АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Халықаралық теңіз құқығы

 

 

 

 

Жоспар:

 

  1. Кіріспе.

 

  1. Халықаралық теңіз құқығы.

 

  1. Халықаралық теңіз құқығның негізгі қағидалары.

 

  1. Теңіз кеңістіктерінің түрлері.

 

  1. Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халықаралық теңіз құқығы.

 

Халықаралық теңіз құқығы — бұл сауда саласында, сондай-ақ әскери теңіз жүзулерінде, әлемдік мұхитта минералдық ресурстарды өндіру, зерттеу, игеру қатынастарында және басқа да қызмет түрлерінде қалыптасатын құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.

 

Конференция ғылыми-техникалық революцияның басталған кезінде өтіп жатты, ол мемлекеттердің теңіздегі қызметі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді, бостандық алған елдерге конференция жүмысына белсенді түрде қатысуға мүмкіндік берген отарсыздандыру процесінің жеделдетілуіне жол ашты. Конференцияда ашық теңіз туралы Конвенция, аумақтық теңіз және іргелес аймақ, континенттік қайраң, балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау туралы конвенция қабылданды. Бұдан басқа, осы конвенцияларды қолдану және түсіндіруге байланысты пайда болатын дауларды міндетгі реттеуге қатысты факультативтік хаттама, сондай-ақ

9 қарар қабылданды.

Қабылданған конвенциялар теңіз қызметінің негізгі жақтарын қамтып, мемлекеттердің Дүниежүзілік мүхиттағы бейбіт достастығын дамытуға бағытталды, Жоғарыда аталған конвенциялар қолданыстағы халықаралык теңіз құқығының негізгі қайнар көздері болды. БҰҰ-ның I конференциясы халықаралық қүқықтың үдемелі дамуына және жүйеленуіне тарихи үлес қосты. Конференция нәтижелерінің жақсы бағалануы, онын қабылдаған конвенцияларымен халықаралық теніз қүқығының барлық мәселелері шешіледі немесе олардың барлық ережелері мәңгілік және өзгермес дегенді білдірмейді.

Халықаралық теңіз құқығның негізгі қағидалары

Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары халықаралық құқықтың басқа да көпшілік мойындаған қағидаларымен өзара байланысты. Мұндай байланыс халықаралық құқықтық тәртіптің тиімділігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік мұхитта құқықтық тәртіптің үлкен маңызға ие болуына байланысты.

Ашық теңіз еркіндігі қагидасы Бұл қағидаға сәйкес аумақтық теңіздің сыртқы шегіндегі теңіз кеңістіктері ашық теңіз болып саналады, Ол іс жүзіндегі халықаралык. құқықта анықталған жағдайлар бойынша барлық мемлекеттердің еркін және тең пайдалануына ашық. Ешқандай

мемлекеттің ашық теқіздің бір бөлігін өзінің нелігіне алуға, бағындыруға құқығы жоқ. Бұл ереже 1958 ж. ашық теңіз туралы Женева Конвенция-сында бекітілген.

Ашық теңіз еркіндігі қағидасы Дүниежүзілік мұхиттың түрлі су кеңістіктерінің құқықтық мәртебесі мен тәртібін анықтады жөне белгіледі. Бұл қағида теңіздің, оның түбінің табиғи қорларын игеруге, құқықтык реттеуге маңызды әсерін тигізді. Ашық теңіз еркіндігі кеме қатынасының, балық шаруашылығьның, кабель және құбырлар жүргізудің, теңізде ғылыми зерттеулер жүргізудің, жасанды аралдарды және басқа құрылыстарды салу еркіндігінің пайда болуына, әрі қарай орнығуына негіз болды. Осы қағида ашық теңіз және халықаралык бұғаздардың үстінен ұшып өту еркіндігінің пайда болуын және іске асуын анықтады.

Адамзаттың ортақ мұралары қағидасы. Онын мазмұнының ажырамас элементі ретінде терең су қорларының құқықтық мәртебесін анықтайтын және халықаралық аудандағы теңіз түбіндегі мемлекеттің нақты қызметін реттейтін жеке ережелерді айтуға болад.

Теңіздің тірі қорларын тиімді пайдалану және сақтау қағидасы мемлекеттердің екі жақты немесе көп жақты кен, халықаралық ынтымақтастығын қарастырады. Сонымен қатар, мұндай ынтымақтастық осы қағиданы тәжірибеде жүзеге асыру үшін халықаралық ұйымдардың шеңберінде мүмкін болады. Экономикалық аймақта және ашық теңіздің басқа да аудандарында кәсіптің шарттарын келісу жолымен, ғылыми ақпараттармен, аулау деңгейінің, кәсіптік күштер туралы статистикалық мәліметтермен алмасу жолымен жетуге болады. Сонымен осы қағиданы жүзеге асыра отырып, мемлекеттер Дүниежүзілік мұхиттың тірі қорларын сақтау, қалпына келтіру үшін өз күштерін үйлестіреді.

Ғылыми зерттеулердің еркіндігі қағидасы. Теңіз құқығы бойынша өткізілген БҰҰ-ның III конференциясы және 1982 ж. ол әзірлеген Конвенция осы қағиданың негізі болды. Алғаш рет ғылыми зерттеулер еркіндігі ашық теңіз еркіндігінің бірі болып табылатыны белгіленді. Ол — әрбір мемлекеттің өзінің географиялық жағдайына карамастан, құзыретті халықаралық ұйымдардың ғылыми зерттеулер мен іздестірулер жүргізе алатынын білдіреді. Бұл ретте, мемлекеттер теңіз кеңістігінде ғылыми зерттеулерге көмектесу үшін рұқсат етілген, ақылға қонымды ережелер мен орындау тәртібін қабылдауы керек, теңіздегі ғылыми зерттеулер үшін жол ашуы керек, ғылыми зертгеулер мен іздестірулер жүргізудің негізгі шарттары: біріншіден, оларды тек бейбіт мақсатта жүргізу; екіншіден тиісті ғылыми әдістер мен құралдарды пайдалану; үшіншіден, барлық ғылыми зерттеулер мен іздестірулерді халықаралық теңіз құқығының конвенциялық нұсқасында белгіленген жалпы қабылданған ережелерге қатаң сәйкестікпен жүргізу; төртіншіден, жүргізілетін ғылыми жұмыстар басқа құқыққа сай жұмыс түрлеріне кедергі келтірмеуі болып табылады.

Теңіз ортасын қорғау қағидасы. Халықаралық теңіз құқығында бұл қағиданың пайда болуына алғашқы әрекет теңіздің мұнаймен ластануының алдын алу бойынша халықаралық конвенция қабылдауға байланысты 1954 ж. жасалды. Кейіннен осы қағида заң жүзінде көптеген конвенцияларда бекітіліп, жаңа мазмұнға ие болды. Мысалы, бұл қағида теңіз ортасын мұнаймен, радиоактивті және басқа зиянды заттармен ластаудың алдын алуды қамтамасыз етеді. Теңіз ортасын қорғау қағидасы ядролық қаруды ауада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынауға тыйым салады. Бұл қағида теңіз құқығының дербес институтын — теңіз ортасын қорғау қүқығын құрайтын көптеген табиғат қорғау қағидаларының жүйесіне басшылық жасайды. Сонымен қатар, бұл қағида халықаралық құқықтың жалпы қағидаларының бірі — қоршаған ортаны қорғау қағидасының құрамдас бір бөлігі болып табылады.

 Теңіз кеңістіктерінің түрлері.

Теңіз кеңістіктері олардың халықаралық-құкықтық тәртібі мен мәртебесіне байланысты жіктеледі. Теңіз кеңістігін жіктеудің бірінші өлшемінің негізіне теңіздегі аумақтық тәуелсіздіктің бар-жоқтығы қаланған. Осыдан, теңіз кеністіктерін; мемлекет аумағының құрамына кіретін және иелену объектісі болып табылмайтын және оған егемендігін жүргізе алмайтын ашық теңіз деп үшке бөлуге болады.

Осы екі негізгі санатын әрқайсысы өз ішінде бөлінеді. Мемлекеттік аумақтың бір бөлігі болып табылатын теңіз кеңістігінің құрамына аумақтық теңіз және тарихи шығанақтар мен басқа тарихи аумақтары бар ішкі сулар кіреді.

Бастапқы шектен есептелетін, жағадағы мемлекет аумағының құрамына кіретін және халықаралық қүқықтың көпшілік мойындаған ережелерін есекере отырып, оның толық егемендігіндегі белгілі еңдіктегі жағалық теңіз алабын аумақтық теңіз (аумақтық сулар) деп айтады. Бұл теңіз кеңістігінің сыртқы шекарасы туралы мәселе ұзақ уақыт бойы даулы болып келді. Теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясына сәйкес әрбір мемлекет өзінің аумақтық теңіз ендігін 12 теңіз милі көлемінде белгілеуге кұқы бар. Аумақтық теңіз ендігі осы қағиданың ережелеріне сәйкес белгіленген негізгі сызықтан өлшенеді.

Аумақтық судың құқықтық тәртібі аумақтық теңіз және жағалық аймақ туралы Конвенциямен реттеледі. Осы Конвенцияға, сондай-ақ Теңіз кұқығы жвніндегі БҰҰ Конвенциясына сәйкес, аумақтық теңіздегі тәуелсіздікті жағалаудағы мемлекеттер халықаралық құқық нормаларын ең алдымен аумақтық теңізден шетелдік кемелердің бейбіт өту құқығын сақтай отырып жүзеге асырады.

Кейбір жағдайларда, жағалаудағы мемлекеттер аумақтық суларда аталған конвенциялармен реттелетін қылмыстық және азаматтық юрисдикцияны жүзеге асырады.

Тарихи сулар — бұл халықаралық-құқықтық доктринаға және мемлекеттер тәжірибесіне сәйкес, кейбір жағдайларда тарихи қалыптасқан құқықтық негізге байланысты ішкі сулар болып жариялануы мүмкін теңіз сулары. Тарихи шығанақтар үшін де айрықша жағдай осы негізде болуы мүмкін. Шыганақтардан басқа, кішігірім теңіз сулары кішкене шығанақтар, бұғаздар, кірмелер, қойнаулардың жағалауы бір мемлекеттің иелігінде болса тарихи болып жариялануы мүмкін. Тарихи шығанақтар институтына қарағанда, тарихи сулар тұжырымдамасы конвенциялық бекітілген жоқ.

Қолданыстағы халықаралық құқыққа сәйкес, тарихи шығанақтар тарихи қалыптасқан қүқықтық негіздер күшімен олардың табиғи кіру ендігіне қарамастан, жағалық мемлекеттердің ішкі суларының құрамына кіруі мүмкін. Қалған шығанақтар олардың кіру бөлігінің ені 24 милден аспаған уақытта ішкі сулар деп жариялануы мүмкін. Тарихи шығанақтар деп жариялау олардың ерекше жағдайларына негізделеді: тарихи, экономикалық, географиялық, сондай-ақ бір мемлекеттің аумағында ұзақ уақыт болуы оған негіз болып табылады. Мысалы, Гудзон шығанағы Канадаға, Бристоль-Ұлыбританияға жатады. Халықаралық тәжірибеде кейбір тарихи шығанақтар екі және одан көп менлекеттердің иелігінде. Мысалы, Фонсек шығанағы Сальвадордың, Гондурастың, Никарагуаның; Ла-Плата шығанағы — Уругвай мен Аргентина иелігінде.

Ашық теңізді немесе экономикалық аймақты ашық теңізбен немесе экономикалық аймақпен қосатын және халықаралык кеме қатынасы үшін пайдапанылатын аумақтық сулармен басып тұратын бүғаздардың режимі ерекше болып табыладьі. Бұл теніз кеңістіктерінің ерекше жағдайы, олардың құқықтық режимдерінің БҰҰ-ньщ теңіз қүқығы жөніндегі Конвенциясының аумақтық теңіз режимдерін реттейтін бөлігімен емес, жеке бөліктерімен реттелетіндігінде болып отыр. Халықаралық кеме қатынасы үшін қолданылатын бұғаздарда бұрын дәстүрлі еркін өту тәртібі жұмыс істеген, ал 1982 ж. Конвенцияға сәйкес бүл бұғаздар арқылы өту транзитті өту болып белгіленді. Мұндай режим осы бұғаздарды құрайтын сулардың құқықтық мәртебесін, бұғазбен шекаралас мемлекеттердің өздерінің егемендігін немесе осындай суларға, олардың үстіндегі ауа кеңістігіне, олардың түбі мен қойнауларына заңды құқықтарын жүзеге асыру қатынасын қозғамайды.

Жағалық мемлекеттер егемендігі жүретін теңіз кеңістігінің тобына архипелаг сулары жатады. Олардың өзгешелігі, архипелаг-мемлекеттің егемендігі олардың архипелагтан өту құқығын міндетті түрде мойындауымен шектелгендігінде. Теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясына сәйкес, архипелаг суларына теңізге шығып тұратын және архипелагтың кеуіп бара жатқан рифтерімен қосатын архипелагтық негізгі тік сызықгармен шекгелген архипелаг-мемлекеттің сулары кіреді. Архипелагтық сулардың құқықтық мәртебесі архипелаг-мемлекеттің архипелагтық суларды және жағалық аумақтық теңізді кесіп өтетін теңіз және ауа дәліздері бойынша архипелагтық жолды мойындауымен белгіленген. Теңіз дәліздерінен тыс архипелаг суларында барлық мемлекеттердің теңіз кемелері бейбіт жол құқығын пайдаланады. Архипелаг-мемлекет түрі немесе мәні бойынша өзінің архипелагтық суларының кейбір аудандарында шетелдің теңіз кемелерінің бейбіт өту құқығының әрекетін ешқандай кемсітусіз өзінің қауіпсіздігін қорғау үшін қажет жағдайларда ғана тоқтата алады. Бұл шешім тиісті жариялаудан кейін ғана заңды күшіне енеді.

Архипелагтан өту — теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы бекіткен архипелагтық сулардың құқықтық тәртібінің құрамдас бөлігі. Бұл барлық теңіз кемелерінің қалыпты кеме қатынасы құқығын тоқтаусыз, тез және кедергісіз ашық теңіздің бір бөлігінен немесе ерекше экономикалық аймақтың басқа бөлігіне транзит жасау мақсатында жүзеге асырылады. Архипелаг-мемлекеттің тыйым салуы, қандайда болсын, оны тоқтатуы архипелагтан өтудің маңызды құрамдас элементі болып табылады.

Ашық теңіз — бұл аумақтық суларға, қандайда болмасын бір мемлекеттің ішкі суларына кірмейтін теңіз кеңістігі. Құқықтық режимі негізін ашық теңіз еркіндігінің қағидасы құрайды. Бұл ашық теңізге бірде-бір мемлекеттің егемендігі жүрмейтінін көрсетеді. Ол жағалық және теңізге шықпайтын мемлекеттердің барлығының жалпы, тең және еркін пайдалануына ашық болады. Бірде-бір мемлекеттің ашық теңізде немесе оның бір белігінде өзінің егемендігін жүргізуге құқығы жоқ. Ашық теңізде кемедегі мемлекет туының ерекше юрисдикция құқығы жұмыс істейді, яғни кеме басқа мемлекеттің юрисдикдиясынан иммунитеттің болуын пайдаланады. Бір мемлекеттің теңіз кемесін басқа мемлекеттің әскери немесе арнайы өкілді кемесі мынадай жағдайларда ғана тоқтатьш, тексере алады. Біріншіден, егер бұл туы ілінген кеме мемлекетінің қатысатын арнайы келісімінде қарастырылса және кемесі аталған әрекеттерді жүзеге асыратын мемлекет болса. Екіншіден, егер ол теңіз қарақшыларымен және құл сатушылармен, кабель мен құбырларды зақымдаушылармен, есірткі қылмыстарымен, кәсіп құқықтарын бұзушылармен күреске қажет болса. Үшіншіден, егер кемеде шетел туы ілінсе, ал іс жүзінде ізін суытпай қуғындау құқығын жүзеге асыратын әскери кеменің ұлтынан болса.

Ашық теңіз құрамын былай бөлуге болады: 1) жағалаудағы аймақ; 2) балық аулайтын аймақ; 3) ерекше экономикалық аймақ.

Жағалаудағы аймақ, — жағаға жақын мемлекеттің аумағында немесе аумақтық теңіз шегінде тиісті ережелерді бұзудың алдын алу мақсатында бақылау жасау үшін аумақтық судың сыртқы шекарасына жақын белгіленген, ашық теңіз ауданы. Ол осы ережелерді аумақ немесе жағалық мемлекеттің аумақтық суында бұзғандарды жазалау мақсатында белгіленеді. Халықаралық теңіз құқығында жағалық аймақтардың мынадай түрлері бар: кедендік, қазыналық (салықтық), санитариялық, қауіпсіздік аймағы, қылмыстық және азаматтық юрисдикция аймағы, бейтарап аймақ, иммиграциялық, теңізді бақылау аймағы, қорғау аймағы. Аумақтық теңіз және жағалық аймақ туралы Конвенцияға сәйкес, жағалық аймақтың ені 12 мильден аспауы керек, ал теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясы бойынша — аумақтық сулар өлшенетін негізгі шектен 24 мильден аспау керек.

Балық аулайтын аймақ — жағалық мемлекет судағы, теңіз түбін жабатық теңіз түбіндегі және оның қойнауындағы тірі қорларды барлау, өңдеу және сақтау, соңдай-ақ осы қорларды басқару мақсатында егемендік немесе заңды құқығын жүзеге асыратын аумақтық теңіз сыртындағы және оған жақын жатқан аудан. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясы мемлекеттердің балық аулау аймағын емес, ерекше экономикалық аймақты бекіту мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, конвенция теніздің тірі қорларына жеке мемлекеттердің өздерінің егемендік құқығын жүзеге асыру үшін балық аулайтын аймағын белгілеуге кедергі жасамайды. Жағалық мемлекеггердің мұндай қорларға деген қатынасы экономикалық аймаққа байланысты конвенцияда қаралған қүқықтардан аспаған жағдайда, бұл ереже күшінде болады. Балық аулайтын аймақ ені аумақтық сулар ені өлшенетін негізгі шектен 200 мильден аспауы керек.

Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ-ның III Конференциясында экономикалық аймақ мәртебесіне байланысты келіспеушіліктер болды. Қатысушы мемлекеттердің бір бөлігі экономикалық аймақты енгізу туралы келісімге келгенге дейін аумақтық суларын 200 мильге дейін бір жақты тәртіпте кеңейтіп алды. Әрі қарай олар өздеріне жиі  халықаралық-құқықтық мәртебемен, яғни аумақтық және ашық теңіз мәртебесінен бөлек ерекше түрдегі мәртебені беру жолымен экономикалық аймақтағы жағалық мемлекеттің айрықша құзырын мейлінше кеңейтуін талап етті. Конференцияға қатысушылардың басқа бір бөлігі аймақтың ерекше мәртебесін мойындау, шарттық сипатына езгерістер қаупін туғызады, оның тәртібін аумақтық теңіз тәртібімен теңестіреді деп есептеді. Бірыңғай көзқарасқа қол жеткізілмеді және Конвенция экономикалық аймақ мөртебесінің ұғымын бермей, жағалық, сондай-ақ барлық пайдаланушы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін баяндаумен шектелді. Экономикалық аймақ режимі осы мәртебенің ашық теңіз еркіндігінен шарттық алып тастаулар нәтижесінде халықаралық құқық бекітетін жағалаудағы мемлекеттердің қатаң шектелген құқықтары мен шексіз құқықтарының заты мен көлемі бойынша ғана түрлі өгертулерге жол беретіндігімен ерекшеленеді.

Басқа мемлекеттердің кеме қатынасына және ұшуына, су асты кабельдері мен құбырларын жүргізуге және басқа құқықтык жұмыс түрлерінің халықаралық құқық көзқарасының негізіндегі құқықтарды теңгеру ерекше экономикалық аймақ тәртібін анықтайтын элемент болып табылады.

Контитнттік қайраң — бұл жағалық мемлекеттің аумақтық теңізінің сыртқы шекарасынан құрлықтың су асты шетінің сыртқы шекарасына дейін орналасқан немесе аумақтық теңіз ені өлшенетін негізгі шектен 200 мильге дейінгі, құрлықтың су асты шетінің сыртқы шекарасының осындай ұзындыққа жайылмайтын теңіз түбі мен оның қойнауы.

Егер құрлықтың су астының шеті 200 милъдік сызықтан әрі қарай жайылса, құрлық қайранының сыртқы шекарасы аумақтық теңіздің негізгі шегінен 350 мильден немесе 2500 м изобатадан 100 миль аспауы тиіс. Континенттік қайраңның сыртқы шекарасы туралы карталар мен ақпараттар БҰҰ Бас хатшысына тапсырылады, ол оларды тиісті түрде жариялайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

  1. Бекяшев К. А., Волков А. А., Каргополов С. Г. Морское и рыболовное право,- М., 1990.
  2. Колодкин А. Л. Мировой океан: международно-правовой режнм. Основные ггроблемы.- М., 1973.
  3. Лазарев М. И. Теоретические вопросы современного морского права.-М., 1983.
  4. Молодцов С. В. Международное морское право.- М., 1987.
  5. ЯковлевЙ. И. Международныйорганпоморскомудну.-М., 1986.
  6. Словарь международного морского права.- М., 1985.
  7. Жанат Құлжабаева., Халықаралық жария құқық, Алматы қаласы – 2003 ж.