ЖОСПАР
- Гипотрофиясы бар балаларды тамақтандыруын,емін бақылау және күтімін ұйымдастыру.
- Рахит кезіндегі балаларды бақылау және олардың күтімі.
- Спазмофилия кезінде балаларды бақылау және күту.
- Ларингоспазм және спазмофилиямен науқастардың тырысуы кезінде көмек көрсету.
а) Ларингоспазм кезінде жедел көмек көрсету.
б) Тырысулар кезіндегі жедел көмек.
Гипотрофиясы бар балалардың тамақтануын,емін бақылау және күтімін ұйымдастыру.
Мақсаты:Баланың антропометриялық көрсеткіштерін қалпына келтіру,асқынуларын болдырмау.
| Медбикенің іс-әрекет жоспары | Түсініктеме 
 | 
| 1.Ауру жөнінде туыстарына хабарлау. | — туыстары ол туралы білуге құқылы. | 
| 2.Баланың тамақ рационындағы ақуыз,май,көмірсуды реттеу-ді ұйымдастыру. | — Гипотрофияның себебі- дұрыс тамақтанбау- балада ақуыз,май,көмірсу жетіспеу-шілігі дамиды. | 
| 3.Баланы қосымша сұйықтық енгізумен қамтамасыз ету. | — Эксикоз дамуының алдын алады. | 
| 4.Гипотрофияның дәрежесіне байланысты та-мақ көлемін бірте-бірте көбейту. | -Тағамды қорыту қиындайды. | 
| 5.Баланың күн тәртібін ұйымдастыру және қадағалау | -Күн тәртібі уақытымен тағам қабылдауына көмектеседі,нәтижесінде тағам жақсы сіңеді. -уақтылы ұйқыны қалыптастырады,ол организмнің қорғаныс факторын жоғарылатады. | 
| 6. Балаға белсенді қозғалыс режимін ұйымдастыру. | -Өкпеде іркіліс көріністері дамымайды. | 
| 7.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алуға байланысты шаралар жүргізу. | — гипотрофия екіншілік иммунодефициттің дамуына байланысты қолайлы жағдай болып есептелінбейді | 
| 8.Туыстарын баланың жасына байланысты массаж,гимнастика жүргі- зуге үйрету. | -Бұлшық ет гипотониясының дамуының алдын алады. -Массаж,гимнастика организмді нығайтады,иммунитеттің жоғарылауына көмектеседі. | 
Рахит кезінде балаларды бақылау және күту.
Мақсаты:аурудың айқын клиникалық белгілерінің дамуына,қосалқы аурулардың дамуына жол бермеу.
| Мейірбикенің іс-әрекет жоспары. | Түсініктеме. | 
| 1.Туыстарына ауру жөнінде,мүмкін болатын асқынулары түрінде мәлімет беру. | -Туыстары мәлімет алуға құқылы -Туыстары барлық жүргізілетін күтім шараларының мақсатын түсінеді. | 
| 2.Баланы толыққанды тамақтандыру,олардың құрамында міндетті түрде витаминге (әсіресе Д),кальцийге бай тағамдардың болуын қадағалау. | -Рахит-бұл көп мөлшерде Д витамині жетіспейтін полигиповитаминоз. Бала организмінде кальцийдің төмендеуі байқалады. | 
| 3. баланың таза ауада ағаш көлеңкесінде ұзақ уақыт болуын қадағалау. | -УКС әсерінен бала терісінде Д витаминінің түзілуі жүреді. -Ағаш көлеңкесі инфрақызыл сәулені ұстап қалады және баланы қызып кетуден сақтайды. | 
| 4. балаға күнделікті массаж бен гимнастиканың өткізілуін ұйымдастыру. | -Рахит кезінде бұлшық ет гипотониясы байқалады. | 
| 5.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алу. | -Рахит қолайсыз преморбидті жағдай. | 
Спазмофилия кезінде балаларды бақылау және күту.
Мақсаты:Баладағы тырысудың дамуын болдырмау.
| Мейірбикенің іс-әрекет жоспары. | Түсініктеме. | 
| 1.Туыстарына ауру жөнінде,мүмкін болатын асқынулары түрінде мәлімет беру. | -Туыстары мәлімет алуға құқылы -Туыстары барлық жүргізілетін күтім шараларының мақсатын түсінеді. | 
| 2. құрамында кальций жоғары тағамдармен қамтамасыз ету. | -Спазмофилияның даму негізінде кальций жетіспеушілік жатыр. | 
| 3. Тағам рационынан сиыр сүтін алып тастау. | -Сиыр сүтін қабылдағанда кальцийдің ішекке сіңірілуі бұзылады. | 
| 4. Ерекше режим жасау керек. | -Кез келген тітіркендіргіш фактор тырысуға әкелуі мүмкін. | 
| 5.Рахитпен күрес жүргізу керек. | -Спазмофилия – рахиттік тетания,яғни рахит болмаса спазмофилия да болмайды. | 
Спазмофилиямен ауыратын науқастарға ларингоспазм және тырысу кезінде жедел көмек көрсету.
Ларингоспазм кезіндегі жедел көмек.
| Этап | түсініктеме | Дозалары | 
| 1.Жазық,қатты жерге баланы жатқызу. | — жүрек соғысы тоқтауы мүмкін,ол реанимациялық шараларды қажет етеді. | 
 | 
| 2. қысатын киімдерін шешу. | — өкпе экскурсиясын жеңілдету үшін. | 
 | 
| 3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету. | — оттегі жетіспеушілігі дамиды. | 
 | 
| 4. Тыныштық жағдайды қалыптастыру. | — Кез келген тітіркендіргіш тырысудың қайталануына әкелуі мүмкін. | 
 | 
| 5.Баланың бетіне,денесіне суық су шашу немесе мұрынның шырышты қабатын тітіркендіру.(мақта шиыршығымен қытықтау,нашатыр спиртін иіскету немесе шпателмен тілдің түбірін басу.) | — Спазмды рефлекторлы жою. | 
 | 
| 6.Тамыр ішіне кальций глюконатын енгізу. | — Спазмофилияның себебі – гипокальциемия. | 1,0 мл/жыл | 
| 7.Егер ешқандай әсер болмаса интубация н/е трахеотомия жасау. | — Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету. | 
 | 
| 8.Жүрек тоқтаса – жүрекке тікелей емес массаж жасау. | — Реанимациялық шара. | 
 | 
| 9.Тынысы қалыптасқан соң оттегі терапиясын жүргізу. | — Ларингоспазм нәтижесінде гипоксия дамиды. | 
 | 
Тырысу кезіндегі жедел көмек.
| Этап | түсініктеме | Дозалары | 
| 1.Жазық,жұмсақ жерге баланы жатқызып,айналасындағы зақымдайтын заттарды алып тастау. | — Жарақаттың алдын алу. | 
 | 
| 2. қысатын киімдерін шешу. | — өкпе экскурсиясын жеңілдету үшін. | 
 | 
| 3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету. | — Тырысу кезінде оттегіге қажеттілік жоғарылайды. | 
 | 
| 4. Азу тістерінің арасына мақтаменн/е дәкемен оралған шпатель қоямыз. | — Тілін тістеп алмауы үшін. | 
 | 
| 5.Бұлшық етке н/етамыр ішіне реланниум(седуксен),н/е дроперидол немесе 25% күкірт қышқылды магнезия ерітіндісін н/еГАМҚ енгізу керек. | — ОЖЖ қозғыштығын тежейді. — ГАМҚгипоксияға мидың төзімділігін жоғарылатады. | 0,1 мл/жыл 
 0,1-0,2мл/жыл 0,1-0,2 мл/жыл 50-100 мл/кг(1мл=200 мг.) | 
| 6.Оттегі терапиясын жүргізу. | — Гипоксия нәтижесінде тырысу дамиды. | 1,0 мл/жыл | 
| 7.Тырысудың себебін анықтап,оны жою. | — Тырысу – симптом.оны шақыратын себебі болса,ол қайталана береді | 
 | 


