АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Халықаралық мораль императивтерінің түсінігі

 

Кіріспе

 

 

Егер халықаралық құқықтың негізін қалаушысы ретінде Г. Гроций саналса, ал қазіргі әлемдік саясаттағы этикалық бастауларын салған тұлға И. Кант болып саналады.

Әлемдік саясатта мораль белгілі бір іс-әрекеттің қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екендігін көрсететін түсінік. Мораль латын тілінің mores сөзінен шығып қоғамда жалпыға алынған ортақ құндылықтар мен дәстүрді білдіреді. Дегенмен бұл түсінік жайлы көптеген даулы мәселелер көтерілуде, себебі мемлекеттердің, ұлттардың мораль императивтерін тусінуі әртүрлі деңгейде, дәрежеде. Бұған тарихи, діни және уақыт факторлары тікелей әрі жанама әсерін тигізеді. Мәселен бұрыңғы қоғам мен қазіргі қоғамның моральдық сұраныстары өзгерді. Қазіргі заман талаптарына сай адам құқығы, гендерлік теңсіздік, демократия мәселелері бұрын көтерілмейтін де. Керісінше сол кездерде мораль түсінігі күшпен тікелей байланысатын. Бұл реалистік дәстүрге тән концепция. Моральдың интерпретациясы, оны түсіну әртүрлі болғанымен дегенмен оған ортақ, универсалды түсінік бар ма, әлде ол тек дәстурлі түсінік шеңберінде ғана ма деген сұрақтар тууда.

Халықаралық мораль императивтерінің түсінігі

 

Халықаралық моральдың универсалды, универсалды еместігі жайлы мәселе әлі нақты шешілмеген, мүмкін шешілмеуі тиіс те шығар. Бұл мәселені екі бағытта қарастыруға болады:

  1. Релятивистік бағыт (универсалды емес). Бұл бағыт — бүкіл адамзат үшін белгілі бір ортақ моральдық құндылықтарды құру мүмкін еместігін тұжырымдайды. Өкілдері П.Р. Виотти және М.В. Кауппи жазғандай іс-әрекетті моральдық тұрғыдан бағалау тек белгілі бір мәдениет контекстінде ғана болады.
  2. Универсалды бағыт, бұл бағытқа негізінен либералды мектептің өкілдері жатады. Соның ішінде американ ғалымы Марк Р. Амстуц халықаралық қатынастардағы универсалды моральдық нормаларды мойындап, олардың бастылары барлық халықтар үшін ортақ деп пайымдайды. М.Р. Амстуц халықаралық қатынастар мен әлемдік саясаттағы негізгі үш моральдық дәстүрді белгілейді:
  • скептицизм (моральға қатысты)
  • космополитизм
  • коммунитаризм

Скептицизмнің негізінде жауапкершілік этикасы жатыр және цинизмге қарағанда халықаралық сахнада моральдық принциптердің бар екендігін мойындайды. Скептицизм мораль тұрғысынан саяси реализммен байланысты. Оның өкілдері әлемде моральдың ортақ стандарттары жоқ екендігін дәлелдей тұра мемлекет ұллтық мүддеге сүйене отырып әрекет ету керек. Бұл дәстүрді АҚШ-ның мемлекеттік хатшысы Д. Ачисон мен әйгілі американ дипломаты әрі ғалымы Дж. Кеннан ұстанатын.

Космополитизм канттық дәстүрмен тығыз байланысты. Ол бірыңғай универсалды моральдың бар екендігін тұжырымдайды және оған көп көңіл бөледі. Бұл дәстүрдің өкілдері болып В. Вильсон және Дж. Картер президенттері болатын. Космополитизмнің негізгі проблемасы адам құқықтары болып, ол бойынша адам құқықтары тапталған кезде ұлттық мүддені қорғау аморальді болып саналады.

Коммунитаризм. Бұл дәстүр скептицизм мен космополитизмнің синтезі болып, аморфты сипатқа ие. Космополитизм секілді әлемде бірыңғай моральдық нормалардың бар екендігін тұжырымдап теңдік, экономикалық даму сияқты аспектілерді қамтиды. Саяси қайраткерлер ұлттық мүддені моральді еске ала отырып қорғауы тиіс.

М. Николсонның моральды парадокс атты мысалы қоғамның назарын моральға аударады. Егер адамды өлтіру қоғамда ең зұлымды қылмыс болып саналса, онда соғыс кезінде жазықсыз адамдардың өлтірілуі неліктен сол категорияға жатқызылмайды. Бұған нақты жауапты мүмкін тек квакерлер немесе пацифистер беруі мүмкін шығар.[1]

Моральды императивтер қазіргі таңда тек мемлекеттер тарапынан емес сонымен қатар басқа да, жаңа акторлар тарапынан орындалынып жатыр. Және сол акторлар мемлекеттердің моральды императивтерді сақтауға итермелейді. Біз солардың ішіне халықаралық ұйымдарды, бейүкіметтік ұйымдарды мен халықаралық қорларды жатқызамыз[2].

Әзірге Біріккен Ұлттар Ұйымының соғысты болдырмау, адам құқықтары және гуманитарлық бағдарламаларға қатысты  жұмысы халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағалануда. 2000 жылғы қабылданған Мыңжылддықтың Даму Мақсаттары (Millennium Development Goals) атты құжаты үшінші әлем елдері үшін маңызды рольге ие. Ол  сол елдерге экономикалық дамуға жәрдем көрсету , СПИД ауруымен күресу, ана және бала өлімін қысқарту, қоршаған ортаны қорғау және т.б. мақсаттарды алға қойып оны орындау барысында.[3]

Қырғи-қабақ соғысы барысында БҰҰ-мы АҚШ пен КСРО арасында делдал ролін ойнап екі жақты қатынастардың бейбіт жолда дамуына зор ықпалын тигізді. Сонымен қатар оның Югославиядағы, Грециядағы және т.б. елдердегі бітімгершілік күштердің бейбітшілікті сақтау қызметі үшін Нобель премиясына ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Мораль немесе моральды императивтер адамзат тарихында, халықаралық қатынастарда әрқашан да өз орнын алатын. Бірақ та оның уақытқа және ұлттық ерекшеліктеріне сай рөлі, мазмұны, категориялары әртүрлі болатын. оның әмбебап сипатында дамуы мемлекеттердің қатынастарына позитивті импульс алып келетіні рас. Себебі моральды императивтер халықаралық қатынастардың принциптерін құрады.

 Халықаралық саяси институттардың сараптамасы бойынша қазіргі кезде халықаралық қатынастардағы моральдің рөлі көтерілуде және де оның болашақта халықаралық үрдістерге оң бағыт беретінін болжамдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Ғылым және Білім Министрлігі

 

 

 

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

                              

                                   РЕФЕРАТ

 

 

Халықаралық  моральдың негізгі императивтері

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Мейрманов Арман ФМО (МО) 303-топ

  Тексерген: Жұматаев Ғабит

 

 

 

 

 

 

Алматы 2007 жыл

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

 

Халықаралық мораль императивтерінің        

                            түсінігі

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

[1] Лебедева М.М Мировая политка, Москва 2006

[2] Цыганков П.А. Междунаролные отношения, Москва 1996

[3] Отчет о человечоском развитии 2006, ПРООН