Жоспар
- Гибриологиялық әдістің генетикадағы маңызы
- Генетикалық карталар
- Пайдаланылған әдебиеттер
Гибриологиялық әдістің генетикадағы маңызы
“Геном және қоршаған орта, генетикалық токсикология” тақырыбында есімі әлемге әйгілі биолог Александр Холландердің халықаралық курсы басталды.
Қоршаған ортаның мутагенезі бойынша халықаралық қоғамдастықтардың ассоциациясы жанындағы Александр Холландер комитетінің ұсынысы бойынша осымен 15-ші мәрте өтіп жатқан халықаралық семинарды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен АҚШ-тың Техас медициналық университеті ұйымдастырды.
Бүгінде Қазақстандағы өндірістік қазбамен айналысатын мекемелердің табиғатқа келтіріп жатқан залалы, Семей ядролық полигонының салдары, сулардың ауыр металдармен, пестицидтер және өзге де органикалық қоспалармен ластануы, Арал теңізіндегі экологиялық апат, қоршаған ортаның радиоактивті, химиялық және биологиялық мутагендермен залалдануы және басқа да факторлардың әсері, онкологиялық аурулармен байланысты тұқым қуалайтын аурулар санының өсуі – осының барлығы генетика ғылымы зерттейтін өзекті мәселелер екені белгілі. Осы ретте курс аясында қазіргі экологиялық генетика және адам генетикасының көкейкесті мәселелері бағытында ғылыми қоғамдастықта өте танымал болған АҚШ, Жапония, Түркия, Польша, Румыния, Чехия, Иран, Үндістан, Таиланд және Қазақстан ғалымдарының баяндамалары тыңдалуда. Бұл пленаралық баяндамалар қоршаған ортаның мутагенезі және оның шешілу жолдарына арналуымен өзекті дер едік.
Халықаралық семинардың ашылу салтанатында сөз алған Қазақ ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы Рахметқажы Берсімбаев, Техас университетінің профессоры, доктор Уильям Ау, Цинцинатти университетінің профессоры Питер Стамбург қазіргі таңда генетик ғалымдардың зерттеу нысанына айналған мәселелер өзінің өзектілігімен ерекшеленетінін, осы орайда, Александр Холландер курсын өткізудің маңызы зор екендігін атап өтті.
Бұдан кейін курстың бағдарламасы бойынша түрлі тақырыпта баяндамалар тыңдалды.
Семинарлар кезінде баяндамашылар бүгінде барлығы 5000-ға жуық тұқым қуалайтын ауру бар екендігіне, олардың 2000-ға тарта түрі ауыр мүгедектік жағдай тудыратынына тоқталып өтті. Сонымен қатар, тұқым қуалайтын аурулар хромосомалардың санындағы өзгерістерге немесе олардағы мутацияларға байланысты пайда болатыны, осындай мутациялардың басым көпшілігі мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп, адам популяциясында сақталып келетіні де айтылды. Осы ретте аталған ауру түрлерінің алдын алуға ғылыми ой-сананы бағыттау, бұл жолда әлемнің озық ойлы мамандарының басын біріктіру қажеттігі де әңгіме өзегіне айналды.
Бұл күні тыңдалған баяндамалар кезінде көптің назарын аударарлық қызықты жәйттер де айтылмай қалмады. Адамның өзіндік генетикалық ерекшеліктері туралы мәліметтерді білудің маңызы айрықша екені белгілі. Себебі, мұндай мәліметтер нәрестенің дүниеге келгеніне дейін оның қандай тұқым қуалайтын ауруларға бейім екендігін болжауға, алдын алуға және емдеудің түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Сол себепті, соңғы жылдары тұқым қуалайтын аурулардың белгілі бір түрлеріне шалдығуға бейімділікті анықтайтын, алдын ала болжайтын әдістер және емдеу шаралары ойлап табыла бастаған екен. Мәселен, бөтен қосылыстарды зиянсыздандыратын кейбір гендердің болуы бүйен ішектегі қатерлі ісіктің пайда болу мүмкіндігін төмендететін көрінеді. Қатерлі ісік ауруларының кейбір формаларынан қорғайтын мұндай гендердің табылуы – осының бір дәлелі. Бұл қоршаған ортаның мутагендік факторлары мен клетканың генетикалық аппаратының өзара байланыстарын зерттеуге әлемнің алдыңғы қатарлы зертханаларында айрықша мән беріліп жатқанын білдірсе керек.
Генетика саласындағы түрлі түйткілдерді өзек еткен курс жұмысы 26 қыркүйекке дейін жалғасады.
Генетикалық карталар
Генетикалық карталар деп — хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасын айтады. Қазіргі кезде, әсіресе, генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілердің, атап айтқанда, дрозофиланың, жүгері және қызан өсімдіктерінің, тышқанның, пішен таяқшасының, т.б. генетикалық карталары жасалған. Болашақта басқа да өсімдіктер мен жануарлардың және адамның генетикалық картасын жасау міндеті тұр.
Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша жеке-жеке жасалады. Хромосомалардың жұптарын тіркестік топтар деп атайды. Олардың саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең болатындығы бұрын айтылған болатын. Мысалы, дрозофилада 8 хромосома болса, ол 4 тіркестік топты, жүгерідегі 20 хромосома 10 тіркестік топты құрайды. Тіркестік топтар рим цифрларымен І, ІІ, ІІІ, ІV және т.б. болып белгіленеді.
Картаны дұрыс құрастыру үшін гендердің тұқым қуалау заңдылықтарын толық зерттеп, білу қажет. Мысалы, дрозофиланың 4 тіркестік топта шоғырланған 7000-ға жуық гені, сол сияқты жүгерінің 10 тіркестік тобында болатын 10000-ға жуық гені зерттелген және т.б.
Генетикалық картаны құрастыру кезінде тіркесу тобы, гендердің толық немесе қысқартылып алынған атаулары көрсетіледі және хромосомада орналасқан гендердің ара қашықтығын көрсететін цифрлар жазылады. Гендер арасындағы ара қашықтықтың өлшем бірлігі 1% кроссинговерге тең болады. Оны Т.Морганның құрметіне сантиморган (сМ) немесе морганида деп атайтынын білесіңдер. Мысалыға, дрозофиланың бір ғана хромосомасында болатын гендер тобының орналасу ретін қарастырайық. Олар үш түрлі гендерден тұрады: 1) қанатының бүріскендігін анықтайтын — (jantһy) гені; 2) көзінің қара қошқыл түсін анықтайтын — (purple) гені; 3) көзінің қызыл түсін анықтайтын — (cіnnabar) гені. Бұл гендер дрозофиланың ІІ жұп хромосомасында орналасқан. Сонда j мен pr гендерінің ара қашықтығы кроссинговер пайызымен есептегенде 5,8; pr мен c гендері 3; ал j мен с гендерінікі — 8,8 сантиморганға тең болады.
Микроорганизмдердің генетикалық картасы өзгеше. Себебі, олардың сақина тәрізді жалғыз ғана хромосомасы болады. Бірқатар бактерияларда мысалы, пішен таяқшасында генетикалық ақпарат клеткалардың конъюгациялануы кезінде беріледі және микроорганизмдер хромосомасындағы гендердің орналасу реті тұрақты болады. Сондықтан олардың генетикалық картасы да дөңгелек пішінді болып келеді. Ал ондағы орналасқан гендердің ара қашықтығы кроссинговер пайызымен емес, конъюгацияның ұзақтығымен, яғни минутпен өлшенеді.
Жалпы тірі организмдердің генетикалық картасын құрастырудың теориялық, сонымен қатар, практикалық та маңызы бар. Мысалы, гендердің орналасу ретін білу арқылы белгілердің тұқым қуалау сипатын алдын ала анықтауға мүмкіндік туады. Айталық, селекцияда будандастыру үшін қажетті ата-аналық жұптарды дұрыс таңдап алу жолдарын жеңілдетеді. Сол сияқты болашақта адамның генетикалық картасы жасалатын болса, аса қауіпті ауру — обырға (рак) жауапты онкогеннің хромосомадағы орналасқан нақты орнын тауып, оған қарсы әрекет жасалса, яғни қызметін тежеу жолы табылса адамзатты мұндай ауыр зардаптан құтқарған болар едік.
Хромосомалардағы гендердің орналасу ретін зерттеу цитологиялық жолмен де жүргізіледі. Соның негізінде цитологиялық карталар жасалады. Мысалы, дрозофила шыбыны дернәсілінің сілекей безінде болатын алып хромосомаларды цитогенетикалық тұрғыдан зерттеу барысында олардағы бірқатар гендердің орналасқан орнын анықтауға мүмкіндік туды.
Генетикалық және цитологиялық карталарды бір-бірімен салыстыра отырып, хромосома бойындағы гендердің айқасу жиілігін, яғни кроссинговер мөлшерін анықтауға болады. Бұл сілекей бездеріндегі алып хромосомаларды зерттеу нәтижесінде белгілі болды. Онда барлық төрт жұп хромосоманың жалпы ұзындығы генетикалық карта бойынша 279% кроссинговерге, яғни сантиморганга тең. К.Бриджес сол төрт жұп хромосоманың әрқайсысының ұзындығын микроскоп арқылы өлшеген. Сонда барлығының ұзындығын қосқанда 1180 микрометр болған. Генетикалық және цитологиялық карталарды салыстыру үшін К.Бриджес кроссинговер коэффициентін пайдалануды ұсынған. Ол үшін хромосомалардың барлық ұзындығын (1180 мкм) генетикалық картаның көрсеткішіне (279%) бөлген, сонда орта есеппен 4,2 болып шыққан. Бұл генетикалық картадағы әрбір кроссинговер (айқасу) бірлігіне цитологиялық карта бойынша 4,2 мкм ұзындық сәйкес келеді деген сөз.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Смағулов О. Қазақ халқының генофондасы тұралы // 31 телеканал бойынша, 28 сәуір 2005ж.
- Егеменді Қазақстан газеті 14 қазан сәрсенбі 2009 жыл.
- www.google.kz
- Т.Морган «Генетикалық картасы». 2004 ж. Алматы.