АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат.. Халық педагогикасының ғылыми- теориялық негізі

Халық педагогикасының ғылыми- теориялық негізі

 

Жоспары:

  1. Халық педагогикасындағы тәрбие факторлары.
  2. Халық педагогикасындағы тәрбие қағидалары.
  3. Халық педагогикасындағы тәрбие әдістері.
  4. Халық педагогикасындағы халық тәрбиешілері.
  5. Халық педагогикасындағы тәрбие факторлары

 

 

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмасада, өз ұрпағыы бесікте жатқан кезінен бастап-ақ, өлен-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмеседе, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есіту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшілде, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған.

Мақсаты — бүгінгі тәрбие мен білім берудің көптеген көкейкесті мәселелерін халықтың педагогикалық творчествалықпен дамыту негізінде шешуге болатындығы жайлы студенттердің, мектеп мұғалімдерінің түсінігін қалыптастыру, халықтың педагогикалық тәжірибесіне мұғалімдер маманды-ғына дайындаудың аса қажетті мазмұндық компонент ретіндегі көзкарасының қалыптасуына ықпал ету.

Халық педагогикасында баланың дамуына ықпал ететін тәрбие факторлары мыналар:

  1. Табиғат. Оның әрбір бөлігі-тәрбиенің көзі.

Ол адамға көрінетін, көрінбейтін әсерлер арқылы беріледі. Халық табиғаттың тәрбиелік әсерін поэзия тілімен бейнелеген.

Табиғат — халықтық тәрбиенің қозғаушы күштері, жетілген адам тұлғасы жайлы түсінікті туғызушы факторлардың бірі болып табылады. Табиғаттың ықпалы педагогикалық процеске саналылық элементін енгізді, жетілу жайлы ойды кеңейтті, нәтижесінде кемелдену ұғымы туды.

Табиғатпен объективті үйлесімділіктің субъективті де жағы бар:

Біріншіден, денсаулықтың нығаюына көмектеседі;

Екіншіден, балалардың ақыл-ойы дамуына игі әсер етеді.

Табиғатпен және оның аясында өтіп жатқан өмірмен жанасу арқылы оны жақсы үйретуші, ұстаз деп таниды. Мұндағы қандайда бір құбылысты бақылауға беріледі және қоршаған дүние жайлы қызғылықты мәліметтер алады.

Табиғат-тұлғаның барлық жағынан қалыптасуына ықпал етеді, дене күштерін дамытады, ерік пен мінезді шыңдайды, еңбек сүйгіштігін, көркемдік талғамын жетілдіреді. яғни, табиғатпен үйлесімділік үлкендердің сапалы педагогикалық әрекеті жағдайындағы оны сырттай қарау және түсіндіру ғана емес, сондай-ақ оны белсенділікпен қайта өзгертуге қабілет-тілік.

  1. Ана тілі. Ол — тәрбиенің басты құралы, ұлттық сананы қалыптастырудың, дамытудың негізі. «Өнер алды қызыл тіл» деп ұққан ата-бабамыз «от тілді, орақ ауызды» ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан аузында тақпақтап айтқан мақал-мәтел афоризм сөздері мен ақындардың терме, толғауларын жазу-сызусыз жаттап, жадында сақтап, қаз қалпында біздің дәуірімізге жеткізген. Оның себебі — аталы сөздердің өміршеңдігінде жатыр. Асыл сөзің қоғамдағы тәрбиелік мәніне ертеден ерекше назар аударып, «Ақылдың көзі — аталар сөзі» деп ұққан бабаларымыз сөйлей білуді өлмес өнер, асыл мұра бағалаған.

Ақылдың көзі логикалық дұрыс ойда жатыр. Логикалық жүйемен ойлау білу — дұрыс жүйелеп сөйлеу білуге жетектейтін жол, сөйлеу мәдениетінің алғашқы баспалдағы.

«Тіл мен ойлау — еңбектің жемісі. Тіл ойдың сыртқа шыққан көрінісі» — дехі К.Маркс текке айтпаған. Сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, ақыл-ой парасаты қалыптаспайды. Яғни, дұрыс сөйлеу білу дегеніміз — дұрыс ойлау білу, ал ол логика мен этнолингвистиканың бірлігінен туындайды. Тіл — мәдениетпен қатар өсіп, өркендейтін қоғамдық құбылыс.

Ұлттық сана сезімнің өсуі мен өшуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана-сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.

Әдебиетші-ғалым Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші» деген еңбегінде: ана тілі — халық болып жаралғаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп, өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі…

Жүректің терең сырларын, жанның барлық толқындарын тұқымнан-тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы — сол халықтың тілі деген болатын. Кезінде Ахмет Байтұрсыновтың да: «Сөзі /тілі/ жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады», — дегең ұлағатты ойы бүгінге дейін мән -мағынасын жоғалтқан жоқ.

  1. Дін. Халық дінді ерекше пайдаланған. Себебі ол арқылы адамның бойына ізгілік қасиеттерді қалыптастыру өте қолайлы. Казіргі кезде діннің тәрбиелік ролі жөнінде көптеген еңбектер жарық көруде. Сол еңбектердің бірі ретінде Мұхтар Ақынның «Бес анық» атты еңбегін жастарды тәрбиелеудің идеологиялық құралы ретінде пайдалануға болады.

Мұхтар Ақын: Қандай халық болмасын, өзінің тарихи тағдырына байланысты дінді белгілі бір идеологиялық сананы тәрбиелеуші құрал ретінде өзінің бойына қабылдап алған. Біздің қазақ халқының тарихи тағдыры ислам дінімен байланысты. Ислам діні-біздің ұлт болып қалыптасуымызға, халық болып тәртіпті, тәрбиелі ел болып өмір сүруімізге қызмет еткен дін.

Бүгінгі таңда халықтың тәрбиемізге ислам дініндегі екі нәрсе сәйкес келеді:

Біріншісі — Иман. Адам баласының иманжузділігі, өзінің жеке басының тәрбиелігі, оның жүректен шығып жататын нәрсе екенін сезіну өте қажетті дүние. Иман дегеніміз иманжүзділік сеніммен байланысты. Діннің құатты, күшті жері адамның бойыңда сенім деген сезімді тәрбиелеу. Бұл діннің прогрессивтік тәрбиелік мәні болып табылады.

Екіншісі — шариғат. Мұның өзі адамаралық қарым-қатынаста жалпы заңдылықтар болу керек дегенді білдіреді. Қазақ даласында шашырап жатқан көшпелі халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақтаған. Соның нәтижесінде бұрынғы адамдарда иманжүзділік пен тәртіптілік молырақ болған. Ал қазір қоғамда иманжүзділік, тәртіп төмендігін мойындаған жоқ.

Дін туралы — Мұхаммед Ғалиссаламның тағы бір айтып кеткені — білімді, ғылымды қабылдайтын адамға ғана түсіндіру керек «Кещеге айтқан сөз шығын» дегендей қабылдамайтын адамға көңілімізде жүрген жақсы ойларды, айтсақ, онда қабылдаушы адам емес, айтушы адам күнәкер екенін айтып кеткенде пайғамбарымыз екенін білген жөн.

Екінші бір жағдай дінде фәнимен бақи екеуін шендестіріп, адамды сол бағытта тәрбиелейді. фәни дегеніміз — арабтың сөзі «Тұрақсыз, уақытша» деген мағына. Ал, «бақиды» аударғанда «тұрақты, мәңгілік» деген сөздерді білдіреді. Олай болса, о дүниеміз — мәңгілік мекеніміз деген ойды білдіреді. Адам баласын тәрбиелеу үшін, адамды сескендіретін, ойландыратын терең күштер бар болуы керек адамға тәрбиелік әсер қалдыру үшін ол өзінен биік, оған күші жетпейтін нәрселер төңірегінде болса, ықпал болмақ. Сондай күшті дін ойлап тапқан ол Бақи, о дүние мұның күштілігі — имандылығында.

Біріншіден, о дүниеге адамдар көз алдымызда кетіп жатады, ата бабаларымыз жатыр, күні ертең сол жерге, өзімізде сол жерге баратынымызды терең сезінеміз, діннің күші арқылы жаннат пен дозақ деген ұғымдар пайда болды.

Екіншіден, бақиға байланысты айтылатын нәрсе, ол мәңгілік. Адам баласы бұл дүниеден кеткеннен кейін із түссіз болып кетсе — ол бақытсыздық. Бақыттылық дегеніміз адам баласынан жанын ғана алып кетпей, фәниден өткеннен кейін өзінің артына мол мұра қалдырып, мәңгілік жасауына мүмкіндігі бар. Абай айтқандай:

«Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырыи, аяғын көп шалдырған Өлді деуге сияма, ойландыршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деген артында сөз қалдырған, мәңгілік жасайды дегеннің өзінше терең сыр жатыр. Мұнда философиялық, психологиялық, моралдық, дүниетанымдық ең қажеттісі-тәрбиелеушілік күші діннің имандылығы да осында.

Сөйтіп, қорыта келе, Мұхтар Арын, дінді ұлттық рухтандыратын, ұлттың — өзіндік мыңдаған жылдар бойына жинаған қасиеттерін байыта түсетін, кенде, кемел қосымша құрал деп түсінген жөн — дейді. (Мұхтар Арын «Бес анық», «Арыс» баспасы, Алматы, 1996, 27 б.).

ІІ. Халық педагогикасындағы тәрбие қағидалары.

Халықта адамды тәрбиелеуде ғасырлар бойы қалыптасқан қағидалардың жиынтығы бар. (Халықтық педагогикада сол қағидалар халықтың тәрбие қағидалары арқылы көрінеді.)

  • Халықтық тәрбиедегі басшылыққа алынатын қағидалардың қалыптасқан жиынтығы халықтық тәрбиелеу қағидалары деп аталады. Бұл қағидалары тәрбиеде басшылыққа алу тәрбие дәстүріне тікелей байланысты.
  1. Келер ұрпақгың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.

Халық мектебінің есігі сәбидің алғаш дүниеге келген күнінен бастап айқара ашылады, ол белгілі мақсат — тілекпен байланысты туындайды.

  1. Баланы жастайынан еңбек сүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру отбасындағы еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан.
  2. «Дені саудың — жаны сау», «Бірінші байлық -денсаулық», «Ауру — астан» деп, рухани материалдық байлықгың тәрбиенің негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған.
  3. Адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар — ожданды қастерлеу. «Жаным-арымның садағасы».
  4. Гуманизм мен патриотизм — халықтық тәрбие қағидаларының басты қағидаларының бірі. «Отан отбасынан басталады», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», . «Ел үшін еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды», «Өнер мен ғылым-тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы».
  5. Тәрбиенің халықтығы тәрбие халықтық сипатқа ие болғанда ғана өзінің мақсатына жетеді. Тербие дәрменсіз болмау үшін ол халықтық болуы керек, себебі оның негізі түп тамыры-халық даналығында.
  6. Табиғилығы мұнда ұлттық ерекшіліктерді, әсіресе табиғат ерекшеліктерін ескеріп, пайдалануға негізделген.
  7. Мәденилік — ол халықтың мәдени мұрасы арқылы көрінеді. Ал халықтың мәдени мұрасы оның өз әдебиетінде, өнерінде, тарихында, педагогикалык және психологиялық ой-пікірінде бейнеленген.
  8. Өмірмен байланыстылық халықтық тәрбиенің сол халықтың өмірінен алынды.
  9. Еңбек арқылы тәрбиелеу — бұл қағида бірінші орында тұрады.
  10. «Сегіз қарлы, бір сырлы»мінезі майда, ары таза, тәні сау.
  11. Ұрпақтың өнегелі — өнерлі болуы. «Білегі мықты бірді жығады Білімі мықты мыңды жығады «
  12. Табиғат. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан табиғат — Ананы аялауға тәрбиелеу.

Халықтық тәрбиенің басты қағидаларының ғылыми педагогикадағы тәрбие қағидаларымен байланысы бар. Мысалы:

  1. Жас ерекшеліктерін ескеру, «балаңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшындай сана, он бестен асқан соң ақылшы досындай бағала» деген мәтел соның дәлелі. Бұл ғылыми педагогикада ынтымақтастық принципімен сабайтасып жатады.
  2. Талап қоя білу және құрметтеу «Ата-балаға сыншы», «Баланың балалығына әкенің даналығы» және т.б.
  3. Тәрбиелеу — оқыту барысында дамыту. Дамыта оқытып тәрбиелеу ісі асқақ арманмен байланысты, «Армансыз ұлан қанатсыз қыран».
  4. Тәрбиенің біртұтастьны — кез келген тәрбие құрамына талдау жасайтын болсақ, онда тәрбиенің түрлері, яғни бағыттары бір-бірімен сабақтасып жатады, яғни еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене және т.б.
  5. Тәрбиенің үздіксіздігі.
  6. Тәрбиенің ұжымдық сипаты – тәрбие отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелері, т.б. түгел қатысатын ұжымдық тәрбие ісі екендігі. Ұжымдық тәрбиеге ғылыми педагогикада да үлкен мән берілген.

ІІІ. Халық педагогикасындағы тәрбие әдістері.

Халықта адамды тәрбиелеуде қолданылатын халықтық әдістер мен тәсілдер көп-ақ, бірақ олар әр халықтың тәрбие дәстүрлеріне тікелей байланысты қолданылады.

Қазақ халқында мынадай әдістер бар: Үлгі — өнеге көрсету, үйрету, түсіндіру, ырым ету, тілектестік білдіру, ескерту, бата беру, ымдау, қолдау, ақыл-кеңес беру, жаратпау, ұрсу, қорқыту, қарғау, т.с.с.

Сенім деп халықты адамдардың бір-біріне келтірмейтін, күдігі жоқ көңілмен, зор үмітпен қарауын айтады.

«Елі татудың жері тату»

Ақыл — кеңес беру бүл әдісті көпті көрген қариялар жаңсақ адамдардан сақтандырып, кемшіліктерден қақпайлап, мінез түзеп, жақсылыққа жетелейді.

«Ақылың болса — ақылдыға ер».

Бата-адам баласына тек жақсылық тілеу халық тарихында ертеден қалыптасқан дәстүр. Бата-қарт адамның ризалық сезімін, өсиет ой -тұжырымдарын, жақсы тілектерін білдіреді.

«Еліңнің елеулісі халқыңның қалаулысы бол» «Шырағың сөнбесін», «Отбасыңнан бақыт кетпесін», «Арманыңның асуына жет», «Берекелі тірлік, мерекелі бірлік берсін», деп бата беруші жастарды халық сүюге, бірлікке, тірлікке тәрбиелейді.

Үлгі — өнеге көрсету ел ішінде өте жоғары бағалаған. Ата — бабаларымыз өмір тәжірибелерінен, халықтық әдет — ғұрып болып қалыптасқан дәстүрлерінен үлгі нұсқаларды өне бойы өнеге етіп, ұрпақтарыиа үйретіп отырған, тілек тілеп, жастарды жақсы жолта бастаған. «Ағаштан агаш нәр алар, адамнан адам тәлім алар».

Ырым ету — баланы иманды, инабатты болуға, кесір-кесепаттан аулақ болуға тәрбиелейді.

Әрбір ырымның үлкен тәрбиелік мәні бар. Мысалы: нанды қадірлемеу — күнә, кесір — қылмыс, малды тебу — кесір — кесепатын келтіреді. «Әр заттың киесі мен иесі» бар, оны қорласаң құшыры «ұрады» деп халық өмір заңдылықтарын бұзбауға баурайды.

Тілектестік білдіру — батаның «ұсыныс» түрі. Тілек айтушы өз тілегін ризашылықпен айтып, «тәбетіңіз тартымды болсын», бұдан былай тек жақсылықпен бас қосайық, «достарыңның алды болу үшін, еңбек ет, еңбектерің табысты болсын», «тату-тәтті тұрыңдар» дейді.

Тілеу — жеке адамның аллаға сыйынып, аруақтарға бас иіп, өз болашағына, не жанашыр жақындарының болашағына бақыт тілеуі:

Жақсылық, бақыт бар бол,

Жасаған иеле, жар бол.

Бере гөр алла, денсаулық.

Жақсылық пен жансаулық

Сақтай гер, алла, пәлледен,

Сақтай гөр, нақақ жаладан.

Аруақтар қолдай гөр,

Аллам істі оңдай гөр!  — Іштей тілеу әрбір адамның өз сеніміне байланысты, ол құпияны әркім біле бермейді. Тілектестік білдіру-ақ, адамгершілік мақсатта болу керек. «Біреуге жамандық тілегенше, өзіне амандық тіле» дейді халық. Сондықтан да ізгі адам «Е, алла, досқа күлкі, дұшпанға таба қылма» деп тілейді. «Елімді, жұртымды аман қыл, алла» дейді.

ІҮ. Халық педагогикасындағы халық тәрбиешілері

Халық педагогикасында ұрпақ тәрбиелеу мәселесі халық тәрбиешілеріне жүктеледі. Олар: әке-шеше, ата-әже, туған-туыс, ауыл-аймақ, өнер иелері, ақын-жыраулар, ағартушы данышпандар.

Қазақ халқы өскен ортаның, кісінің кісілігінің қалыптасуына әсер ететіндігін тым жақсы білген. Сондықтан қазақта «көргенділік», «көргенсіздік» деген үғымдар қалыптасқан.

«Ұлың өссе, ұлы ұлықтылығымен, қызың өссе қызы қылықтылығымен ауылдас бол», деген ғой

ақылды бабаларымыз. Мұңдай ортаның ең бастысы, сайып келгенде жас ұрпақтың кісілік қасиеттерін калыптастыруында. Шешуші әсер ететін фактор өз отбасы, ата-әжесі мен өз әке-шешесі, өз ағажеңгесі, ағалары. Кала берді, ауыл-аймақ, ел-жүрт, ондағы қатар жүретін көрегенділікпен көр-генсіздік те бірдей әсер етуі ықтимал. Ұл да, қыз да ең алдымен өздерінен әке-шеше, аға-жеңгелерінен үлкенді сыйлау өзінен кішілерді де кіші деп ілтипатынан калдырмауға, қонақты сыйлау, тіпті қонақ асы тәртібін, жолын білуі, не білмеуі де осыған байланысты. Жомарттықты да, сараңдықты да және тағы басқа, жағымды, игі қасиеттерді солардан үйренеді және тәлім алады.

Қазақта туыстық жөне құдандалық қатынастардан сан алуан әдет-ғұрыптарға негізделген тәртіптер бар. Оның бәрін күнделікті өмірде дұрыс пайдаланып, іске асырып отыру әркімнің, үлкеннің де, кішінің де, әйел-еркектің де міндеті. Ол міндеттерді, әрине, әркім өзінше түсініп, өзінше іске асырады.

Сондай-ақ дүниеге келген баланың бала болып өмір сүріп кете салуы оңай дүние емес. Үлкен күтім, жылы алақан, қамқор, әке, ата-әже, ана еңбектері керек. Сондықган әрбір отбасының мүшелерінің қарттарын қадірлеп сый құрмет көрсетілуін- ол нағыз адам баласына тән адамгершілік қасиет деп түсіндіреді.

Қорыта айтқанда, баланың бойында түрлі жағымды қасиеттер қалыптасуына, оның дені сау парасатты және қоғам талабына сай болып өмір сүруіне халық тәрбиешілерінің ролі зор деп айтуымызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы (оқу құралы) — Алматы.»Санат» 2001-320 б.
  2. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы (оқу құралы). Алматы: Рауан, 1998 — 128 б.
  3. Әбілова З.Ә., Қалиева К.М. этнопедагогика оқулығы. Алматы. 1999 — 394 б.
  4. Хасменов Б. Ана тілінің даму тарихы мен әлеуметгік мәні. Алматы, 1993.
  5. Табылдиев Ә. Тәрбие өрнектері. Алматы., 1989.
  6. Қазақ энциклопедиясы. Төрт томдық Алматы, 1985-1989.
  7. Ахметов Ш. Қазақ балаларын халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеу. А, 1966.
  8. Волков Г.Н. Этнопедагогика. Чебоксары, 1974.
  9. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. Алматы, 1993.
  10. Антология педагогической мысли Казахстана. Сост. К.Б.Жарықбаев, С.К.Қалиев Алматы «Рауан», 1995 — 512 б.
  11. ҚСЭ 11-т. А., 1977, 189-190 беттер.
  12. Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би, жинақтар А, 1994.
  13. Ақсандық, көк сандық. Жинақ, 1989.
  14. С.Садырбаев. қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1977.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

Халық туралы мақал-мәтелдер

  1. Айна айна емес, халық айна.
  2. Өзін өзі білген ер бақытты,

            Өзін өзі білмеген ел бақытты.

  1. Халыққа қарсы жүру —

    Ағысқа қарсы жүзу.

  1. Халық қатесіз сыншы.
  2. Жер шежіресі — ел шежіресі.
  3. Халық қаһары қамал бұзар.
  4. Халық айтпайды,

    Халық айтса, қалт айтпайды.

 

 

Дін туралы

  1. Құдай өзі бермейді,

    біреудікін біреуге ауыстырып береді.

  1. Күштіде тәңірі жоқ.
  2. Дін- қараңғы ін.
  3. Құдай көгін билесін, жеріме менің тимесін.
  4. Тана пайда бермесе, тәңірі пайда бермейді.
  5. Көп қайда болса, құдай сонда.

Тәрбие, үлгі, өнеге

  1. Бала тәрбиесі — бесіктен.
  2. Жақсы келін — қызындай,

    Жақсы күйеу — ұлыңдай.

  1. Алдыңғы арба қайда жүрсе,

    Соңғы арба сонда жүрер.

  1. Айтушы ақылды болса,

    Тыңдаушы дана болады.

  1. Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,

     Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.

  1. Сақтықты соқырдан үйрен,

     Кішілікті түйеден үйрен.

  1. Жақсының үлгісі —

    Жанып тұрған шамдай.

    Шешеннің сөзі —

    Ағып тұрған балдай.

  1. 10. Тәрбиелі адам — тағалы отпен тең.
  2. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.

     Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.

  1. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

Бірлік, достық пен бақыт туралы

  1. Бірлік пен ерлік — егіз.
  2. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.
  3. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
  4. Ынтымақ түбі-игілік,

    Тірлік түбі — бірлік.

  1. Ұрыстың мерейі ерлік,

    Ырыстың мерейі — бірлік.

  1. Біреуің бас, біреуің аяқ бол,

    Біреуің құйрық, біреуің қанат бол.

  1. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

    Төртеу түгел болса төбедегі келеді.

  1. Дос — егіз, дұшпан — сегіз.
  2. Доссыз адам — тамырсыз терек.
  3. Досы көппен сыйлас,

     Досы азбен сырлас.

  1. Досыңның атын алма, тайын ал.
  2. Досы көптің жаны семіреді,

      Асы көптің тәні семіреді.

  1. Бақыт кілті еңбекте.
  2. Бақ келерінде,

      Ер ентелей басып асығады;

      Бақ кетерінде,

      Ер маң-маң басып масығады.

  1. Таудай талап бергенше,

      Бармақгай бақ бер.

  1. Білім-бақтың жібермейтін қазығы,

      Білімсіз бақ әлдекімнің азығы.

  1. Керіскеннің кесірі,

      Келген бақты кетірер.