АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы

 

Алматы     Экономика    және   Статистика     Академиясы

 

    «Экономика және Статистика» кафедрасы.

 

                         Тақырыбы :

Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған :  Базарбекова   Динара                                                                  3 курс    04302гр.

 

                                                                            Тексерген:     Уайсов  М.У.  

 

 

 

                                         Алматы  2006 ж.

 

 

Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы

Өзінің даму процесінде  ХВЖ төрт кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.

Бірінші, алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе ХІХ ғасырда стихиялы түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы конференцияның шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып есептеледі.

Алтын стандарт жүйесі төменгі принциптерге сүйенеді:

  1. Бұл жүйенің негізі-алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері белгіленеді.
  2. Әрбір валютаның алтынға айырбасталуы. Алтын танымал әлемдік ақша ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекарасынан тыс жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады.
  3. Алтын құймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен бірге, алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын халықаралық нарықта сатылады.
  4. Алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында қатаң арақатынас орнатылады.

Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін салыстырмалы түрде болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт ескіре бастады, яғни ол өсіп бара жатқан шаруашылық байланыстардың масштабына сәйкес болмай қалды.

Соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық банктері банкноталарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын жабу үшін олардың эмиссиясын ұлғайтты.

Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленді. Ол алтынға еркін айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді.

Екінші, валюталық жүйе  заңды түрде 1922 жылы Генуядағы халықаралық экономикалық конференцияда белгіленді.

Алтын – девиздік стандарттың принципі бойынша, банкноттар алтынға емес, вексель және чек, яғни девиздерге айырбасталады. Девиздік  валюта ретінде доллар мен фунт стерлинг қабылданды.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының өзінде жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру жұмыстары басталған еді, өйткені  Генуядағы валюталық жүйенің дағдарысы тереңдей түсті.

Үшінші, халықаралық жүйе заңды түрде 1944 жылы Бреттон-Вудстағы (АҚШ) халықаралық конференцияда бекітілді.

Бреттон-Вудс валюталық жүйесі төмендегі принциптерден тұрады:

  1. Алтын бұрынғыдай елдер арасындағы соңғы ақшалай есеп айырысулардың функциясын орындайды.
  2. Американдық доллар біртұтас резервтік валюта болды, ол алтынмен қатар әр түрлі елдердің валюталарының құндылығын анықтайтын өлшем ретінде әрекет етті, сонымен бірге, халықаралық төлем құралы болып саналады.
  3. Басқа елдердің Орталық банктері мен үкімет мекемелері долларды АҚШ-тың казначействосында (қазына мекемесі) айырбастаған. Ол кездегі курс бойынша, 35 АҚШ доллары 1 тройск унцияға (31,1035 гр) тең болды. Сонымен бірге, үкімет органдары және жеке адамдар алтынды жеке меншік нарықтардан сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
  4. Валюталардың өзара айырбасы және олардың бір-біріне теңестірілуі алтынмен және доллармен өрнектелген ресми валюталық паритеттер (тепе-теңдік) негізінде жүргізілді.
  5. Елдер кез-келген басқа валюталарға қатысты өз валюталарының өзгеріссіз курсын сақтауға тиіс болды. Нарықтық валюталық курс паритеттен тар көлемде ауытқушы еді (ХВҚ-тың жарғысы бойынша +1% және Еуропалық валюталық келісім бойынша +0,75%) Халықаралық валюталық операцияларда алтынның қолданылу масштабы күрт төмендеп кетті, ең басты орында доллар болды.
  6. Мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастар Халықаралық, валюталық қор арқылы реттелуші еді. Бұл қор Бреттон-Вудс конференциясында құрылды.

ХВҚ-тың негізгі функциясы – осы қорға мүше елдердің валюталық паритеттерді, курстар мен валюталардың еркін айырбасталуын дұрыс жүргізуін бақылау.

Бреттон-Вудс конференциясына қатысты айтар болсақ, халықаралық валюталық жүйе ең алғаш рет үкіметаралық келісімдерге негізделе бастады.

 Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасыр ішінде әлемдік сауда мен өндірістің өсуіне ықпал етті.

Бірақ та бұл жүйе оған қатысушы елдердің барлығына тең құқықты бере алмады және АҚШ-тың Батыс Еуропа, Жапония және ХВҚ-қа мүше басқа елдердің валюталық саясатына ықпал етуіне мүмкіндік берді.

Басқа елдерге зиян келтіре отырып, АҚШ-тың позициясы күшейе бастады және соған сәйкес Бреттон-Вудс жүйесінің қарама-қайшылықтары күн санап шиеленісе түсті.

Американдық центризм принципі АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония сияқты үш әлемдік орталықтардың пайда болуына қарай жаңа күштердің орналастырылуына сәйкес болмай қалды.

Валюталық қатынастарды доллар өзінің монополиялық жағдайын жоғалта бастады. ГФР маркасын, швейцар франкі, Батыс Еуропаның басқа валюталары және жапон иенасы американың долларына бәсекелестік жасады. АҚШ-тың төлем балансының тапшы болуы шектеулі мөлшерден асып кетті.

Долларды алтынға айырбастау АҚШ үшін өте қиынға соқты, өйткені өз резервтері есебінен алтынға төмен баға белгілеуге мәжбүр болды.

70-ші жылдардан бастап АҚШ ресми баға бойынша долларды алтынға айырбастаудан бас тартты.

Бреттон-Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді.

Төртінші, халықаралық валюталық жүйе 1976 жылы ХВҚ –тың Кингстонда (Ямайка) өткен кезекті мәжілісінде қабылданды. Төртінші ХВЖ-ның принциптері төмендегідей:

  1. Валюталық курстардың құнымен есептелу нұктесін айқындайтын құрал ретіндегі алтынның функциясы жойылды, яғни алтынның ресми бағасы, алтын паритеттер жойылып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқталды.
  2. Елдер арасындағы валюталық өзара қатынастар әлемдегі елдердің ұлттық ақша бірліктерінің өзгермелі курсына негізделді. Кез-келген елге валюталық курстардың кез-келген режимін таңдауға мүмкіндік беріледі. Жаңа жағдайларда курстардың өзгеруі екі факторға тәуелді болды:

А) валюталардың сатып алушылық қабілеті;

Ә) халықаралық нарыққа валюталардың сұранысы мен ұсынысының арақатынасы.

  1. Арнаулы ақша резерві, яғни (қарыз берудің арнайы құқығы) стандарты құрылды.

СДР негізгі резервтік валюта ретінде болып, басқа резервтік валюталардың рөлін азайтты. Алтын мен доллардың альтернативасы болып табылады.

90-шы жылдардың басында, халықаралық валюталық жүйе-валюталардың өзгермелі курсы қалыптасты.

Бұл жүйе екі элементтен тұрады:

  1. негізгі тіреуші бірліктер таңдалады, ол бірліктер негізінде жекеленген ұлттық валюталар өздерінің валюталақ курстарын сақтай алады ;
  2. валюталық курстардың ауытқу диапазоны үлкен амплитудаларда жүзеге асады.

       Валюталық курс кейбір валюталарға қатысты сақталады, басқа валюталарға қатысты валюталық курс еркін түрде өзгереді.

       1994 жылдың шілде айынан бастап, СДР-дың алтындық құрамы алынып тасталды.

        СДР курсы валюталық кәрзенке негізінде анықталды.

         Валюталық кәрзеңке – 16 ел валюталарының орташа өлшенген курстары, бұл елдердің сыртқы саудасы дүниежүзілік сауданың 1%- нен кем болмауы тиіс.

         1978 жылдың 1 шілдесінен бастап, валюталық кәрзеңкенін құрамы мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) валюталарының күшеюіне байланысты түзетілді.

          1981 жылдың 1 қантарынан бастап валюталық кәрзенке 5валютаға дейін қысқарды. Бұл қысқартудағы мақсат – СДР – дың  шатты құның есептеуді  жеңілдету.

          Олвалютаға жататындар: АҚШ доллары, ГФР маркасы, жапон иені, француз франкі, ағылшын фунт стерлингі.

         Валюталық кәрзенке – бұл белгілі бір валютаның орташа өлшенген курсын басқа валюталар жиынтығына қатысты өлшеу. Валюталақ кәрзеңкені есептеуге мынадай элементтер әсер етеді: оның құрамы, валюталақ компанеттерінің көлемі, долларға қатысты валюталардың нарықтық курсы көптеген экономистердің пікірі бойынша, СДР әрі резервтік валюта, әрә несие болып табылады. Ол – валюталар кәрзеңкесінің құны негізінде анықталған  ЭКЮ бірлігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Демократиялық қағидаларды орнықтыруда сайлаудың әділ жүргізілуінің рөлі қандай?

 

 

  1. Дауыстарды санауға ерекше көңіл бөлінетіннің себебі не?

 

  1. Басқарудың президенттік республика мен парламенттік республика формалары арасындағы ұқсастықтар мен айырмаларды ата.

 

  1. Батыс елдерінде демократияның орнауы жүздеген жылдарды қажет етті. Бізге сондай уақыт керек пе әлде өзгелердің тәжірибесіне сүйеніп, демократиялық қоғам құру мерзімін қысқартуға бола ма?

 

  1. Егер биліктегілер демократияны қажет етпесе, ал халық саяси сауатының төмендігінен билікке әсер ете алмаса не болады?

 

  1. Адамдар өздерінің бірлескен қызметінде бірінің үстінен бірі билік жүргізбей-ақ іс тындыра ала ма?

 

  1. Қайткенде халық өзінің қуатын сақтап қалады, өзін-өзі қорғай алатын күшке айналады?

 

  1. Отбасына қатысты Қазақстанның демографиялық саясатының мәні неде?

 

  1. Отбасын құрудың негізгі ұстанымдарын атаңыз.

 

  1. Қазақстан Республикасы неге отбасының тұрақты болуына, онда балалардың көбірек болғанына мүдделі?

 

  1. Біздің еліміз неге орта тапты қоғам құруды алдына мақсат етіп қойды?

 

  1. «Әлеуметтік мобильдік» деген ұғымды қалай түсінесіздер?

 

  1. Әлеумет сөзі қандай мағынада қолданылады?

 

  1. Әлеуметтік қатынастар деп нені атаймыз?

 

  1. Адамның экономикадағы ролін қалай түсінесіз?

 

  1. Жалақының қандай түрлері бар, ол қалай тағайындалады?

 

  1. Жұмыссыздық деген не, оның пайда болу себептерін атаңыздар.

 

  1. Меншіктің қандай түрлері болады?

 

  1. Кәсіпорындардың түрлерін атаңыз.

 

  1. Жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың айырмашылығы неде?

 

  1. Ақша қандай қызмет атқарады?

 

  1. Монополия мен бәсекенің айырмашылығы неде?

 

  1. Адамның негізгі қажеттіліктерін атаңыз.

 

  1. Адамның қажеттіліктері неге үнемі өсіп отырады?

 

  1. Экономикалық жүйе дегенді қалай түсінесіз?

 

  1. Өндіріс дегеніміз не?

 

  1. Қазіргі замандық өркениеттің келбеті немен айқындалады?

 

  1. Қазіргі замандық өркениеттің ғаламдық проблемаларына нелер жатады?

 

  1. Көшпенділер өркениетінің дамуындағы басты қайшылық неде деп ойлайсыз?

 

  1. Мемлекет деп нені айтамыз?

 

  1. Адамдар қауымдастықтарының ұлтқа дейінгі формалары мен ұлт арасындағы мәнді айырмашылық неден көрініс береді?

 

  1. Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай фактор деп ойлайсыз?

 

  1. Адам мен адам, адам мен қоғам және қоғам мен табиғат арасындағы байланыстардың мәні неде?

 

  1. Өмірдің мәні неде?

 

  1. Бақыт дегенді қалай түсінесіз?

 

  1. Мектеп баланың бойындағы бар қабілетті аша ала ма?

 

  1. Іс-әрекеттің тұрпаттары мен түрлері қандай?

 

  1. Жануарлардың тіршілік әрекеттері мен адамның іс-әрекеті арасындағы мәнді айырмашылықты атаңыз.

 

  1. Жеке адамның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

 

  1. Қоғамнан қол үзген ересек адам қандай күй кешуі мүмкін?

 

  1. Ағылшын жазушысы Р.Киплингтің Мауглиі – ойдан сомдалған кейіпкер, «Джунгли кітабы» — романтикалық пайым ғана. Осы тұжырыммен келісесіздер ме?

 

  1.  

 

 

  1. Легитимация
  2. Сайлауға қатысу шарттары
  3. Сайлау алдындағы үгіт
  4. Сайлауды қаржыландыру
  5. Дауысты санау
  6. Әр азаматтың дауысының маңызы