Етістік
Етістікті сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі етістік болады да, соның негізінде басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығын байқаймыз. Етісгікгер мен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шьшаулы есімдер тіркесе алады. Алайда бұл сөздердің етістіктермен тіркесу дәрежесі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сол сияқты, мағыналық Қатынастары да әр түрлі болып отырады. Толып жатқан есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл ретте етістікгер мен есімдердің өзара байланыс түрі қабысу болады Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы есімдердің барыс жатыс, шығыс, көмектес, табыс жалғаулары арқылы салт және сабақтыетістіктермен меңгеріле байланысады.
Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуының осы ерекшелігіне қарай етістікті сөз тіркестері: 1) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері, 2) Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері дейтін екі топқа белінеді. Етістікті сөз тіркестері демеулер мен көмекші есімдердің қатысуы арқылы да құралады. Бұларды меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамында қараймыз. Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бүдан әрі де бірнешеге таралып кетеді.
Етістік іс-әрекетті , қимыл –қозғалысты жай-күйді білдіріп, не істеді? Қайтті? Не істейді? Қайтеді? Не істеп отыр? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер табын айтамыз.
Мысалы: оқы, жаз, сыз, бар, кел, жүр отыр, тұр, күл, қинал, қажы, шарша, ойла, сөйле т.б.
Етістіктер құрамына жасалу жолына қарай екіге бөлінеді.
1.Негізгі етістік.
2.Туынды етістік.
Негізгі етістік-құрамы жағынан түбір және жұрнаққа бөлінбейтін, қосымшасыз етістіктер.
Мысалы: оқы , ал. бер, кел, жүр, тұл, біл, айт т.б.
Туынды түбір етістік -сөз тудыраушы жұрнақтар жалғану арқылы жасалған етістіктер
Мысалы: Шегеле, тұзда, бүкши, ілгеріле, сына, ойна, үлкенсі т.б.
Туынды етістік жұрнақтар :
1.-ла,-ле,,-да,-де,-та,-те.
- –лас,-лес,-дас,-дес,тас.,-тес, ауылдас, одақтас
3.-ар,-ер-р , жіңішке , көгер, қысқа
-қар,-кер,-ғар,-гер, ескер, теңгер, суғар
5.-ай, -ей,-и, қарай, көбей
6.-а,-е, ойна, , төсе
7.-ық,-ік,тарық, бірік
Етістіктер тұлғасы жағынан бұйрық рай формасымен (ІІ -жақ) сәйкес келеді.
Етістіктер:
- Сабақты
- Салт
- Болымды
- Болымсыз
Сабақты етістік-іс-әрекет, жай-күй , қимыл-қозғалыстың өзі жұмсалатын затқа тікелей тіреліп, істелетін істі көрсетеді. Сондай-ақ сөздің табыс септігінде тұруын талап етеді.
Мысалы: Суретті көр, кітапты бер, тақтаны сүрт
Салт етістік –Істелетін іске , тура объектіге тікелей қатысты болмай , мезгіл , мекен, бағыт , орынды көрсетіп, шығыс, барыс, септігіндегі сөздерді айтамыз.
Мысалы: Жұмыстан кеш қайтты. Астық элеваторға жөнетілді. Жалпы айтқанда табыс жалғауы сөзді меңгере алатын етістіктер-сабақты, меңгере алмайтын етістіктер-салт етістіктер болады.
Болымды етістік-қимылдың іс-әрекеттің болмауын орындалмауын білдіретін етістіктер.
Болымсыз етістік-қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, орындалмауын білдіретін етістіктер
Мысалы: Барма, келме, жазба, білме, үйренбе
Болымсыз етістік-ма,-ме,-ба,-бе,па,-пе жұрнағы жалғану арқылы және етістіктің есімше түріне емес, жоқ сөздерінің тіркесу арқылы жасалады.
Мысалы: айтқызар емес, берген жоқ.
Етістіктер іс-әрекет пен субъект пен объект арасындағы қарым-қатынасты білдіріп өзара 4-ке бөлінеді.
Өздік етіс-іс-әрекеттің , қимылдың іс-істеуші субъектінің өзіне қарай бағытталғанын білдіріп, етістік түбірлеріне –н,ын-ін, жұрнағы жалғану арқылы.
Мысалы: сұра-сұран, жу-жуын, тара-таран.
Өзгелік етіс –қимылдың , іс-әрекеттің екінші біреу арқылы істелгенін көрсетеді де-дыр,-дір-,тыр,-тір,-ыр,-ір,-р,-ғыз,-гіз,-қыз,-куіз,-т. б. Жұрнақтары арқылы
Мысалы Жуындыр, киіндір, шақырт
3.Ырықсыз етіс-іспен байланысты айтылған заттың өздігінен іс-әрекетке ие бола алмайтынын көрсетіп –ыл,-іл,-л жұрнақтары арқылы жасалады. Түбірдің құрамында л –дыбыс болса, ырықсыз етіс жұрнағы –ын,-ін,-н. болып келеді.
Мысалы: Сөйз сөйленді , үй тазаланды.
Ортақ етіс-бірнеше кісінің ортақтасып істейтін ісін білдіретін ыс, -іс,-с жұрнақтары арқылы жасалады: санасты , айтысты, қолтықтас, атыс , тыңдас, жазыс, сөйле. т.б.
Тұйық етістік –етістік түбіріне -у жұрнағы қосылу арқылы жасалады да, есімдерше тәуелденеді, септеледі, тікелей жіктелмейді, сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады.
Мысалы: 1—жақ Менің көруім Біздің көруіміз.
2-жақ Сенің көруің . Сендердің көрулерің
Сіздің көруіңіз. Сіздердің көрулеріңіз.
3-жақ Оның көруі. Олардың көрулері.
Тұйық етістік сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің қзыметін атқарады:
Тұйық етістік сөйлемнің тұрлаулы , тұрлаусыз мүшелерінің қызмет атқарады:
Мысалы: Қайталау-оқу анасы,
Жастар техника тілін үйретуде.
Ер жігіт Отанын қорғауға міндетті.
Мұндағы : қайталау-бастауыш
Үйренуде-баяндауыш
Қорғауға-толықтауыш
Етістіктің шақтары .
А) Осы шақ-қимыл мен іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте орындалып жатқанын білдіреді.
Мысалы: 1-жақ Мен жатырмын, тұрмын.
2-жақ Сен жатырсың, тұрсың.
Сіз жатырсыз, тұрсыз.
3-жақ. Ол жатыр, тұр.
ә) Келер шақ –қимылдың , іс -әрекеттің алдағы уақытта орындалатындығын білдіреді.
Мысалы: бар-ар-мыз,кел-ер-міз,көр-мек-пін т.б.
Б) Өткен шақ –қимылдың , іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын толып кеткенін көрсетеді.
Мысалы: жаз-ды-м , жаз-ған-мын, кел-ген-мін.
кел-іп-сің, біл-іп-сің
Етістіктің райлары
Етістіктер: 1.Ашық рай
2.Бұйрық рай
3.Шартты рай
4.Қалау рай
1.Ашық рай рай-сөйлеушінің , іс-әрекетін , үш шақтың , бірінде көрсетеді.
Мысалы: Жазып отырмын (осы шақ)
Жазамын (келер шақ)
Жаздым (өткен шақ)
1.Бұйрық рай –сөйлеушінің біреуге бұрылып айтқанын білдіреді. Сыртқы тұлғасы жағынан бұйрық райдың екінші жағы етістіктің түбіріне сәйкес келеді. Мысалы: Сен кел, сен оқы. Жаз. Сендер келіңдер, оқыңдар, жазыңдар. Сіздер келіңіздер, оқыңыздар, жазыңыздар . Олар оқысын. Олар жазсын.
2.Қалау рай –Сөйлеушініңң қалау, тілек, мәніндегі іс-әрекетін білдіреді. Қалау рай етістіктің түбіріне : а) -ғы,-гі, -қы,-кі жұрнақтары қосылып,оған -кел көмекші етістіп тіркеседі.
ә) -ғай, -гей, -қай,-кей жұрнақтары қосылып, -еді көмекші етістігі тірксседі. б) -са,-се жұрнақты етістіктер —игі еді сөздерімен тіркесе айтылуы арқылы жасалады:
Мысалы: білгім келеді. көргісі келелі. барғай еді, жазылса игі еді.
- Шартты рай- іс әрекеттің болу, болмау, шартын білдіреді, Ол етістіктің тубіріне — са-се жұрнағы жалғану арқылы жасалады: барса, келсе. жыртса. ексе, төксе.
Етістіктін сәйлемдегі қызметі.
Етістіктің сөйлемдегі негізгі қызметі- жіктеліп баяндауыш болу.
Мысалы:Төзімді еңбек бәрінде жеңбек. (мақал).
Етістіктер ретіне қарай сөйлемнің баяндауыштан басқа мүшелерінің де қызметін атқарады.
Мысалы: Көрмес-түйеніде көрмес. (мақал). Бұл сөйлемдегі етістіктің есімше тұлғасы бірінші көрмес-бастауыш, екінші көрмес -баяндауыш. » Біткен істің міні жоқ, бітірген ердің кемі жоқ»,-деген сөйлемде біткен, бітірген деген етістіктін, есімше түрі —анықтауыш қызметін атқарып түр.
Жатқанға жан жуыма (мақал) деген сөйлемде жатқанға деген есімше толықтауыш қызметін атқарып тұр.
Жалаң етістіктер
Жалаң етістіктерге түбір етістіктер мен жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер жатады. Мысалы: бар, отыр, ұш, жет, сал, қал, қолда, көзде, сына, сабала т.б.
а) Түбір етістіктер. Түбір етістіктерге морфологиялық жағынан бөлшектеуге келмейтін етістіктер жатады. Мысалы: айт, кес, шеш, жүз, жүгір, бүк, түт т.б.
Кейбір етістіктер бір кезде түбір және жұрнақтан тұрғанымен қазір жіктелмейтін күйге көшкен. Мысалы: тоқта, сакта, байла т.б. Бұл сөздер тек тарихи тұрғыдан ғана түбір сөздерге жатпайды. Ал қазір қазақ тілі тұрғысынан түбір сөз болып есептеледі. Өйткені тоқ, сак, бай сөздері түбір күйінде қолданылмайды.
ә) Туынды етістіктер. Туынды етістіктерді жақсы түсіну үшін етістік тудыратын жұрнақтар мен форма тудыратын жұрнақтарды ажырата білу керек. Өйткені түбір және жұрнаққа бөлінетін етістіктің бәрі бірдей туынды етістік емес. Етістіктін түрлі формалары да жұрнақтар арқылы жасалады: Шегеле сөзі — зат есімнен — ле жұрнағы аркылы жасалған етістік. Ал осы жұрнақты етістікке жалғап сабала, бүкте, үрле, изеле сияқты сөз пайда еткенімізбен жаңа мағына пайда болмайды, тек форма жасалады.
Туынды етістіктердің жасалуында басқа сөз таптарына ұқсамайтын жағы бар. Ол — туынды етістіктердін тек басқа сөз таптарынан
ғана жасала алатындығы.
Күрделі етістіктер
Күрделі етістіктер қос сөздерден, біріккен сөздердбн және тіркескен сөздерден жасалады.
Қос сөздер. Қос сөзден жасалған күрделі етістіктерге сылап-сипа, ойнап-күл, алдап-сула, жамап-жаска, ұрып-соқ, жүдеп-жадап т.б. етістіктер жатады. Әрине, қосарланған етістіктің барлығы бірдей күрделі етістік бола бермейді, мысалы: бара-тұра, жата-жастана сияқты сөздер күрделі үстеуге жатады. Қосарланған етістіктердін күрделі етістікке жату не жатпауын қалай ажыратуға болады?
Күрделі етістік барлық етістік формалары бойынша түрленеді де, басқа сөз табы болса, олар етістіктерше түрленбейді. Мысалы, ұрып-соқ күрделі етістігі ұрып-соғып, ұрып-соққан, ұрып-соқпа, ұрып-соқгы, ұрып-соқса сияқты түрлене береді. Ал жата-жастана деген кос сөз үстеу болғандықтан етістіктің форма тудырушы жұрнақтардың бірде-бірін қабылдамайды.
Демек, етістіктен жасалған қос сөздер етістіктерше түрленсе, күрделі етістік болады, ал түрленбесе басқа сез табына ауысқан күрделі сөз болып есептеледі.
Етістік тудыратын жұрнақтардың құрамы
Дара (өнімді) |
Күрделі (өнімді) |
-ла,-ле,-да,-де,-та,-те -а,-е,-ай,-ей -ыс,-іс,-с -т,-тыр,-тір (-дыр,-дір) -қыз,ғыз (гіз,-кіз) -ыл,-іл,-л -ын,-ін,-н |
-ла+н, -ле+н (-де+т, -да+т -ла+с, -ле+с… -ла+т (-ле+т,-да+т,-де+т) -ыңқы+ра, -іңкі+ре |
Дара (өнімсіз) |
Күрделі (өнімсіз) |
-ар,-ер,-р -ал (-әл,-ыл,іл,-л) -ық,-ік -сы,-сі -ра,-ре -ы,-і,шы,-ші -қа,- ке,- ға,- ге -ыр ,- ір -ақ, -ас -ди , -ти, -тый -ғар, -гер, -қар,- кер |
-қы+ла,-кі+ле (-ғы+ла…) -ма+ла, -ме+ле,-ба+ла… -ыңқы+ра, -іңкі+ре -ым+сы+ра,-ім+сі+ре
|
Форма өзгеретін (күрделі ) жұрнақ -а+тын, -е-тін, й+тін |
|
|