Ертіс
Қазақстан су ресурстарының үлкен жетіспеушілі елдердің санатына жатады. Қазіргі уақытта су объектілерін тау−кен өндіру металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Солардың әсерінен көптеген өзендер ластануда, әсіресе Ертіс өзені. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негігі көзі болып табылатан жер асты сулары да ластануға ұшыраған. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақста Республикасы Үкіметінің 2002 жылдағы 21 қаңтардағы №71 қаулысымен су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларын шешудің негізгі жолдары айқындалған экономикалық су секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды.
Су ресурстарының жағдайын жақсарту үшін экологиялық сараптама кәсіпорындар үшін шамалық талаптарды күшейту, ағын суларды тазартатын жаңа технологиялар енгізу арқылы зиянды заттарды
Төгуді көздеген шаралар қабылданды. Шекаралас Ертіс өзені бойында зиянды заттарды төгу көлемін ‘ бассейндік принципті’ біртіндеп енгізу арқылы тиімді жаңарту жұмыстары қолға алынды. Су ағындарына төгуді шамалаудың ‘бассейндік принципі’ тиімді экологиялық құрал ретінде қолданылып, табиғатты пайдалануда ластаушы кәсіпорындарды ынталандыруға әкеліп соқтырады. ‘Сөйтіп, біртіндеп Ертіс өзенінің маңы жаңғырып ауаның өмір сүруіне қолайлы аймаққа айналады’- дейді мемлект стратегиясында қаралған бағдарламаларда.
Ертіске қауіп төніп тұр
Соңғы жылдары ерке Ертістің ластанып бара жатқаны туралы жиі дабыл қағыла бастады. Бірақ қазекң қауіп қара басқа әбден төніп, жан алқымға тірелгенде ғана қимылдайтын халық емеспе, Ертіс проблемасына да дер кезінде назар аударылмады. Дабылға кеш көңіл бөлінді. Жақында Ертіс өзенінің суына жүргізілген лабороториялық тексерудің қорытындылары мұны айқын көрсетті. Семей аймағы бойынша мемлекеттік саниатрлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесі мамандарының пікіріне қарағанда судың бакрериологиялық көрсеткіштері былтырғыдан да нашар болып шықты. Сөйтіп, еліміздегі үлкен өзендердің бірі адам денсаулығымен қатар судағы жәндіктерге қатер тудыра бастағаны да анықталды. Қазір арнадан зерттеу үшін 45 рет алынған судың 36-сында түрлі іш және ішек ауруларын тудыратын қатерлі таяқшалар табылды. Осылайша ерке Ертістің бактериологиялық көрсеткіштері өткен жылға қарағанда 75 пайызға артқан. Демек, ол артезиан құдығы арқылы алынатын суға да әсер етуі мүмкін. Мәселен, 531 жұтым суды тексергенде, олардың 10-нан ішек ауруы таяқшасы табылды. Бұл көрсеткіш өткен жылы 0,9 пайыз болса, биыл 1,8 пайызға жеткен.
Тұп−тұнық судың жыл өткен сайын ластануы Ертіс бойында шашылып жатқан құрылыс материалдары ерітінділнрінің өзенге құйылы мен су қоймаларынды тазалық сақталмауынан болған. Сондықтан мамандар жұртты өзен мен су тоғандарына шомылудан сақтандырып жатыр. Одан адамдардың менингит, гепатит, тері жарасын, тырысқақ жұқтырып алу әбден мүмкін.
Ауыз су проблемалары жақында БҰҰ–ның Қазақстандағы өкілдігі Алматы облысы бойынша әзірлеген құжаттарында да айтылды. Саулнамаға қатысқан Қапшағай, Талдықорған қаласы мен Жарент, Сарқанда ауданының тұрғындары ауыз су сапасына қанағаттанбайтындығын айтқан. Қалалықтардың 85 пайызы өздері тұтынатын судың қайдан алынатындығын білмейді. Зерттелген елді мекендердің 72,2 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылғанмен, олардың 19,4 пайызында аталған жүйе 10-15 жылдан бері жұмыс істемейтін болып шықты. Жалпы ауылдық жерлерде су мәселесі алдағы уақытта күрделене түседі дейді мамандар. Өйткені еліміз бойынша қаладан жырақ елді меекндердің 95 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған. Бұл әлеуметтік-тұрмыстық зерттеулердің үшінші кезеңі алдағы айда қорытындыланады.
Ауыз су және су көздерінің ластануы елді мекендерде тұрмыстың нашарлауына да байланысты көрінеді. Ауыл мен селоны аймақтық дамытудың болжамдарына қарағанда жыл басында 1016 кент тұрғындары ауыз суды ашық су көздерінен алып келеді, 517 ауыл тасып ішеді. Ал 39 ауыл нормаға сәйкес емес су ішеді. Бұдан кейін аул тұрғындары ауырмағанда кім ауырады?
Трансшекаралық Ертіс өзеніне құятын Өскемен бұғазының ағынды суларының экологиялық қауіпсіздігінің өсуі
Қазақстанның солтүстік-шығысының индустриалды зонасында таулы металлургия кешендерінің ірі мекмелері шоғырланған. Мысалы: «Қазцинк», «Қазақстан Алюминийі», «Ұлыбай» металлургиясының зауыты, » Қазақмыс» корпорациясының «ВостокКазмедь» филиалы, «АЭС УКТЭЦ» УК «Водоканал», т.б.
Бұл аймақтың су ресурстары таулы металлургия өнеркәсібінің тастамдары едәуір зиян келтіреді. Осылайша айма қтың суаттарына бір жылдың өзінде 86н мың тонна ластағыш заттар, сонымен қатар улы металлдар: мырыш–125 т аса, мыс–5 т аса, қорғасын–1т жуық. Бұған тағы мышьяк, цианидтер, қышқылдар, т.б. кіреді. Ертіске шахталардың тазартылмаған суы және өздігінен пайда болған иесіз кен орындардың төгінділері түседі. Ағындардың өзі нитриттер, нитраттар, фосфор қосылысы, органикалық қосылыс және т.б. арқылы өзінің ластануын арттырады. Олар ХПК және БПК-нің көрсеткіштеріне әсерін тигізеді. Ертіс суының сапасының төмендеуі Әлем мұхитына қауіп төндіруші негізгі потенциалды көзі ғана емес, сонымен қатар Ертіс Солтүстік Мұзды Мұхитына құятын Обь өзенінің ағыны болып табылады. Бұл мәселе тек неміс және Ресей жақатарының бізге қазіргі заманға сай технологияларды қолдану жайында ноухау беруге дайын болуымен ғана шешіледі. Олар Германияда да Ресейде де Рена және Волга өзендерінің қайта жандануы нітижесінде енізілді. Осы экологиялық бағыт Өскемен «Водоканалында» «Чистая вода» атты аймақтық бағдарлама аясында талқыланды. Praestal маркасының үйлесімді флокулянттарын , сонымен қатар қазіргі заманға сай технологияны барынша қолданған жағдайда трансшекаралық Ертіс өзенінің таза су бассейні жайындағы экологиялық мәселелерін (25-тен 80%-дейін) шешу мүмкіндігі туады. Ертіске зертханалық және тәжіриби-өндірістік сынақтар жасалды. Өсімді антропогенді проблеманы жөнге келтіру үшін Қазақстан, Ресей, Қытай елдерінің арасында заң шығарушы актілер мен халықаралық келісімнің жүзеге асуы талап етіледі.
Ертіс өзенінің ластануынан Омсктің экологиялық дағдарысқа ұшырау қаупі
Бірақ бұл тазалық қымбат тұрады. Экологиялық апаттан Омск үш километр қашықтықта жатыр. ААҚ » ОмскВодоканалының » құбырларының ұзындығы да соншалық. Ондағы қалалық канализациядан, келетін лай бөкпе суға айналдырылып, Ертіске құйылады. Өкінішке орай қазіргі таңда өзенді тазарту қымбатқа түседі. Мәселен, жабдықтау — салулардың үлкен бөлімі 1974 жылдан бері алмастырылмаған және оның тоқтаусыз жұмыс істеумен қамсыздандыру оңай жұмыстардың бірі емес. Еуразиялық су бұғаздарының су жөніндегі әріптестікті іске асыратын цехтың тазартқыш құралының модернизациясы инвистициялық бағдарламалар бойынша бекерден бірінші орында тұрған жоқ. Осы бағдарлама аясында суды механикалық жолмен тазарту цехында қазіргі таңда » Meva » атты швед фирмасының 110 млн. теңге шамасындағы қоқыс өткізбейтін жаңа торлар орнатылды. Жақында тазартқыш қаруларына тағы » Flygt » швед фирмасының 100 млн. теңге көлемінде тұратын судай жаңа бес насос әкелінді. Бұл насостар қоқыстан тазаланған су оның химиялық ластануынан тазалайтын активті илы бар арнайы резервуарларға қосылғанда оны екінші рет биологилық тазарту үшін қажет. Бұл резервуарларға суды жаңа насостар жіберетін болады. Олар бұдан отыз жыл бұрын орнатылған насостарға қарағанда тиімді және сенімдірек болып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Атамекен 2005
httpp://www. rambler.ru
httpp://www.mail.ru
Орыс тілінен аударылған материалдар.