әрекет жасауға, әз бетімен қиыншы-
    лықтармен күресе  білуге  үйретілсін. Қажет  жерінде  тәрбиешінің
    өзі  өнеге  көрсетіп   отырса  тіптен   жақсы;
  3. Баланы ұжымдіағы ортақ  мүдде  үшін күресе  білуге  баулу, көп-
    шілік алдындағы борышьн, жауапкершілігін  өтеуге жұмылдыру,
    оған  берілген  тапсырмалардың  орындалу   сапасын    қадағалау —
    табандылыққа  тәрбиелеудің  басты жолдары.

           Ұстамдылық  дегеніміз-  адамның  оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам  әркез терең  ойланып, істің тетігін    аңғара  отыра  әрекет етеді. Ол ағат істерге  бара бермейді, көрсе қызар, яғни нәпсінің  құлы емес. Мұндай адам өзінің  бар күш-жігсрін тек  алдындағы   мақсатын орындауға  ғана арнап  отырады. «…Нағыз  зор   ерік дегеніміз бірдемеге тек тілек етіп, соған қол жеткізу емес,— дейді А. С. Макаренко,— сонымен бірге керек болған жағдайда қажетсіз нәрседен) өзін  бас тарта  білуге  мәжбүр  етуі  керек. Жігер дегеніміз — құр  тілекпен  қанағаттану емес. Бұл бір мезгілдегі тілек те, тоқталыс та, тілектен бас тарту да… Тормозсыз машина болмайды жәнс тормозсыз  ешбір  жігердің  де  болуы  мүмкін   емес»’94.

     Осындай  қасиеттерадамның  түрлі қиыншылықтарды жеңе  білуге машықтануы, ауыртпалыққа шыдай, төзе білуі үстінде қалыптасуы болып табылады. Орынсыз ұшқалақтық, жеңілтектік дегбірсіздік, адамның қатты  жігерленіп, іске белсенді кірісуіне   кедергі  келтіреді. Ал ерекше күш жұмсауды — керек етпейтін жерде пәлендей ұстамдылық бар деп айтуға да болмайды. Қорқақтыққа, жалқаулық пен тартыншақтыққа, орынсыз ұшқалақтыққа жол бермеу -адамның  өз бойын тежеп ұстай  алуының  ұстамдылығының   белгісі. Өзін-өзі   меңгере  білу — қандай болмасын сенімді  қайтксн күнде  де орындауға адамдың өзін жеге алуы. Еріктің бұл сапасынсыз қарапайым  жұмысты  да  нәтижелі  орындау  мүмкін  емес.

Жастар  шыдамдылық  пен  ұстамдылықтың , өзін-өзі меңгере

 алудың тарихта теңдесі жоқ үлгілсрін әр уақытта да көрсетіп келеді. Осындай  тамаша  қасиеттің  бір көрінісін  А. Фадеев өзінің «Жас гвардия» романында фашистердің қолына түсксн Краснодон  батыры  Сергей Тюлениннің  мінез-құлқы  арқылы  өте жақсы көрсеткен.  «Сережка  өзін ұрғанда да үндеген жоқ. Фенбонг жаралы қолып қайырып, басын жерге тигізгенше сытырлатқанда да үндеген жоқ. Тек Фенбодг Сережканың жарасына істікті сұғып-сұғып алғанда, Сережка тісін шықырлатты… Келесі күні таңертең Сережка мен Витька Лукьянченконы беттестірді… Сережка — үндеген жоқ. Содан кейін Витька Лукьянченконы алып кетті де бірқатар уақытган соң, камераға қасында  Соликовский бар, Сережканың  шешесі келіп кірді. Олар он  бір  баланың  анасы болған  кәрі  әйелдің  киімін қоймай шешп  жалаңаштады да, қанды топчанға  жығып салып, ұлының  көзінше  сым темірмен соға бастады. Сережка міз қақпастан шешесін ұрғандарға қарап, үнсіз тұрып қалған. Мұнан кейін, оны шешесінің көзінше  қаншама  азаптап соқты. Бірақ Сережка тіл қатқан жоқ. Тіпті Фенбонгтің  де  есі шығып  кеткеңдей темір сүйменді ала салып, Сережканың сау қолын шынтағынан соғып сындырып  жіберді.  Сережка  боп — боз болып кетті, маңцайы  тершіп  қоя берді.  Ол: Болғаны осы ма…- деген  жалғыз   ғана  сөз  айтты »95.

         Күшті  ерік  адамның  осындай    ауыртпалықты  жеңіп отыруы, өзін меңгере алу үстінде де мықтап шыңдала түседі, онан сайын қатайып, беки береді, яғни М. Горький айтқандай, «тіпті азғана өзіңді жеңу  адамды  зор қуат иесі етеді». Ұстамдылық, өзін-өзі меңгере  алу  — адамның  төзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай  қасиеттердің  арқасында ғана  өзін  нағыз  ерлерше ұстай  білуге  үйренеді,  өзін қорқу сезімін  билстпсй, көңілге  алған  ісін  қажетінше істеп шығады. Адамда осындай касиеттерді тәрбиелеу үшін адамгсршілік приициптерін саналылықпен ұғынып  орындап  отыруға  бой  ұсындыру, ұжым мүддесіне нұқсан  келтіретін  түрлі теріс қылықтардан бас тарта білугс жаттыктыру, дүниетанымы мен сенімін, талғамын қалылтастыру, лайықсыз сезімдсрді (босқа лепіру, даурығу, ұшқалақтық т. б.) тежей  білуге үйретіп  отыру   қажет.

               Тәртіптілік пен жинақылық дегеніміз — адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мсн тілсгін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу кябілеті. Адам неғұрлым өз қылығының  мәнін  жақсы  ұғынса, соғұрлым  зор сеніммен, белсенділікпен әрекет етіп, өзінің Отан алдындағы жауапкершілігн жақсы түсінеді. Жекешіл, ұжымнан  оқшауланып  жүретін  адамда   тәртіптілік  жағы аз болады. Кісінің тәргіптілігі оның жинақылығымен, іс-әрекетінің  жоспарлығымен  тығыз  байланысты. Адам әр уақытта бір іске кірісерде оны мұқият жоспарлап алады. Адамның төртіптілігі мен жинақылығы  оның  қоғамдық әрекетімен  қатар жеке  өмірінде де  ерекше маңыз алады.

       Оқушыларды  тәртіп  пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз —  олардың  оқу әрекетін     дұрыс  ұйымдастыру, әрбір  кішкентай істің  өзіне  тиісінше  мән  беріп  отыруға   үйрету, қоғамдық  істе де, жеке өмірде де қатаң тәртіп сақтау, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа  үйрету, бір  сөзбен  айтқанда, осылардың  барлығьн олардың   қанына  «сіңіріп»  отыру  деген  сөз.

          Ерлік дегепіміз —  алға қойған мақсатына шсксіз сенген, сол жолда ақтық  демі біткенше бел байлаған, моральдық  рухы   жоғары адамның  ғана қолынан  келетін  қасиет. Сонымен қатар, ерлік — батылдық  пен ұстамдылық,табандылық пен тез тоқтамға  келгіштіктің  адамнда  ойдағыдай  тоғысуы. Ерлік істеген  сәтте адам өзіне  өлім  қаупі  төнсе де  сасқалақтамайды, өз рухын  жақсы  ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтереді, өз мақсатын асыл мұратьна бағыпдырып, мұны ең нсгізгі борышым деп есептейді. Ерлік көбінесе  қоғамдық мөні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның өз халқына, Отанына қалайша берілгендігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің  бірі  болып табылады. Қазақ халқының тарихыңда  да кір жуып, кіндік  кескен  жерін көздің қарашығындай  сақтап, басқыншы  жаудан  асқан  ерлікпен  қорғай білген  небір  батыр  тұлғалар  көптеп   ксздеседі. Мәселен,  Күлтсгін, Едіге, Қарасай, Қобыланды, Ерсайын, Қамбар, Сырым, Бөгенбай, Қабанбай, Жанқожа, Кенесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Амангелді, Бауыржан т. б. осылар секілді әр рухты, намысты  қолдан  бермей  шыбын  жанын туған жері үшін құрбан  еткен  қас  батъірлардың  бейнелері  қазіргі  тәуелсіз  елдің жас ұрпақтарына іздесе таптырмайтын өнеге. Еріктің осындай сапасын қалайша  тәрбиелеу  керектігі  жөнінде   ұшқыш — ғарышкср Л. Николаев былай дейді: «…Бұл орайда пәлендей бір рецепт берудің өзі қиындау. Меніңше, тек адам бала кезінен  бастап-ақ батылдыққа, қайсарлыққа, көздегеніне жетпей тынбайтындай өжеттікке, ұстамдылыққа  үйір  болып  өскені жөн. Ерлік дәстүріне тәрбиелену —   өмірдің  өзі  біздің алдымызға тартып отырған қиындықтарды  жеңу  дегеп  сөз».

       Осы айтылған ерік сапаларымен әр адам өз басын тәрбиелей алады. Бастауыш сынып оқушыларын да осыған баулу қажет. Мәселен, баланың өзіне серт беруге, міндеттеме алуға, өз ісін мақұлдап не айыптап отыруға, қажетсіз істен бас тартып, одан тежеуге     үйрету  өзін-өзі  тәрбиелеуіне  үлкен  үлес  тигізеді. Әрине, бұған  мүғалімнің    дүрыс  басшылығы    керек. Орыстың  ұлы педагогы К. Д. Ушинскийдің жас кезінде өзін тәрбиелеу мақсатында  жасаған  жоспары  көңіл  аударарлықтай. Ол жоспар мына төмендегідей:

  1. Ерекше сабырлылық, ең  болмағанда   сырттай   сабырлы болу.
  2. Сөз  бен  істе  әділ  болу.
  3. Қимыл-қозғалыстың ақылға  қонымдылығы.
  4. Тоқтамға келе  алу.
  5. Өзің жөнінде  орынсыз  бір сөз де  айтпау.
  6. Уақытты мақсатсыз өтгкізбеу, кездейсоқ іске ұрынбай, тек
    кеңілге алған ісіңмен ғана айналысу.
  7. Қажетті, не ұнамды  нәрсеге  ғана  бой  ұсыну, көрсе  қызарлық,қа

салынбау.

  1. Әр кеш  өзің  істеген  іске  мұқият  есеп   беріп  отыру.
  2. Еш уақытга да  өткендегі, не қазіргі, не алда  болатын ісіңмен

мақтанбау.

  1. Осы жоспарды ешкімге  көрсетпеу.    Егер бала  түрлі  кедергілерді,  қиыншылықтарды жеңуде барлық  күш-жігерін, тек  өз  мүддесіне, қара басына  пайдаланатын болса, онда  мұндайда   көрінетін  ерік сапаларыпың ешбір қоғамдық  мәні болмайтындығы  белгілі. Бұзақы  адамның сотқарлығы, қоғам  мүлкін  тонаушы  ұрының  жьлпос  айлакерлігі, қиқар   адамның орынсыз  қасарыспалығы жақсы ерік сапалары емес. Өйткені  осы  соңғы  айтылғандар  өзінің  мазмүны  жағынан ешбір   адамгершілік   қасиетке   сыйыспайтын   сапалар. Сондықтан да адамдарға  тән  жоғары   ерік   сапалары   туралы   мәселе.

    Әр түрлі ерік  сапалары  бір-бірімен  байланыспайтын   оқшау жатқан  қасиеттер  емес, барлығы да адам  бойынан  табылатын, оның   жеке  басының  бағытына,  дүнистанымы  мен  сеніміне, мінез бітістеріне, темпераментіне, қабілетіне,тағы сондай психологиялық  ерекшеліктеріне   байланысты  түрліше  жағдайда қабысып келіп  отыратын  сапалар. Бір адамның  басында  ерік сапаларының  бірнешеуі   қиысып келіп отырады. Мөселен, өртеніп   жатқан үйдің  ішінде   қалған баланы   алып шыққан адамның  басынан  батылдықты да, тоқтамға келгіштікті де, шапшаңдықты да, өзін меңгере алушылықты да  байқау  осы айтылған  пікірге   жақсы  дәлел.

 

 

 Еріктің  тәрбиеленуі

      Жаңа туған балада шартсыз рефлекстер түріндсгі ырықты қозғалыстар   ғана болады. Сондықтан  шын  мәнісіндегі   ерікті   қимыл бұл кезеңде болмайды. Бала еркінің  дамуы ырықты  қозғалыстар жасауға үйрене бастаудан,  яғни  өз қозғалысын, денесін басқара алудан  көрінеді. Баланың өз қозғалыстарын   басқара  білуіне  тілі шығуының   маңызы   зор. Тілдің   шығуы  ерікті  қимылды   рсттеп, тежеп  отыру  үшін  аса  қажет. Үш   жасар    балада   ырықты қозғалыстар  біршама   жетілген. Бірақ  қозғалыстарды   қалай    болса солай   меңгере   алудың   мәні   шамалы.  Мұнда   бала   өзінің   көңілі   ауған  нәрсесіне   ғана   емес,   орындауға    қажетті  нәрселерге  де бойын   тұрақтана  алуы   тиіс. Баланы   осы   қасиетке   тәрбиелеуде   талап    қою, оған  шамасы келетін тапсырмалар беріп, орындатқызып     отыру    ерекше  маңызды.

       Баланың   еркін  тәрбиелеуді   неғүрлым   жас   кезінен   бастау қажет.  «Баланы   жастан »   деп   халық   бекер  айтпаған. Бала  тілі шығып,  жүре бастағаннан  кейін, үй ішіндегілердің  қылығына еліктейді,  ол    әрбір      нәрсені  өзі   істеуге   тырыса   бастайды.   Оның   өзі     киініп,    тамақтанғъісы, ыдыс-аяқты   жинап, үй сыпырғырсы   келеді.  Бұл   бала   табиғатына    тән  , заңды     қасиеттер.   Ойын    әркетін   дұрыс   ұйымдастыру , баланы   бірлесіп ойнатуға, ойьн   тәртібіне    төселдіру    арқылы   да  оның  ерік сапаларьн   тәрбиелеуге  болады. Ерік тәрбиесінде  баланы   жастайынан  еңбек  сүюге   баулу, еңбек   адамдарын қастерлеп, сыйлауға  үйретудің де маңызы бар. Мектеп жасына  дейінгі балалардың да өте еліктегіш келетіндігі белгілі. Олар өмір тәжірибесінің   аздығынан   кез-келген    қылықтарға  (тіпті жаман болса да) еліктей    беретіндігі өткен тарауларда айтылды. Сондықтан   әрбір  тәрбиеші,   ата-ана  ерік   тәрбиесінде   де   өз мінез-қүлқына  бекем  болып, балаға  жаман  мінезді   көрсетпеуге тырысуы тиіс.

Ерік   кемістікгері   жас балаларда  көбірек    кездеседі.   Соның   бірі  қыңырлық. Денсаулығы  нашар организмі әлсіз   бала шаршағыш, ашуланшақ  келеді. Мұндай  бала  кейде  құр  босқа  мазасызданып, теріс қылықтар жасайды. Осындай  өдеттен денсаулығы   жақсарысымен    арыла   бастайды. Отбасындағы теріс тәрбиеге байланысты да балада қыңырлық қалыптасады. Отбасындағы   жағдай   ерекше    көңіл    аударуды    қажет  ететін мәселе. Кейбір отбасында үй ішіндегілердің балаға қамқорлығы ерекше   болады. Бұл , көбінесе,  баланы    сағынып көрген отбасыларда   жиі    кездеседі. Олар   балаға   көптеген ойыншықтар сатып  әпереді, неше  түрлі  төтгі   тағамдармен   де   қамтамасыз   етеді. Бірақ ол  бала   ойыншықтармен   де дұрыс ойнамайды, тамағын да жөндеп  жемейді. Бір тамақтан  екінші  тамақты   таңдайды, көп   ойыншықтың    қайсысымен    ойнарын білмей, іші пысып, мазасызданады.  Жаңадан бір ермек  тауып бермесе,  немен шұғылданарын     білмей     зерігеді.  Өйткені  басқаға иек   сүйеп үйренген,  өз бетінше талаптануға әдеттенбеген. Бала әз бетімен ойнай   алу  үшін  оның  ойыншықтары   жас    ерекшеліктеріне   сәйкес   келуі   тиіс. Мәселен,  екі   жасар   балаға   мылтық   әперсе, оны  таяқ ретінде   пайдалануы    мүмкін. Себебі, әлі   мылтықпен дұрыстап   ойнауды   білмейді,  мылтықтың   не   екенін   түсінбейді. Шамасы  келмейтін   нөрсеге    ұмтылушылық     баланың талап-тілегінің  қанағаттануына   кедергі   келтіреді. Сонымен,   бала    тілегін қайтармау, құр  мәпелей беру, іс-өрекетін  ұйымдастырып отырмаушылық, қыңырлықтың   пайда   болуьның     басты    себептері болып   табылады. Кейбір   отбасында    баланың    әрбір     қылығын қатаң   бақылауға   алынады    да   бала    дербес   әрекет    ету  қабілетінен   айрылады, сөйтіп   тек   өзіне   көрсетілгенді    ғана істеуге   мәжбүр  болады. Мұндайда  бала кейде  үлкендерге наразылық, білдіреді, өз құқығы үшін  күреседі. Баланың дербестілікке   ұмтылуымен   санаспау   да   қыңырлықтың   екінші бір түрінің   пайда   болуына    жағдай    жасайды. Баланың мінез-құлқын    жөнге   сальш    отыру, бақылау   жасау   оны   дербестігінен айыру   больш  табылмайды. Бақылау   жасауды   ретімен    пайдалану қажет. Бала әркез  өз тілегінің   іске    асқандығын   және  өзіне дсебестік  берілгендігін,  мұны үлкендер ұйымдастырып отырғандығьн сезінетін    болсын.

     Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында (әсіресе, бөбектерде)  кездесетін  жаман   әдеттің    бірі — орынсыз бақырып жылау. Жылау көбінесе   баланың   белгілі   бір  қажетінің   өтелмеуінен   туады. Ол мұны басқа жолмен білдіре алмайды. Балада шыдамдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттер әлі қалыптаспаган. Егер     баланың   жылауы    шыдамсыздығынан   туса, оны   өзін-өзі  ұстай  білуге үйреткен дұрыс. Үйдегі ересектеу балалардың мінез-құлқын үлгі ету, сондай-ақ кітаптағы өнегелі балалардың   мінсз-құлқына    еліктетіп    отырған  да жақсы нәтиже береді. Егер    баланың   тілегін   ата-анасы   сол    сәттте   орындай қоятын    болса, онда   бала   жылауды   үйдегілерге   әсер    етудің    бір «құралы»  деп   ойлайды    да, бақырып   жылауды әдетке  айналдырады,  сөйтіп,  әке- шешесін    жылап   қорқытатын болады:  Жылауық  бала жай ызақорлықтан    бақырмайды.  Ол мұны  белгілі  бір  мақсатпен,   өзінің   көңілге  алған тілегін  қанағаттандыру  үшін істейді. Жылауды әдетке  айналдырған   бала өзінше  «тактика»  ретінде   қолданғысы    да   келеді.  Мәселен, әжсеінің  көзінше   қыңырлық     жасаса, бөтен адам бар жерде мұнысын   сездірмейді.   Ата-аналар    осы   жарамсыз   қылықтьі уақытында сезе біліп, баланың   талап-тілегін   орындауда    табанды, әділ болуды, өз мінездерінің  осал    жақтарын   балаға   сездірмеу   жағын ойластыруы    тиіс.

 Мектеп  жасына дейінгі   балаларда   қасарыспалық  та  жиі ұшырайды. Төрт жасар бала бар күшімен  столды сабалайды. Үйдсгілсрдің   бірі  оған: «Тарсылдатпа,   қарағым!» деп   есксрту жасаса,  ол  одан  сайын  столды  ұра   түседі. Енді оған: «Тоқтат!» деп қатты   жекіруге   немесе  жүгіріп     барып   қолынан   таяқты   жұлып алуға   әрекет   жасалады.  Бала  бұған  қарсылық   білдіреді, тіпті                  ашуланып       тіпті    жұдырығын    ала      жүгіретіііндер  де   болады. Мұндай    қылықты   көбінесе    жүйке  жүйесі  қозғыш   балалар   көрсетеді. Мәселен,   столдың     тықылы   оны   аздап     желіктіреді,  ал    үйдегілердің    айтқан   ескертуі    одан      бетер    желіктіре     түседі.  Таяқ   үшін    болған    тартыс   баланы   әбден    ызаландырады.   Бұл   табиғатынан      қасарыспа    бала    емес.  Ол    тек    жүйкесі    қозғыш   (жүйке  жүйесінің,    осындай  типтік   тума    қасиеттері    болады    Қ. Ж.)    бала.   Ата-ана    баланың       жүйке     жүйесінің    осыңдай    ерекшеліктерімен    де    санаспауы     тиіс.

      Үлкендсрдің    айтқанына   немесе  тыйым салғанына қарамастан,    өз    ойлағанын   «табанды» түрде   іске   асыратын       балалар   да  болады. Мұндай  бала ешқандай   дәлелмен санаспайды.  «Олай   етуге   болмайды » деген   сөзге   де   құлақ аспайды.  Ылғи  да  өз  тілегінің   ықпалында    болады. Өз   тілегін орындау  жолында   кедергі   көрмеген   балапың   қасарыспа    болып өсетіні    сөзсіз.

       Бала   туған  күнінен   бастап   мол дүниеге   кезігетін   болса, бұларды   ылғи    табыла   беретін    нәрсе   деп   ойлайды. Мұндай  бала   өзін    ешкімнің    алдында   міндетті, борышпъімын  деп санамайды.  Баланың    осылайша     өсуі   отбасы   тәрбиесінің   үлкен қатесі. Қандай   болмасьн бір   жұмысты   басқаның   талабымен орындауға,  яғни   өзінің    алдына    қойған    мақсатын   іске асыруға   мәжбүр    болған   бала, түрлі кедергілерді  (жұмыс істеуге   ықылассыздық,  олақтық т. б.) жеңе    білуге  үйленеді.   Балаға     жүктелетін     міндет    оның    орынсыз      талаптарын   тия   алуға себепші   болады. Үлкендер     балаға     жүктелген    міндет  оның  оынсыз     талаптарын     міндетті    түрде     қадағалап, қойылған    талаптардың    баланың жас  мөлшеріне   сәйкес    келуін    ескеріп отыруды     естен    шығармаулары    тиіс.

     Ерік-жігерді   тәрбиелеуде    баланың   жеке   басын    жақсы тани   білу, оның    әрекетінің   негізгі   мазмұнын    түсіну, осыған орай   тиісті  тәрбие   тәсілдерін     қолданып   отыру қажет болады. Бұл   үшін   төрбиеші   баланың    ақыл-ой   өрекетін  өсіру, оны   төртіптілікке   үйрету, өз   еркін   ұжымға   бағындыра    алу, яғни ұжыммен  қарым-қатынас   жасауға   үйрету,  жақсы әдетгерге    машықтандыру, ұлы    адамдардың   өнегелері   мен істеріне   еліктету, дене шынықтыру  мен   спортқа   баулу, дүниетанымы  мен сенімін қалыптастыру т.б. сияқты жүмыстарды    ретіне   қарай    жүргізіп    отыруы    тиіс.

     Ерікті   шыңдау    имандылық    тәрбиесінің   басты мөселелерінің бірі. Әрбір адам өз еркінде жақсы сапалар қалыптастыру   арқылы    ізгілікті қоғам  орнату  ісіне үлес қосатыны   сөзсіз.

Адамның  еріктілік  қасиетіне  байланысты  ұлылардан  шексіз  көп  сөздер   қалған. Солардан  бірнеше   мысал  келтірдік.

 

Ұлылардан — ұлағат

   Қайрат дегеніміз — өмір жолында кездесетін екіталай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу.

                                                                             Жүсіпбек Аймауытов

   Біздің   жеке   басымыз   бақ, ал  біздің   ерік-жігеріміз   оның   бағбаны                                  

                                                                   .В. Шекспир

 

      Ерен   ерік-жігер   бір   нәрсені   қалау   және   жете   білу  ғана    емес,  қажет   болғанда   одан  бас  тарта   білу.

                                                                                    А.С.Макаренко

 

          Біздің  еркіміз, бұлшық  ет  секілді  ұдайы  жетіліп отыратын  әрекетпен   шыңдалады.

                                                                                           К.Д. Ушинский

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

Кіріспе

 

Ерік  туралы  жалпы   түсінік

 

Негізгі  бөлім

 

  1. Еріктік амалдардың даму   кезеңдері
  2. Ерік сапалары
  3. Ерікті тәрбиелеу
  4. Ұлылардан — ұлағат

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

        Сонымен,   қорытындылай   келсек   еріктілік – қоғамдық  еңбек  прооцесінде   пайда  болып,  қалыптасқан    жеке   бастың    басты   қажеттіліктернің,  дара  қасиеттерінің  бірі  деуімізге  болады.  Ерікті  әрекеттер  үстінде   адам  өз   еркін   меңгеріп   өз  бойындағы  күш – қуатын   қиын   жұмыстарды    орындауға,  бастаған   ісін   аяқтап  шығуға   жұмсап,  оларды  қалайда   жүзеге   асыра   алады.  Осылай  өз  еркін  шыңдап,  қалыптастырады. Адамның   ісі мен  мінез – құлқын  меңгеруі  және   оның  азаматттық  қасиеттері    ерікті   қимыл – қозғалыстарынан  және істеген  жұмыстарынан   айқын  байқалып  тұрады.  Ерік – жігерлі,  қайратты  болу   әр  азаматтың   жеке   басына   байланысты.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан   Республикасының  Білім  және  Ғылым  Министрлігі

Қазақ  Мемлекеттік   Қыздар   Педагогика   Институты

 

 

 

 

 

Кафедра: Жалпы   психология

 

 

               РЕФЕРАТ

 

 

Тақырыбы:  Еріктің   дамуы   және  оны   тәрбиелеу   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Орындаған:  Химия мамандығының        

                                                                               2 курс  магистранты

                                                                               Г.Ұ.Утунушева 

                                                        Тексерген:  п.ғ.кан.,доцент

                                                                               Ж.Ж.Бейсенова

 

 

 

 

 

Алматы   2006  жыл

 

 

                           
   

Еріктік амал

 

 
         
 
 
           

Бақылау