Кіріспе
Стиль дегеніміз — өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдарының жүйесі .
Жазба стильдер жалпы халықтық тілдің жазбаша формасының негізінде қалыптасады. Бұлар қатнастың жазбаша формасында жиі жұмсалатындықтан мұнда тілдік құралдар сұрыпталып қолданылады. Сондықтан онда қаралатын ғылым, заң жобалары, ресми құжаттар және басқада осылар сияқты қоғамдық маңызды мәселелер жан-жақты толық қамтылып, логикалық жүйелікті бұзатын қажетсіз детальдар болмай нақты, дәл жазылуы керек. Мұндай талап жазба стильдердің барлығынада бірдей қойылады, сондай-ақ қарастырғалы тұрған стилімізде осыған бағынады.
Әр стильдің өзіне тән ерекшеліктері, ортақ белгілері болады. Мұндай белгілер ресми, публицистикалық, сонымен қатар ғылыми стильде де байқалады. Ғылыми көпшілік әдебиеттер стилінің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тікелей байланысты.
Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Мұндағы негізгі ерекшелік — ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаға негізделуінде .
Ғылыми стиль— кітаби стилінің бір түрі. Оған әр мамандық, әр салада жазылған ғылыми шығармалар, оқулықтар мен оқу құралдарының тілі жатады. Ғылыми стильде негізігі зерттелетін зат пен құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді, түсіндіруді қажет етеді. Ал пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Сондықтан ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше.
Белгілі бір ғылым саласындағы термин сөздер жиі қолданылады.
Қолданылатын орны: ғылыми еңбектерде, зерттеулерде жазбаша түрі; ал ғылыми мәжіліс, кеңес, т.б. ғылыми ортада ауызша түрі қолданылады.
Қарым-қатынас мақсаты: заттың, құбылыстың, ақиқат дүниенің мәнді белгісін көрсету, құбылыстың себеп-салдарын ашу; шындықты ұғым түрінде логикалық жүйемен бейнелеу.
Стильдік сипаттары: айтылатын ой, сөз дәлелді және тура мағынада қолданылады; атау сөз көбіне дерексіз, жалпылық ұғымда жұмсалады. Мысалы, қарға— ғылыми әдебиетте құстардың белгілі бір отрядына жататын тобы. Ал бұл көркем әдебиетте, сөйлеу тілінде «қар үстінде жоғралап жүрген қарға», «ағаш бұтағында отырған қарға», т.б. болып нақтылы сипатта айтылады.
Тілдік амал-тәсілдері: дерексіз жалпылық ұғымдағы сөздер жиі ұшырайды: құс, өсімдік, жан-жануар, шөп, ағаш, жылдамдық, уақыт, кеңістік, т.б.
Мысалы: Егер тозаңдату болмаса, өсімдік гүлдеп, гүлін төгеді, бірақ жеміс салмайды.
Ғылыми термин сөздер жиі қолданылады. Түзуші ұлпалар сабақтың тамыр ұшында болады;
Қисық сызықтың мұндай түрін математикада гипербола деп атайды.
Ғылыми стильде көбінесе баяндауыш ырықсыз етіс түрінде және ауыспалы келер шақ тұлғасында қолданылады. Мысалы: Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Мұндай өрнектерді рационал өрнектер деп атайды.
Кейде ғылыми стильдегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің бірінші жай сөйлемнің баяндауышы шартты рай түрінде келіп, екінші сыңары ойды тиянақтап, дәлелдеп,анықтап тұрады. Көп сатылы матас байланысқан тіркестер жиі кездеседі.
Бұл денеге қағаз қиқымдарын тақап ұстап көру керек, сонда дене оны өзіне тартатын болса, ол- дененің электрленгені.
Егер эбонит таяқша тебілсе, онда оған жақындатылған дененің заряды тектес болғаны.
Ғылыми стильде сұраулы, лепті, сөйлемдердің қолданылу мүмкіндігі шектеулі болып, көбінде ой хабарлы сөйлем түрінде баяндалады.
Дерексіздік пен жалпылауыштық әрбір ғылыми мәтінді төмендетеді. Бұл бәрінен бұрын оның бойында дерексіз лексиканы кеңінен қолданудан көрінеді, әрбір сөз жалпы түсінік немесе дерексіз затты білдіруге қатысады .
Ғылыми сөйлеу мән мәтінінде келтірілген сөздердің ұғымдық мазмұнына қарағанда тура сол сөздер көркем мәтінде жекелік, қайта қайталанбайтын, жиі кейіптеу бейнесін білдіреді. Сонымен қатар көркем сөз көп қырлы мазмұндық бояумен толықтырылады, ал ғылым сөзі бір мағыналы және терминделген болып келеді.
Ғылыми сөйлеудің дерексіздігі мен жалпылауыштылығы тек лексика-семантикалық деңгейде ғана көрінбейді, сонымен қатар, әр түрлі грамматикалық, оның ішінде
морфологиялық бірліктерде, олар категория мен форманы талдауда сонымен қатар, олардың мәтінді жиі қолдану деңгейі негізінен, осы бірліктер мағынасын функциялау ерекшеліктерінен де көрінеді. Сол стильдік белгінің ғылыми сөйлеуде көрінуіне байланысты етістіктердің шақтық, жақтық, лексика-грамматикалық мағыналы формалар тән болады, бұған сөйлемнің синонимиялық құрылымы да тән.
Ғылыми әдебиетте, әсіресе математикалық әдістер қолданылатын мәтіндерде келер шақ формасы өзінің әдеттегі грамматикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық жақтан әлсіреген формада болатыны байқалады.
Ғылыми стильдің дерексіздігі, жалпылауыштығы мен өзіне тән сөйлеу жүйелілігі ғылыми стильде осы шақтағы етістік формасы өткен шақ аясында болуымен ұштастырылады. Бұл көркем әдебиетте қолданылады.
Ғылыми сөйлеу міндетті түрде экспрессивті емес, эмоциясыз, бейнесіз болуы керек. Осыған байланысты ол өзінің мақсатына жетпейді, оның коммуникативті зардап шегеді. Бұл жөнінде Р.А. Будагов өзінің «Литературные языки и языковые стили…» еңбегінде жүйелі талдау береді. Сонымен ғылыми сөйлеудің экспрессивтілігі дегенде осы саладағы коммуникация міндетінің осындай іске асырылатыны арқасында мынадай стилистикалық сапаны түсінуге болады және олар қарым-қатынастың тиімді болуына ықпал жасайды. Осыған байланысты экспрессивтілік көркемдікті күшейту ретінде ғылыми сөйлеуді құраудың коммуникативті тиімділігімен байланысты болады.
Ал қазақ тіліндегі ғылыми сөйлеудің экспрессивтілігі
осыған ұқсас өзге қарым-қатынас қасиетінен ерекшеленеді, Мысалы, көркемәдебиет стилінде өзге құралдар мен тәсілдер арқылы қол жеткізіледі. Ғылыми сөйлеудің көркемдігі бәрінен бұрын сөздерді қолданудың пәндігі жоғарыда айтылған қасиеттері,және айтылымның логикалығымен байланысты.
Ғылыми стильдің жоғарыда айтылған қасиеттері, оның ішінде эмоционалдық пен бағалауыштық , коммуникативті, және экстралингвистикалық жақтан мотивтелген: ғылымның іс-әрекет сипатымен, білім табиғаты мен ғылыми шығармашылық, таным заңдарымен, ойлау қасиеттерімен, яғни, олар тек логика-танымдық жақпен ғана шектелмейді (бұл жерден эмоция, жігер, интуиция көрінеді). Ғылыми сөйлеудің экстралингвистикалық негізінен оқу мен бояу тек сөйлеу мәдениеті мен әдеби ғана практикалық тұрғыдан маңызды емес, сонымен қатар ойлау мәдениетінің тәрбиелеу үшін де маңызы зор. Яғни, жалпы, мәтінмен жұмыс жасау үшін, сонымен қатар қолданбалы лингвистика мен бұдан кейінгі жасамды интеллект жасау мәселесін шешу үшін де қажет.
Ғылым тарихы — идея күресі, ойлау стильдерінің орын ауыстыруы, бұның бәрі ғылыми мәтін стилінде көрініс табады. Ғылыми сөйлеудің жалпылығы мен дерексіздігі оған міндетті түрде бейнелілік қарама-қарсы тұрады деген сөз емес Нақты бағыттар мен құбылыстарының талдауы ғылыми танымның құрамдас бөлігінен шығады. Сөзбен айтылған бейнелер танымдық ойды білдіруге көмектеседі. Қазақ тіліндегі бейнелеу құралдарын пайдалану автордың индивидуальдылығы мен білім саласындағы білім дәрежесіне байланысты болады. Кейбір гуманитарлық ғылымдардың мәтіндерінің( әдебиеттену, тарих,
философия) сипаттамалы жаратылыстану ғылымы (геология, химия, география және т.б.) мәтіндеріне қарағанда көп дәрежеде сөйлеу бейнелілігі құралдарын пайдаланады. Бірақ қазіргі заманғы физика бойынша метафора мен теңеу көптеп кездеседі. Сөйлеу бейнелілігі құралдарынан ғылымда тұрақталған ереже бойынша бейнелілігі өткен термин-метафораларды ажырыту қажет.Мысалы: ақ алтын(мақта),қара алтын(мұнай) т.с.с. сөздер
Ғылыми сөйлеуде, олардың міндетті емес және салыстырмалы қолданудан өзге, сөз бейнелілігі құралдарын пайдалану осындай құралдарды көркем әдебиетте жұмсалғанына ерекшеленеді: 1) бейнелі құралдары, негізінен метафоралар да ғылыми сөйлеуде, ерже бойынша тек екі жоспарлы сипатта да болады; 2) ғылыми сөйлеудегі метафоралар қысқа мәнмәтіндік мағынаға ие және көркем сөйлеуде жүйелі сипатты қасиетке ие болмайды; 3) ғылыми және көркем сөйлеудегі бейнелі құралдардың қызметі бір-бірінен ерекшеленеді. Көркем шығармада метафора-ортақ тақырып пен идеяға органикалық жақтан біріктірілген бейнелеу жүйесіндегі ең негізігі элеметтерінің бірі, ғылыми сөйлеуде бейнелеу құралдары көмекшілік рөлде қолданылады, ортақ айтылу жүйемен байланысы жоқ нұсқау болып табылады.
Ғылыми сөйлеудегі бейнелеу әдетте жүйеленген және жалпы мағынаға ие, яғни оларға көркем шығармада тән жекелік қайталанбайтын қасиет белгілер жоқ болады. Өзінің бейнелілігімен метафора ғылыми сөйлеуде тек бір ғана емес, жалпылық қасиетін, түрін білдіреді.
Ғылым стильге тән барынша анық байланыстылық пен айтылымның логикалығын көрсететін құралдарға
байланыстырушы құрылымдар мен тіркестер жатады. Олардың ғылыми сөйлеуге тән нормасы екендігін алғаш рет А.К. Панфилов көрсеткен болатын сонымен қатар М.П.Коткорова Жалпы дәстүрлі стилистика тұрғысынан осындай айтылымдар тек мәтінді бөлшектеп жібереді, семантикалық әлсіретуіне қарай сөйлеуге тіпті қажеті жоқ.
Бірақ олар ғылыми қарым-қатынасқа тән, оларсыз сөйлеу үздік-создық секірмелі түрде болады.
Мысалы; Енді мына мәселеге көшсек…; Қорыта айтқанда , тағы да мысал келтірсек: Енді түсіндіруге тырысамыз…. тоқталамыз т.с.с. Жоғарыда көрсетілген айтылымның логикалығын көрсететін құралдар тек ғылыми сөйлеуге ғана тән, жалпы соның қасиеттері болып табылады.
Қазақ тіліндегі өзге тілдік құралдар, бәрінен бұрын жалғаулықтар, әсіресе бағыныңқы жалғаулықтар, айтылымның логикалығы құралдарына тән болмаса да ғылыми сөйлеуде осындай стилистикалық қызметте қолданылады. Ғылыми айтылымға тән жалғаулық байланыстың жалғаулықсыз байланыстан үстем болуы айтылым бөліктері арасындағы қарым-қатынасты ерекшеліндіруге ықпал етеді.
Кеңсе және ғылыми әдебиеттер тілінің басты бір ерекшелігі олардың құрамында автордың субъективтік көз қарасы, қатнасы көрінбейді. Сондай-ақ Ғылыми әдебиеттер тілінде кішірейткіш мәнді аффикстер көп қолданылмайды. Ғылыми стильде аса сирек, кейде тіпті кездеспейтін морфологиялық тұлғалардың бірі сын есімнің салыстырмалы, күшейтпелі шырай түрлері. Ал, ғылыми әдебиеттерде әсерлі сөздердің орнына заттың әлде сапаның бір-бірінен айрықша артықшылығы сан мөлшермен ғана айтылады, не
синтаксистік конструкциялар арқылы беріледі. Бұл стильге ортақ морфологиялық тұлғаларға мыналар жатады:
Зат есімдік және сын есімдік түбірден зат есім тудыратын -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары арқылы жасалған сөздер: азаматтық, дұшпандық, қалыңдық, ауырлық, жылдамдық тәрізді зат пен құбылыстың әр түрлі қалыбы мен күйін, жағдайын білдіреді.Мәселен Ауырлық күші деп- заттың белгілі бір заңдылықпен жерге тартылу күші.
Бұлардың басым көпшілігі терминдік мән алып, нормаға айналған қалыптасқан атаулар болып кетті. Мысалы: бейтараптық, серпімділік, оқулық, сөздік, жылылық, дымқылдық т.б. атауларды атап айта аламыз. Бұлар – бүгінгі тілімізде ғылым мен шаруашылықтың әр саласында қолданылатын және қалыптасқан атаулар.
-лық аффиксі арқылы нақтылы зат атауы да жасалады.
Мысалы: белдік, ауыздық, егіндік. Болгарияның жер аумағының көпшілік бөлігін егіндік алқап алып жатыр.
Жеке ғылым салалары мен шаруашылықтың, техниканың түрлеріне қатысты осындай жаңа сөздер жасау процесі тоқтап қалмай ары қарай өрістей бермек.
-шылдық, -шілік аффиксі арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіптің, шаруашылық түрлерінің немесе әлдебір абстракт күй қалыптың атауы болып отырады. Мысалы:
Мақташылық диқаншылық, ойланушылық, оқытушылық т.б. Бұл жылы диқаншылар үлкен көлемде өнім алды.
-шылдық,-шілдік аффиксі арқылы жасалатын төрешілдік, кеңесшілдік, гегельшілдік, контшылдық тәрізді сөздер көбінесе саяси тілде көп қолданады.
Халық тілінде белгілі бір зат атауын жасауда ертеден
қалыптасқан тәсілдің бірі – етістік сөздерден
–қыш, -кіш, -ғыш, -гіш аффиксі арқылы жаңа сөздер жасау.
Мысалы: сыпырғыш, жапқыш, жылытқыш, сепкіш, мұздатқыш, шаш кептіргіш. «Био Комфорт» компаниясы шаш кептіргіштің тұтынушыларға оңай түрін ойлап тапты.
Тіл ғылымында тілдік құралдардың пайдалану аясына байланысты зеріттеулер жүргізіліп жатыр. Соның ішінде қарастыратынымыз «Тілдің ғаламдық бейнесі» атты ғылыми зеріттеу.
Мұнда ғалым жұмыстың басын Міржақып Дулатұлының тілдік тұлғасын зеріттеуден бастаған. Онда ол «Алаш ардақтыларының бірі Міржақып Дулатұлының тілдік мұрасы түрен түспеген тың өлкелердің бірі. Алғаш «Оян қазақ!» деп үн қатқан ардақты ағамыздың тілдік тұлғаға саналу сипатын дәлелдеу осы тектес зеріттеулердің басты мақсаты.» деп Когнитивтік лингвистикада алғаш рет қарастырыла бастаған «Тілдік тұлға» мәселесі қазақ тіл білімінде де кеңінен зеріттеліп сөз болатынын айтты. Сонымен қатар «Тілдік тұлға» ақынның немесе жазушының өз образы мәселесінде әдебиет тұрғысынан және тілдік тұрғыдан зеріттеліп келеді. Мысалы: Р.Сыздық «Абай шығармаларының тілі» А,1968; Е.Жанпейісов «М.Әуезовтың «Абай жолы эпопеясының тілі», А,1976. Бұл іргелі зеріттеулерде белгілі бір суреткер тілінің жалпы сипаты мен шығармашылық ерекшелігі сөз байлығы, көріктеу амал-тәсілдерін шебер қолданудың тілдік көріністері (метафора, теңеу, эпитет т.б.), стильдік қолданыс ерекшеліктері шығарма тілінің құрылымдық жүйесіне сүйеніп жасалған еді. Ал, осы дәстүрлі лингвистика негізінде одан әрі даму үстіндегі қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағыты негізгі назарды сол
шығарманы жазушының жанына, танымдық (шығармашылық) болмысына аударады да, тілді соның нәтижесі көрінісі деп қарайды. Осымен байланысты қазақ тіл біліміндегі Ф.Қожахметова, А.Әмірбекова, Ш.Ниятова т.б. зертеулерін атап өтуге болады.
Екінші этапта ғалым ақынның тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейін сипаттады.
Тілдік тұлғаның өзінің болмысына сай қалыптастырған, енгізген түрі, сөз саптауы, көзқарасы эталондық сипатдәрежесіне көшеді де оның тілін зеріттеудің арқауы бола бастайды. Бұл көбіне тілдік тұлғаның дәстүрлі вербалды-семантикалық деңгейінде байқалатыны даусыз.
Сонымен мәтіннің негізгі бөлігі болған «Міржақып Дулатұлы дискурсындағы тілдің ғаламдық бейнесі» деген бөліміне де ғалым мынадай фактілермен айшықты дәлелдемелер келтірді. Мысалы:
Дискурс орыс тілінде «речь» деген ұғымды берсе, қазақ тіл білімінде Р.Қ.Бөкейханова дискурсты – тілдік тұлғаның қасиетін көрсететін тілдік факті деп бағалады. Дискурста тілдік тұлғаның мынадай ерекшеліктері байқалады: 1.Сөйленіс деңгейі;2.Ұлттық таным деңгейі;3.Сөз қорыту, түсінік, ұғыну, сезіну деңгейі;4. Қоғамдық ойының сипаты; 5. Интелект деңгейі .
Дискурста «ғаламның тілдік бейнесі немесе дүниенің тілдік суреті» деп те аталатын құрылым, жүйе, ой көрінеді. Яғни Ғаламның тілдік бейнесі – индивидтің танымдық көзқарасын көрсететін тілдік бірлік, яғни эмпирикалық тәжірибелердің жиынтығы, аралас жүйедегі білім.
Осыдан кейін зеріттеуші ақырғы этапқа көшті. Бұл этапта ол Міржақып Дулатұлы тілдік тұлғасының лингво-когнитивтік және прагматикалық деңгейін жан жақты
қарастырып өз еңбегінің мазмұнын одан әрі кеңейте түсті. Бұл деңгейде қарастырылған мәселелер: 1.Ұлтжандылық концептісі; 2. Ислам діні концептісі; 3. Әйел теңдігінің концептісі 4.Надандық концептісі 5.Оқу,білім,өнер концептісі 6. Қазақ тілі концептісі .Мұның барлығы арнайы мысалдармен дәлелденіп, анықталып отырды. Мысалы:
Ұлтжандылық концептісі Махамбет, Абай жырларынан бастау алып ағартушылар шығармаларынан жалғасын тапқан. Жалпы ұлтжандылық – ұлтына жаны ашу болып саналады. Мұндай қасиет қазақ зиялыларының барлығының бойында бар. Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»,- деп толғауынанда ұлы ақынның халқына деген сүйіспеншілігі бірден байқалады.
«Прагматика» грек тілінен аударғанда–іс-әрекет, семиотика мен лингвистиканың саласы, яғни тілдегі белгілі бір қызметті зерттейді. Прагматиканың басты мақсаты – сөздің қолданыс ерекшелігіндегі өзіндік ережелерді ұғындыру.
Ғылыми сөйлеуге тән лингвистикалық белгілерге, көбінесе ерекше «сілтемелі» тіркестер жатады: одан әрі сөзінің қыстырма сөз қыметінде айтылым бөліктері арасындағы қатынасты білдіру мағынасында қолданылуы; қалып етістіктерімен қатар заттың қасиеті мен сапасын білдіру мағынада өзге де айтылымдарды қолдану; есімдікті сөздің сілтеу қызметінде және байланыс құралы ретінде қолданылуы; ілік септігін қолдану жиілігімен байланысты.
Сондай-ақ ғылыми сөйлеудің синтаксисінде жоғарыда көрсетілген құбылыстардан өзге құрмалас сөйлемнің басқа стильдерге қарағанда кеңінен қолданылуы байқалады; жай сөйлем қолдану; құрмалас сөйлемнің арнаулы түрлері шақ формасы бойынша (осы кезде, жалғаулық сөз арқылы) және шарттық (егер, онда, олар шақ пен шарттылықты білдіру
үшін емес, сөйлем мүшелерін салыстыру үшін қолданылады); жалғаулар жүйесі мен көмекші сөз (әсіресе бағыныңқы қатысты айтылым үшін) синтаксистік байланыстың жалпы анықтылығын білдіруде (осыған байланысты, сонымен осының салдарынан, т.с.с.) қолданылуы; көсемшелі және есімшелі тіркестердің ырықсыз етіс құрылымдары кеңінен қолданылуы. Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Мұндағы негізгі ерекшелік — ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаға негізделуінде
Негізінен, ғылыми сөйлеу синтаксисі туралы толық мәліметті Н.М. Лариохинаның «Вопросы синтаксиса научного стиля речи» (М., 1979) еңбегінен қарауға болады. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік — сөз тек өзінің негізгі мағынасында ғана жұмсалуы.
Көркем- әдебиет, ауызекі сөйлеу публицистикалық стильдің кейбір жанрларымен салыстыра қарағанда жалпы ғылыми стильге атаулық сипат тән. Бұл етістікке қарағанда есімдердің (негізіне зат есім) ықпалының мол болуынан және етістіктің кеңінен қолданылуының сапалық мағынасынан және етістіктен жасалған сөз бен сөз тіркестерінің түрлілігінен көрінеді. Мысалы, етістіктен жасалған зат есімді (етістікті тіркес пен құрылымға синоним ретінде қолданылатын) тұрақты тіркестерді қолдану:… ықпал ету; талдау;
Мәтіндік деңгейде ғылыми функциональды стиль пікірлесу мен сипаттаманың кеңінен қолданылуы арқылы сипатталды, сонымен қатар, оның хабарлануының біркелкілігі еместігінен де көрінеді. Композициялы біртиптілік, бірақ та түрлі нұсқалы болып келеді. Мәтінді
кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды деп бөлумен қатар, ғылыми шығарма композициясына таным процесінің заңдылығы мен білім қалыптастыруды бейнелеу тән болып келеді. Сонымен, мәтіннің мағыналық құрылымы әдетте танымның кезең динамикасын білдіреді, соңғының ескі білімнен жаңаға қарай ауысудағы білім сабақтастығы, ойдың (шиырмалы) дамуына жылжуынан көрінеді. Ғылыми мәтін сонымен қатар түйсікті шешімдерді де көрсете алады.
Мәтіндік деңгейдегі ғылыми сөйлеудің өзіндік қасиеті мәтінге дейінгі, сонымен қатар мәтіндік бірліктерді пайдалану ерекшелігімен жасалады. Олар жалпы стильдік өзіндік қасиеті мен оның айтылу жүйелілігін қалыптастырады. Сонымен қатар ғылыми салада танымал мәтіндік категориялар арнайы қызмет атқарады.
Оларды тек арнайы әдебиеттің редакторлары ғана емес, сонымен қатар болашақ оқытушы-тілшілер мәтінді лингвистикалық талдау курсын оқығанда, курстық жұмыс, әсіресе, дипломдық жұмыс жасауда білуі әрі ескеруі қажет. Соңғысы ғылыми сөйлеуге тән негізгі белгілерге жауап беруі керек және ғылыми мәтін ерекшеліктеріне сәйкес болуы қажет. Оның бойында логикалық айтылым дәлдігі және т.б.сол сияқты белгілер жүзеге асуы маңызды және олар тек сипатталып емес, сонымен қатар түсіндіріліп, яғни пікір білдіру мәнерінде жазылуы қажет. Ғылыми мәтіннің ширығу заңдарын негізінен, ширықпалы вариативті қайталамаларда қолдана алу керек, сондай-ақ ғылыми шығарма композициясын өзіндік қасиетін білдіру қажет. Дипломдық жұмыстардағы кеңінен таралған ақаулықтарға адресатты ескермеу, басқаша айтқанда, диалогтіліктің жоқтығы, сонымен қатар акцентуаторларды
ескермеушіліктен туады, бұның бәрі студенттік жұмыстардың стилистикалық-коммуникативті сипатын мейлінше төмендетеді. Байқағанымыздай, ғылыми мәтін мен оның стилистикасын қайталаудың жалпы ұстанымдарын білу мәтіндік құрылым іс-әрекеті дағдыларын жасау үшін үлкен практикалық мағынаға ие.
Стилистикалық норма мәселелері бір жағынан сөйлеу мәдениетінің өзінше бір ғылыми пән ретінде, екінші жағынан стилистикалық салыстырмалы қатынастары мәселелерімен тікелей байланысты. Өкінішке қарай бұл мәселелердің ешқайсысы тілтануда біржақты шешімін тапқан жоқ. Олардың екеуінің де ғылым мен тәжірибе жүзінде маңызы зор; тілді оқыту әдістемесі мен стилистикалық және т.б. сөйлеу қателіктерін анықтауға қажет.
Қазіргі заманға сай тілтануда тілдің функциялану үдерісін оқып-үйренуге деген қызығушылықтың өсуі арта түсуде. Стилистикалық нормалардың функционалды табиғатын В.В.Виноградов, коммуникативтік мақсатты ұстанымы В.Г.Костомаров пен А.А. Леонтьевтің мақаласындағы норманың анықтамасы негізінде атап көрсетілген және оның өзектілігі дәл бүгінге дейін сақталған. А.А.Леонтьевтің зерттеу еңбегінде :Әдеби айтылымның дәлдігі , дұрыстығы осы айтылымның коммуникативті-стилистикалық мақсатының,функциональды стильді жанрдың қызметі болып табылады.. Міне, осындай тіл бірліктерінің функционалды мақсаты… осы берілген бірліктің нормаға жатқызлуы жөніндегі ең маңызды белгісі болып танылуы тиіс… немесе тіл- сөйлесу құралы, ал барлық сөйлесу,тілдесудің мақсатты бағыты бар деп нақты тұжырымдалған. Осындай көзқарас Бодуэн де Куртенэ,
Е.Д. Поливанов, Л.П. Якубинский көзқарастарымен үндесіп жатқаны байқалады. Тіл нормасының мәселелерін қарастыру және осы түсініктің анықтамасының зерттелуіне келсек, орыс тіл біліміндегі функционалды стилистикамен тікелей байланысты қарастыруға болады. Яғни стилистиканың нысаны әдеби тіл мен сәйкес тілдік құбылыстардың мәселелерінен тұрады.
Орыс тіл біліміндегі стилистика жөніндегі зерттеу еңбектерге сүйенсек, тілтануда нормалар төмендегідей анықталған: Әдеби нормалар — қоғам өз дамуының белгілі бір сатысындағы қабылдаған және оны өзі дұрыс деп тапқан тіл жүйелерінің ұжымдық таралуының кейбір жиынтығы».
Зерттеуші Л.И. Скворцов тілді таратудың потенциалды мүмкіндігінің белгілерін қамтитын динамикалық нормалардың түсінігін жасайды. Осыған қосымша , ол нормалардың шартты белгілерін нақты ерекшелену құбылысының қажет екенін көрсетеді. Динамикалық аспект деп түсінілетін тілдік норма —
Динамика табиғатының «тіл қызметінің әлеуметтік-тарихи нәтижелеріне негізделгенін, бір жағынан –жаңа тілдік фактілерді тіл жүйесінің потенциалды мүмкіндіктеріне байланыстылығын, екінші жағынан-белгілі, жарияланған үлгілердегі жүйенің дәстүрлі таратылуына бекітіледі»-деп тұжырымдайды.
Л.И.Скворцлвтың зерттеулерінеде стилистикалық норманың теориялық мәселелері жалпы алғанда, жан-жақты қамтылған. Жоғарыда көрсетілген стилистикалық норманың динамикалық табығатының түсінігі, оған стилистиканы (тіл бірліктерінің жүйесі) да, динамиканы да жатқызуға болатынын көрсетеді. Автордың стилистикалық норманы
тіл қызметінің әдеби деңгейінде деп түсінуінің маңызы зор. Осыған байланысты «стилистикалық норма шегіндегі нұсқаулар», мәнді болып табылатын «коммуникативтік мақсаттылық ұстанымы», «жағдай нормалары мен тілдесу мақсатының сәйкестігі». Яғни нормалардың «әр түрлі міндеттілік дәрежесінде» атап өте келе, нормалар түсінігі «іске асырылыған бөлшекпен шектелмейді- ол потенциалдықты да қамтиды».
Мұның барлығы лингвистиканың функционалды аспектісіне негізделеді де, функционалды стилистикаға жуықтайды. Осыған орай, Л.И.Скворцов нормалар зерттеулерінің «теориялық және фактілік базасын» «функционалды грамматика және функционалды стилистика саласы» деп атауы орынды деп есептейміз.
Стилистикалық норма туралы мәселе жоғарыда көрсетілгендей, сөйлеу мәдениеті мен стилистика қатынасы мәселесімен тығыз байланысты. Алайда бұл салалардың шекарасы жеткілікті деңгейде анық емес. Мәселен, егер сөйлеу мәдениетінің пәнін дәлдік қана емес, сонымен бірге белгілі мағынадағы сөйлеу өнері деп санайтын болсақ, онда стилистика сөйлеу мәдениетіне енеді. Л.И. Скворцовтың пікірі бойынша сөйлеудің түпкілікті мәдениеті қазіргі заманғы әдеби тілде тілдесудің мақсаттары мен мәселелеріне ие болуын болжамдайды. Сөйлеу мәдениетін автор төмендегідей анықтайды; «Өзіндік лингвистикалық саладағы сөйлеу мәдениеті туралы ғылым стилистикалық тілде және стилистикалық сөйлеуде араласып жатады. Олардың ережелерін кеңейте түсіп, жасалған қорытыныдылары тілдік тәжірибеге қандай да бір сер ететінін, сонымен бірге «негізгі эстетикалық
нормалар,формалар, әдеби сөйлеудің көркем әдебиет стилі қозғалысымен байланысты тенденциялары арқылы анықтау мақсатындағы теориялық және тәжірибелік пәндерінің көрінісі болып табылады».
Сонымен, жалпы сөйлеу мәдениеті сөйлеудің дұрыстылығы мәселелерімен шектеліп қана қоймай, өзінің жоғарғы деңгейінде стилистиканың мәселесімен, қиылысады, тіпті оның кейбір аспектісін қамти кетеді, бірақ онымен толық сәйкес келе бермейді. Аталған ғалымдардың әрқайсысының өзіндік арнайы мәселелері мен зерттеу нысанасы бар.Ғылыми стиль барлық стильдер секілді бізге ең қажетті стильдердің бірі болып қалады.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Департаменті
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық колледжі
Тақырыбы: Ғылыми стильдің ерекшеліктері
Зеріттеген: «Экономика, бухгалтерлік, есеп және аудит» факултетінің 2 курс студенті Жаппарова Айдана
Ғылыми жетекшісі:Филология ғылымдарының докторы профессор Қосымова Гулбану
Алматы 2007 ж
Пайдаланылған әдебиеттерконецформыначалоформы
- Имашева Г.Е. Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі» атты десертациясы Алматы 2007 10.02.02- қазақ тілі
- Мажитаева Ш. Қазақ әдеби тілінің ресми іс қағаздары стилінің қалыптасу тарихынан (ХХ ғасырдың басы) // ҚР ҒжЖБ министрлігі ҰҒА хабарлары. — Алматы, 1999. — № 4. — 23–33 б.
- Құрмамбаева Ж.Д. Алғашқы ғылыми әдебиет аудармаларының синтаксистік құрылысындағы кейбір ерекшеліктер // Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт. ун-нің хабаршысы. — Филол. сер. — Алматы, 2003. — № 3(65). — 97–99 б.
- Мажитаева Ш. Жарнама тілі: проф. Т.Р.Қордабаевтың 90 жылдығына арналған «Тілтанудағы тұлға» атты ғыл.-практ. конф. материалдары. — Қарағанды, 2005. — 178–181 б.
- Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. А., 1991..
- Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.
- Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
- Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1966.
- Жалпы тіл білімі бағдарламасы. А., 1991.
- Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. А.,
- Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1972.
- Әбілқаев А. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. А.,
- Байтұрсынов А. Тіл тағылымы А., 1992.
- Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. А., 1961.
15.Жанпейсов,Балақаев М. Стилистика А.,1995.
Аннотация
Мақсаты: Қазақ тілі арқылы жүзеге асатын ғылыми стильдің ерекшеліктерін айқындау
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер іске асырылды:
1.Стиль туралы түсінік беру
2.Ғылыми стильдің басқа стиль түрлерінен айырмашылығын айқындау
3.Қазақ тіл білімі ғылымына қатысты зеріттеулердің тіліне талдау жасау
4.Тіл ғылымында қолданылатын тілдік құралдардың танымдық сипатын таныту
Зерттеу нысаны: Қазақ тіл біліміндегі зерттеулер
Зерттеуде жеткен нәтижелер: Ғылыми стилдің басқа стиль түрлерінен ерекше екендігі, қолданылу аясының кеңдігі, тілдік құралдарының мол екендігі дәлелденді. Морфологиялық, синтаксистік, лексикалық ерекшеліктері нақтыланды.
Жоспар
I.Кіріспе
Стиль ұғымына түсінік және оның атқаратын қызметі
II.Негізгі бөлім
Ғылыми стиль және оның қолданылу аясы
Ғылыми стильдің морфологиялық ерекшеліктері
Ғылыми стильдің синтаксистік ерекшеліктері
Стилистикалық норма мәселелері
III.Қорытынды