Германия
Германияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
1815-1848 жылдары герман мемлекеттерінде капиталистік қатынастар қарқынды дамыды. Пруссияда помещиктік шаруашылық буржуазиялық –юнкерлік шаруашылыққа айнала бастады. Батыс және Оңтүстік-батыс Германияда ірі шаруашылықтардың пайда болуы және шаруалардың кедейленуі кең ауқым алды.
Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуінде 1834 жылы Пруссияның ынтасы бойынша құрылған Неміс кеден одағының зор маңызы болды. Неміс мемлекеттерінде өнеркәсіптік төңкеріс кең орын алып, темір-жолдар салынды, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп өсті. Машина жасау және тоқыма өнеркәсібі дамыды.
Германияның бірігуі. Пруссия Сардиния корольдігіне қарағанда, ХІХ ғасырдың ортасына қараай ұлы дәрежесі бойынша соңында болды. ХІХ ғасырдың басындағы әскери реформаның нәтижесінде күшті әскер құрылып, Пруссия ұлы державалар қатарына қосыла алды және басқа герман мемлекеттерінің есебінен өз аумағын ұлғайтты. Пруссияның құрамына табиғи ресурстары бай Германияның дамыған аумақтары кірді. Пруссия аумағына өзге герман мемлекеттері сыналай кіріп жатқандықтан, Пруссия жалпыгермандық істерге араласуға мәжбүр болды.
Пруссия неміс тұрғындары мекен еткен протестанттық мемлекет болды. Неміс ұлттық қозғалысын жақтаушылар Пруссияның Германияны біріктіру әрекеттеріне үлкен үміт артты.
Король ІV Фридрих Вильгельм науқастанып, өз өкілеттігін ағасы І Вильгельмге бергеннен кейін Пруссия ішкі германдық істермен айналыса бастады. Оны толғандырған басты мәселе Австрияны әлсірету және барлық герман мемлекеттерін Пруссия маңына біріктіру болды. 1862 жылы жаңа король өзінің бірінші министрі етіп 47 жастағы Отто фон Бисмаркті тағайындады.
ХІХ ғасыр басындағы реформалар пруссия әскерін жалпыхалықтық әскерге айналдырды. Бисмарк әскерге баса көңіл бөлді. Бисмарктің және оның көмекшілері — әскери министр Альбрехт фон Роонның және Бас штаб басшысы гельмут фон Мольткенің арқасында пруссиялық әскер Еуропадағы ең күшті әскердің біріне айналды.
1864 жылғы Пруссия мен Австрияның Данияға қарсы соғысы Австрияның талқандалуына бастама болды. Дания мемлекетінің құрамында немістер тұратын екі провинция –Шлезвиг және Гольштейн болатын. Дания бұл соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін Пруссия Шлезвигті, ал Австрия Гольштейнді басқару билігін иемденді.
Даниямен соғыс аяқталғаннан кейін, Бисмарк провинцияларды басқару жөніндегі келісімді бұзды деп Австрияны айыптай бастады. Пруссия Герман одағының қарауына Одақты қайта ұйымдастыру жоспарын ұсынды. Жоспарға сәйкес, Австрия одақтан шығарылатын болды. Герман одағының жалпы әскері және жалпы дауыс беру негізінде сайланатын парламент – рехстаг құрылды. Австрия Пруссияның әрекеттерін айыптады. Жауап ретінде Пруссия Герман одағынан өз еркімен шықты және герман мемлекеттерінің өз жағына шығуын талап етті. 1866 жылы сәуірде Пруссия Италиямен австрияға қарсы әскери одақ құру туралы шарт жасасты.
1866 жылы маусымда Австрия – Пруссия соғысы басталды. 3 шілде күні Садова елді мекенінің жанында 220 мыңдық пруссиялық әскер 215 мыңдық австриялықтардың тас-талқанын шығарды. Көп ұзамай бітімге қол қойылды. Келісімшартқа сәйкес Пруссия аумағы оған кейбір герман мемлекеттерінің жері қосылғаннан кейін Рейннен Неманға дейін созылды. Сонымен солтүстік германдық одақ құрылды. Одақ басшысы пруссиялық король болды. Үкіметті канцлер басқарды. Бірінші канцлер болып Бисмарк сайланды
Австрия Германиядан ығыстырылды. Австриялық империя Италиядағы соңғы иеліктерінен айрылды. Венеция аумағы Италия корольдігіне өтті. Империяны ішінен нығайту
үшін австриялық император Франц Иосиф 1867 жылы Венгрияға ішкі автономия берді. Орталық өкіметтің бақылауында сыртқы саясат, қорғаныс, ақша айналымы мәселелері қалды. Мемлекет біріккен Австро-венгрия монархиясына айналды. Австриялық император венгрияның да королі болды.
Бисмарк Германияны біріктіруді тек Францияны талқандағаннан кейін ғана аяқтау мүмкін деп санады. Пруссияның Франциямен соғысы Пруссия айналасына немістерді біріктіріп, германияда оның жетекшілік рөлін бекітеді деп есептеді.
Австрия талқандалғаннан кейін, Солтүстік нерман одағының канцлері Франциямен соғысқа дайындалаа бастады. Бисмарк өз жоспарларын жүзеге асыруға асықты, өйткені ІІІ Наполеонның одақтастары болмады. Бисмарктің арандатушылық әрекеттерінің арқасында 1870 жылы 19 шілдеде Франция Пруссияға соғыс жариялады. Пруссиялық әскер жақсы дайындалған болып шықты. Фрацуздар күйреудің алдында тұрды. 1870 жылы тамызда Мец бекінісінде 200 мыңдық француз әскері қоршауға түсіп қалды. Оған көмекке жіберілген маршал Мак-Магонның 90 мыңдық әскері Седан бекінісінде қоршауға алынып, 2 қыркүйекте тізе бүкті.
Соңғы жеңіліс туралы хабар Париж халқының ашуын тудырды. 1870 жылы 4 қыркүйекте төңкеріс басталды. Франция республика деп жарияланды. Парижде генерал Трошю басқарған ұлттық қорғаныс өкіметі құрылды. Жаңа әскер жинасытырлды. Бірақ асығыс құрылған әскер жеңіліске ұшырады. 1870 жылы қазанда Мец бекінісінде француз әскери бөлімдері тізе бүкті. Пруссия жеңісті зор салтанатпен атап өтті.
Герман империясының құрылуы. Пруссияның жеңістерінен соң герман мемлекеттерінің монархтары пруссиялық корольге императорлық тәжді қабылдау жөнінде өтініш жасады. 1871 жылы 18 қаңтарда Версаль сарайының айналы залында Герман империясының құрылғандығы туралы жарияланды. Жаңа мемлекеттің бірінші мемлекет пайда болды. Еуропаның ортасында ірі мемлекет пайда болды. Германия Еуропадағы күштердің жаңа орталығына айналды.
Герман империясының және Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Герман империясында империялық басқару жүйесі құрылды, теміржолдарды империялық басқару, денсаулық сақтауды тұтас бақылауға алу іске асырылды. 1873 жылғы 9 шілдедегі заң империя үшін ортақ валюта – марканы бекітті. 1875 жылы үкімет империялық банк құрды.
Италия да Германия сияқты «жас капитализм» елдерінің тобына жатты. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Италияның экономикасы әлсіз болатын. Елдің экономикасы ол біріккеннен кейін де баяу дамыды. Негізгі себеп – феодализмнің қалдықтары әлі де сақталуы, өнеркәсіптік буржуазияның аздығы және әлсіздігі, табиғи ресурстардың жеткіліксіздігі болды. Сонымен қатар экономикасының дамуына саяси тұрақсыздық та көлденең тұрды. Ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуы біркелкі болған жоқ. Оңтүстікте латифундиялар үстемдік етті. Ірі жалгерлерге жалға бере отырып, көптеген жерді буржуазия иеленді. Жалгерлер батырақтар мен жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланды. Соңғы онжылдықта ауыл шаруашылғында капитализмнің дамуы шаруалардың толық кедейленуіне әкеп соқтырды.
Германияның мемлекеттік құрылысы. Герман империясы жарияланғаннан кейін империялық Құрылтай жиналысы –Құрылтай рейхстаг шақырылды. Ол конституция қабылдады. Конституцияға сәйкес Герман империясы 22 монархияның одағын құрады. Олардың барлығы өз конституцияларын және жергілікті парламенттерін сақтап қалды. Тек Пруссия королінен сайланатын
герман императорының күшті билігі орнатылды. Кайзер мемлекет басшысы болып есептелді, заңдарды бекітті, соғыс жариялады,
әскердің бас қолбасшысы болды. Оның алдында үкімет басшысы – рейхсканцлер Бисмарк есеп беріп отырды. Рейхстагті 25 жасқа толған ер адамдар 5 жылға сайлады. Жоғарғы палата мүшелері барлық монархия өкілдерінің ішінен тағайындалды. Төменгі палата жалпы дауыспен сайланды. Рейхстагтің құқытары шектеулі болды, император екі палатаны да өз қалауы саяси патиялар кірді. Көпшілік депутаттық мандаттарпрусс юнкерлігінің және ірі буржуазиясының мүддесін кәсіп буржуазиясының мүддесін жақтаушы либералдық ұлттық партияның ықпалы өте күштіболды. Оларға «пргрессистер» партиясы, «орталық партиясы» және социал-демократтар партиясы жатты.
Жұмысшы қозғалысы.
Германияның бірігуінен кейін оның өнеркәсіптік дамуы тездеді. Бұған француздардан алынған өтемақы және құрамына Эльзас пен Лотарингияның қосылуы мүмкіндік туғызды. Өнеркәсіптің жоғарылауы жұмысшылар санын өсірді.
1863 жылы социалист Фердинанд Лассаль жұмысшылардың бірінші жалпыгермандық ұйымын –Жалпы герман жұмысшылар одағын құрды. Ол – ұйымның мақсаты – жалпы сайлау құқығы үшін күресу деп санады. Лассаль революционер емес еді, Германияны біріуктіру мәселесінде ол Бисмарктің саясатын қолдады. Жалпы герман жұмысшылар одағының қолдауына қарымта ретінде канцлер жалпы сайлау құқығын қолдауға уәде берді.
Лассальға марксшілдер – социалист Карл Маркстің ізбасарлары қарсы шықты. Маркстің Лассальдан айырмашылығы, ол социализмге тек революция арқылы ғана жету мүмкін деп санады. Жұмысшылар бірігуі керек, меншіксіз жаңа қоғам құруға тиіс. Германия тек революция барысында ғана бірігу мүмкін деп санады. Олар Бисмарктің жаулары болды. 1869 жылы Марксті жақтаушылар Герман социал-демократиялық партиясын құрды. Осылайша, герман жұмысшы қозғалысында екі негізгі ағым қалыптасты.
Германияның бірігуі жұмысшылар партиясын біріктіру үшін қолайлы жағдай тудырды. 1875 жылы олар Германияның социалистік жұмысшылар партиясын құрды. 1877 жылы социалистер рейхстагке сайлау кезінде жарты миллион дауыс жинады және оған 12 депутат өткізді. Жұмысшылар қозғалысы Германияның ішкі өмірінде маңызды факторға айнала бастады.
ХІХ ғасырдағы Франция
Революциялық және ұлт-азаттық қозғалыстармен күресті күшейту үшін, қалыптасқан тәртіпті сақтау мақсатында І Александр еуропалық монархтарға бірігіп іс-әрекет ету жөнінде ерекше келісімшарт жасасуды ұсынды. 1815 жылы 26 қыркүйекте І Александр құрастырған Қасиетті одақ актісіне Осман империясының сұлтаны, ағылшын королі және Рим папасынан басқа барлық еуропалық мемлекеттердің монархтары қол қойды. Англия
Қасиетті одаққа ресми кірген жоқ.
Тұңғыш рет барлық Еуропа мемлекеттері Еуропаның құрылымы жөніндегі мәселені талқылауға қатысты. Қасиетті одақ актісіне қол қоя отырып, олар нақтылы мақсаттардың төңірегінде және еуропалық топта жұмыла әрекет етуге бірікті. Еуропада бейбітшілікті және тәртіпті сақтау үшін жүйелі түрде конгрестер өткізу тетігі құрылды.
Бурбондарды қалпына келтіру.Францияның жаңа королі ХVІІІ Людовик Талеран мен І Александр ықпалымен француздарға конституция сыйлады. Король Францияда парламенттік монархия құрағн 1814 жылғы Хартияны жариялады. Хартия бойынша ар-ождан бостандығы және революция кезінде шіркеуден, ақсүйектерден тәркіленген жер мен мүлікті сатудың заңдылығы мойындалды. 1815 жылы жаңа палата депуттары сайланып, «теңдесі жоқ» палата деген атқа ие болды. Оның құрамына ультрароялистер кірді.Олардың идеологтары Жозеф де Местр және виконт де Бональд болды.
Бүкіл Франция бойынша ақ террор толқыны, Наполеонды жақтаушылары және революцияға қатысқандарды жаппай жазалау жүріп өтті. Бурбондардың қарсыластары барлық конституциялық құқықтарынан айырылды: төтенше соттар оларды жер аударуға немесе өлім жазасына кесуге үкім шығара алды. Билеушілердің құғындауына қарсы Францияда италиялық карбонарийлер үлгісіндегі құпия ұйымдар пайда бола бастады.
1824 жылы ХVІІІ Людовик қайтыс болып, таққа Х Карл деген атпен оның інісі граф д’Артуа келді. Х карл өзін эмигранттар королімін деп атады. Ол 1825 жылы өтемақы ретінде ақсүйектерге миллиард франк төлеуге шешім қабылдайды. Өкіметті Х Карлдің жақсы көретін адамы князь Полиньяк басқарды.
Ультрароялистер қатары аз парламент құрамы корольдің көңілінен шықпады да, 1830 жылы монарх парламентті таратты. 1830 жылдың 26 шілдесінде Х Карл баспасөз бостандығын шектеген және елдегі коституцияны -1814 жылғы Хартияны іс жүзінде жоятын
жарлықтар жариялады. Ол елді жеке-дара билегісі келді. Бұл іс-әрекеттер Парижде ашу-ыза толқынын туғызды. 1830 жылы 27 шілдеде Францияда жаңа революция басталды.
1830 жылғы революция. 1830 жылы 26 шілдеде
1814 жылғы Хартияны жойған ордонанстың жариялануы Парижге үлкен әсер етті. Париждіктер қару-жарақ дүкендерін тонады. Париж көшелерінде баррикалар құрылды. Үш күн бойы көше атыстары толастамады. 29 шілдеде көтерілісшілер Тюильри сарайын басып алды да, революцияның үш түсті жалауын тікті. Жеңілген әскерлер корольдің Сен-Клудегі қала сырты сарайына шегінді. Бірнеше полктер көтерілісшілерге қосылып кетті. Х Карл ордонансты жойғандығын хабарлауға мәжбүр болды, бірақ тым кешігіп еді. Х Карлге тақтан бас тартып, Англияға қашуға тура келді.
Билік қаржы топтарының : банкирлер, көмір орындары, темір кендері және орман иелерінің қолына өтті. Король болып корольдік әулеттің кіші ұрпағының өкілі герцог Луи Филипп Орлеанский жарияланды.
1830 жылы 14 тамызда жаңа Хартия қабылданды. Король билігі біраз шектелді. Палата депуттарының құқытары кеңейтілді. Пэр атағының мұрагерлікке қалатындығы жойылды. Баспасөз цензурасы жойылды. Тек елдің азғана бөлігі ғана сайлауға қатыса алды, өйткені дауыс құқығына ие болу үшін жоғары кірісі болуға тиісті еді.
Сөйтіп, Францияда Шілде революциясы деп аталған революция болып өтті. Луи Филипп билігі Шілде монархиясы деген атқа ие болды.
Франциядағы Шілде монархиясы (1830-1848). Шілде революциясының басты қорытындысы буржуазияның дворяндықты жеңуі болды. Бірақ 1830-1848 жылдары тек буржуазияның аса бай бөлігі – қаржы ақсүйектері ғана үстемдік етті. Олар көптеген жеңілдіктерді, артықшылықтарды және жәрдемақыларды пайдаланды. Король Луи Филипп Франциядағы өте ірі қаржы және орман иесі, сондықтан да қаржы ақсүйектерінің нығаюына мүдделі болды, осы орайда француз банк иелерімен және ірі капиталистермен жақындасуға барды. 1841 жылы оның жеке өзінде ғана 800 млн.франк ақшасы болды.
Король Луи Филипп билігі Франциядағы көптеген саяси күштердің көңіліне жақпады. Корольге бұрынғы құлаған Бурбон әулетін жақтаушылармен де, лигимистермен де, бонапарттықтармен де, империя құруды жақтаушылармен және республикашылдармен де күрес жүргізуіне тура келді.
1848 жылғы революция. Франциядағы Екінші республика. Шілде монархиясының сыртқы және ішкі саясаты – бұл тәртіпке қарсылардың қатарына қалың бұқара топтарының –жұмысшылар, шаруалар, буржуазияның бір бөлігінің топтасуына әкелді. 40-жылдардың ортасынан бастап дағдарысты жағдай өрби түсті. Қаржы ақсүйектерінің үстемдігіне наразылық ұлғайды. Шілде монархиясының қарсыластары сайлау заңдарын өзгерту күресі үшін бірікті. 1847 жылдың жазында Францияда саяси отырыстар науқаны басталды. Отырыстарда саяси және әлеуметтік өзгерістер жөніндегі талаптар тілек ретінде айтылып жатты.
1848 жылдың 22 ақпанында сайлау жүйесін жақтаушылардың кезекті отырысы өтуге тиіс болатын. Өкіметтің бұл отырысты қөткізуге тыйым салуы ашу туғызып, наразылық шеруін шығарды. 22 ақпанда мыңдаған париждіктер алаңға шықты. Алғашқы баррикадалар құрыла бастады.Оқиға барысынан қорыққан Луи Филипп өкіметі отставкаға жіберсе де, толқулар толастамады. Көтеріліс бұрқ ете қалды. Парижде бір түн ішінде мың жарымдай баррикада құрылды. 24 ақпанда астанадағы барлық маңызды орындар көтерілісшілердің қолында болды. Луи Филипп тақтан бас тартып, қашып кетті.
1848 жылы 25 ақпанында Францияда Екінші республика жарияланып, Уақытша өкімет құрылды. Уақытша өкіметтің төрағасы болып Дюпон де л’Эр сайланғанымен, іс жүзінде бұл қызметті Ламартин атқарды. Оның құрамына екі париждік жұмысшы да кірді.
Уақытша өкімет Францияны республика деп жариялауға мәжбүр болып, барлық дворяндар лауазымын жойды. 21 жасқа толған барлық ер адамдар үшін сайлау құқығы енгізілгені туралы декрет қабылданды.
25 ақпанда жұмысшылардың еңбек ету құқығына кепілдік беретін дектер қабылданды. Жұмыссыздықпен күресу үшін Ұлттық шеберханалар құрылды. 1848 жылдың мамыр айына дейін оған 100 мыңнан астам адам мүше болды. Олар үшін күніне екі франктен төлейтін жер жұмыстары ұйымдастырылды. Өкімет осы жұмыстар үшін төленетін қаржы жетіспейтінін айқындап, төтенше салықтарды 45 %-ға көбейтуге мәжбүр болды.
Өкіметтің бұл шешімі осы салықтарды төлейтін ұсақ жеке меншіктер мен шаруалардың ашу-ызасын туғызды. Олар париждік «арамтамақтарды» өздерінің есебінен асырағылары келеді деп ойлайды. 1848 жылдың сәуірінде олар көпшілік дауыстарын самарқау либералдарға берді. Құрылтай жиналысы Ұлттық шеберханаларға қаржы бөлуді тоқату қажеттігін айтты. 1848 жылдың 22 маусымында Атқару комиссиясының қаулысы шықты, ол бойынша Ұлттық
шеберханалардың 18 бен 25 жас аралығындағы жұмысшыларына
әскер қатарына кіруге, ал қалғандарына Солонь батпақты жеріне жер қазу жұмыстарына баруға, әйтпесе өз тірлігін өздері жасауына ұсыныс жасалды. Бұл арандатушылыққа жұмысшылар көтеріліске шығумен жауап қайтарды.
Париж жұмысшыларының маусым көтерілісі.
23 маусымда таңертеңгілік Париж көшелерінде баррикада орнату басталды. Көтеріліс қала тұрғындарының демократияшыл бөлігін қамтыды. Бұған қатысқандар саны 40 мың адамға жуық болды. Құрылтай жиналысы генерал Кавеньякке толық билік берді. Көтерілісшілерге қарсы 150 мыңдық әскер ұйымдастырылған жасақ тартылды. Көтерілісті басу үшін зеңбіректер пайдаланылды. Көтерілісшілер төрт күн бойы төтеп берді. 26 маусымның кешінде көтеріліс басып-жаншылды.
Маусым айындағы қақтығыстар көрсеткендей, париждік жұмысшылар Екінші республикадан үміттерін үзді. Осы көтерілістерден қорыққан ауқатты топтар өкімет билігін қатайтуды талап етті. 1848 жылдың 4 қарашасында Екінші республиканың конституциясы қабылданып, ол президенттік лауазымды енгізді.
1848 жылғы 10 желтоқсандағы президент сайлауы.
1848 жылдың 10 желтоқсанына президент сайлауы белгіленді. Сайлауда Наполеон Бонапарттың жиені Луи Бонапарт жеңіске жетті. Ол 45%-дық салықты жояды деген үмітпен шаруалар және берік биліктің болуына ұмтылған қала тұрғындарының бір бөлігі өз дауыстарын берді. Луи Наполеонды сайлау көрсеткендей, француздардың республикалық жүйеден көңілдері қалған еді.
Луи Наполеон президент болысымен өкімет басына монархист Одиллон Барроны қойды, 45%-дық салықты жойды. Революцияшыл Римге қарсы Бонапарттың әскери экспедиция жіберуі, оның католиктік шіркеу жағынан қолдау табуына мүмкіндік туғызды.
1850 жылы 31 мамырда Заң шығару жиналысы жаңа сайлау заңын қабылдап, үшжылдық отырықшылдық цензін бекітті. Осының салдарынан 3 миллиондай адам сайлау құқығынан айырылып қалды.
Буржуазиялық топтар арасында парламенттік жүйеге деген наразылық пайда болып, «қатал билікке» ұмтылыс күшейді. 1851 жылы 2 желтоқсанда президент басқарған бонопарттық астырытын әрекетшілер мемлекеттік төңкеріс жасады. Заң шығарушы жиналыс таратылды. Саяси қайраткерлер тұтқындалды. Бүкіл француздық плебисцитте президент әрекеті құпталды. Луи Бонапарт үшін 7 млн.
адам дауыс берді. Империяны қайта құруға жол ашылды. 1852 жылы Луи Наполеон француз императоры ІІІ Наполеон деп жарияланды. Франциядағы саяси күрестің нәтижесінде Екінші империя орнатылды.
Франциядағы Екінші империя. Жаңа император өнеркәсіп топтарына сүйенді, сондай-ақ шаруалардың басым бөлігінен қолдау тапты. ІІІ Наполеон француз қоғамындағы әр түрлі таптардың бәрімен тіл табысуы қажет болды. Осындай саясат бонапартизм деп аталды. Ол Екінші империя бейбіт империя болады деп сендірді. Екінші империяның барлық 18 жылы соғыспен өтті.
ІІІ Наполеонның келуімен Францияның саясаты белсенді бола түсті. ІІІ Наполеон Францияның дүние жүзіндегі ықпалын кеңейтуге белсене кірісті. Үндіқытайда және Солтүстік Африкада отарлар жаулап алу саясаты жалғастырылды. Ол Еуропаны да басты назарда ұстады. ІІІ Наполеон бүкіл Еуропа көлеміндегі ұлттық қозғалыстарды қолдады.ІІІ Наполеонның бұл қолдауы Австрия мен Ресейді Францияның басты жауына айналдырды. Венгриядағы революциялық қозғалысты орыс әскерлерінің күшімен басуы Ресейдің кертартпа күштердің негізгі тірегі екендігін байқатты. Қырым соғысы кезінде ІІІ Наполеон орыстарға қарсы коалиция ұйымдастыруы кездейсоқтық емес еді. Тек 1853-1856 жылдардағы Қырым соғысы ешқандай нақты пайда бермей, елді зор шығынға ұшыратты.
Қырым соғысынан кейін ІІІ Наполеон италиялықтар ісіне де араласты. Бір кездерде ол тіпті Италияның бірігуіне көмектесуге келісім бергені үшін «карбонарий» деген де атаққа ие болды. Маджент түбіндегі және Сольферино маңындағы шайқастарда одақтастар жеңіске жетті. Бірақ ІІІ Наполеон Австрияға бітімге келуді ұсынды. Француз әскерлері майданнан кері шақырылып алынды. ІІІ Наполеон өз одақтастарын сатып кетті. Бұл елдің ішінде наразылық тудырып, Екінші империяның беделіне нұқсан келтірді.
60-жылдардың екінші жартысына қарай Франция оқшауланып қалды. 1863 жылы поляк көтерілісіне дипломатиялық қолдау көрсеткісі келгені Ресей өкіметіне қарсы қойды. 1867 жылдан кейін Францияның Пруссиямен қатынасы да күрт нашарлады. ІІІ Наполеонның отарлық саясаты Англиямен қатынасын шиеленістірді. Италиядағы ІІІ Наполеонның саясаты италиялықтардың көпшілігін Франциядан алшақтатты. Екінші империя өкіметінің ішкі және сыртқы жағдайы апатты шекте тұрды. ІІІ Наполеонның пікірі бойынша бұл жағдайды тек қана соғыс түзете алады деп түсінді. Соғыс 1870 жылы 19 шілдеде басталды.
Франция — Пруссия соғысы. 1870 жылы 19 шілдеде Франция Пруссияға соғыс жариялады. Қандай да бір мемлекеттердің көмегіне сүйену мүмкіндігі Францияда болған жоқ. Бірақ әскери министр Лебеф Франция соғысқа дайын деп сендірді.
Шын мәнінде, әскери қимылдардың жоспары да жоқ еді. Бекіністер әлі аяқталмаған. Жолдар жөндеусіз жатты. әскери ауруханалар, дәрі-дәрмектер, дәрігерлер жетіспеді. Тіпті мемлекеттің шығыс шекарасының картасы да болмады.
Ал Герман әскері 1870 жылдың шілдесінде толығымен әскерге шақырылып еді. Пруссияға тек Солтүстік герман одағы ғана емес, оған кірмейтін басқа да төрт мемлекет әскерін қосты. Теміржолдың көмегімен германдық әскери күштер тез арада шекараға жеткізілді. Олар француз әскерінен екі еседей көп болды және өте жақсы жабдықталған, ұйымдастырылған еді. Олар отандық бірігу идеясымен рухтанған болатын.
Француздар апат алдында тұрды. 1870 жылдың тамызында Мец бекінісінде 200 мыңдай француз әскері қоршауға түсіп қалады. Мец бекінісіне бағыт алған, ішінде императордың өзі болған маршал Мак-Магонның әскері Седан бекінісінде қоршауға алынып, 2 қыркүйекте тізе бүгеді. Императормен қоса 82 мың адам тұтқынға алынды. Седан түбіндегі француз әскерінің жеңілісі жөніндегі хабар Парижде ашу-ыза туғызды. 1870 жылдың 4 қыркүйегінде революция басталды. Император ІІІ Наполеон тақтан түсіріліп, Франция республика деп жарияланды.
Қалыптасқан «Ұлттық қорғаныс өкіметі» жауға қарсылықты ұйымдастыра алмады. Асығыс ұйымдастырылған әскер жеңіліске ұшырады. Францияның астанасына немістер жан-жағынан жақындай түсті. Әскерді Трошю басқарды. Қыркүйек айында Париж қоршауға алынды. 1870 жылы 27 қыркүйекте Мец бекінісін қорғаған француз бөлімшелері жау қолына берілді. Француз әскері өмір сүруді тоқатты.
1871 жылы 18 қаңтарда Версальда жеңген мемлекеттер бас қосты. Айналы залда Вильгельм Гогенцоллерн Германияның императоры болып жарияланды. Герман империясы құрылды. Отто фон Бисмарк жаңа мемлекеттің канцлері болды.
1871 жылдың ақпанында Ұлттық жиналысқа сайлау өткізілді. Ұлттық жиналыс тағайындаған өкіметті тәжірибелі саясаткер Луи адольф Тьер басқарды.
1871 жылы 10 мамырда Франкфуртте бітім шартына қол қойылды. Франция құрылған Герман империясын мойындап, оған Эльзасты және Лотарингияның бір бөлігін берді. Француздар бес миллион франк көлемінде алтынмен өтемақы төлеуге міндетті болды.
Сөйтіп, Франция –Пруссия соғысы барысында Германияның бірігуі аяқталды. Германия Еуропадағы күштердің жаңа орталығына айналды.
Париж Коммунасы. Трошюдің, содан кейін Тьердің әрекеттері сатқындықпен тең деп бағаланды. Соғыс аяқталды деп есептеген өкімет басшысы ұлттық гвардияны қарусыздандыруға бұйрық берді. 1871 жылы 18 наурызда өкімет әскерлері париждік Монмартр билігінен зеңбіректерді алуды ұйғарды. Бұл Тьер өкіметіне қарсы наразылық тудырды. Оған жауап ретінде ұлттық гвардия шақырылды. Баррикада құру басталды. Париж халқы қарсылық білдірді. Париж халқы мен әскерлер арасында бауырласу басталып кетті. Өкімет Версальға ауысуға мәжбүр болды.
Басталған көтеріліске жетекшілік етуді ұлттық гвардияның Орталық комитеті өз қолына алды. 1871 жылы 26 наурызда қалалық өзін-өзі билеу органы – Париж Коммунасының Кеңесіне жалпы және төтенше сайлаулар өткізілді. Оған 85 адам сайланды. Жаңа өкімет –Париж Коммунасы деп аталды.
Тұрақты әскер мен полиция ұлттық гвардия ретінде қаруланған халықпен ауыстырылды. Коммуна кеңесі жоғарғы заң шығару және атқару билігі рөлін атқарды. Коммунаның белгілі қайраткерлері –Лео Франкель, Луи Эжен варлен, мұғалім Лииза Мишель, поляк революционері Ярослав Домбровскийлер болды.
Коммуна шіркеудің мемлекеттен бөлінгендігін жариялады. Білім беру мәселесіне ерекше көңіл аударылды. Коммуналар әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлық азаматтардың балалары үшін оқу орындарын ашу мақсатын алға қойды. Кітапханалар мен мұражайлар ашылды. Коммуна басшылары экономикалық және әлеуметтік қайта қарызы жойылды, заттарға нақтылы бағалар бекітілді.
Коммуна өзінің негізгі принципі – басқыншылық соғыстары мен қаруланудан бас тарту екендігін жариялады. Оның басшылары басқа қалалардың тұрғындарына да өз коммуналарын құрып, Францияны Коммуналар федерациясына айналдырайық деп жар салды.
Тьер өкіметі өз кезегінде Парижді қоршауға алды. 1871 жылдың 21-28 мамырында парижде «қанды апта» аталған ұрыс жүріп жатты. Версаль әскерлері тұтқынға түскен коммуналарды топ-тобымен атты. Париж Коммунасы 72 күн өмір сүрді.Коммуна құлағаннан кейін 40 мың көтеріліске қатысқандар қамауға алынды.
Үшінші республика. Париж коммунасы талқандалғаннан кейінгі Франциядағы саяси жағдай өте күрделі еді. Монарзиялық топтар – орлеандықтар, легитимистер, бонапартшылдар билік үшін күресте бір-бірімен бақталасты. 1871 жылы ақпанда сайланған Ұлттық жиналыстың көпшілігі монархияшылдар еді. Сондықтан сол кезгі Францияны «герцогтер республикасы» деп атады.
Республиканың алғашқы президенті болып орлеандық Тьер сайланды. Өзінің кертартпа саясатына қарамай-ақ, ол әскери үстемдікті жақтаушылардың көңілінен шықпады. Көптеген монархияшылдар «қатаң билікті» талап етті. 1874 жылы Тьер қызметтен кетуге мәжбүр болды. Ұлттық жиналыс маршал Мак –Магонды президентікке сайлайды. Ол монархияны қайта құруға дайын еді. Тек монархияшылдар өз жоспарларын іске асыра алмады. 1875 жылы Ұлттық жианлыс бір артық дауыспен республикалық конституцияны қабылдайды. Францияда Үшінші Республика орнады.
1876 жылғы парламенттік сайлауда көпшілік дауысқа республикашылдар ие болды. 1877 жылдың мамырында Мак-Магон депутаттар палатасын таратады. Жаңа сайлау да республикашылдарға жеңіс әкелді.Мак-Магон қызметінен кетуге мәжбүр болғандықтан, Жюль Греви президент болып сайланды.
Республикашылдар өкімет басында. Өкімет билігін өз қолдарына алған республикашылдар өкіметті Версалдан Парижге ауыстырды. Марсельезаны ұлттық әнұран деп бекітті. 14 шілде –Бастилияны алған күнді ұлттық мейрам деп жариялады.
Республикашылдар баспасөз бостандығын бекітті. 1884 жылы кәсіподақтарды заңдастыру жөнінде, жұмысшы әйелдер мен балалар еңбегін пайдалануды шектеу жөнінде заң қабылданды. Шіркеу қызметкерлеріне мемлекеттік мектептерде сабақ беруге тыйым салды. Бастауыш білім тегін және міндетті болды. Барлық осындай іс-әрекеттер Францияда демократиялық республика құруға ықпал етті.
Сонымен бірге өкімет өнеркәсіпшілер мен саудагерлердің қызметтеріне әсер еткен бірқатар шаралар жүргізді. 80-90 – жылдары қосымша салықтар өсті. Шет елден әкелінетін өнімдерге баж салығын енгізу нәтижесінде баға көтеріліп кетті.
Осылардың кесірінен самарқау республикашылдардың беделі төмендей бастады. Республикашылдардың беделі төмендей бастады. Республикашылдардың өз ішінде қайшылықтар шиеленісе түсті. 80-жылдардың басында өкімет саясатымен келіспейтіндер қатарындағы радикалдар тобы олардан бөлініп шықты. Республикашылдардың саясатына наразылардың көбеюін монархиялық көңіл күйдегі әскери басшылар кек қайтару мақсатында пайдаланып қалғысы келіп, нәсілшілдік отын тұтатып, Эльзас пен Лотарингияны қайтарып алу қажет деген талаптар қоя бастайды. Кейбіреулері Германиямен соғысу үшін бұқара мен әскерді топтастыруға қабілетті жаңа өкімет билеушісін аңсады. Осындай жағдайда генерал Буланже атымен байланысты қозғалыс кең етек жая бастады. Республикаға адалмын деп ант-су ішсе де, Буланже төңкеріс үшін монарзхияшылдардан недәуір қаржы алып отырды. Буланжешілдер ойлаған төңкеріс іске аспай қалды. Генералдың монархиялық топтармен саяси байланысы әшкерленіп, өкімет Буланжені қамауға алатындығын ескертті. Буланже құпия полицияның көмегімен Бельгияға қашты.
Францияның тарихында ұлтшылдық идеясы ықпалының өсуі атышулы Дрйфус ісінің барысында айқын көрінді.
1894 жылы қыркүйекте Бас штабқа германдық атташенің қоқыс жәшігінен табылған қағаз жеткізілді. Құпия сипаттағы мағлұмат берілген бұл қағаз француздық басштабтық хатқалтаға салынған екен. Осы тыңшылдық әрекет ісіне кінәлі деп 28 жастағы офицер, еврей ұлтының өкілі Альфред Дрейфус айыпталды. Сот тым тез өтті. Оның иығындағы әскери эполеті жұлып алынып, өзі француздық Гвианаға өмірлік айдауға жіберілді. Екі жыл өткеннен кейін барлаудың жаңа бастығы немістерге құпия мәліметтерді басқа қызметкердің бергендігін айқындайды. Өйткені Дрейфус еврей еді, сондықтан ол антисемитизм, яғни еврейлерге қарсы ұлттық жеккөрушілік саясатының құрбаны болды.
Жоспары:
- Германияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- Германиядағы 1848-1849 жылдардағы революция
- Германияның бірігуі
- ХІХ ғасырдағы Франция
- Франциядағы Шілде монархиясы
- Франция –Пруссия соғысы.
- Францияның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Пайдаланылған әдебиеттер:
- К.Мақашева
- Р.Бекіш
- 3. Кривагузова
Жоспары:
- Америка Құрама Штаттарының әлеуметтік-экономикалық дамуы
- АҚШ аумағының дамуы
- Азамат соғысы
- Латын Америкасы
- Латын Америкасының әлеуметтік-экономикалық дамуы