Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу
Жоспар
Кіріспе
- Әлемнің құқықтық жүйелері
- Халықаралық құқықты дамыту бағыттары
Қорытынды
Кіріспе
Тарихи даму процесінде әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік нормалардың бірнеше түрлері қалыптасып, солар арқылы қоғамдағы сан қырлы қатынастар реттеліп, шешіліп жатады. Ол әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни, корпоративтік, құқықтық нормалар) қолдануы әр елде әр түрлі. Бір елде – әдет-ғұрып, екінші елде – мораль, үшінші елде – құқық басым түрде қолданылады. Бұл нормаларды қолдануда айтарлықтай ерекшеліктер бар.
Әлемдік құқықтық тәртіпті қалыптастырудың негізгі себептері: 1) экологиялық қауіпсіздікті қалыптастыру; 2) адамдардың өмірін қамтамасыз ету; 3) ядролық соғысты болдырмау; 4) әлемдік кеңістіктің барлық саласындағы қатынастарды біріктіріп ғаламдық жүйеге айналдыру.
1 Әлемнің құқықтық жүйелері
Әр ел ол нормаларды өздерінің саяси, ұлттық, әлеуметтік ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Сол арқылы әр елде өздерінің ұлттық құқық жүйесі қалыптасады. Сонымен бірге осы ұлттық құқық жүйелердің мазмұны мен нысандарында бір-біріне ұқсастық болады. Сол арқылы ұлттық құқық жүйелерін жіктеп, топтастырып құқықтық жүйеге бөледі, оның негізгі қағидалары мен тәсілдері:
1) Бірнеше елдердің құқық жүйесінің негіздері және мазмұны бір-біріне ұқсас болады. Себебі олар көне заманда бір мемлекеттің әлеуметтік-нормативтік жүйесінен бөлініп шыққан. Сондықтан бұл құқық жүйелерінің түпкі негіздеріне және мазмұндарына қарай топтастыру.
2) Құқық жүйелерінің нысандарына сәйкес топтастыру. Нормативтік актілердің және әлеуметтік нормалардың қабылдануының, қолдануының ерекшеліктеріне қарай құқықтық жүйеге бөлу. (Бір елде – құқық, екінші елде – әдет-ғұрып, үшінші елде – сот шешімі басым болады).
3) Әлеуметтік және құқықтық нормалардың құрылымына қарай жүйеге келтіру. Бірнеше елдің нормаларының элементтері (гипотеза, диспозиция, санкция), құқықтың элементтері (норма, институт, бөлім, сала) бір-біріне ұқсас болады. Бұл топтастырудың негізін құрады, тәсіл болады.
4) Әлеуметтік және құқықтық нормалардың құрылу, қабылдау, орындау қағидаларына сәйкес жүйеге келтіру. Бір елде – дін, екінші елде – идеология, үшінші елде – заңдылық басым болады. Осы саясаттар құқықтық жүйенің қағидаларының негізі болады.
Қоғамның объективтік даму процесінің мүдде-мақсатына сәйкес саяси, экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынастарды реттейтін әр елде құқық жүйесі қалыптасады. Дүние жүзіндегі мемлекеттердің тарихи, экономикалық, әлеуметтік, мәдени ерекшеліктеріне қарай құқық жүйелері бір-біріне ұқсамайды. Оларды ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, ұлттық, топтық құқықтық жүйелерге жіктеу жүргізіледі.
Францияның ғалымы Давид Рененің пікірі бойынша, құқықтық жүйенің бірнеше түрі болады: англо-саксондық, романо-германдык социалистік, діни және Қытай, Индия, Жапония т.б. құқықтық жүйелерге бөлінеді[1].
Англо-саксондық құқық жүйесі. Бұл жүйе феодализм кезінен басталады. Англия өзінің аралдық жағдайын пайдаланып, ерекше әдет-ғұрыптарын сақтауға тырысты. XII ғасырдан бастап қалыптасқан Англияның демократиялық жетістіктері құқық жүйесіне зор ықпалын тигізді. Англия, Рим мемлекетінің провинциясы болса да өзінің ұлттық ерекшеліктерін жоғары ұстай білді. Бұл құқықтық жүйе ежелгі әдет-ғұрыптардан, сот шешімдерінен құралады. Англияның королі Генрих II (1154-1187) бірнеше реформалар жүргізген, солардың арасында ең маңызды сот реформасы. Ол көшпелі корольдық сотты енгізді. Бұл сот әр жылдың аяғында құқық тәжірибесінен жан-жақты талдап қорытынды жасап, маңызды шешімдерін баспа арқылы жариялап отырды. Соттардың бәріне бұл қорытынды шешім – ережелер негізгі заң болып, оны міндетті түрде қолданатын болды. Сөйтіп жергілікті әдет-ғұрыптар модификациядан өтіп, ерекшеліктерін бірте-бірте жоғалтып, жаңа англо-саксондық құқық жүйесі қалыптаса бастады.
Бұл жүйенің негізгі мазмұны сот тәжірибесінен қалыптасады, мемлекеттік органның қабылданған нормалары қосымша рөл атқарады. Қазіргі заманда бұл өте күрделі, демократиялық құқықтық жұйе. Оны статус құқығы деп те атайды. Статус-парламент қабылдаған заң. Оның саны 500 жылда 2000-ға жеткен. Англияда азаматтық кодекс жоқ. Сот азаматтық істерді дұрыс шешіп, жаңа норма жариялайды. Бұл нормалар әрбір жеке статусты шешетін норма болып шығарылады. Құқықтық нормаларды кодификациялау және жүйелеуі де өте сирек кездеседі. Англияның құқықтық жүйесі абсолюттік монархия дәуірінде дамып гүлденді. Бұл жүйеде процессуалдық нормалардың маңызы материалдық нормадан жоғары тұрады. Англия өзінің отарлық-тәуелді елдерінің ұлттық құқықтық жүйелеріне нышан келтірмеді. Олар өздерінің ұлттық құқығын сақтап, бірте-бірте ағылшын құқығының жақсы, дұрыс нормаларын пайдалана бастады. (Малайзия, Сингапур, Гонконг, Бруней, Гана, Кения, Нигерия, Египет т.б.).
АКШ ағылшын құқығын пайдаланса да, оның құқық жүйесінің көп ерекшеліктері бар. Біріншіден, американың құқығы, федеративтік құқық. Екіншіден, мұнда соттың шешімдерімен қатар құқықтық нормаларды, әсіресе, Конституциялық маңызын жоғары ұстайды. АКШ-та құқықтық нормаларды кодификациялау, жүйелеу жұмыстары белсенді жүргізіледі. Қазіргі кезде англо-саксондық құқық жүйесі бірте-бірте нормативтік актілердің маңызын көтере бастады.
Романо-германдық құқықтық жүйе (континенттік жүйе деп те атайды.). Европаның мемлекеттерінің көпшілігінде осы құқық жүйесі дамып келеді. Романдық құқық жүйесі деген сөз Рим құқығының ықпалымен құрылғанын көрсетеді. Феодалдық кезенде бұл жүйе жақсы дамымады. Буржуазиялық революциялар Рим құқығына өте кең жол ашты. «Жеке меншік құқығы қасиетті оған ешкім қол сұғуға құқығы жоқ» деп бекітті.
Осыдан бастап Рим құқығы белсенді түрде буржуазиялық кодекстеріне кіріп, Германия, Франция, Италия бүкіл дүние жүзіне тарады. Рим құқығын жалғастырған кодекстердің қатарына Наполеон атындағы 1804 жылғы Францияның азаматтық кодексі, 1896 жылғы Германияның азаматтық нормалар жинағы жатады. Тарихшылардың, заңгерлердің көпшілігі континенталдық құқық жүйесі XIII ғасырда қалыптасты деп санайды. Бес ғасыр бірінші орында Рим құқығының ықпалы басым болды деп түсіндіреді. Сөйтіп көп мемлекеттердің құқық жүйесінің негізін қалады. Кейін континентальдық мемлекеттер өздерінің ұлттық ерекшеліктерін кіргізіп, дамытты. Бұл құқық жүйесінің негізгі мазмұны – нормативтік актілерді бірінші орынға қойды, сот шешімдері қосымша рөл атқарады. Кодификациялау жұмыстары белсенді түрде жүргізілді. Патшалық Россияда да бұл жұмыс қарқынды түрде дамыды, әсіресе, Сперанскийдің үкіметті басқару тұсында.
Қорыта айтарымыз, англо-саксондық, романо-германдық құқықтық жүйелер буржуазиялық жүйені қорғап, дамытты. Дүние жүзіндегі елдерге үлгі болып, маңызды рөл атқарды. Сол арқылы қазіргі замандағы заң ғылымының дамуына зор үлес қосты.
Социалистік құқықтық жүйе – бұл жүйе өзі төрт жүйеге бөлініп келді: кеңестік құқық жүйесі; европалық социалистік мемлекеттер құқықтық жүйесі; азиялық социалистік елдердің құқықтық жүйесі; Куба республикасының құқықтық жүйесі. Бірақ барлығының негізгі қағидалары бірдей болды: қоғамдық меншікті, бір орталықтан жоспарлауды қорғау т.б. Бұл мемлекеттердің құқықтық негізін құрастыратын заң шығаратын органдардың нормативтік актілері. Қазіргі кезеңде бұл жүйе Қытай халық республикасында, Кубада, Солтүстік Кореяда сақталып, дамып келеді. Басқа бұрынғы социалистік елдерде бұл жүйе қайта құрылып, айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Романо-германдық құқықтық жүйеге көшуде.
Діни құқықтық жұйе – бұл жүйеге Азияның, Африканың дамушы елдері жатады. Ол елдердің құқықтық саясаты екі түрге бөлінеді: біріншісі – құқықты түсінуде, дамытуда олар дінмен зиялы бағытты біріктіріп отырады. Бұл саясат ислам, индус және иуда діндеріндегі мемлекеттер, екіншісі – құқық деген заңды ғылыми ұғымға қарсы бағыт. Қоғамды басқаруда әлеуметтік нормаларының басқа түрлерін бірінші қатарға қояды (әдет-ғұрып, мораль, діни, қоғамдық ұйымдардың шешімдерін). Бұл елдердің біразы бірте-бірте романо-германдық құқықтық жүйеге көшу бағытында.
Ислам – діни қағидаларын құқықтың негізі деп санайды. Бұл бағытты жүйені шариғат деп атайды. Сонымен қатар адат деп атайтын жүйе бар (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль т.б.). Бірақ өмірде шариғат басым түрде қолданылады. Исламдық құқықтың төрт түрлі негізі бар:
1). Құран – Алланың Мұхаммед пайғамбарға түсірген киелі, ардақты кітабы.
2). Сұнна – Мұхаммед пайғамбардың хадистері (өсиеттері). Бұл өсиетте Құранның аяттарына түсінік береді.
3). Иджма – ислам ұйымдарының қабылдаған, бекіткен шешімдері, қаулы-жарлықтары.
4). Китас өмірде кездесетін мәселелерді Құранның ұқсас аяттарына сүйене отырып шешу.
Индус діні қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқарудың ең басым, күрделі жүйесі. Сонымен қатар әдет-ғұрып, салт-дәстүрді де пайдаланады. Бұл діни құқық жүйесі адамдарды туысымен әлеуметтік топқа бөледі. Олардың өздерінің ішіндегі қатынастарды реттеп, басқаратын діни нормалары болады. Бұл әлеуметтік топтардың түрлері: байлар тобы, орта шаруалар тобы, кедей шаруалар тобы, діни қызметкерлердің тобы, ақсүйектер (чиновниктер) тобы. Бұл топтардың аттарынан немесе атауларынан толық түсінуге болады: Бұл әлеуметтік топтардың арасында ешқандай теңдік, әділеттік, бостандық жоқ екені.
Индус құқық жүйесіндегі елдерге (Индия, Пакистан Бирма, Сингапур, Малайзия, Танзания, Уганда, Кения т.б.) діни нормалармен қатар әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль арқылы көп мәселелер реттеп, басқарылады. Индияда 1950 жылы Конституция қабылданып, индустарды әлеуметтік топқа бөлуге тыйым салды, Англияның құқық жүйесінің нормативтік актілерін қолдана бастады. Мұны «англо-индус құқық жүйесі» деп атады.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі жаңадан құрылып, дамуда. Бұл жүйе, негізінен, континентальдық Еуропа елдерінің бағытында дамуға бет бұрып отыр. Біздің халқымыз өз елінің егемендігіне жетіп, мемлекеттің ықтимал зорлық-зомбылығынан жаңа Конституция (1995 ж.) арқылы қорғалған саяси-этникалық адамдар қауымдастығының дәстүрімен, мәдениетімен ұштасқан либерализм қағидалары негізінде әлеуметтік-бағдарлы нарықтық өзгерістер жолымен дамудың ортақ тағдырына таңдау жасап отыр.
- Халықаралық құқықты дамыту бағыттары
Жалпы адамгершілік табиғи – құқық негізінде және халықаралық нормалардың қағидаларына сәйкес қалыптасқан әлемдік-қоғамдық қатынастардың жүйесін – әлемдік құқықтық тәртіп дейді. Әлемдік құқықтық тәртіпті дүние жүзіндегі адамдардың, мемлекеттердің сан қырлы қатынастарының топтасып қалыптасқан нақты – шындық түрі деп түсіну керек. Бұл шындық қалыптасудың үш объективтік түрлері бар:
1) адам – ел – планета – космос;
2) адам – ұжым – қоғам – әлемдік қоғамдастық;
3) адам – оның құқықтық статусы – қоғамның құқық жүйесі –халықаралық құқық – әлемдік құқықтық тәртіп.
Қазіргі заманда әлемдік құқықтық тәртіп шындыққа айналып отыр. Барлық мемлекеттердің арасында саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, ғылыми-техникалық қатынастар қалыптасып, дамуда. Осы бағытта халықаралық басқару органдарының құрылуы. Олардың ішіндегі ең негізгісі – Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)–24.10.1945 жылы құрылған. Оның 185 мемлекет мүшесі бар (1 қазан 1995 ж.). БҰҰ Уставы бойынша ұйымның негізгі мақсаттары:
— халықаралық қауіпсіздікті, бейбітшілікті қорғау-сақтау;
— халықтардың достығын, бірлігін, бостандығын, теңдігін қорғау;
— мемлекетаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік даму процесін мүмкіндігінше біріктіру;
— осы мақсаттарды іс жүзіне асырудың ұйымдастырушы, басқарушы заңды орталық органы болу.
Әлемдік құқықтық тәртіпті нығайтуға, сапалы болуына БҰҰ-нан басқа тағы біраз дүниежүзілік ұйымдар маңызды үлес қосуда, Олар: халықаралық еңбек ұйымы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, дүниежүзілік интеллектік меншіктің ұйымы, халықаралық азаматтық авиация ұйымы т.б. Халықаралық құқықтық қатынастарды реттеп, басқаруда БҰҰ-ғы халықаралық соттың маңызы өте зор. Әлемдік құқықтық тәртіптің негізгі белгі-нышандары:
1). Әлемдік құқықтық тәртіп (ӘҚТ) – әр түрлі мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, ұлттардың әлеуметтік топтардың арақатынасының күрделі және өсіңкілік жүйесі.
2). ӘҚТ – мемлекеттердің, халықтардың өзара бірлігінің, ынтымақтастығының нақты шындық көрінісі. Бұл бірліктің негізгі деректі құжаты – халықаралық шарт. Онда қатынастың субъектілерінің міндеттері мен құқықтары толық көрсетіліп, өздерінің бақылауында болады.
3). ӘТҚ – әр саладағы халықаралық ынтымақтастықтың іс-әрекетінің дұрыс, сапалы орындалуының кепілдігі деуге болады. Оның түрлері:
— қоршаған ортаны, табиғатты қорғау, жақсы дамуына тиісті мүмкіншілік жасау;
— БҰҰ, дүниежүзілік сауда ұйымы, халықаралық даму банкі, халықаралық валютаның фонд арқылы барлық мемлекеттердің өсіңкілік экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
— БҰҰ-ның ЮНЕСКО ұйымы арқылы барлық елдердің мәдениетін, білімін, ғылымын дамытуға сапалы, маңызды үлес қосу;
— әлемдік көлемде қылмыспен күресті сапалы, нәтижелі жолға қою т.б.
Сонымен халықаралық құқықты дамыту және ғаламдық проблемаларды реттеп шешу екі жақты байланысты процесс: бірінші – әр мемлекеттің ерікті түрде осы бағытта сапалы іс-әрекет жасауы қажет; екінші – халықтардың, мемлекеттердің бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасауға ерікті түрде бет бұруы қажет. Бұл процесте терең ұлттық, аймақтық, ғаламдық саяси-әлеуметтік бірлік болуы қажет. Осы халықаралық қатынасты тиімді процеске айналдыру әлемдік құқықтық тәртіптің ең шешуші шарты.
Құқық пен мемлекеттің эволюциялық даму процесінің болашағы. Бұл мәселе туралы сан қырлы пікірлер бар. Бірақ бәрі бірігіп құқық пен мемлекет үзіліссіз даму процесінде болады деп түсіндіреді. Ал, даму процесі неге апарады, болашақта құқық пен мемлекет қандай өзгеріске ұшырайды? – деген сұрақтарға жауап әр түрлі. Бұл сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап беру өте қажет. Біріншіден – құқық пен мемлекеттің эволюциялық даму процесін ғылыми зерттеп, олардың болашақта қоғаммен байланысын, ықпалын, әсерін дұрыс, сапалы жолға қою; екінші – мемлекет пен құқықтың болашақта өздерінің эволюциялық даму процесінде кемістіктердің, қолайсыз жағдайға ұшырауын болдырмауын қамтамасыз ету үшін қажет.
Қоғамның әлеуметтік объективтік даму заңдылықтарына және заңды тарихи тәжірибелерге сүйене отырып, мемлекет пен құқықтың эволюциялық даму процесінің болашағына болжау жасауға болады. Марксизм болашакта дүние жүзінде коммунизм жеңіске жетсе, қоғамның сана-сезімі, мәдениеті дамып, адамдар қоғамды өздері басқаруға көшеді. Мемлекет пен құқықтың билігі, еріксіз адамдарға іс-әрекет жасаттыруы керексіз болады. Сөйтіп болашақта адамгершілік, әділетті, демократиялық қоғам болады деп түсіндіреді. Бірақ социалистік елдердің тәжірибесі бұл пікірді дәлелдей алмады. Керісінше, бұл елдерде көп қолайсыз жағдайлар өріс алды: демократия шектеліп, тоталитарлық басқару жүйесі орнады, субъективизмге жол берілді, ұлттар мәселесі дұрыс шешім таппады, халықаралық қатынастарға себепсіз шектеулер қойылды т.б. Кемшіліктер орын алды. Бірақ социалистік жүйені толық жамандауға болмайды. Оның айтарлықтай жақсылықтары да бодды. Оларды адам қоғамының болашағы міндетті түрде дәлелдейді деп сенуге болады.
Қазіргі кезеңде ғалымдар барлық мәселені, барлық қатынасты коғамдағы барлық мәселені, 254 бет
заңды тұрғыдан қалыптастырып, іс-жүзінде әр елдің өмірлік шындығына айналуы қажет. Адамдардың құқығы мен бостандығын үш тұрғыдан түсіну керек: 1) адамның құқығы; 2) азаматтың құқығы; 3) жеке тұлғаның құқығы.
Адамның құқығы – ол адамдардың өмірге келуімен бірге қалыптасқан табиғи құқықтары. Оның ұлттық, мемлекеттік, заңдық шеңбері болуға тиіс емес және табиғи құқықтарға ешкім, ешқандай орган шектеу қоя алмайды. Бұл құқықтар Біріккен Ұлттар Ұйымының бақылауында.
Азаматтың құқығы – адамдардың табиғи бостандықтары мен құқықтарын әр мемлекеттердің заңдары арқылы қабылдауы. Сол мемлекеттің Конституциясы арқылы адамдар – азаматтық құқықтарға ие болады – мемлекеттің азаматы деп саналады.
Жеке тұлға құқығы – адамдардың азаматтығына қарамай нақты жеке тұлғаның құқығы, оның шеңбері сол тұлғаның қабілеті, білімі, рухани сана-сезімі, адамгершілігі және қызметінің өкілетті құзыретіне сәйкес анықталады.
Қоғам және халықаралық өмірде бұл үш ұғымды жеке-жеке қолдануы сирек кездеседі, көбінесе жалпылама түрде қолдана береді. Заң ғылымында құқықпен қатар «бостандық» – деген ұғым бар: ой бостандығы сөз бостандығы, сана бостандығы, дін бостандығы т.б. Адамның және қоғамның өмірінде «Құқық–бостандық» деген ұғымдар бір-бірінің орнына пайдаланыла береді.
Адамдардың табиғи құқықтары мен бостандығының негізгі түрлері: азаматтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық, ақпараттық, мәдени, рухани т.б. бостандықтары. Адамның бұл табиғи бостандықтары мен құқықтарының өздеріне тән ерекшеліктері мен сипаттары бар:
1). Адам құқығы – жан-жақты, әр жақты ұғым. Оны әлем көлемінде, барлық елдердің, барлық адамдардың бостандығы мен құқықтарының міндетті түрде болатынын көрсету үшін пайдаланады.
2). Адам құқығы үзіліссіз даму процесінде болады. Адам дүниеден өтсе, бұл процес те тоқтайды. Оның жақсы-жаман дамуы әр тұлғаның өзінің қабілетіне және қоғамның саяси-экономикалық деңгейіне байланысты.
3). Адам құқығының ұлттық, мемлекеттік шеңбері және шекарасы болмайды, оны субъективтік тұрғыдан жасауға тыйым салынады. Бірақ бұл құқықты заңды догма деп абсолюттік мағынада түсінуге болмайды. Қоғамның мүдде-мақсаты үшін кейбір жағдайда бұл құқыққа шектеу қойылады.
4). Адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарына сәйкес заңды міндеттері болады. Сондықтан олардың орындалуы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Бұл объективтік процесс. Заңды міндеттердің негізгі түрлері әр мемлекеттің Конституциясында көрсетіледі.
Заңды объективтік міндеттер дегеніміз – адамның табиғи бостандықтарымен қатар коғамдық тәртіпке өте қажетті іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жиынтығы. Бұл міндеттер қоғамның объективтік процесінде табиғи бостандықтармен тығыз байланыста дамып, ескіріп, жаңарып отырады. Объективтік міндеттер екі топқа бөлінеді: 1) табиғи міндеттер. Мысалы, кісі өлтірмеу, ұрлық жасамау, ата-ананы, үлкендерді құрметтеу, сыйлау, жастарға қамқорлық көрсету т.б.; 2) заңды міндеттер – қоғамдық мүдде-мақсатты дұрыс, жақсы орындау үшін мемлекеттік өкілетті органдардың кіргізген міндетті іс-әрекеттер (әрекетсіздік). Мысалы, отанды қорғау, тәртіп сақтау, сайлауға қатысу т.б.
Адамдардың табиғи бостандықтары мен міндеттері халықаралық құқықта да, БҰҰ-ның декларациясында да жан-жақты қамтылып, оларды орындаудың негізгі кепілдіктері көрсетілген, оның түрлері:
— халықаралық құқықтың кепілдігі;
— әлемдік қоғамдық ұйымдардың кепілдігі;
— әр мемлекеттің өз ішіндегі кепілдігі.
Мазмұнына қарай кепілдіктің төрт түрі болады: 1) экономикалық-құқықтық; 2) саяси-құқықтық; 3) әлеуметтік-құқықтық; 4) нормативтік кепіл. Кепілдікті іс жүзіне асырудың бес әдіс-тәсілі болады: материалдық, әділеттік, процессуалдық, техникалық, заңды жауапкершілік.
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі – оның қоғаммен және мемлекетпен арақатынасының заңды деңгейі, дәрежесі. Бұл мәртебенің бес түрі болады: халықаралық, конституциялық, салалық, арнаулы және жекелік мәртебелер.
Ғаламдық проблемалар. XXI ғасырға кірейін деп тұрған қазіргі заманның ерекшеліктері: бір жағынан әлемде ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды түрде дамып, әлеуметтік табысының жақсы жылуы байқалып, ғалымдар көпшілігінде жаңа саяси ойлау теориясын қолдануды, ал, екінші жағынан – әртүрлі саяси-экономикалық деңгейдегі мемлекеттер күрделі қайшылықтарымен. Бұл күрделі бір әлем адамзаттың ғаламдық проблемаларын шешіп, өздерінің жағдайын тұрақтандыруға талаптануда.
Ғаламдық проблема дегеніміз – дүние жүзіндегі барлық халықтардың мүдде-мақсатын қамтитын мәселелер, оны мемлекеттер жеке-жеке орындауға ешқандай мүмкіншіліктің жоқтығы. Ғаламдық проблемалардың белгі-нышандары:
— бұл проблемалар жер жүзіндегі барлық халықтың мүддесін қамтиды;
— проблемалардың шешілмегені барлық адамзатқа қауіп төндіріп, болашаққа кедергі болып отыр;
— бұл проблемаларды барлық халық, барлық мемлекет бірігіп қана орындай алады.
Бұл ғаламдық проблемалар бірнеше топқа бөлінеді: 1) халықаралық бірлік, бейбітшілікті күшейту; 2) адамдардың бостандығы мен құқықтарын қамтамасыз ету; 3) әлемдік экологияны жақсарту; 4) әлемдік көлемде демографияны теңестіру; 5) ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін дамушы елдердің экономикалық, әлеуметтік жағдайын көтеруге пайдалану; 6) әлемдегі барлық халық, барлық мемлекет бірігіп, қылмыс пен қоғамға қарсы іс-әрекеттерге күрес жүргізу.
Осы көрсетілген проблемалар бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан оларды жинақтап, топтастырып іске асыруды қажет етеді, оның негізгі бағыттары:
1). Әлемдік ядролық апатты болдырмау, қару-жарақты жаппай шығаруды, ядролық қаруға сынақ жүргізуді тоқтату;
2). Саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, экологиялық т.б. салаларда халықаралық ынтымақтастықты және серіктестікті қалыптастыру;
3). Дамыған және дамушы елдердің арасындағы экономикалық алшақтықты жою;
4). Энергошикізаттықты, азық-түлік, демографиялық дағдарысты жою немесе бәсеңдету, экологияның талаптарын іске асыру, космос кеңістігінде бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу;
5). Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін адамдардың денсаулық, әлеуметтік, білім, мәдени, рухани жүйелеріндегі жұмысты жетілдіруге пайдалану;
6). Терроризмге, наркобизнеске қарсы күресте халықаралық көлемде, әлемдік кеңістікте жүргізу.
Жер планетасында өмір жасауды сақтау үшін, әлем кеңістігінде адамзаттың мүдде-мақсатын іс-жүзіне асыру үшін ғалымдардың, мемлекеттік және саяси қайраткерлерінің жаңаша ойлау қабілеттігін халықтардың арасындағы қайшылықты, сенбеушілікті жоюға пайдалану қажет.
Ядролы күресте, келіспеушілікте екі қарама-қарсы топтың бірі де жеңіске жетуі мүмкін емес, бұл күрес әлемдегі адамзатты, барлық тіршілікті жоюмен аяқталады. Сондықтан барлық мемлекеттер дүние кеңістігінде адам қоғамының барлық саласында адамгершілікті, әділетті, теңдікті, бостандықты қамтамасыз етіп, халықаралық қарым-қатынасты орнатуы қажет. Бұл кезек күттірмейтін ғаламдық міндет. Осы проблеманы іс жүзіне асыру әлемдік екі өзекті мүдде-мақсатты орындауға мүмкіншілік береді. Бірінші – әлемде тұрақты, құқықтық мемлекет орнауға тиіс; екінші – адамдардың, қоғамның, мемлекеттердің демократиялық бағытта дамуына толық мүмкіншілік қалыптасуы тиіс. Осы бағытта аз да болса тұрақты, сапалы істер атқарылуда: қарама-карсы екі саясат жүргізу тоқтатылды, әскери блоктар жойылуда, ядролық қаруға сынақ жүргізу тоқтатылды. Бұлардың орнына жалпы халықтық мақсат қойылып, мемлекетаралық демократиялық қатынастар орнауда. Қазіргі дәуірде әлем әскери егестен экономикалық бәсекелестікке ойыса бастады. Бұл үрдістің бел алатынына, бейбітшілік орнап, тату көршіліктің қалыптасуына халық мол сенім артуда. Әр мемлекеттің заңдары, нормативтік актілері осы ғаламдық проблеманы іс-жүзіне асыру бағытына көшірілуде. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясында глобальдық проблемалар кең орын алып, оларды орындау бағыттары көрсетілген.
«Қазақстан Республикасы халқы құқықтық принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады» деп көрсетілген Қазақстан Конституциясында (8-б.). «Мемлекет адамның өмір сүруімен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды», (31-б.,1-т.). Экологияны қорғау бағыттары: атмосфераны, суды, жерді-топырақты ыластау, жануарларды және өсімдіктерді қорғау. Осы мәселелер бойынша құқықтық нормалардың сапасын жақсартып, олардың орындалуын қамтамасыз ету. Осы мәселелерді көршілес мемлекеттермен бірлесіп іс-әрекеттер жасау көрсетілген. Егерде әлемдегі барлық мемлекеттер осы көлемде іс аткдрса, жер планетасының экологиясы ыластанбай, табиғи мөлшерде болар еді.
Біздің дәуірімізде, әлемнің әскери егестен алыстауына бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ойыса бастады. Бұл үрдістің бел алатынына халық сенім артып, бейбітшілік орнап, тату көршіліктің қалыптасуына үміт артуда. Адамзат дамуның бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталып тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет.
Біздің моделіміз қоғам дамуының әр түрлі модельдерінің түйісуін бейнелеуге тиіс. Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік нарықтық экономика құрудамыз. Бұл – бізге қажеттінің нақ өзі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
- Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
- Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
- Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
- Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет пен құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
- Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
- Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
- Теория государства и права. /Под ред. Профессора М.Н.Марченко. МГУ, 1996.
[1] Давид Рене. Правовые системы современности. М., 1984.